Табу мен эвфемизмдердің сөздік қорды байытуға қосар үлесі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.7

І тарау. Табу сөздер
1.1 Табу сөздер, түрлері мен қолданылу сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8.14

ІІ тарау. Эвфемизмдер
2.1 Эвфемизмдер, олардың сөздік қордан алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ..15.16
2.2 Эвфемизмдердің түрлері мен жасалу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16.23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24.26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Кіріспе
Табу мен эвфемизмдердің қазақ тілінің лексикологиясының сөздік қордан алатын орны ерекше. Бұл сөздер тілімізде өте ертеден өмір сүріп келе жатқан, қолданыста сирек қолданылса да өте маңызды сөздер тобына жатады. Бұл тақырыпты таңдаудағы себеп, бұл сөздер адамдар бір-бірімен тілдік қарым-қатынасқа түскенде этиканы, сыпайыгершілікті, моральдық нормаларды сақтауға септігін тигізеді. Әр адам сөйлеген сөзінің мәнді-мағыналы болуын қадағалауы қажет. Табу мен эвфемизмдер адамның ойының дамуына, тереңдеуіне, жандануына көмектеседі. Эвфемизм сөзін қолданып сөйлеген адам мәдениетті. Себебі, эвфемизм сыпайы сөйлеудің кепілі. Ал, бұл сөздердің шығу тарихына келетін болсақ, ол да өте күрделі, әрі қызықты да маңызды.
Табу – индонезия тілінен алынған термин: тыйым салу деген сөз. Меланезия мен Палинезияда бұл сөздің капу, тапу, тамбу деген синонимдері бар. Олардың да мағынасы – тыйым салу. Табу құбылысы адамзаттың әлсіз кездерінде туған. Ең алдымен этнографияға, адамзаттың діни наным – сеніміне, әлденеге сиынуына байланысты шыққан. Ерте замандардағы соқып сезім мен сенім, адамзаттың әр нәрсеге, әр құбылысқа табынуы, олардың ең киелі, ең құдіреті күшті деп саналуы тіл-тілде өзінің ізін қалдырған. Табу алғашында мифологиялық сенім – наным, қорқыныш сезімдерге байланысты қорытынды тұжырымдар жасау нәтижесінде пайда болған. Осындай белгілі бір себептерге сай, тіл-тілде кейбір сөздер мен сөз тіркестерін өзінің тура атымен атамай, басқаша, екінші бір келтірінді сөздермен, кейде мүлдем тұспалдап, алмастырып жеткізетін болған.
Ақиқаты, ең басты принципі – сол құбылыс пен заттың дәл атын атауға тыйым салу. Зерттеушінің айтуынша, табудың алғашқы шыққан жері, түп – төркіні, «отаны» - полинезия тайпалары. Полинезиялықтардың қоғамдық өмірінде бұл құбылыс күні бүгінге дейін сол етек алған. Осының өзі полинезиялықтардың қоғамдық прогреске жетуіне, халқының көзінің ояна түсуіне қол байлаудың бірі болып отыр десе де болады. [1, 135-1370].
Мәселен совет журналисі М.Дамогацких «Правда» газетінде (VI, 1972) мынадай бір хабарды жариялайды: Индонезия астанасы Джакартадан 150 шақырымдай жерде, Батыс Ява тауларында бадуй аты тайпа мекен тепкен. Бірақ Ява аралығындағы тұрғындардың бірде – бірі: мен бадуйлықтарды немесе бадуйды көрдім деп өмірінде бір айтпайды. Оның себебі бадуйлар тайпасының заң – дәстүрі бойынша, басқа ел тайпа адамдар өкілі бадуйлар жеріне аяқ баспады, аттамауы керек: ал бадуйлықтардың өзі өз аулынан бір қадам аттап шықпайды: бір тәулікке болса да басқа жерге болмайды: тек өз қонысы - өз жерінде өсіп өркендейді.
Бадуйлар бамбуктан жасалған үйлерде (лашықтар) тұрады, олардың үйлерін сваялар деп атайды. Адамдары осы заманғы жаңалықтардың бірде – бірін қабылдамайды. Осы сияқтылардан үрке қашып, жиренеді. Мәселен, астыға төселетін матрац, ас ішер тарелка, сусын ішер стакан, жағар керосин мен свеча сияқтылар – олар үшін тағы құбылыс бадуйлардың ежелгі заңы бойынша, төрт түлік мал ұстауға болмайды, жеріне ағаш не өсімдік отырғызып, егін егуге болмайды, ең ауыр күнә - хат танып, қағаз оқи білу.
Индонезя өкіметтері бұл жерге мектеп салмақшы болып қанша әрекеттенсе де, әзірше ештеңе шығара алмай отыр. Бұл – нағыз табуға байланысты құбылыс, артта қалудың табуға негізделген нәтижесі. Дәл осы сияқты ұғымдар түрік халықтарының да тарихында кең тараған. Қазақ халқының революцияға дейінгі өмір тұрмысында да бұл сияқты соқыр сенім бірқыдыру өмір сүріп келгендігі аян.
Ал эвфемизмдерге келсек, эвфемизм – гректің euphemismos –жақсылап, сыпайылап айтамын сөзінен алынған термин. Сырттай қарағанда, эвфемизм – тілдегі табудың бір көрінісі, синонимі. Шынтуайтқа келгенде, дәл олай емес, бірақ табуға жақын құбылыс. Эвфемизм – бір заты не құбылысты я болмаса бір уақиғаны сыпайылап жеткізудің амалы, адамның көңіліне келмейтіндей,
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. К.Аханов «Тіл білімінің негіздері» Алматы, «Санат», 1993.
2. Ә.Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы «Мектеп» баспасы, 1988.
3. Ә.Болғанбайұлы, Ғ.Қалиұлы «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» Алматы, 1997.
4. Ә.Хасенов «Тіл біліміне кіріспе» Алматы, 1990.
5. А.Айғабылұлы «Қазақ тілінің лексикологиясы». Алматы, 2004.
6. І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі. «Мектеп» баспасы 1975.
7. «Қазіргі қазақ тілі» Алматы, 1954.
8. «Қазақ тілі» Алматы, 2004.
9. Н.Оралбаева, Ә.Абылахов, Ғ.Мадина «Қазақ тілі» Алматы, 1992.
10. Ғ.Қалиұлы, Н.Оралбаева, О.Төлегенов «Қазіргі қазақ тілінің жаттығулар жинағы. «Мектеп» баспасы .1972.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Табу мен эвфемизмдердің сөздік қорды байытуға қосар үлесі.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-7
І тарау. Табу сөздер
1.1 Табу сөздер, түрлері мен қолданылу
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 8-14
ІІ тарау. Эвфемизмдер
2.1 Эвфемизмдер, олардың сөздік қордан алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ..1 5-16
2.2 Эвфемизмдердің түрлері мен жасалу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16-23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4-26
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Кіріспе
Табу мен эвфемизмдердің қазақ тілінің лексикологиясының сөздік қордан
алатын орны ерекше. Бұл сөздер тілімізде өте ертеден өмір сүріп келе
жатқан, қолданыста сирек қолданылса да өте маңызды сөздер тобына жатады.
Бұл тақырыпты таңдаудағы себеп, бұл сөздер адамдар бір-бірімен тілдік қарым-
қатынасқа түскенде этиканы, сыпайыгершілікті, моральдық нормаларды сақтауға
септігін тигізеді. Әр адам сөйлеген сөзінің мәнді-мағыналы болуын
қадағалауы қажет. Табу мен эвфемизмдер адамның ойының дамуына, тереңдеуіне,
жандануына көмектеседі. Эвфемизм сөзін қолданып сөйлеген адам мәдениетті.
Себебі, эвфемизм сыпайы сөйлеудің кепілі. Ал, бұл сөздердің шығу тарихына
келетін болсақ, ол да өте күрделі, әрі қызықты да маңызды.
Табу – индонезия тілінен алынған термин: тыйым салу деген сөз.
Меланезия мен Палинезияда бұл сөздің капу, тапу, тамбу деген синонимдері
бар. Олардың да мағынасы – тыйым салу. Табу құбылысы адамзаттың әлсіз
кездерінде туған. Ең алдымен этнографияға, адамзаттың діни наным –
сеніміне, әлденеге сиынуына байланысты шыққан. Ерте замандардағы соқып
сезім мен сенім, адамзаттың әр нәрсеге, әр құбылысқа табынуы, олардың ең
киелі, ең құдіреті күшті деп саналуы тіл-тілде өзінің ізін қалдырған. Табу
алғашында мифологиялық сенім – наным, қорқыныш сезімдерге байланысты
қорытынды тұжырымдар жасау нәтижесінде пайда болған. Осындай белгілі бір
себептерге сай, тіл-тілде кейбір сөздер мен сөз тіркестерін өзінің тура
атымен атамай, басқаша, екінші бір келтірінді сөздермен, кейде мүлдем
тұспалдап, алмастырып жеткізетін болған.
Ақиқаты, ең басты принципі – сол құбылыс пен заттың дәл атын атауға
тыйым салу. Зерттеушінің айтуынша, табудың алғашқы шыққан жері, түп –
төркіні, отаны - полинезия тайпалары. Полинезиялықтардың қоғамдық
өмірінде бұл құбылыс күні бүгінге дейін сол етек алған. Осының өзі
полинезиялықтардың қоғамдық прогреске жетуіне, халқының көзінің ояна
түсуіне қол байлаудың бірі болып отыр десе де болады. [1, 135-1370].
Мәселен совет журналисі М.Дамогацких Правда газетінде (VI, 1972)
мынадай бір хабарды жариялайды: Индонезия астанасы Джакартадан 150
шақырымдай жерде, Батыс Ява тауларында бадуй аты тайпа мекен тепкен. Бірақ
Ява аралығындағы тұрғындардың бірде – бірі: мен бадуйлықтарды немесе
бадуйды көрдім деп өмірінде бір айтпайды. Оның себебі бадуйлар тайпасының
заң – дәстүрі бойынша, басқа ел тайпа адамдар өкілі бадуйлар жеріне аяқ
баспады, аттамауы керек: ал бадуйлықтардың өзі өз аулынан бір қадам аттап
шықпайды: бір тәулікке болса да басқа жерге болмайды: тек өз қонысы - өз
жерінде өсіп өркендейді.
Бадуйлар бамбуктан жасалған үйлерде (лашықтар) тұрады, олардың
үйлерін сваялар деп атайды. Адамдары осы заманғы жаңалықтардың бірде –
бірін қабылдамайды. Осы сияқтылардан үрке қашып, жиренеді. Мәселен, астыға
төселетін матрац, ас ішер тарелка, сусын ішер стакан, жағар керосин мен
свеча сияқтылар – олар үшін тағы құбылыс бадуйлардың ежелгі заңы бойынша,
төрт түлік мал ұстауға болмайды, жеріне ағаш не өсімдік отырғызып, егін
егуге болмайды, ең ауыр күнә - хат танып, қағаз оқи білу.
Индонезя өкіметтері бұл жерге мектеп салмақшы болып қанша әрекеттенсе
де, әзірше ештеңе шығара алмай отыр. Бұл – нағыз табуға байланысты құбылыс,
артта қалудың табуға негізделген нәтижесі. Дәл осы сияқты ұғымдар түрік
халықтарының да тарихында кең тараған. Қазақ халқының революцияға дейінгі
өмір тұрмысында да бұл сияқты соқыр сенім бірқыдыру өмір сүріп келгендігі
аян.
Ал эвфемизмдерге келсек, эвфемизм – гректің euphemismos –жақсылап,
сыпайылап айтамын сөзінен алынған термин. Сырттай қарағанда, эвфемизм –
тілдегі табудың бір көрінісі, синонимі. Шынтуайтқа келгенде, дәл олай емес,
бірақ табуға жақын құбылыс. Эвфемизм – бір заты не құбылысты я болмаса бір
уақиғаны сыпайылап жеткізудің амалы, адамның көңіліне келмейтіндей,
жұқалап, жайдарылап, іштей ренжіп тұрса да, рахаттана баяндағандай айта
білу тәсілі. [1, 135-137 б].
Эвфемизм құбылысын белгілі бір ұжымның салт – дәстүрі, таным –
түсінігі және тағы басқаларға байланыстыра зерттеу эвфемизмдердің тілдік
табиғатын және ақиқат өмірмен, қоғамдық санамен байланысын тереңдей
тексеруге мүмкіндік береді. Бұл ретте профессор Ә. Ахметовтың Түркі
тілдеріндегі табу мен эвфемизм деп аталатын зерттеуін айрықша атауға
болады.
Себебі, эвфемиент этнолингвистикалық аспектіде қарастыру аталмыш
құбылыстық тілдік табиғатын, сондай-ақ тілдің мағыналық құрылымдарын жете
игеруге де септігін тигізеді. Эвфемизмдерді социолингвистика және эвфемизм,
тіл мәдениеті және эвфемизм, эвфемизм және функционалдық стильдер т.б.
корреляциялар түрінде қарастыру бұл құбылыстың мәнін жан – жақты аша түсер
еді, әр кезде де зерттеудің қажет екендігін, одан едәуір ғылыми -
әдістемелік нәтиже беретінін көрсетеді.
Эвфемизм – тіл-тілдің барлығында дерлік кездесетін ерекше мәнді
құбылыстардың бірі. Бұл тілдік феноменге адамзат ақыл – ойы ертеден назар
аударған болатын. Содан бері тілдік табиғаты күрделі болатын. Содан бері
тілдік табиғаты күрделі аса байырғы бұл құбылыстың сыры бірте – бірте
ашыла бастады. Мұның өзі филогенездік тұрғыдан қарағанда қоғамдық сана
түрлерінің дамуы этикалық нормалар мен эстетикалық принциптердің
қалыптануы, т.б. жайттармен тығыз байланысты болды.
Адамзат ақыл –ойының, қоғамдық сана түрлерінің жетіліп дамыған кезі
саналатын ғарыш жолында, интернет заманында да адамзаттың сәбилік дәуіріне
тән, қазіргі ойлаудың формаларымен сәйкес келмейтін элементтер –
мәдениетті, өркениетті елдердің тілдерінде де жиі кездесіп отыратын
құбылыс.
Бір жағынан ойлаудың байырғы формаларымен байланысты эвфемия
құбылысының тілдік, даму динамикасы, қоғамның мәдени-материалдық,
әлеуметтік, саяси өзгерістермен біте қайнасқан байланысы оның көп қырлы
іргелі ұғым екендігін айтуға ұят саналатын сөздерді басқа сөзбен
ауыстыру дегенмен шектелді. Соңғы кездегі зерттеулерде, әсіресе көркем
сөз, көркем шығарма, публицистикалық мәтіндеріне эвфемия құбылысын сөз
саптам деңгейнде қарастыру аталмыш феноменнің лингвистикалық
терминологиялық ұғымының мазмұнын айрықша кеңейте түсті.
Бұл мәселе эвфемия құбылысын зерттеудің ауқымын, объектісін
кеңейтуге өз ықпалын тигізді. Сөз саптам деңгейіндегі эвфемизмдер
парадигмалық емес, синтагмалық сипатқа ие, яғни дәстүрлі терминмен айтсақ,
окказионал немесе тосын эвфемизмдер деп аталады. Сөйлеуші өзіне жағымды
емес, қатқылдау көрінетін белгілі бір атауды жұмсарту үшін оларды дербес
контекстік сөз орамдарымен ауыстырады. Тосын эвфемизмдердің авторлық
контексінің мәні бар. Мысалы, түпкі көзделген мақсатты бүркемелеп, басқаша
айтуды автор өтірікші сөзін контексте дипломат деген эвфемизммен
береді.
Профессор Ш.Ш. Сарыбаев окказионал сөздерді тосын сөз деп атауды
ұсынды. Біз осы ізбен оларды тосын эвфемизмдер деп атауды жөн көреміз.
Әртүрлі тілдік деректерді, туыстас, туыстас емес тілдер деректерін
салыстыра қарау, мәселеге тереңірек көз жіберу эвфемия құбылысы туралы
ұғымның шеңберін кеңейте түседі. Әсіресе, мифологиялық санамен байланысты
айтуға тиым салынған іс - әрекет, зат, құбылыс табу деп, ал қарым –
қатынастың белгілі бір экстралингвистикалық жағдайында сөйлеушінің
көзқарасы бойынша айтуға әбестеу, дөрекілеу көрінетін сөздерді бейтарап
атаулармен немесе эмоционалдық болуы жағымды атаулармен ауыстырылуы
эвфемизм деп атала бастады.
Эвфемизмдер күнделікті қолданыстан бөлек, көркем шығарма тіліндегі
орны ерекшелігімен көзге түседі. Ауыр толғаққа Салтанаттың жүрегі шыдамай
қайтыс болды. (Д.Исабеков. Гауһар тас) Осындағы қайтыс болды сөзі өлді
сөзінің сыпайылап айтылған түрі, яғни эвфемизмі. Осындай, қыры мен сыры көп
табу сөздер мен эвфемизмдер туралы біршама еңбектер жазылған, мәселен,
Ә.Болғанбаев, К.Аханов, Ә.Хасенов, Ә.Ахметов сынды т.б. ғалымдар бұл
тақырып аясында құнды деректер береді. Осы еңбектерді арқау ете отырып, бұл
жұмыста табу мен эвфемизмдердің қазіргі қоғамдағы рөлі мен қолданылатын
түрлері анықталмақ. Жалпы алғанда, табу сөздері ескіліктің нышаны болса да,
қазіргі қазақ тілінде қолданылады. Сыпайы сөйлеп, мәдениетті болу қоғамның
ең жоғарғы дамыған дамыған сатысында болады. Сондықтан эвфемизм өз
құндылығын жоймайды. Өйткені, эвфемизм ибалыққа, сыпайыгершілікке
негізделеді.

І тарау. Табу сөздер.
1.1 Табу сөздер, олардың түрлері мен қолданылу сипаты.
Мифтік ескі наным – сенім бойынша, атын тура айтуға тыйым салынған
сөздер тіл білімінде табу деп аталатыны белгілі. Қараңғылық пен діншілдік,
үстемдік құрып тұрған өктен замандарда адам баласы өмірді жете танып білмеу
салдарынан, зат пен оның атауының арасында табиғи байланыс бар деп қате
түсінушілік болған. Адамзат өзі тудырған кейбі сөздерді күнделікті тұрмыста
өз атымен атамай, басқаша атауға мәжбүр болған. Мұндай тыйым салынған
сөздер дүние жүзіндегі халықтардың көпшілігінде кездеседі. Бұл әдет әсіресе
түрік халықтарының тарихында да кең тараған. Қазіргі кезде табу халықтар
салт – санаты мен тілінен мүлдем шығып қалды деуге болмайды. Тіл – тілде,
ел – елде, жер – жерде табу ізі әлі де бар. Осы табу түптің түбінде
жойылады – деген де ғалымдардың пікірі жоқ емес. Оған себепкерлер –
қоғамның ілгері қарай дамуы, ғылым мен техниканың қарыштап алға басып бара
жатқан процесі, адамзат сана – сезімінің оянуы мен жаңаруы, адамзаттың өмір
талабына сай иық басуы. [3, 124-б].
Табу ұғымымен байланысты, әр елде әр түрлі жағдайлар қалыптасқан.
Мысалы, әр елдің заңы басқа дегендей, Британ Колумбиясы индеецтері тек
қана балықпен күнелтеді, балық жеп жүріп, қарны тоймағандай, аштыққа
ұшырағандай сезінсе, балгер барып балық түрлес қарақшы алып шығып, балық
аулар жерлерге лақтырады; Мадагаскар аралында (қазіргі Малынген
Республикасы) кірпішешен етін жеуге тыйым салыныпты, оның етін жесе,
кірпішешен сияқты қорқақ та қорғаншақ болып қалады екен; Австралияның
аборигендерінше, өз ата бабасының, тайпасының атымен аталатын, солар –
атына байлнысты болып келеті аң-жәндік етін жеуге болмайды, ондай аң-
жәндікті атуға, өлтіруге болмайды, оның себебі, олания, өздері осы жан –
жануарлардың оны тегі, ата – бабаларынан жаралған.
Ерте замандарда адамдар әр түрлі қате түсінік, теріс ұғымның, дінге
сенушіліктің салдарынан кейбір заттардың аттарын тікелей айтуға тыйым
салып, оларды басқаша атайтын болған. Кейбір заттарды өз атымен атамау
теріс ұғым, қате түсінікпен ерекше күшке сеніп, сана – сезімнің дінге
шырмалуынан туған. Мысалы, қазақта осы жайды аңғартатын және оны бір
жағынан, сықақ, келеке етіп баяндайтын мынадай бір аңыз бар:
Ауылдағы шалдар мен қайын ағаларының атын атамайтын келін бір күні
қамыстың арғы шетіндегі өзенге суға барса, бір қойды қасқыр жеп жатыпты –
мыс. Келіншек қойды қасқырдан құтқарып алып, бауыздайды да, ауылына келіп
енесіне: Сылдыраманың ар жағында, сарқыраманың бер жағында маңыраманы
ұлыма жеп жатыр екен, жаныманы білемеге білеп – білеп, бауыздап келдім, -
депті –мыс. Бұл мысалдағы сылдырама – қамыс, сарқырама - өзен, маңырама –
қой, ұлыма – қасқыр, жаныма – бәкі, пышақ, білеме – қайрақ. [16 135-б].
Бұл әдет әсіресе түркі халықтарының, оның ішінде қазақ хақының
өмірінде кең тараған. Қазақ халқының революцияға дейінгі өмір тұрмысында да
бұл сияқты соқыр сенім бірқыдыру өмір сүріп келгендігі мәлім. Осындай
тарихи оқиғаның нақтылы бір айғағы ретінде Аталардың аты деп аталатын
мынадай бір аңыз әңгімені келтіруге болады.
Баяғыда Аюбай, Түлкібай, Итбай деген үш ағайынды адам өмір сүріпті.
Бұлардың отырған аулы терең сайдың ішінде екен. Күндердің бір күнінде
ағайынды ақсақалдар үйде әңгіме – дүкен құрып отырады. Бір кезде ауылдың
иттері жабылып үріп, шулап қоя береді. Төрдегі ақсақалдардың бірі босаға
жақта күйбеңдеп жүрген келінге:
- Шырағым, иттер неге үріп кетті, байқап келші, - деп жұмсайды. Келін
жүгіре басып далаға шықса, ауылдың арт жағында үлкен бір аю түлкіні қуалап
барады екен де, иттер соған үріпті. Үйге қайта енбек болған келін кенет:
япырым-ау, мұның бәрі аталардың аты ғой, қалай айтсам екен? – деп қысыла
қысыла ішке енеді.
- Иә, балам, иттер неге үріпті? – деп сұрайды ақсақалдың бірі.
Сасқалақтаған келін:
- Ауыл сыртындағы аршалы бетте атакем тәкеледі зыттыра қуып бара
жатыр екен, осы ауылдағы жәкемдердің бәрі соларға қарап үріп жүр депті.
(Қазақстан әйелдері, 1967, № 7, 27-бет).
Қазақтың ескі әдет – ғұрпы бойынша келін болып түскен қыз күйеуінің
туған – туыстарын өз атымен атамайтын болған. Олардың әрқайсысына лайықтап
(жолына, жасының үлкен – кішісіне қарай) өз тұсынан басқадай ат қоюға
мәжбүр еткен. Мәселен қызға қара көз, бикеш, шырайлым, еркежан десе, ұлға
кекілдім, айдарлым, тұлымдым, шырақ, тетелес, мырза жігіт, төре жігіт,
мырза аға, би аға делінген. Егер аты дөрекілеу болса, аттеріс деп те
атаған. Сол тәрізді ата - ене, абысын-ажын, қайын аға, қайын жұрт, жиен,
нағашы, жиен – шорларға дейін шетінен ат қойып шығатын болған. Келін ат
қойғанда кездефсоқ түрде емес, ат қоятын адамдардың мінез – құлқын, түр-
тұрпатын, өнер талабын жан – жақты тексеріп, түрлі қасиеттеріне қарап,
сәйкестендіріп атаған.
Мәселен, тете емес қайнысын тетелем деп атамаған, тұлым қоймаған
қайнысын тұлымдым деп атамаған. Жасы үлкен адамдардың аттары басқа зат
атауларымен аттас болып келсе, онда келі оларға басқаша жаңа ат ойлап
табатын болған. Мәселен, Жылқыбай болса, мінгіш деп, Қойлыбай болса, азбан
деп, Бүркітбай болса, үлкен құс деп, Тышқанбай болса, қаптесер деп, Қорабай
болса, боран деп, Ақберген болса, шаңқан деп атайтын болған. Ауылды жерде
әлі күнге дейін ескі салт – сананың сарқыншақтары жасы мосқал тартқан
адамдардың арасынан там – тұмдап болса да кездесіп қалады. Бұлар қазір
кездесе қалса да ескі ырым, діни ұғым бойынша емес, халықтың этикалық –
эстетикалық қалыптасқан көне нормасы түрінде жұмсалады. Ұят сақтап,
сыпайыгершілік білдіру ниетінде қолданылады.
Демек, табудың бұл түрінің мән – мағынасы түбірінен өзгерген,
көнеріп, біржола күнделікті қолданыстан шыққан деуге болады. Табудың дәл
осы түріне байланысты тағы бір мысал келтірсек:
Баяғыда Тоқсанбай деген ақсақал болыпты. Сол ақсақалдың баласы
үйленіпті. Сол үйге түскен жол келінді ауыл ақсақалдары салт бойынша
сынамақ болыпты. Содан ауылдың үлкен – кішісі, ата – апалары мен ақылы
асқан қариялары сол үйге жиылыпты. Үлкен апа – енелері келінге шай
дайындатқызып, ауыл ақсақалдарына шай бергізіпті. Шай ішіп, демденіп алған
соң, келінге өте көп кесе беріпті де, санағын санап, санын айтсын депті.
Сонда келін кеселерді санай жөнеліпті. Бір, екі,үш, төрт...елу деп санап
келіп, тоқсанға жеткенде, сәл кідіріп барып, Атам, атам бір, атам үш, атам
төрт деп санай жөнеліпті. Келіннің мұндай тапқырлығына ауыл адамдары таң
қалыпты. Осы сияқты келінге сын болып табылатын бұл салт – дәстүрлі жеңу
үшін табу сөздері көптеп қолданылған. (халық аузынан).
Дәл осы тақырыпта үндесетін М.Әуезов шығармаларынан мысал алып,
талдап көрейік: Тәке жанды Ысқақтың әйгілі Мәніке Ақке деп атайтын.
Мәнікенің тісі батпайтын бір ғана кісі бар: ол – Абай: Қойшы болса бір сәрі
еді, өзі қайын аға, оны және Мәніке амалсыз кішілік жолы – келіндікпен
Әйнеке деп атайтын, араларында Шырақ бар еді. Абай он қой қайнысын
Шырақ дейтінін есіне түсіре алмады:
- Қай шырақ?
- Мына Кіші Қазқабұлақтағы Әйнекемнің баласы деп, Абайды тыныстандыра
жымия қарады. Қоныс атын атаған соң ғана, абай Әйнекесі Тәкежан екенін,
Шырағы оның баласы - Әзімбайдың аты екенін есіне алды. Бір Әжекеңе, -
деп, Ырғызбй атасының атын атай алмай, - екі бірдей кемеңгер қайдан ғана
сыя салсын – ау. Абай білгіш болса, біздің Мәліке келінодан да озған. Бір
қазанға екі дойдыр қошқардың басы сыймай жатқан сол емес пе? – деген.
(М.Әуезов. Абай жолы).
Осы үзіндіден жалқы есімдедің қолданылуының бірталай спецификалық
ерекшеліктерін байқау қиын емес. Мұндағы құбылыстың негізгі түрі –
феодалдық сана тудырған ат тергеу делінетін салт. Ол салт бойынша,
әйелдерге ата – енесінің, қайын аға,абысын – ажындарының, қайын, қайын
сіңлісінің, тіпті ерлерінің есімдерін тура атауға тыйым салынған. Сондықтан
да жоғарыдағы контексте Мәнікенің Тәкежанды Ақке деп ат қойып, айтуы тек
сол салтқа ғана байланысты аталып тұр. Енді Мәніке жасы кіші інісі, яғни
қайнысын да оның өзінің тура атымен атамай, оған да Шырақ деп ат
қойғандығын автор өзіне тән стильмен қайнысы болғандықтан, солай атаған деп
айтып тұр. Бұл жердегі тағы бір стильдік ерекшелік Шырақ деген жалқы
есімді Қасқабұлақ, Әйнеке сияқты бірнеше жалқы есімдер арқыы
ауыстырған. Жалқы есім ретінде қолданылған бір жердегі осы Шырақ сөзі
жарық өмір Сәуле, шам – шырағымыз болсын деген ниетпен қойылған кісі
аты ретінде қолданылса, екінші ретте ол сөз еркелету сөзімен айтылатын
Қарақ, Қалқа деген мағынадағы сөз ретінде қолданылады. Жоғарыдағы Абай
жолы романында, ол сөз сөзсіз еркелету мақсатында жұмсалып тұр.
Дәл осы секілді Ғабит Мүсіреповтың Оянған өлке романынан ауылдың
ескі әдет – ғұрпын көрсететін мынандай бір мысалды кездестіреміз: Манадан
ешкімді кездестіре алмай тұрған әйел, асығыс болса да, аз кідіріп қарап
қалған Байшегірге алыстан айғайлап:
- Үлкен кісі, жүзден жиырмасы кем аулының жігіттері қайда жатады екен?
Білсеңіз жөн сілтеп жіберіңізші? – деді.
Әйелдің сұрап тұрғаны Сексен аулының жігіттері екенін аңғармай қалған
Байшегір:
- Шырағым, ондай оспағыңа шорқақ едім.. Пайғамбардың аулы болса да
атын аташы! – деді.
Әйел біреу естіп қалмас па екен дегендей, айнала бір қаранып алды да:
- Тәңрі деген, жүзге жиырмасы жетпесе, сексен болмайтын ба еді! Сексен
аулының жігіттерін сұраймын, - деді енді, турасынан тартып [1,135-б].
Сондай-ақ, ерте кезде аңшыларда аң адам тілін ұғынады, өздерінің
аттарын естісе, қашып кетеді деген түсінік болған да, Олар аңдарды тікелей
өз аттарымен атамай, басқаша сөзбен атайтын болған. Мысалы, алтайлық
аңшылар аңда жүргенде тиінді шарбақ, чирбақ (саусақ), абаш құрту ағаш құрты
немесе абаш шишқанақ (ағаш тышқаны) деп, хақастар сөк пас (сүйек бас) деп
атайтын болған.
Алтайлық аңшылар бұғыны таш тұяқты, бұланды азақ, ұзын азақ, ақ тізек
деп атайды. Якут аңшылары бұланды ұлу қыл деп атайды.
Орыс тіліндегі медведь (аю) деген сөз медоед – балды жеуші деген
сөзден шыққан. Бірсыпыра халықтар мен тайпалар ерте кезде аю – күллі аңның
қожасы: атын атама, оның келіп қалуы мүмкін деп түсінген. Ертеректе
сатраханьдық орыстар теңізде медведь (аю)деген сөзді ауызға алуға
болмайды, оны тікелей атаса, дауыл тұруы мүмкін деп түсінген де, ол сөзді
орнына раминский деген сөзді немесе қазақ тілінің аю деген сөзін қолданған.
Д.К.Зеленин раминский лесной деген мағынаны білдіреді, роменье – қалың
ағаш (гусой лес) деген сөзден жасалған деп түсіндіреді. Якуттар аюды эсе
(сөзбе – сөз аударғанда – туған ата), шонеор мен алтайлықтар Абай (арғы
әке, ата) деп атайтын болған. Неміс тілінің Bar (аю) деген сөздің
этимологиясы қоңыр деген мағынамен ұштасады.
Дәл осы іспеттес біздің де ертеректе – ата-бабамыз қорыққанынан
қасқырдың дәл атын атамай, - қара құлақ, ұлыма, итқұс: жыланды – түйме,
түймебас, қамшы, ұзынқұрт: жолбарысты да – қарақұлақ деп атапты. Монғол
қазақтары елік атып алдым деудің орнына жирен атып алдым дейтін көрінеді:
қазақтар қандаланы қызыл, салық, кебек деп те атайды екен.
Қазақ тіліндегі табудың ендігі бір түрлері табиғаттың дүлей күшімен,
адамды опат қылатын ауру аттарымен, қаскүнем жыртқыш аң-жәндіктермен
тікелей байланысты шыққан. Мәселен, революцияға дейнгі қазақ ауылында жай
түсті десек, адамға қырсығы тиюуі мүмкін деген наным бойынша, оны жасы
деп атайтын болған, Соның нәтижесінде осы ұғымдарға қатысты бірнеше
синонимдер пайда болған. Бұлар белгілі контексте әртүрлі стильдік мән
тудырады. [8].
Әлсіз, шарасыз әр адам әр аурудан қорыққан. Сондықтан көбейіп кетпесін
деген ұғыммен, жайылмалы дегендей, басқаша атпен атаған. Шешек ауруының
атын атасақ, жұғады, жабысады деген сенімге байланысты шешек ауруының
атын тура атамай, әулие, қорасан, мейман, қонақ деп өзгеше атаған. Қатты
кесел ауруды – бір нәрсе көрінген, бір нәрсенің салқыны тиген деп
бүркемелейтіні шайтанды – теріс табан, шимұрын, күн батты – күн байыды, мал
сауылды – мал байыды деп атайтын. Дінге сеніп, наным-сенімге
берілгендіктен, әлсіздікке байланысты адамзат өз атын да тура атамай,
басқашалаған кез болған: Жынды бала, Тентек бала, Жаман бала, өр бала, қара
шаш, қой көз, Алтын шаш, ұзын шаш т.б. - әрі ұқсату, әрі көз тимесін
дегендік. [2, 49-б].
Дәл осы табу сөздерге байланысты жағдайлар өз арамызда да кездеседі.
Яғни жеңгелеріміз бізді өз есімімізбен атамайды. Ауылымзға жаңа түскен бір
жеңгеміз жап-жас болғанына қарамастан осы үрдісті өте қатаң ұстанады екен.
Ауылдағы бар адамға өзінше ат қойып алыпты. Яғни бар адамға өзінше ат қойып
алыпты. Яғни көреген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табу мен эвфемизмдердің сөздік қорды байытуға қосатын үлесі
Лексико-семантикалық жүйесіндегі қазақ және ағылшын тілдеріндегі табу мен эвфемизмдердің геторогендік және гомегендік ерекшеліктері
Табу мен эвфемизмдерді этнолингвистикалық жағынан ритуалдармен, әдет-ғүрыптармен салт-дәстүрлерімен бірнеше халықтардың тілдерінің сөздік корының байланысын зерттеу
Табу мен эвфемизмнің қазақ тіл білімінде зерттелуі
Табу және эвфемизмдер жайлы
ТАБУ МЕН ЭВФЕМИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
«Қазақ және ағылшын тілдеріндегі табу мен эвфемизмдердің ерекшеліктері»
БАҚ материалдарындағы эвфемизмдер
Табу мен эвфемизмдер- кез келген халықтың тілінен орын алған ауқымы кең этнографиялық лексика
Табу мен эвфемизмдердің әлемдік деңгейдегі зерттелу тарихына шолу
Пәндер