Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйесі



Кіріспе
1. Ақпараттық жүйені қалыптастыруды мемлекеттік реттеу
2. ҚР . ғы ақпараттық жүйесінің қазіргі жағдайы
3. Ақтөбе облысындағы ақпараттық жүйесінің дамуы, қазіргі жағдайы
4. Мемлекеттк басқарудағы ақпараттық жүйесін дамыту проблемалары мен шешу жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында: « Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру. Электронды үкіметті дамытып, әкімшілік кедергілерді қысқартып, халықтың компьютерлік сауатын арттыру қажет », - деген болатын.
Сонымен қатар,Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында : «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай – ақ он жетінші бағыттың үшінші тармақшасында «Он - лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу – тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.
1. Ихданов Ж., Сансызбаева Ғ.Н., Есепжігітова Р.Ғ. “Мемлекеттік басқару теориясы” // - Алматы: “экономика” баспасы, 2007ж.
2. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы. // Егемен Қазақтан 1999ж. 15 мамыр, 3-4б.
3. Өтеулиев С. Электронды үкімет ақпараттық қоғамның қажеттілігі ретінде, Саясат-Policy, №6-7, 2009.
4. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары
5. К.Б. Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы «Экономика», 2001ж.
6. Г.С. Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері», оқу құралы, Алматы 2005 ж.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе
1. Ақпараттық жүйені қалыптастыруды мемлекеттік реттеу
2. ҚР - ғы ақпараттық жүйесінің қазіргі жағдайы
3. Ақтөбе облысындағы ақпараттық жүйесінің дамуы, қазіргі жағдайы
4. Мемлекеттк басқарудағы ақпараттық жүйесін дамыту проблемалары мен шешу жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты атты жолдауында: Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру. Электронды үкіметті дамытып, әкімшілік кедергілерді қысқартып, халықтың компьютерлік сауатын арттыру қажет , - деген болатын.
Сонымен қатар,Елбасының Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты жолдауында : Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр делінген, сондай - ақ он жетінші бағыттың үшінші тармақшасында Он - лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу - тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.
Мәнжазбаны жазудағы мақсат - Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйесіне анықтама бере отырып, олардың тиімділігін және ҚР-ң мемлекеттік басқаруындағы ақпараттық қамтамасыз етуін қарастыру.
Мәнжазбаның мақсатына сәйкес, мынадай міндеттері қойылады:
ақпараттық жүйені қалыптастырудағы мемлекеттік реттеудің әдіс-тәсілдерін қарау;
ҚР-ғы ақпараттық жүйесінің қазіргі жағдайын талдау;
мемлекеттік басқарудағы ақпараттық жүйесін дамыту проблемалары мен шешу жолдарын ұсыну болып табылады.
Мәнжазбаның құрылымы кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлімде мемлекеттік басқарудағы ақпараттық жүйенің теориялық негізін, мемлекеттік реттеуін, Ақтөбе облысындағы ақпараттық жүйесінің дамуы, қазіргі жағдайы, ҚР-ғы қазіргі жағдайы және проблемалары мен шешу жолдары қарастырылған.

1. Ақпараттық жүйені қалыптастыруды мемлекеттік реттеу

Мемлекеттік басқарудағы ақпараттандыру - ақпараттық технологияларды пайдалану негiзiнде электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi қалыптастыруға және дамытуға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс. Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - ақпараттандыру және электрондық үкiмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган. Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi ұйым - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құрылған, электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердiң және депозитарийдiң мемлекеттiк тiркелiмiн жүргiзудi ұйымдастыруды, мемлекеттiк ақпараттық жүйелер мен мемлекеттiк ақпараттық ресурстардың ақпараттық қауiпсiздiгiн техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын заңды тұлға. Ақпараттандыру саласындағы ұлттық оператор (бұдан әрi - ұлттық оператор) - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құрылған, мемлекеттiк ақпараттық жүйелер мен мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау жөнiндегi, ақпараттандыру саласындағы бiрыңғай техникалық саясатты iске асыруға қатысу жөнiндегi мiндеттер, электрондық үкiметтiң инфрақұрылымы жобалық интеграторының функциялары жүктелген заңды тұлға.
Мемлекеттік басқарудағы ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешендi қолдана отырып, ақпаратты сақтауға, өңдеуге, iздестiруге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе. Ақпараттық жүйелердi, бағдарламалық өнiмдердi, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманы депозитке беру (бұдан әрi - депозитке беру) - бағдарламалық өнiмдердiң, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманың даналарын депозитарийге сақтауға беру. Ақпараттық жүйелердiң аудитi - ақпараттық жүйенiң ағымдағы жай-күйiнiң, онда болып жатқан iс-әрекеттердiң және оқиғалардың белгiлi бiр критерийлерге, техникалық регламенттерге, стандарттарға, нормативтiк-техникалық құжаттамаға және (немесе) тапсырыс берушiнiң талаптарына сәйкестiк деңгейiн белгiлейтiн, оларды бағалаудың жүйелi процесi. Ақпараттық жүйелердiң, бағдарламалық өнiмдердiң, бағдарламалық кодтар мен нормативтiк-техникалық құжаттаманың депозитарийi (бұдан әрi - депозитарий) - бағдарламалық өнiмдердiң, бағдарламалық кодтардың даналарын оларға iлеспе нормативтiк-техникалық құжаттамасымен бiрге жинақтауды, сипаттауды, сақтауды және жүйелеудi қамтамасыз етуге арналған арнаулы сақтау орны.
Экономикадағы ақпараттық жүйелер - нақты өмірдегі қандай-да бір экономикалық объектінің іс-әрекеті жайлы информацияларды жинау, сақтау, өңдеу және таратумен айналысатын жүйені айтады.
Мемлекеттiк ақпараттық жүйелер мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда электрондық қызметтер көрсету, ақпарат алмасуды қамтамасыз ету, қызметтi үйлестiру және басқару процестерiн оңтайландыру мақсатында құрылады.
Ақпараттық жүйелердiң түрлерi

Ақпараттық жүйелер меншiк құқығына қарай
Ақпараттық жүйелер қолжетiмдiлiк санатына қарай
1.мемлекеттiк
1.жалпыға ортақ қолжетiмдi
2.мемлекеттiк емес
2.қолжетiмдiлiгi шектелген
Сонымен қатар, ақпараттық жүйеде оның ақпараттық бағдарламалық бөлігі маңызды орын алады. Оны 2-қосымшадан көруімізге болады.
Мемлекеттiк ақпараттық жүйелер осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес құрылады.
Мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi құру және оларды iске асыру тәртiбi жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеудi Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы жүзеге асырады.
Мемлекеттiк ақпараттық жүйенi пайдалануға беру оның ақпараттық қауiпсiздiк талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестiгiне аттестаттаудың нәтижелерi бойынша және сынақ зертханасында мемлекеттiк ақпараттық жүйелердiң бағдарламалық өнiмдерiне, бағдарламалық кодтарына сынақтардың және олардың нормативтiк-техникалық құжаттамасына сараптаманың оң нәтижесi болған кезде жүзеге асырылады .
Мемлекеттiк ақпараттық жүйеге қол жеткiзу мемлекеттiк ақпараттық жүйенiң иеленушiсi әзiрлейтiн ережелермен айқындалады.
Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып жедел-iздестiру қызметi Қазақстан Республикасының жедел-iздестiру қызметi туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағында ақпараттық-коммуникациялық желiлердi пайдалану Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасы мен ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады.
Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк реттеудiң мақсаттары Қазақстан Республикасының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту, оның iшiнде "электрондық үкiметтi" қалыптастыру, сондай-ақ елдiң әлеуметтiк және экономикалық дамуын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік басқарудың ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк реттеу бірнеше принциптерге негізделген.Олар:
1. азаматтардың жеке өмiрiне қол сұғылмаушылық және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қатаң сақтау;
2. жеке және заңды тұлғалардың ақпараттандыру саласындағы қызметке қатысуға және оның нәтижелерiн пайдалануға тең құқылығы;
3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол жеткiзу шектелген электрондық ақпараттық ресурстардан басқа мемлекеттiк органдардың қызметi туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға еркiн қол жеткiзу және оларды берудiң мiндеттiлiгi (ашықтық презумпциясы);
4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қол жеткiзу шектелмеген кез келген электрондық ақпараттық ресурстарды iздеудiң, өндiру мен берудiң еркiндiгi;
5. электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану және ақпараттық технологияларды қолдану кезiнде жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
6. электрондық ақпараттық ресурстарға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында оларды жариялы таратудың не мемлекеттiк органдарға берудiң мiндеттi сипаты белгiленiп, олардың уақтылы берiлуi, объективтiлiгi, толықтығы мен дұрыстығы;
7. адал бәсекенiң қамтамасыз етiлуi;
8. ұлттық электрондық ақпараттық ресурстар мен ұлттық ақпараттық жүйелердi орталықтандырылған басқарудың қамтамасыз етiлуi;
9. ақпараттандыру саласының сенiмдiлiгi мен оны басқарудың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрыңғай стандарттар негiзiнде қамтамасыз етiлуi;
10. ақпараттық технологияларды қолдануға қойылатын талаптарды белгiлеу кезiнде технологиялық бейтараптылықтың сақталуы;
11. дербес деректердi алуды, өңдеудi және пайдалануды оларды жинауға арналған мақсатпен шектеу принциптерiне негiзделген.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ақпараттандыру саласындағы құзыретiне:мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу, салалық бағдарламаларды бекiту; "электрондық үкiметтi" қалыптастыру, мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды және мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi құру мен дамыту және олардың ҚР бiрыңғай ақпараттық кеңiстiгiнде өзара iс-қимыл жасау жағдайларын қамтамасыз ету; мемлекеттiк органдардың электрондық құжат айналымының жүйесiн дамытуға, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдануға жағдай жасау,ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану жөнiндегi шараларды әзiрлеу мен жүзеге асыру; электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерге мемлекеттiк және жеке меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз ету; ҚР Конституциясында, осы Заңында, өзге де заңдарында және ҚР Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру ж.т.б жатады.
Уәкiлеттi органның құзыретiне: ақпараттандыру және электрондық үкiмет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру; ҚР заңдары және ҚР Үкiметiнiң қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан ақпараттандыру саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру; ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарға қатысу; ақпараттандыру саласындағы инвестициялық жобалар мен бағдарламалар әзiрлеудi ұйымдастыру, ақпараттандыру саласын дамыту мен жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары мен басымдықтарын iске асыру, оның сапасын, қолжетiмдiлiгiн және жұмыс iстеуiнiң орнықтылығын арттыру; ақпараттандыру саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу;ҚР өзге де заңдарында, ҚР Президентiнiң және ҚР Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру ж.т.б жатады.
Электрондық үкiметтiң төлем шлюзiнiң операторының өкілеттіктері: электрондық үкiметтiң төлем шлюзiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етудi жүзеге асырады; мемлекеттiк органдармен төлемақы талап ететiн электрондық қызметтер көрсетудiң тiзбесiн кеңейту мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайды; екiншi деңгейдегi банктер мен ұйымдардың клиенттерiне электрондық үкiметтiң транзакциялық сервистерiн ұсыну мәселелерi бойынша екiншi деңгейдегi банктермен, ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды; электрондық үкiметтiң төлем шлюзi шеңберiнде жүргiзiлетiн операцияларға кепiлдiк берiлуiн қамтамасыз етудi жүзеге асырады; аударым операцияларын лицензиясыз жүзеге асырады. ҚР Ұлттық Банкi электрондық үкiметтiң төлем шлюзi операторының ҚР ақша төлемi мен аударымы туралы заңнамасын орындауын бақылауды жүзеге асырады.

2. ҚР-ғы мемлекеттік басқарудың ақпараттық жүйесінің қазіргі жағдайы

Қазіргі заман ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Осыған орай адамзат баласы оның соңынан ілесуде. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді.
Елімізде үкімет қызметіне жүгінетін (жеке және заңды тұлғалар) 70 мыңға жуық пайдаланушылар тіркелген.

Әлем елдерінің электронды үкіметті пайдалануға дайындығы деңгейін бағалау БҰҰның экономикалық және әлеуметтік даму Департаменті ісқызметі аясында іске асырылады. Департамент жыл сайын әлемнің 192 елінің аталған технологияларды дамыту мүмкіндігі мен күшқуатын білдіретін есептерді жариялап отырады. Электронды үкіметке әр елдің дайындығы индексі үш көрсеткіш бойынша айқындалады, олар -- адам күшқуатын дамыту индексі, ИКТинфрақұрылым жағдайы индексі мен онлайндық мемлекеттік қызмет көрсету (вебқатысу) индексі. Аталған индекстердің әрқайсысы бойынша да өткен кезеңде бірқатар өзгерістер болды. БҰҰ рейтингі бойынша алғашқы көшбастаушы алғашқы бестік қатарына бұрынғысынша ОңтүстікШығыс Азия, Батыс Еуропа, Солтүстік Американың жетекші елдері: Корея, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Голландия енеді. Қазақстан рейтингінің көтерілуіне өмір сүріп отырған модернизацияға бағытталған тұрақты тиімді технологиялық саясатты өткізу, жаңа ақпараттық жүйе мен ортақ пайдаланылатын байланыс желілерін енгізу, заманауи және жоғары сапалы қызмет көрсету рыногын дамыту ықпал етті. Жыл сайын ICTMarketing зерттеу компаниясы өткізетін Қазақстанның

Ғаламтораудитория зерттеулеріне сәйкес, 2009 жылдың соңына қарай ғаламторды пайдаланатындар саны 3,16 миллион адамды, немесе Қазақстан Республикасы халқының 19,8 пайызын құрайды деген тұжырым жасауға болады. Жалпы, 2008 жылдың желтоқсанынан 2009 жылдың желтоқсанына дейін Ғаламтораудитория мөлшері 30 пайыздан астамға артты. 2009 жылдың аяқ шенінде тұрақты ғаламтораудиторияға (ғаламтор қызметін ең болмағанда айына бірнеше рет пайдаланатындар) тұрғындарының саны 70 мыңнан асатын ҚР қалаларындағы ересек ғаламтор пайдаланушылардың 92 пайызы жатты. 2008 жылдың аяғында бұл көрсеткіш 84 пайызды құраған еді. Ғаламторды пайдаланудың негізгі орны бұрынғысынша үй болып қалып отыр.
"Электронды үкімет" қызметін мемлекет пен азаматтарға көрсету бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жетті. "Электронды үкімет" порталы тұрақты түрде жұмыс істеп тұр, оны дамыту қолға алынған. 2009 жылы қосымша 15 қызмет іске қосылды. Қатысушылар саны 1,6 миллион адамнан асты. Порталда қазір барлығы 59 электрондық қызмет іске асырылса, оны 45 мың адам пайдаланды. Мәселен, адамдар сотталмағандығы туралы, қозғалмайтын мүліктерінің баржоғы туралы, СИК,РНН анықтамаларының бәрін тек электрондықсандық қол қою көмегімен ғана ала алады. Қазіргі күні Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының 28 тіркеу Орталығы ашылды. Ұлттық куәландырушы орталықтың сертификатымен алғашқы етөлқұжаттарға қол қойылды. Бүгінгі күні Ұлттық куәландырушы орталықтың 53 мыңнан астам электрондысандық қолдары шығарылды. Орталық мемлекеттік қызметтердегі электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуді дамытудан басқа жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызмет көрсетуді дамыту бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, 2009 жылдың қараша айында "Еәкімат" тәжірибелік жүйесі пайдалануға берілді, қазіргі күні ол 5 электрондық сервис бойынша Павлодар облысының әкіматында сынақтан өтіп жатыр. "Электрондық үкімет" мәселелері мен инфрақұрылымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік акті пакеттері, Мастерплан жасалып, бекітілді. Олар мемлекетті электрондық қызмет көрсетуді қарқынды жетілдіру жолымен дамытуға бағытталған. "Электронды үкіметтің" жаңа компоненттерін жасау мен оны дамытуға қатысты белсенді жұмыстар жүргізілуде. Бірыңғай электронды құжат айналымы жүйесіне 16 әкімат қосылған, солардың ішінде Астана мен Алматы қалалары да бар. Сондайақ, ведомствоаралық құжат айналымы орталығын жаңарту іске асырылды. "Электронды үкіметінің" Төлемдік шлюзін дамыту аясында екінші деңгейдегі банктермен кірігу (интеграция) мен ағымдағы банк есепшотын пайдалана отырып, төлемдік карталармен төлеу тетіктері, төлем карталары, банк есепшоттары және СМС көмегімен мобильдік оператордың қысқа нөміріне төлем төлеу механизмі іске асырылды. Екінші деңгейдегі 4 банкпен (ТӘБ, "Нұрбанк", "Казкоммерцбанк", "Ресей Сбербанкі") ынтымақтастық байланыс ұйымдастырылды. Төлемдік шлюз көмегімен қазірдің өзінде Салық комитеті мен Әділет министрлігі қызметінің 120 түрлі салығын төлеуге болады. "Электронды үкімет" пен электрондық қызмет көрсетуді дамыту бағыты бойынша 2009 жылдың желтоқсанында Астана қаласының пилоттық аймағында "Енотариат" атты Бірыңғай нотариалдық ақпараттық инвестициялық жүйе жобасы пайдалануға берілді. Ол нотариустердің нотариалдық қызмет көрсету бойынша республикалық, территориялық нотариалдық палаталармен, ҚР Әділет министрлігімен, тұрғындармен тиімді әрі сапалы жұмыс істеуін, құқықтық нотариалдық ісәрекеттердің дер кезіндегі және шынайы есебін қалыптастыруын қамтамасыз етеді. 2010-2012 жылдары аталған жүйені республика көлеміне тарату бойынша жұмыстар қолға алынады. Аталған жобаны іске асыру келісімдер жасау кезінде жеке және заңды тұлғалардың қозғалмайтын және қозғалмалы мүліктері мен жер телімдеріне қатысты құжаттарын тексеру мен салыстыру есебінен алдапарбау тәуекелін төмендетуге мүмкіндік береді. Өткен жылдан бері "Елицензиялау" атты Мемлекеттік ақпараттар базасын жасау жобасы іске асырылып жатыр. Бүгін ол жүйеге 9 меморгандар тартылған, биылғы жылы оларға тағы да 10ны қосылады. Жобаны толық іске асыру 2012 жылы аяқталады. Лицензия беруші органдар ондай рұқсат қағаздарын қазіргі күннің өзінде электрондық түрде беріп жатыр. Пайдаланушылар ең көп кіретін порталдардың бірі -- мемлекеттік электрондық сатып алу порталы (WWW.goszakup.kz) болып табылады. Онда сатып алулар бағалық ұсыныстармен іске асырылады. "Электронды мемлекеттік сатып алудың" автоматтандырылған кіріктірілген (интеграцияландырылған) ақпараттық жүйесі мемлекеттік жүйе ғана емес, электронды үкіметтің жалпы ландшафының тапсырыс берушілер мен тауар қоюшылардың мұқтаждарын біртұтас ақпараттық ортада біріктіруге қызмет ететін бөлінбес бір бөлшегі болып табылады. Мемлекеттік сатып алуларды электрондық әдіспен жүргізу аталған салада коррупциялық заң бұзушылықтарға бару мүмкіндігін тежеп, процедуралардың ашық та мөлдірлігін арттырады, әділ бәсекелестікке ықпал жасап, шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындарға мемтапсырыстарға қолжетімдікке жол ашады. Қазір бұл жүйеде 80834 құлақтандару орналастырылған, 143135 нәтиже жария етілді, бюджетті үнемдеу 24,6 пайызды құрайды.
Ақпараттық-коммуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Халықты, бизнесті және мемлекетті ақпараттық коммуникациялық қызмет көрсетулермен және технологиялармен қамтамасыз ету елдің инновациялық экономикаға әрі ақпараттық қоғамға өту шарттарының бірі болып табылады.
Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың енуі мынадай индикаторлармен сипатталады.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты атты жолдауында, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, электронды үкіметті дамытып, әкімшілік кедергілерді қысқартып, халықтың компьютерлік сауатын арттыру қажет екендігіне тоқталған болатын. Елбасымыз бұл ретте : Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттырудың маңызды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кедендік терминалда жүктердің есебін жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Кедендік операцияларды жүргізудің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Салық инспекциясының ақпараттық жүйесі
Салық инспекциясында заңды тұлғада салық төлемдерін қабылдау ақпараттық жүйесі
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің төлемдер түрлері
Салық комитетінің ақпараттық жүйесін тұрғызу
Қазақстан Республикасының салық және салық жүйесінің сипаттамасы
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк тұжырымдамасы
Салық комитетінің төлемдерін бақылау ақпараттық жүйесі
Мемлекеттік органдардың е-қызмет көрсетулерін қалыптастыру және дамыту
Пәндер