Жапония елі



1.Жапония
2.Табиғаты
3.Географиясы
4.Ерекшеліктері
Жапония – Шығыс Азиядағы аралды мемлекет. Оның құрамындағы ең негізгі төрт арал: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, бұдан басқа 4000 ұсақ арал бар. Жапония аймағы 47 префектруаға бөлінеді, оның әрбірінің жеке астанасы бар. Жапонияның төрттен үш бөлігі таулы аймақтар құрайды, адамдар жердің 10%-на ғана шоғырланған, қалған жерді ауылшаруашылығы алып жатыр. Астанасы – Токио.Азия елдері ішінде орта ғасырлардағы жойқын жорықтардан, және одан кейінгі отаршылық тәуелдіктен аман қалған жалғыз екі елдің бірі — Жапония болады. 19 ғ. Жапония өнеркәсібі қауырт өркендей бастады.Жапонияны көбіне "Күншығыс елі" деп атап жатады. Жапониялықтардың өздері елдерін «Nippon» немесе «Nihon» деп атауды дұрыс көреді. Бұл сөзді біздің тілімізге аударғанда "Күннің шығуы" деген мағынаны білдіреді.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жапония
Жапония – Шығыс Азиядағы аралды мемлекет. Оның құрамындағы ең негізгі төрт
арал: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, бұдан басқа 4000 ұсақ арал бар.
Жапония аймағы 47 префектруаға бөлінеді, оның әрбірінің жеке астанасы бар.
Жапонияның төрттен үш бөлігі таулы аймақтар құрайды, адамдар жердің 10%-на
ғана шоғырланған, қалған жерді ауылшаруашылығы алып жатыр. Астанасы –
Токио.Азия елдері ішінде орта ғасырлардағы жойқын жорықтардан, және одан
кейінгі отаршылық тәуелдіктен аман қалған жалғыз екі елдің бірі — Жапония
болады. 19 ғ. Жапония өнеркәсібі қауырт өркендей бастады.Жапонияны көбіне
"Күншығыс елі" деп атап жатады. Жапониялықтардың өздері елдерін Nippon
немесе Nihon деп атауды дұрыс көреді. Бұл сөзді біздің тілімізге
аударғанда "Күннің шығуы" деген мағынаны білдіреді.
Табиғаты
Жапония аралдарының жан-жағын Тынық мұхит пен оған кіретін Жапон, Охот,
Шығысында Қытай т-дері қоршаған. Жерінің көп бөлігі таулы-қыратты болып
келеді. Неғұрлым ірі
таулары: Хидака мен Китами (Хоккайд о аралында), Оу, Этиго, Хида, Кисо,  Аканс
и (Хонсю аралында). Бұл тауларда сөнбеген жанартаулар әлі де көп. Ең
белгілісі — Хонсю аралындағы 3776 м биіктікте
орналасқан Фудзияма жанартауы. Елде жиі-жиі жер сілкіністері болады және
мұхит жағалауларында цунами желі үнемі соғады. Жазық жерлер аз, ірі
жазықтары Канто немесе Токио жазығы
(Хонсю аралында), Исикари (Хоккайдо  аралында). Климаты муссонды.
Территориясының басым бөлігі — субтропикалық белдеуде, солтүстік —қоңыржай,
оңтүстік — тропикалық белдеуде орналасқан. Қаңтар айындағы орташа
температура Хоккайдо аралында — 5ӘС, оңтүстікте 6ӘС,Рюкю топаралында 16ӘС,
ал шілде айында 22, 27, 28ӘС. Жылдық жауын-шашын мөлшері ел аумағының
көпшілік бөлігінде 1700 — 2000 мм, оңтүстікте 4000 мм-ге дейін. Көбінесе,
жаздың аяғы мен күз айларында болатын тайфундар нөсер жауын алып келеді.
Өзендері шағын, бірақ суы мол, сондықтан электр қуатын өндіру мен жер
суғаруға пайдаланылады. Территориясының 68%-ін қолдан өсірілген ормандар
мен бұта тоғайлары алып жатыр. Өлттық саябақтар (Бандай —
Асахи, Никко, Сето-Найкай, т.б.) мен қорықтар көп

Географиясы
Жапон аралдары солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатыр.
Жапонияның солтүстігінде, әсіресе Хоккайдо аралында, қар қалың түсіп, қысы
едәуір суық болады, ал оңтүстігінің, Рюкю аралдарының ауа райы тропиқалық
климатқа жақын. Жапония – негізінен жылы әрі күн шуақты ел, алайда оның
климаты әжептәуір ылғалды болып келеді.

Жапон аралдарының бүкіл ауданының алтындан бес бөлігіне жуығын қалың
орманды, жартасты таулар алып жатыр. Ең биік тауы – Фудзи тауы. Ол – сөнген
жанартау. Фудзиді жапондар киелі тау деп есептейді. Жапонияда толып жатқан
сөнбеген жанартаулар, көптеген шипалы арасандар (ыстық бұлақтар) бар. Мұнда
жер сілкіну жиі болып тұрады.

Жапония халқы негізінен теңіз жағалауын бойлай созылып жатқан құнарлы жазық
алаптарда тұрады. Күріш алқаптарын, жеміс бақтары мен шай плантацияларын
жыл сайын ұлғайып өсіп бара жатқан ірі қалалар ығыстырып, егістік жер
тарыла түсуде.

Жапонияның ұлттық туы "хиномару" деп аталады. Онда ақ фонға қызыл дөңгелек
бейнеленген. Бұл қызыл дөңгелек күннің шығуын нышандайды. Мемлекеттік
әнұран "кимигае" деп аталады. Бұл "Императордың құдіреті" деген мағынаны
береді. Әнұран сөздері ІХ ғасырда жазылған.
Жапонияда жер сілкінісі өте жиі болып тұрады. Орташа есеппен жыл сайын 1500
жер сілкінісі болады.
Жапония аумағында 200-ден астам жанартаулар бар.
Жапондықтардың көпшілігі таңғы, түскі, кешкі асқа күріш жейді.
Жапония қалаларының әрбір бұрышында сауда автоматтары орнатылған, сіз бұл
жерден күнделікті керек заттарыңыздың барлығына қол жеткізе аласыз.
Жапонияда жемістер өте қымбат тұрады. Сіз алма мен шабдалының бір данасы
үшін 2$ төлейсіз.
Жапондықтар дәнді дақылдар мен майонез қосылған пиццаны сүйіп жейді.
Хайку – жапон поэзиясының жанры, ол 3 қатардан тұрады.
Әрбір жапондық үйге кірер алдында аяқ киімін шешеді. Бұл бірінші кезекте
тамақ ішетін кезде отыратын татамидің тазалығы үшін керек.
Жапондықтар тағамды "хаси" деп аталатын таяқтармен жейді.
Жапондықтар біздер секілді азық-түлікті бір айға алып қою дегенді білмейді.
Олар етті, балықты, жеміс-жидекті күн сайын сатып алады.
Мисо-сорпа – жапондықтардың ең сүйікті асы. Оны барлық мезгілде жей береді.
Тағамның ингредиенттері – соялық бұршақтар, сорпада ерітілген балдырлар.
Көптеген әйелдер 10-15 см биіктіктегі платформаларды киеді.
Жапонияда жергілікті пойыздардан басқа барлық жерде темекі шегуге рұқсат
берілген. Пойыздардың өзінде темекі шегуге арналған арнайы орындар бар.
Жапония – жол транспортпен жол жүруде сол жақпен жүреді, алайда, көлік рөлі
оң жақта орналасады.
Жапония ауылдарында үйлену тойға, жерлеу рәсіміне шақыру деген ұғым жоқ.
Мұндай оқиғалардың барлығы қоғамдық іс саналғандықтан, бүкіл ауыл қол ұшын
беріп, атсалысады.
Тамақты сапылдатып, тамсанып ішуді ұнатасыз, бірақ достарыңыздан,
отбасыңыздан, әріптестеріңізден ұялатын болсаңыз, Жапонияға барыңыз. Мұнда
сұйық тағамды дауыс шығара жемесеңіз, қожайын ұнатпады деп ойлап, ренжіп
қалады.
Жапондықтар өте сыпайы халық. Көмек сұрай қалсаңыз, барлық шаруасын тастап,
сізге қарай асығады.
Жапондықтар өздерінің тілінде екі ауыз сөз айтқанда адамды қатты
құрметтейді. Себебі, олардың сөзін жаттап алу өте қиын.
Жапон тіліндегі ең дөрекі сөздер: "ақымақ" ("бака"), "нақұрыс".
Олар тамақ үстінде ылғи сөйлеп отырады, тағамды мақтайды, кемшілігін
айтады. Дастарқан басында oishii (дәмді) сөзін айтпау – әдепсіздікке
жатады.
Жапондар дельфин етін жейді. Одан дәмді сорпаларды, кәуаптарды жасайды,
ірімшікпен бірге жейді. Жалпы олардағы тамақтану реті өте жақсы
қалыптасқан. Артық салмақты адамдардың тым аздығы –  бұл сөзімізді дәлелдей
алады.
Жапондықтар өте адал адамдар. Метрода әмияныңызды жоғалта қалсаңыз, 90%-ға
жуық адам бөлімшеге әкеліп тапсырады. Жер сілкінісі кезінде де ондай
қылмыстар сирек орын алады.
Жапон полициясы ешқашан пара алмайды. Егер сіз маңызды қылмыс жасап
қойсаңыз, қорғаушысыз 30 күн қамалып отырасыз.
Токио – әлемдегі ең қауіпсіз мегаполис. Қауіпсіздігі соншалықты, алты жасар
бала қоғамдық көліктерде жалғыз жүре береді.
Жапондықтар қонаққа шақыру дегенді білмейді. "Бір күні үйге келіп кет"
деген шақыруды ести қалсаңыз, жәй сыпайылық үшін айтылды деп ойлай беріңіз.
Жапондықтар – сұмдық еңбекқор халық. Олар 15-18 сағат бойы үзіліссіз жұмыс
істей береді.
Жұмысқа дәл уақытында келу – өте ұят қылық. Олар бару керек жерге жарты
сағат ерте жетеді.
Жапонияда зейнетақы өте төмен көлемде төленеді. Қарияларға төленетін
зейнетақының ең жоғарғысы 300 доллар ғана. Оларда әркім өзінің кәрілігін
қамтамасыз ету керек деген ұғым бар.
Жапонияның солтүстік қалаларындағы жаяу жүргінші жолдарында жылытқыштар
қойылған, сондықтан ешқашан мұз қатпайды.Жапонияның көшелерінен қолшатыр
салынған сауыттарды (ваза) көре аласыз. Жаңбыр басталғанда оның бірін алып,
тоқтағанда жақын жердегі ыдыстың біріне қайта салып кетесіз.
Жапония көшелерінде қоқыс жәшіктері жоқ. Олар барлық қоқысты үйлеріне
әкетеді де, төрт түрге сорттайды: әйнектер, мыжылатындар, мыжылмайтындар,
өңделетіндер.
Жапония Империя лауазымын сақтап қалған әлемдегі соңғы ел.
Жапонияда транспорт бағасы өте қымбат. Метроға ең арзан билет 140 йен (200
теңге).
Жапонияда қашанда ер адамдарға бірінші қызмет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жапония және халықаралық ұйымдар
Жапонияны танып білейік
Жапония туралы
Жапонияның шекарасы, Күншығыс елі халқы. Шаруашылығы
Азия елдеріне жалпы шолу
Жапония жайлы мәлімет
Жапония — күн-шығыс елі
ШЕТЕЛДІК АЗИЯҒА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Жапония мемлекеті жайлы
1894-1895 жж. әскери қақтығыстардың себебі мен алғышарттары
Пәндер