Шәкәрімнің шығармашылығы



Жоспар

I.Кіріспе.

II.Негізгі бөлім.
1.Шәкәрімнің шығармашылығы.
2.Ш.Құдайбердиевтің әдебиеттке қосқан үлесі.
3.Ш.Құдайбердіұлының публистикалары.

Әдебиеттер.
Кіріспе.
Шәкәрімнің өз басы да, шығармашылығы да — қазақ әдебиеті тарихындағы айта қаларлықтай көрініс. Ғажайып поэзиясынан ләззат алған адам, оның ойланып, толғануы көп, уайым, қайғы басқан, жалғыздық жапасын мол тартқан жан екеніне көз жеткізер еді. Лирикалық өлендерінен бұл сыр, әсіресе, айқын сезіледі.
XX ғасырдың бас кезіндегі шымшытырық әлеуметтік оқиғалар Шәкәрімді шар тарап ойға шомылдырған, негізінде дүниені рационалистік жолмен тануға ұмтылған, әлемдік мәдениеттен хабары мол ақын өзі өскен ортаның кем-кетігін жіті көрген. 1917 жылғы революцияларды жылы қарсы алып, бостандық туралы біраз өлеңдер жазады, бірақ кейін бұл тақырыпқа терең бармайды. Бірді-екілі өлеңін «алашқа» оның «көсемдеріне» арнайды, олар жөнінде жылы сөздер айтады; қазақ халқының тәуелеіздігі, болашағы, оның жеке ұлттық мемлекет болуына байланысты деген ойға тоқырайды. Мұның бәрі, сөз жоқ, сол заманның сан қилы күрделі оқиғаларына қатысты жай. Ағартушылықты, оқу, білімді, өнерді насихаттай отырып, байларды, атқамінерлерді батыл сынап, еңбекші халықтың ақысын жемеуге, оларды демеуге шақыра отырып, революция мен азамат соғыюы жылдарында жан тебірентер оқиғаларға белсене араласа алмауы да сонан. 1916жылғы қозғалыс, 1917 жылғы революция, азамат соғысы, қазақ ауылын советтендіру сияқты жер жүзін сілкінткен ұлы өзгерістер дүбіді Шәкәрім шы-ғармашылығында солғын естіледі. Рас, ақынның бұл кезде қартайып, алдындағы сан алуан күрес, уайым, жапа, жалғыздық жылдарынан титықтап қалған щағы еді. Алпыстан асар шағындағы өлеңдерінде ол көбіне өлім, өмір туралы, жастық кетіп, кәрілік басқаны жайында кеп жазады:
Жастық жалынсам және келер ме
Мастық денеге қызу берер ме,- '
Суылған тұла бой.
Маған қарама, көңілім, мұңайып
Саған жеткізбес, кеткен ол ғайып,—
Жас өмір еткен ғой.
Әдебиеттер.

1.Балғынбайұлы.Ә.Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразелогиясы.-Алматы,1997.
2.Көркемдік щеберлік.-Абай,2004,N47
3..Нұрғалиев.Р. Күретамыр.-Алматы,1996.
4..Ахметов.Ш.Қазақ совет балалар әдебиеті.-Алматы,2000.
5.Шалабаев.Б.Қазақ романының тууы мен қалыптасу тарихы.-Алматы,1997.
6.Қөркем әдебиет тілі.-Қазақ тілі мен әдебиеті,2004,N47
7. Шалабаев.Б.Қазақ романының тууы мен қалыптасу тарихы.-Алматы,1997.
8.Досмұхамбетұлы Қ. Қазақстанның жоғары дәрежелі оқытушылар инсти- туты (мақала).— Еңбекші қазақ, 1926, 9 қыркүйек.
9. Көркем әдебиет туралы (мақала).— Еңбекші қазақ, 1927, 8, 9 тамыз.
10. Жанай мен Тоғай тілмаштің әңгімесі (әңгіме).—Тілші, 21 ақпан.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
1.Шәкәрімнің шығармашылығы.
2.Ш.Құдайбердиевтің әдебиеттке қосқан үлесі.
3.Ш.Құдайбердіұлының публистикалары.
Әдебиеттер.

Кіріспе.
Шәкәрімнің өз басы да, шығармашылығы да — қазақ әдебиеті
тарихындағы айта қаларлықтай көрініс. Ғажайып поэзиясынан
ләззат алған адам, оның ойланып, толғануы көп, уайым, қайғы
басқан, жалғыздық жапасын мол тартқан жан екеніне көз
жеткізер еді. Лирикалық өлендерінен бұл сыр, әсіресе, айқын
сезіледі.
XX ғасырдың бас кезіндегі шымшытырық әлеуметтік оқиғалар
Шәкәрімді шар тарап ойға шомылдырған, негізінде дүниені
рационалистік жолмен тануға ұмтылған, әлемдік мәдениеттен
хабары мол ақын өзі өскен ортаның кем-кетігін жіті көрген.
1917 жылғы революцияларды жылы қарсы алып, бостандық туралы
біраз өлеңдер жазады, бірақ кейін бұл тақырыпқа терең бармайды.
Бірді-екілі өлеңін алашқа оның көсемдеріне арнайды, олар
жөнінде жылы сөздер айтады; қазақ халқының тәуелеіздігі,
болашағы, оның жеке ұлттық мемлекет болуына байланысты деген
ойға тоқырайды. Мұның бәрі, сөз жоқ, сол заманның сан қилы
күрделі оқиғаларына қатысты жай. Ағартушылықты, оқу, білімді,
өнерді насихаттай отырып, байларды, атқамінерлерді батыл сынап,
еңбекші халықтың ақысын жемеуге, оларды демеуге шақыра отырып,
революция мен азамат соғыюы жылдарында жан тебірентер
оқиғаларға белсене араласа алмауы да сонан. 1916жылғы
қозғалыс, 1917 жылғы революция, азамат соғысы, қазақ
ауылын советтендіру сияқты жер жүзін сілкінткен ұлы
өзгерістер дүбіді Шәкәрім шы-ғармашылығында солғын естіледі.
Рас, ақынның бұл кезде қартайып, алдындағы сан алуан күрес,
уайым, жапа, жалғыздық жылдарынан титықтап қалған щағы еді.
Алпыстан асар шағындағы өлеңдерінде ол көбіне өлім, өмір
туралы, жастық кетіп, кәрілік басқаны жайында кеп жазады:

Жастық жалынсам және келер ме
Мастық денеге қызу берер ме,- '
Суылған тұла бой.
Маған қарама, көңілім, мұңайып
Саған жеткізбес, кеткен ол ғайып,—
Жас өмір еткен ғой.
Бұл алпысты, түскен тісті

Тозған түсті жасымда,

Сөгуші едім, опық жедім — Бәрі менің басымда.

Ақынның тау арасында жеке, аскеттік өмір құруы да оның дүние
дүбірлерінен аулақ болайын дегенін аңғартады. Сөйтсе де, көп
әңгіме, сөзге бұл да себеп болады. Ақынның елмен, қауыммен
арасы суи береді. Күнбе-күнгі тіршіліктен, халық тұрмысынан
қолын үзеді. Сауытына тығылған ұлудай тас бүркеніп, тек өзінің
жүрек дүрсіліне, алас ұрып, толас таппаған ойына құлағын
түреді. Осы кезеңі туралы ақын өзі:

Кейбіреу безді дейді елден мені, Есалаң айтады екен сезіп нені.
Хақихатты танитын баста ми жоқ,

Ондайлардың сау емес анық дені.

Мен жалғыз, сендер елде қойдың алып, Ешкімнің кеткенім жоқ малын
алып, Елу бес жыл жинаған қазынамды, Оңашада қорытам ойға салып.—
— дейді.
Бұған қарағаыда, ақын шынында да өмір алаңына ермей,
өзінің философиялық, ақындық ой-армандарын қорытқысы келген.
Ағайын араздығы, ру таласы, ауыл ішіндегі партиягершілік
сияқты жайлар да оның аулақ кетуіне себеп болған, өзі де солай
дейді. Келесі бір өлеңінде осы мәселені қозғаған:

Кейбіреу безді дейді қатынынан, Туысқан, бауыр, бала жақынынан;
Қаңғырып Толстойша өлер дейді, Шатасып қартайған соң ақылынан.

Мен болсам Толстойдай арманым жоқ, Шатасып ақылымнан қалғаным жоқ.
Сырымды білетұғын сендер емес, Өлейін деп елсізге барғаным жоқ.

Таза ой ойлай алмас үйде басым, Ойсыз сіңбес ішкен асым.

Ой жемісін теремін өлгенімше, Өсектесін, күндесін, мейлі қасым.

Елден қара үзіп, жеке шығып кетуінің себебі бұл үзіндіде
айқын айтылған. Қат-қабат ой билеп, өмірдегі өзгерістерді
бағдарлап байқау үшін және өзінің ынтық ісі — өлеңі үшін
тыныштық іздеген; жалғыздық күйде өзімен өзі кеңескісі
келгендей.
Ақын көптеген өлеңдер, поэмалар, мысалдар, нақыл сөз,
әңғімелер жазған. Қайшылық, кемшіліктері бола тұрса да, ақын
өлеңдері жаңа лебімен, ақылды, сазды үнімен, ойлылығымен,
сұлулығымен баурайды, тартады.
Ақын шығармашылығының жайын, сырын, өзіндік ұғымын білу
үшін, жалпы ол көркем әдебиетке қалай қарады, қандай баға
берді, қалай түсінді дегенге көңіл аударған дұрыс. Шәкәрім
әдебиетке мүлде басқаша, өзгелерге қарағанда айрықша ұғыммен
қараған. Әдебиетке жаңа тілек, жаңа міндет жүктегіен.
Әдебиетті ақын ағартушылық құрал ретінде пайдалануды көздейді,
көркем сөз арқылы халықты мәдениетке, өнер-білімге тартуды
ойлайды. Бұл жағынан Шәкәрім қазақ әдебиетінің Абай мен
Ыбырайдан келе жатқан ха-лықтық дәстүрін онан әрі жалғастыра
түскен ақын.

Білгенімді жазушы ем,

Бекем буып белімді.

Мінін айтып қалушы ем, Түзетпек боп елімді,—

дейді Шәкәрім. Ақынның өлеңдерінен қандай мақсатты жүзеге
асыруды көздегенің аңғару қиын емес. Өз елінің мінін айтқанда
да, оны ілгері шақырғанда да сол қауымды түзету, өрге бастыру
ниетінде болғаны көрінеді. Ескіліктің, надандықтың өзі білетін
кертартпа жақтарын сынау арқылы ғана елді түзетуге болады деп
ойлайды,:.Ақынның өскен, өмір сүрген ортасын ескерсек, осыдан
артыкты, яғни белсенді ұранды, одан күту де қиын. Ақындық
талантын қоғамдық прогреске, қауым мүддесіне арнауын үлкен
жеміс деп қарауымыз қажет.

Мен жетелеп өлемін

Өрге қарай қазақты.

Өлсем де ойын бөлемін, Сөзбен салып азапты. Білімдінің сөзіндей,

Сөзім де мен таза-ақты. Қазақ болса өзімдей,

Қыла алмайды мазақты,—

дейді ақын. Қазақтың көзін ашып, көңілін оятуды ақын
азаматтык. борышым деп таниды, тіпті өлгеннің өзінде халыққа
сөзіммен ой саламын, маза бермеймін, оны өрге қарай сүйреймін
деуі — қажыр, қайрат белгісі. Шәкәрімнің жазба әдебиеттің
дәстүріне лайық бір өзгешелігі —өз тұсындағы бірсыпыра
ақындарға қарағанда, өз айтқандарының бәрін бірдей ақиқат,
шындық, дайын тұрған ақыл деп ұсынбауы, оқушының өз талғамына
салып, керегін қабылдауды мегзеуі, әрбір мұраға байыпты сын
кезіміен қарай білуге шақыруы.
Кім айтса да, сынамай қойма, жаным, Ақылыңа сынатып ойла, жаным.
Пәленше-екем айтқан сөз дұрыс қой деп,
Жүректің таразысын жойма, жаным. Тегіс тексер сөз көрсең, сыр мен
сынын,
Түзетуге именбе тапсан шынын.
Әдеп сақта, жалғыз-ақ қате айтты деп, Былшылдапты дей көрме тапсаң
мінін. Біле түра кім айтар қате сөзін,
Білімдіге есептер әркім өзін:
Тұрған жері, әдеті, туған елі,
Адастырар, айтқызар байлап көзін,—
деген шумақтардағы жылы рай, сыпайы әуендер, сондай-ақ
философиялық тұжырымдар мен байсалды ой-пікірлер Шәкәрімнің
ақындық мәдениетін өзіне лайық биігінен танытады.
XIX ғасырдың соңғы кезі мен XX ғасырдың алғашқы
жылдарында қазақ әдебиетін әлеуметтік ой құралы, рухани күш
дәрежесіне көтерген қазақ ақындарының алды — Шәкәрім, ол
демократиялық бағыттағы жазба әдебиеттің тіл ұстартып өнер
шашпақ, наданның көңілін қойып көзін ашпақ дәстүрін ілгері
бастырған. Әдеби ұғым-түсініктерге үлкен талғаммен карауды —
Шәкәрім қазақ тәжірибесінде алғаш қойғандардың бірі. Осы
арқылы ол оқушысьь ның эстетикалық таным-талғамын жаңаша
қалыптастыруды көздеді.
Ақын өз тұсындағы қоғамдық өмірдің бірсыпыра шындығың
орынды көре білген және оған өз қатынасын танытып отырған.
Шәкәрімнің өмір сүрген тарихи кезеңінде патшалық Россиядағы
жиһангерлік күштердің қанаушылық саясаты шет аймақтарда да
айрықша өріс алып, еңбекші бұқараның тұрмысын бұрынғыданда
ауырлата түскені мәлім. Ғасырлар бойы үстемдік етіп келген
надандық пен қараңғылық қазақ қоғамында бұл өзінің
кертартпалық сипатын өте-мөте айқын аңғартқан еді. Қоғамдық
өмірдің осы сипатты ерекшеліктері Шәкәрім ақынның назарынан
тыс қалмайды.
Япырау, бұл не деген наданшылық,
Осынша жайлар ма жаманшылық
Есі шығып елірген бәрі де мас,
Ар қайда, ақыл қайда, адамшылық,—
деп күйінеді ақын. Ел ішінде билікке таласып, партия құруды
қоғам өміріндегі ауыр салмақ, зиянды құбылыс деп
есептейді.Ақын ел билігіне таласып жүрген байлардың байыған
жолын да, амалын да тап басып, дәл көрсетеді. Ел зарлатып
зорлықпен мал жиып ап, — деген кекесін де нысанаға дәл тиіп
тұр. Партия құрып билікке таласқан пысық, атқамінерлердің
түпкі, арам сырларын ақын тереңірек әшкерелей түседі.

Партияның басшысы, батырың осы, Қайраты мол, ішкені ант, шашқан
пара...

Малмен сатып алған соң ел де оныкі... Қарсы келсең, басыңды қағып
тастар, Болмасыңа амал жоқ сен де сшыкі. Қанға тойған көп итке қарсы
келсең, Жаның қалар, тақсыр-ау, сен деп білсен.

Немесе:

Байдың асын сұм менен залым жейді,

Ұрысы ұрлап, момынның малын жейді.

Немесе:

Бар жұмысы алдау мен ұрлық, пара, Бірін арам демейді бұл бейшара.

Немесе:

Қайдағы қу алдампаз төрге шықты...
Осы күнде арамның жолдасы мол,
Қу мен сұмды кім жиса, шын мықты сол.

Ел ішіндегі атқамінерлерге арнаған бұл сөздері сөл кездің
шындығынын бірсыдырғы дәл, анық танытып тұр. Ақынның осы
тақырыптағы өлеңдерінен аңғарылатын тағы бір жай — автор ел
билеушь дердің сұрқиялық іс-әрекеттерін сынағанда, өз
тұсындағы кейбір ақындар сияқты бұрынғы батагөй, әділ
билерді, жақсыларды арман етпейді, ол заман еткен, езі
көріп отырған шындықтың бетін ашады, оларға деген өзінің
нариза көңілін білдіреді, әділдікті, адамгершілікті аңсайды.
Билеуші тап өкілдерін сынауға арналған бірсыпыра
шығармаларында басқа көп ақын көре бермейтін өмірдегі кейбір
көлеңкелі. жайлардың да сыры ашылады. Ақын жалпы байлар мен ел
пысықтарының бір тілек, бір мақсатта екенін Қорқақ бай деген
өлеңінде айқын аңғартады. Сырттай момын боп көрінетін
байлардың да елге тізесін батыратынын, немесе сондай
үстемдікке ұмтылатынын ақын орынды сипаттайды. Осы ретте ол:

Әлі жеткен кісіні о да жейді

Қолынан іс келгенде солай жайы. Ойласаң көп бұл елдің осындайы,
Шоқынғаны дәулеті, қой мен тайы.

Немесе: Қулар деген өлеңінде:

Байлардың қу білмеген сыры болмас, Тамам қудың бірі мен бірі жалғас.

Араз болып жүрсе де пайдасы бір,

Орын дайын, бұл итің құры қалмас,—

деп жазады. Жалпы үстем тапқа тән психологияны бұлайша айыра
танып, дәл суреттеу Шәкәрім поэзиясының реалистік мәнін
танытады.
Ел ішінде щектен асқан парақорлықпен әділетсіздік,
қараңғылық пен теңсіздік ақынды кейде ауыр жан күйзелісіне
ұшыратып отырады. Жекелеген өлеңдерінде ақынның:

Елге көнсем, ақ жолдан адасамын, Көнбей жүрсем, кәп итпен
таласамык. Тек отырсам тепкілеп шыдатпайды, Енді қайтіп бұл елмен
жарасамын.

Әйтсе де, ақынның кей кездегі бүл сияқты дағдарушылығы көбіне-
көп сезім күйін, түзу жол таппай сандалғанын аңғартады. Оның:

Ермегім жоқ, елімнен үмітім жоқ, Қайтейін осындаймен көңіл бөлмей...

Ел тіліме кенбейді,

Жыладым да қамықтым.

Үмітсіздік дендеді

Зарықтым да шалықтам, — ...

Немесе, Менің де жаралы жүрегім бар, Надандықтан қираған
сүйегім бар деуі де осыдан. Оның шығармаларындағы жан
күйзелісіне байланысты туған кейбір ой-түйіндер ақынның
надандық түнегіне қарсы күресте шаршау, қажу сезімдерінен
туғаны анық.
Шәкерім поэтикасы мақсатты, саналы ақындық санадан, ойшыл,
қуатты, мәнді толғаныстардан нәрленіп қоректеніп, сөздік-
образдық жиһаз-жасауларды мұздай киініп туған. Бұл түстарда
Ш.Құдайбердиевтің ақындық әлемі мен шеберлік сырларын,
көркемдік таным иесінің ойлау жүйесін таразылау, талдау,
тереңіне үңілу қиынның қиыны.
Себебі, ақын, ана тілінің образдық, суретшілдік қуатын
сұңғылалықпен сезініп, ішкі мүмкіндіктерін, ішкі ағыс-ас-
тарларын, қыртыс-қабаттарын мейлінше молынан аша алған. Оның
интеллектуалдық мәдениеті, өнерпаздық қабілеті, өмірлік,
көркемдік тәжірибесі, ересен ғылыми ізденістері - поэзияда
жаңашылдық рухқа, өшпес өрнектерге, сан қилы сирек кестелерге
бой ұруына, әрі соншалықты қүпия, күрделі тоқылуға бейімдеді.
Сондықтан да өлең-жырларында қисынды логикалық сөйлемдермен
қатар, әдеттен, дағдыдан тыс мағыналық жағынан түсінуге ауыр
сөйлемдер мен сөздер, символика-лар, жүмбақ аллюзиялар мен
метафоралық мәні алабөтен сөз-образдар шаш-етектен. Мұның
төркініне барлау-бақылау жасауға ұмтылар болсақ, ақын
онтология, жаратылыс тану, этика, эстетика, логика секілді
философиялық пәндерді айырықша ынтамен тексерген, ғылыми-
көркемдік, эстетикалық көкжиегін белгілейді.1
.
Шәкәрімнің адамгершілік дегенге көзқарасы қандай?"Ақынның
адамгершілік деген ұғымға қатысты ой-пікірлері — ағартушылық
көзқарастарымен үндес, сабақтас, Ақын адамгершілік туралы
ойларының қайсысын болса да есиет, үлгі ретінде ұсынады,
жамандықтан қашып, жақсылыққа ұмтылуды уағыздайды. Абай
сынаған өтірік, өсек, мақтаңшақты Шәкәрім де жеріне жеткізе
сынайды.

Сабыр, сақтық, ой, талап болмаған жан, Анық темен болмай ма хайуаннан.
Ынсап, рақым, арұүят табылмаса,

Өлген артық дүниені былғағаннан,—

деген Шәкәрім. Еріншек, ашу, құмарлық —жамандықтың басы осы
деп түйіндейді, автордың адам мінезіндегі жамандықтың негізгі
белгілерін дұрыс сынай отырып, ұсынары не дегенге келетін
болсақ, мұнда да ақынның өз принципіне берік болғанын
байқаймыз.Бояу мақтан бола ма, ішімізді құр қылмай дейді
ақын. Демек,ол адамның сыртқы сұлулығынан көрі адамгершілік
жағынан сұлу болуын басты қасиет деп таниды. Ақынның
адамгершілік туралы көзқарасы Өзіме деген өлеңінде дәл де
тұжырымды баяндалады. .

Кейін баспай, ентелеп ілгері бас,

Соны ойла, өзге қызық істі ойлама...

Адамзат өзін өзі сынау керек,

Тазалық, әділдікті үнау керек.

Өлсе де тура жолдан мойын бұрмай Ақтан көрген пәлеге шыдау керек.
Шәкәрімнің бұл арада жұртшылықты ілгері ұмтылуға шақыруы да,
адалдық үшін жанын қиюға дейін шыда деуі де озық пікірлер.
Бұлар ақын шығармашылығындағы адамгершілік әділетке сену
жайындағы сырын толық танытады.
Ақынның адамгершілік, дұрыстық туралы ұғымына өнер-білім,
еңбек және әйел теңдігі жайындағы ой-түйіндері әбден сиып
жатыр.
Ақынның ойшыл, философ болуынан оның ғылымға артар үміті де
үлкен:

Үш-ақ түрлі өмір бар — бәрі де мас,

Бір реуішті болады шал менен жас.

Ең керекті дегенің ортаншы өмір, Түгел қолың жетпейтін бір жанталас.
Қапы өткізбе сол кездің бір сағатын, Өкініші қалмайды кетсе ағатың.

Күні-түні дей көрме, ғылым ізде, Қалсын десең артымда адам атың.
¥лы Абай Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре
тұра тексермедім десе, Шәкәрім адам өмірін үш кезеңге бөліп,
оның сол Абай меңзеген ең қуатын, жастық шағын ғылымға арнауды
насихаттайды, сол тұстағы албырт жігердің бір сағатын да бос
өткізбеуге шақырады. Шәкәрім өмір сүрген кезеңдегі қазақ
қоғамының мәдени-экономикалық жағдайын ескерсек, ақынның
сондай мешеу ортада отырып, жас адамға бірден-бір қажет өнер
ретінде ғылымды ұсынуы — көрегендік.
Шәкәрім Абайдың Шәкіртсіз — ғалым тұл деген нақылына
сүйене отырып, ғылымның қоғамдық өмірге пайдалы әсер етуін ті-
лейді. Насихат деген өлеңінде ол:

Қай ғылымды білсеңіз де, Қазір оны елге жай.

Құр ішіңде кеткенінше, Пайдалансын өзгелер,—

дейді. Ақын ғылым-білім жеке бастың мүддесіне ғана емес, ең
алдымен халық игілігіне жұмсалсын деген пікірді үсынады. Бұл
тұжырым ақынның бірсыпыра шығармаларында қайталанады. Ғалым
адамға арнаған сөзіңде ол: Жер сықылды пайдалы бол,
Пайдалансын ел сенен, От сықылды жылы болсын жүзіңіз бен
сөзіңіз, Жел сықылды желпі жүрттың шаршағанын, талғаньін, т
б. дейді. Шәкәрім ғылымның және ғалым адамның қоғамдық
өмірдегі орнын көрсетумен қатар, ғалымның ең алдымен нағыз
адам болуын негізгі шарт ретінде қояды.
Еңбек, еңбек ету, қимылдау, тырбану—Шәкәрім
шығармашылығында ерекше орын алады. Әдебиетіміздің Ыбырай мен
Абайға дейінгі кезеңінде бұл тақырып жеткілікті өріс ала
алмаған еді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердіұлының Әділ - Мария романының зерттелуі
Шәкәрім шығармалары
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Шәкәрім поэзиясының негізгі арқауы
Шәкәрім шығармаларының тарихи сипаты мен адамгершілік үлгісі
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) туралы ақпарат
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
ШӘКӘРІМ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Пәндер