Міндеттемелерді қамтамасыз ету



МАЗМҰНЫ.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І.тарау. МІНДЕТТЕМЕЛІК ҚҰҚЫҚ
1.1. Міндеттемелік құқық ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Міндеттемелік құқықтың жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3. Міндеттеменің пайда болу негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
ІІ.тарау. МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАУ
2.1. Міндеттемені орындау ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2. Міндеттемені орындау мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
ІІІ.тарау. МІНДЕТТЕМЕНІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
3.1. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
3.2. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... 15
3.3. Кепіл және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
IV.тарау. МІНДЕТТЕМЕНІ ТОҚТАТУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Менің курстық жұмысымның тақырыбы: «Азаматтық құқыктағы міндеттемелер». Бұл тақырыпты зерттеу кезінде қосымша әдебиеттер мен басылымдарды пайдаландым.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Зерттелімге қойылған талап өзектілігі мен тақырыпта анықтаудың өзі қоғамымыздағы келесі мәселелерге жол табу:
Азаматтық құқықтағы міндеттеме дегеніміз — мүліктік салыстырмалы азаматтық құқықтық қатынас, оған сәйкес бір тарап (борышкер) екінші тараптың (несие берушінің) пайдасына мүлікті беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету жөнінде белгілі бір әрекет жасауға не белгіл бір әрекеттен бас тартуға міндеттенеді."Міндеттеме" ұғымы әртүрлі мағынада пайдаланылады: құқық қатынасы;борыш, міңдет;осы міндет көрсетілген құжат (қолхат, квитанция, вексель,чек,облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттеме).АК-ның 268-бабында міндеттеме құқықтық қатынастар ретінде беріледі: "Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекетгер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышкерден өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышкерден атқарғанды қабылдауға міндетті".
Міндеттемелік құқық қатынастарының негізгі ерекшеліктері, экономикалық тұрғыдан алғанда, еңбектің мүліктік нәтижелерінің ауысуынан туындайды (өндіріс өрісінен айналым өрісіне, ол арқылы тұтыну өрісіне ауысуы).
Егер өндіріс өрісінде сатып алу-сату ресімделсе, онда мүлік, еңбек нәтижесі ретінде өндіріс өрісінен айналым өрісіне, сонан соң қайтадан өндіріс өрісіне ауысады. Егер халық тұтыну тауарларын сатып алу-сату жүргізілсе, онда мүлік айналым өрісі арқылы өндіріс өрісінен тұтыну өрісіне ауысады. Мүліктің өндіріс өрісінен айналым және тұтыну өрісіне ауысуымен байланысты барлық қатынастар міндеттемелік қатынастар болып табылады.
Міндеттемелерді орындау дегеніміз борышқордың алған міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушінің талап етуі құқығына сәйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата тұруы.
Міндеттемені орындау көбіне-көп борышқордың белсенді әрекетінен, не әрекетін кейде тоқтата тұруынан көрінеді.
Курстық жұмысымның құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, міндеттеме ұғымы және міндеттмелердің түрлерінен, міндеттемені орындау ұғымы және оның принциптерінен, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуі туралы мағлұматтан, міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістерінен, айып төлеу, кепіл, борышкердің мүлкін алып қалу және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Міндеттемені орындаудың алдына қоятын мақсаты болады. Міндеттемені орындау арқасында азаматтардын, заңды тұлғалардың, мемлекет пен қоғамның тұтастай алғанда материалдық және рухани қажеттіліктерін канағаттандыруға қол жеткізіледі. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау оның тоқтатылуына әкеледі.Занда міндеттемені мәжбүрлеп орындауға еріксіз көндіру жағдайлары белгіленген. Мысалы, жеке — белгілі бір затты меншікке, шаруашылық жүргізуге, жедел басқаруға немесе несие берушінің пайдалануына беру міндеттемесін орындамаған жағдайда, егер бұл затқа үшінші жақтың артықшылық құқығы болмаса, несие беруші оны борышкерден алып қоюға және өзіне беруді талап етуге құқылы.Міндеттемені қамтамасыз ету оны орындатуға бағытталатын, жалпыға бірдей емес, арнайы шаралар болып табылады. Азаматтық құкықтың нормаларын сақтайтын катысушылар көп жағдайда міндеттемені ерікті түрде және тиісінше орындайды. Сонымен бірге өмірде міндеттемені орындамау немесе тиісінше орындамау орын алатыны тағы шындық. Осыған байланысты заң міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін әдістер деп аталатын арнайы шараларды көздейді.
Курстық жұмыстың алдына келесі міндеттер қойылады: Міндеттемелік құқық ұғымы және оның жүйесі, ұғымы, түрлері мен міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы, туындау негіздері,сондай –ақ міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістері мен міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылық ұғымын білу.
Жалпы зерттеу жұмысы бойынша толық мәліметті негізгі бөлімнен алуға болады.
Зерттеу обьектісі: Міндеттемелік құқық ұғымы және оның жүйесі, ұғымы, түрлері мен міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы, туындау негіздері мен Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық ұғымы мен міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершіліктен босату, тоқтауы ұғымы және тәсілдері.
Зерттеу жұмысымның құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Курстық жазудағы ұстанған мақсатым: міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тақырыбымды толықтай зерттеу болып табылады.
Толығымен курстық жұмыс туралы мағлұматты курстық жұмыспен танысуда алуға болады.
Зерттеу пәні: Азаматтық құқығы.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
1.Азаматтық құқық I том.Жауапты редакторлары: М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. Басуға 13.11.2003 ж. Қол қойылды. «Курсив» ЖШС-ында басылды.
2.Қазақстан Ренспубликасының азаматтық құқығы (ерекше бөлім) Жауапты редакторлары: Жалин
3.Азаматтық құқық Жауапты редакторлары: Гришаев
4.Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүгізу кодексі
5.Гражданский процесс. Жауапты редакторлары: Абдельдина
Алматы 2002 ж
6. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім), А.: Юрист 2001ж.
7. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы (Жалпы бөлім). 2003ж. 20 мамырдағы № 417- 2 Қ.Р. Заңы (“Қаз. Правда”, 22 мая 2003г.)
8. Гражданское право. Учебник. Часть2, под ред. Сергеева А.П., Толстого Ю.К. - М.: “Проспект”, 99г.
9. Гражданский кодекс Республики Казахстан. Особенная часть. Түсіндірме. Жауапты ред. Сүлейменов М.К.,Басин Ю.Г.. А.: “Жеті жарғы”, 2000ж. 197-б.
10. Гражданское право Том 2. Учебник для вузов “Академический курс”. Отв. ред. Сулейменов М.К., Басин Ю.Г. А: 2002г.
11. Негіздер, Азаматтық заңдар негіздері- КСР Одағы мен республикалардың Азаматтық заңдар негіздері. (“Каз.правда”, 17 шілде 1999ж.)
12. “Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі не (Ерекше бөлім), өзгерістер енгізу туралы” ҚР заңы. 1999 ж. 29 қараша.
13. Ресей федерациясының Азаматтық кодексі, І бөлім РФ – Мемлекеттік думасы 1994 ж. 21 желтоқсан.
14. ҚР -ның Азаматтық іс жүргізу кодексі, ҚР Парламенті 1999 ж. 13шілде

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І-тарау. МІНДЕТТЕМЕЛІК ҚҰҚЫҚ 1.1. Міндеттемелік құқық ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 1.2. Міндеттемелік құқықтың жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7 1.3. Міндеттеменің пайда болу негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
ІІ-тарау. МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАУ 2.1. Міндеттемені орындау ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11 2.2. Міндеттемені орындау мерзімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
ІІІ-тарау. МІНДЕТТЕМЕНІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 3.1. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... 14 3.2. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... .15 3.3. Кепіл және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
IV-тарау. МІНДЕТТЕМЕНІ ТОҚТАТУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 25

КІРІСПЕ.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы: Азаматтық құқыктағы міндеттемелер. Бұл тақырыпты зерттеу кезінде қосымша әдебиеттер мен басылымдарды пайдаландым.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Зерттелімге қойылған талап өзектілігі мен тақырыпта анықтаудың өзі қоғамымыздағы келесі мәселелерге жол табу:
Азаматтық құқықтағы міндеттеме дегеніміз -- мүліктік салыстырмалы азаматтық құқықтық қатынас, оған сәйкес бір тарап (борышкер) екінші тараптың (несие берушінің) пайдасына мүлікті беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету жөнінде белгілі бір әрекет жасауға не белгіл бір әрекеттен бас тартуға міндеттенеді."Міндеттеме" ұғымы әртүрлі мағынада пайдаланылады: құқық қатынасы;борыш, міңдет;осы міндет көрсетілген құжат (қолхат, квитанция, вексель,чек,облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттеме).АК-ның 268-бабында міндеттеме құқықтық қатынастар ретінде беріледі: "Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекетгер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышкерден өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышкерден атқарғанды қабылдауға міндетті".
Міндеттемелік құқық қатынастарының негізгі ерекшеліктері, экономикалық тұрғыдан алғанда, еңбектің мүліктік нәтижелерінің ауысуынан туындайды (өндіріс өрісінен айналым өрісіне, ол арқылы тұтыну өрісіне ауысуы).
Егер өндіріс өрісінде сатып алу-сату ресімделсе, онда мүлік, еңбек нәтижесі ретінде өндіріс өрісінен айналым өрісіне, сонан соң қайтадан өндіріс өрісіне ауысады. Егер халық тұтыну тауарларын сатып алу-сату жүргізілсе, онда мүлік айналым өрісі арқылы өндіріс өрісінен тұтыну өрісіне ауысады. Мүліктің өндіріс өрісінен айналым және тұтыну өрісіне ауысуымен байланысты барлық қатынастар міндеттемелік қатынастар болып табылады.
Міндеттемелерді орындау дегеніміз борышқордың алған міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушінің талап етуі құқығына сәйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата тұруы.
Міндеттемені орындау көбіне-көп борышқордың белсенді әрекетінен, не әрекетін кейде тоқтата тұруынан көрінеді.
Курстық жұмысымның құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, міндеттеме ұғымы және міндеттмелердің түрлерінен, міндеттемені орындау ұғымы және оның принциптерінен, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуі туралы мағлұматтан, міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістерінен, айып төлеу, кепіл, борышкердің мүлкін алып қалу және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Міндеттемені орындаудың алдына қоятын мақсаты болады. Міндеттемені орындау арқасында азаматтардын, заңды тұлғалардың, мемлекет пен қоғамның тұтастай алғанда материалдық және рухани қажеттіліктерін канағаттандыруға қол жеткізіледі. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау оның тоқтатылуына әкеледі.Занда міндеттемені мәжбүрлеп орындауға еріксіз көндіру жағдайлары белгіленген. Мысалы, жеке -- белгілі бір затты меншікке, шаруашылық жүргізуге, жедел басқаруға немесе несие берушінің пайдалануына беру міндеттемесін орындамаған жағдайда, егер бұл затқа үшінші жақтың артықшылық құқығы болмаса, несие беруші оны борышкерден алып қоюға және өзіне беруді талап етуге құқылы.Міндеттемені қамтамасыз ету оны орындатуға бағытталатын, жалпыға бірдей емес, арнайы шаралар болып табылады. Азаматтық құкықтың нормаларын сақтайтын катысушылар көп жағдайда міндеттемені ерікті түрде және тиісінше орындайды. Сонымен бірге өмірде міндеттемені орындамау немесе тиісінше орындамау орын алатыны тағы шындық. Осыған байланысты заң міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін әдістер деп аталатын арнайы шараларды көздейді.
Курстық жұмыстың алдына келесі міндеттер қойылады: Міндеттемелік құқық ұғымы және оның жүйесі, ұғымы, түрлері мен міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы, туындау негіздері,сондай - ақ міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістері мен міндеттемені бұзғаны үшін жауаптылық ұғымын білу.
Жалпы зерттеу жұмысы бойынша толық мәліметті негізгі бөлімнен алуға болады.
Зерттеу обьектісі: Міндеттемелік құқық ұғымы және оның жүйесі, ұғымы, түрлері мен міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы, туындау негіздері мен Міндеттемені бұзғандық үшін жауаптылық ұғымы мен міндеттемені бұзғандық үшін жауапкершіліктен босату, тоқтауы ұғымы және тәсілдері.
Зерттеу жұмысымның құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Курстық жазудағы ұстанған мақсатым: міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тақырыбымды толықтай зерттеу болып табылады.
Толығымен курстық жұмыс туралы мағлұматты курстық жұмыспен танысуда алуға болады.
Зерттеу пәні: Азаматтық құқығы.

І-тарау. МІНДЕТТЕМЕЛІК ҚҰҚЫҚ.
1.1.Міндеттемелік құқық ұғымы.
Міндеттеме ұғымының түбегейлі тұжырымдалған заңды негізі не ? Біз оны қалай түсінеміз ? Бұл туралы Азаматтық кодекстің 268 бабында: міндеттемеге сәйкес бір адам (борьшқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жүмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге құқұлы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті, -- деп атап көрсетеді. Демек, міндеттеме -- азаматтық кұкұқтық қатынастың бір түрі. Ал, талап ету мен міндеттеме -- несие беруші мен борышқорға өзара жауапкершілік жүктейтін екі жақты құқықтық қатынасқа жатады. Екіжақты құқықтык қатынас: несие беруші тұрғысынан қарағанда -- талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан алып қарағанда -- міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі.
Міндеттеменің мазмұнын оған қатысушы -- несие беруші мен борышқордың субъективтік құқықтары мен міндеттері құрайды. Мысалы, мүлікті жалға алудың міндеттемелік құқық қатынасында жалға алушы жалға берушіден мүлкін әкеліп беруді талап ететін субъективті құқыққа ие екендігі көрсетіледі. Сондай-ақ, жалға берушіге мүлкін пайдаланғаны үшін белгілі бір мөлшерде ақысын төлеуге міңдетті. Жалға беруші жалға алушыға мүлкін пайдалануға беруге міндеттенеді. Әрі жалға алушыдан мүлікті пайдаланғаны үшін ақысын төлеуді талап ете алады, бұл оның субъективті құкығы болып табылады.

1.2. Міндеттемелік құқықтың жүйесі.
Азаматтық кодекстің 269 бабына сәйкес несие беруші немесе борышқор ретінде міндеттемеге бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады.Мұның аты көп тұлғалармен жасалған міндеттеме.Мұндай жағдайда Азаматтық кодекстің 286-288 баптарында көрсетілгендей үлесті, ортақтасқан немесе субсидиялық міндеттеме пайда болады.
Егер міндеттемеге бірнеше тұлға борышқор ретінде көрсетілген болса,міндеттемені орындау жауапкершілігі құжатқа сәйкес,үлесіне қарай немесе ортақ немесе бірлескен болуы мүмкін .
Үлесті міндеттеме борышқордың әрқайсысы тек өзі үшін жауап береді , ал ненсие берушілердің әрқайсысы борышқордан тек өзіне тиесілі ғана үлесті талап етуге құқылы.
Ортақтасқан міндеттеменің үш түрі болады
* бір несие беруші мен бірнеше борышқордың қатысқаны ортақтасқан міндеттеме
* Бір борышқор мен бірнеше несие берушілер қатысқаны ортақтасқан талап етуші
* Бірнеше несие берушілер мен бірнеше борышқорлар қатысқаны аралас ортақтасу

Кәсіпкерлік қызметпен байланысты міндеттеме бойынша бірнеше борышқордың міндеттері, сол сияқты бірнеше несие берушінің талаптары,егер заң құжаттарында немесе міндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе ортақтасқан міндлеттеме болып табылады.Азаматтық кодекстің 288 бабына сәйкес негізгі борышқор несие берүшінің міндеттемені орындау туралы талабын қанағатандырмаған жағдайда бүл талап орындалмаған бөлігінде басқа борышқорға яғни субсидялық борышқорға мәлімдеуі мүмкін екендігі заң құжаттарында немесе несие беруші мен борышқордың арасындағы міндеттеме ережелерінде көзделуі мүмкін.Сонымен субсидялық міндеттемеде борышқор өзінің алған негізгі міндеттемесіне орай атқаруға тиісті әрекетін мезгілінде орындай алмаса міндеттемені басқа борышқорға жүктейді.
Міндеттемелік құқық қатынастарында регрестік шегерме міндеттеме ерекше орын алады. Басқа адамның міндеттемесін орындаған борышқор орындалған міндеттеме мөлшерінде сол адамға кері талап қоюға құқылы, осыны регрестік міндеттеме деп атайды.

1.3. Міндеттеменің пайда болу негіздері.
Өзгеде құқықтық қатынастар тәрізді міндеттеменің пайда болу негіздері белгілі бір зандық фактілерге байланысты және сол негіздерден көрінеді, мұның өзі Азаматтық кодекстің 7-бабында көрініс тапқан. Азаматтық кодекстің 271-бабы осы Кодекстің 7-бабында көрсетілген тұжырымға сүйене отырып, міндеттемелердің қалай пайда болатынын айқындай түседі. Яғни міндеттеменің пайда болу негіздері шарттан, зиян келтіруден немесе өзге де негіздерден пайда болады.
Азаматтық кодекстің 7-бабы әртүрлі құқықтық қатынастардың мүмкін болу негіздерін тізбелеп келтірген. Жоғарыда көрсетілген негіздерден басқа да міндеттемемен байланысты бірқатар негіздер бар.
Бүл -- ең алдымен, әкімшілік құжаттары, әрине, біз бұл арада азаматтық қүқықтық қатынасқа қатыстысын айтып отырмыз. Әкімшілік қүжатының занды күші бағынышты ортаға міндетті түрде өкімін жүргізетіндігінен көрінеді. Сондықтан да барлық жағдайда да әкімшілік құжат органдар, яғни кұжатты шығарушы, атқарушы, оның орындалуын бақылаушы органдар және т.б. арасында әкімшілік құқықтық қатынастарды туғызады. Сонымен бірге ол адресаттар арасында азаматтық міндеттемені де дүниеге әкеледі.
Алайда, мұндай жағдайлар салыстырмалы түрде сирек кездеседі, кәдімгі жоспарлы тапсырманы (немесе басқалай әкімшілік кұжат) күрделі заңдық құрамның бір бөлшегі десе болады. Міндеттеменің пайда болу негізінде шарт әкімшілік құжатқа келіп қосылады.
Міндеттеменің пайда болу негізіне құқыққа қайшы нақты өрекеттер де жатады. Бұған - біреудің мүлкін қасақана не кездейсоқ иелену, залал келтіру арқылы өзгенің заңмен қорғалатын мүддесін бұзуды мысал етіп алуға болады.
Міндеттеме азаматтық кодекстің 271-бабында қарастырылған негіздерде де пайда болуы мүмкін.
Міндеттеме өзінің мазмұнына, объектілерінің салалық ерекшеліктеріне жөне субъектілерінің сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
* жағымды мазмұндағы міндеттеме, жағымсыз мазмұндағы міндеттеме;
* Біржақты және өзара ортақ міндеттеме;
* борышқор әрекетін нақты айқындайтын міндеттеме және балама міндеттеме;
* қатаң түрдегі жеке сипаттағы міндеттеме (бұл міндеттеме субъект ретіндегі жеке сипаттылық міндеттеменің пайда болуына, езгеруіне немесе тоқталуына әсер етпейді);
* басты және тәуелді міндеттемелер;
* шартқа негізделген міндеттемелер, шарттан тыс міндеттеме және біржақты еркін құжат түрлеріндегі міндеттеме.

ІІ-тарау. МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАУ.
2.1. Міндеттемені орындау ұғымы.
Міндеттемелерді орындау дегеніміз борышқордың алған міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетті жасауы немесе несие берушінің талап етуі құқығына сәйкес оқшау әрекетті жасауды тоқтата туруы. Міндеттемені орындау көбінесе көп борышқордың белсенді әрекетінен, не әрекетін кейде тоқтата тұруынан көрінеді.

Міндеттемені орындаудың алдына қоятын мақсаты болады. Міндеттемені орындау арқасында азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекет пен қоғамның тұтастай алғанда материалдык, және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға қол жеткізіледі. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау оңың тоқтатылуына әкеледі. (Міндеттемелерді орындаудың құқықтық тәртібі АҚ-тін, 272-291 баптарында, міңдеттеменің жекелеген түрлерін реттейтін (мысалы, сатып алу-сату, жеткізу, келісім-шарт, электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету, жалға беру, мердігерлік және т.б.) нормативтік актілерінде бекітілген.

Міндеттемені орындау Азаттық кодексте бекітілген принциптерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Оған мідеттемені тиісті дәрежеде орындау (272-бап) және міндеттемені нақты орындау (354-бап) жатады. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау принципі борышқордың міндеттемені зандардың талаптары мен міндеттеме шартына сәйкес орындауын білдіреді. Ал мұндай шарттар болмаған жағдайда -- дәстүрлі іскерлік айналымға немесе басқа да кәдімгі қойылған талаптарға сәйкес орындалуы тиіс.

Жалпы ереже бойынша міндеттемені борышқор орындауы тиіс. Сонымен бірге, заңда, міндеттеме шартында, не оның мән-мағынасында міндеттемені борышқордың тікелей өзі орындау керектігі көрсетілмесе, онда борышқор тек өзіне алған міндеттеменің орындалуын үшінші жаққа жүктей алады. Мұндай жағдайда несие беруші борышқор үшін үшінші жақ ұсынған орындау ісін қабылдауға міндетті (АК-тің 276-бабының 2-тармағы).

Егер міндеттемені орындау борышқордың тікелей өзінен ғана талап етілетін жағдайда (портрет салу, жұмысты жасау, қызмет көрсету жөне т.б.) несие беруші үшінші жақтың ұсынатын орындалған ісін қабылдамауға құқылы.

2.2. Міндеттемені орындау мерзімі.

Міндеттеменің орындалу мерзімі заңмен немесе шартпен, сондай ақ, шарт алдындағы дауды қарайтын органмен айқындалуы мүмкін.
Егер міндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындалуға тиісті уақыт кезеңі көзделсе немесе анықтауға мүмкіндік берсе, міндеттеме сол күні немесе тиісінше сол кезең, ішінде кез келген уақытта орыңдалуға тиіс (АК-тің 277-бабы).
Мысалы, құрылыс объектіснің бітетін күні міндеттемені орындау күні болып табылады, ал басқа жұмыстар мердігерлік шарттарда, ақшаны қайтару -- қарыз шартында несие беруші шартында, қарастырылады.
Міндеттеме орындалуға тиісті келісімді уақыт тауарларды жеткізу шарттарында қаралуы мүмкін, онда әр тарап жеткізілетін тауарларды партияларға бөліп, өздерінің уақытын белгілейді. Ол тоқсандық, ай, он күндік мерзімдермен өлшенеді.

Егер міңдеттемеде ол орыңдалатын мерзім көрсетілмесе, бұл мерзімді анықтауға мүмкіңдік беретін шарттар болмаса, ол міндеттеме пайда болғаннан кейін ақылға қонымды мерзімде орыңдалуға тиіс.

Акылға қонымды мерзім дегеніміз міндеттеме нақты жағдайды ала отырып, орындау мүмкіндігі болып табылады. Бұл орайда борышқордың жағдайына байланысты мүмкіндігі, міндеттемені орындау тәсілі, т.б. ескеріледі (мысалы, несие берушіге дейінгі қашықтық, көлік түрі, жөне т.б.)

Ақылға конымды мерзімде орындалмаған, сол сиякты орындалу мерзімі талап етілетін кезбен белгіленген міндеттемені, егер заңдардан, міндеттеме шарттарынан, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе міндеттеме мәнінен басқа мерзімде орындау міндеті туындамаса, борышқор несие беруші оның туындалуын талап еткен күннен бастап жеті күн мерзімде орындауға міндетті (АК-тің 277-бабының 2-тармағы)

Міндеттеме орындалатын жер -- борышқордың заттарды тапсыратын, жумысты атқарып, қызмет көрсетіп, ақша төлейтін, ал несие берушінің тиісінше орындалғанын қабылдайтын орын. Мәселен, үйді жөндеу, еденді тазалау, терезені сүрту тек үй түрған жерде ғана жүзеге асады.

Егерде міндеттеме орындалатын жер заңдарда немесе оның шарттарында белгіленбесе немесе міндеттеме мәнінен немесе іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан көрінбесе, ол:

* міндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлікті беру -- мүлік орналасқан жерде;

* міндеттеме бойынша тауар немесе өзге де мүліктік тасымалдауды пайдалана отырып беру -- мүлікті несие берушіге жеткізу үшін оны бірінші тасымалдаушыға тапсырған жерде;

* егер бұл жер міндеттеме пайда болған кезде несие берушіге белгілі болса, кәсіпкердің басқа міндеттемелері бойьшша тауар немесе езге де мүлікті беру -- мүлік дайындалған немесе сақталған жерде;

* ақшалай міндеттеме бойынша -- несие берушінің міндеттеме пайда болған кездегі тұрғылықты жерінде, ал егер несие беруші занды тұлға болса -- міндеттемеде пайда болған кезде оның болған жерінде, егер несие беруші міндеттеменің орындалу кезінде тұрғылықты жерін өзгертіп,бұл туралы борышқорға хабарласа орындалатын жердің өзгертілуіне байланысты барлық шығындарды соның есебіне жатқыза отырып оның жаңа тұрғылықты жерінде немесе тұрған жерінде

* Басқа да барлық міндеттемелер бойынша борышқордың тұрғылықты жерінде, ал егер борышқор заңды тұлға болса оның орналасқан жерінде орындалуға тиісті.

ІІІ-тарау. МІНДЕТТЕМЕНІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
3.1. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ұғымы.

Азаматтық құқықтық нормаларын сақтайтын қатысушылар көп жағдайда міндеттемені ерікті түрде және тиісінше орындайды. Сонымен бірге өмірде міндетгемені орындамау немесе тиісінше орындамау орын алатыны тағы шындық. Осыған байланысты заң міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін әдістер деп аталатын арнайы шараларды көздейді.
Міндеттемені қамтамасыз ету оны орындатуға бағытталатын, жалпыға бірдей емес, арнайы шаралар болып табылады. Сондықтан ол міндеттемелердің бәріне бірдей емес, тек заңдарда немесе келісімге отырған жақтардың шарттарында қаралған міндеттемелерге қолданады. Азаматтық кодекстің 292-бабының талаптарына сәйкес, ондай әдістерге: айып төлету, кепіл, борышқордың мүлігін алын қалу аманат, кепілдік, кепілпұл және басқа әдістер жатады.
Қамтамасыз ету әдісерін өздерінің сипаттарына қарай төрт топқа бөлуге болады. Қамтамасыз ету сипатының бірі міндеттемені орьщдамағанда немесе тиісінше орындамағанда борышқордың белгілі бір ақша сомасын төлеу арқылы қосымша мүліктік залал шегуінен (айып телеу, кепілпұл) көрінеді.
Екінші топтағы әдістері несие беруші арқылы мүлікті өндіріп алумен жүзеге асады.Үшінші топтағы қамтамасыз ету әдісі несие берушіге тек борышқордың ғана емес, үшінші жақтың да мүлкін өндіртіп алуды қамтиды.Төртінші топтағы әдіс біздің заңымызда бұрын соңды болып көрмеген әдіс борышқордың мүлкін ұстап қалу, яғни заң несие берушіге борышқор өз міндетін орындамайынша борышқордың затын өзін өзі қорғау мақсатында ұстап қалу құқығын береді.

3.2. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістері.

Борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзімін өткізіп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті, зандармен немесе шартпен белгіленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсім) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие беруші оған келтірген залалдарды дәлелдеуге міндетті емес (АК-тің 293-бабы).
Айып төлеу -- көсіпкерлік салада пайда болған міндеттемені орындауды қамтамасыз ету әдістерінің ең көп тараған түрі. Жеткізу, сатып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау, ұғымы, әдістері
Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау
Банк өтімділігі
Бағалау міндеттемелері, шартты активтер және шартты міндеттемелер
КӘСШКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау негіздері
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ТӨЛЕНЕТІН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ СЫЙАҚЫЛАР
Банктің директорлар кеңесі банк
Борышқор әрекетін нақты айқындайтын міндеттеме және балама міндеттеме
Банк өтімділігі және оған ықпал етуші факторлар
Пәндер