Этнопедагогика пәнінің лекция курсы



Белгілі бір этнос адамдардың жан дүниесіндегі мінез-құлық, сана-сезім мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр ерекшелігі ұрпақтан-ұрпаққа ана тілі арқылы жетеді.
Ұлттық сана-сезімнің өсуі мен өтуі, бір жағынан, ана тілдің тағдырын анықтаса, екінші жағынан, ана тілдің даму дәрежесі ұлттық сана сезім деңгейінің өлшеуіші болып есептеледі.
Ұлттық тәлім-тәрбиені (этнопедагогиканы) іске асыратын ұлттық тіл (этнолингвистика), ал оның ішкі жан дүниесімен, сана сезіммен байланысты (этнопсихология) жүргізіледі.
Этнолингвистика – тілді этносқа қатысы жағынан зерттесе, психолингвистика – оны адам психологиясына, ал социолингвистика – қоғам дамуына қатысы тұрғысынан қарастырады.
Этнолингвистика- ғылымы мына ғылымдармен тығыз байланысты:
1.Фольклористика
2.Этнология
3.Культурология
4.Мифология
Себебі, бұлардың қай-қайсысы болсын, этнос табиғатын ашуға қызмет етеді және олардың зерттеу нысанасы (обьектісі) да ортақ.
Мысалы, диалектология - этностың жергілікті сөйлеу ерекшелігін, этнология мен фольклористика – этностың әлденеше ғасырға созылған мәдени даму үрдісін, заттық және рухани мәдениетін, салт-дәстүрін зерттесе, мифология- этностың дүниетанымын, сенім-нанымын өзін қоршаған ортаға деген көзқарасын зерттейді.Олай болса, бұлардың бәрі де тікелей этносқа

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
Этнопедагогика пәнінің лекция курсы

Бірінші лекция: Этнопедагогика ғылымы туралы түсінік

Лекцияның жоспары:
1.Этностар мәдениетін зерттеудің ғылыми-әдістемелік негіздері.
2. Этнос туралы ұғым.
3. Халық тәлімінің тарихи кезеңдері және оның сипаты.

1.Этностар мәдениетін зерттеудің ғылыми-әдістемелік негіздері.

Белгілі бір этнос адамдардың жан дүниесіндегі мінез-құлық, сана-сезім
мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр ерекшелігі ұрпақтан-ұрпаққа ана тілі арқылы
жетеді.
Ұлттық сана-сезімнің өсуі мен өтуі, бір жағынан, ана тілдің тағдырын
анықтаса, екінші жағынан, ана тілдің даму дәрежесі ұлттық сана сезім
деңгейінің өлшеуіші болып есептеледі.
Ұлттық тәлім-тәрбиені (этнопедагогиканы) іске асыратын ұлттық тіл
(этнолингвистика), ал оның ішкі жан дүниесімен, сана сезіммен байланысты
(этнопсихология) жүргізіледі.
Этнолингвистика – тілді этносқа қатысы жағынан зерттесе,
психолингвистика – оны адам психологиясына, ал социолингвистика – қоғам
дамуына қатысы тұрғысынан қарастырады.
Этнолингвистика- ғылымы мына ғылымдармен тығыз байланысты:
1.Фольклористика
2.Этнология
3.Культурология
4.Мифология
Себебі, бұлардың қай-қайсысы болсын, этнос табиғатын ашуға қызмет
етеді және олардың зерттеу нысанасы (обьектісі) да ортақ.
Мысалы, диалектология - этностың жергілікті сөйлеу ерекшелігін,
этнология мен фольклористика – этностың әлденеше ғасырға созылған мәдени
даму үрдісін, заттық және рухани мәдениетін, салт-дәстүрін зерттесе,
мифология- этностың дүниетанымын, сенім-нанымын өзін қоршаған ортаға деген
көзқарасын зерттейді.Олай болса, бұлардың бәрі де тікелей этносқа қатысты,
бәрі де этностық ерекшеліктерді сипаттайды.
Ұлт мәдениетін сөз еткенде, тарих, археология,этнология ғылымдармен
қоса, этнопсихолгия, этнопедагогика және және фольклористика ғылымдарының
қағидаларына сүйену қажет.Себебі, өткен замандағы ұлттық мәдени мұралардан
ұлттық психологиялық және этнологиялық (салт-сана, әдет-ғұрып, көзқарас
т.б.) ерекшеліктер айқын сезіліп тұрады.Сол арқылы әр ұлттың өзіне тән
салт-тұрмысы мен тіршілік кәсібін, сана сезімі мен ойлау ерекшелігін
байқауымызға болады.
Ал ұлт мәдениетінің озық үлгілері арқылы жас ұрпақты жан-жақты
жетілген азамат етіп тәрбиелеу - этнопедагогиканың ең өзекті мәселесі
болып табылады.
Қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшелігін ғылыми теориялық
тұрғыда зерттеп, анықтауда диалектикалық философияны басшылыққа алу
қажет.Бұл жерде ұлт мәдениеті мен ұлттық тәлім-тәрбие тарихын салт-сана,
әдет-ғұрып,фольклористика, ұлттық психология мен ұлттық философия
ғылымдарымен тығыз байланыста қарастыру.
Осыған орай, П.В.Плеханов методологиялық мынадай қағидалар ұсынады:
1. Идеялардың жалпы қоғамның әлеуметтік даму процесіне тіуелді
екендігін анықтау.
2. Ғылымның, әлеуметтік психологияның,әдебиеттің, өнердің даму тарихын
қоғамның даму процесімен ұштастыра қарастыру.
3. Тарихтың әр кезеңінде ғылымның даму барысы біркелкі болмайтын және
әр елдің саяси, экономикалық, кәсіби, мәдени, психологиялық өзіндік
ерекшелігін ескеру.

Этнопедагогикалық зерттеулерге мынадай маңызды методологиялық талаптар
қойылады.
1. Деректердің барлық түрін кешенді пайдалану;
2. Кешенді пайдалану арқылы деректердің бір-бірін тексеру және
толықтыру
3. Барлық деректерді салыстыра отырып жинақтау;
4. Деректерді зерттеуде шектес ғылымдардың (антропология,тарих,
этнология, фольклористика, логика, психолгия, социология,
археология) зерттеу әдістерінің жиынтығын кешенді түрде пайдалану;
5. Деректерді талдау және педагогикалық тұрғыда түсіндіру қажет.

2. Этнос туралы ұғым

Этнос гректің-etnos – тайпа, халық деген сөзінен шыққан.Ғылымда халық
терминінің орнына этнос термині қолданыла бастады.Бұл термин этностың
негізгі тарихи түрі тайпа, ұлыс, ұлт ұғымын түгел қамтиды.
Ұлт мәдениетін ғылыми- методологиялық тұрғыдан терең зерттеп, тұңғыш
рет құнды еңбек жазған атақты тарихшы ғалым Лев Гумилев болды.
Лев Гумилев этнос туралы соңғы уақытқа дейін әр түрлі түсінік –
анықтамалардың болғанын анықтады.Айталық біреулер Этнос дегеніміз – шығу
тегі бір халықтар десе, екіншілері этнос –тілдің бірлігіне негізделген
мәдениеттің тууы дейді.Ал үшіншілері этнос- сана-сезімдері бір адамдар
тобы десе, төртіншілері этнос – бір-біріне ұқсас адамдар тобы
дейді.Бесіншілері – этнос белгілі бір қоғамдық формациядағы адамдардың
шартты түрде топтасқан тобы десе, ал алтыншылары этнос – табиғаттың сыйы,
этнос - әлеуметтік категория дейді.
Л.Гумилев кеңестік ғалымдардың этнос жөніндегі көзқарастарын қорыта
келе, үш түрлі көзқарасты бөліп қарастыруды ұсынады:
1.В.А.Анучкин бастаған ғалымдар біріңғай географиялық жағдайда этнос
мүшелерінәің бірлесіп еңбек етуі олардың табиғи тіршілік заңдылығын
туғызды деп қарады.
2.С.А.Токарев, А.Г.Агеев, И.И.Козлов сияқты екінші бір тарихшылар мен
этнографтар тобы этносты адам баласының әлеуметтік бірлестігінен туған
феномен деп қарады.Яғни, олар этностық әлеуметтік өміріне ерекше мән
беріп, олардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескермеді.
3. Ал Л.Гумилев, М.И.Артомонов бастаған үшінші топ адамдардың шығу тегін
зерттеу процесінде материяның қоғамдық және табиғи-диалектикалық даму
заңдылықтарын, механикалық, физикалық, химиялық,биологиялық қозғалу формасы
мен қоғамдық-формациялық даму өзгерістерін кешенді түрде алып қарауды
ұсынды.
Көрнекті тарихшы-этнограф Лев Гумилев Этнос дегеніміз – жер
бетіндегі белгілі бір тіршілік аймағы мен әлеуметтік аймақтың бірлігінде
жатқан, салт-дәстүрі, тұрмыс-құлқы, тілі мен мәдени мұрасы бір халықтар
тобы - деген анықтама берген.

Халық тәлімінің тарихи кезеңдері және оның сипаты

Қазақтың халықтық педагогикасының даму кезеңдері (шартты түрде)

Бірінші дәуір Екінші Үшінші Төртінші Бесінші дәуірАлтыншы Жетінші Сегізі
дәуір дәуір дәуір дәуір дәуір нші
дәуір
Б.д.д тас, қола Б.д.д.7-3 6-9 10-15 ғ.ғ. 15-18 18-ғ-дан 20 1920-19901991 ж
замандары ғ.ғ. Б.д. ғ.ғ. аралығы ғ.ғ.аралығы ғ.ғ 20 ж. ж.ж.аралыкейінг
ғ дейін аралығы дейін ғы і
егемен
ді ел
Алғашқы қауымдық Сақтар менҰлы Араб шығыс Қазақ хандығыҚазақстанныңКеңестік Тәуелс
құрылыс кезіндегіғұндардың Түрік мәдениеті кезіндегі Ресейге дәуірдегііз
тәрбие жауынгерліқағанаторта ғасыр ұлттық қосылу ғылыми Қазақс
к тәрбиесіы ойшылдарының тәлім-тәрбие кезінде педагогиктандағ
кезіндетәлім-тәрбиелкөріністері ұлт-азаттық аның ы
гі ік (жыраулар қозғалысы қалыптасуұлттық
тәлім-той-пікірлері поэзиясындағымен ы тәлім-
әрбие тәлім-тәрбиелағартушылық тәрбие
ік ойлар) нің
өркен
жаюы

1.Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәрбие
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде тапсыз қоғам болды. Мұнда тәрбие жас
пен жыныс ерекшеліктеріне қарай қоғамдық сипат алды. Ұлт балалар садақ
тартуды, ал қыз балалар үй жұмысына араласты.
Тәрбие барлық балаларға бірдей ортақ болды.
Алғашқы адамдар Қазақстан территориясының
Арпаөзен,Қаратау,Қаратау,Тәңірқазға н,Шарбақты және Ұлытау өңірлерінде мекен
еткен.
2. Сақтар мен ғұндар империяларының мәдени- жауынгерлік тәрбие дәстүрлері

Сақтар империясы, шамамен, біздің жыл санауымызға дейінгі 7-3
ғасырлар аралығында қазіргі Орта Азия мен Қазақстан территориясын
мекендеген.
Сақтардың көсемдері Африсиап,Томирис сол кездегі ірі мемлекет
Парсы империясының патшалары Кирге, Дарийге, Александар Македонскийге қарсы
күрес жүргізу барысында әскери көшпелі тұрмысты қалыптастырған.Жылқы
жануарларын өте қатты қадірлеген, мал баққан.Осы тұрмыс тіршіліктерге
байланысты сақтар өз ұрпақтарын дене, еңбек және эстетикалық тәрбие
принциптері негізінде тәрбиелеп өсірген.
Сол замандарда өмір сүрген, Тәңір дінінің негізін салған
данышпан Заратушра сақтар мен парсыларға әлемдегі тұңғыш Авеста кітабын
жазған.Заратушра сол кездің өзінде рухани-танымдық, тәлім-тірбиелік мәнді
ойлар айтқан.
Ғұндар б.д.д. 3-ғасыр мен біздің дәуіріміздің 1-2- ғасырлары
аралығында сақ тайпалары мекендеген территорияның мұрагерлері болды. Ғұндар
металл игерді, мал шаруашылығымен айналысты.
Бірақ, олардың ең негізнгі кәсібі - әскери- жауынгерлік өнер еді.
Олар өздерінің ұрпақтарын ер жүрек, алғыр, епті болуға және зергерлік
бұйымдар жасауға тәрбиеледі.

3.Ұлы Түркі қағанаты және оның тәлімдік- танымдық мұрагерлері.
Ұлы Түркі Қағанаты орта ғасырларда адамзат өркениетінің қалыптасуына
аса зор үлес қосқан, сол дәуірдегі дамыған мемлекет болатын.Қанағаттың
пайда болуы бір-бірінен ыдырап, бөлшектеніп кеткен дала халықтарының,
тайпалардың бастарын қосты, тұрақты мен ғылымы дамыған бүгінгі түркі тектес
халықтарға ортақ мәдениеттің қалыптасуы мен жасалуына зор ықпалын тигізген.
Ұлы Түркі Қағанаты бүгінде Түркия, Қазақстан,
Өзбекстан,Қырғыстан,Түрікменстан,Ре сейдегі-
Татарстан,Башқұрстан,Якутия,Чувашия т.б. Қытайдағы Шығыс Түркістан өлкесі,
Еуропадағы Венгрия басқа да Шығыс Еуропа территориясын мекендеген
халықтардың бастарын қосып, шығысында Алтай таулары, солтүстігінде Сібір
жондары, ал оңтүстігінде бүгінгі Қытай қамалына дейінгі орасан зор
территорияны иеленген.
Белгілі ғалым, Айдаров:
... Орхон ескерткіштерінен Түркі тайпаларының тарихы,
мәдениеті, тілі мен әдебиеті,әдет-ғұрпы, салт-сана жөнінде толып жатқан
деректер табылады...,- деп ұлттық салт-дәстүрлер мен тәлім-тәрбие
жөніндегі маңызды пікірлер тұжырымдайды.
Көне мұралардың ішіндегі бізге кеңірек мәлім болғандары Орхон-
Енисей бойынан бойынан табылған, тасқа Қашап жазылған.6-3 ғ.ғ. ескерткіштер
VI-III ғ.ғ. ескерткіштер: Түркі көсемі Білге Қаған, күлтегін батыр мен
ақылгөй тоныкөк құрметіне қойылған құлыптастар.Оларда Ұлы Түркі Қағанаты
халықтарының тұрмысы мен салты, мәдениеті мен жауынгерлік жортуылдары
айшықты да мәнерлі тілмен өсиет сөз үлгісінде баяндалады.
Ежелгі Түркілердің ауызекі поэзия дәстүрі IX ғасырда ғұмыр кешкен
әнші, әрі сазгер небір тамаша күй шығарған Қорқыт атаның есімін
жеткізді.Қорқыт өзінің жанын жегідей жеген ой-сезімдерін қазалы жанның
үрейін, өлімнен қашып құтылудың амалын қобыздың азалы күйімен, поэзиялық
көркем тілмен баяндайды.Ол эпос үлгісіндегі поэзиялық мұра ретінде біздің
дәуірлерімізге жетті. Онда Сыр бойын мекендеген көшпелі тайпалардың тұрмысы
мен әдет-ғұрпын діни-наным сенімдерін бейнелейтін мәліметтер көптеп
кездеседі.Олар тәлімдік жағынан да аса қызықты дерек болып табылады.

4.Араб-Шығыс мәдениетінің Қазақ даласына тарауы, орта ғасыр оқымыстыларының
тәлімгерлік ой-пікірлері.
IX-X-ғасырларда Ұлы Түркі Қағанаты бірнеше мемлекеттерге бөлініп,
Араб халифаты империясының Орта Азия мен Қазақстан территорияларына
үстемдік жүргізулеріне әкеліп соқты.Арабтар ислам дінің уағыздаумен бірге
ғылым мен білім де келуі нәтижесінде түркі халықтарының ұлы ғалымдары:
Әл-Фараби,Фирдауси,Авиценна, Бируни, Низами, Науаи, Қашқари, Иассауи,
Баласағұн және басқалары араб тілі мәдениетін меңгерді.Оның үлкен
прогрессивтік маңызы болды.Көптеген шахарларда діни медреселер ашылды,
ғылым мен білім деңгейі артты. Медреселер діни ілімдермен шектеліп қоймай,
арифметика, медецина, астрология, дінтану және т.б. әлемдік маңызы зор
дәріснама беруді мақсат етті.
Мұнда Қзақ топырағындағы Отырар қаласында дүниеге келген Шығыстың
екінші Аристотелі атанған ғұлама ғалым Әбу-Насыр Әл-Фарабидің тәлімдік-
ұстаздық еңбегі ұшан теңіз.Оның сан-салалы трактаттарында атап айтұанда
Азаматтық саясат, Бақытқа жету жолында, Риторика, Қайырлы қала
тұрғындарының көзқарастары туралы трактат және т.б. педагогикалық және
әдіснамалық ой-пікірлері баяндалған.
XI-XII ғасырларда қазақ жерінде түркі тілінде жазылған
этикалық-педагогикалық трактаттар көп тарады. Мысалы, Жүсіп Баласағұнның
Құтты Білік атты кітабы сол кездегі түркі тілдес халықтардың дүние
тақырыбына жазылған алғашқы кітабы. Мұнда адамға білімнің қажеттілігі, оның
тіршіліктегі мәні, бақыт туралы адамның іс-әрекетінің оң-терісі, тілден
келетін пайда мен зиян, ел билеуші әкімдерге қажетті асыл қасиеттер, т.б.
көптеген мәселелер жан-жақты сөз болған.
Сол сияқты тағы да жазба ескерткіштерінің бірі- Махмұд
Қашқаридың Диуани лұғат ат түрік атты еңбегі болды. Мұнда
этнопедагогикалық және моралдық психолгиялық мазмұндағы қызықты
топшылаушылар берілген.
Атақты астроном Ұлықбектің әлемде теңдесі жоқ обсерваториясы
ортағасырлық үлкен ғылыми жетістік болып саналады.
Алтын Орда мемлекетінің кезеңдерінде пайда болған Бабырнама,
Махаббатнама, Қырық бір батыр жыры, Хусрау шырын т.б. туындыларының
жас ұрпақтарға тәлім-тәрбиелік ықпалы өте зор.

5.Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлім-тәрбие.
Қазақ хандығының құрылуы 14-15 ғасырларда, Алтын Орда мемлекеті
мен Ақсақ Темір империясының өзара бақталастарының нәтижесінде әлсіреп,
ыдырай бастаған кезеңдерге тура келеді.
Қазақ хандығы жаңа мемлекет болып қалыптасуы барысында (1470-
1718 ж.ж) 250 жылдай тәуелсіз ел болып, дербес өмір сүрді. Бірнеше ауыр
қасіреттерді, жойқын соғыстарды басынан кешірді.
Қазақ жерінің байлығына қызыққан Ресей мен Қытай империялары
құпия келісім-шарт жасасып, Қытай жоңғарларды, ал Ресей Қалмақтарды қарсы
айдап салды.
Осындай саяси оқиғалар қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық
дамуын тежеді, көне ғасырлардан бері қалыптасып келе жатқан ғылым мен
білімнің, тарих пен мәдениеттің, одан әрі дамуына қажетті жағдайлар туғыза
алмады.
Қазақ халқының өзіндік мәдени, рухани, әдеби ұлттық дәстүрі
қалыптасты.Қазақ ұлтының дамуы мен қалыптасуына зор үлес қосқан
хандар мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар:Жәнібек,
Керей, Асан қайғы, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри,Қасым,Есім,
Хақназар, Тәуекел,Тәуке, Қазтуған, Ақтанберді, Шал, Әнет, Төле, Қазыбек,
Әйтеке, Әбілхайыр, Абылай, Бұқар, Қабанбай,
Қазақ жырауларының толғау тебіреністері, қанатты сөздері
өзінің тәлімдік шарапаты жағынан ғана емес, сонымен бірге эстетикалық
отаншылдық мәні жағынан да аса маңызды болды.
XV-XVII ғасырлардағы жыраулар шоғырынан өздерінің тәлімдік
идеялармен Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар Жырау секілді дала
философтары ерекше көзге түскен еді.
Қазақтың халық педагогикасының ең алғашқы іргетасының қалана
бастауына негіз болған Асан Қайғының, Мұхаммед-Хайдар Дулати, Қадырғали
Жалайыри, Қазтуған, Шалкиіз, Үмбетай, Сыпыра, Доспамбет, Бұқар, Жиембет,
Марқасқа т.б. көптеген ақын –жыраулар болды.
Ақын-жыраулар поэзиясынан ғасырлар сырын, халықтың салт-
дәстүрін, ой-арманы мен тілек –мақсатын айқын аңғаруға болады, себебі,
жыраулар толғауларынан халықтың небір нәзік сырлары, мұң-мұқтажы, ой-
толғанысы, қуаныш-сүйініші келер ұрпаққа айтар өнегелі өсиеті өзекті орын
алған, яғни олар халықтық тәлім-тәрбие мектебінің ұлағатты ұстаздарының
ролін атқарды.

6.Ресей отаршылдығына қарсы қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстар және
ағартушылық демократиялардың өркен жаюы.

1730 жылы Кіші жүздің ханы Әбілхайыр өз билерімен келісе отырып, қазақ
халқын сақтап қалу мақсатында Ресей империясына бодан болуға мәжбүр болды.
Қазақ жүздерінің басын қосуда қазақ халқының атақты, данышпан
ханы Абылайхан өте үлкен саяси-дипломатиялық күрес жүргізеді.
Патшалы Ресей бай сұлтандардың балаларына арнап, мектептер
салды.
Осындай мақсаттағы оқу орындары Қазақстанда 1789 жылы Омбы
қаласындағы Азиатское училище және 1841 жылы Батыс Қазақстандағы Бөкей
ордасында қазақ байларының балаларына арнап салынған мектептер болды.
Қазақ даласында білімнің дамуы мен қалыптасуына белгілі қоғам
қайраткері, педагог, этнограф, ағартушы Ы.Алтынсарин өте көп еңбек сіңірді.
Ол патшалы Ресейдің орыстандыру, шоқындыру және балаларға
байлардың жеке мақсаттары үшін білім беруді көздеген саясаттарын батыл
айыптады.
Орыс-қазақ мектептерін ашу туралы мәселелерді насихаттаумен
қатар,Алтынсарин тәрбие жұмысы барысында қазақ халық ауыз әдебиетінің
үлгілерін пайдалануды жөн көрді. Осының негізінде 1879 жылы өзінің Қазақ
хрестоматиясын жазып, ұсынды.
Халық ағартушылары, қоғам қайраткерлері
А.Құнанбаев,Ш.Уәлиханов, Қ.Сағырбаевтар ұлттық ғылым мен өнердің,
мәдениеттің, философияның негізін салды.
Шоқанның ашқан ғылыми жаңалықтары, Абай өлеңдері мен қара
сөздері және Құрманғазының музыка өнері жас ұрпақтарды жетілдіріп
тәрбиелеуде зор ықпалын тигізді.

7.Кеңестік дәуірдегі қазақ педагогикасының ғылым ретінде дамып, қалыптасуы.
Ресей империясының құрамында болып келген Қазақстанның зиялы
қауымы саяси-демократиялық қозғалыстарға белсене араласты.Олар патшалы
Ресейдің отаршылдық және орыстандыру саясатын батыл айыптады, қазақтың
шырайлы жерлерін қайтарып беру және жастардың білім алуларына жағдайлар
туғызу, мектептер салу туралы талаптар қойды.Қазақтың зиялы қауым-өкілдері
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев т.б. ұлттық сана-сезім
мен тәлімдік идеялардың көсемдеріне айналды.
Кеңес Одағы кезеңінде қалыптасқан педагогикалық тәдірибелер
коммунистік идеологияға негізделіп, коммунистік тәрбие беру атты саяси-
педагогикалық диктатуралық жүйеге ұласты.
1937-1938 жылғы жүргізілген Сталиндік жаппай қудалаушылық
пен 1941-1945 жылдардағы соғыста қазақ халқы өте үлкен қырғынға
ұшырады.Ұлттық тәлім-тәрбиенің дамуы мен қалыптасуына үлес қосқан қазақтың
көптеген зиялы азаматтары жеке басқа табынудың құрбаны болды.Мұның өзі ұлт
мәдениетінің өсуін тежеуге әкеліп соқты.
Халық педагогикасы жөніндегі ғылыми зерттеулерге шек
қойылды.Оқулықтармен оқу-әдістемелік құралдар орыс тілінің аудармасы
негізінде пайдаланылды, қазақ тіліндегі құралдар назардан тыс қалды.
Дегенмен, ұзақ ғасырдан бері келе жатқан қазақ педагогикасының
қоғамдық өмірдің қажеттілігіне айналуына бағытталған туындылар:
М.Жұмабаевтың Педагогика, А.Байтұрсыновтың Оқу құралы, Сауат ашқын,
Тіл құралы, Ж.Аймауытовтың Тәрбиеге жетекші, Психология атты
еңбектері жас ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезім көзқарасын қалыптастырды.

8.Егемен Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбиенің қайта жандануы.

Кеңес Одағының құрамында болып келген Қазақстан 1991 жылдың 16
желтоқсанында өз тәуелсіздігін ресми түрде жариялап, егемен мемлекет болды.
Халық педагогикасы мен психологиясын оқу-тәрбие жұмыстарына
енгізу жолдарын ғылыми тұрғыда белгілеу мақсатында әр түрлі бағыттағы
семинар-мәжілістер, пікір алмасу іс-шаралары, сондай-ақ ұстаздардың заман
талаптарына сай білімдерін жетілдіру мәселелері қызу қолға алынды.
Қазақстан Республикасы Білім министрлігі 1993 жылы Тәлім-
тәрбие тұжырымдамасы атты көлемді құжат қабылдады.Тұңғыш Қазақстан салт-
дәстүрлері атты оқулық басылып шықты.
1994-1995 жылдары Рауан баспасынан қазақтың Білім
проблемалары институты даярлаған 14 ғасырды қамтитын Қазақтың тәлімдік ой-
пікір антологиясы (құрастырған Қ.Жарықбаев,С.Қалиев) орыс-қазақ тілінде
жарық көрді.

Пысықтау мен бақылауға арналған тест сұрақтары
1.Этнос дегеніміз не?
2.Ұлттық тәлім-тәрбие мәселесін қандай ғылым зерттейді?
3.Этнолингвистика ғылымы нені зерттейді?
4.Этнопсихология ғылымы нені зерттейді?
5.Этнолингвистика ғылымы қандай ғылымдармен тығыз байланысты?
6.Диалектология- этностың қандай ерекшеліктерін зерттейді?
7.Этнология мен фольклористика-этностың қандай ерекшеліктерін зерттейді?
8.Мифология- этностың қандай қандай ерекшеліктерін қарастыратын ілім?
9.Ұлттық тәлім-тәрбие мәселесі жөнінде П.В.Плехановтың ұсынған
методологиялық қағидаларын атаңыз?
10.Этнопедагогикалық зерттеулерге қойылатын маңызды методологиялық
талаптарды атаңыз?
11. Этнос ұғымының эквивалентін анықтаңыз?
12. Этнос ұғымының тарихи түрін анықтаңыз?
13. Ұлт мәдениетін ғылыми методологиялық тұрғыдан тұңғыш зерттеген кім?
14. Этнос ұғымына берген анықтамаларды анықтаңыз?
15.Л.Гумилев Этнос жөніндегі көзқарастарды қанша топқа бөліп қарастырды?
16. Көрнекті тарихшы, этнограф, ғалым Гумилевтің Этнос ұғымына берген
анықтамасын анықтаңыз?
17. Қазақтың халық педагогикасының дамуы шартты түрде қанша кезеңнен
тұрады?
18. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде тәрбие және оның сипаты.
19. Сақтар мпен ғұндардың жауынгерлік тәрбиесі мен сипаты.
20. Ұлы Түрік Қағанаты кезіндегі тәлім-тәрбие және сипаты.
21. Араб-Шығыс мәдениеті, ортағасыр ойшылдарының тәлімгерлік ой-пікірлері.
22. Қазақ хандығы кезіндегі ұлттық тәлім-тәрбие көріністері.
23. Қазақстанның Ресейге қосылу кезіндегі ұлт азаттық қозғалысы мен
ағартушылық демократиялық бағыттағы тәлім-тәрбие және оның сипаты.
24. Кеңестік дәуірдегі ғылыми педагогиканың қалыптасуы және оның сипаты.
25. Тәуелсіз Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбиенің өркен жаю кезеңі және
оның сипаты.

№1. Семинар сабағы.
1.Тақырып: Этнопедагогика ғылымы туралы түсінік
2. Жоспар:

1. Этностар мәениетін зерттеудің ғылыми-әдіснамалық негіздері.
2. Этнос туралы ұғым.
3. Халық тәлімінің тарихи кезеңдері және оның сипаты.

3.Мақсаты: Этнос туралы студенттерге түсінік беру, этностар мәдениетін,
тұрмыс-тіршілігін,салт-дәстүрін,әде т-ғұрпын ұрпақтан ұрпаққа ана тілі
арқылы жететіні туралы мағлұмат беру.
4. Теориялық мәліметтер:

Белгілі бір этнос адамдардың жан дүниесіндегі мінез-құлық, сана-сезім мен
әдет-ғұрып, салт-дәстүр ерекшелігі ұрпақтан-ұрпаққа ана тілі арқылы жетеді.
Ұлттық сана сезімнің өсуі мен өтуі, бір жағынан, ана тілдің
тағдырын анықтаса, екінші жағынан, ана тілдің даму дәрежесі ұлттық сана
сезім деңгейінің өлшеуіші болып есептеледі.Ұлт мәдениетінің озық үлгілері
арқылы жас ұрпақты жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу –
этнопедагогиканың ең өзекті мәселесі болып табылады.Қазақ
этнопедагогикасының ерекшелігін ғылыми теориялық тұрғыда зерттеп, анықтауда
диалектикалық философияны басшылыққа алу қажет.

5. Бақылау сұрақтары:
1. Этностар мәдениеті тарихын зерттеудегі қоғамдық және жаратылыстану
ғылымдарының өзара байланысы.
2. Этностар мәдениетінің біркелкі дамымау себептері, ол жөніндегі әртүрлі
көзқарастардың пайда болуы.
3. Этностар мәдениетін зерттеудегі басшылыққа алынатын әдіснамалық басты
қағидалар.
4. Қазақ халқы тәлімінің дамуына үлес қосқан ғалымдар және олардың
еңбектері

5.Этнопедагогиканың жалпы педагогика ғылымымен өзара
байланыстылығы.
6. Этнопедагогиканың этнография ғылымымен өзара байланыстылығы.
7. Этнопедагогиканың этнография ғылымымен өзара байланыстылығы.
8. Этнопедагогиканың құрылымдық жүйесі.
9. Қазіргі кезеңде ұлттар мәдениеті мен тәрбиелік зерттеудің мәселелері мен
олардың даму бағыттары.

6. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:
1) СӨЖ тақырыбына сәйкес жазылған.
. Ұлт мәдениетін зерттеудегі тарих, археология, этнография ғылымдарының
рөлі. Реферат.

2)Халық тәлімінің тарихи кезеңдері және оның сипаты, Қазақтың
халықтық педагогикасының даму кезеңдерінің кестесін жасау.

7.Студенттерге үй тапсырмасы:
1.Ұлт мәдениетінің ауыз әдебиетіндегі үлгілері мен мифтік, діни
көзқарастардан көрініс табуы.
2. Көне Түркі (Орхон-Енисей) жазба ескерткіштеріндегі тәлім-тәрбие идеялары
3. Қорқыт ата мұрасындағы тағылым мәселелері: әйел,мұрагелік,
адамгершілік,достық,өлім мен өмір туралы түсініктері.
4.Ұлттық тәлім-тәрбие мәселесі мәселесі жөнінде П.В.Плехановтың ұсынған
методологиялық қағидалары.
5.Қазақ халқы тәлімінің дамуына үлес қосқан ғалымдар және олардың
еңбектері.

8. Әдебиеттер тізімі:
1. Әбілова З.Ә., Қалиева К.М. Этнопедагогика оқулығы. Алматы. 1999 ж.
2. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы
(оқу құралы) Алматы Рауан 1998 ж.
3. Айдаров Г. Орхон ескерткіштерінің тексті. Алматы Ғылым, 1990 ж.
4. Волков Г.Н. Этнопедагогика. Чебоксары, 1974.
5. Волков Г.Н. Педагогика жизни. Чебоксары, 1989 ж.
6. Елікбаев Н. Ұлттық психология. Алматы. Қазақ университеті, 1992 ж.
7. Педагогическая энциклопедия Педагогика, 1986 ж.
8. Қоңыртбаев Ә. Көне мәдениет жазбалары. Алматы Ана тілі, 1993 ж.
9. Қалыбекова Ә.А. Ысқақов Ж.Ы., Әлсатов Т.М. Мұғалімдердің педагогикалық
сөздігі мен анықтамалығы. – Алматы. Қазақ университеті, 2002 ж.

Екінші лекция: Қазақ этнопедагогикасының ғылыми- теориялық
мәселелері

Лекцияның жоспары:
1.Этнопедагогика пәні туралы түсінік.
2.Этнопедагогикалық түсініктерге ғылыми анықтамалар.
3.Қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктері.
4.Қазақ этнопедагогикасындағы әдіснамалық және теориялық негізі.
5.Халық педагогикасы туралы түсінік.

I.Этнопедагогикалық пәні туралы түсінік
Педагогика ғылымының негізі қарастыратын мәселесі адам тәрбиесі
екендігі белгілі...
Этнопедагогика ұғымын алғаш ғылыми айналымға енгізген –чуваш ғалымы
Г.Н.Волков.
Этнопедагогика - этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін
педагогикалық білімдердің жаңа саласы.
Этнопедагогика – халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу туралы, олардың
педагогикалық көзқарастары туралы ғылым.
Этникалық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мінездегі
ерекшеліктерді зерттейді.
Этнопедагогика – белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі
бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы болып табылады.
Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады:
1. Халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерінен құралған ауыз әдебиеті.
2. Ұлттық тәлім-тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі.
Этнопедагогика пәні болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық
өзгешеліктер мен ұлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көпғасырлық
тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада
қолдана алу дағдысын игертуді көздейді.
Этнопедагогиканың өзіндік ішкі тарихи педагогикалық даму заңдылықтары
бар,яғни ол жалпы және даралық заңдылықтар болып бөлінеді:
Жалпы заңдылық – этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс, өмір саят,
қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуын, оның қайта құрылу тәуелділігін
анықтайды.
Даралық заңдылық – этнопедагогиканың ұлттық адамшылық табиғаттың
адамгершілік тұрғыдан қорғалуын, генофондты сақтау және оның табиғи дамуын
қамтамасыз ету қабілеттілігін көрсетеді.

II.Этнопедагогикалық түсініктерге ғылыми анықтамалар

Этнопедагогика ғылымы халық педагогикасын зерттейтін ғылым
болғандықтан, басқа ғылымдар сияқты, бұл ғылымның да негізгі ұғымдары бар.
Төменде соларға анықтама берілген:
1. Әдет-ғұрып дегеніміз- белгілі бір қоғамда немесе ұжымда белгілі
бір тарихи жағдайға байланысты адамдар арасында қалыптасқан қоғамдық
тәртіптің бір түрі.Ол әлеуметтік өмірдің әртүрлілігіне және күрделілігіне
қарамастан, белгілі ұқсастық жағдайда адамдардың біркелкі әрекет етуін
қалайды.
Әдет-ғұрып рәсім арқылы көрсетілетін әрекет,қимыл.
2.Салт- адам өмірінің күнделікті тіршілігінде ( отбасынан бастап,
қоғамдық өмірдегі қатынаста) жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас
ережелері мен жол-жора, рәсім заңдар жиынтығы.Ол жеке адам өмірінде еңбек,
іс-әрекет, адамгершілік,құқық, дін ережелерімен байланысты көрініс береді
де, біртіндеп ауыл-аймақ, рух тайпаға ортақ рәсімге айналады.
Игі әдеттердің өмір қолданысында айналуы әдет-ғұрып деп атаймыз, ол
оның біржолата өмір заңдылығына айналуы –салт-дәстүр деп аталады.

3.Дәстүр- қоғамдық сананың барлық салаларымен байланыста дамыған, топтасқан
қауымның қалыптасқан біріңғай көзқарасын, әдет-заңын марапаттайды. Ол
ғылымда, әдебиетте, мектепте, халықтық ортақ өнерде немесе қоғамдық
қатынаста көрініс беретін құбылыс.
Дәстүр идеологияға жақын, ал салт қоғамдық психолгияға
жақын.
Салт-дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып
келе жатқан тарихи және көне процесс.Яғни дәстүр-қолданбалы іс-әрекет.Ол
қалыптасқан іс-әрекет ешкімнің нұсқауынсыз еркін мәжбүрлікпен орындалады.
Сонымен, қазақтың салт-дәстүрлер құрылымы төмендегі № 2 кестеден
берілді.

4. Ұлттық сезім дегеніміз адамдардың туған жерге, өскен елге, ана тіліне,
ұлттық салт-дәстүрге деген сүйіспеншілікті білдірудің адамды қоршаған
ортаның, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және жаратылыс құбылыстарының сол
ұлт өкіліне тартқан ерекше табиғи сыйы, сонымен бірге басқа сезімдер сияқты
адамның жеке басының қанағаттану, шаттанумен немесе риза болмай
қанағаттануымен байланысты ой-қиял, әсер сезімнің сыртқа шыққан көрінісі.

5. Ұлттық мінез – адам мінезінен, іс-әрекетінен көрінетін тұрақты
құбылыс, ой осы ұлтқа тән темпераменттік, психикалық, рухани сапасымен
ерекшеленіп көзге түседі.

III. Қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктері
Әр ұлттың өзіне тән тіршілік кәсібі, тарихы мен мәдениеті бар. Ол
мәдениет сөйлеу тілінен, ойлау жүйесінен айқын көрініс табады. Сондай-ақ,
ұлттық мәдени ерекшелік сол халықтың өмір сүру тәсілінен, діни-наным
сенімінен, әдет-ғұрпынан, салт-санасы мен дәстүрінен өзекті орын алады.
Қазақ халқының ұлттық даралығы ой-толғаныс қазынасында (ұлттық
психология), ұрпақ тәрбиелеу тәсілдерінде (этнопедагогика), салт-дәстүр
ерекшелігінде (этнография).
1.Қазақ халқының психологиялық ой-толғаныс ерекшелігі. Ол тұспалдап,
мақалдап, мақамдап, тақпақтап сөйлеу, жыр, терме, толғау, айтыс өнері
арқылы көзге көріну.
2. Қазақтың ұлттық философиясының танымдық бір еркшелігі – атамекен,
ел жұрт мәселесі жөніндегі көзқарасы.Кіндік қаным тамған жерім-
ауылым, Отан оттан да ыстық, Отансыз ер бұралқы итпен тең, Басқа елде
сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол т.б.
3.Ана тіліне, сөз өнеріне ерекше ден қойып, жоғары баға беруінде
Өнер алды-қызыл тіл, Ақылдың көзі-аталы сөзі,Жақсы сөз жарым ырыс,
Шешен сөз бастар, батыр қол бастар т.б.
4.Ұлттық базис болып есептелетін көшпелі өмірмен, мал шаруашылығымен
байланыстылығы.
Тіршіліктің тұтқасы төрт түлік мал деп ұққан қазақ малды жан мен
бірдей санаған.

IV.Қазақ этнопедагогикасының әдіснамалық және теориялық негізі
Қазақ этнопедагогикасының мақсаты мен міндеттері:
1. Қазақ этнопедагогикасы танымы туралы білімдерді айқындау: зерттеу
әдістері мен қағидалары;
2. Қазақ этнопедагогикасының халық педагогикасы мен әлеуметтік
педагогикамен өзара байланыстылығы;
3. Қазақ этнопедагогикасының құрылымдық-жүйелік құрамын айқындау;
4. Әдіснамалық белгілерді айқындау;
5. Зерттеулер жүргізу және бағдарламалар дайындау;
6. Қазақ этнопедагогикасы білімі туралы, білімдерін айқындау;
7. Қазақ этнопедагогикасының педагогика ғылымдары жүйесіндегі орны.
8. Қазақ халқының ұлттық тәрбие ерекшелігін оқып үйрену;
9. Қазақ этнопедагогикасының түсіндірме-терминологиялық жүйесін оқып-
үйрену;
10. Ұрпақ тәрбиелеуде ұлттық әлеумсеттік рөлдің маңыздылығын айқындау;
11. Ұлттық мінез-құлық пен өзіндік сананы қалыптастыру ерекшеліктерін оқып
үйрену.

Қазақ этнопедагогикасының объектісі - этнопедагогика,
этнопедагогикалық зерттеу, ұлттық және дәстүрлі-тұрмыстық мәдениет және
этнопедагогикалық мәдениет.

Қазақ этнопедагогикасының қызметтері:
1.Танымдық (зерттеушілік)
2.Сыни көзқарастық (бағалаушылық);
3.Рефлекстік;
4.Энология,этнопсихология, этносоциология, педагогиканың зерттеу әдістерін
оқып-үйрену негізінде қазақ этнопедагогикасының зерттеу әдістерін дайындау,
5.Сипаттау, тақырыптар бойынша жіктеу, деңгейлер бойынша жүйелеу;
6.Праксеологиялық;
7.Аксеологиялық;
8.Қазақ халқының прогрессивтік дәстүрлерінің маңыздылығын оқып-үйрену;
9.Шежіре тәрбиесі заңдарының маңыздылығын танып-білу;
10.Қазақ және басқа да халықтардың этнопедагогикасына салыстырмалы
зерттеулер әдісін дайындау;
11.Интегративтік пәндердің зерттеу әдістерін дайындау;
12.Этнопедагогиканың ішкі пәндік, пәнаралық, ғылым аралық зерттеулерінің
құрал-жабдықталуын дайындау;
13.Этнопедагогикада методологиялық білімдер криитерийін дайындау;
14.Ұлттық дүниеге көзқарасты қалыптастыру;
15.Халықтың ұлттық мәдениет құндылығына тәрбиелеу,
16.Ұлттық менталитетті қалыптастыру;
17.Тіліне,Отанына, тарихына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу,
18.Мектепте, отбасында ұлттық тәрбиенің оң тәжірибелерін насихаттау,
19.Үздіксіз білім беру жүйесінде ұлттық тәрбие арқылы қазақ халқының
өзіндік тұрмыс-тіршілігін сақтау.

Қазақ этнопедагогикасының әдістері:
1. Жалпы ғылыми әдістері: анализ, дедукция,индукция, идеализация,
аналогия, байқау, эксперимент, өлшеу, модельдеу және т.б.
2. Пәнаралық әдістер: жүйелеу комплекстік бүтіндік,
этнопедагогикалық, мәдениеттанушылық, әлеуметтанушылық, этнографиялық.

Қазақ этнопедагогикасының қағидалары:
1.Объективтік;
2.Танымдық;
3.Детерменизмдік;
4.Дамытушылық;
5.Тарихилық;
6.Теория мен практиканың біртұтастығы;
7.Тарихилық пен логикалықтың біртұтастығы;
8.Кумулятивтік;
9.Кешендік;
10.Бүтіндік;
11.Жүйелік;
12.Тазалық аспектілігі мен пәндік белгіленуі;
13.Ұлттық және әлеуметтік қатынастар;
14.Биологиялық және әлеуметтік антропологизмнің біртұтастығы;
15.Халықтық (ұлттық);
16.Мәдениеттанушылық;
17.Табиғилық;
18.Жас және дара ерекшеліктерін есепке алу.

Қазақ этнопедагогикасының заңдары:
1. Материалистік диалектиканың заңдары:
терістеуді терістеу, сандық және сапалық өзгерістердің өзара ауысуы, қарама-
қарсылықтардың бірлігі мен өзара күресі;

2. Материалистік диалектиканың категориялары:
Құбылыс пен мән; мазмұн мен форма, қажеттілік пен кездейсоқтық, кеңістік
пен уақыт, бүтін және бөлік, сапа және қасиет, жалпы және жалқы.

3. Антропологизм философиясы – этнопедагогика заңдарының танымындағы негіз
ретінде.

4. Жалпы педагогиканың заңдары,
5. Қазақ халқының этникалық мәдениетіндегі моральдық-этикалық заңдары;

6. Этнопедагогика заңдарының негізі;

7. Тәрбие дәстүрлері мен адамгершілік-этикалық жүйесі этнопедагогика
заңдарының әрекетінде көріну ретінде;

8. Этноәлеуметтік роль этнопедагогика заңдарының негізі ретінде.

Қазақ этнопедагогикасының теориясы
Қазақ этнопедагогикасының теория-методологиялық негіздері
(К.Ж.Қожахметова).
1. Қазақтың халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие проблемалары:
С.А.Ұзақбаева,Р.К.Дюсембинова, Б.А.Альмуханбетов,А.К.Асанова,
Т.А.Қышқашбаев, С.А.Жолдасбекова және т.б.
2. Қазақтың халық педагогикасының құралдарымен адамгершілікке, еңбекке,
дене тәрбиесіне баулу проблемалары: А.К.Дайрабаева, Ж.Сакенов,С.Сатқанов,
А.К.Қисымова, Ж.К.Садирмекова, Р.К.Толеубекова, А.Тойлыбаев, С.Иманбаева
және т.б.
3. Халық тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері және оқу-тәрбие
процесінде, халық педагогикасы идеясын енгізу жолдары: С.К.Қалиев,
Т.Қоңыратбаева, Ә.Атайұлы, С.Жамансариева және т.б.
4. Республикамыздың балалардың мектепке дейінгі мекемелеріндегі тәрбие-
білім беру процесінің проблемалары: Ө.С.Әшірова, Т.Иманбеков,Б.Ж.Мұқанов
және т.б.
5. Болашақ мұғалімдерді дайындау проблемлары: Т.Ш.Қуанышев, А.С.Мағауова,
К.К.Болатбаева, Ж.С.Хасанова,У.М.Абдигаппаров, Б.Ж.Мұқанова және т.б.
6. Қазақтың дәстүрлі –көркем мәдениетінің құралдарымен оқушыларды, жастарды
саз-эстетикалық тәрбиелеу проблемалары: М.Х.Балтабаев, Е.Қозыбаев;
7. Оқушылардың этномәдениеттік білімі: Ж.Ж.Наурызбай;
8. жоғары мектеп студенттерінің этнопедагогикалық білімі: С.А.Ұзақбаева,
К.Ж.Қожахметова;

Қазақ этнопедагогикасының зерттеу көздері:
1. Қазақ ойшылдары: жыршы-жыраулары, философтары, жазушылары, қаазқ
халқының педагогикалық мәдениеті туралы ақындар;
2. Қазақ ауыз әдебиетінің жіктелуі. А.Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Сейфуллин,
Б.Кенжебаева, Б.Ускатова, С.Каскабасова, Х.Досмұхаметов;
3. Ғалым этнофилософ, этнокультуролог, этнопедагог, тарихшы, этнограф,
этнопсихологтардың еңбектері.
4. Қазақстанда педагогикалық ойлардың даму тарихына арналған зерттеулер:
Қ.Б.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, Г.М.Хропченкова, К.К.Құнантаева, А.И.Ильясова,
А.Кубесов, Г.Ш.Шаймерденова, Ш. Жұматаева, х.Шалғынбаева, А.М.Құдиярова,
Р.Көшкенова, А.Тұрсынова, Көккөзова және т.б.

Қазақ этнопедагогикасының терминдері, түсініктері мен категориялары:
1. Этнос теориясынан алынған терминдер:
этноним, этникалық сана, этникалық стеореотип, этнохалықтық,дәстүр,
салт, этногенез, этникалық, тіл, дін, этнос, халық, халықтық, ұлт,
субэтнос, ру, тайпа, эндогамиялық, этникалық идеялылық.
2. Қазақ философиясынан алынған терминдер:
ұлттық менталитет, ырымдар; тиымдар, кеңістік пен уақыт туралы
түсініктер; әруақтарға сыйыну; діни көзқарастар; халық астрономиясы, халық
күнтізбелігі, халық медецинасы, халық метрологиясы; дүниені қабылдау;
дүниені түсіну.
3. Этнопсихологиядан алынған терминдер: ұлттық психология, этникалық
психология, ұлттық сезім; ұлттық мінез-құлық; ұлттық сана; ұлттық
қызуғушылық; салт; дәстүр, әдет-ғұрып; жөн-жоралғылар.
4. Мәдениет теориясынан алынған терминдер:
этнопедагогикалық мәдениет; дәстүрлі тұрмыстық мәдениет; этностық
мәдениет; халық мәдениеті; материалдық мәдениет; рухани мәдениет;
әлеуметтік нормативтік мәдениет; халық педагогикасының мәдениет; халық
педагогикасының мәдениеті; дәстүрлі көркем мәдениеті; отбасылық қатынастар
мәдениеті.
5. Жалпы педагогикадан алынған терминдер:
тәрбиелеу; қалыптастыру; даму; тұқым қуалаушылық; бірізділік; орта;
әлеуметтену; әдіснама; әдіснамалық білім.
6. Қазақ этнопедагогикасының категориялары:
этнопедагогика; халық педагогикасы; қазақ этнопедагогикасы; ұлттық
педагогика; ұлттық тәрбие; халықтық тәрбие; халықтық тәрбие; ұлттық этика,
ұлттық ғылым; ұлттық әдіснама; ұлттық мәдениет білімі.
7. Қазақ этнопедагогикасының негізгі түсініктері: тәрбие дәстүрлері;
тәрбие салттары; тәрбие ғұрыптары; тәрбие жоралғылары; ырымдар;
этнопедагогикалық білімдер; этноәлеуметтік роль; үйрету; этникалық өзіндік
сана; ұлттандыру; табу; бата; туысқандық қатынастар нормалары; ұлттық
мектеп; мектептің ұлттық тәрбие жүйесі.

V.Халық педагогикасы туралы түсінік

Халық жадында мәңгі сақталып, ұрпақтан- ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша
нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып тарап келген білім-білік, тәлім-
тәрбие беру тағылымдары бар.
Ол халықтық педагогика деп аталады.
Орыстың ұлы педагог К.Д.Ушинский – Бірінші тәрбиеші –халық, ал халық
ертегілері – халық педагогикасының бастауы, қайнар көзі - деген.
Авицена,Бируни,Фараби,Дехлеви, Рудаки, Асади,Туси және тағы да басқа
көптеген данышпандардың педагогикалық ой-пікірлері халықтың, жеке адамның
дамуы, қалыптасуы жайлы ой-пікір, көзқарастарымен тығыз астарласып жатады.
Орта Азия мен Қазақстан өркенитеке зор үлес қосты. Орта Азияда бір
кездері жайнап, жарқырап, өздерінің еркешелігімен жұртты таң қалдырған
көптеген тарихи мұралардан ескерткіштер сақталған.
Кезінде Самарқандтың орталығы болған Регистің алаңы, Бибі ханым
мешіті, Ұлықбек, Шир-Дар және Тіллі Карри мешіттері өздерінің қайталанбас
архетектуралық ансамбльдерімен ерекшеленген.
Бұқарада артына үлкен маңызды мұралар қалдырған философ, ақын,
дәрігер, жаратылыстанушы, математик Әбу Әли Ибн Сина өмір сүрген.
XV ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Ұлықбек Самарқандта
өзінің әйгілі обсерваториясын салды. Ол бір жылда 365 күн 6 сағат 10 минут
5 секунд бар екендігін анықтады. Ал қазіргі кездегі ғылымдағы мәлімет
бойынша 365 күн 6 сағат 3 минут 9 секунд, яғни айырмашылығы- 1 минут 1
секунд. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
XI ғасырдың басында Жүсіп Баласағұн танымдық-тәлімдік маңызы зор \
Құтты білік\ дастанын жазған.
Құтты білік дастанының он бес тарау түгелдей дерлік тәлім-
тәрбиелік мәселелерді әр қырынан сөз етеді. Бұлардың бәрінде адамға білім
мен ғылымның не үшін қажет екендігі айтылса, енді бір тарауларда бақытқа
жету жолдары, адамның жақсы-жаман қылықтарын сөз етеді. Сол сияқты ұл мен
қызды қалай тәрбиелеу керек, олардың оқыту жолдар, бала тәрбиелеудегі ата-
ананың рөлі, тағы басқа да мәселелер сол заман тұрғысынан әңгімеге арқау
болады. Сонымен бірге дастанда көтерілген маңызы зор мәселенің бірі адамның
мінез-құлқы, оның қоғамдағы орны туралы жайттар.
Адам – бұл дүниеге қонақ, оның өмірі өткінші, сондықтан ол артына
ылғи да жақсы сөз бен жақсы ісін қалдырып отыруы қажет. Бұл үшін ол әркез
жаман қылықтан сақтанып, адалдық пен жүріп тұруы тиіс. Екі жүзді болмай,
сөз бен істі бір жерден шығару керек – дейді.
Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Халықтық педагогика – салт-
дәстүр, жол-жорымдар, ауыз әдебиет үлгілері, бүкіл халықтық қарым-
қатынасын берік орын алған тәлім-тәрбиенің түрі.
Халық педагогикасы ұғымын алғаш енгізген орыс педагогы К.Д.Ушинский.
Халық педагогикасы – этнопедагогикасының зерттеу объектісі.
Халық педагогикасына берілген анықтамалар көп және әр түрлі.
1. Г.Н. Волков: Халық педагогикасы - халықтың әдебиетінде, салт-
дәстүрлерінде, ырымдарында, балалар ойындарымен ойыншықтарында мәңгі қалған
педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу тәжірибелерінің жиынтығы.

2. Г.Н.Филонов: Халық педагогикасы – жергілікті халықтың
қабылдаған тәрбиелеу әдістері. Бұлар ұрпақтан-ұрпаққа өмір барысында білім
мен дағдылар арқылы жалғасып отырады.Халық педагогикасы қоғамдық
тәжірибенің, мінез-құлық, жүріс-тұрыс ережелерінің, қоғамдық дәстүрлердің,
белгілі идеологияның жалғасуын бағыттап отырады.

3. Педагогикалық энциклопедиялық сөздік:
Халық педагогикасы дегеніміз – ұлттар мен ұлыстардың әлденеше
ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық әдет-ғұрыптары мен
дәстүрлерінің мәдени ойлау процесінің эмперикалық негіздегі үлгілерінің
жиынтығы. Халық педагогикасының негізгі түйіні –еңбек тәрбиесі және
өндірістік білім, дағды, шеберліктерді қалыптастыру, оларды жас ұрпақтың
бойына дарытып, адамгершілік, имандылық рухында тәрбиелеу.

4. Я.Ханбиков: Халықтық педагогика – бұқара халықтың қарапайым
педагогикалық білімнің және тәрбиелеу саласы.
Халық педагогикасының құрылымын төмендегі 2.2 кестеден көруіңізге
болады.

Пысықтау мен бақылауға арналған тест сұрақтары:
1. Этнопедагогика ұғымын ғылымға енгізген кім?
2. Этнопедагогика ғылымы нені зерттейді?
3. Этнопедагогика – педагогика ғылымының қай саласы?
4. Этнопедагогика ғылымы қанша және қандай саладан тұрады?
5. Этнопедагогика пәнінің негізгі міндеті не болып табылады?
6. Этнопедагогиканың қандай заңдылықтары бар?
7. Жалпы заңдылық нені анықтайды?
8. Даралық заңдылық нені анықтайды?
9. Этнопедагогиканың негізгі категорияларын атаңыз.
10. Әдет-ғұрып дегеніміз не?
11. Салт туралы анықтама беріңіз.
12. Дәстүр туралы түсінік және анықтама.
13. Қазақтың салт-дәстүрлерінің құрылымын сипаттап беріңіз.
14. Салт пен дәстүрдің өзіндік айырмашылықтарын анықтаңыз.
15. Ұлттық сезім түсінігіне анықтама беріңіз.
16. Ұлттық мінез түсінігіне анықтама беріңіз.
17. Қазақ этнопедагогикасына тән өзіндік ерекшеліктеріне нелер жатады?
18. Қазақ халқының психологиялық ой толғаныс ерекшелігіне сипаттам.
19. Қазақ дүниетанымының ерекшеліген сипаттам.
20. Қазақ халқының ұлттық базисі не болып табылады?
21. Қазақ халқының тіл мәдениет және сөз өнеріне сипаттама.
22. Қазақ этнопедагогикасының мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз.
23. Қазақ этнопедагогикасының объектісін анықтаңыз.
24. Қазақ этнопедагогикасының қызметтерін анықтаңыз.
25. Қазақ этнопедагогикасының әдістерін анықтаңыз.
26. Қазақ этнопедагогикасының қағидаларын анықтаңыз.
27. Қазақ этнопедагогикасының заңдарын атаңыз.
28. Қазақ этнопедагогикасының теориясын анықтаңыз.
29. Қазақ этнопедагогикасының зерттеу көздерін ата.
30. Қазақ этнопедагогикасының терминдерін ата.
31. Қазақ этнопедагогикасының түсініктерін ата.
32. Қазақ этнопедагогикасының категорияларын ата.
33. Халық педагогикасына анықтама беріңіз.
34. Г.Н.Волковтың Халық педагогикасына берген анықтамасы.
35. Г.Н.Филоновтың Халық педагогикасына берген анықтамасы.
36. Педагогикалық энциклопедиялық сөздіктегі Халық педагогикасына берген
анықтамасы.
37. Я.Ханбиковтың Халық педагогикасына берген анықтамасы.

№ 2 Семинар сабағы.
1. тақырып: Қазақ этнопедагогикасының ғылыми теориялық мәселелері
2. Жоспар:
1.Этнопедагогика пәні туралы түсініктер.
2.Этнопедагогикалық түсініктерге ғылыми анықтамалар.
3.Қазақ этнопедагогикасының өзіндік ерекшеліктері.
4.Қазақ этнопедагогикасының әдіснамалық және теориялық негізі.
5.Халық педагогикасы туралы түсінік
3.Мақсаты:
4. Теориялық мәліметтер:
5.Бақылау сұрақтары:
1. Халық педагогикасы мен этнопедагогиканың айырмашылығы және ортақ
мәселелері.
2. Салт-дәстүрлердің түрлері, олардың халық тұрмысына экономикалық,
географиялық ерекшеліктеріне байланыстылығы.
3. Қазақ этнопедагогикасы мен этнопсихологиясының өзіндік ерекшеліктері.
4. Ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық мінез-құлықтың сабақтастығы.
5. Қазақ этнопедагогикасыынң ғылыми терминдер мен жүйесі.
6. Бүгінгі күнде этнопедагогиканың өзекті мәселелері және даму бағыттары.
7.Педагог- классиктердің халықтық тәрбие туралы айтқан көзқарастары
(Я.Ф.Коменский, Д.Ушинский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомолинский).
6. Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмасы
1) СӨЖ тақырыбына сәйкес жазылған.
. Халық педагогикасының қазіргі кезеңдегі қызметі. Реферат.
. Халық педагогикасының құрылымының кестесін жасау.
6. Студенттердің үй тапсырмасы.
1. Халық педагогикасының ауыз әдебиетімен байланыстылығы.
2. Ұлттық салт-дәстүрлердің озығы мен тозығы.
3. Ұлттық салт-дәстүрлер –ұрпақ тәрбиесінің құралы.
4. Халық – педагогикалық мәдениетті жасаушы ретінде.
5. Жетілген адам –халықтық тәрбиенің негізгі мақсаты ретінде.

Әдебиеттер тізімі:

1. Ә.Табылдиев. Халық тағылымы. Алматы. Қазақ университеті, 1992 жыл.
2. Ә.Қоңыратбаев. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы. Ана тілі, 1993 жыл.
3. С.Қалиев. Халық педагогикасынң ауыз әдебиетіндегі көрінісі.
4. Қазақ жұмбақтары Алматы. Отау, 1992
5. Шешендік сөздер. Алматы. Отау, 1992
6. М.Оразаев. Қазақ халқының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік архитектура пәнінінен электрондық қулық
Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесінің дамуы
Педагогика бойынша лекциялар
Қазіргі білім беру технологияларының пәні және міндеттері
Болашақ бастауыш сынып мүғалімдерін этнопедагогикалық дайындау жүйесі
ЭТНОПЕДАГОГИКА пәнінің лекция жинағы
«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша элективті пәндер каталогы
Пәндерді оқыту барысында студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
Қожа Ахмет Йассауй мұраларын оқу-тәрбие процесіне ендіру жолдары
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Пәндер