Экономикалық өсу және оның түрлері.



1. Экономикалық өсу түрлері және себептері.
2. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары
Экономикалық теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу. Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. Экономикалық өсу қоғамдық еңбек нәтижесін, оның өнегелік, рухани сипаттамаларын көрсетеді. Ол — экономикалық динамиканың көрсеткіші және қайнар көзі. Бұл экономикалық теорияның предметі мәселелерінің екінші жүйесі.
Экономикалық өсудің мақсаты — бұл адамдардың материалдық және рухани қажеттіктерін қамтамасыз ету, қоғам дамуының өнегелік негіздерін күшейту. Адамдардың білімі, дағды-тәжірибесі, қабілеті адамдар капиталын құрайды. Бұл адамдардың болашақтағы өмір-жағдай дәрежесінің кепілі болып табылады
Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер:
Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. Бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді.
Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.
Ұлттық табыстың халықтың әр топтарының арасында бөлінуін жақсарту.
Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.
Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:
1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.

Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.

1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
 қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту);

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Экономикалық өсу және оның түрлері.

1. Экономикалық өсу түрлері және себептері.
2. Экономикалық өсудің типтері мен факторлары.
Экономикалық теорияда мағызды сұрақтардың бірі ол экономикалық өсу.
Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа
жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді
дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ
мерзімдегі өзгерістерін атайды. Экономикалық өсу қоғамдық еңбек
нәтижесін, оның өнегелік, рухани сипаттамаларын көрсетеді. Ол —
экономикалық динамиканың көрсеткіші және қайнар көзі. Бұл экономикалық
теорияның предметі мәселелерінің екінші жүйесі.
Экономикалық өсудің мақсаты — бұл адамдардың материалдық және рухани
қажеттіктерін қамтамасыз ету, қоғам дамуының өнегелік негіздерін күшейту.
Адамдардың білімі, дағды-тәжірибесі, қабілеті адамдар капиталын құрайды.
Бұл адамдардың болашақтағы өмір-жағдай дәрежесінің кепілі болып табылады

Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру
және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі
мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына
кіретіндер:

– Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. Бұл мақсатқа
жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы
көрсетеді.
– Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық
табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету
дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс
жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің
жалпы ұзақтығына назар аудары керек.
– Ұлттық табыстың халықтың әр топтарының арасында бөлінуін жақсарту.
– Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін
көбейту.
Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:

1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық
мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-
ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс
дәрежесін салыстырғанда қолданылады.

Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен
өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі
болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.

1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық
өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін
қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
– қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және
заттық капиталдың сапасын жақсарту);
– ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру,
өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
2. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық
өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
– жұмыс күшінің санының өсуі;
– капиталдың көлемі өсуі.
3. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның
жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік
бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі
көрсеткіштер:
1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
2. адамның бос уақытының көбеюі;
3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
4. адам капиталына инвестицияны өсіру;
5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды
қолдау.
Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және
оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер.
Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей
факторларға бөлінеді.

Экономикалық өсудің факторлары:

Тікелей факторлар: Жанама факторлар:
-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының Сұраныс факторлары – тұтыну,
өсуі. инвестициялық, мемлекеттік
Негізгі капитал көлемінің өсуі және шығындардың өсуі.
сапалық құрамының жақсаруы. Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы,
Өндірісті ұйымдастырумен қатар ресурстардың бағасының төмендеуі,
технологияның жетілдірілуі. несие алу мүмкіншілігінің өсуі.
Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны менБөлу факторлары – қоғамдағы барлық
сапалылығының артуы. ресурстарды тиімді пайдалану.
Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.

Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсу.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында
Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттігіне оны әлемдік
экономикаға интеграциялаған жағдайда ғана қол жеткізе алатынымыздың атап
көрсітілуі ел экономикасының жаһандық ықпалдастыққа жақындап келе жатқанын
айқындады. Өткен жылдарғы реформалардың басты қортындыларын бағалай отырып,
сөз жоқ, елдің әлеуметтік-экономикалық келбеті түбегейлі өзгергенін
мойындау керек. Тәуелсіздік жолдарында өтпелі кезеңнің бұрынғы жүйесін
сапалы жағынан жаңа экономикалық жүйеге ауыстыруға бағытталған
реформалардың үш маңызды кезеңі болғаны байқалады.
Бірінші кезең-романтикалық, либералдық. Еркіндік пен демократияны
жариялауды өз-ақ ескіні күйретуші күш қана емес нарықтық қайта құруларды
ілгерілетуші күш те болатындай көрінген бұл кезең принципті тұрғыда өз
рөлін орындады. Реформалардың басты қозғаушысы-нарықтық қайта құрулардың
еркін қатысушысы пайда болды. Сонымен бірге, мемлекеттің экономикадан тым
жылдам шегінуі ынғайында жарияланған жаппай ырықтандыру бақылаудан тыс
инфляция, өндірістің құлдырауы, жұмысыздықтың пайда болуы мен өсуі сияқты
келеңсіз жағдайларға әкеліп соқтырды.
Екінші кезең-инфляцияның ауыздықтауға, қатаң қаржы, ақша-кредит саясатын
жүргізуге, нарықтық экономика қағидаларын қабылдау мен қатаң орындауға
арналған тұрақтандырушылық бағыт.
Қатаң бағыт елді гиперинфляциядан және экономиканың күйреуінен құтқарып
қалды.
Сондай-ақ ол реформаларды бостандық пен демократияның қажеттігі жөнінде
жариялаумен ғана емес, өркениетті рынок нормаларымен ережелерін міндетті
және мүлтіксіз сақтай отырып қана жүргізуге болатынын дәлелдеді. Алайда,
кәсіпкерлік дәстүрлері, меншік нышандары жеткілікті дамыған елдерде
монитаризм шеңберінде қолдануға болатын қатаң бағыт біздің халқымыз бен
экономикамыз үшін тұтастай алғанда ауыр жүк болды. Және де реформаторлық
міндеттерді жүзеге асыруға тым революциялық тұрғыда келу шыныменде жөн
болмай шықты. Прагматикалық жол қоғамға қысымды бәсендетуге, анағұрлым
жұмсақ постмонетарлық бағытқа көшуге, сонымен бірге отандық өндірісті нақты
көтерумен айналысуға, жұмыспен қамтуды ұлғайтуға, ішкі рынокқа бет бұруға
арналды.
Айтарлықтай қатаң экономикалық саясат ұстанған, елдің экономикалық тынысын
нақты сезінетін және экономикалық бағытты түзеу қажеттігін аңғарған
Президент Н.Назарбаев дамудың жаңа кезеңіне арналған бірқатар маңызды
міндеттерді-экономикалық өсу бағытын, дамудың жаңа басымдықтарын
қалыптастыруды алға тартты. Реформалардың бірінші және ең маңызды кезеңінің
экономикалық жүйені, өндірістік қатынастарды түбегейлі өзгерту жөніндегі
басты міндеттері шешілді. Қазақстан экономикасы нарықтық экономикаға
айналды.
Қазақстан экономикасы әлеуметі жағынан өзін-өзі қамтамасыз ете алатын
болғанымен, ол өзара байланысқа жүйе болмады. Бұл жәйт сыртқы рынокқа
шығуды талап етті. Дағдарыс қисыны бойынша рынок қажет еткен өндіріс дамып,
морльдық жағынан ескірген техникалық тұрғыда артта қалған, тиімсіз
өндірістер ығыстырылып шығарылуы керек. Алайда, бұл міндеттерді шешу қаржы
ресурстары жетіспегендіктен аса қиын болды. Қазақстан экономикасы
мемлекеттік бюджет пен ірі кәсіпорындарды қаржылық қолдау үшін айтарлықтай
ауқымды ресурстарды қажет етті.
Бүгінде Қазақстан дүние жүзінде әлемдегі ірі өндірушілердің біріне айналды
және әлемдік рынокта маңызда орын алды. 27 тауар позициясы бойынша алдыңғы
лектегі 10 елдің қатарына кіреді. Мемлекеттің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық өсу және экономикалық цикл
Қазақстан Республикасының экономикалық өсуі
Экономикалық өсу экономиканың басты категориясы ретінде
Дамушы елдердегi экономикалық өсу және қазақстан экономикасы
Ұлттық шаруашылықтың циклдік өсу қарқыны
Экономикалық өсудің көрсеткіштері
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Экономикалық өсу теориясы
ҚР-дағы экономикалық өсу
ҚР-ның негізгі экономикалық өсуі, себептері,факторлары. Инфляцияның әлеуметтік экономикалық салдары және инфляцияға қарсы саясат Инвестицяның мәні мен түрлері
Пәндер