Мемлекетті басқарудың унитарлы нысаны



МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ ... ... ... ...
5
1.1 Мемлекет және мемлекеттік басқару ұғымы, түрлерінің ерекшелігі... 5
1.2 Унитарлы басқару нысанының ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
8
2 УНИТАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ..
11
2.1 Батыс елдеріндегі унитарлы басқару қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2 Унитарлы басқарудың Қазақстандық тәжірибесін сипаттау ... ... ... ...
14
3 ҚР МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ ... ... .
17
3.1 Мемлекеттік басқаруды реформалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
3.2 Мемлекеттің өзін.өзі басқаруды дамыту мәселелері ... ... ... ... ... ... ... .
20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
27
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29
КІРІСПЕ
Назарбаев Н.Ә 2012 жылғы Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты «Қазақстан-2050» жолдауынан:
«Қазақстан – зайырлы мемлекет. Азаматтарды ар-ождан бостандығымен қамтамасыз ете отырып, мемлекет, дегенмен қоғамға өз бетімен біздің дәстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін әлдебір қоғамдық нормаларды тықпалайтын әрекеттерге өте қатаң қарсы тұратын болады.
Біздің мақсатымыз – мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Ол қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс.» [1].
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі – мемлекеттегі унитарлық құрлым нысанындағы мемлекеттік басқару ерекшеліктері, Батыс елдердегі және Қазақстандағы басқару жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді зерделеу болып табылады.
Мемлекет белгілі бір территория шеңберіне халықты ырықсыз көндіру монополиясына, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүргізіп отыру құқығына ие, барлық жұртқа міндетті заңдар мен ережелер шығарудың ерекше құқығына, салық салып отыру құқығына ие болатын құрылым. Унитарлы мемлекеттер мемлекеттік билік органдарының біртекті басқару жүйесінен тұратын әкімшілік--территориялық бірлік болып табылады.
Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы унитарлы мемлекеттер қатарына жатады. «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы мақсат-міндеттерді орындау үшін мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін арттырып, мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру қажет.
Унитарлық мемлекет – мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге бөлінеді. Унитарлы мемлекеттердің ерекшелігі: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды. Біртұтас мемлекеттің құрамында жекелеген, тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін автономды ұлттық — мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. Әкімшілік территория бірлік статусын иеленуші біртұтас мемлекеттің құрамдас бөліктері орталық органдар қабылдайтын заңдардың негізінде басқарылады, олардың жер аумағы жергілікті органдар мен тұрғындардың келісімінсіз жалпы мемлекет заңның күшімен өзгертілуі мүмкін.
Біртұтас мемлекеттің орталықсыздандырылған және орталықтан-дырылған түрлері болады. Оның біріншісіне аймақтық басқару органдары орталық билік органдарына тәуелсіз түрде құрылатын әрі олардың арасындағы заңи қарым-қатынастар орталыққа бағыныштылық қағидасыз жүзеге асатын мемлекеттер жатады. Ал екіншісіне аймақтық органдардың орталыққа бағыныштылығы орталық тағайындайтын лауазымды басшылар арқылы жүзеге асатын Біртұтас мемлекеттер жатады. ҚР-ның Конституциясында «Қазақстан Республикасы президенттік басқару пішіміндегі біртұтас
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1 Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты - 2012 жыл // http:www.strategy2050.kz
2 ҚР Конституциясы 1995ж (2013жылғы өзгертулермен) // http://www.mod.gov.kz
3 Andy J. Local government. // Indonesia, 2013 // http:www.thomsonreuters.com
4 Дулатбеков Н.О., Жұмабекова Г.Х. Мемлекет және құқық негіздері курсы бойынша әдістемелік нұсқаулар - Қарағанды, 2011–18-20б
5 Жүнісбеков М.Ш. Басқару жүйесінің типтік элементтері – Алматы,2011ж– 141-143б
6 Sancho D. Government // Spain, 2013 // http:www.thomsonreuters.com
7 Танкиева А. Жергілікті басқару. // Қаржы-Қаражат, – 2012ж – №3 – 21-24б
8 Жұмахметұлы Е. Негізгі заңды басшылыққа алатын кейбір елдердің конституциясы туралы // Заң газеті – 2012ж–№3–10-12б
9 Децентрализация власти – глобальный шаг в развитии страны // Юридическая газета – 2012ж–№8–6-7б
10 Үсен А. Конституция – тәртіп пен тұрақтылық кепілі // Үш қиян, - 2012 – 26 тамыз // http: www.abai.kz
11 Cedeno J. E-government // Spain, 2013 // http:www.thomsonreuters.com
12 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Ұлыбританиямен жоғары деңгейде экономикалық та, саяси да ынтымақтастықты дамытуға мүдделі - // ҚазАқпарат, - 2011ж, – 17 қаңтар // http: www.inform.kz
13 Tayler J. Motivation of civie servants. // Australia, 2013 // http:www.thomsonreuters.com
14 Садықова Р. Ұлыбританияның мемлекеттік басқару саласындағы жетістіктері Қазақстанның мемлекеттік қызметін қайта құруға көмектесе алады // ҚазАқпарат, 2012ж – 20 сәуір // http: www.inform.kz
15 Омарбек Б. Қазақстан – аралас басқаруды таңдаған ел // Алаш айнасы, 2012ж–№3–5б
16 Сәрсенбаева Ж. Қазақстан Республикасының билік жүйесін демократияландыру саясаты // Қолжазба – Алматы, 2010–10-18б
17 Сарматов Ж. Халықтың билікке тәуелділігін азайту – демократияның басты қағидаты // Егемен Қазақстан – 2012ж–16маусым–11б
18 Төлеуханқызы А. Басқарудың тиімділігі мен мөлдірлігін арттыру – өмір талабы // Егемен Қазақстан – 2013ж–4-6б
19 Демушкина Л.О Государственное регулирование экономики, Астана,2012ж–14-16б
20 Смаил Е. Саяси реформалар: нақты істер уақыты.//Егемен Қазақстан, 2013ж–9 маусым–9-10б
21 Tobias Y. Civil service reform. // United Kingdom, 2012 // http:www.thomsonreuters.com
22 Реформирование системы государственного управления: зарубежный опыт. – Алматы, 2011 // http: www.inform.kz
23 Жұмаханова А.Б. Система модернизация самоуправление // Казахстанская правда, 2011ж–13 желтоқсан–8б
24 Қалалардағы әкімдерді сайлауды өткізу ережесі, 2012ж // http: www.parlam.kz
25 Ohioan G. Government administration // Romania, 2013 // http:www.thomsonreuters.com
26 Исмагмбетов Т. Выборы акимов и местное самооуправление // Континент, 2012ж–№11–13б
27 Кемел М.Жергілікті өзін-өзі басқару, бүгін және ертең. // Егемен Қазақстан, 2013ж–16 наурыз–13-15б
28 Швецов А. Потребности муниципальных образований в финансовых средствах и бюджетно-налоговые возможности их удовлетворения//РЭЖ 2012,№7.
29 Зотов В.М., Мақашев З.М. Муниципальное управление // Мәскеу, 2011ж–38-42б
30 Жатқанбаев, Е.Б. Мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудың теориясы және практикасы. – Астана, 2012 – 18-25б

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Назарбаев Н.Ә 2012 жылғы Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан-2050 жолдауынан:
Қазақстан - зайырлы мемлекет. Азаматтарды ар-ождан бостандығымен қамтамасыз ете отырып, мемлекет, дегенмен қоғамға өз бетімен біздің дәстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін әлдебір қоғамдық нормаларды тықпалайтын әрекеттерге өте қатаң қарсы тұратын болады.
Біздің мақсатымыз - мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Ол қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс. [1].
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі - мемлекеттегі унитарлық құрлым нысанындағы мемлекеттік басқару ерекшеліктері, Батыс елдердегі және Қазақстандағы басқару жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді зерделеу болып табылады.
Мемлекет белгілі бір территория шеңберіне халықты ырықсыз көндіру монополиясына, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүргізіп отыру құқығына ие, барлық жұртқа міндетті заңдар мен ережелер шығарудың ерекше құқығына, салық салып отыру құқығына ие болатын құрылым. Унитарлы мемлекеттер мемлекеттік билік органдарының біртекті басқару жүйесінен тұратын әкімшілік- - территориялық бірлік болып табылады.
Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы унитарлы мемлекеттер қатарына жатады. Қазақстан - 2050 стратегиясындағы мақсат-міндеттерді орындау үшін мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін арттырып, мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру қажет.
Унитарлық мемлекет - мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге бөлінеді. Унитарлы мемлекеттердің ерекшелігі: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды. Біртұтас мемлекеттің құрамында жекелеген, тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін автономды ұлттық -- мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. Әкімшілік территория бірлік статусын иеленуші біртұтас мемлекеттің құрамдас бөліктері орталық органдар қабылдайтын заңдардың негізінде басқарылады, олардың жер аумағы жергілікті органдар мен тұрғындардың келісімінсіз жалпы мемлекет заңның күшімен өзгертілуі мүмкін.
Біртұтас мемлекеттің орталықсыздандырылған және орталықтан-дырылған түрлері болады. Оның біріншісіне аймақтық басқару органдары орталық билік органдарына тәуелсіз түрде құрылатын әрі олардың арасындағы заңи қарым-қатынастар орталыққа бағыныштылық қағидасыз жүзеге асатын мемлекеттер жатады. Ал екіншісіне аймақтық органдардың орталыққа бағыныштылығы орталық тағайындайтын лауазымды басшылар арқылы жүзеге асатын Біртұтас мемлекеттер жатады. ҚР-ның Конституциясында Қазақстан Республикасы президенттік басқару пішіміндегі біртұтас мемлекет делінген [2]. Мемлекеттік орталық билік ел территориясының тұтастығын, қол сұғылмаушылығын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттің әкімшілік-территория құрылысы, астананың орналасатын жері мен статусы заңмен белгіленеді.
Курстық жұмыстың мақсаты - мемлекеттегі унитарлық құрылым нысанындағы мемлекеттік басқару ерекшеліетерінің толықтай мәнін, мазмұнын, түснігін ашу болып табылады. Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылды:
унитарлы басқару нысанының ерекшеліктерін анықтау;
Батыс елдердегі унитарлы нысаны бар мемлекеттерді сипаттау;
унитарлы басқарудың Қазақстандағы қазіргі жағдайын зерттеу;
мемлекеттің өзін-өзі басқарудың дамыту мәселелерін анықтау.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні ретінде унитарлы мемлекетті басқару үрдісі алынды.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі - Батыс елдердің және Қазақстанның мемлекетті басқару нысаны болып табылады.
Курстық жұмыстың мәселелерін ғылыми-зерттеу әдісі. Тақырыптың мәселелерін зерттеуде келесі ғылыми-зерттеу әдістері қолданылды: аналитикалық-эксперттік, салыстырмалық, құрлымдық.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы - унитарлы басқару нысаны бар елдердегі, Батыс елдердегі және Қазақстандағы басқару жүйесінің даму ерекшелігі ашылды.
Курстық жұмыстың құрылымы - кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде, мемлекет және мемлекеттік басқару ұғымы беріліп унитарлы басқару нысанының ерекшелігі сипатталды.
Екінші бөлімде, Батыс елдеріндегі унитарлы басқарудың қазіргі жағдайы талданып унитарлы басқарудың Қазақстандық тәжірибесі талданды.
Үшінші бөлімде, мемлекеттік басқаруды реформалау, мемлекеттің өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері қарастырылады.

1 МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ

1.1 Мемлекет және мемлекеттік басқару ұғымы, түрлерінің ерекшелігі
Мемлекет -- белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.
Мемлекет ұғымы жалпы көпшілікке жақсы белгілі. Мемлекет алғашқы, қауымдық қоғамда құрылған жоқ. Саяси ғылым мемлекеттің пайда болуын адамзат қоғамы дамуының белгілі бір тарихи кезеңімен, яғни әлеуметтік топтар мен таптардың пайда болып, қоғамда саяси-әлеуметтік теңсіздіктердің орнығуымен байланыстырады. Экономика саласындағы үстемдік етуші таптың саяси үстемдігін қамтамасыз ету және басқа таптардың қарсылығын болдырмау қажеттілігінен мемлекет пайда болды деген пікір саяси ғылымдардағы негізгі көзқарас. Мемлекет құл иеленуші дәуірде де қазіргідей дәрежеге жетті. Бірақ тарихи ұзақ мерзім бойы мемлекет деген түсінік қоғам, ел деген түсініктен ажыратылған жоқ. Мемлекет деген атауды рулық, тайпалық қауымнан ажырату, яғни, алғашқы қауымдық емес деген ұғымды белгілеу үшін пайдаланды. Мысалы, патшалық, қаған, хандық, князьдік, халифат, Алтын орда, Ақ орда, Ноғай ордасы, Сібір ордасы деген сөздер екі түсініктің орнына (біріншісі мемлекет, екіншісі қоғам) пайдалана берілді. Алайда, мемлекеттің пайда болуы әртүрлі әлеуметтік пікірлердің қалыптасуына негіз болды. Саяси өмірдің дамуына байланысты қоғамда мемлекеттің ролі күшейе түсті. Ойшылдар, ғалымдар мемлекетке -- ел, қоғам түсінігі тұрғысынан емес, өкімет, билік тұрғысынан қарайтын болды [3].
Мемлекеттің белгілері:
oo мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
oo мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.с.с.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
oo мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;
oo мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
- мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады.
Мемлекеттің негізгі белгісі - егемендік. Мемлекеттің егемендігін, тәуелсіздігін басқа мемлекеттер де ресми түрде мойындауға тиісті. Мемлекеттің негізгі ұстанымдары:
1. Заңдар мен нұсқаулар қабылдау құқығының болуы.
2. Мемлекеттің өз азаматтарын қорғауы үшін ашық және бірден-бір күш қолдану құқығының болуы. Себебі қоғамда күш қолдануға мемлекеттің ғана құқығы бар. Мысалы, қылмыс жасаушыларды өз еркінен айыру құқығы. Оны орындауға қажетті мемлекеттің арнаулы қарулы күштері болады. Бірақ күш қолдану тек заң арқылы жүргізілуі тиіс.
3. Жалпылық. Мемлекет өз аумағындағы (территориясындағы) адамдардың барлығын қамтиды. Осы мемлекеттің азаматы болмаса да (мысалы, әртүрлі себептермен басқа мемлекеттерден келгендер) мемлекеттің шекаралық шеңберінде болғаннан кейін оларға қамқорлық жасалуы тиіс. Бұл жөнінде 1930жылы Гаагада (Нидерланды) мемлекетсіздікке (апатридизмге) қарсы халықаралық заң қабылданды. Бұл заңға сәйкес мемлекет территориясындағы жеке адам мемлекет қамқорлығынан тыс қалмауы тиіс.
4. Салық - қоғамды басқару жұмысына жұмсалатын қор (бюджет) қалыптастыру үшін қажет қаржы [4, 18-19б].
Территориясы мен этникалық (ұлттық) құрамына байланысты мемлекет әртүрлі құрылымға бөлінеді. Мемлекет құрылымы дегеніміз мемлекеттің ұлттық-территориялық ұйымдастырылуын көрсететін ұғым. Көп жағдайда,орталық билік пен жергілікті әкімдіктің өзара қатынасын белгілейді. Мысалы, мемлекет территорясының ұлттық-автономиялық бөліктерін белгілеу (округ, республика, штат), әкімдік-басқару аймақтарын бекіту (аудан, облыс, департамент, өлке).Мемлекттік құрылымның негізгі торт түрі кездеседі: унитарлық (біртұтас), федерация жане конфедерация.
Унитарлық (лат. unitas -- біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.
Федерация (лат. foederatio -- одақ, бірлестік) -- белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Федеративтік мемлекет деп автономиялары бар мемлекетті атайды.
Федерацияның негізгі белгілері:
-мемлекет территориясында ұлттық немесе территориялық автономияның болуы;
- мемлекеттегі саяси билік және басқа да өкімет органдары екі деңгейде
қалыптасады;
- мемлекеттің конституциясы екі деңгейлі болады.
Мысалы, Ресей, Қытай, Үндістан және т.б. Ресейде жиырмаға жуық республика бар (Татарстан, Башқұртстан, Дағыстан, Солтүстік Осетия, Тува т.с.с.) Саяси билік екі деңгейлі, яғни жалпы мемлекеттік президент, парламент және әрбір республиканың өз алдына президенттері мен парламенттері бар. Конституциясы екі жүйелі: бүкілресейлік және әрбір республиканың өз конституциясы бар.
Федерация тек ғана ұлттық ерекшеліктер негізінде қалыптаспайды.Дүние жүзіндегі федарацияның көп бөлігі жер (территория) арқылы орныққан.Мысалы, АҚШ, ГФР, Австрия және т.б. АҚШ-да штаттар, Германияда жерлер. Ал федерациялық құрылым негізі -- ұлт немесе жер аймағы ғана емес; федерацияның негізгі белгісі - егемендік дәрежесі. Егер автономияның, федерация субъектісінің белгілі мөлшерде (Конституция арқылы белгіленген) егемендігі болмаса, онда мемлекттің федерация аталуы да жалған болып шығады [5, 142б].
Конфедерацияның негізгі белгілері:
Конфедерация дегеніміз -- тәуеліз мемлекеттер одағы:
- конфедерацияда бәріне ортақ мемлекеттік билік болмайды;
- одаққа қосылған мемлекттер ортақ мақсаттарын бірігіп жүзеге асырады;
- конфедерация құрамындағы барлық мемлекеттеге ортақ мекемелері болады;
- конфедерация құрамындағы мемлекеттердің өз әскері, ұлттық валютасы болады.
Конфедерация құрамындағы тәуелсіз мемлекеттер өздеріне ортақ мүдделерін бірігіп шешуі үшін арнаулы мекемелер құрады. Мысалы, қорғаныс, сауда, транспорт салаларындағы және тағы сол сияқты ортақ мекемелері.
Қәзіргі кезде конфедерация таза күйінде кездеспейді. Өткен уақыттарда конфедерация мемлекеттер арасында көбірек орын алды. Мысалы, 1847 жылға дейін Швейцария конфедерациясы, ал 1815-1867 жылдары конфедерация Германияда болды.
Кәзіргі кезеңде Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) конфедерацияға айналу мүмкіндігі болған еді, бірақ бұл мемлекеттер арасында осы күнге дейін бәріне ортақ мекеме құрылған жоқ [6].
Мемлекеттік басқару түрі дегеніміз - саяси билік кімнің, қандай ұйымның, қандай субъектінің құзырында екендігін көрсететін ұғым. Қазіргі кезеңде мемлекеттік басқарудың үш түрі бар: монархия, конституциялық монархия және республика. Мемлекеттік басқарудың осы түрлеріне жоғарыда талдау жасалынып, мысалдар арқылы көрсетілді.
Қазіргі кезеңдегі дүниежүзіндегі мемлекеттік басқарудың негізгі бағыты -- республикалық мемлекет түріне өту.Сол себептен мемлекеттік басарудың осы түріне кеңінен тоқталамыз. Республиканың өзінің бірнеше түрлері бар.
Қазіргі кезеңде дүниежүзінде көп қолдау тапқан және ең көп орын алатыны демократиялық республикалар. Олардың өзі үлкен үш топқа бөлінеді: президенттік республика, президенттік-парламенттік республика және парламенттік республика.
Президенттік республиканың белгілері:
1. Екі жүйелі сайлау. Президенттік және парламенттік сайлаулар әрқайсысы өз алдына бөлек өткізіледі.
2. Үкімет президентке тәуелді.
3. Атқарушы биліктің және мемлекеттің басшысы президент. Үкімет те президенттің қарамағында болады.
Президенттік республикаға жататын мемлекеттер, мысалы, АҚШ, Ресей, Қазақстан, Португалия, Мексика және т.б. Президенттік-парламенттік республиканың белгілері:
1. Екі жүйелі сайлау: президенттік және парламенттік сайлаулар әрқайсысы өз алдына бөлек өткізіледі.
2. Парламент парламенттік сайлауда жеңіп шыққан саяси партиялардың уәкілдерінен қалыптасады.
3. Президент - мемлекеттің басшысы. Үкімет Президенттің алдында жауапты.
Үкімет мүшелері Парламент палаталарына есепті. Президенттік-парламенттік республикаға жататын мемлекеттер, мысалы, Франция, Австрия, Ирландия, Польша, Финляндия және т.б.
Парламенттік республиканың белгілері:
1. Сайлау бір жүйелі. Тек парламент сайланады.
2. Парламентте ең көп орын алған саяси партияның жетекшісіне премьер-министрлік (атқарушы билік) және мемлекет басшысы міндеті жүктеледі.
3. Үкімет парламентке тәуелді.
Парламенттік республикаға, мыселы, Германия, Италия, Индия, Түркия, Израиль және т.б. жатады. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде мемлекеттік басқару түрлерінің, жалпы демократияның дамуына байланысты шын мәніндегі демократиялық республиканың жаңа деңгейлері қалыптаса бастады [7, 22-23б].

1.2 Унитарлы басқару нысанының ерекшелігі
Мемлекеттік құрылымның үш түрлі негізгі формасы бар: унитарлық мемлекет, федеративтік мемлекет (федерация) және конфедерация. Кейде мемлекеттік құрылымның мынадай формаларын бөліп көрсетеді:одақ, достастық, бірлестіктер.
Унитарлық мемлекет (фр. сөзі unitary, латын сөзі unites - бірлік, жалғыз деп аударылады) - бірыңғай орталықтандырылған өзін-өзі басқарушы бірліктерге бөлінбеген мемлекет. Қазіргі заманғы мемлекеттердің көпшілігі унитарлық болып табылады.Унитарлық бүкіл мемлекеттік аппараттың орталықтандырылуын пайымдайды, жергілікті билік органдарына тікелей және жанама бақылауды пайымдайды.Мысалы, Қазақстанда әкімшілік-аумақтық құрылысы 14 облыстан тұрады, оларды Президент тағайындаған әкімдер басқарады. Облыстар аудандарға, қалалық аудандарға, ауылдарға, селолар мен поселкілерге бөлінеді. Ал, жергілікті өкілді органдар мәслихат деп аталады, оған депутаттарды халық сайлайды. Жергілікті әкімшілік-аймақтық бөліністердің құқықтары тең.
Унитарлы мемлекеттерге келесідей мінездемелер беруге болады:
1. Біртұтастық, жалпы елдегі өкілетті органдардың бірыңғай жүйесі, атқарушы және сот органдары, бұл органдар жергілікті органдарға қатысты басшылық жүргізеді.
2. Унитарлы мемлекеттің территориясында бір конституция, жалпыға бірдей әкімшілік-территориялық салық және несие саясаты болады.
3. Унитарлы мемлекетті құраушы бөліктері, яғни аудан, облыс және тағы басқалары тәуелсіз бола алмайды.
4. Унитарлы мемлекеттер аумағында басқа ұлттар автономия құра алады.
5. Мемлекетаралық шаралар орталық органдар арқылы жүзеге асады және олар халықаралық аренада ұсынады.
6. Унитарлы мемлекеттердің біртұтас қарулы күштері болады, оларды орталық органдар басқарып, реттеп отырады [8, 10б].
Біртұтас мемлекет, унитарлық мемлекет -- мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік - аумақтық бөліктерге бөлінеді. Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды.Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың тұрі. Біртұтас мемлекеттің құрамында жекелеген, тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін (мысалы, біртұтас Украинадағы Қырым Республикасы) автономды ұлттық -- мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. Әкімшілік территория бірлік статусын иеленуші біртұтас мемлекеттің құрамдас бөліктері орталық органдар қабылдайтын заңдардың негізінде басқарылады, олардың жер аумағы жергілікті органдар мен тұрғындардың келісімінсіз жалпы мемлекет заңның күшімен өзгертілуі мүмкін.
Біртұтас мемлекеттің орталықсыздандырылған және орталықтандырылған түрлері болады. Оның біріншісіне аймақтық басқару органдары орталық билік органдарына тәуелсіз түрде құрылатын әрі олардың арасындағы заңи қарым-қатынастар орталыққа бағыныштылық принципінсіз жүзеге асатын мемлекеттер (мысалы, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Жапония, Испания, Италия) жатады. Ал екіншісіне аймақтық органдардың орталыққа бағыныштылығы орталық тағайындайтын лауазымды басшылар арқылы жүзеге асатын Біртұтас мемлекеттер (мысалы, Нидерландтар, Қазақстан, Өзбекстан) жатады. ҚР-ның Конституциясында Қазақстан Республикасы -- президенттік басқару пішіміндегі біртұтас мемлекет делінген. Мемлекеттік орталық билік ел территориясының тұтастығын, қол сұғылмаушылығын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттің әкімшілік-территория құрылысы, астананың орналасатын жері мен статусы заңмен белгіленеді.
Унитарлы мемлекеттердің әкімшілік территориялық бөлінісі конституциясында белгіленуі немесе кей жағдайда жанама көрсетілуі және мүлдем онда жазылмауы мүмкін. Жай унитарлы мемлекеттер, яғни автономиялық құрылымы жоқ мемлекеттерге Индонезия, Египет, Польшаны жатқызуға болады [9, 6-7б].
Унитарлы мемлекеттер мемлекеттік билік органдарының біртекті басқару жүйесінен тұратын әкімшілік- - территориялық бірлік. Федерациялық мемлекеттік органдардың күрделі иерархиялық жүйесі болып табылады, автономды бөліктерден тұрады (штаттар, кантондар, республикалар және т.б.). Қазақстан Республикасы унитарлы мемлекеттер қатарына жатады. Мұнда елдің барлығына бірдей жоғарғы өкілетті атқарушы, соттық басқа мемлекеттік органдар қалыптасқан. Қазақстан территориясында унитарлы мемлекет ретінде бір Конституция, заң шығарудың біртекті жүйесі, бір азаматтылық орын алған. Қазақстан Республикасының құрамдас бөліктері (облыстары) өзіндік мемлекеттік егемендікке ие емес. Қазақстан Республикасында біртекті қарулы күштер өзінің мемлекеттік нысандары бар. Республикалық әкімшілік - -территориялық құрылымы, оның астанасының беделі мен орналасуы арнайы заңдармен анықталады.
Унитарлы нысаны бар мемлекеттер жай және күрделі болып екіге бөлінеді. Жай унитарлы мемлекеттер әкімшілік-территориялық бірліктерден тұрады, ал күрделі унитарлы мемлекеттер өз қатарына жеке террориялардағы автономиялардан тұрады.Кішігірім мемлекеттерді жай унитарлы мемлекеттерге жатқызамыз (Мальтва, Латвия, Эстония, Армения), сонымен қатар едәуір үлкен мемлекеттерде жатады (Польша, Қазақстан, Беларуссия). Күрделі унитарлы мемлекеттерге үлкен және жан-жақты аясы бар едәуір үлкен мемлекеттер кіреді (Азербайжан, Аргентина, Қытай, Никарагуа). Мемлекеттердегі кейбір аймақтардағы құрылған автономиялар әкімшілік (сот ісінің жергілікті тілде жүргізілуі - Қытай, Никарагуа) және саяси (жергілікті заңның құқығы: Финляндияда - Аландтық аралға арналған, Данияда - Фарерстық аралға және Гренландизмге арналған, Азербайжандарда - Нахичевандарға арналған, Украинада - Крым Республикасына арналған, Өзбекстанда - Қарақалпақстанға арналған құқықтық заңдары).
Мемлекеттік тәртіп формасы елдегі мемлекеттік биліктің тәжірибелік жүзеге асырудың әдістері мен тіәсілдерінің жүйесінің құрамына кіреді. Мемлекеттік тәртіп мемлекеттік функцияланудың динамикалық процесін, басқа құрамыдас бөлікері және элементтері нақталуды бейнелейді. Мемлекеттік тәртіп кең мағынада барлық мемлекет өмірінің әдістерімен, формаларымен тығыз байланыста болады [10].
Бөлімді қорытындылай келе, мемлекет басқарудың алдыңғы қатарлы субъектісі болып табылады және оны басқаруда үш түрлі нысаны бар. Олар: унитарлы, федерация және конфедерация.

2 УНИТАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ СИПАТТАМАСЫ

2.1 Батыс елдеріндегі унитарлы басқарудың қазіргі жағдайы
Дүниежүзінде жалпы 230-дан атам мемлекеттердің арасында 169 унитарлы мемлекеттер бар. Еуропада - 38, Азияда - 41, Африкада - 49, мұхиттарда - 13 және Латын Америкасында - 27 унитарлы мемлекеттер бар. Унитарлы мемлекеттер қатарына: Албания, Андорра, Болгария, Италия, Испания, Ұлыбритания, Израиль, Литва, Латвия, Монако, Қазақстан, Катар, Жапония, Швеция, Өзбекстан, Тунис және тағы басқаларын жатқызуға болады.
Унитарлық елдер төмендегі негізгі сипаттарымен ерекшеленеді:
oo конституция бірлігі;
oo мемлекеттік биліктің жоғары органдарының бірыңғай жүйесі;
oo азаматтық бірлігі;
oo құқықтық жүйе бірлігі;
oo сот жүйесінің бірлігі;
oo мемлекеттік рәміздерінің бірлігі;
oo унитарлық мемлекет аумағы тәуелсіз мемлекет сипаттарына ие емес әкімшілік-аумақтық жеке бірліктерге (жергілікті басқару органдары мемлекеттің орталық органдарына бағындырылған) бөлінеді.
Сол секілді басқа да унитарлық мемлекеттер (Ұлыбритания, Испания, Италия, Дания, Финляндия) бар. Олардың мемлекеттік құрылымы елінің кейбір аумақтарында автономиялы әкімшіліктері болуымен ерекшеленеді. Атап айтқанда, Ұлыбритания құрамына Шотландия мен Солтүстік Ирландия енеді, олар шектеулі автономиялық құқықтарды пайдаланады. Шотландия өзіне керегінде өзінің құқықтық және соттық жүйесіне өзі ие әрі өз шіркеуі бар. Ал, Солтүстік Ирландияға аумақтық жартылай автономиялы құқық берілген, ол өзінің екі палатадан: кауымдық палата (52 мүшесі бар, олар 5 жыл мерзімге тікелей дауыс беру арқылы сайланады) және сенаттан (қауымдық палата сайлайтын 26 мүшеден), кабинеттен (премьерминистр бастаған 8 министр) тұрады. Солтүстік Ирландияда атқарушы билікті губернатор атқарады.
Ұлыбритания Біріккен Корольдігі атауына қарамастан федерация емес, унитарлық мемлекет -- парламенттік монархия болып табылады. Елдің жеке Конституциясы жоқ. Ұлыбритания заңдары көп ғасырлық конституциялық дәстүрлер мен жоғарғы сот органдарының (прецеденттердің) шешімдеріне негізделген. Мемлекет басшысы -- монарх, сот жүйесінің басшысы, жоғарғы бас қолбасшы болып табылады. Жоғары заң шығарушы органы -- екі палатадан (қауымдар және лордтар) тұратын парламент. Парламент құрамына патшайым да кіреді. Атқарушы билік премьер-министрдің қолында [11].
Ұлыбританния жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің англосаксондық моделін қолданады. Бұл моделдің ерекшелігі - мемлекеттің лауазымды тұлғалары жергілікті өзін-өзі басқару органдарын әрдайым қадағалап отырады. әртүрлі саладағы муниципалдық құрылым қызметін бегілі бір министрліктер бақылап отырады. Мемлекет жергілікті жерде арнайы бағдарламаларды орындау үшін қаржылық нарық арқылы әсер етеді. Оларға: субвенция, дотация тағы басқалары жатады.
Ұлыбританияда жергілікті атқарушы органдарды сайлау үдерісін жергілікті басқару туралы 1972 жылғы Акт реттейді. Ұлыбританияда муниципалды органдар сайлауларына 18 жасқа жеткен британ тәжінің барлық азаматтары қатыса алады. Жергілікті өкілдікті және атқарушы органдарға жасы 21-ден төмен емес адамдар сайлана алады, олар осы муниципалитеттің аумағында тұруға, осы аумақта жұмыс істеуге немесе сол аумақта жері, кәсіпорны, үйі (пәтері) болуға немесе соларды жалдауға тиіс. Ұлыбританияның муниципалды, сонымен қатар атқарушы органдарына дін қызметкерлері, пэрлер, әскери қызметшілер, азаматтық қызметшілер, есі дұрыс еместер сайланбайды [12].
Франция мемлекеттік құрылымы жөнінен унитарлы республика болып табылады, әкімшілік - аумақтық бөлінісі жағынан 96 департаменттен тұрады.1958 жылы генерал Шарль де Голль елде мемлекетті басқарудың жаңа үлгісі - Бесінші республиканы орнатты. Франция республикада президенттің айрықша зор өкілеттілігі бар,ол елдің сыртқы саясатына қатысты мәселерді шешеді .Президент тағайындаған премьер - министр үкіметті басқарып, елдің ішкі жағдайына толығымен жауап береді.Елдегі заң шығарушы орган - екі палатадан сенат және ұлттық жиналыс тұратын парламент.
Францияда -- жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кіші құрылымдық бөлігі -- коммуна болып табылады (қазіргі кезде оның саны 40 мыңнан асады). Коммуна қалалық (қаладағы аудандар) және селолық болып бөлінеді. Коммунаның басқару органдарына 6 жылға сайланатын муниципалдық кеңес жатады. Оның депутаттарының саны тұрғылықты халықтың санына байланыстыМуниципалдық кеңесті -- мэр басқарады. Францияда оның өкілеттігі өте күрделі, өйткені, ол бірінші жағынан сайланбалы адам боса, екінші жағынан алып қарасақ ол -- үкіметтің агенті ретінде заңдардың орындалуын қарауға, мемлекеттік аппараттың кейбір бөліктерінің қызметтерін бақылауға тиіс (мысалы, муниципалдық полиция). Мэрмен бірге оның орынбасарлары сайланады (1-12 адамға дейін), ал үлкен қалаларда, айталық Парижде, Марселде, Лионда т.б. мэрдің орынбасарлары одан да көп.
Мысал ретінде Трамбле-де-Гомес деп аталатын кішігірім қаланы алсақ, Париждің қасында орналасқан, 30 мыңдай тұрғындары бар. Қаланың өмірін муниципалдық кеңес басқарады. Кеңесте не барлығы 35 депутат жұмыс істейді. Жасырын дауыспен мэрді, оның 10 орынбасарларын сайлайды. Мэрмен бірігіп олар кеңес бюросын құрайды. Осы депутаттардың ішінде тек қана тұрақты негізде мэр ғана қызмет атқарады, ал қалған депутаттар өз мамандығы бойынша жұмыс істейтін жерінде тұрақты қызмет атқарып, сол жерден еңбекақы алады, тек бір рет жұмыстан босатылады. Осыған орай айтатынымыз бұл тек қызметкерлерге қатысы бар, ал өндірістен ешкімді де босатпайды. Мэрилердің аппараты 80 қызметкерлерден тұрады. Оны мэр тағайындайтын мэрдің хатшысы басқарады. Ол барлық күнделікті атқарылатын жұмысқа жауапты. Бұл лауазымдағы адам депутат болуға хақысы жоқ. Кеңестің бюросы демалысына бір рет жиналады. Ал Кеңестің өзі толық құрамында айында бір рет жиналады, онда да тек бюро мәжілісінде қабылданған шешімді бекіту, не оны бекітпеу үшін Мэрдің барлық шешімдері бекітілуге жатады.
Келесі өзін-өзі басқарушы аумақтық бөліктер -- департамент. Оның органы -- генералдық кеңес, оны бірнеше коммунадан тұратын округ (кантон) сайлайды. Әр кантоннан бір генералдық кеңесші сайланады. Бірінші мәжілісте генералдық кеңес төрағасын, оның орынбасарларын, хатшысын (олар кеңестің бюросын құрайды) және 4-7 адамнан тұратын департаменттің комиссиясының сайлайды. Бұлар жылына екі сессия болатын шақырымдардың аралығында генералдық кеңестің атқарушы ортаны болып табылады [13].
1982 жылғы реформада генералдық кеңеспен департаменттік комиссиясының өкілеттігі едәуір кеңейтілді. Ең басты енгізілген жаңалық-префектің қызметіне кеңестік және комиссиялық бақылау жасау болатын. Ендігі жерде префект өз билігінше генералдық кеңестің шешімін бұзуға не жоюға қақысы жоқ, ол тек келіспеген жағдайда жоғарғы инстанцияға шағымданып, наразылық білдіре алады.
Француздық жергілікті өзін-өзі басқарудың барлық ауыртпалық ортасы -- коммуна болып қала береді. Департаменттегі генералдық кеңестің міндеті бұрынғысынша өзгеріске ұшыраған жоқ. Оған жататындар -- жол құрылысы, қоғамдық көлік, әкімшілік үйлерді қолдануға беру, әлеуметтік көмек көрсететін орталық ведомстволарға көмектесу (ауруханаларға, қарттар үйлеріне, жетімдер үйлеріне) және оқу-ағарту ісіне қамқорлық жасау (лицейлерге, департамент төңірегіндегі жоғарғы оқу мектептерінде).
Унитарлы мемлекеттің орталықсыздандырылған және орталықтандырылған түрлері болады. Оның біріншісіне аймақтық басқару органдары орталық билік органдарына тәуелсіз түрде құрылатын әрі олардың арасындағы құқықтық қарым-қатынастар орталыққа бағыныштылық принципінсіз жүзеге асатын мемлекеттер мысалы, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Жапония, Испания, Италия жатады. Ал екіншісіне аймақтық органдардың орталыққа бағыныштылығы орталық тағайындайтын лауазымды басшылар арқылы жүзеге асатын унитарлы мемлекеттер мысалы, Нидерландтар, Қазақстан, Өзбекстан жатады. ҚР-ның Конституциясында Қазақстан Республикасы -- президенттік басқару пішіміндегі біртұтас мемлекет делінген. Мемлекет орталық билік ел территориясының тұтастығын, қол сұғылмаушылығын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттің әкімшілік-территория құрылысы, астананың орналасатын жері мен статусы заңмен белгіленеді [14].

2.2 Унитарлы басқарудың Қазақстандық тәжірибесін сипаттау
Қазақстан Республикасы - президенттік басқару нысанындағы унитарлы мемлекеттер қатарына жатады. Мұнда елдің барлығына бірдей жоғарғы өкілетті атқарушы, соттық басқа мемлекеттік органдар қалыптасқан. Қазақстан территориясында унитарлы мемлекет ретінде бір Конституция, заң шығарудың біртекті жүйесі, бір азамаққтылық орын алған. Қазақстан Республикасының құрамдас бөліктері (облыстары) өзіндік мемлекеттік егемендікке ие емес. Қазақстан Республикасында біртекті қарулы күштер, өзінің мемлекеттік нышандары бар. Республикалық әкімшілік - -территрриялық құрылымы, оның астанасының беделі мен орналасуы арнайы заңдармен анықталады.
Басқару нысаны мынандай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді;
oo мемлекеттің жоғарғы органы қалай құрылады және олардың құрылымы қандай;
oo жоғарғы және басқа мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-қатынастардың негізінде қандай принциптер жатыр;
oo жоғарғы мемлекеттік билік пен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған;
oo жоғарғы мемлекеттік органдардың ұйымдастыру қызметі азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қандай, деңгейде мүмкіндік береді.
Жоғарыдағы белгілерге байланысты 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған Қазақстан республикасы Конституциясының 2-бабына байланысты Қазақстан Республикасы -- президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.
Президенттік басқару нысандары әр елде әртүрлі болады. Президенттік басқаруға тән мынандай сипаттарды айтуға болады:
1. Президентті парламентсіз сайлау және үкіметті құру тәсілі;
2. Үкіметтің парламенттің алдында емес, президенттің алдындағы жауаптылығы;
3. Парламенттік республикаға қарағанда, мемлекет басшысының өкілеттілігінің көбірек кеңдігі.
Президенттік Республика қазіргі кездегі мемлекеттік басқарудың бір нысаны ретінде Қазақстан Республикасында парламентаризммен қатар, Президенттің қолына мемлекеттің басының және үкіметтің басшысының өкілеттігін жинап береді [15, 4б].
Қазақстан Республикасының Конституциясының 40-бабы бойынша:
1. Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатнастарды Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға.
2. Республиканың Президент -- мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам жөне азамат құқықтары мен бостандықтарының нысаны әрі кепілі.
3. Республика Президенті -- мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
1998 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңы қабылданды [2].
Осы заңның негізінде, мемлекеттік билік жүйесін демократияландыру, Қазақстанда адал және әділ сайлау жүйесін құру, сайлау процессіне саяси партиялардың қатынасуына мүмкіндік жасау, Парламентті биліктің дербес тармағы ретінде, өкілеттігін кеңейтіп, еліміздің саяси өміріндегі атқаратын ролін көтеру бекітілді. Үкіметтің және оның мүшелерінің Парламент алдындағы жауапкершілігін арттырып, Парламент депутаттарының мәртебесін көтеру, сотты құқықтық жүйені, мемлекеттік қызметті одан әрі қарай реформалау көзделді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына 19 түзетулер енгізілді. 33-баптың 4-тармағындағы мемлекеттік қызметтегі адамдардың жасына шек қою алынып тасталды. Еңдігі жерде, өмірлік тәжірибесі бар, білімді адамдар мемлекеттік қызметте жасына байланысты шектелмей пайдаланылады.
49-баптың 2-тармағына өзгертулер енгізіліп, парламенттің сайлану мерзімі 4 жыл болып белгіленді. 50-бапқа 5-тармақ қосылып, Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі -- 6 жыл, Мәжіліс дапутаттарының өкілеттік мерзімі -- 5 жыл болып белгіленді. 50-баптың 3-тармағы өзгертіліп, мәжіліс депутатарының саны 77-ге дейін көбейтілді. 10 депутат партиялық тізімдерге байланысты сайланады.
Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауын өткізуге заңды түрде мүмкіндік көзделді. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан астамының дауысына ие болған кандидат, сайланғандардың есебіне кіретін болды. Сонымен, сайлаушылардың жартысынан көбі қатысса ғана, сайлау өтті деп есептелген кедергі жойылды. Соған сәйкес, аралас сайлау жүйесі енгізіліп Мәжіліс депутаттарының көбісі мажоритарлық (көпшілік дауыс алуына байланысты) жүйе негізінде, ал басқа бөліктері - пропорционалды (тепе-теңдік) жүйе бойынша, партиялық тізімдер арқылы сайланатын болды. Конституцияның 53 бабының 3 тармағындағы депутаттың мерзімі аяқталғанда, оның бұрынғы істеген қызметін беруге не сондай қызметтің берілмейтіндігі туралы қорма алынып тасталды. Себебі, ондай норма Парламент депутатының мәртебесін төмендетіп, өлеуметтік қорғалуын күшейтуге кедергі болатын. Заңда Президент сайлауының рөсімдері, еліміздің қәзіргі дамуына сай демократияландырылып, сайлаушылардың ел пайызынан астамы дауыс беруге қатынасса ғана, сайлаудың өткізілгені деп белгілеген 41-баптың 5-тармағындағы кедергілер алынып тасталды. Себебі, дауыс беру, не бермеу әрбір жеке адамның еркі субъективтік құқығы болып табылады, яғни мұнда сайлауға келгендердің пайызы емес, сайланатын адамға деген сенімдеріне шек қойылмай дауыс берілуі[16, 12-14б].
2011 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы болды. 2011 жылғы 3 сәуірде болған Қа - зақстан Республикасы Пре - зи - дентінің кезектен тыс сайлауында дауыстарды санау нәтижелері ту - ра - лы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары хат - тамаларының негізінде Қазақстан Республикасы Орта - лық сайлау комиссиясы біртұтас жал - пыұлттық сайлау округі бойын - ша сайлау - шы - лардың тізіміне 9 200 298 азамат енгізілгенін, олардан дау - ыс беруге 8 279 227 адам немесе 89,98 пайы - зы қатысқанын хабарлай - ды. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 211142 сайлаушы дауыс берді. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат болып 4 адам дауысқа түсті. Дауыс беру кезінде Қазақстан Рес - публикасының Президенттігіне кан - дидаттарға төмендегідей дауыс - тар саны берілді:
oo Жамбыл Аужанұлы Ахметбековке - 111924 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысы - ның 1,36 пайызы;
oo Мэлс Хамзаұлы Елеусізовке - 94452 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,15 пайызы;
oo Ғани Есенкелдіұлы Қасымовқа - 159036 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,94 пайызы;
oo Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - қа - 7850958 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлау - шылар дауысының 95,55 пайызы. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Респуб - ликасы Конституциялық заңының 65-бабына сәйкес 1940 жылы туған, қазақ, Қазақстан Республикасының Президенті, Астана қаласында тұра - тын Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы - ның сайлан - ған Президенті болып саналады [17, 11б].
Қорытындылай келе, басқарудың унитарлы нысаны бар Батыс елдері және Қазақстанның басқаруында өзіндік ерекшеліктері және ортақ белгілері де бар. Ортақ белгілеріне мысал ретінде мемлекеттің өзін-өзі басқару жүйесі, мемлекеттік биліктің жоғары органдарының бірыңғай жүйесі және тағыда басқаларын атап өтсе болады.

3 ҚР МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Мемлекеттік басқаруды реформалау
Қазақстан - 2050 стратегиясындағы мақсат-міндеттерді орындау үшін мемлекеттік аппарат қызметінің тиімділігін арттырып, мемлекеттік басқарудың жаңа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет: ұғымы, мәні, белгілері, нысандары, механизмі, атқаратын қызметтері
Мемлекеттің құрылымдық нысананың ерекшеліктері
МЕМЛЕКЕТ ҰҒЫМЫ, МӘНІ БЕЛГІЛЕРІ
Мемлекеттің құрылымдық нысаны мемлекет нысаны ретінде
Мемлекет нысанының ұғымы
Мемлекеттік басқаруды жетілдіру бағыттары
Мемлекет нысаны тарихи тәжірибе және қазіргі проблемалар
Әкімшілік құқықтық тұрғыдан мемлекеттi басқару нысандарының түсiнiгi
Мемлекеттік құрылым нысанының келелі мәселелері
Мемлекет нысанының түсінігі. Мемлекет нысаны түрлері
Пәндер