Мұнай



Кiрiспе 2
Мұнайдағы химиялық элементтер мен қоспалар 3
Көмiрсутек қоспалары 4
Гетерогендi қоспалар 4
Мұнай туындылары 5
Мұнайдың физикалық қасиеттерi 6
Мұнай пайда болуының негiзгi концепциялары 8
Органикалық концепция 8
Бейорганикалық концепция 10
Мұнай өндіру 12
Мұнайды өңдеуден алынған өнімдердi пайдалану 14
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер 16
Кiрiспе

Ғылыми-техникалық прогресс және әлемдiк шаруашылықтардың әр түрлi салаларының 19-20 ғасырларда өте жоғары қарқында дамуы әр түрлi пайдалы қазбалардың көп мөлшерде қолданылуына жағдай туғызды. Солардың iшiнде мұнай ерекше орын алады.
Мұнайды Евфрат жағасында бiздiң эрамызға дейiнгi 4-6 мың жылдар бұрын таба бастады. Мұнай сонымен қатар дәрi ретiнде де қолданылған. Ежелгi египеттiктер асфальтты (қышқылданған мұнайды) өлi денелердi бальзамдауға пайдаланған. Мұнайлық битумдар құрылыстық ертiндiлердi жасауға қолданылған. Мұнай «гректiк от» құрамына енген. Орта ғасырда мұнай Таяу Шығыста, Оңтүстiк Италияда қалаларды жарықтандыруға қолданылған. 19 ғасырдың басында Ресейде, орта кезiнде Америкада мұнайды айдау жолымен керосин алынған. Ол шамдарда қолданылды. 19 ғасырдың орта кезiне дейiн мұнай өзiнiң жерге жақын жатқан жерiнен терең құдық қазу арқылы аз көлемде алынып отырды. Бу, содан кейiн дизель және бензин двигательдарын ойлап тапқаннан кейiн мұнай өндіру өндірiсi кеңiнен дами бастады.
Мұнай – ол өзiне тән иiсi бар, жасыл немесе қоңыр түстi, кейде тiптi қара немесе кей жағдайда түссiз болатын майлы жанғыш сұйық.
Қолданылған әдебиеттер

1. Судо М.М. Нефть и горючие газы в современном мире. М.: Недра. 1984.
2. Химия. Школьный иллюстрированный справочник. М.: Росмэн. 1995.
3. Рудзитис Г.Е., Фельдман Ф.Г. Органическая химия: учебник для 10 кл.сред. школы. М.: Просвещение. 1991.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кiрiспе 2
Мұнайдағы химиялық элементтер мен қоспалар 3
Көмiрсутек қоспалары 4
Гетерогендi қоспалар 4
Мұнай туындылары 5
Мұнайдың физикалық қасиеттерi 6
Мұнай пайда болуының негiзгi концепциялары 8
Органикалық концепция 8
Бейорганикалық концепция 10
Мұнай өндіру 12
Мұнайды өңдеуден алынған өнімдердi пайдалану 14
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер 16

Кiрiспе

Ғылыми-техникалық прогресс және әлемдiк шаруашылықтардың әр түрлi
салаларының 19-20 ғасырларда өте жоғары қарқында дамуы әр түрлi пайдалы
қазбалардың көп мөлшерде қолданылуына жағдай туғызды. Солардың iшiнде мұнай
ерекше орын алады.
Мұнайды Евфрат жағасында бiздiң эрамызға дейiнгi 4-6 мың жылдар бұрын
таба бастады. Мұнай сонымен қатар дәрi ретiнде де қолданылған. Ежелгi
египеттiктер асфальтты (қышқылданған мұнайды) өлi денелердi бальзамдауға
пайдаланған. Мұнайлық битумдар құрылыстық ертiндiлердi жасауға қолданылған.
Мұнай гректiк от құрамына енген. Орта ғасырда мұнай Таяу Шығыста,
Оңтүстiк Италияда қалаларды жарықтандыруға қолданылған. 19 ғасырдың
басында Ресейде, орта кезiнде Америкада мұнайды айдау жолымен керосин
алынған. Ол шамдарда қолданылды. 19 ғасырдың орта кезiне дейiн мұнай
өзiнiң жерге жақын жатқан жерiнен терең құдық қазу арқылы аз көлемде алынып
отырды. Бу, содан кейiн дизель және бензин двигательдарын ойлап тапқаннан
кейiн мұнай өндіру өндірiсi кеңiнен дами бастады.
Мұнай – ол өзiне тән иiсi бар, жасыл немесе қоңыр түстi, кейде тiптi
қара немесе кей жағдайда түссiз болатын майлы жанғыш сұйық.

Мұнайдағы химиялық элементтер мен қоспалар

Мұнай негiзiнен 79,5 – 87,5% көмiртегiнен және 11,0-14,5% сутегiнен
тұрады. Олармен қатар мұнайда басқа да үш элементтер бар: күкiрт, оттегi
және азот. Олардың жалпы қосындысы мұнай салмағының 0,5-8%-тін құрайды.
Сонымен қатар мұнайда аз концентрацияда басқа да элементтер кездеседi:
ванадий, никель, темiр, алюминий, мыс, магний, барий, стронций, марганец,
хром, кобальт, молибден, бор, мышьяк, калий және т.б. Олардың барлығының
қосындысы мұнай салмағының 0,02-0,03 %-тін құрайды. Аталған элементтер
органикалық және неорганикалық қосындыларды қалыптастырады. Оттегi мен азот
мұнайда тек қана қосылған қалыпта кездеседi. Күкiрт еркiн қалыпта немесе
күкiрттегi құрамында болуы мүмкiн.

Көмiрсутек қоспалары

Мұнай құрамына 425 шамамен көмірсутек қоспалары кiредi. Табиғи
жағдайда мұнай метандық, нафтендiк және хош иiстi көмірсутек қоспаларынан
тұрады. Көмірсутектiк құрамына байланысты мұнай былай бөлінедi:
1) метанды-нафтендiк, 2) нафтендi-метандық, 3) хош иiстi-нафтендiк, 4)
нафтендi-хош иiстiк, 5) хош иiстi-метандық, 6) метанды-хош иiстiк және 7)
метанды-хош иiстi-нафтендiк.
Бұл классификацияда ең алдымен мұнайдың құрамында аз болатын
көмірсутегiнiң аты тұрады.
Мұнай құрамында сонымен қатар қатты және газ түрдегi ертiлген
көміртегiнiң аз бөлiгi болады. Қатпарлы жағдайда 1т мұнайда ертiлген
кубометрдегi табиғи газдың саны газдық фактор деп аталады.
Мұнайлық газдарда метан және оның газ түрдегi гомологтарынан басқа
пентан, гексан және гептан парлары болады.

Гетерогендi қоспалар
Мұнайда көмірсутегiмен қатар химиялық қоспалар кластары болады.
Жалпы бұл кластарды гетерогендi қоспалар тобына қосады. (грек. тiлiнде
,,гетерос,, - басқа).
Мұнайда сонымен қатар 380 жуық көмірсутек ядроларына күкiрт, азот
және оттегi элементтерi қосылған қүрделi гетерогендi қоспалар болады.
Аталған қоспалардың көбiсi күкiрттi қоспалар класы – меркаптандарға жатады.
Бұлар жағымсыз иiсi бар өте әлсiз қышқылдар. Маталдармен бiрге олар тұз
тәрiздес қоспалар – меркаптидтердi қалыптастырады. Мұнайда меркаптандар
көмірсутек радикалдарына қосылған SH қоспалары түрiнде болып келедi.
Меркаптандар құбырларды және бұрғылау жабдығының металдық
құрылымдарын бүлдіреді, тоздырады.
Мұнайда көмірсутек емес қоспалардың басты массасын асфальтты-шайырлық
компоненттер құрайды. Бұлар құрамында көміртегi және сутегiнен басқа
оттегi, азот және күкiрт болатын қара түстi боялған заттар. Олар шайыр
және асфальтендер түрiнде болады. Шайырлы заттар мұнайдағы оттегiнiң 93%-
тін құрайды. Оттегi мұнайда қосылған жағдайда және нафтендiк қышқыл
(шамамен 6%) - CnH2n-1 (COOH), фенол (1% - тен көп емес) – C6H5OH, сонымен
қатар майлы қышқылдар және олардың туындылары C6H5O6 құрамында кездеседi.
Мұнай құрамында азот 1% көп болмайды. Оның негiзгi массасы шайырда болады.
Мұнайда шайыр мұнай салмағының 60%, ал асфальтендер -16%- тін құрайды.
Асфальтендер қара қатты зат болып келедi. Құрамы бойынша шайырға
ұқсас, бiрақ басқа элементтер қарым-қатынасымен сипатталады. Олар құрамында
көп мөлшерде темiр, ванадия, никель және басқалардың болуымен ерекшеленедi.
Егер шайырлар барлық топтардың көмірсутек сұйықтарында ерiсе, асфальтендер
метандық көмірсутекте ерiмейдi, нафтендiк көмірсутекте бiртiндеп еридi, ал
хош иiстi көмірсутекте жақсы еридi. ,,Ақ,, мұнай құрамында шайырлар аз
мөлшерде болады, ал асфальтендер мүлдем болмайды.

Мұнай туындылары

1888 жылы барлық жанғыш қазбаларды каустобиолиттер деп атау ұсынылды.
Олар екi топқа бөлінедi: көмірлер және битумдар. Битумдарға (лат. тiлiнде
Bitumen - ,,битумен,, - шайыр) мұнайды және жанғыш газдарды, сонымен қатар
мұнайға жақын қатты заттарды жатқызды. Мұнай туындылары екiге бөлінедi.
Бiрi нафтенi негiзіндегi мұнайды өзгертуге бiртiндеп қосылатын өнімдер –
асфальты қатардағы минералдарды бiрiктiредi. Екiншiсiне парафиндi
негiзіндегi мұнайды өзгертуге бiртiндеп қосылатын өнімдер – парафин
қатарындағы минералдар жатады. Нафтен негiзіндегi мұнайды өзгертетiн
өнімдер үш топқа бөлінедi: асфальттар тобы, асфальтиптер және кериттер
тобы. Бiрiншi топқа мальттер мен асфальттар жатады. Мальттер – бұл қара,
өте қою шайырлы мұнай. Олар күкiрт пен оттегiне бай. Асфальттар қою-қара
немесе сұйық қара, аздап эластикалық немесе қатты аморфты заттар.
Асфальтиптер асфальттардай үлкен қаттылығымен, нәзіктiгiмен және шайыр-
асфальттық компоненттерiнiң қоспаларымен ерекшеленедi. Мальттер,
асфальттар, асфальтиптер толығымен органикалық ертiндiлерде еридi. Бұларға
қарағанда кериттер (мұнайлық көмірлер) органикалық ертiндiлерде
сұйықталмайды және ерiмейдi.
Парафин негiзіндегi мұнайды өзгертетiн негiзгi өнімдер –
озокериттер. Бұл – балауыз тәрiздi тығыздығы бiрден кем зат. Олар
бензинде, бензолда, скипидарда және күкiрткөміртегiнде жақсы еридi. Олар
тез тұтанады және ашық жалынмен жалындап, жақсы жанады. Озокерит – С20 –
С30 аралығындағы алкандар қоспасы. Екiншi компоненттер майлар, шайырлар
және асфальтендер түрiнде болып келедi.

Мұнайдың физикалық қасиеттерi

Мұнайдың әлемге жайылған жылу тасымалдағыш қасиетiнен кейiнгi
ерекшелiгi оның жанған кезде бiршама жылу бөлетiндiгi. Мұнай және оның
туындылары барлық жанармайлар арасында жанған кезде ең көп жылу беретiндер
болып табылады. Мұнайдың жану жылуы – 41МДжкг, бензин – 42МДжкг. Мұнайдың
басты кәрсеткiшi болып оның қайнау температурасы болып келедi, ол мұнай
құрамына енген көмірсутек құрылымына байланысты және 500 – тан 5500С
аралығында болады.
Мұнай басқа сұйықтар сияқты белгiлi бiр температурада қайнап, газ
күйге айналады. Мұнайдың әр түрлi компоненттерi әр түрлi температура
аралығында газ күйге кәшедi. Мысалы, метанның қайнау температурасы –
161,50С, этанның - 880С, бутанның -0,50С, пентанның - 36,10С. Жеңiл
мұнайлар 50-1000С аралығында, ал ауыр мұнайлар 1000С -тан жоғары
температурада қайнайды.
Көмірсутектердiң қайнау температурасының айырмашылығы мұнайды
температура фракциясына бөлуге қолданылады. Мұнайды 180-2000С дейiн
қыздырғанда бензиндiк фракциялы көмірсутектер, 200-2500С – та – лигроиндық,
250-3150С-та – керосиндi-газдық, ал 315-3500С майлы фракциялы көмірсутектер
қайнайды. Тұнбалары гудронды түрде болады. Бензиндiк және лигроиндi
фракцияларға құрамында 6-10 көміртек атомы бар көмірсутектер жатады.
Керосиндiк фракция құрамы С11 - С13, ал газдық - С14 - С17 және с.с.
көмірсутектерден тұрады.
Мұнайдың тағы бiр қасиетi - көмірсутектi газдарды ерiткiштiгi. 1м3
мұнайда 400м3 дейiн жанғыш газдар ери алады. Мұнай мен табиғи газдардың
суда қандай жағдайда еритiндiгiн анықтаудың маңызы өте зор. Мұнайлық
көмірсутектер суда көп ерiмейдi. Мұнайлар тығыздығы бойынша ажыратылады.
200С-тан әлшенген мұнайдың тығыздығы 40С өлшенген судың тығыздығына
қарағанда салыстырмалы деп аталады. Салыстырмалы тығыздығы 0,85 мұнайлар
жеңiл, салыстырмалы тығыздығы 0,85-тен 0,90 аралығындағылар – орташа, ал
салыстырмалы тығыздығы 0,90-нан жоғары мұнайлар ауыр мұнайлар деп аталады.
Ауыр мұнайлардың құрамында негiзiнен циклдiк көмірсутектер болады. Мұнайдың
түсi оның тығыздығына байланысты: ақ мұнайлардың тығыздығы қара мұнайлардың
тығыздығына қарағанда аз болады. Мұнайда неғұрлым шайыр мен асфальтендер
көп болса, соғұрлым оның тығыздығы көп болады. Мұнай өндіргенде оның
тұтқырлығын бiлу қажет. Тұтқырлық динамикалық және кинематикалық болып
келедi. Динамикалық тұтқырлық деп – сұйықтықтың жеке бәлшектерiнiң жалпы
ағынның қозғалысына iшкi кедергiсiн атайды. Жеңiл мұнайларда ауыр
мұнайларға қарағанда тұтқырлық аз болады. өндiргенде және әрi қарай
тасымалдағанда ауыр мұнайлар қыздырылады. Кинематикалық тұтқырлық деп –
динамикалық тұтқырлықтың ортаның тығыздығына қатынасын айтамыз. Мұнайдың
беттiк тартылуын бiлгеннiң маңызы зор. Мұнай мен су қосылған кезде олардың
арасында қатты мембрана тәрiздi бет пайда болады. Капиллярлық құбылыс
мұнайды өндіруде қолданылады. Мұнайға қарағанда су мен тау жыныстарының
арасындағы байланыс күшi көп. Сондықтан су мұнайды кiшкентай және үлкен
тесiктер арасынан итерiп шыға алады. Жер қыртыстарынан мұнайды мол өндіру
үшiн арнайы беткi-активтi заттар (БАЗ) қолданылады. Мұнайлардың оптикалық
қасиеттерi бiрдей емес. Ультракөгiлдiр сәуле әсерiн мұнай жарқырай алады.
Мысалы: жеңiл мұнайлар көгiлдiр түстi, ауыр - қоңыр және сары-қоңыр. Бұл
әдiс мұнайды iздегенде қолданылады. Мұнай диэлектр болып келедi және
жоғары өзіндiк кедергiсi бар. Мұнайлы қыртыстарда жасырын бұрғылау
құбырларын кескiндi орнықтырудың электрометрлiк әдiсi осыған негiзделiнген.

Мұнай пайда болуының негiзгi концепциялары

Мұнай пайда болуының екi қағидасы бар: биогендiк және абиогендiк.
Бiрiншiлер, органиктер (Мұнай миллион жылдар бұрын әмiр сүрген жануарлар
мен өсімдiк организмдерiнiң терең өзгеруiнiң нәтижесiнде жер қыртысының
тұнбалық қабында пайда болған( деп есептейдi. Басқалар, бейорганиктер
(Мұнай жер қыртысында, мантияда, бейорганикалық жолдармен қалыптасқан( деп
дәлелдейдi. Осы сұраққа жауап басқа сұраққа жауап бередi: қандай белгiлi
нүктелерде мұнай қалыптасады?

Органикалық концепция

Органикалық концепция М.В. Ломоносовтың мұнай туралы еңбегi
жазылғаннан кейiн дами бастады. Ол былай деп жазды: ,,Барлық жер асты
материаялдарының өсiмдiк заттар шыққанның олардың жеңiл болғандығынан
сене аламыз,,. Сонымен қатар органикалық концепцияның жақтаушыларының
арасында ,,мұнайдың пайда болуына не әсер етедi: өсімдiк пе, әлде жануарлар
ма?,, - деген пiкiрлер туды. Сонымен әрi өсімдiк, әрi жануарлар дегендер
жеңдi. Пiкiрталастың бiрi сонымен қатар мұнайдың шығытан көзі туралы
болды. Кейбiр ғалымдар (Мұнай қай жерде қалыптасса, сол жерде жатады( деп
есептедi, ал басқалары (Мұнай бiр жерде қалыптасса, басқа жерде жиналады(
деп есептедi. Сонымен екiншi көзқарас иелерi жеңдi.
Органикалық концепция өзiнiң даму барысында геологиялық зерттеулерге
сүйенедi. Белгiлi жиналған мұнайлардың 99,9%-і тұнбалық болып келедi.
Сондықтан ғалымдардың айтуынша, мұнай тұнба жиналу процесiнiң өнімi болып
келедi. (Мұнай тұнбалар өткізбес жыныстармен қоршалған өткізгіш жыныстар
линзаларында болады( деп белгiлеген.
Тұнбалық жыныстарды зерттеу нәтижелерi өте қызықты болып шықты.
Мысалы: топырақта органикалық заттар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маңғыстау мұнай-газ кешенінің даму кезеңдері.Қазақстан мұнай-газ кешенінің келешектегі болжамы
Мұнай алабын игеру тәсілі
Мұнай мен табиғи газды игеру
Қазақстан Республикасының мұнай-газ бизнесіндегі мұнай нарығының жағдайын талдау
Дағдарыс жағдайында мұнай өнімдері нарығының жағдайы мен даму болашағын талдау
Мұнай сферасындағы маркетинг
Мұнай және мұнай өнімдерінің биологиялық әсері
Мұнайды магистралдық құбырлармен тасымалдау
Қазақстан мұнай-газ ресурстарының тиімділігін арттыруды көтерудің негізгі жолдары
Мұнай жобаларын маркетингілік талдау
Пәндер