Негізгі құралдар есебіне жалпы түсінік



Жоспар

Кіріспе

I.Негізгі құралдар есебіне жалпы түсінік.
1.1. Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі.
II.Негізгі құралдардың есебі.
2.1.Негізгі құралдардың кіріске алу есебі.
2.2.Негізгі құралдардың істен шығарудың есебі
2.3.Негізгі құралдардың амартизациясы мен тозуын есепке алу.
2.4.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.
2.5.Негізгі құралдарды жалдау жөніндегі операциялардың есебі.
III. Негізгі құралдардың бағалау,қайта бағалау және түгендеу есебі.
3.1.Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау есебі.
3.2.Негізгі құралдарды түгендеу

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Қандай да болмасын өнім өндіру еңбек күшімен өндіріс құралдарының бірігуі арқасында болады.Өнім өндіру ерекшеліктеріне және атқаратын функцияларына байланысты, өндіріс құралдары екі топқа бөлінеді:
- еңбек заты (шикізат, материалдық ресурстар) еңбек күшінің әсерімен бастапқы қалыптарын өзгертіп, дайын өнімге айналатын заттар;
- құрал-жабдықтар – олардың қатысуымен дайын өнім өңделіп шығарылады.
Аталған құралдар мен еңбек заттары өндірістік қордың негізгі мазмұнын құрайды және өндірістің экономикалық негізі болып табылады. Өндірістік қор негізгі және айналым қоры болып екі топқа бөлінеді. Бұлай бөліну себептері олардың өндіріс саласында атқаратын қызымет сипатын және өз құндарын дайын өнімге аудару түріне байланысты.
Негізгі құралдар деп – өндірістік процеске көп жыл қатарынан,бірнеше қайтара қатыса отырып,өзінің бастапқы формасын жоғалтпайтын және құнын дайын өнімге,тозуына байланысты бірте-бірте енгізіп отыратын құндылықты айтамыз.
«Негізгі құралдарға»-қозғалмайтын мүлік,жер учаскелері,үйлер мен ғимараттар,өткізгіш тетіктер,машиналар мен жабдықтар,өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары,агрегатты аспаптар,өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары,өнім және жұмыс малдары,көп жылдық көшеттер,тағы да басқалар жатады.
Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес зерзаттар кіреді. Біріншіге жататындар–өндірістің,құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың,сауданың және де басқа материалдың өндіріс түрлерінің негізгі қорлары. Өндірістік емес негізгі қорға–тұрғын үй,коммуналдық шаруашылық,денсаулық,білім,мәдениет,спорт салаларына арналған қор жатады.Негізгі қорды ажыратуда түрі,өндірістік процестегі ролі, құрылымдық ерекшеліктері,тегі және басқа ерекшеліктері,белгілері орын алады.Негізгі қордың түрлері,олардың жұмыс істеу ұзақтығы және көпшіліктің қолданылуы орталықтан бекітілген бүтіндей натуралдық заттық жүктеуді қажет етеді.
Қолданылған әдебиеттер
1. «Бухгалтерлік есеп туралы заң» Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы.бухгалтерлік бюллетенъ-2005ж
2. Бухгалтерлік есеп стандарттары және оларға әдістемелік нұсқау 1,2 бөлім.қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясы.Алматы-2000ж.
3. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп туралы» ҚР заңы №2732 26.12.95ж.
4. «Бухгалтерлік есептің үлгі есеп шоттарының жоспары»-22 желтоқсан 2005жыл,№ 426
5. Пачиоли Л. Соколов Я.В. “Шоттар және жазбалар жөніндегі трактат” М: Финансы и статистика,1994ж.
6. Әбдіманапов А. Раимов С.
«Бухгалтерлік есеп принцптері» Алматы-2005 ж.
7. Глушков И.Е., «Қазіргі кезеңдегі кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп»Москва: 2001-ж.
8. Мэтьюс М.Р. Перера М.Х.
«Бухгалтерлік есеп теориясы». Москва-1999 ж.
9. Сейдахметова Ф.С.«Қазіргі кезеңдегі бухгалтерлік есеп»-Алматы:Экономика-2000.
10. Н.Радостовец В.К. және басқалары «Кәсіпорындағы қаржылық және басқару есебі» Алматы, НАК “Центр-аудит” 1997.
11. Кирьянова Э.К. «Бухгалтерлік есеп теориясы» Москва-1995ж.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

I.Негізгі құралдар есебіне жалпы түсінік.
1.1. Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі.
II.Негізгі құралдардың есебі.
2.1.Негізгі құралдардың кіріске алу есебі.
2.2.Негізгі құралдардың істен шығарудың есебі
2.3.Негізгі құралдардың амартизациясы мен тозуын есепке алу.
2.4.Негізгі құралдарды жөндеудің есебі.
2.5.Негізгі құралдарды жалдау жөніндегі операциялардың есебі.
III. Негізгі құралдардың бағалау,қайта бағалау және түгендеу есебі.
3.1.Негізгі құралдарды бағалау және қайта бағалау есебі.
3.2.Негізгі құралдарды түгендеу

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе
Қандай да болмасын өнім өндіру еңбек күшімен өндіріс құралдарының
бірігуі арқасында болады.Өнім өндіру ерекшеліктеріне және атқаратын
функцияларына байланысты, өндіріс құралдары екі топқа бөлінеді:

- еңбек заты (шикізат, материалдық ресурстар) еңбек күшінің әсерімен
бастапқы қалыптарын өзгертіп, дайын өнімге айналатын заттар;

- құрал-жабдықтар – олардың қатысуымен дайын өнім өңделіп шығарылады.

Аталған құралдар мен еңбек заттары өндірістік қордың негізгі мазмұнын
құрайды және өндірістің экономикалық негізі болып табылады. Өндірістік қор
негізгі және айналым қоры болып екі топқа бөлінеді. Бұлай бөліну себептері
олардың өндіріс саласында атқаратын қызымет сипатын және өз құндарын дайын
өнімге аудару түріне байланысты.

Негізгі құралдар деп – өндірістік процеске көп жыл қатарынан,бірнеше
қайтара қатыса отырып,өзінің бастапқы формасын жоғалтпайтын және құнын
дайын өнімге,тозуына байланысты бірте-бірте енгізіп отыратын құндылықты
айтамыз.

Негізгі құралдарға-қозғалмайтын мүлік,жер учаскелері,үйлер мен
ғимараттар,өткізгіш тетіктер,машиналар мен жабдықтар,өлшеуіш және реттеуіш
аспаптары мен құралдары,агрегатты аспаптар,өндірістік және шаруашылық құрал-
саймандары,өнім және жұмыс малдары,көп жылдық көшеттер,тағы да басқалар
жатады.
Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына
өндірістік және өндірістік емес зерзаттар кіреді. Біріншіге
жататындар–өндірістің,құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль
көлігінің, байланыстың,сауданың және де басқа материалдың өндіріс
түрлерінің негізгі қорлары. Өндірістік емес негізгі қорға–тұрғын
үй,коммуналдық шаруашылық,денсаулық,білім,мәдениет ,спорт салаларына
арналған қор жатады.Негізгі қорды ажыратуда түрі,өндірістік процестегі
ролі, құрылымдық ерекшеліктері,тегі және басқа ерекшеліктері,белгілері орын
алады.Негізгі қордың түрлері,олардың жұмыс істеу ұзақтығы және көпшіліктің
қолданылуы орталықтан бекітілген бүтіндей натуралдық заттық жүктеуді қажет
етеді. Бұл топтастырылу есепке алудың негізін,негізгі қордың экономикалық
сипаттамасын, амортизациясын, негізгі қордың жіктеу бірлігі болып,белгілі
бір қызметтерді атқаруға арналған, құрылымдық ерекшелінген зат ретінде
түсіндірілетін зерзат немесе жекеленген заттардың белгілі бір жұмысты
орындайтын ерекшелінген жиынтығы болып табылады.

I.Негізгі құралдар есебіне жалпы түсінік.
1.1. Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі.

Негізгі құралдар дегеніміз -өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан
артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін,
түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа,
көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амартизациялық
материалдық активтерді айтады. Шаруашылық қызметте пайдалануға арналған
негізгі құралдарды. Қайта caтyға немесе ақшаға айналдыруға болмайды.
Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар
бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субьект балансында көрініс
табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында
пайдаланылады, олар бірте-бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай
отырып, өз құнын бірте-бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады.
№ 16 ХҚЕС бойынша негізгі құралдар-бұл еңбек құралы ретінде
материалдық өндіріс саласында және өндірістік емес саласында ұзақ уақыт
бойы(1 жылдан аса)қолда болатын материалдым активтер.
Оған мыналар жатады:
-жылжымайтын мүліктер(ғимараттар, көпжылдық өсімдіктер жәнежермен
байланысты қозғалысы және олардың мақсатына зиян шектірмеу басқа
объектілер);
-көлік құралдары;
-жабдықтар, өлшеуаспабы, өндірістік және шаруашылық құрал- саймандары
ірі және өнім беретін малдар арнайы құралдармен басқа да негізгі қорлар
(кітапхана қор,мұражай құндылықтары,жануар әлемінің экспорттары автомобиль
жолдары және т.б.
Негізгі құралдар көптеген құралдар бойына пайдаланатын қасиетімен
нысаның сақтай отырып, жанама түрде тозады. өзінің құның жолдан жасалған
өнімге біртіндеп көшіреді.
Жіктелу топтарында өндіріс процесіне қатысу сипатына қарай негізгі
қорлар былай бөлінеді: өндірістік жәнеөндірістік емес.
Өндірістік бұл-өндірістік процесіне тікелей қатысатын немесе
өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар. Оның құрамына мыфналар
жатады: өндіріс үйлер мен ғимараттар, машинамен жабдықтар,өлшеуіш және
реттеуші құралы өндірістік және басқа да керек жабдықтар жұмысшы өнім
беретін малдар, көпжылдық өсімдіктер енеді.
Өндірістік емес-бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар. Олар
өндіріс процесіне қатыспайды. Ол ұжымның ,мәдини,тұрмыстық қажеттігін
қамтамасыз етуге арналған,(үйлер, ғимараттар, керек жарақтапр, денсаулық
сақтау, спорт)
Тиістілігі бойынша негізгі қорлар былайша бөлінеді: меншікті және
жалданған.
Меншікті- бұлсубъектіге тиісті оның балансында көрініс табатын
негізгі құралдар.
Жалданған-жалдау шарты бойынша онда белгіленген мерзімге басқа
субъектілердің алынған негізгі құралдар.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:
қолданыстағы, қолданылмаған, запастағы.
Қолданыстағы-бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар.
Қолданылмаған (тоқталған)-консерватцияға немесе басқа себебтерге
байланысты қолданылмай тұрған негізгі құралдар.
Запаста тұрған-қолданылып жүрген негізгі құралдар жөнделу, жойылу,
апатқа ұшырау жағдайында олар алмастырудағы негізгі құралдар.
Түріне қарай негізгі құралдар 13 топқа бөлінеді:
1.Жер
2.Үйлер-бұл мақсаттық бағыты халықтың еңбек етуіне және материалдық
құндылықтардың сақталу жағдайынан тұратын сәулет құралдар.
3.Ғимараттар-еңбек заттарының өзгеруіне байланысты жоқ қандай бір
функцияналды атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған
инжинерлік құрлыс объектілері (платина құбырлы өткізгіштер және т.б.)
4.Беріліс құрылғылар-электронды жылулық және механикалық қуат беруге
арналған құрылған (электор тарату желісі) құбырлы өткізгіштер т. басқалар.
5.Машиналар мен жабдықтар-әрбір машина егер оның құрамына кіретін
саймандарды,керек-жарақтарды аспаптарды басқа инвегтардың бөлігі болмаса
инвентарлық объект б.т.инвентор дегеніміз-түгендеу. Бұл тобы 5 ішкі топтан
тұрады:
а)Күш беретін машиналар мен жабдық.машиналар жылу және электро қуатын
өндіретін электрометорлар және т.б.(трокторлар, электр қозғалтқыштар) және
т.с.с.
б)Жұмысшы машиналар мен жабдықтар.Бұл еңбек өнімдерін жасау процессіне
механикалық, техникалық және химиалық әсер етуге арналған машиналар
апараттар және жабдықтар (насостар, элекрлік маторлар және т.б.
в) Өлшеу және реттеу аспаптары (микроскоп, монометр, амперметр және т.б.
г)Есептеу техникасы. Процесті жылдамдату мен автоматтандыруға арналған
машиналар құрылғылар мен аспаптар (компьютер, конкульятр мен есептеу
машиналары.
д) Өзге де машиналар мен жабдықтар.(телефон, станциялары, өрт машиналары
т.б.)
6.Көлік құралдары.Адамдар мен жүктердің қозғалуына арналған қозғалыс
құралдары. (теміржол, автомат, су көлігінің қозғалмалы құрамы және т.б.
7.Құрал-сайман. Темірді ағашты өндеуге арналған қол еңбегінің
механикаланған және механикаланбаған немесе машиналарға бекітілген заттар
(балға, тесетін,тұратын және с.с. құралдар)
8.Өндірістік инвентар және керек жарақтар. Өндіріс операцимяларды
орындауға немесе жеңілдетуге қызмет ететін басқа мақсаттағы заттар (жұмыс
үстелі және т.б.)
9.Шаруашылық инвентаръ. Кеңсеге және шаруашылықтарда қажеттізаттар
(шкафтар,клемдер және т.с.с.)
10.Жұмысшы және өнім беретін малдар(ірі қара, қошқар және с.с.
11.Көпжылдық өсімдіктер(жүзімдіктер, жеміс жидектер, роза және с.с.
12.Жерлерді(ғимаратсыз) жақсарту жөніндегі күрделі (жерлерді тастардан
тазарту және т.б.)
13.Өзге де негізгі құралдар(кітапхана қорлары, спорт жабдықтары,мұражай
құндылықтары.

II.Негізгі құралдардың есебі.
2.1.Негізгі құралдардың кіріске алу есебі.

Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің
өсуі ондағы негізгі құралдардың көбейюі мен олардың сапасына байланысты
болады. Сондықтан шаруашылық объектілері әрдайым негізгі құрладарын
жаңартып, оларды сапасы және өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отырғаны
дұрыс.
Шаруашылық субъектілеріне негізгі құралдар сатып алу, салу,
құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа субъектілер мен ұйымдардың және
адамдардыфң сыйға, яғни тегін беруі, сондай-ақ жоғары үкімет орындарының
беруі, тағы басқа жағдайлар арқылы келіп түседі. Бұл келіп түскен, кіріске
алынған негізгі құралдарға шаруашылық субъектісі толтырады. Егер
шаруашылықта пайдаланатын бір түрлі, құны бірдей құрладарының немесе
жабдықтардың бірнешеуі бір уақытта келіп түссе, яғни кіріске алынса оларға
жоғарыда аталған қабылдау-тапсыру актісінің бір данасын ғана толтыруға
болады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстар үшін ол объектілерді
қабылдап алуға тағайындалған комиссия алдымен олардың іске қосу-қабылдау
актісін толтырады. Сонымен қатар, бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі
тиіс:
- объектінің аты;
- объектіні алушы мен тапсырушы субъектілер;
- салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;
- құрылыстың салынып біткен уақыты;
- бастапқы құны;
- басқа да шартты белгілері.
Негзгі құрладардың салынып біткен аса ірі объектілеріне шаруашылық
субъектісіндегі бас механикалық бөлім төлқұжат толтырады. Негізгі
құралдарға төлқұжат толтыру олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың негізгі
шарттарының бірі болып табылады. Негізгі құралдарға толтырылатын
төлқұжаттарда олардың пайдалануға берілген уақыты, техникалық сипаттамасы
(көлемі, материалдық өзгешелігі, агрегаттардың қуат күші, тозу нормасы,
істен шығарылу себебі), тағы басқа мәліметтері жазылады. Осы төлқұжаттардың
негізінде негізгі құралдарға түгендеу жүргізіліп тұрады.
Негізгі құралдарға толтырылған қабылдау-тапсыру актісі кейіннен
шаруашылық субъектісінің бухгалтериясына тапсырылады. Актімен бірге
объектінің техникалық төлқұжаттары да беріледәі. Бухгалтерия бұл
құжаттардың негізінде тиісті инвентарлық карточкалар мен негізгі құрладарды
есептейтін кітапшалардың тиістілерін толтырып, кейіннен бұл құжаттар
шаруашылық субъектісінің тиісті бөлімдеріне табыс етіледі. Актіні
шаруашылық субъектісінің басшысы бекітеді. Бұрын салынған үйлер мен
ғимараттарға, орнатылған жабдықтарға және олардың бастапқы құнын өсіретін
қосымша салынған құрылыстар, орындалған жұмыстар қабылдау актісі бойынша
негізгі құралдардың құрамына өзіндік құны бойынша кіріске алынады. Жоғарыда
айтылғандай, негізгі құралдардың өзіндік құнына оны әкелуге, құрастыруға
және орнатуға кеткен шығындар да кіреді.
Негізгі құралдар кәсіпорынға сатып алуға байланысты, құрылыс
нәтижесінде, өтеусіз, жарғылық капиталға салым ретінде және т.б.
жағдайларда келіп түседі.
I. Cатып алынған негізгі құралдардың есебі.
I.Үйлер мен жеңіл автомобильдерді сатып алу.
1.Баланстық құнына Дт 2412-2414 Кт 3310
2.Тозу сомасына (егер пайдалануда болған объектілер сатып алынса)
Дт 2412-2414 Кт 2422, 2425 -100,0
3.ҚҚС-ты қоса алғанда, жеткізуге байланысты шығындар Дт 2414
Кт 1010,1020,1050,1060 – 350,0
II. Сатып алынған басқа НҚ (бухгалтерлік жазбаларды ақша шоттарымен жасауға
болмайды, өйткені есепке алуға арналған ҚҚС бөлініп көрсетіледі).
1.ҚҚС-сыз салық шот-фактураларына сәйкес келісім құнына біз мынандай жазба
жасаймыз: Дт 2413-2416 Кт 3310 -300,0.
2. Төлем фактісіне қарамастан ҚҚС-ты есепке алу (бюджетке ҚҚС бойынша
төлемдерді кеміту).Кіріске алу сәті бюджет алдындағы берешекті кемітуге
ҚҚС-ты жатқызу сәті болып табылады. ДТ 3130 Кт 1420 - 45,0.
4. жеткізушіге төленген шоттар: Дт 3310 Кт 1010,1020,1050,1060- 360,0.
III. Объект құрылысының нәтижесінде келіп түскен НҚ.
Үйлер мен ғимараттарды тұрғызу, жабдықтарды монтаждау жөніндегі шығындар
мен күрделі құрылысқа сметалармен, сметалық-қаржылық есептеулермен
көзделген басқа шығындар (құрылыстың мердігерлік немесе шаруашылық
әдіспен жүзеге асырылуына қарамастан) 126-шотта (аяқталмаған құрылыс)
ескріледі.
IV.НҚ өтеусіз келіп түсуі.
Егер НҚ демеушілік ретінде алынса, онда оларды былайша кіріске алады:
ДТ2412-2416 Кт 6280- 1200,0
V. НҚ жарғылық капиталға салым ретінде келіп түсуі.
1.Мәлімделген жарғылық капиталдың сомасына Дт 5020 Кт 5010 – 5 млн
теңге.
2. Жарғылық капиталға салым ретінде келіп түскен НҚ келісім (келісілген )
құнына Дт 2412-2416 Кт 5020- 3500,0.
IV. Тауар-айырбас операициясы нәтижесінде НҚ келіп түсуі (тауар беріліп,
орнына НҚ алынған).
Босатылған тауарлардың сатып алу құнына
Дт 7010 1330
VII.НҚтүгендеу кезінде анықталған артықшылықтары (келіп түскен кезде
кіріске алынбағандары) мынандай бухгалтерлік жазбамен кірістеледі: Дт
2412-2416 Кт 6280.

2.2.Негізгі құралрдардың істен шығарудың есебі

Негізгі құралдарды есептен шығарған кезде Негізгі құралдардың есептен
шығару актісітолтырылады.Актіні субьектінің басшысы тағайындаған комиссия
немесе соған уәкілетті адам екі дана етіп тағайындайды.Актінің 1-данасы
бухгалтерияға беріледі,екіншісі негізгі құрал-жабдықтардың сақталуына
жауапты тұлғада болады және ол есептен шығарғаннан кейін қалған қосалқы
бөлшектерді,материалдарды,металл сынықтарын және басқаларын қоймаға
өткізуге негіз болып табылады.
Есептен шығаруға жұмсалған,сондай-ақ жоюдан және үйлерді,ғимараттарды
бұзғаннан,құрал-жабдықтарды бөлшектегеннен түскен материалдық
құндылықтардың бағасы актінің Объектіні есептен шығару нәтижелерінің
есебідеген бөлімінде қарастырылады.
Негізгі құралдарды есептен шығарудың қабылданған тәртібін бұзған
жағдайда жою нәтижесінде алынған материалдық құндылықтарға жауапсыздықпен
қарау анықталса,онда оған кінәлі лауазымды адамдар белгіленген тәртіпте
жауапқа тартылады.
Басы артық,пайдаланбайтын құрал-жабдықтарды,көлік-
құралдарын,приборларды,құрал-сайман дарды,мүлікті,жұмысқа пайдаланатын және
өнім алатын малдарды заңды немесе жеке тұлғаларға сатуға болады.
Негізгі құрал-жабдықтарды бір кәсіпорыннан екінші кәсіпорынға беру
кезінде екі дана етіп акт жасалады.акт негізінде мүліктік түгендеу тізіміне
негізгі құрал-жабдықтардың кәсіпорын балансынан шығарылғаны туралы белгі
соғады.Мысалы,
Негізгі құралдарды есептен шығару актісінің негізінді өндіріс құрал-
жабдықтары есептен шығарылды:
-обектінің пайдалану кезіндегі есептелген тозу сомасы
Дт 2423 Кт 2413
-объектінің баланстық құнына
Дт 7410 Кт 2413

Шаруашылықты жүргізуші субьект қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өзіне
тиісті үйлер мен ғимараттарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдары мен құрал-
саймандарды басқа субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға бёруге, уақытша
тегін пайдалануға беруге немесе заң актілері мен субьект жарғысында бұл іс-
әрекеттер көзделмеген болса, оларды баланстан шығарып тастауына болады.
Негізгі құрал-жабдықтардың есептен шығару табиғи және моралдық
(саплық) тозуына байланысты жою қажет болғанда, құрылыс жүргізгенде,
кәсіпорындарда, цехтарда немесе басқа объектілерді техникалық жағынан қайта
жарақтандырып, кеңейткенде, негізгі табыннан малдарды жарамсыз деп
тапқанда, табиғи қиыншылықтар мен апаттардың нәтижесінде пайдаланудың
қалыпты жағдайлары өзгергенде, баланстан тегін бергенде, сыйлағанда,
шаруашылықаралық және басқа кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға бергенде
сатқанда, өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады.
Жою толық және ішінара объектіні қайта жабдықтау және жаңалау
кезінде болады. Субъектінің балансынан жою тәртібіне сәйкес пайдалану
мерзімі біткен, табиғат зіл-заласы мен апаттардың нәтижесінде өзінің
өндірістік мәнін жойған, қайта қалыпқа келтіру экономикалық жағынан тиімсіз
немесе мүмкін болмаған жағдайда жөне оларды іске асыруға немесе басқа
шаруашылық жүргізуші субъектіге беруте болмайтын тозығы жеткен ғимараттар,
құрылыстар, құрал-жабдықтар, сондай-ақ басқа да тозығы жеткен мүліктер
шығарылып тасталынады.
Негізгі құралдардың синтетикалық есебі бухгалтерияда, шаруашылық
мүліктің бір типті заттарынан, құрал-сайманнан және бірдей өндірістік
немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасын топтап
көрсетеді.

2.3.Негізгі құралдардың амартизациясы мен тозуын есепке алу
Негізгі құралдар өндіріс процесінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни
өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін
пайдалануға жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі
құралдарды алуға тура келеді.

Негізгі құралдардың тозуын табиғи және сапалық тозу – деп екіге
бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың матералдық жағынан тозуы
болып табылады, яғни жұмыс істеу процесінде машиналар мен құралдардың жеке
бөлшектерінің қажалып, мүжілуі, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп
құлайтындай дәрежеге жетуі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың, көп
уақыт бойы пайдаланылғандығына ғана байланысты емес, оған сонымен қатар,
басқа да табиғи жағдайлар әсер етуіне байланысты.

Негізгі құралдардың табиғи тозуы физикалық тозуы оларды ұзақ
пайдалану және оларға басқа факторлардың әсер етуі нәтижесінен болып
табылады.

Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-
ақ құнсызданып, өндірістің даму процесіне кейін қалуы, яғни активтердің
ғылым мен техника дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін
жағдайда болуынан пайда болады.

Осы жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, негізгі құралдың тозуын -
олардың табиғи және сапалық сипаттарын жоғалтуы деп айтуға болады.

Негізгі құралдардың сапалық тозуының бірінші себебі – өндіріс
салаларында ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты еңбек
өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір
дайын бұйымды, құрал-жабдықты, тағы да басқаларды өндіруге кететін қажетті
уақыт азаяды да, оның құны соғұрлым төмендейді арзандайды. Сөйтіп, еңбек
өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал-жабдықтардың, машиналардың, яғни
негізгі құралдардың бағасы бұрын сатып алынған осындай негізгі құралдардың
бағасына қарағанда арзан болады.

Негізгі құралдардың сапалық тозуының екінші себебі ғылыми-
техниканың өркендеуіне байланысты толық жетілген, өнімділігі жоғары әрі
тиімді негізгі құралдардың пайда болуына байланысты. Шаруашылық
субъектілерде өнімділігі төмен негізгі құралдардың орнына, техникалық
жағынан жетілдірілген тиімділігі жоғары негізгі құралдарды пайдалану әр
уақытта тиімді болып табылады. Сондықтан өнімділігі жоғары машиналар мен
құралдардың пайда болуы және олардың бағасының арзандауы бұрынғы
пайдаланылып келген негізгі құралдардың сапалық моральдық тозуына әкеліп
соқтырады. Барлық шаруашылық субъектілер қандай меншіктің болса да
мемлекеттік, жекеменшік, акционерлік, тағы басқалары өздерінің негізгі
құралдарының тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп отырады. Ескеретін
жағдай, негізгі құралдардың ішінде мына төменгі аталған активтерге тозу
дәрежесі анықталмайды және оларға амортизация есептелмейді: жерге,
кітапхана қорына, фильм қорларына, архитектуралық және өнер
ескерткіштеріне, өнімді малдарға, музейлік заттарға, көлік жолына.

Сапалық тозуы ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық,
өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып
қоятындығын білдіреді. Сондықтан негізгі қорды, әсіресе олардың белсенді
бөлігін дүркін-дүркін ауыстырып отыру қажеттілігі туады.

Негізгі қордың табиғи және сапалық тозуы олардың құнының экономикалық
орнын толтыру амортизациялық аударым түрінде өнім өндіруге кеткен
шығындарға қосылады. Сонымен амортизация – бұл шығарылған өнімге негізгі
өндірістік қор құнының бірте-бірте ауысуы. Ол қаражаттың қорлануы
мақсатында негізгі қордың толық және ішінара қалпына келтіру үшін іске
асырылады.

Амортизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансында тұрған
негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құнына сәйкес кәсіпорын ай сайын
жасап отырады.

Жылдық амортизациялық аударымы мөлшері (%) төмендегі формула бойынша
есептелінеді:

Мұндағы – жылдық амортизация мөлшері

– негізгі қорлардың бастапқы құны, тенге

– негізгі қордың мөлшері қызмет ету мерзімі,жыл..

Құнды орындалған жұмыстың көлеміне үйлесімді мөлшерде есептен шығару
әдісі өндірістік әдіс-зерзаттың пайдаланылған уақытына емес, оны
пайдалану нәтижесіне негізделген. Егер жоғарыда, яғни алдыңғы әдісте
қарастырылған станок өзінің 5 жыл ішінде пайдаланылатын уақыты аралығында 1
миллион дана өнімді жасауға негізделген болса, онда ол станокқа жыл сайын
есептелетін амортизациялық аударым сомасы бұл әдіс бойынша станок арқылы
өндірілетін бір дана өнімге тиісті амортизациялық аударымды әр жылда осы
станок арқылы өндірілген өнім санына көбейту арқылы табылады.
Станокқа құнды орындалған жұмыстың көлеміне үйлесімді тепе-тең,
пропорционалды мөлшерде есептен шығару әдісі бойынша-амортизациялық
аударым есептеу кестесі.
Кесте-1
Бастапқы өндірілген1 жылдық ЖинақталғаҚалдық
құны тг өнім амортиз-қ н тозу құны тг
көлемі аударым сомасы
дана сомасы тг
тг
Сатып алынған 1 600 000 - - - 1 600 000
кездегі
1 -жылдың соңында 1 600 000 3 000 000 360 000 360 000 1240 000
2-жылдың соңында 1 600 000 3 000 000 360 000 720 000 880 000
3-жылдың соңында 1 600 000 2 000 000 240 000 960 000 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СНГ авторларының аудитке берген анықтамалары
Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар
Бухгалтерлік есептің типтік есептеры
Бастапқы құжаттарды ұйымдастыру
Бухгалтерлік алғашқы құжаттар
Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары
Негізгі құралдар туралы түсінік
Бухгалтерлік есеп туралы жалпы түсінік
КІРІСТЕР МЕН ШЫҒЫСТАР ЕСЕПТЕРІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негізі
Пәндер