Түстердің маңызы



Күнделікті өмірде біз аса мән бере бермейтін «түстердің» адам психологиясына айтарлықтай ықпалы бар екендігін бүгінде дүниежүзілік ғалымдар дәлелдеп шықты. Сіздің таңдаған түсіңіз айналаңыздағыларға сіз туралы көп мәліметті беріп тұрады. Мәселен, жасыңызды, мәдениет деңгейіңізді, біліміңізді, ерекшеліктеріңізді, мінезіңізді сіз жиі қолданатын түске қарап–ақ байқауға болады.

Сондықтан да, төменде ұсынылған түстер психологиясын оқи отырып, жақындарыңыз туралы мәлімет алуға немесе айналаңыздағы адамдардың сізге деген оң пікірін тудыра отырып, өз стильіңізді, бедел–бейнеңізді қалыптастыруға мүмкіндігіңіз бар.

Көк түс – жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын негізгі дәнекер іспетті, бірлік, көпшілдік сезімнің, сенімнің түсі. Сондай–ақ, көк түсті ұнататындар өкпелегіш, сары уайымға салынғыш болып келеді. Әсіресе, көк түсті молшылықтың нышаны болғандықтан семіз келген адамдар ұнатады. Көк түсті таңдағандар – тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Олар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады.

Сары түс – жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, нұр сәулені білдіреді. Қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді. Бұл түсті таңдаған кез келген адам қиындықты тезірек жеңуге құлшынып, тезірек босап шығудың амалын іздеп тұрады. Өзгерісті жиі қалап тұрады, сары түске құмар адамға тұрақсыздық тән.

Қызыл түс адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар

Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті,
Фрилинг, Генрих. Ауэр, Ксавер Человек — цвет — пространство: Прикладная цветопсихология. — Сокращенный перевод с немецкого. — М.: Стройиздат, 1973. — 141 с. — 41 000 экз.
Бреслав Г. Э. Цветопсихология и цветолечение для всех. — СПб.: Б.&К., 2000. — 212 с.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Күнделікті өмірде біз аса мән бере бермейтін түстердің адам психологиясына айтарлықтай ықпалы бар екендігін бүгінде дүниежүзілік ғалымдар дәлелдеп шықты. Сіздің таңдаған түсіңіз айналаңыздағыларға сіз туралы көп мәліметті беріп тұрады. Мәселен, жасыңызды, мәдениет деңгейіңізді, біліміңізді, ерекшеліктеріңізді, мінезіңізді сіз жиі қолданатын түске қарап–ақ байқауға болады.

Сондықтан да, төменде ұсынылған түстер психологиясын оқи отырып, жақындарыңыз туралы мәлімет алуға немесе айналаңыздағы адамдардың сізге деген оң пікірін тудыра отырып, өз стильіңізді, бедел–бейнеңізді қалыптастыруға мүмкіндігіңіз бар.

Көк түс – жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын негізгі дәнекер іспетті, бірлік, көпшілдік сезімнің, сенімнің түсі. Сондай–ақ, көк түсті ұнататындар өкпелегіш, сары уайымға салынғыш болып келеді. Әсіресе, көк түсті молшылықтың нышаны болғандықтан семіз келген адамдар ұнатады. Көк түсті таңдағандар – тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Олар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады.

Сары түс – жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, нұр сәулені білдіреді. Қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді. Бұл түсті таңдаған кез келген адам қиындықты тезірек жеңуге құлшынып, тезірек босап шығудың амалын іздеп тұрады. Өзгерісті жиі қалап тұрады, сары түске құмар адамға тұрақсыздық тән.

Қызыл түс адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар

Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, Мен деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адмадар. Сондай-ақ, бұл түс тәкаппарлықтың нышаны.

Күлгін түс - адамның тілегені мен қиялындағысы ақиқатқа айналады деген үміттің нышаны. Асыл арман мен көркем қиялдың түсі. Бұл түсті таңдағандар тек өзгелерді таң қалдырғысы немесе сүйсіндіргісі келмейді, өзін де таң қалдырғандығын қалайды. Сондай–ақ, бұл түсті мектеп жасына дейінгі балалар, аяғы ауыр әйелдер таңдап жатады. Оларға әлем сиқырлы, бар нәрсеге қол жеткізуге болатындай болып көрінеді.

Сұр түс – еркіндіктің нышаны. Бұл түсті таңдағандар – белгілі бір жүктелетін міндеттен ада болғысы келеді. Ештеңеге араласқысы келмейді, көпшілік ортаны ұнатпайды. Ортада оның бары, жоғы байқала бермейді. Адамдар оларды тез жалықтырғыш, іш пыстыратын жаратылыс ретінде қабылдайды.

Қара түс – абсолютті шекара, өмірдің тоқтайтындығының белгісі. Ол ғайып болу, өлім ойын көрсетеді. Қара түс – соңы, енді ештеңе болмайтындықтың нышаны. Десе де, қара түсті таңдаған адам тағдыр ағысына қарсы тұра алады.

Ақ түс – таза парақ, онда әлі де талай тарих жазылады. Пәктік, тазалық нышаны. Ақ түс әділдікті білдіреді. Еш бояуы жоқ ақ түс кіршіксіз сезімді көрсетеді. Пәк қалыңдықтар ақ көйлекті осы себеппен де киеді.

Аралас түстер:

Көк-қара – тыныштық.

Сұр-көк - сабырлық, немқұрайлылық.

Көк-қызыл қоңыр – өз жағдайын өзі жасап алу.

Көк-күлгін – нәзіктікке талпыныс.

Көгілдір - түсінуге деген құлшыныс, айналасын махаббатқа бөлеу.

Қоңыр-қызыл – белсенділік.

Көк-жасыл – нақтылық, ұқыптылық.

Ашық жасыл– жігерлік, бәрін өзіне бағындыруға талпыныс.

Жасыл-сары – адалдықты сүю.

Жасыл-қара – турашылдық.

Сұр-жасыл – сенімсіздік.

Тіпті ол аз десеңіз, түстер түрлі ауруларды емдеу үшін де ескі замандардан бері қолданылып келеді. Медицинаның атасы Гиппократ ауруға диагноз қоярда оның шашының, тәнінің, көз, құлақ, тіптен несебінің түсіне қарап болуы мүмкін аурулардан хабардар ететін көрінеді. Сондай-ақ медицинаның негізін салушы Ибн Сина да көгілдір реңнің тыныштандырғыш, қан айналымын баяулататын сапаға, ал қызыл керісінше құмарлықты арттыратын қасиетке ие екендігін айтқан.
Көгілдір жалғыздықты, қамығушылықты, депрессияны, білгірлікті, сенімділікті және берілгендікті білдіреді. Ең алғаш іс көрісулеріне барғанда көк киім киіп барған дұрыс дейді мамандар. Көк киім сіздің шешім қабылдауда батыл, жанкешті, тәуекелшіл екендігіңізді айғақтайтын көрінеді.
Көгілдір рең көп қолданылатын, кең таралған реңдердің бірі. Алайда солай екен деп оны кез-келген жерге жапсыра бермеген жөн дейді. Әсіресе ас бөлмесіне жолатпау керек. Өйткені көгілдір түс тамаққа деген тәбетті жоғалтады екен. Торт, түрлі тәттілердің де ішіне көгілдір түс араластыруға болмайды. Өйткені көгілдір түсті көрген кезде адам санасында көгерген, бұзылған тағамдар елес береді де, ол дереу әлгі тағамға деген тәбетті жояды.
Көгілдір адамды тыныштандыратын бір рең. Өзін-өзі өлімге қиюшылықты азайтатындықтан батыста көпірлердің кенарын көгілдір түске бояйды екен. Жүйке жүйелері үшін пайдалы делінеді. Сондықтан жатын бөлмені көгілдір түспен жасақтау ақылды шешімдердің бірі көрінеді. Алайда көгілдірдің тым қою реңкін қолданбаған жөн. Өйткені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектепте көркем еңбекке оқытуда оқушыларды түстану ептіліктеріне үйретудің өзіндік ерекшеліктері
МЕКТЕПТЕ КӨРКЕМ ЕҢБЕК САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ТҮСТАНУ ЕПТІЛІКТЕРІНЕ ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Бейнелеу өнері сабағында акварель техникасын қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетін қалыптастырудың педагогикалық тиімді шарттарын теориялық тұрғыдан негіздеп, әдістемелік ұсыныстар жасау
Табиғат көріністерін бейнелеуге оқушыларды үйретудің тиімді әдістері
Түстердің адам психологиясына әсер етуі
Әртүрлі халықтардың мәдениетіндегі түс символикасының ( қызыл, ақ, сары, жасыл, көк т. б. түстер туралы материалдар негізінде) лингвомәдени ерекшеліктері
Photoshop қолданбалы бағдарламасына электронды оқулық құру
Табиғат көрінісін кенепте майлы бояулармен бейнелеу
Натюрморт жанры
Түс реңі
Пәндер