Заңды тұлға туралы ұғым



МАЗМҰНЫ

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

II.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1. Заңды тұлға туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

2. Заңды тұлғаның белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

3. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi мен жауапкершілігі ... ... ... ... ... ... ... .19

4. Заңды тұлғаларды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
А. Мемлекеттiк тiркеу қайта тiркеу
Б. филиалдар мен өкiлдiктер
В. Қайта құру, тарату негiздерi

5. Заңды тұлғаның құқықтық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Кіріспе

Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.
Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.
Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме нысанында құрылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің (бұдан әрі-Азаматтық кодекс) 110-бабына сәйкес заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық-құқықтық белгісі. Олардың сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан шарт жасауға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді. Заңды тұлға туралы мәселелер Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің тұтас тарауымен, яғни 33-57 баптарымен қаралған.
Курстық жұмыстың объектісі: заңды тұлғаның ұғымы.
Курстық жұмыстың мақсаты: заңды тұлғаның ұғымы мен белгілерін сипаттап, толық зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- заңды тұлға туралы ұғымға сипаттама беру;
- заңды тұлғаның белгілеріне түсінік беру;
- заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi мен жауапкершілігі мәселелерін қарау;
- заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу, филиалдар мен
өкiлдiктер, қайта құру, тарату негiздерiн зерттеу.
Қолданылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Қазақстан Республикасы Парламент Үйi, 27.12.1994ж. N269-XIII. (15.07.2010ж. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
2. «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиясын жүзеге асыру шаралары туралы» ҚР Президентінің 28.01.1998ж. №3834 Жарлығы.
3. «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Үкіметінің 19.06.1997ж. №135-1 Заңы.
4. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 12.01.2007ж. N221 Заңы.
5. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымша (15.12.2009ж. №2121).
6. Гражданское право: Учеб. / Под ред. М.К. Сулейменова, Ю.Г. Басина. - Алматы, 2000.
7. Басин Ю.Г. Юридические лица по гражданскому законодательству Республики Казахстан. Понятие и общая характеристика: Учебное пособие. – Алматы: Адилет, 2000.
8. Жайлин Г.А. Гражданское право Республики Казахстан. Часть Особенная. Том 2. - Алматы: «Данекер», 2002.
9. Красавчиков Е.Б. Защита гражданских прав: Учеб. и практ. пособие. - Алматы, 2000.
10. Қазақ Энциклопедиясы, 4-том, 3-бөлім.
11. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2011.
12. Право и внешнеэкономическая деятельность в Республике Казахстан.
/ Отв. ред. М.К. Сулейменов/. - Алматы: КазГЮА, 2001.


13. Аронов А.Р. Кәсіпкерлікті дамыту. // Егемен Қазақстан - №5. – 2009ж.
14. Бижанова Д. Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалар қызметтің қазіргі таңдағы тенденциялары мен даму перспективалары. // Саясат - POLICY. - №12. - 2010ж.
15. Нурлихина Г.Б. Қазақстандағы заңды тұлғалардың қызметі: мәселелер мен перспективалар. // Егемен Қазақстан - №5. - 2011ж.
16. Павлов А.С. На пути к устойчивому экономическому росту. // Банк Казахстана. - №10. – 2007г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

II.Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1. Заңды тұлға туралы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...5

2. Заңды тұлғаның
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 8

3. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi мен
жауапкершілігі ... ... ... ... ... . ... ... 19

4. Заңды
тұлғаларды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 22
А. Мемлекеттiк тiркеу қайта тiркеу
Б. филиалдар мен өкiлдiктер
В. Қайта құру, тарату негiздерi

5. Заңды тұлғаның құқықтық
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 35

Кіріспе

Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау
мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз
атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып,
оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым
заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.
Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.
Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн
(коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және
алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым)
ұйым заңды тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттiк кәсiпорын,
шаруашылық серiктестiк, акционерлiк қоғам, өндiрiстiк кооператив
нысандарында ғана құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын
заңды тұлға мекеме, қоғамдық бiрлестiк, акционерлiк қоғамдар тұтыну
кооперативi, қоғамдық қор, дiни бiрлестiк нысанында және заң құжаттарында
көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкiн. Коммерциялық емес ұйым
кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана
айналыса алады. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттiк
бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттiк мекеме
нысанында құрылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің (бұдан әрі-Азаматтық
кодекс) 110-бабына сәйкес заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз
атынан қатынасуы процессуалдық-құқықтық белгісі. Олардың сотта талапкер
және жауапкер болуына, өз атынан шарт жасауға, бір жақты мәміле жасауына
мүмкіндік береді. Заңды тұлға туралы мәселелер Қазақстан Республикасы
Азаматтық кодексінің тұтас тарауымен, яғни 33-57 баптарымен қаралған.
Курстық жұмыстың объектісі: заңды тұлғаның ұғымы.
Курстық жұмыстың мақсаты: заңды тұлғаның ұғымы мен белгілерін
сипаттап, толық зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- заңды тұлға туралы ұғымға сипаттама беру;
- заңды тұлғаның белгілеріне түсінік беру;
- заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi мен жауапкершілігі мәселелерін
қарау;
- заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу, филиалдар мен
өкiлдiктер, қайта құру, тарату негiздерiн зерттеу.

Негізгі бөлім

1. Заңды тұлға туралы ұғым

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда
құқықтың  дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай,
жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33-
бабында оған мынадай тұжырым берілген: "Меншік, шаруашылық жүргізу немесе
жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз
міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес
жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта
талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды
тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы
жазылған мөрі болады". [1]
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша
айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік оқшаулығы; 3) дербес
мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті
болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды
тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады.
Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе,
жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге
асырады.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ақ құрылтай
құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға
ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады.
Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі
және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді. [7]
Мүліктік оқшаулық - заңды тұлғаның экономикалық құқықық белгісі болып
табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада
әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару
құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері
мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз - ол заңды тұлғаның
міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл
жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын Азаматтық кодекстің 44-
бабының 1-тармағы 2-бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі
ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, 
мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы
жауапты болады.
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен
тағайындалуы мүмкін.
Бұл Азаматтық кодексте былайша қаралған: 1) толық және сенім
серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міндеттемелері
бойынша жауапкершілігі (Азаматтық кодекстің 63-бабының 1-тармағы, 72-
бабының 1-тармағы);  2) кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік
кооператив мүшелерінің жауапкершілігі (Азаматтық кодекстің  96-бабының 3-
тармағы); 3) егер заңды тұлғаның банкрот болуын құрылтайшының әрекеті
туғызған болса, заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшының
жауапкершілігі (Азаматтық кодекстің 44-бабының 3-тармағы); 4) еншілес
шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның (Азаматтық кодекстің 94-бабының
2-тармағының 2-бөлігі), сондай-ақ негізгі шаруашылық серіктестігінің
кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылық
серіктестігі банкротқа ұшыраған кезіндегі жауапкершілігі (Азаматтық
кодекстің 94-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы); 5)  серіктестік міндеттемелері
бойынша толықтай салым төлемеген жауапкершілігі шектеулі серіктестікке
қатысушының жауапкершілігі (Азаматтық кодекстің 77-бабының 1-тармағының 2-
бөлігі) және тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік. [1]
Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірыңғай субъектісі
ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде заңды
тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы, яғни
құқықтық  жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары заңды тұлға
институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың
мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән-
мағынасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді.
Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор
С.И.Аскназий “мемлекеттік ілімінің” авторы. Ол былай деп айтқан:
“мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық
қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды”. Әдебиетте бұл теорияны
көп сынайтындар оған “егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық
қатынаста болуы керек қой” деген уәж айтады.
Академик А.В.Венедиктов “ұжым ілімін” алға тарты. Бұл ғалымның айтуы
бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а)
мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен
қызметкерлерінің ұжымы.
Ал, ғалым Д.М.Генкин “әлеуметтік ақиқат” теориясын ұсынады, яғни онда
ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи-экономикалық заңдылығын
басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде
қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю.К.Толстой “директор
ілімін” алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін
білдіруші-директоры болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О.А.Красавчиковтың “әлеуметтік байланыстар
ілімі”, А.А.Пушкиннің “ұйымдастыру ілімі”, Е.А.Сухановтың “мақсатты мүлік”
тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтіп, заңды
тұлғаға “адамдардың қатысы” жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл
орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды
тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы
институтпен реттеледі, үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды тұлғаның
әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді
жасауда оның еркі танылады.
Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның
сыртында оның құқықтары мен міндеттерін “жасырын” атқарушы тұратындығын
дәлелдемек болды.
Бұл мәселе туралы батыс европа әдебиетінде де әртүрлі теориялық
көзқарастар кездеседі. Мәселен, К.Ф.Савиньи “фикция теориясының” негізін
қалады. К.Ф.Савиньи көзқарасы бойынша, шын мәнінде құқық субъектісінің
қасиетін тек адам ғана еншілей алады. Ал заң шығарушы болса, заңды тұлғаның
сыртында оны әйгілейтін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын мойындайды.
Сондықтан да заң шығарушы заңдық фикцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік
ретінде құқықтың ойдан шығарылған субъектісін алға тартады. Ал неміс ғалымы
Гирке болса, “органикалық теорияның” тұжырымын ұсынып, заңды тұлғаны адам
тұлғасымен салыстырады, бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды. [9]

2. Заңды тұлғаның белгілері

Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің
субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз
атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып
ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола
алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында
көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі
құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды
басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша
жауап береді. [11]
Заңды тұлғаның фирмалық атауы‚ дербес балансы мен сметасы‚ банктерде
есеп айырысу шоттары, сондай-ақ мөрі болады. Ол дербес салық төлеуші
ретінде әрекет етеді. Заңды тұлға мүлкінің құралуына қатысуына қарай оның
құрылтайшыларында осы заңды тұлғаға қатысты міндеттемелік құқықтары не оның
мүлкіне заттық құқықтары болады. Құрылтайшыларының міндеттемелік құқықтары
бар заңды тұлғаға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акцион.
қоғамдар, өндірістік кооперативтер мен тұтыну кооперативтері жатады.
Мүлкіне құрылтайшыларының меншік құқығы немесе өзгедей заттық құқығы бар
заңды тұлғаға мемл. және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындар, соның
ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ, меншік иесі қаржыландыратын
жекеменшік кәсіпорындар (фирмалар) жатады. Құрылтайшыларының мүліктік
құқықтары жоқ заңды тұлғаға қоғамдық және діни ұйымдар (бірлестіктер),
қайырымдылық және өзгедей қорлар, бірлестіктер (қауымдастықтар мен одақтар)
жатады. Сондай-ақ, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда алуды
көздейтін коммерциялық ұйымдар мен табыс алуды көздемейтін және алынған
табысты құрылтайшылар арасында бөліспейтін коммерциялық емес ұйымдар да
Заңды тұлғаға жатады.
Заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс
iстейтiн өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзiне
мiндеттер қабылдайды. Заңды тұлға органдарының түрлерi, тағайындалу немесе
сайлану тәртiбi және олардың өкiлеттiгi заңдар мен құрылтай құжаттарында
белгiленедi.
Заңды тұлғаның атауы, тұрған жері, құрылтайшылары мен құрылтай
құжаттары Азаматтық кодекстің 38-41 баптарымен белгіленген. [1]
Заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкiндiк беретiн
өз атауы болады. Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық-
құқықтық нысанын көрсетудi қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша
мағлұматты қамтуы мүмкiн. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында
көрсетiледi. Заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль
қалыптарына қайшы келетiн аттарды, егер жеке адамдардың есiмдерi
қатысушылардың есiмдерiне сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың
есiмiн пайдалануға олардан (олардың мұрагерлерiнен) рұқсат алмаса, олардың
есiмдерiн пайдалануға жол берiлмейдi. Коммерциялық ұйым болып табылатын
заңды тұлғаның атауы заңды тұлға тiркелгеннен кейiн оның фирмалық атауы
болып табылады. Заңды тұлға белгiлi бiр фирмалық атауымен заңды тұлғалардың
бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi. Заңды тұлғаның фирмалық атауды
тек қана өзi пайдалануға құқығы бар. Бөтен бiр фирмалық атауды заңсыз
пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесiнiң талап етуi бойынша мұндай
атауды пайдалануды тоқтатуға және келтiрiлген залалдың орнын толтыруға
мiндеттi. Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары
мен мiндеттерi заңдарда белгiленедi. Мемлекеттiк органдар болып табылмайтын
заңды тұлғалардың фирмалық атауларында, қызмет көрсету таңбаларында, тауар
таңбаларында, Қазақстан Республикасының заң актілерiнде, Президентi мен
Үкiметiнің актiлерiнде белгiленген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк
органдарының ресми атауларына сiлтемелердi пайдалануға тыйым салынады.
Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс iстейтiн органы тұрған жер оның тұрған
жерi болып танылады. Заңды тұлғаның тұрған жерi оның құрылтай құжаттарында
почталық толық мекен-жайы жазылып, көрсетiледi. Үшiншi тұлғалармен қарым-
қатынаста заңды тұлға өзiнiң нақты мекен-жайының бiрыңғай мемлекеттiк
тiзiлiмге енгiзiлген мекен-жайға сәйкес келмейтiнiне сiлтеме жасауға құқығы
жоқ. Бұл орайда үшiншi тұлғалар заңды тұлғаға мемлекеттiк тiзiлiмге
енгiзiлген мекен-жайына да, нақты мекен-жайына да почталық және өзге де хат-
хабарлар жiберуге құқылы.
Заңды тұлғаны бiр немесе бiрнеше құрылтайшы құруы мүмкiн. Мүлiктi
меншiктенушiлер не олар уәкiлдiк берген органдар немесе жақтар, ал заң
құжаттарында арнайы көзделген реттерде өзге де заңды тұлғалар заңды
тұлғаның құрылтайшылары бола алады. Бұл орайда, мүлiктi шаруашылық жүргiзу
немесе оралымды басқару құқығымен иеленетiн заңды тұлғалар меншiк иесiнiң
немесе ол уәкiлдiк берген органның келiсiмiмен басқа заңды тұлғалардың
құрылтайшылары бола алады. Заңды тұлғаның құрылтайшылары, Қазақстан
Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, осы заңды
тұлғаның құрылтайшылары болып табылмайтын оның басқа қатысушыларынан қандай
да бiр артықшылықтарға ие бола алмайды. [8]
Егер Азаматтық Кодексте және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде
өзгеше көзделмесе, заңды тұлға өз қызметiн жарғысы және құрылтай шарты
негiзiнде, немесе eгep заңды тұлғаны бiр тұлға құрған болса, жарғысы және
заңды тұлға құру туралы жазбаша түрде ресiмделген шешiмi (жалғыз
құрылтайшының шешiмi) негiзiнде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының
заң актiлерiнде көзделген жағдайларда, коммерциялық ұйым болып табылмайтын
заңды тұлға ұйымдардың осы түрi жөнiндегi жалпы ережелер негiзiнде iс-
әрекет жасай алады. Шағын, орта және ірі кәсiпкерлiк субъектiсi болып
табылатын заңды тұлға өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi
мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады. Заңды
тұлғаның құрылтай шарты жасалады, ал жарғысын құрылтайшылары бекiтедi. Егер
коммерциялық ұйымның құрылтайшысы бiр адам болса, құрылтай шарты
жасалмайды. Коммерциялық емес ұйым мен мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтай
құжаттарында заңды тұлға қызметiнiң мәнi мен мақсаты белгiленуге тиiс.
Шаруашылық серiктестiгi, акционерлiк қоғамы мен өндiрiстiк кооперативтiң
құрылтай құжаттарында олардың қызметiнiң мәнi мен мақсаттары көзделуi
мүмкiн. Құрылтай шартында тараптар (құрылтайшылар) заңды тұлға құруға
мiндеттенедi, оны құру жөнiндегi бiрлескен қызмет тәртiбiн, оның меншiгiне
(оралымды басқаруына) өз мүлкiн беру және оның қызметiне қатысу ережелерiн
белгiлейдi. Егер осы Кодексте немесе заңды тұлғалардың жекелеген түрлерi
туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, шартта құрылтайшылар арасында
таза табысты бөлудiң, заңды тұлға қызметiн басқарудың, оның құрамынан
құрылтайшылардың шығуының шарттары мен тәртiбi де белгiленедi және оның
жарғысы бекiтiледi. Құрылтай шартына құрылтайшылардың келiсуi бойынша басқа
да ережелер енгiзiлуi мүмкiн. Жалғыз құрылтайшының шешiмi мүлiктердi
меншiкке беру (шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару) шарттарын және
Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де шешiмдердi
қамтуға тиiс. Жалғыз құрылтайшының - заңды тұлғаның шешiмiн Қазақстан
Республикасының заңдарына және осы заңды тұлғаның жарғысына сәйкес оның
осындай шешiм қабылдауға құқығы бар органдары қабылдайды. Заңды тұлғаның
жарғысында: онда оның атауы, тұрғылықты орны, оның органдарын құру тәртiбi
және олардың құзыретi, оның қызметiн қайта құру мен тоқтату ережелерi
белгiленедi. Егер заңды тұлғаны бiр адам құрса, онда оның жарғысында
мүлiктi құру және кiрiстердi бөлу тәртiбi де белгiленедi. Жарғыда заңдарға
қайшы келмейтiн басқа да ережелер болуы мүмкiн. Бiр заңды тұлғаның құрылтай
шарты мен жарғысы арасында қайшылықтар болған жағдайда:
1) егер олар құрылтайшылардың iшкi қатынастарына қатысты болса,
құрылтай шартының;
2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшiншi тұлғалармен
қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелерi қолдануға тиiс. [15]
Барлық мүдделi адамдар заңды тұлғаның жарғысымен танысуға құқылы.
 Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N221 Заңы жеке және
заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру
және қорғау мақсатында олардың өтiнiштерiн беру мен қарауға байланысты
қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан
Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының  Конституциясына
негiзделедi, аталған Заңнан және Қазақстан Республикасының  өзге де  
нормативтiк   құқықтық   актiлерiнен тұрады. 
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы
Заңда белгiленгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың
ережелерi қолданылады.
Көрсетілген Заңның күшi өтiнiштер берген жеке және заңды тұлғаларға,
өтiнiштердi қарайтын субъектiлер мен лауазымды тұлғаларға қолданылады.
Заңның күшi қарау тәртiбi Қазақстан Республикасының  әкiмшiлiк құқық
бұзушылық,   қылмыстық iс жүргiзу,   азаматтық iс жүргiзу туралы
заңнамасында белгiленген жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне
қолданылмайды.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе,
мемлекеттiк тапсырыс және (немесе) мемлекеттiк сатып алу шарттарына сәйкес
тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) ұсынатын заңды тұлғалар
осы  Заңға сәйкес аталған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi)
ұсыну мәселелерi бойынша өтiнiштердi қарайды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан
Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес
жауаптылыққа әкеп соғады. [4]
 Заңды тұлғаның өтінімін қарастыру үшін қажетті негізгі құжаттардың ең
аз тізбесі:
1. Заемшының Кепіл берушілердің Кепілгерлердің қол үлгісі қойылған
және мөр бедері бар карточка (егер Заемшы Кепіл беруші Кепілгер
заңды тұлға болса).
2. СТН куәлігі.
3. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу қайта тіркеу туралы куәлік.
4. Құрылтай шарты.
5. Жарғы, барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге, тіркеуші
органның заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу қайта тіркеу туралы
белгісімен.
6. Бірінші басшыны сайлау тағайындау туралы құжаттар және немесе
бірінші басшының міндетін атқаратын өзге тұлғаға бұйрық, Заемшының
және Кепіл берушінің (Кепілгердің) атынан барлық (жекелеген)
құжаттарға қол қою құқығы бар тұлғаға сенімхат.
7. Бірінші басшыны сайлау туралы шешім қабылдаған заңды тұлғаның
органын (органдарын) сайлаутағайындау туралы құжаттар (акция
ұстаушылар тізілімінен үзінді), Директорлар кеңесін сайлау туралы
акционерлердің жалпы жиналысының шешімі, акционерлердің жалпы
жиналысының қатысушылардың директорлар кеңесінің алқалық атқарушы
орган жалғыз атқарушы орган сайлау туралы шешімі.
8. Заемшының жарғылық капиталындағы үлесті иеленушілердің барлығы
туралы ақпаратты ашатын, жарғылық капиталдағы Заемшы қарапайым
акцияларының он және одан артық пайызынан бастап қарапайым
акцияларға түпкілікті иелік етушілерге дейінгі    Заемшының
қарапайым акцияларының он және одан артық пайызына иелік етуші
акция ұстаушылар тізілімі.
9. Егер Заемшының айналысатын қызметіне лицензия талап етілетін болса,
уәкілетті мемлекеттік органнан берілетін лицензия.
10. Банктік заем тарту және қамтамасыз ету кепілін беру туралы заңды
тұлғаның уәкілетті органының шешімі.
11. Заемшының салықтық төлем бойынша, міндетті зейнетақылық жарналар
мен әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ (бар) екендігі туралы
салық қызметі органының анықтамасы жәненемесе Заемшының салықтық
төлемдер мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша
берешегі жоқ (бар) екендігін растайтын (Банктің уәкілетті органы
кредит алуға өтінімді қарастыратын күнге дейінгі) салық қызметі
органдарының салыстырмалы тексеру актісі.
12. Қызмет көрсетуші банктерден берілетін анықтама: 1) несиелік
берешегі бар немесе жоқ екендігі туралы (Банктің фирмалық
бланкінде),  №2 картотека; 2) теңгемен және шетел валютасымен
ашылған ағымдағы шоттары бойынша соңғы жылдағы орташа айлық айналым
туралы; егер Клиентке Банктен қызмет көрсетілетін болса, бұл
ақпаратты Кредит беру қызметінің сұратуы бойынша шот менеджері
әзірлейді.
13. Бірінші басшының немесе бұйрық бойынша бірінші басшының міндетін
атқарушы тұлғаның; бас бухгалтердің; заңды тұлғаның мүддесін
білдіруші тұлғаның, оның ішінде ақшамен жәненемесе өзге мүлікпен
операция жасау туралы құжаттарға қол қоюға заңдық құқығы бар
тұлғаның; заңды тұлға болып табылатын  Заемшының Кепіл берушінің
Кепілгердің қатысу үлесінің немесе акцияларының 10 %-н және одан
артық мөлшерін меншіктенуші заңды тұлға - Заемшының Кепіл
берушінің Кепілгердің (акционерлік қоғамдардың, сондай-ақ
шаруашылық серіктестікке қатысушылар тізілімін жүргізуді бағалы
қағазды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу қызметін іске асыру
туралы лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушысы
іске асыратын шаруашылық серкітестіктері құрылтайшыларының
құжаттарын қоспағанда) жеке басын куәландыратын құжаты және салық
төлеушінің куәлігі.
14. Бухгалтерлік есеп берудің жаңа Стандарттары бойынша кейінгі жыл
үшін берілетін бухгалтерлік және қаржылық есептеме (табыс туралы
мағлұмдама, баланс, кіріс және шығыс туралы есеп, ақша айналымы,
т.б.).
15. Ресми дебиторлық берешекті және кредиторлық берешекті пайда болған,
өтелген күндерін, пайда болу себебін көрсете отырып, таратып жазу.
Баланстың басқа баптарын таратып жазу.
16. Жарғылық капитал төлемін (жарнасын) растайтын құжаттар.
17. Ұсынылатын қамтамасыз ету кепіліне құқық белгілеуші
сәйкестендіруші құжаттар. Қамтамасыз ету кепілі ретінде ұсынылатын
мүлікті бағалау туралы лицензиясы бар, тәуелсіз бағалаушының есебі
(актісі).
18. Бірлескен ортақ меншіктегі мүлікті кепілге қоюға және соттан тыс
жолмен сатуға жасы кәмелетке жеткен меншік иелерінің қосалқы
меншік иелерінің келісімі.
19. Қамқоршылық және қорғаушылық органдарының мүлікті кепілге беруге
және иеліктен шығаруға рұқсаты (егер мүлікті қосалқы
меншіктенушілер жасы кәмелетке жетпегендер және сот арқылы іс-
әрекет жасауға қабілетсіз (іс-әрекет жасауға қабілеті шектеулі) деп
танылғандар болса).
20. Кепіл берушінің Заемшының қатысу үлесінің немесе акцияларының 10 %-
н және одан артық мөлшерін меншіктенуші болып табылатын заңды
тұлғаның мемлекеттік тіркелуін растайтын құжат (акционерлік
қоғамдардың, сондай-ақ шаруашылық серіктестікке қатысушылар
тізілімін жүргізуді бағалы қағазды ұстаушылар тізілімі жүйесін
жүргізу қызметін іске асыру туралы лицензиясы бар бағалы қағаздар
нарығының кәсіпқой қатысушысы іске асыратын шаруашылық
серкітестіктері құрылтайшыларының құжаттарын қоспағанда). ЖСН-ге
БСН-ге көшу туралы ҚР заңнамасының талабы күшіне енгізілетін сәтке
дейін салық төлемі туралы куәлікті және  ЖСН БСН берілгенін
растайтын құжаттарды (бар болса) тапсыру талап етіледі; ЖСН-ге БСН-
ге көшу туралы ҚР заңнамасының талабы күшіне енгізілгеннен кейін
ЖСН БСН берілгенін растайтын құжаттарды тапсыру талап етіледі.
[6]
Батыс Қазақстан облысында биылғы 1 ақпанға дейін 6918 заңды тұлға
тіркелді, соның ішінде адам саны елуден аспайтындары - 6283.  
Облыстық статистика департаментінің мәліметтері бойынша қызмет
жасайтын заңды тұлға 5454 болса, соның 4831-і - шағын кәсіпорындар.
Ең көп заңды тұлға сауда, автомобиль мен мотоцикл жөндеу саласында
тіркеліп отыр, бұлардың үлесі - 24,3 пайыз. Сондай-ақ құрылыс (16 пайыз) -
екінші, білім беру (9,3 пайыз) үшінші орында. Осы үш сала барлық тіркелген
заңды тұлғалардың 49,6 пайызын құрайды.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың
филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) мемлекеттік
қызмет стандартына 3-қосымшана (15.12.2009ж. № 2121) сәйкес заңды тұлғаның
филиалы немесе өкілдігіне қажетті құжаттар:
- есептік тіркеу туралы өтініш (белгіленген нысанда);
- ереже (заңды тұлға органы бекіткен филиал (өкілдік) туралы);
- сенімхат (филиал (өкілдік) басшысына заңды тұлға органы берген);
- шешім (заңды тұлғаның мөрімен бекітілген филиал (өкілдік) құру
туралы шешімінен);
- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
- салық төлеушіні тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
- заңды тұлға жарғысының (ережесінің) көшірмесі немесе өз қызметін
үлгі жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаның тіркеу (қайта
тіркеу) туралы өтінішінің көшірмесі;
- орналасқан жерін растайтын құжат;
- түбіртек немесе құжат (заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және
филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін бюджетке алым
төленгенін растайтын);
- заңды тұлға филиалы немесе өкілдігі басшысының жеке басын
куәландыратын құжаттар мен салық төлеуші куәлігінің көшірмелері.
Мерзімі: ШКС филиалы немесе өкілдігі -5 жұмыс күні; өзгелері- 11 жұмыс
күні.
Алым ставкалары: ШКС филиалы немесе өкілдігі- 2 АЕК; өзгелері- 6,5 АЕК.
Мемлекеттік қайта тіркеуге қажетті құжаттар:
а) атауын өзгерту
• есептік қайта тіркеу туралы өтініш (белгіленген нысанда);
• шешім немесе үзінді (заңды тұлғаның мөрімен бекітілген заңды тұлғаның
өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы шешімінен);
• өзгерістер мен толықтырулар енгізілген ереже (заңды тұлғамен
бекітілген, мемлекеттік және орыс тілдерінде 3 данада, бұл ретте
өзгерістер мен толықтырулар енгізу екі тәсілмен ресімделуі мүмкін:
құрылтай құжаттарын жаңа редакцияда жасау не өзгерістерді
(толықтыруларды) бұрынғы құрылтай құжаттарына қосымша түрінде ресімдеу
жолымен);
• құрылтай құжаттардың түпнұсқалары;
• түбіртек немесе құжат (заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және
филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркегені үшін бюджетке алым
төленгенін растайтын);
• филиал немесе өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің
түпнұсқасы;
• салық төлеушінің тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
• сенімхат (құжаттарды үшінші жақпен тапсырғанда);
• филиалдың және өкілдіктің орналасқан жері өзгерген жағдайда, бір
мезгілде тіркеуші органға орналасқан жерін куәландыратын құжат
ұсынылады;
• заңды тұлға филиалы немесе өкілдігі басшысының жеке басын
куәландыратын құжаттар мен салық төлеуші куәлігінің көшірмелері.
Мерзімі: ШКС филиалы немесе өкілдігі-5 жұмыс күні; өзгелері-11 жұмыс
күні.
Алым ставкалары: ШКС филиалы немесе өкілдігі-2 АЕК; өзгелері-6,5 АЕК. [5]
Заңды тұлғаның қызметін тоқтатқанын тіркеу үшін Халыққа қызмет көрсету
орталықтарына мынадай құжаттар:
1.  тіркеу органы бекіткен үлгідегі өтініш;
2.    заңды тұлға мүлкi меншiк иесiнiң немесе меншiк иесi уәкiлеттiк
берген органның не оған заңды тұлғаның мөрi басылған құрылтай құжаттарымен
уәкiлеттiк берген заңды тұлға органының шешiмi;
3.    құрылтай құжаттары, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы
куәлiк пен статистикалық карточка;
4.    заңды тұлғаның таратылуы, кредиторлар қойған талаптарды
мәлiмдеудiң тәртiбi мен мерзiмдерi туралы баспасөз басылымдарында
ақпараттың жарияланғанын растайтын құжат;
5.    таратылатын заңды тұлға мүлкiнiң құрамы, кредиторлар мәлiмдеген
талаптардың тiзбесi туралы мәлiметтер қамтылған аралық тарату балансы,
сондай-ақ оларды қарау нәтижелерi;
6.    тарату балансы;
7.    заңды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлға туралы мәлімет
Тұлға, мемлекет және құқықты қарастырып зерттеу
Қоғамдық қор
Қылмыстың арнайы субъектісі
Білім беру мекемелеріндегі кәсіпкерлік қызмет пәні бойынша дәрістер
Кәсiпкерлiк қызметінің ұйымдастыру нысандары құқықтық түрлері
Рим азаматтардың құқықтық жағдайы
Қылмыс субъектісінің ұғымы мен белгілері
Заңды тұлғаларды құру және олардың құқықтық әрекет ету негіздері
Заңды тұлға туралы түсінік
Пәндер