Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту



Кіріспе

1. Шағын және орта бизнес түсінігі
2. Шағын және орта бизнесті дамыту жолдары
3. Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Шағын және орта бизнесті дамыту ол – кез келген ел эко¬но¬микасының негізі. Дамыған ел¬дердің тәжірибелері көрсетіп отыр¬ғандай, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту эконо¬миканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айт¬қанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады.
Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемле¬кеттік саясаттың басым бағытта¬рының бірі болып табылады. Ел басшылығы ол істі табысты жүзеге асырудың мемлекеттің одан әрі экономикалық және саяси дамуын айқындайтынын жақсы түсінеді. Атап айтқанда, Қазақстан Респуб¬ликасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсан айындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілгендей шағын және орта бизнеске қолдау көр¬сетудің жүйелі іс-қимылдары баян¬дала отырып, кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайтуға айрықша көңіл бөлінген.
1. Супугалиева Г.И. «Шағын және орта бизнестің дамуын мемлекет тарапынан қаржы- несиелік қолдау саясатын жетілдіру» http://www.group-global.org
2. 2010-2014 жылдарға арналған «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның шағын және орта бизнесті тікелей қаржыландыру Бағдарламасы

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министірлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Мәнжазба
Тақырыбы: Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

Орындаған: Исламғалиев. Е
Тексерген: Жиенбаев Ұ.Б.

Ақтөбе-2013

Жоспар

Кіріспе

1. Шағын және орта бизнес түсінігі
2. Шағын және орта бизнесті дамыту жолдары
3. Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Шағын және орта бизнесті дамыту ол - кез келген ел эко - но - микасының негізі. Дамыған ел - дердің тәжірибелері көрсетіп отыр - ғандай, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту эконо - миканы нығайту үшін қолайлы алғышарттар жасайды. Атап айт - қанда, салалық және өңірлік монополизм жойылады, рынокта тауарлар мен қызметтер көбейеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өмірге енгізіледі, қоғам тұрақтылығының кепілі болып табылатын орта тап қалыптасады. Нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік жүздеген мың адамдар үшін тартымды сипатқа ие болып, нарық экономикасының қажетті элементіне айналады.
Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемле - кеттік саясаттың басым бағытта - рының бірі болып табылады. Ел басшылығы ол істі табысты жүзеге асырудың мемлекеттің одан әрі экономикалық және саяси дамуын айқындайтынын жақсы түсінеді. Атап айтқанда, Қазақстан Респуб - ликасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсан айындағы Қазақстан-2050 стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілгендей шағын және орта бизнеске қолдау көр - сетудің жүйелі іс-қимылдары баян - дала отырып, кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайтуға айрықша көңіл бөлінген. Шағын және орта бизнестің дамуының бірден-бір шешу жолы болып оларды қаржылық ресурстармен, яғни, несиемен қамтамасыз ету болып табылса, оларды несиелейтін екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің жағдайына да тоқталған дұрыс. Бүгінгі күні отандық банктеріміздің барлық капиталының мөлшері әлемдегі ірі банктердің капиталынан жүз есе кем екендігін ескеретін болсақ, онда банктерге ең алғашқы кезекте өздерінің ресурстарын нығайту қажеттілігі туып отыр. Әрине,қазіргі уақытта қатаң нарықтық экономика аясында өзін-өзі сақтандыру, өзін-өзі көрсете білу, бәсекелестікке төтеп беру үшін банктер тарапынан біраз жұмыстар жасалуы қажет. Ал, коммерциялық банктердің шағын бизнесті несиелеу механизімі мәселелеріне әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістемелік нұсқауларды ендіру керек. Ал коммерциялық банктер экономиканың нақты секторын несиелеуі ұлттық экономиканың өсуіне қосқан үлесі болмақ. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттіктерінің шаруашылық өмірі үшін әрі тиімді де пайдалы.
Осылайша, мемлекет бүгінгі күні кәсіпкерлік қызмет субъек - тілерінің нарық экономикасының толыққанды қатысушысы ретінде өз қызметтерін жүзеге асыруларына қажетті жағдайды қамтамасыз етіп отыр. Шағын және орта кәсіп - орын - дармен жұмыс істетуді көздей - тін жалпыұлттық институттар құ - рылуда. Шағын және орта бизнеске атаулы қолдау көрсетуді жүзеге асыратын арнаулы Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қоры құ - рылып, табысты жұмыс жүргізуде. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету үшін бес мемлекеттік бағдарлама қабылданып, жүзеге асырылуда.

1 Шағын және орта бизнес түсінігі

Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын франсуз экономисі Р.Контильион (18ғ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функйионалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, касб түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.
Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұнын дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады. Қазіргі уақыттағы алдынғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент.
Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылауды қорғайды.
Кәсіпкерліктің анықтамасынан тоқталмас бұрын кәсіпкерлікті қандай категорияға жатқызу керек екендігін нақтылап алайық.
Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қаклыптасқан мәселелерді өз кезеңінде байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.
Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.
Ірі кәсіпорындар - нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар - эконамика қаңқасы, экономикалық тұрақтылықтың базисі.
Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ - түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады.Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.
Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылар бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.
Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, форьмалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласындада, басқару саласындада жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.
Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерде кәсіпкерлік және бизнес ұғымдары өзара тығыз байланысты. Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсінорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын ( тек заңмен тыйым салынбаған ) еркін шаруашылықты білдіреді.
Бірақ кәсіпкерлік және бизнес түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады.
Бизнес түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қағамның қажеттілігін қамтамасыз ететуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады.Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес - бұл нарықтық қатыныстар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес ( жалпы бөлім ): кәсіпкерлік - азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады .
Соған қарамастан, тәжірбиеде кәсіпкерлік пен бизнес терминдері бірін - бірі алмастыруды. Нақтылап кететін жағдай, кәсіпкерлік және шағын бизнес бірі - біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі қарай, мен, осы дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын боламын. Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. - Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды? Келесідей себептерді бөліп көрсетеді пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалықжәне материалдық жағдайын жақсарту.
Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың мативі ретінде келесілерді көрсету керек: тұлғалардың өзін - өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмытылу.

2. Шағын және орта бизнесті дамыту жолдары

Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мемле - кеттік саясаттың басым бағытта - рының бірі болып табылады. Шағын және орта бизнестің дамуының бірден-бір шешу жолы болып оларды қаржылық ресурстармен, яғни, несиемен қамтамасыз ету болып табылса, оларды несиелейтін екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің жағдайына да тоқталған дұрыс. Бүгінгі күні отандық банктеріміздің барлық капиталының мөлшері әлемдегі ірі банктердің капиталынан жүз есе кем екендігін ескеретін болсақ, онда банктерге ең алғашқы кезекте өздерінің ресурстарын нығайту қажеттілігі туып отыр. Әрине,қазіргі уақытта қатаң нарықтық экономика аясында өзін-өзі сақтандыру, өзін-өзі көрсете білу, бәсекелестікке төтеп беру үшін банктер тарапынан біраз жұмыстар жасалуы қажет. Ал, коммерциялық банктердің шағын бизнесті несиелеу механизімі мәселелеріне әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын әдістемелік нұсқауларды ендіру керек. Ал коммерциялық банктер экономиканың нақты секторын несиелеуі ұлттық экономиканың өсуіне қосқан үлесі болмақ. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттіктерінің шаруашылық өмірі үшін әрі тиімді де пайдалы.
Осылайша, мемлекет бүгінгі күні кәсіпкерлік қызмет субъек - тілерінің нарық экономикасының толыққанды қатысушысы ретінде өз қызметтерін жүзеге асыруларына қажетті жағдайды қамтамасыз етіп отыр. Шағын және орта кәсіп - орын - дармен жұмыс істетуді көздей - тін жалпыұлттық институттар құ - рылуда. Шағын және орта бизнеске атаулы қолдау көрсетуді жүзеге асыратын арнаулы Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту қоры құ - рылып, табысты жұмыс жүргізуде. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету үшін бес мемлекеттік бағдарлама қабылданып, жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға және бизнестің билікпен арадағы іс-қимыл - дары - ның жаңа моделін құруға бағыт - талған "Жеке кәсіпкерлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Кәсіпкерлердің бел - сен - ділігін ынталандыруды көз - дейтін айтарлықтай салықтық жеңілдіктер заңдық деңгейде қарастырылды. Оның сыртында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және салық салуды жақсарту жөнінен үлкен жұмыстар атқарып - жатыр. Мәселен, осылайша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, шағын және орта бизнесті жеделдете дамыту шаралары жөнінде бағдар - ламалар әзірленіп, салық заңына түзетулер енгізілуде.
Мемлекетке елдегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі ынталандыру үшін алда бірқатар міндеттерді ше - шуге тура келеді. Жоспарлы түрде, заң жүзіндегі бастамалар арқылы және қазірде күшінде тұрған мем - лекеттік бағдарламалар шеңберін - де шағын және орта кәсіпкерліктің ІЖӨ құрылымын - дағы үлесінің айтарлықтай артуына қол жеткізіп, сол арқылы мемле - кеттің эконо - микалық және саяси тұрақтылығы - ның берік іргетасы - орта тапты нығайту қажет. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы жолдауында кәсіпкерлікті - ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау үщін келесідей алғы шарттарын айқындап берді. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс. Біріншіден, біз адамға ол үшін мемлекет барлық проблемаларын шешіп беруін күтпей, өзін бизнесте сынап көруге, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызуымыз керек. Іскерлік мәдениетінің деңгейін көтеру мен кәсіпкерлік бастаманы ынталандырудың маңызы үлкен. Ол үшін төмендегідей шаралар қажет:
Шағын және орта бизнестің бірлестіктер мен кооперацияларға ұмтылысын көтермелеу, оларды қолдау мен көтермелеудің жүйесін жасау.
Жергілікті бизнес-бастамаларды көтермелеу және мейлінше аз, бірақ қатаң реттеу есебінен ішкі нарықты дамыту.
Бизнеске жасанды бөгеттер тудыратын мемлекеттік шенеуніктер үшін жаңа, әлдеқайда қатаң жауапкершілік жүйесін енгізуді қарастыру.
Жаңа жағдайларды, соның ішінде біздің Еуразиялық экономикалық кеңістікке қатысуымызды, алда Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіретінімізді ескере отырып, отандық кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін жетілдіру және олардың мүдделерін қорғау мен ілгерілету үшін қажетті барлық шараны қабылдау. Мемлекеттік саясат шағын және орта бизнестің жұмыстың айқын жағдайларында шағын бизнес үшін тапсырыс беруші және "локомотив" рөлінде бола алатын әртараптандырылған, қаржы жағы - нан тұрлаулы ірі кәсіпорын - дар - мен ынтымақтастық үшін әкім - шілік және нормативтік алғышарт - тар туғызуды көздеуі тиіс. Қоғамдық мүдделер мен пайда табатын қызметті үйлестіретін бір - неше ірі өңірлік холдингтер құруға болады. Мемлекеттің қатысуымен құрылатын мұндай жекеменшік корпорациялар - өңірдің Әлеумет - тік дамуы мен кәсіпкерлігінің қоры немесе корпорациясы - өңірдің даму мүдделері тұрғысынан актив - терді басқара алады, жобаларға бастамашы болып, қосымша инвес - тициялар тарта алады. Олардың қызметінің басты бағыты - өңірде пайда табатын ұзақ мерзімді негізде шағын және орта кәсіпорындардың тауарлары мен қызметтеріне деген сұранысты туғызу.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағыттарының бірі - мемлекеттің қаржы-несиелік және инвестициялық климат жасау және несиелеу жүйесін жетілдіру басты мәселелер болып саналады. Шағын кәсіпкерлікті қаржы-несиелік және инвестициялық тұрғыдан қолдау мынадай жолдармен жүзеге асырылады:
- Екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерліктің өндірістік секторына жергілікті және республикалық бюджеттің, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген, мемлекеттік емес сыртқы қарыздардың есебінен, заңдарда белгіленген тәртіппен несие беруі;
- Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беруді, сондай-ақ несие алған кәсіпкерлердің міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету үшін, аймақтарда қалыптасатын кепілдік қорлар есебінен екінші деңгейдегі банктерді ынталандыру тетігін әзірлеу;
- Тиісті жылдарға арналған республикалық бюджетте аталған мақсатқа қаражат көзделген жағдайда жобаларды екінші деңгейдегі банктермен қоса, бюджеттен қаржыландыру;
- Қоғамдардың өзара несие беру және өзара сақтандыру қызметін ұйымдастыру тетіктерін әзірлеу.
Қазіргі кезде Республикада жаңа ашылған кәсіпорындарды несиелеудің құралдары мен обьектілері әлі де дамымай келеді. Бұл лизингтің, кейстық несие, франчайзинг, факторинг және басқалары. Шағын бизнес әлі күнге шейін банктердің қызығушылық сферасынан тыс қалуда. Осыған байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесінің қалыптасуы
Шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты
Ұсақ бизнес
Шағын кәсіпкерлікті дамыту
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау
Кәсіпкерлікті қолдау бойынша кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты күшейту бойынша ұсыныстар дайындау
Шағын және жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы
Шағын кәсіпорындарға қаржылай және қолдау көрсету
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы
Пәндер