Әлемдік экономикадағы шағын кәсіпкерліктің орны



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІК.ТЕРІ 5

2 КӨП ДЕҢГЕЙЛІ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК АХУАЛДЫ ЖАҚСАРТУ ЖОЛДАРЫ 8
2.1 Әлеуметтік.экономикалық саясаттағы шағын кәсіпкерліктің рөлі мен салатын орны 9
2.2 Орта және ірі бизнестің кәсіпкерлік қызметі және оның көздері 14
2.3 Мысалы ретінде «Айман» акционерлік қоғам көрсетілген 15
3 МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ 20

ҚОРЫТЫНДЫ 28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 31

ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ

Шағын және орта бизнес өрісіндегі кәсіпкерлік құрылымының қазіргі дамуы экономикалық процестердің дүниежүзілік тенденциясына толығымен жауап береді. Қазір дүние жүзінің барлық елдерінде шағын және орта кәсіпорындардың орасан зор мөлшері жұмыс істеуде. Мысалы, мұндай кәсіпорындардың саны Үндістанда 12 миллионнан, ал Жапонияда 9 миллионнан асып отыр. Олар экономиканың әр түрлі салаларында қызмет етуде. Сондай-ақ, мұндай салалардың ерекшелігі оларға бастапқы өнімдер мен жеңіл өнеркәсіпке арналған жартылай фабрикаттар өндірісі тән. Мысалы, трикотаж өнімдері, аяқ киімдер, тігін бұйымдары, ауыл шаруашылық өнімдері, сонымен қатар сауда серіктестік қызметтер, жарнамалық істер, әр түрлі қызмет көрсетулер және т. б.
Дүниежүзілік тәжірибие көрсетіп отырғандай, шағын және орта кәсіпорын өндіріс тиімділігінің өсуіне нәтижелі ықпал етеді. Мұндай кәсіпорындар негізгі өндірістің бәсекелік қабілетін күшейтіп, нарық конъюнктурасы өзгерісін жедел сезіне отырып, нарықтық экономикаға қажетті икемділік береді. Шағын және орта бизнес халықтың белгілі қаржылық ресурстары мен өндірістік ресурстарын жұмылдырады.
Шағын бизнестің мүмкіндіктері жайлы шағын және орта бизнесі дамыған елдердің тәжірибесінен жорамалдауға болады. Оларда шағын және орта бизнес үлесі барлық кәсіпорындардың 90-95 пайызына дейін және жалпы ұлттық өнімнің 20-60 пайызына дейін келеді. Шағын бизнес халықты жұмыспен қамту проблемасын шешуде ең маңызды рөл атқарады. Мысалы, Ұлыбританияның жұмысқа жарамды халқының 60 пайызы осы салада. АҚШ, Жапония, Германия, Францияда да шағын кәсіпорындардың үлесі 75-80 пайыз.
Шағын бизнес Қазақстанның экономикасы үшін өте маңызды. Себебі олар бәсекелестік ортаны қалыптастырады, ірі кәсіпорындарға қарағанда монополияландыруға тежеуші болады. Жетілген жағдайда ірі фирмалармен бәсекелестікте табысқа жетеді. Шағын бизнестің дәл осы қасиеті көптеген дамыған елдердің экономикасында барынша маңызды рөл атқарады. Мұндай елдердің қатарына Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жаңа индустриялды елдер: Малайзия, Сингапур, Тайван, Тайланд және басқа да елдер жатады. Ол елдердің экономикасы ғылыми-техникалық прогрестің жаңа жетістіктерін қолдануға мүмкіндік беретін жоғары дәрежеде мамаңданған, оның ішінде, негізінен, электроника, кибернетика және информатика салалары дамыған.
Шағын бизнес төмендегідей мәселелерді шешуде маңызды фактор болып табылады:
- ассортименттің ұлғаюы, тауарлар мен қызметтердің, жұмыс сапасының жоғарылауы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға талпына отырып, шағын бизнес тауарлар мен қызметтер мәдениеті сапасының жоғарлауын үйлестіреді;
- тауарлар мен қызметтер өндірісінің нақты тұтынушыларға жақындауы;
- адамдардын шағармашылық қабілетін барынша тиімді пайдалану, олардың талантының ашылуын, әр түрлі кесіп түрлерін, халықтық кәсіпті игеру.
Шағын және орта бизнестің осындай қасиеттері қазіргі жағдайда экономикада нарық құрылымының қалыптасуының мәнді және маңызды факторы болып табылады.
Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың «өз ісіне» деген табиға ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі – кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп соғады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. ҚР Азаматтық кодексі. 27.12.94ж. (жалпы бөлім). 16.12.98ж. өзгерістер енгізілген.
2. «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңы. 19.06.97ж. №131-1 (26.07.99ж. өзгерістер енгізілген).
3. «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңы. 19.06.97ж. №135-1 (29.1199 ж. өзгерістер енгізілген).
4. «Жұмыстардың жеке түрлері және қызмет рыноғын дамыту туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы. 31.03.99 ж. № 343 (14.02.2000 ж. енгізілген).
5. «Шағын кәсіпкерлікті қорғау мәселелері бойынша заңдың актілерге бірсыпыра қосымша өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заңы. 29.11.99 ж. № 489-1.
6. «Адамдар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметіндегі бостандық құқығын қоргау туралы» ҚР Президентінің Жарлығы. 27.04.98 ж. № 3928.
7. «ҚР кейбір заңдық актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» ҚР Заңы. 10.07.98 ж. № 283-1.
8. «ҚР Агенттігінің шағын бизнесті қолдау мәселелері жөніндегі» ҚР Үкіметінің қаулысы. 26.04.99 ж. № 475.
9. «Шағын кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» ҚР Үкіметінің қаулысы. 08.04.97 ж. № 499.
10. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001–2002 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы». Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы жарлығы.
11. Горфинкель В.Я., Швандар Б.А. Кәсіпорын экономикасы, Москва, ЮНИТИ-ДАНА, 2000.
12. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Т. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Алматы, 2001
13. Келумжаев Қ.К., Әжібаева З.М.,, Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. Қаржылық есеп. Алматы, 2004
14. Қалдыбаев О., Темірбаев А. Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы. - Алматы, «Санат», 2003
15. Назарова В.Л. Басқару есебі. Алматы, 2005
16. Оқаев Қ.О., Дюнова Е.М. Нарық жағдайындағы өнеркәсіптік кәсіпорын экономикасы. - Алматы, 2005
17. Раицкий К. А. Кәсіпорын экономикасы, Москва, 2001
18. Сейітқазиева А.М. және басқалар. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеті.- Алматы, «Экономика», 2004
19. Сейітқазиева А.М., Бекназарова А.Т. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкершілік. Оқу құралы, - Алматы, «Тұран», 2001.
20. Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комяшин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе, 2004

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Әлемдік экономикадағы шағын кәсіпкерліктің орны

Мазмұны

Кіріспе 3
1 Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшелік-тері 5
2 Көп деңгейлі кәсіпкерлікті дамыту, экономикалық даму мен әлеуметтік 8
ахуалды жақсарту жолдары
2.1 Әлеуметтік-экономикалық саясаттағы шағын кәсіпкерліктің рөлі мен9
салатын орны
2.2 Орта және ірі бизнестің кәсіпкерлік қызметі және оның көздері 14
2.3 Мысалы ретінде Айман акционерлік қоғам көрсетілген 15
3 Мемлекеттік кәсіпкерлік және макроэкономикалық реттеудің 20
бағдарламасы
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31
Қосымшалар

Кіріспе

Шағын және орта бизнес өрісіндегі кәсіпкерлік құрылымының қазіргі
дамуы экономикалық процестердің дүниежүзілік тенденциясына толығымен жауап
береді. Қазір дүние жүзінің барлық елдерінде шағын және орта
кәсіпорындардың орасан зор мөлшері жұмыс істеуде. Мысалы, мұндай
кәсіпорындардың саны Үндістанда 12 миллионнан, ал Жапонияда 9 миллионнан
асып отыр. Олар экономиканың әр түрлі салаларында қызмет етуде. Сондай-ақ,
мұндай салалардың ерекшелігі оларға бастапқы өнімдер мен жеңіл өнеркәсіпке
арналған жартылай фабрикаттар өндірісі тән. Мысалы, трикотаж өнімдері, аяқ
киімдер, тігін бұйымдары, ауыл шаруашылық өнімдері, сонымен қатар сауда
серіктестік қызметтер, жарнамалық істер, әр түрлі қызмет көрсетулер және т.
б.
Дүниежүзілік тәжірибие көрсетіп отырғандай, шағын және орта кәсіпорын
өндіріс тиімділігінің өсуіне нәтижелі ықпал етеді. Мұндай кәсіпорындар
негізгі өндірістің бәсекелік қабілетін күшейтіп, нарық конъюнктурасы
өзгерісін жедел сезіне отырып, нарықтық экономикаға қажетті икемділік
береді. Шағын және орта бизнес халықтың белгілі қаржылық ресурстары мен
өндірістік ресурстарын жұмылдырады.
Шағын бизнестің мүмкіндіктері жайлы шағын және орта бизнесі дамыған
елдердің тәжірибесінен жорамалдауға болады. Оларда шағын және орта бизнес
үлесі барлық кәсіпорындардың 90-95 пайызына дейін және жалпы ұлттық өнімнің
20-60 пайызына дейін келеді. Шағын бизнес халықты жұмыспен қамту
проблемасын шешуде ең маңызды рөл атқарады. Мысалы, Ұлыбританияның жұмысқа
жарамды халқының 60 пайызы осы салада. АҚШ, Жапония, Германия, Францияда да
шағын кәсіпорындардың үлесі 75-80 пайыз.
Шағын бизнес Қазақстанның экономикасы үшін өте маңызды. Себебі олар
бәсекелестік ортаны қалыптастырады, ірі кәсіпорындарға қарағанда
монополияландыруға тежеуші болады. Жетілген жағдайда ірі фирмалармен
бәсекелестікте табысқа жетеді. Шағын бизнестің дәл осы қасиеті көптеген
дамыған елдердің экономикасында барынша маңызды рөл атқарады. Мұндай
елдердің қатарына Оңтүстік-Шығыс Азиядағы жаңа индустриялды елдер:
Малайзия, Сингапур, Тайван, Тайланд және басқа да елдер жатады. Ол елдердің
экономикасы ғылыми-техникалық прогрестің жаңа жетістіктерін қолдануға
мүмкіндік беретін жоғары дәрежеде мамаңданған, оның ішінде, негізінен,
электроника, кибернетика және информатика салалары дамыған.
Шағын бизнес төмендегідей мәселелерді шешуде маңызды фактор болып
табылады:
- ассортименттің ұлғаюы, тауарлар мен қызметтердің, жұмыс сапасының
жоғарылауы. Тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға талпына отырып,
шағын бизнес тауарлар мен қызметтер мәдениеті сапасының жоғарлауын
үйлестіреді;
- тауарлар мен қызметтер өндірісінің нақты тұтынушыларға жақындауы;
- адамдардын шағармашылық қабілетін барынша тиімді пайдалану, олардың
талантының ашылуын, әр түрлі кесіп түрлерін, халықтық кәсіпті игеру.
Шағын және орта бизнестің осындай қасиеттері қазіргі жағдайда
экономикада нарық құрылымының қалыптасуының мәнді және маңызды факторы
болып табылады.
Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың өз ісіне деген табиға
ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл
қызметтің ерекше түрі – кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп
соғады.
1. Кәсіпкерлік қызметінің мәні және
негізгі ерекшеліктері

Кәсіпкерлік дегеніміз – адамдар мен олар құрған бірлестіктердің
белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел
буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді.
Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және
ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа
тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-
бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына
дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден,
экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-
техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да
болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-кетерме
сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және т.б.
коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар
бола алады:
– Қазақстанның азаматтары;
– шетел мемлекетінің азаматтары;
– адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы).
Кәсіпкердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден
өткеннен кейін күшіне енеді.
Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері
ұлттық заңдармен реттеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарымен
реттелетіндер:
– кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру және олар
үшін қажетті мүліктер сатып алу;
– барлық субъектілердің рыноктағы материалдық, еңбек, ақпарат және
табиғи ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы;
– меншік түрлеріне және ұйымдастыру-құқықтың формасына қарамастан
кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
– кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;
– кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау;
– нарықтың монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар
өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.
Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру өзгешелігі,
кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап
ақша төлеуге дайын.
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай,
кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және қаржылық болып бөлінеді.
Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешілігі, демек өзіндік
технологиясы болады.

Сызба 1 – Кәсіпкерліктің түрлері
Өндірістік кәсіпкерлікке тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті
өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және
ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған қызметтер
жатады.
Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделілік өрісі едәуір түрліше және оны
іске асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп
мөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім
өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлікке – қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының
мәнін айқындайтын тауар-ақша қатынастары, тауар-айырбастау операциялары
жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы – мұнда өнім өндіруге
– байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету кажеттілігі тұмайды.
Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу, нені қайта сату және
қай жерде екенін таңдай білу қажет. Бұл мәселелерді іске асыру, ең алдымең
тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып алу бағасы елеулі
жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет.
Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай
болғандықтан оның сатып алу, сату объектісі айрықшалығы – тауар болып
есептеледі: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар,
вексельдер, кепілдіктер және т.б.); яғни бірдей ақшаларды сату тікелей
немесе жанама формада жүргізіледі. Солай болғандықтан қаржылық кәсіпкерлік
бұл коммерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерінің технологиялық
мәмілесі коммерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек
тауар-қаржы активі болып саналады.
2 Көп деңгейлі кәсіпкерлікті дамыту, экономикалық даму мен әлеуметтік
ахуалды жақсарту жолдары

Монополия мемлекеттік экономика жағдайында кәсіпкерлік қызметке құқық
тек ғана мемлекетте болды. Нарықтық экономика кәсіпкерлік қызмет үшін тек
ғана мемлекетке ғана емес, сонымен бірге әрбір кәсіпорынға, әрбір жеке
адамға мүмкіндік ашты, бүгінгі жағдайда нарық экономикасының тұтынушылар
кажеттіліктері мен РТП-ке жедел түрде қарауын қамтамасыз етеді.
Кәсіпкерлік қызметті құру – өтпелі кезенде мемлекеттің алдында тұрған
басты міндеттердің бірі. Барлық деңгейдегі кәсіпкерлік құрылым, халықты
барынша жұмыспен қамтиды қамтамасыз етуге және халықтың өмір деңгейін
көтеруге Қазақстан Республикасының одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы
үшін қажетті. Әлеуметтік ахуалды жақсартуды қамтамасыз етуге қабілетті.
Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады, оларды мына
түрге бөлуге болады:
- масштабы бойынша шағын, орта және ірі кәсіпкерлік;
- кәсіпкерліктің субъектілері бойынша.
Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі
қатысушылары – жеке тұлғалар, келісім-шарт міндеттемелерімен және де ортақ
экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы яғни, ұжымдық кәсіпкерлік,
серіктестік, кооперативтер, акционерлік коғамдар, холдингтер мен осы
тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлік бола алады.
Өтпелі кезенде кәсіпкерлік кызметтің даму кешеңді және көп деңгейлі
сипат алуы керек. Себебі аталған қызмет Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық саясатының стратегиялық мақсаттарына жету үшін
экономикалық базис болып табылады.
Атақты неміс ғалымы, экономист Йозефа Аиза Шумппетердің (1883-1950
жылдар) пікірі бойынша, кәсіпкерлік жаңа игілікті жасауға немесе осы немесе
басқа игіліктің жаңа сапасын жасауға өндірістің жаңа әдісін өндіруге, жаңа
өткізу нарығын игеруге, шикізат немесе жарғылай фабрикаттардың жаңа
көздерін табуға сәйкес келетін қайта құруды жүргізуге бағытталған.
Кәсіпкерлік бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және тәуелсіздікке өз
бетінше жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі.
Еркін кәсіпкерлік – барлық деңгейдегі жаңалық, бұл мемлекеттік қолдау
мен ынталандыру қажет кәсіпкерлік қажетке негізделген бастама. Осы тәрізді
кәсіпкерлік кәдімгі күнделікті бизнестен түбірінде ұқсамайды және
әлеуметтік-экономикалық прогресс, Қазакстан Республикасын – жаңа
индустриалды мемлекетті қалыптастыруға катализаторшы болып табылады.
Кәсіпкерлік дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік
ортаны құру үшін ғана емес, сонымен бірге еркін кәсіпкерлік үшін жол ашатын
мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып
табылады.
Атақты ағылшын ғалымы, экономисі Альфред Маршалл атап көрсеткендей,
нарық экономикасының негізгі қасиеті – кәсіпкерлік пен өндірістің
еркіндігі. А. Маршаллдың бойынша – кәсіпкер – экономикалық процесстерді
жеделдетуші.
Нарық экономикасына өту еркін кәсіпкерлікке жол ашты, бірак барлық
мәселелерді шешкен жок. Оларды шешу үшін мемлекеттің үйлестіру рөлі қажет.

1. Әлеуметтік-экономикалық саясаттағы шағын
кәсіпкерліктің рөлі мен салатын орны

Атап көрсеткендей, XXI ғасырдың қарсанында Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық саясатында шағын кәсіпкерліктің дамуына ерекше
назар аударылады. Оның рөлі әлеуметтік ахуалды жақсартуда жетекші орын
алады. Бірінші кезекте осы салада халықты жұмыспен қамтамасыз ету тезірек
еседі және қоғамның тұрақтылығы үшін жағдай жасалады. Осыдан аталған
мәселеге толық талдау керек.
Батыс елдерінің экономикалық әдебиетінде шағын бизнесті өсу үстіндегі
бала деп қарау орын алған. Жеке жағдайда, шағын бизнес-бұл өсу үстіндегі
бала ретінде, сондықтан ол барлық уакытта сәби бесігінде қала алмайды. Ол
үлкен мекен-жайға мұқтаж, бұл үшін ол кәсіпкерлік қызметпен бел шешіп
айналысуы қажет.
Шағын кәсіпкерлік халықаралық тәжірибе көрсеткеңдей, ең алдымен
капитал тезірек айналатын салаларда, атап айтқанда саудада, қоғамдық
тамақтандыру және қызметтер салаларында туады. Бірақ, нарықтык, экономиканы
реформалау бойынша жүргізілген жеделдетілген экономикалық саясат бағаларды
ырқына жіберуден және осымен байланысты өскелең инфлияциямен басталды, бұл
пайыз өсімінің күрт өсуінен және халықтың жинағының құнсыздануынан шағын
бизнестін қаржы базасының жоюына әкелді, бұл өз кезегінде шағын бизнестін
калыптасуының және оның инвестициялық қызметінің заңсыз калуына соқтырды.
Шағың кәсіпкерлік көп қатарлы жинаулар мен үлкен салықтардың астында қалды.
Осы уакытта қалыптасқан экономикалық жағдайда кәсіпкерлік қызметке
ынта үзілді, онсыз нарық экономикасының калыптасуы мүмкін емес.
Қазіргі кездегі әлемдік экономиканың одан әрі даму жағдайында, ірі
компаниялардың айбынынын артуы ғылыми-техникалық революцияның болуымен,
шағын және орта фирмалардың сақталуымен және дамуымен қоса жүреді. Жаңа
өнімдердің көптеген түрлерінін өндірісі атап айтқанда, шағын және орта
компаниялардың кәсіпорындарында басталады, себебі олар күн астындағы орын
үшін, тұтыныстың өзгеруіне икемді сезімтал болуға, өндіріспен әлі
канағаттандырылмаған жаңа қажеттіліктерді іздеуге мәжбүр. Сондықтан шағын
фирмалардың бір жұмыс істеушіге есептегендегі, ғылыми-зерттеу мен
конструкторлық жұмыстарға шығындары, ірі компаниялардың осындай
шығындарынан жиі асып түсуі кездейсоқ емес.
Қазіргі уақытта шағын бизнестің рөлі нарыққа өндірілген жаңа
өнімдердің ортақ санында айтарлықтай мол.
АҚШ-тын сатып алу федералы басқармасының ақпараты бойынша, 50-інші
жылдардың ортасынан 70-інші жылдардың ортасына дейін шағын фирмалар
(жұмысшылар саны 1000 адамнан аз) әртүрлі жаңалық енгізулердің жартысынан
көбін енгізген. Жаңалық енгізулердің төрттен бірі жұмыс істеушілер саны 100
адамдық фирмаларға келеді. Атап айтқанда, шағын компания Аррlе жеке
компьютерлік өндірісін алғашқылар қатарында енгізді, кейін оларды негізгі
өндірушілердін біріне айналды.
Шағын бизнес капиталистік елдерде халықты жұмыспен қамтуды кеңейтуде
айтарлықтай рөлі бар. АҚШ-та соңғы 10 жылда жаңа жұмыс орындарының 60%-і 20
адамнан аз жұмыскерлері бар компанияларға келеді. 80-ші жылдардың басында
жұмыссыздықтың зор өсуі жағдайында көптеген ғалымдар, экономистер мен
мемлекет кайраткерлері шағын бизнестен ірі компаниялардағы жұмыс орындары
қысқаруының орның, толтыруға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құратын құрал
деп саналы. Сондықтан капиталистік елдердін үкіметтері тарапынан шағын
бизнеске әртүрлі көмек көрсетіледі.
Шағын және орта бизнестің болуы және де ірі компаниялардың
(монополияның) мүдделеріне сай келеді. Қазір дайын өнімді жасау үшін
мындаған әртүрлі детальдар қажет етіледі. Олардың өндірісіне концеріндер
мен келісім шарт жүйелерімен байланысқан көптеген шағын және орташа
фирмалар маманданады. Электротехника, автомобиль және басқа сапалардың
кейбір ірі монополияларында 20-30 мыңға дейін шағын компаниялар жұмыс
істейді. Атап көрсету керек, шағын және орташа фирмалардың басым көпшілігі
ірі компаниялармен келісім қатынастары арқасында жұмыс істейді. Францияда,
мысалы, шағын және орташа кәсіпорындардың 40%-ы ірі монополиялармен
байланысты. АҚШ-та осындай келісім шарттар жүйесімен 400 мың шамасында
немесе 25% шағын кәсіпорындар қамтылған, оларда 4,5 млн. адам жұмыспен
қамтылған. Жапонияда да осындай жағдай кездеседі.
Шағын бизнес кәсіпорынды ашу ісі аз мөлшерде капитал қажет етеді.
Техникалық қызмет көрсету саласында кең өріс алады. Өте жиі жағдайда өз
ісін өндірістен шығып калған немесе жұмыс таба алмағандар ашады.
80-ші жылдардың басында шағын кәсіпорындар иелерінің тек өз
жанұяларындағы адамдарының еңбектерін қолдануы Жапониядағы барлық жұмыспен
камтылғандардың 32%, Италияда - 29%, Францияда — 21% құрады.
Монополистік емес фирмалар жаңа салалар қатарында, әсіресе ақпарат
кешенінде өздерінің жағдайларын әжептәуір нығайтады. ҒТП негізінде іскер
қызметтер (электронды есептеу машинасы базасында ақпаратты өңдеу,
бағдарламаны қамтамасыз ету, инженеринг, кеңес беру бизнесі және осы
тәріздес) спектрі қалыптасқан. Осындай қызмет ресурстардың айтарлықтай
жинақталуын қажет етпейді және де шағын компания шеңберінде де табысты
жүзеге асуы мүмкін. Жеке атағанда, Германияда бағдарламаны қамтамасыз ету
саласында 3700 фирмалар жұмыс істейді, олардың көпшілігі (70% шамасында)
жұмыскерлер саны 10 адамнан аз компаниялардан құралған.
Демек, шағын және орта бизнестің рөлі мына көрсетілген алты
қызметтерден көрінеді.
Біріншіден, шағын өндіріс нарық коньюнктурасының өзгерісін икемді
сезінеді, бұл нарық экономикасынада ірі кәсіпорын алыптарға мүмкін емес.
Екіншіден, шағын бизнес әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы
қаражаттарын тиімді жұмылдырады. Осындай бизнестін болмауынан осы ресурстар
пайдаланылмаған болар еді.
Үшіншіден, шағын бизнес бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес
қосады, бұл кез келген мемлекеттің жоғары деңгейде монополия экономикасы
жағдайында бірінші кезекте маңызды.
Төртіншіден, шағын бизнес халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде
үлкен рөл атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның, үлесіне барлық
жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50-60% және жаңа жұмыс орындарының 70-80%
келеді.
Бесіншіден, атап көрсеткендей шағын өндірістің ғылыми-техникалық
жаңалықтардын 50% келеді (жеке компьютер, көбейткіш аппараттар, Палороид
типті фотоаппараттар).
Алтыншыдан, шағын бизнестің әлеуметтік қысымды жұмсартудағы орнын
таптырмас рөлі бар. Ауыр дағдарыс кездерінде халық осыдан жұмыс тауып және
өздерінің кабілеттерін жүзеге асыра алады.
Кәсіпкерліктің халықаралық тәжірибесі көрсеткендей, өтпелі экономикада
мемлекет, ережеге сәйкес, тек жаңа басталған сауда кәсіпкерлігі
көтермеледі, бұл өндіріс саласындағы қызметті тиімсіз қалдырды.
Өтпелі экономика үшін нарықтық инфрақұрлымының дамымағандығы тән, бұл
шағын кәсіпкерліктің дамуын тежейді.
Қазақстан Республикасындағы 1998 жылға дейін тоқтамаған өндірістің
кұлдырауы, инфляциялық процесстер кезіндегі бағалардың өсуі, тұрғындардың
номиналды табыстарының өсуін анық басып озды, бұл өндіріс саласында оның
ішінде шағын бизнес негізінде кәсіпкерлік қызметтің дамуын айтарлықтай
тежеді.
Соңында шағын кәсіпкерліктің дамуының тежеуші факторына өндірістік
саладағы шағын бизнестің маңыздылығын әлі бағаламағандығын жатқызуға
болады.
70-80-ші жылдардағы дамыған елдердегі болған кәсіпкерлік бум
ғалымдар мен практиктердің шағын бизнеске қатысты бұрынғы көзқарастарынан –
шағын кәсіпорындар өмір сүруге жарамсыз, сондықтан олар не жоюылуы керек не
ең ірі компанияларға қапта құрылуы керек, бас тартуына мәжбүр өткізді.
Нақты көрсеткіштер көрсеткендей соңғы он жылдыкта (1980-пі 2000 жылдар
бойынша) олардын саны екі есеге артты, олардың санының саудада және
қызметтер саласында дамуымен қатар, шағын кәсіпорындардың экономикалық
мынандай прогресивті салаларында – электроника, биотехнология, ақпараттық
қызметтер – айтарлықтай рөлі бар.
Өтпелі экономикада жаңа өркен жайған шағын кәсіпкерлікті дамыту және
қолдау үшін мынадай жағдайлар кажет:
– еркін бәсекені құру негізі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың
кешенді мемлекеттік ғылыми негізделген бағдарламаларын жасау;
– оның дамуы мен қаржылық жеңілдіктер үшін қаржы базасын
қалыптастыру жеңілдетілген несиелер, жеңілдетілген салықтар, ақысыз
сипатты жәрдем ақшалар);
– бағдарламада ғылыми-техникалық прогрестін басымдық бағыттарында
шағын кәсіпкерліктің орны ерекше анықталуы керек;
– шағын бизнесті ұйымдастыруда, елдің әртүрлі аймақтарында (область
орталықтарында) шағын кәсіпорындардың арнайы орталықтары басты
рөлде болуы керек;
– ірі және шағын бизнес ынтымақтастығының жүйесі негізінде, әсіресе
сауда мен қызметтер саласында шағын бизнесті дамыту мақсатында ірі
кәсіпорындардың ресурстарын тарту.
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытуда Қазақстан
Республикасы Президентінің Шағын кәсіпкерліктін дамуын жандандыру мен
мемлекеттік қолдауды қүшейту бойынша шаралар туралы 1997 жылдың 6
наурызындағы қаулысының үлкен рөлі бар.
Құжат өзінің мазмұны бойынша өтпелі экономика жағдайында шағын
кәсіпкерлікті дамытудың мемлеттік бағдарламасы болып табылады.
2001 жылдың басында Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің 348
мың субъектілірі тіркеледі, бұл елдің жұмыспен қамтылғандардың жалпы
санының төрттен бірін құрайды. Шағын кәсіпорындар санын 500 мыңға дейін,
оларда жұмыс істеушілер саны халықтың жұмыспен қамтылғанының 40%-на жеткізу
міндеті қойылды.

2.2 Орта және ірі бизнестің кәсіпкерлік қызметі және оның көздері

Өтпелі экономикада шағын және ірі кәсіпкерліктің дамуы көп деңгейде
мемлекет меншігін жекешелендірумен байланысты, себебі жоспарлы экономикада
барлық орта және ірі кәсіпорындар мемлекет меншігінде болды және тек
жекешелендіру оларды дербес және тәуелсіз етеді. Өтпелі экономикада орта
және ірі кәсіпкерліктің жұмыс істеуі ең қиын және ең өткір мәселе болып
қалады, себебі оның өркен жаюы коғамдық сананың стериотиптерін жоюмен
тікелей байланысты. Барлық мемлекеттік кәсіпорындар 1985 жылдан, қайта
құрудын басталу жылынан бастап, толық шаруашылық есепте болды, яғни өзін
өзі басқару мен өзін-өзі қаржыландыруда, бірақ, тек жоспардың орындалуы
үшін күресті, өнімді өткізу мен өзінің сатып алушысын табу мәселелері
берілген кәсіпорындар қамқорлығына кірмеді.
Осындай құнды бағдарлар бірнеше ұрпақтар өмірлері бойына қалыптасқан
бір сағатта өзгере алған жоқ және нарықтық сипаттағы түсінік пен
құндылықтар қалыптаса алған жоқ.
Кәсіпкерлік психологиясы тек бір уақытта нарық қатынастарының
құрылуымен қалыптасады. ТМД және шығыс Еуропаның көптеген орта және ірі
кәсіпорындары үшін кәсіпкерлікке жылжу үшін үлкен кедергі тез өсудегі төлем
төлеу алмаушылық пен зор ішкі қарыз болды.
Жоспарлы жүйенің тездетіле алынуы мен мемлекеттік және нарықтық
басқарудың жаңа құрылымдарының пайда болуы, олардың компетенциялары,
құқықтары, міндеттері мен статусы қандай екеніне дұрыс анықтамалар
енгізбеді. Пайда болған басқару дағдарысы бұрынғы мемлекеттік
кәсіпорындардың өзін өзі басқаруға және өзін-өзі дамытуға қабілетті және
қабілетсіз деп бөлді.

2.3 Мысалы ретінде Айман акционерлік қоғам көрсетілген

Айман акционерлік қоғамда акциялар, бағалы қағаздар және басқады
инвестиция жүргізудің құжаттары көрсетілген.
Шығыстық кассалық ордер, журнал ордер № 2 және № 12 көрсетілген.
Инвестициялар бұл кәсіпорында жүргізіліп өз құжаттарда орналған. Сонымен
қатар құжаттарған тоқталсақ 2007 жылғы қазан айының есептемесі бар.
Қаржылық инвестицияның ағымдағы есептері көрсетілген және облигациялар мен
құнды қағаздарды сатып алудын тәсілі әрбір табысты есептеу түрінде және
облигацияның, басқа құнды қағаздарды сату құны бойынша сатып алу, сатып
алынған акциялар бухгалтерлік есепте қаржылық инвестиция бойынша
көрсетілген. Менің курстық жұмысымда Айман акционерлік қоғамның
инвестициясын табысы көрсетілген және шығыстық кассалық ордері 100000 сомма
акционерлік қоғамның акция алушын шығарылғаны бірлегі. Акционерлік
қоғамда инвестицияға көп көңіл бөлінеді сондықтанда инвестиция Айман
акционерлік қоғамда орын алған және бухгалтерлік есебі соған сәйкес
жүргізілген. Бухгалтерлік баланс бойынша инвестицияның алу, акцияларды
сатып алу көрсетілген. Сату құны бойынша сатып алынған акциялар қаржылық
инвестиция есебінде кредит 1050, 1030, дебет 1150 шот мен көрсетілген.
Акция бойынша девиденттердің есептік шотына түсуі 20000 соммамен кредит
6110 дебет 1030 және облигацияны, басқа құнды қағаздарды сату құны бойынша
сатып алу дебет 2020, 2010, кредит 1030, 1010 шоты бойынша 200000 соммамен
берілген. Облигациямен басқа құнды қағаздар сатып алынған тиесілі әр бір
табысты есептеуде налар орындалады:
– егер сату құны номиналды құннан төмен болса онда бол құнды
қағаздардың сату және номиналдық құндары арасындағы
айырмашылықты есептеп шығарумен 20000 сомма түрінде кредит
2020 дебет 7450;
– егер сату құны номиналдыдан төмен болса, сату мен номиналды
құндар арасындағы айырмашылықты есептеумен 2020 дебет 6130
кредит шоттары кезінде 19 000 сомма қаржылық инвестициясы
берілген. Қайта бағалау кезенде ұзақ мерзімді қаржылық
инвестицияның бастапқы құны өсіру. Сомма 18200 көрсеткіші
бойынша кредит 5320 дебет 2040, 2010 берілген. Қайта бағалануы
кезінде ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция құның кеміту өсіру
құнына қарағанда дебетте инвестицияның бағалауы 5320 кредит
2010, 2040 беріледі 11000 сомма теңгеді. Сомманың болмауы
негізінде бірі ғана сол инвестицияны бағалау былай
көрсетіледі. Сомма 12700 кредит 2010, 2040 дебет 7470. Яғни
Айман акционерлік қоғамның қаржылық инвестиция есебі
бухгалтерлік есепте былай көрсетіледі.
Айман акционерлік қоғамның бас Темір акционерлік қоғамның басқа да
инвестициялық проценттер бойынша есеб айырысуы жүргізілген.
Курстық жұмыстың көлемінде Айман акционерлік қоғамның басқа да
инвесторлары акционерлік қоғамның пайдасынан үлес алуы табылады.
Айман акционерлік қоғамның акция сату бойынша инвесторлары бар.
1. Шығыс акционерлік қоғамның президенті Смагулов Ж.Т.
2. Темір акционерлік қоғамның акционері Мутолян М.Т.
3. Цемент акционерлік қоғамы вице-президенті Анафина А.Қ.
Айман акционерлік қоғамының кірістік кассалық ордерде 1150 шоты
бойынша акциялардың сатылуы 100000 соммамен көрсетілген, ал журнал-ордер
№12 Негізгі қызметтік емес шығындар жалпы соммасы 7167 есептік айға
айналым 7167, дебет 5410 кредит 7410 шоттары бойынша көрінеді.
Бухгалтерлік есепте қаржылық инвестиция былай көрінеді (Қосымша А).
Халықаралық және отандық стандарт бойынша бухгалтерлік есепте
инвестиция мыналарға бөлінеді;
а) қаржылық (Қаржылық бухгалтерлік есеп стандарты 8 Қаржылық
инвестиция есебі және оған әдістемелік ұсыныс);
ә) еншілес, тәуелді және бірігіп бақылау арқылы шаруашылық
субъектісіндегі инвестициялар (Қаржылық бухгалтерлік есеп стандарты 13
Шоғырландырмалы қаржылық есеп және еншілес серіктестіктегі инвестиция
есебі және әдістемелік ұсыныс; Қаржылық бухгалтерлік есеп стандарты 14
Тәуелді шаруашылық серіктестігіндегі инвестиция есебі және оған
әдістемелік ұсыныс; Қаржылық бухгалтерлік есеп стандарты 15 Біріккен
қызметтегі қатысу үлесінің қаржылық есепте көрініс табуы және оған
әдістемелік ұсыныс).
Журнал ордер № 13 кредит синтетикалық шоты бойынша 1700 Материалды
емес активтер 6200 Басқа да табыстар бөлімдері енеді. Журнал ордерді
әрбір кредиттелетін синтетикалық шотқа мына бөлімдер бойынша. 6200, 2000,
6140 және 1140 шоттарға жеке тамақты жол арналған. Типтік синтетикалық
шоттың тізімдемелері дебет бойынша корреспондентік шоттың алғашқы графасына
әкеледі. Айналым соммасы кредиттік 6200, 1700 шоттары Жиын жолында ай
сонының синтетикалық шоты саналуының соммасы көрсетіліп,басты кітапқа
енгізіледі.
Журнал ордерді негізгі қызметке арналған аналитикалық шоттың кіріс
және шығыс бөлемі берілген. Аналитикалық шот синтетикалық шоттың 6200
Басқа да табыстар бөлімінің субшоты негізінде аналитикалық шоты есебі
көрсетіледі.
Әрбір субшоты синтетикалық шоттағы кіріс шығыстық негізгі еместігі
көрінеді: ай басындағы қалдықтың кредиті және дебеті мен қалдығы ай соңында
тіркеледі.Берілген аналитикалық шот Таза табыстың есептелуі кестесінде
толтырылып, қолданылады.
Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс)
құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да
түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектілік
құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі
экономикаға ұзақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУДЫҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасында шағын бизнестiң дамуы
Қазақстан Республикасында кәсIпкерлIк қызметтIң дамуы және оны мемлекеттIк реттеу
Өтпелі экономикадағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасуы
Шағын бизнес экономикалы дамудың негiзгi факторы ретiнде
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі (Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының мысалында)
Шағын бизнестың экономикалық дамуы
КәсIпкерлIк туралы жалпы түсIнIк және оның ұйымдық - құқықтық формалары
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдау мен басқару
Қазақстан Республикасының меншіктік қатынастары
Пәндер