Абайдың поэзиясының көркемдік ерекшілігі



Жоспар

І.Кіріспе.

ІІ.Негізгі бөлім.
1.Абайдың поэзиясының көркемдік ерекшілігі.
2.Абайдың эстетикалық көз қарасы.
3.Ұлттық поэзиядағы көркемдік табиғаты туралы ойлары.

ІІІ.Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе.
Қазақ әдебиетінің теңдесі жоқ ұлы классигі Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың өмірбаянын толығырақ білу тілегі мен қажеттілігі ойшыл ақын қайтыс болған соң-ақ, көп ұзамай қолға алынды. Жалпы қазақ ақындарының арасында тұңғыш рет Абайға ғана баспасөзде арнайы өмірбаяндық деректер беріле де бастады.
Абай шығармалары Қазақстанда қазақ халқының рухани мұрасы ретінде қоғамдық ой-санада өрісті де өскелең орын алуьна сай дәрежеде тағылу міндеті алға қойылды. Қалам қайраткерлерінің көпшілігі Абай мұрасын зерттеу, бағалау ісіне әрқайсысы өз шама-шарқына қарай ат салысты. Бірде адасып, бірде табысты боп зерттеу процесі үздіксіз жүріп жатты.
20—30-жылдардлгы абайтану саласында жазылған ірілі-ұсақты еңбектердің дені, негізінен, ақын шығармаларының әлеуметтік төркіні мен мұрагерлік жағына көп аялдады. Осымен қатар кейбір мақалаларда алғаш рет Абай өмірбаянын жаңа деректер негізіне сүйеніп, толықтырып қайтадан жазу талабы да көтеріледі. Бірақ ұлы ақын өмірбаянын бірден есілтіп жазып кетуге нақтылы деректердің қалмауы үлкен қол байлау.
20-жылдардың басында Абай мұрасын зерттеу саласында талантты керкем шығармалары мен әдебиет тарихын зерттеудегі еңбектерімен үздік таныла бастаған М. О. Әуезовтің араласуы абайтануға үлкен зерттеушінің келіп қосылғанын бірден аңғартты.
Абай Құнанбаевтың арнайы эстетикалық трактаттар жазбағаны белгілі. Әйтсе де, данышпан ақын-композитордың шығармаларынан әсемдікке, сұлулыққа деген эстетиклық талапталғамын айқын аңғарамыз. Өйткені, елінің, халқының қамын жеп, жоғынжоқтап, мұңын мұндап өткен ақынның өскен ортасынан, туған жерінен, жер, ел тағдырынан, салт-дәстүрінен, тарихынан, өнері мен мәде-ниетінен сырт, жақсысына сүйінбей, жаманына күйінбей өмір сүруі мүмкін емес. Абай балалық шағынан бастап
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.Жұмалиев Қ. Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі. Алматы, 1948
2.Абай Құнанбайұлы. Толық жинақ. Қызылорда, 1933.
3.ӘуезовМ.Уақыт және әдебиет. Алматы,1962.
4.Абай Құйанбайұлы. Толық жинақ. Қызылорда, 1933.
5. Абайдың революцияға дейінгі басылған өлеңдері жайлы. Жұлдыз»,1963, № 5.
6.Қазақтың халық жұмбақтары. Алматы, 1959.
7.Жұмалиев.К.Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай позиясының тілі. Алматы, 1960.
8.Әуезов М. Абай Құнанбаев.-Қазақ әдебиетінің тарихы.Алматы, 2 том. 1961.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І.Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім.
1.Абайдың поэзиясының көркемдік ерекшілігі.
2.Абайдың эстетикалық көз қарасы.
3.Ұлттық поэзиядағы көркемдік табиғаты туралы ойлары.
ІІІ.Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.
Қазақ әдебиетінің теңдесі жоқ ұлы классигі Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың
өмірбаянын толығырақ білу тілегі мен қажеттілігі ойшыл ақын қайтыс болған
соң-ақ, көп ұзамай қолға алынды. Жалпы қазақ ақындарының арасында тұңғыш
рет Абайға ғана баспасөзде арнайы өмірбаяндық деректер беріле де бастады.
Абай шығармалары Қазақстанда қазақ халқының рухани мұрасы ретінде қоғамдық
ой-санада өрісті де өскелең орын алуьна сай дәрежеде тағылу міндеті алға
қойылды. Қалам қайраткерлерінің көпшілігі Абай мұрасын зерттеу, бағалау
ісіне әрқайсысы өз шама-шарқына қарай ат салысты. Бірде адасып, бірде
табысты боп зерттеу процесі үздіксіз жүріп жатты.
20—30-жылдардлгы абайтану саласында жазылған ірілі-ұсақты еңбектердің дені,
негізінен, ақын шығармаларының әлеуметтік төркіні мен мұрагерлік жағына көп
аялдады. Осымен қатар кейбір мақалаларда алғаш рет Абай өмірбаянын жаңа
деректер негізіне сүйеніп, толықтырып қайтадан жазу талабы да көтеріледі.
Бірақ ұлы ақын өмірбаянын бірден есілтіп жазып кетуге нақтылы деректердің
қалмауы үлкен қол байлау.
20-жылдардың басында Абай мұрасын зерттеу саласында талантты керкем
шығармалары мен әдебиет тарихын зерттеудегі еңбектерімен үздік таныла
бастаған М. О. Әуезовтің араласуы абайтануға үлкен зерттеушінің келіп
қосылғанын бірден аңғартты.
Абай Құнанбаевтың арнайы эстетикалық трактаттар жазбағаны белгілі. Әйтсе
де, данышпан ақын-композитордың шығармаларынан әсемдікке, сұлулыққа деген
эстетиклық талапталғамын айқын аңғарамыз. Өйткені, елінің, халқының қамын
жеп, жоғынжоқтап, мұңын мұндап өткен ақынның өскен ортасынан, туған
жерінен, жер, ел тағдырынан, салт-дәстүрінен, тарихынан, өнері мен мәде-
ниетінен сырт, жақсысына сүйінбей, жаманына күйінбей өмір сүруі мүмкін
емес. Абай балалық шағынан бастап поэзияныңмол мұрасының ішінде өсті. Қазақ
үлгісіне түсірілген шығыстың атақты дастандары мен қиссаларын, бәйіт
пенғазелдерін, аңыз-әңгімелерін, сол сияқты қазақтың төл ертегілері мен
жырларын, айтыстары мен шежірелерін, өлеңдері мөн әндерін алдымен
шешелерінен естіп, айлар бойы ауылдарына келіп жатып кететін ақындар мен
жырауларды тындап, үлгі өнеге, тәрбие алды. Кейіннен олар бұл дәстүрді
бұрынғыдан да жандандыра түсті. Ақын-жыраулар мен әнші-күйшілерді
төңірегіне жинап, олардың өнерлерін тамашалап, әрбіреуіне баға беріп, жол
сілтеп отырды. Әрбір өлең мен әнге ғана емес, тындаушыға да Абайдың қоятын
талабы зор болуының бір себебін осы дәстүрден іздеген жөн. Өзіне дейінгі
ақындардың көпшілігінің өлеңдеріне көңілі тола бермеді.Сөз өнерін, өлең
өнерін мейлінше құрмет тұтқан Абай:
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса, сөз арасы,
Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы... -
деп, өзінің өлең туралы байламын ұсынады. Поэзияның сұлулығы, құндылығы
үшін қажетті алғы шарттарды белгілеп береді. Ақындары ақылсыз, надан
келіп, Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап... деп, не болса соны өлең
қылып, парасатты өлең айту қолынан келмейтін, өлеңді дұрыстап жазуға
талаптанбайтын, ізденбейтін ақындарды сынға алады. Тыңдаушыны да өлеңнің
жақсысы мен жаманын айыра білуге, талғампаз болуға шақырады.Абайдың өзіне
дейінгі ақындардан бір ерекшелігі, өзіне биік талап қоя отырып, адам мен
табиғатты, адам мен жан-жануарды, адамның ішкі рухани мазмұны мен сыртқы
пішінін салыстыра отырып суреттейді. Абай эстетикасының тереңдігі мен
құндылығы оның шығармашылық принциптерінің әлеумеуметтік айқын бағдарымен
тығыз байланысты. Оны ақын елеңдерінен байқау қиын емес. Абай гуманист ақын
ретінде адамның әсемдігін Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Олбірақ, қайтып
келіп, ойнап-күлмес... - деп, бәрінен жоғары санайды. Табиғат ретіңде адам
өледі, өлсем, орным қара жер сыз болмай ма... , ал адам ретінде ол
өлмейді, өйткені өлмейтұғын артына сөз қалдырады. Адамның
таб.иғаттд^артықшылығы - оның талабы, ақыл-ойыжәне білімі бар. Адамның
бастығаламаты - ол ойлай алады, сөйлейді. Абай өз өлеңдерінде
бұл жайында да айтқан. Абай ақын болмай тұрып-ақ, өзі өскен ортадан,
айналадағы табиғаттан, дәстүрлі тұрмыс-салттан эстетикалық. әсер алып
есейіп кейін оны толықтырып, байыта түсті. Абай өлең жазуды әлі мақсат
етпеген кезінде-ақ шындықты эстетикалық жағынан қабылдаған, өмірді
байқағанда, іске кіріскенде, оқып-ойланғанда эстетикалық тұрғыдан алып
қарастырған. Абайдың өзге ақындардан екінші бір ерекшелігі -Абай сол
заманда-ақ, кеңінен тараған эстетик. Теориялардан хабардар болған көптеген
эстетикалық ұғымдар оған таныс еді. Арғыжағы Сократ, бергі жағы Спенсер,
әсіресе, В. Г. Белинский мен Н. Г. Чернышевский сияқты ойшылдардың эстетик.
принциптерін естіп, оқып әжептәуір білім алған. Сонымен өмір эстетикасы,
тарихи дәстур мен мәдени мұра, ғылым мен философия жетістіктері -осының
бәрін қорытып, бұған нәзік жаны мен
терең ойын қосып, данышпан Абай қазақ халқының
эстетикасын жасап шықты.
Бүгінгі күннің ғылыми талабына сәйкеа Абайдың эстетикасын мынадай
тарауларға бөлуге болады. 1 Жалпы эстетик. ұғымдар. 2. Табиғат эстөтикасы.
3. Адамның әсемдіқ қасиеттері, соның ішінде әйелдің сұлулығы. Соған жалғаса
өнер мен шеберліқтің эстетик. маңызы. Жалпы эстетик. мәселелерді алатын
болсақ, бұл жайында Абайда жүйеге келтіруге жарайтын тусініктер жеткілікті.
Ол, ең алдымен эстетик. сезім мен қабылдаудың негізіне жататын адамның бес
түйсігіне тоқталады. Адамды жаратушы (діннің ықпалы) бізге бес сезім
(физиологиямен таныстығы) бергөні жайында Жиырма жетінші сөзінде былай
дейді: Әуелі көзді көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі
көрікті нәрсөлердің көркінен қайтіп ләззат алар едік? Құлақболмаса,
неқаңғыр, некүңгір дауыс, жақсы үн, күй, ән ешбірінен ләззат ала алмас
өдік. Мұрын иіс білмесе, дүниеде болған жақсы иіске ғашық болмақ, жаман
иістен қашық болмақтық қолымыздан келмес еді. Таңдай, тіл дәм білмесе,
дуниеденетәтті, неқатты, недәмдініңқайсысынан ләззат алар едік? Бұлардың
бәрі біздің пайдамыз емес пе...? Ләззат деген сөзді Абай көбінө
эстетикалық мағынада қолданады. Ләззат - сезім арқылы туғызатын заттардың,
құбылыстардың эстетикалық қасиеттері. Бірақ, бұлар әлі жеткіліксіз. Бір
нәрсені эстетик. тусіінікпен қабылдап, одан ләззат алу үшін адамның өзі
оған дайын болуы тиіс, сонда ғана әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің
жақсыұғып, анық сөз суретімен ішке жайғастырып алады... (32-ші сөз).
Эстетикалық түйсікпен толық қабылдау дегеніміз сыртқы заттың өз суретімен
адамның ішкі рухани сарайына жайғасу болып табылады. Абайдың бұл ұғымын өте
тереңжәнеаса маңызды тұжырым деп тануымыз керек. Эстетикалық қасиеттер
деген атауды Абай пайдаланбайды, бірақ, соны сипаттайтын көптеген қазақтың
тәл сездерін қолданады. Керікті, сұлу, әсем, әдемі, сүйкімді, сымбат, сән,
ажарлы, нұрлы - міне, осындай қазақтың қарапайым сездерін Абай өлеңдерінде
көп келтіреді, сонымен қатар бұлардың әрқайсысын орынды қолданады,
Бүгінгі ғылымның категорияларына сәйкес жаңалығының бәрі әсемдік ұғымына
жатады, олай болса, Абай әсемдіктің мазмұнын қалай ашады, соған келейік.
Әсемдікті тусіңдіру үшін ақын көркем законы дегенұғым қолданады. Ол
законның басты белгісі өлшеуге сай болу. Қосымша ретінде жарыстылық законын
сөз етеді, тағы бір жерде кәмелеттік шеберлікке тоқталады. Сонымен, әсемдік
дегеніміз - өлшеу сақтап, кәмөлөттік шеберлікпен (жаратушы ңемесе адам)
жасалған жарастылық. Қорыта келсек, Абайдың өлеңдері мен қарасөздерінен
эстетикалық қасиеттің түрлері, эстетикалық сезім, эстетикалық ләззат,
эстөтикалық қабылдау - міне, осындай және кейбір басқа да ұғымдар туралы
тусінік алуға болады, былайша айтқанда эстетика ілімінің басты түбірлі
мәселелері жайында
ақынның анық кезқарасы болған.
Ендігі бір маңызды тарау - ол табиғат эстетикасы. Абайдың бірқатар
өлеңдерінде табиғат көріністері асқан көркемдік шеберлікпен суреттелген.
Олар: Қансонарда бүркітші шығады аңға..., Шоқпардай кекілі бар, қамыс
кұлақ..., Қараша, желтоқсанмен сол бір-екіай, Желсіз түнде жарық ай...
т. б. жыл мезгілдеріне арналған өлеңдері.Әдебиетшілер жанрға бөлу
принципіне сәйкес осы елеңдердің бәрін табиғат лирикасына жатқызады. Әрине,
бұл дұрыс. Егер біз бұл өлеңдерге филослық тұрғыдан қарайтын болсақ, оларды
Абайдың табиғат эстетикасы деуіміз керек. Олай дейтін себебіміз бұл
өлеңдерде құр жаратылыс көріністері суреттеліп қана қоймайды, табиғаттың
адамға беретін әсері, адамның өміріңде табиғаттың алатын орны мен атқаратын
қызметі, адамның табиғатқа беретін бағасы, жалпы адам мен табиғаттың
арасындағы қарым-қатынастар сөз болады, Мына шумақтарда жаратылыс бояуы
дәлме-дәл көрсетілген: Қар - аппақ, бүркіт - қара, түлкі -қызыл. Ұқсайды
қаса сұлу шомылғанға. Және де:
Суретін көре алмассың, көп бақпасаң. Көлеңкесі түседі көкейіңе.... Енді
бір жерде Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ деп басталатын өлеңінде аттың
дене мүшелерін бақайшағына дейін, оның жүріс-шалысына, әсеріне дейін
сипаттап келіп, сондай атқа адамды қызықтырып қояды. Ал, жыл мезгілдерін
суреттейтін өлендерінде ақын қыс пен жаздың, көктем мен күздің қазақ
аулында ерекше өтетінін, табиғат айналысын тарихқа ұқсатып, қазақ халқының
дәстүрлі өмірі мен тұрмыс-салты жайында философиялық әрі әсем сурет
жасайды. Бұл түрғыдан Жазғытұры қалмайды қыстың сызы... өлеңін өрекше
атау керек:
Жазғытұры калмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі...
Жазға жақсы киінер қыз-келіншек,
Жер жүзіне өң берер гүл-бәйшешек.
Қырда торғай сайраса, сайда бұлбұл,
Тастағы үнін қосар байғыз, көкек.
Жаңа бұлмен жамырап саудагерлер,
Диханшылар жер жыртып, егін егер,
Шаруаның біреуі екеу болып,
Жаңатөлмен көбейіп дәулет өнер...
Осы келтірілген үш-ақ шумақтың өзінен табиғатта қайталанып жататын
құбылыстардан, қазақ аулында жыл сайын болып тұратын жаңалық-жаңғырулардан
ғажап әсер алумен біргө, табиғаттың мәңгі әрі сәнді екені жайында, ал,
адамның қүдіреті күшті және өміршең екені туралы терең ойға батамыз.
Ауыл табиғатын суреттеуде ерекше орын алатын өлең - Желсіз түнде жарық
ай.... Бұл өлең ерекше шабытпен, ыстық сезіммен жазылған, мұнда ақынның
жастық махаббаты, жүрек соғысы естіліп тұр. Әсіресе:
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі.
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Сөз айта алмай бөгеліп,
Дүрсіл қағып жүрегі.
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі?...-
дөген жолдардан тамылжи мүлгігентүнді, өзді-өзі сыбырласқан қалыңағаш пен
сөз айтуға да шамасы келмей, күйігі-жанған екі ғашықтың суреті көз
алдымызға келеді.
Абайдың б9л көзқарастары қазіргі эстетика ілімінің принциптерінен алшақ
жатқан жоқ. Эстетик. қызмет пен сананы, солардан туатын ерекше заңдар мен
категорияларды сыңаржақты түсінбеу үшін, адамның табиғатқа эстетикалық
қатынастарын толық зерттеп, солардың ерекшеліктерін ашу қажет.
Адамның әсемдік сапасын Абай табиғатқа байланыстырып қана қарамайды, оны
жеке алып нақтылы суреттейді. Адамды эстетикалық түріғыдан суреттегенде
Абай үш нәрсеге көңіл бөледі. Жалпы адамның әсемдігі, әйелдің сұлулығы,
соған байланысты шынайы махабатты мадақтау және сыртқы көрініске алданып
қалмай, қыздың жан дүниесіне мән беру. Адамның өмірін қалай бағалау
керектігі жайында ақын көптеген өлеңдерінде айтып кетеді. Мына өлең
жолдарын алып қарайық:
Сұлулығын қояйын, мінезі артық,
Ақылды, асылжүрек, сөзі майда
Арттағыға сөзің мен ісің қалса,
Өлсең де, өлмегенмен боласың тең.
Жүректен ізі кетпес қызық көрсек,
Жақсылықты аянбай жұртқа бөлсек.
Жақынның да, жардыңда, асықтыңда,
-Бәрінің де қызығын көріп білсек...
Қыздың әдемі келбетін толық суреттейтін Абайда екі өлең бар. Олар Қақтаған
ақ күмістей кең маңдайлы... және Білектей арқасында өрген бұрым. Қыз-
келіншектің көркін суреттейтін жолдар Абай өлеңдерінде жиі кездеседі, оның
бәрін тізбектеп жату мүмкінемөс. Соның бәрі нәзік те әдемі сипатталады. Бұл
арада атамай өтпеске болмайтын өлеңдер мыналар: Айттым сәлем, қалам
қас..., Жарқ етпес қара көңлім не қылса да.... Көзімнің қарасы...,
Ғашықтың тілі -тілсіз тіл...т. б. Ақынның түсінігі бойынша шынайы сұлу
әйел - өмірдің сәні, адамға толыққанды өмір сүру үшін оның маңызы зор, ал,
нағыз махаббат -адамның байлығы, оған шабыт береді, өмірді мағыналы
жасайды, махаббатсыз бақыт жоқ, демек махаббат - өте бағалы эстетик:
қүбылыс, ол әсемдік сезімнің шыңы, оны жырлай беру керек, мадақтау қажет.
Ал, адамның жылтыр көркі мен нағыз әсемділігін ажырату жайында Абайдың
кербездікті сипаттағанын келтірейік. Кербездің екі түрлі қылығы болады:
бірі - бет-пішінін, сақал-мұртын, мүшесін, жүріс-тұрысын, қас-қабағын
қолдан түзеп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ... Тегінде адам
баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан
басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақшылдық, - дейді Он
сегізінші сөзінде. Осындай тұжырымды: Әсемпаз болма әр неге, Өнерпаз
болсаң, арқалан, Сен де - бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар
қалан!... - деген жолдарынан да айқын аңғаруға болады. Абайдың ең көп
көңіл бөлінген, ең көп талқыланған және ең маңызды тарауы - әдебиет пен
өнер 'Эстетикасы. Абай ақын болғандықтан өлеңнің сапасына, сөздіңмазмүны
мен көркөмдік құдіретіне қатты назар аударған. Екі өлеңнің бірінде сөздің
бағасын көтеруді ыждағаттағанын кездестіреміз. Сонда да кейбір өлеңдері
ерекше орын алды. Мұхтар Әуезовтың тілімен айтқанда бұлары -бағдарламалық
өлеңдер. Солардың ішінде атақты әрі мазмұны жағынан бай да көлемдісі Өлең
-сөздің патшасы, сөз сарасы. Бұл өлеңнің бағдарламасын үшке бөлуге болады.
Біріншіден, өлеңнің өзінің көркемдік сапасы, дәрежесі. Екіншіден, ақындарға
елеңнің мазмүны, оқиғасы жайында қойылатын талап. Үшіншіден, тындаушы
қауымды өзгертудің, тәрбиелеудіңқажеті, жұрттың өленді жаңаша түсінуі
жайында. Ақынның Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол, Алыстан сермеп...,
Мен жазбаймын өленді ермек үшін..., Өзгеге, көңлім тоярсың..., Талай
сәз бұдан бұрың көп айтқанмын..., Өлсе өлер табиғат, адам өлмес...,
Құлақтан кіріп бойды алар, Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
елейдері де бағдарламалық өлендері қатарынан орын алады. Неміс ғалымдары
Лессинг пен Гегель, орыс ойшылдары Белинский мен Чернышевский сияқты Абай
да әдебиетті, сөз өнерін, әсіресе, поэзияны өнердің алды деп санайды. Ой
мен сезімді сөзден артық ештеңе жеткізе алмайды деп бағалайды. Алыстан
сермеп өлеңіндегі Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала
алмас... деген жолдар сөз өнері құдіретін аспандата түспей ме? Абай өлең
өнерін жоғары бағалаған:
Өзгеге, көңлім тоярсың,
Өлеңді қайтіп қоярсың?
Оны айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың.
Сайра да зарла қызыл тіл,
Қара көңлім оянсын... -
деп, өлеңсіз өмірдің мәні жоқ екенін жырға қосады. Мен жазбаймын өлеңді
ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін, Көкірнгі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін... - деп, өлеңді ермек үшін жазбайтынын,
онда жастарға деген үлгі-өнеге, ақыл-кеңес, өсиет бар екенін ұғындырады.
Жақсы ән мен тәтті күйдің кісіге беретін ләззатының айрықша екенін, ләззат
беріп қана қоймай, түрлі ойларға жетелеп, арманыңа қанат бітіретінін де:
Құлақтан кіріп, бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй, Көңілге түрлі ой
салар, Әнді сүйсең, менше сүй... - деген өлең жолдарымен көңілге ұялатады.
Сөйтіп, оқушысын ән-күй өнеріндегі сұлулықты сезіне білуге, оның ләззатынан
құрқалмауға меңзейді. Міне, бұл өлең жолдарынан Абайдың музыка өнері түралы
түсініктерінің, оның жалпы эстетикалық көз-қарастарымен үндес келетінін
көреміз.Зейін қойып, мән беріп оқыған кісіге Абайдын! әрбір өлеңінен, әрбір
сөзінен эстетикалық мазмұн аңғарылады. Табиғатты суреттесін, қыз-келіншек
пен жігіттерге мінездеме берсін, өлең мен әнді жыр етсін, ылғи да жоғары
керкемдік пен шынайы әсемдік тұрғысынан сөз етеді. Ақын шығармаларындағы
эстетикалық мәселелер
ұшан-теңіз, олар абайтану ғылымының маңызды бір тарауы.
Абай өмірдегі, табиғаттағы көркемдікті өте нәзік сезініл, шебер бейнелеп
айта білетіні табиғат көріністерін жырлайтын лирик. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақын Дулат Бабатайұлы
Тәңірберген Әміреновтің әдеби мұрасы
Жазғызбадың есті өлең
Көркем өнер шығармашылығының 70-80 жылдардағы ерекшеліктері
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ
Шығыстық ақын - шайырлардың қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы
Абай поэзиясының шығыстық негіздері
Қазақ әдебиеті және Зәки Ахметов
Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәндер