Авторлық құқық түсінігі және мәні



Мазмұны
I. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2 бет
II.Негізгі бөлім
І.тарау. Творчестволық қызмет және оны ұйымдастырудағы азаматтық құқықтың рөлі
1.1. Творчестволық қызмет оның ұғымы және мәні ... ... ... ... ... ... ... ... 3 бет
ІI.тарау. Авторлық құқық
2.1. Авторлық құқық түсінігі және мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5 бет
2.2. Авторлық құқық принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6 бет
2.3. Авторлық құқықтың негізгі категориялары
Авторлық құқық объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8 бет
Авторлық құқық объектілерінің негізгі түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ..10 бет
Авторлық құқық субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14 бет
ІІІ.тарау. Автор құқықтары және оларды қорғау
3.1. Автор құқығы, оның мазмұны және іске асуы ... ... ... ... ... ... ... ... ..16 бет
3.2. Автордың жеке мүліктік емес құқықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18 бет
3.3. Автордың мүліктік құқықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20 бет
IV.тарау. Авторлық құқықты қорғаудың негізгі әдістері
4.1. Авторлық құқықты қорғау органдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24 бет
Авторлық құқықтың арнайы терминдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27 бет
III.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29 бет
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30 бет
КІРІСПЕ
Авторлық құқық тақырыбы қаншалықты маңызды деп ойланар болсақ, онда бұл тақырыптың азаматтық құқықтың ең маңызды болмаса да соңғы жылдары бой түзеп келе жатқан саласы деп тұжырымдауға болады. Дегенмен өзінің көлемі жөнінен анау айтып үлкен де емес, тіпті кішкентай да емес. Әрине авторлық құқық бізде оншалықты дамымаған. Оны күнделікті теледидарда қарақшылық жолымен жасалынған кассеталарды, бейнекассеталарды трактормен таптап жойып жатқанын көріп жүрміз. Тәуелсіз Қазақстанда келешекте осы авторлық құқыққа мән беріліп оның тұғырын көтере түсер деп ойлаймын.
Соңғы жылдары экономикадағы түпкілікті өзгерістерге байланысты бұрын туындауы мүмкін емес немесе ғылыми, академиялық қызығушылық қана танытқан құқық саласында көптеген сұрақтар туындады.
Нарық заманының келуімен кәсіби шығармашылық мүдделері ақыл-ой және рухани еңбек саласына жататын адамдарға ақыл-ой меншік құқығы, яғни авторлық құқықпен байланысты қатынастарды реттейтін заң шығару маңызы күннен күнге өсіп жатыр. Бұл мәселелер «компьютерлік қарақшылық» толқынына байланысты өзекті болып табылады. Сондықтан өзімнің курстық жұмысымда мен ЭЕМ-ң программалық өнімдерін құқықтық авторлық қорғауға байланысты мәселелерді бөліп көрсетуге тырыстым.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Нормативтік актілер;
1. Қ.Р. Конституциясы 30 тамыз 2005 жыл.
2. Қ.Р. Қылмыстық кодексі, 1 қаңтар 2007 ж.
3. Қ.Р. Азаматтық кодекс. 1 шілде 2008 ж.
4. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 10 шілде 2005 ж.

Әдебиеттер:
1. Ю.М.Батурин "Проблемы компьютерного права". Москва, 2007 г.
2. Т.Б.Сеитов "Правовые аспекты компьютерной преступности в зарубежных странах и в Казахстане". Алматы-2007 г.
3. Ғ.А. Жайлин «Азаматтық құқық» Ерекше бөлім I-II томдары. Алматы 2003 ж.

Газет журналдар:
1. Егемен Қазақстан 98. N97

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
I.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 2 бет
II.Негізгі бөлім
І-тарау. Творчестволық қызмет және оны ұйымдастырудағы азаматтық құқықтың
рөлі
1.1. Творчестволық қызмет оның ұғымы және
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... .3 бет
ІI-тарау. Авторлық құқық
2.1. Авторлық құқық түсінігі және
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5 бет
2.2. Авторлық құқық
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
бет
2.3. Авторлық құқықтың негізгі категориялары
Авторлық құқық
объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
бет
Авторлық құқық объектілерінің негізгі
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ..10 бет
Авторлық құқық
субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
14 бет
ІІІ-тарау. Автор құқықтары және оларды қорғау
3.1. Автор құқығы, оның мазмұны және іске
асуы ... ... ... ... ... ... ... ... ...16 бет
3.2. Автордың жеке мүліктік емес
құқықтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...18 бет
3.3. Автордың мүліктік
құқықтары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 20 бет

IV-тарау. Авторлық құқықты қорғаудың негізгі әдістері
4.1. Авторлық құқықты қорғау
органдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .24 бет
Авторлық құқықтың арнайы
терминдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .27 бет
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..29 бет
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...30 бет

КІРІСПЕ

Авторлық құқық тақырыбы қаншалықты маңызды деп ойланар болсақ,
онда бұл тақырыптың азаматтық құқықтың ең маңызды болмаса да соңғы жылдары
бой түзеп келе жатқан саласы деп тұжырымдауға болады. Дегенмен өзінің
көлемі жөнінен анау айтып үлкен де емес, тіпті кішкентай да емес. Әрине
авторлық құқық бізде оншалықты дамымаған. Оны күнделікті теледидарда
қарақшылық жолымен жасалынған кассеталарды, бейнекассеталарды трактормен
таптап жойып жатқанын көріп жүрміз. Тәуелсіз Қазақстанда келешекте осы
авторлық құқыққа мән беріліп оның тұғырын көтере түсер деп ойлаймын.
Соңғы жылдары экономикадағы түпкілікті өзгерістерге байланысты
бұрын туындауы мүмкін емес немесе ғылыми, академиялық қызығушылық қана
танытқан құқық саласында көптеген сұрақтар туындады.
Нарық заманының келуімен кәсіби шығармашылық мүдделері ақыл-ой және
рухани еңбек саласына жататын адамдарға ақыл-ой меншік құқығы, яғни
авторлық құқықпен байланысты қатынастарды реттейтін заң шығару маңызы
күннен күнге өсіп жатыр. Бұл мәселелер компьютерлік қарақшылық толқынына
байланысты өзекті болып табылады. Сондықтан өзімнің курстық жұмысымда мен
ЭЕМ-ң программалық өнімдерін құқықтық авторлық қорғауға байланысты
мәселелерді бөліп көрсетуге тырыстым.

І. Творчестволық қызмет және оны ұйымдастырудағы азаматтық құқықтың
ролі

 

1.1. Творчестволық қызмет оның ұғымы және мәні

Творчестволық қызмет, яғни шығармашылық қызмет ғылым, техника,
әдебиет, дизайн, таурлық белгілерді жасауда және т.б. салаларда жүзеге
асырылады. Творчестволық қызметтің маңызы орасан, өйткені ғылым мен
техника қоғам мүддесіне орай табиғаттың байлықтары мен күштерін пайдалануға
мүмкіндік береді. Ал әдебиет пен өнер адамның рухани байлығын
қалыптастырып, оның эстетикалық деңгейін арттырады.
Енді творчестволық қызметке анықтама бере кетейік. Творчестволық
қызмет деп ғылым, техника, әдебиет немесе өнер саласында жаңа,
творчестволық өзіндік нәтиже жасап шығуды атаймыз. Мұндай қызметті
өндірімді қызмет дейді. Мысалы жаңа бағдарламалық өнім жазып шығарған
программа әзірлеушінің еңбегі осының қатарына жатады. Осыған байланысты
қазіргі компьютерлердегі операциялық жүйені жасап шығарушы Майкрософт
фирмасының президенті әлемдегі ең бай адамдардың көшбасшысы болып отыр.
Творчестволық қызметтің нәтижелерінің бәрінің азаматтық құқық
инстиуттарының авторлық құқық, өнертапқыштық құқығы, өндірістік үлгіге
арналған құқық тәрізді салаларында бекітілген өзіндік ерекшеліктері болады.
Азаматтық құқық тікелей творчестволық, ғылыми-техникалық, әдеби немесе
басқа қызметтерді реттемейді. Ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық
процессі оның нормаларынан тыс қалады.
Азаматтық құқық авторлықты танып, олардың құқықтық режимдерін
белгілейді, авторларды материалды және моральды ынталандырып және олардың
құқықтарын қорғауды жүзеге асырады.  Авторлық құқық нормалары қоғамымыздың
мәдени деңгейінің өсуіне, сонымен қатар авторлардың мүдделерін қорғауға
бағытталған. Өз кезегінде өнертапқыштық құқық, өндірістік үлгіге арналған
құқық ғылыми-техникалық прогрестің жеделдеуін, өндірістің тиімділігін
арттыруға және өнім сапасы мен оның бәсекелестігін ұлғайта түседі.
  Авторлық құқық ең алдымен шығарманың формасын қорғаса, ал
өнертапқыштық құқық оның мазмұнына мән береді. Бірақ бұл екеуі ұқсастығы
бар болғанымен өз алдына бөлек құқық тармақтары деуге келеді.

ІI. Авторлық құқық

2.1. Авторлық құқық түсінігі және мәні

Авторлық құқық-азаматтық құқықтың бір институты. Авторлық құқық
реттейтін мүліктік және мүліктік емес қатынастар әдебиет, ғылым және өнер
туындыларын шығару және қолданумен байланысты. Авторлық құқық жеке институт
ретінде белгілі бір мәселелерді реттейді, оған мүліктік, мүліктік емес
құқықтар және автордың заңды мүдделерін толықтай қорғау, ғылыми және көркем
туынды шығару үшін құқықтық әдістерді пайдаланып жағдай жасау, туындының
қоғамда кең қолданылуы жатады.
Объективті мағынада авторлық құқық дегеніміз ғылым, өнер, әдебиет
туындыларын шығару және қолдануға байланысты қатынастарды реттейтін
құқықтық нормалар жиынтығы. Субъективті мағынада авторлық құқық дегеніміз
ғылым, өнер, әдебиет туындысын шығарған адамның мүліктік және мүліктік емес
қатынастары.

2.2. Авторлық құқық принциптері

Қазақстандағы авторлық құқыққа жалпыға бірдей принциптер тән. Еркін
шығармашылық принципі автор қызығушылық танытатын тақырыпқа болашақ
туындының формасын, шығару әдісін, өз туындысын рұқсат етілген әдістермен
қолдануға ерік береді. Конституциялық заң шығармашылық, ғылым, өнер және
әдебиетті дамытуға негізделген ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық
еркіндігіне кепіл береді. Автордың жеке мүдделері бүкіл қоғамның
мүдделерімен үйлесу принципі Азаматтық кодекстің 983-баптың 1–2
тармақтарында баяндалған. Бұл баптар бойынша жеке қажеттілікті
қанағаттандыру үшін автор туындыларын қолдануға болады. Азаматтық кодекстің
983-баптың 2-тармағы бойынша автор туындысын автордың келісімінсіз
пайдалану және оған жаңа жеке шығармашылық туынды шығару үшін, оған дейін
шығарған туындысына сыйақы беруге болады.
Автордың туындыны шығару және қолдануға моральдік және материалдық
қызығушылық принципі. Тәжірибеде моральді мадақтаудың жеке формалары
кездеседі мысалы құрметті атақ беру (еңбек сіңірген әртіс және т.б.) немесе
халық қолдауына ие болған туындыларды қайта басып шығару. Ғылым, өнер және
әдебиет туындыларының авторларына моральді және материалды мадақтауға
әртүрлі мемлекеттік және атаулы атақ беру жатады. Белгілі бір туындыға ұтыс
тігу де материалды мадақтаудың бір түрі болып табылады.
Автордың заңды мүдделерін және негізгі құқықтарын қорғау принципі
тек авторлық құқықтық қатынастарға түсетін адамдардың міндеттері мен
құқықтары реттелген, субъективті құқықтардың іске асу кепілін бекітетін
мемлекеттік органдардың құзырын анықтайтын нормаларда ғана көрсетілген жоқ.
Сонымен қатар, бұзылған авторлық құқықтарды қорғау нормаларында да
бейнеленген.
Ғылым және көркем шығармашылық саласындағы қатынастар әртүрлі
нормативті актілермен реттеледі, осы актілердің жиынтығы авторлық құқық
заңдарын құрайды.

2.3. Авторлық құқықтың негізгі категориялары

Авторлық құқық объектілері

Азаматтық кодекстің 971 бабына сәйкес авторлық құқық әдебиет, ғылым
және өнер туындыларына таралады. Шығармашылық әрекетінің басқа
нәтижелерінен ерекшеленетін, белгілі бір нышаны бар туындылар ғана құқықпен
қорғалады. Бұл нышандар заңның өзінде белгіленген. Ең алдымен туынды
шығармашылық қызмет нәтижесі болу керек. Содан кейін оның көшірмесін
қамтамасыз ететін объективті нысанда болу керек. Авторлық құқықтың
объектісі болып табылатын туынды шығармашылық қызметтің нәтижесінде пайда
болады, бірақ тек әдебиет, ғылым және өнер саласына жататын туындылар ғана
авторлық құқық объектілері болып саналады.
Заң әдебиеттерінде жаңа шығарма жасауға бағытталған жеке әрекеттер
жатады. В. И. Серебровский бойынша шығармашылық бұл белгілі бір нәтижеге
жету мақсаты бар саналы, көп жағдайда көп еңбек сіңіруді қажет ететін
процесс. Шығармашылыққа саналы жұмыс және шығарған туындының жаңалығы тән
болу керек. Шығармашылық адамның саналы, жеке әрекеті туындыны шығарғанша
оның санасында қалыптасады. Туындының болашақ үлгісі түпкі ой өз дамуында
бірнеше кезеңнен өтеді. Түпкі ой-арман, түпкі ой-жоспар, болашақ туындының
үлгісі, түпкі ойды іске асыру, туындыны шығару. Бір кезеңнен екінші кезеңге
өтү шығармашылық процесті құрайды. Әрбір кезеңнің өз ерекшелігі бар. Олар
авторға ақиқат болмысты түсініп, оны эмоциялық қабылдаумен салыстыруға
көмектеседі. Сонымен қатар, шығармашылық әдістері мен стилі бойынша әртүрлі
болады. Жаңалық тек туындыға ғана емес шығармашылық қызметке де тән болады.
Автор бірегей туынды шығарған кезде және белгілі бір туындыға негізделіп
жаңа туындыны шығарған кезде жаңалық байқалады. В. И. Серебровский бойынша
шығармашылықтың элементі жаңалық-жаңа мазмұн, туындының жаңа формасы, жаңа
идея, жаңа ғылыми концепция түрінде көрінеді. Шығармашылық әрекеттің
жаңалығынан басқа объективті көрініс тапқан туынды жаңалығы болады. Ол
заңмен бекітілген міндетті және жеке белгісі бар ғылыми немесе техникалық
шығармашылық нәтижелері. Авторлық құқық объектілеріне байланысты заң
жаңалық белгілерін анықтамаған. Заң әдебиеттерінде туындының жаңалығын оның
тақырыбы, идеясы, мазмұны және формасымен байланыстырады. Туындының басқа
белгісі объективті көрініс. Түпкі ой іске аспағанша қорғау объектісі де
болмайды. Оның әдебиет, ғылым, өнер туындыларына белгілі бір құқықтық
реттеуді талап етеді. Әрбір шығарма белгілі бір көріну формасын иеленеді.
Ол жазбаша, ауызша, қолжазба түрінде, сызу және т. б. Туындыны авторлық
құқықтың объектісі ретінде тану үшін заң туындының аяқталуын талап етпейді.
Туынды аяқталмаған болса да заңмен қорғалады. Авторлық құқық объектілеріне
туындыны шығарған кезде автор пайдаланған эскиздер, жоспорлар және т. б.
материалдар жатады. Туынды, оны авторсыз көшіруге болатындай объективті
формада болу керек. Егер туындыны авторсыз көшіру мүмкін емес болған
жағдайда, туынды авторлық құқықтың объектісі болып танылмайды.

Авторлық құқық объектілерінің негізгі түрлері

Авторлық құқық объектілерінің басым бөлігін әдеби шығармалар
құрайды. Ой, сезім, идея және образ сөз арқылы берілгендіктен, бұл
шығармалар ерекше болып келеді.
Әдебиет шығармаларымен қатар өнер тундыларын да бөліп көрсетуге
болады. Олар: музыкалық, хореографиялық, бейнелеу өнерінің шығармалары,
кинофильм, телефильм және т. б.
Музыкалық шығармалар ырғақпен байланысқан әуенді құрайтын дыбыстар
арқылы көрініс табады. Олар оратория, симфония, соната, квартет және т. б.
форма түрінде болады. Музыкалық шығармалармен қатар музыкалық-драмалық
шығармалар да бар. Олар әдеби-драмалық негізге (либретто) сүйеніп, сахнада
опера, балет және оперетта түрінде көрініс табады. Композитор музыкалық
шығармаларды ерекше белгілермен жазады.
Пантомима және хореографиялық шығармалар адам денесінің икемді
қимылдары арқылы жасалады. Музыкамен бірге хореография музыкалық-сахналық
туындыны құрайды.
Бейнелеу өнері туындыларының қатарында кескіндеме, мүсін өнері,
графика, қолданбалы сәндік өнер, сурет және т.б.
Авторлық құқықтың объектілеріне жататын архитектуралық туындылар
инженерлік өнердің, бионика, кескіндеме, мүсін, ғылым, архитектура синтезі
болып табылады. Бұл туындыларда ғылым, техника, өнер біріктірілген.
Заң әдебиетттерінде авторлық құқық тек архитектура өнерінің
материалдық тасушысын ғана қорғайды деген пікір қалыптасқан. Бұл даулы
мәселе, өйткені авторлық құқық идея мен образды да қорғайды.
Кинематографиялық туынды кино түсіру үшін көптеген шығармаларды
қамтиды. Мысалы, сценарий, жоспарлар, диктор тексті, өлең текстері,
кинофильмдер және т. б. Кинотелевизиялық фильмнің материалды тасушылары-
пленка, видеокассета, видеодисктер т. б.
Осыған дейін тек түпнұсқа туындылар туралы айтылды. Түпнұсқа
туындыларының негізінде жасалған тәуелді шығармаларды да заң қорғайды. Бұл
туындылар-аудармалар қайта жасау нәтижесінде пайда болады. Әдеби, ғылыми
және көркем шығарманың аудармасы дербес туынды болып табылады. Авторлық
құқық объектілерінің қатарына заң аударманы да қосып, оны басқа туындыларды
сияқты қорғайды. Егер де аудармашы шығарманы сөзбе-сөз аударса, бұл
аударма авторлық құқық объектілеріне жатпайды. Егер де бір аудармашы
белгілі бір туындыны автор немесе оның мирасқорының келісімімен аударса да,
бұл екінші аудармашының сол туындыны аударуына кедергі келтірмейді.
Авторлық құқық объектілеріне шығармалар жинақтары да жатады. Бұл
жинақққа белгілі бір автор еңбегі болмайтын туындылар да кіреді (заңдар,
сот шешімдері және т. б.).
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, авторлық құқық объектілері
мыналар болып табылады:
1) әдеби туындылар (әдеби-көркем, ғылыми, оқу, публицистикалық және
т.б.);
2) драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;
3) сценарийлік туындылар;
4) хореография және пантомима туындылары;
5) мәтінді және мәтінсіз туындылар;
6) аудио-бейне туындылар, (кино, теле және бейне фильмдер,
диафильмдер және басқа кино, теле туындылар), радио туындылар;
7) кескіндеме, мүсін, графика туындылары мен басқа да бейнелеу
өнерінің туындылары;
8) қолданбалы өнер туындылары;
9) сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнері тундылары;
10) фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас әдістермен алынған
туындылар;
11) географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты карталар,
жоспарлар, эскиздер, безендірмелер мен үш өлшемді туындылар;
12) ЭЕМ-ге арналғн бағдарламалар;
13) өзге де туындылар;
Авторлық құқық объектілеріне, сондай-ақ:
14) туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар,
түйіндеулер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық аранжировкалар және ғылым,
әдебиет пен өнер туындыларының басқа да өңделімдері);
15) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары) және
басқа да іріктелу және (немесе) материалдардың орналасу бойынша
шығармашылық еңбек нәтижесі болып саналатын құрастырылған туындылар жатады.
Туынды және құрастырылған шығармалар олардың негізге алынған немесе
оларға енген туындылардың авторлық құқықтың объектілері болу-болмауына
қарамастан авторлық құқықпен қорғалады.
Авторлық құқық объектілері болып табылмайтын туындылар:
1) ресми құжаттар (заңдар, сот шешімдері, заң шығару, әкімшілік, сот
және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтіндер), сондай-ақ олардың ресми
аудармалары;
2) мемлекеттік рәміздер мен белгілер (жалаулар, елтаңбалар,
ордендер, ақша белгілері және өзге де мемлекеттік рәміздер мен
белгілер);
3) халық шығармашылығының туындылары;
4) ақпараттық сипаттағы

Авторлық құқық субъектілері

Авторлық құқық субъектілері шығармашылық еңбекпен әдебиет, ғылым
және өнер туындыларын шығарған тұлғалар болып табылады. Субъективтік
авторлық құқық азаматтың жасына, денаулығына, мүліктік жағдайына, шығарманы
жарыққа шығарудың орнына байланысты болмайды. Егер шетел азаматының
туындысы бірінші рет Қазақстанда шықса немесе белгілі бір объективті
формада Қазақстан территориясында болса шетел азаматы Қазақстандық авторлық
құқық субъектісі болып табылады.
Авторлармен қатар, авторлық құқық субъектілерінің қатарына әдебиет,
ғылым және өнер туындысын шығару процесіне қатыспаған тұлғаларды да
жатқызуға болады. Оларды мирасқорлар деп атайды. Мирасқорларға туындыны
пайдаланудың белгілі бір құқықтары өтеді. Заң мұрагер мен автор арасында
жасалған шарт белгілі бір құқық шеңберінің мирасқорға өтуінің негізі болып
табылады. Автормен оның туындыларын пайдалану туралы шартқа отырған
мұрагерлер, мемлекет немесе мекемелер (баспалар, театрлар және т. б.)
мирасқорлар болып саналады.
Жоғарыда аталған тұлғалардың құқықтары автор құқықтарымен
салыстырғанда шеклеулі болады. Мұрагер мен автор құқықтары көлемі жағынан
ғана емес, пайдалану мерзімі жағынан да әртүрлі. Мұрагердің авторлық құқығы
автор өлгеннен кейін 25 жыл ғана күшінде болады.
Белгілі бір жағдайларда ғана мемлекет авторлық құқық субъектісі болып
табылады. Мысалы: авторлық құқықты еріксіз саттырғанда, туындыны халық
игілігі деп жариялағанда, авторлық құқыққа ие болған заңды тұлғаның жойылуы
кезінде.
Азаматтық заң негіздері бойынша: энциклопедиялар, газеттер,
журналдар, ғылыми еңбек жинақтарын және т. б. жарыққа шығаратын баспалар
өздері шығарған өнімді (кітаптар, журналдар, жинақтар, газеттер және т. б.)
пайдалануға құқықтары бар. Сол сияқты кино-телестудиялар фильмді
пайдалануға құқықтары бар. Бірақ заң бұл құқықтарды авторлық құқықтар
қатарына жатқызбайды. Осыған байланысты заң бойынша авторлық құқыққа
шығармашылық коллектив мүшелері, композитор, суретші, қоюшы-режиссер,
оператор және басқа да шығармашылық жұмысшылар ие болады. Өйткені қандай
туынды болмаса да белгілі бір азаматтардың

ІІІ. Автор құқықтары және оларды қорғау

3.1. Автор құқығы, оның мазмұны және іске асуы

Әдебиет, ғылым, өнер туындыларының авторы келесі құқықтарға ие:
Авторлық құқық, тақырып таңдау құқығы, туындыны жариялау және пайдалану,
шығармаға қол сұқпаушылық және т. б.
Ғылым немесе көркем шығармашылық пен айналысатын тұлғаның ең
негізгі құқығы автор құқығы. Автор құқығы бойынша автор оның туындысын
пайдаланған жағдайда авторға сілтеу жасауды талап етуі де мүмкін. Автор
құқығы туындының формасына немесе туындының мақсатына байланыссыз
сақталады. Туынды басылса да, басылмаса да автор құқығы сақталады.
Қол сұқпаушылық құқығы туындыны немесе оның атын өзгертуге тыйым
салады. Азаматтық кодекстің 977-бабы бойынша автордың келісімінсіз туындыны
суреттермен, алғы сөздермен, қорытындымен, түсіндірумен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығармашылық қызметпен байланысты қатынастарда азаматтық-құқықтық реттеу
Құқық шығармашылық процесінің сапасын жақсарту
Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне жалпы сипаттама
Авторлық құқықтың обьектісі мен субьектісі
Интеллектуалдық меншік құқығы туралы
Авторлық құқық субъектілері, түрлері
Авторлық құқықтың объектілері
Авторлық құқық тарихы
Автордың мүліктік құқықтары
Жеке мүліктік емес қатынастарды қорғаудың түсінігі және әдістері
Пәндер