Қазақстан Республикасында кәсіпорын қызметінің заңнамалық негізгі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰҚЫҚТАР МЕН БОСТАНДЫҚТАР ТУРАЛЫ 5
1.1 Негізгі ұйымдық.құқықтық нысаңдардың шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржысының ерекшеліктері 9
1.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы 17
2 ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕР ҚАРЖЫСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ 23

ҚОРЫТЫНДЫ 28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 30

ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ

Қаржылық қызметті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар өзінің өкілеттікті шегінде қаржы ресурстарын жұмылдыру, бөлу, пайдалану, оларды жұмсауға бақылау жүргізу, қаржы жоспарларын және мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау жөніндегі қаржы қатынастарын реттейтін, сонымен бірге бұл қатынастардың қатысушыларына басшылық ететін белгілі бір қаржы-құқықтық актілерді қабылдайды.
Қаржы-құқықтық актілер дегеніміз қарастырылған нысанда қабылданған және зандық салдары бар мемлекеттік билік пен басқару органдарының олардың құзырына кіретін қаржылық қызметтің мәселелері жөніндегі шешімдер. Бұл актілер қаржы-құқықтық нормаларды белгілейді, өзгертеді немесе бұзады немесе нақтылы құқықтық қатынастардың пайда болуының, тоқтатылуының, өзгеруінің негізін атқарады. Қаржы-құқықтық актілердің жиынтығы қаржы заңнамасын құрайды.
Қаржылық қызметтің сол немесе өзге құқықтық нысандарын қолдану реттелінетін қатынастардың маңызымен және мазмұнымен айқындалады. Мәселен, заңи акті ұзақ және тұрақты қаржы қатынастарын қамтып көрсетеді және оны Парламент бекітеді; қысқа қатынастар, мысалы республикалық бюджет туралы заңды да елдің әлеуметтік-экономикалық өмірі үшің мұндай актінің мәнділігіне қарай осы орган бекітеді. Заңи емес қаржы нысандары ағымдағы қаржы қызметінде іс қылады; оларға мыналар жатады: қаржы және салық органдарының аппаратында кеңестер өткізу, кәсіпорындардың қаржы службасына нұсқаулық беру, бюджеттерді депутаттардың жиналысының бекітуіне әзірлеу кезіндегі комиссиялардың мәжілістерін өткізу және т.б.
Қаржы-құқықтық актілер заңи негіздер бойынша нормативтік және жеке, заңнамалық және қосалқы, жоспарлы-қаржылық болып бөлінеді.
Нормативтіктерге біртекті қаржы қатынастарының тобын реттейтін актілер жатады; бұл актілерде олардың қатысушыларының жалпы ережелері, яғни құқықтық нормалары болады және әдетте ұзақ уақыт іс-әрекет етеді. Олар кәсіпорыңдар мен азаматтардың мемлекет алдындағы қаржылық міндеттіліктерін, анықталған төлемдерді есептеудің тәртібін, төлемдердің тұрпатты нышандарын және басқаларын белгілейді.
Жеке актілер құқық нормаларын белгілі бір төлеушіге немесе қаражаттарды алушыға қатысты нақтылайды.
Заңнамалык, актілер – бұл Парламент шығаратын заңдар мен қаулылар, Республика Президенттерінің Жарлықтары.
Қосалқы актілер – бұл заңға негізделген және заңды орындауға қабылданған актілер: басқарудың салалық және жоғарғы органдарының бұйрықтары, Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің нұсқаулықтары, лауазымды адамдардың қайсы бір іс-әрекеттерге рұқсат етуі туралы қарарлары және т.б.
Жоспарлы-қаржылық актілердің қалғандарынан айырмашылығы сол олар өзара қаржы саласындағы белгілі бір кезеңге арналған нақтылы тапсырмалар болады, яғни олар қаржы ресурстарын жұмылдыру, бөлу және пайдалану жөніндегі жоспарлар болып табылады; бұған бюджеттердің барлық түрлері, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы жоспарлары, бюджетте қаржыландыруда тұратын мемлекет мекемелері шығындарының сметалары жатады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1 «Қазақстан Республикасының Конституциясы» Алматы: Қазақстан, 2000 жыл
2 «Кәсіпорын туралы» Заң. Алматы, 2006 жыл
3 Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексі. Алматы, 2006
4 Горфинкель В.Я., Швандар Б.А. Кәсіпорын экономикасы, Москва, ЮНИТИ-ДАНА, 2000.
5 Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Т. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Алматы, 2001
6 Келумжаев Қ.К., Әжібаева З.М.,, Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. Қаржылық есеп. Алматы, 2004
7 Қалдыбаев О., Темірбаев А. Кәсіпорын экономикасының қаржысы. Оқу құралы. - Алматы, «Санат», 2003.
8 Назарова В.Л. Басқару есебі. Алматы, 2005
9 Оқаев Қ.О., Дюнова Е.М. Нарық жағдайындағы өнеркәсіптік кәсіпорын экономикасы. - Алматы, 2004.
10 Раицкий К. А. Кәсіпорын экономикасының қаржысы. Москва, 2000.
11 Сейітқазиева А.М. және басқалар. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекеті.- Алматы, «Экономика», 2005.
12 Сейітқазиева А.М., Бекназарова А.Т. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкершілік. Оқу құралы, - Алматы, «Тұран», 2001.
13 Шеденов Ө.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комяшин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе, 2004

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақстан Республикасында кәсіпорын қызметінің заңнамалық
негізгі

Мазмұны

Кіріспе 3
1 Экономикалық және әлеуметтік құқықтар мен бостандықтар туралы 5
1.1 Негізгі ұйымдық-құқықтық нысаңдардың шаруашылық жүргізуші 9
субъектілері қаржысының ерекшеліктері
1.2 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы 17
2 Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының негіздері 23
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі 30
Қосымшалар
Кіріспе

Қаржылық қызметті жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар өзінің
өкілеттікті шегінде қаржы ресурстарын жұмылдыру, бөлу, пайдалану, оларды
жұмсауға бақылау жүргізу, қаржы жоспарларын және мемлекет алдындағы
қаржылық міндеттемелерді орындау жөніндегі қаржы қатынастарын реттейтін,
сонымен бірге бұл қатынастардың қатысушыларына басшылық ететін белгілі бір
қаржы-құқықтық актілерді қабылдайды.
Қаржы-құқықтық актілер дегеніміз қарастырылған нысанда қабылданған
және зандық салдары бар мемлекеттік билік пен басқару органдарының олардың
құзырына кіретін қаржылық қызметтің мәселелері жөніндегі шешімдер. Бұл
актілер қаржы-құқықтық нормаларды белгілейді, өзгертеді немесе бұзады
немесе нақтылы құқықтық қатынастардың пайда болуының, тоқтатылуының,
өзгеруінің негізін атқарады. Қаржы-құқықтық актілердің жиынтығы қаржы
заңнамасын құрайды.
Қаржылық қызметтің сол немесе өзге құқықтық нысандарын қолдану
реттелінетін қатынастардың маңызымен және мазмұнымен айқындалады. Мәселен,
заңи акті ұзақ және тұрақты қаржы қатынастарын қамтып көрсетеді және оны
Парламент бекітеді; қысқа қатынастар, мысалы республикалық бюджет туралы
заңды да елдің әлеуметтік-экономикалық өмірі үшің мұндай актінің
мәнділігіне қарай осы орган бекітеді. Заңи емес қаржы нысандары ағымдағы
қаржы қызметінде іс қылады; оларға мыналар жатады: қаржы және салық
органдарының аппаратында кеңестер өткізу, кәсіпорындардың қаржы службасына
нұсқаулық беру, бюджеттерді депутаттардың жиналысының бекітуіне әзірлеу
кезіндегі комиссиялардың мәжілістерін өткізу және т.б.
Қаржы-құқықтық актілер заңи негіздер бойынша нормативтік және жеке,
заңнамалық және қосалқы, жоспарлы-қаржылық болып бөлінеді.
Нормативтіктерге біртекті қаржы қатынастарының тобын реттейтін актілер
жатады; бұл актілерде олардың қатысушыларының жалпы ережелері, яғни
құқықтық нормалары болады және әдетте ұзақ уақыт іс-әрекет етеді. Олар
кәсіпорыңдар мен азаматтардың мемлекет алдындағы қаржылық міндеттіліктерін,
анықталған төлемдерді есептеудің тәртібін, төлемдердің тұрпатты нышандарын
және басқаларын белгілейді.
Жеке актілер құқық нормаларын белгілі бір төлеушіге немесе
қаражаттарды алушыға қатысты нақтылайды.
Заңнамалык, актілер – бұл Парламент шығаратын заңдар мен қаулылар,
Республика Президенттерінің Жарлықтары.
Қосалқы актілер – бұл заңға негізделген және заңды орындауға
қабылданған актілер: басқарудың салалық және жоғарғы органдарының
бұйрықтары, Қаржы министрлігі мен Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігінің нұсқаулықтары, лауазымды адамдардың қайсы бір іс-әрекеттерге
рұқсат етуі туралы қарарлары және т.б.
Жоспарлы-қаржылық актілердің қалғандарынан айырмашылығы сол олар өзара
қаржы саласындағы белгілі бір кезеңге арналған нақтылы тапсырмалар болады,
яғни олар қаржы ресурстарын жұмылдыру, бөлу және пайдалану жөніндегі
жоспарлар болып табылады; бұған бюджеттердің барлық түрлері, кәсіпорындар
мен ұйымдардың қаржы жоспарлары, бюджетте қаржыландыруда тұратын мемлекет
мекемелері шығындарының сметалары жатады.

1 Экономикалық және әлеуметтік құқықтар
мен бостандықтар туралы

Қоғамның саяси және экономикалық өмірін демократияландыру,
экономикалық реформа шаруашылық қызметті мемлекеттік құқықтық реттеуге
көзқараста түбегейлі өзгертулерді қажет етеді. Бұл талаптарға экономикалық
реформаның дамуындағы жаңа кезенді ашуға, өндірістік қатынастарды түбірлі
өзгерту үшін негіз жасауға шақыратын негіз қалаушы заңнамалық актілер сай
келеді: меншік туралы, мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы,
кәсіпорындар туралы, бюджет және салық жүйесі туралы, шаруашылық қызмет
бостандығы және кәсіпкерлікті дамыту туралы, сыртқы экономикалық қызметті
ұйымдастыру туралы, банктер және банк қызметі туралы, сақтық қызметі
туралы, банкроттық туралы, шетелдік инвестициялар туралы, азаматтарды
зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңдар және басқалары. Аталған заңдар
қаржы қатынастарын да қоса, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды
құқықтық реттеуді жасау үшін база болып табылады. Өзінің табиғаты бойынша
бұл заңдар нарықтық экономиканың жаңа үлгісін жасауға, өндіріс тиімділігін
ұзақ мерзімдегі және тұрақты факторлар ретіндегі қаржы қатынастарын
дамытуға бағдарланған. Шаруашылық тіршілігі, экономикалық өзара қатынастар,
қаржылық қызметі аймақтардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың және шаруашылық
жүргізуші басқа субъектілердің нақтылы дербестігін қамтамасыз ететін жаңа
заңнамалық негізбен реттеліп отыруы тиіс.
Адамға бостандық пен экономикалық құқық өзінің мүмкіндіктерін
материалдық өндіріс пен оны пайдалану тұсында қажет. Ал әлеуметтік құқық
пен бостандық оның жеке басының рухани және басқа қоғамдық қажеттігін өтеуі
үшін керек.
Қазақстан социалистік экономикадан нарықтық экономикаға енді. Осыған
орай Қазақстан мемлекетінің экономикалық саясатының негізгі нұсқалары
мыналар:
– қоғамның қажетін қанағаттандыру үшін мемлекеттік пен жеке
меншікке негізделген экономика құру;
– кәсіпкерліктің кез келген түрін қолдау, солардың ішінде әсіресе
материалдық игіліктерді өндіретін салаларына, құрылыс, тасымал,
жеке сауда салаларына артықшылық беру.
Нарықтық экономика жеке меншік иелерін, өндіріс құралдарына жеке
меншікті қалыптастырады. Марксизм-ленинизм жеке меншікті адамды адам
қанауының қайнар көзі ретінде танып, оған үзілді-кесілді қарсы шығады.
Бірақ Кеңес Одағы кезінде мемлекеттік меншік те адамды адам қанаудан
құтқара алған жоқ. Бұл меншіктіктен негізінен партия мен мемлекеттің
номенклатуралық қызметкерлері пайда көрді.
Қазіргі заманғы экономикасы дамыған, алдыңғы қатарлы елдердің
тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, мемлекет реттеп отыруға тиісті жеке
меншікті бет-бетіне, өз алдына, қалай болса солай жіберуге болмайды.
Мемлекет қоғамның экономикасын дамытуға мүмкіндік туғызу үшін кәсіпкерлік
пен жеке меншіктің қорлануына бағытталған қолдауды қуаттайды. Сонымен бірге
мемлекет демократия мен саяси-әлеуметтік жағдайдың тұрақтылығына және
адамдардың жақсы тұрмысының негізі болып табылатын "орта" тапты
қалыптастыру үшін жеке меншіктің көп болуына мүмкіндік жасап отырады.
Осыған орай Қазақстанда мемлекеттік меншіктің басым бөлігін
жекешелендіру (приватизация) едәуір мөлшерде жүргізілді.
Жекешелендірудің мақсаты – әрбір азаматқа мемлекеттік мүліктің белгілі
бір бөлігін бөліп беріп, мемлекет меншігінен алатын өз үлесін растайтын
тиісті құжатын беру.
Сөйтіп әрбір азамат белгілі бір мөлшерде жеке меншіктің иесі болып
есептеледі. Әркімге алғашында бірдей мөлшерде үлес тиюді қамтамасыз ету –
игі іс. Одан әрі қарай бұл іс басқа да факторларға байланысты болмақ.
Кеңестік Конституция азаматтың өз жеке басының өзіндік меншігін ғана
қамтамасыз етті. Бұл меншік азаматтың жалақысы негізіне құрылып, жүзеге
асты. Жеке, меншікке келетін болсақ, мұның өзі – баюдың қайнар көзі.
Сондықтан жеке меншіктік құқық жеке бастың өзіндік меншігінен өлдеқайда
артық екені мәлім.
Меншік иесінің құқықтары қандай? Меншік құқығы үш бөлшектен тұрады: а)
ие болу құқығы, яғни жыл-жымалы және қозғалмайтын мүліктерге заңды түрде ие
болу құқығы; ә) пайдалану құқығы, яғни жекеменшік объектіден пайда табу,
техника мен технологияны пайдалану құқығы; б) өз еркінше пайдалану құқығы,
яғни өз меншігіндегі әр алуан мүлікті сату, жалға беру, мұра етіп қалдыру,
әлдекімге қайтарымсыз сыйлау құқығы.
Жеке меншік иелері өзінің меншігіндегі мүліктерді заңға байланысты өзі
жұмсап отыруға құқылы. Мұның өзі меншік иесі өзінің мүліктерін жеке
адамдарға, қоғамға, мемлекетке, қоғамдық бірлестіктерге зиян
келтірмейтіндей етіп жұмсауға тиіс деген сөз. Жеке меншік мүліктер әр түрлі
жолдармен: материалдық өндіріс негізінде, мұрагерлік жолымен алынған рухани
байлықтар, сыйлықтар, бағалы қағаздар т.б. заттар болып табылады. Егер жеке
меншік мүліктері заңды негізде алынған болса, онда оны мемлекет қорғайды.
Мемлекет өз азаматының жеке меншіктік құқығын ел ішінде де, сондай-ақ
елден тыс жерлерде, біріншіден – қылмыстық қол сұғушылықтан (ұрлау, талан-
таражға салу, бүлдіру), екіншіден – басқа да кез келген зиян келтіретін
әрекеттерден қорғайды. Жеке меншікке қол сұғушылықпен айналысқан қылмысты
адам материалдық жағынан да жауапқа тартылады. Сондай-ақ Заң жеке меншікті
мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың заңсыз қол сұғушылығынан да
қорғайды. Егер мемлекеттік орган азаматтың мүлігін жоюға шешім қабылдаса,
ол мүлігіне зиян келтіргені үшін оны қалпына келтіріп беру жөнінде сотқа
арыздануға құқылы.
Жеке кәсіпкерлік – азаматтың экономикалық бостандықты іске асыруының
бір түрі, нысаны. Нарықтық экономикаға көшуді қамтамасыз етудің негізгі
жағдайының бірі – жеке кәсіпкерлік. Кеңестік кезеңде жеке кәсіпкерлікпен
шұғылданғысы келген адамдарды тежеп отырды. Мұндай ерекет заңсыз баюдың
қайнар көзі, мещандық, тоғышарлық идеологияның көрінісі, адамгершілік
қасиеттің төмендеп кетуі деп есептелді. Соның салдарынан жеке кәсіпкерлік
жойылып жіберілді. Осылардың әсерінен ежелгі ұлттық дәстүрлі қолөнерді
дамыту мүмкіндігі болмады (мысалы, қолдан кілем тоқу, зергерлік бұйымдар
жасау т.с.с.). Мұның өзі адамның шаруашылық өміріне зор зиянын тигізді,
жеке кәсіпкерлік құлшынысы тежелді, еңбек дағдысының жойылуына әкеліп
соқтырды. Мұндай саясаттан мемлекет те, қоғам да, халық та және жеке
адамдар да зардап шекті.
"Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды
кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар..." (Конституция, 26-
бап).
Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау
жөніндегі заңы қабылданды. Онда жеке кәсіпкерліктің негізгі түрлері мен
қорғау және қолдау әдістері қарастырылған. Мемлекеттің және оның органдары
толық жұмыс еркіндігі берілген жеке кәсіпкерлердің жұмысына тікелей
араласуға құқығы жоқ. Егер лауазымды адамдар жеке кәсіпкерлердің құқығын
бұзатын болса, онда жауапқа тартылады.
Жеке кәсіпкерлік – түрлі тарауларға (қызметке, көмекке) сұранымда
қанағаттандыруға бағытталған азаматтардың қызметі. Мұндай жұмысты азамат
өзі немесе өзінің жолдастарымен, туыстарымен бірге атқаруы мүмкін. Әрине,
кәсіпкерлікпен шұғылданған адам осынау әуресі мен азабы мол жұмыстың бүге-
шігесіне дейін егжей-тегжейлі білуі шарт. Әрбір адам өзі қолға алған ісі
үшін, мүлкі үшін өзі жауап беруге тиіс. Егер жеке көсіпкерлікпен
шұғылданған адам басқа бір адамға қарыз болса, немесе оның ісіне нендей бір
зиян келтірген болса, онда бұл іске мемлекет те, оның органдары да жауап
бермейді, тек кәсіпкердің өзі ғана жауапты болады.
Сонымен бірге кәсіпкердің дүние-мүлкін және оған ешкімнің қол сұқпауын
заң қорғап отырады. Тек заңда көрсетілген жағдайда ғана кәсіпкерлікті
шектеуге, дүние-мүлкін алуға жол беріледі. Мәселен, кәсіпкерлікті қоғам мен
азаматтардың қауіпсіздігін қорғау, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік
ережелерін сақтау т.б. шектеуге болады. Былайша айтқанда, азаматтарға,
қоршаған орта (жерді бүлдіру, суды ластау т.б.) мен қоғамға зиян келтіретін
кәсіпкерлікпен айналасуға тыйым салынады.
Кәсіпкерлікпен жеке адам немесе бір топ адам шұғылдана алады. Мемлекет
кәсіпкерлікке көптеген жеңілдіктер жасап отыр. Оларға мемлекет қорынан
қарыз беріледі, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі т. с. с.
Мұндай көмек ең алдымен материалдық құндылықтар өндіретін кәсіпкерлерге
беріледі. Мұның өзі түсінікті де, өйткені кәсіпкерлердің қызметі
экономиканы дамытуға, халықты қажетті тауарлармен, азық-түлікпен қамтамасыз
етуге бағытталған. Тікелей өндіріспен шұғылданатын кәсіпкерлерді (фермерлер
мен тұтыну тауарларын өндірушілерді) қолдайтын және бәсекелестік
ұйымдастырып, материалдық жағынан көмек көрсететін қор ұйымдастырылған.

1.1 Негізгі ұйымдық-құқықтық нысандарының шаруашылық жүргізуші
субъектілері қаржысының ерекшеліктері

Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде меншік нысандары мен
шаруашылық жүргізудің әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктың
дамуы кезінде жұмыс істейді.
Кәсіпорындарды ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша межелеу олардың
қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына,
өндірістік-шаруашылық қызметін қаржыландыруға, шаруашылықты жүргізудің
нәтижелеріне әкеп соғады.
Меншік нысандарына қарай шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларын
қалыптастырудың ерекшеліктері болады. Мысалы, өндірістік кәсіпорындардың
қаржы қорлары мына көздер есебінен құрылады: меншікті көздер
(амортизациялық аударымдар, табыс (пайда), басқалары); банк несиелері;
бағалы қағаздар шығарудан түсетін қаражаттар; мемлекеттік кәсіпорындарда
қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс
қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде – кооператив
мүшелерінің үлестік жарналарының қаражаттары. Практикада көбінесе меншіктің
аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздері бойынша оларды құрудың
аралас нысандары кездеседі. Мысалы, негізгі құралдар мен айналымдағы
активтердің үлкен бөлігі мемлекетке жататын мемлекеттік кооперативтерде
қызметкерлердің үлестік жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік
акционерлік қоғамдарда да осылай.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкін жалға бергенде айрықшалықты төлем –
жалға берілген мүлік құнының амортизациялық аударымдарын, жалға беру
мерзімінің өтуіне қарай объектілерді жөндеу үшін жалдаушының жалға берушіге
беретін қаражаттарын, жалға алынған мүлікті қоғамдық қажетті пайдаланудан
түсетін пайданың (табыстың) бір бөлігін (жалгерлік пайызды) кіріктіретін
жалгерлік ақы қолданылады.
Өндірістің бастапқы қорларының қалыптасуына сәйкес шаруашылық
қызметтің мынадай қаржылық нәтижелері бөлінеді және пайдаланылады: жалпы
табыс, пайыздық табыс, дивидендтер, үлестік табыстар, бюджеттің (бюджеттік
кредиттердің) және бюджеттен тыс қорлардың шығыстарын өтеу.
Үлестік жарна негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың –шаруашылық
серіктестіктерінің, кооперативтердің, бірлескен кәсіпорындардың қаржысын
ұйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының қалыптасу және алынған
табыстарды әрбір қатысушының мүліктегі үлесіне сәйкес кейінгі бөлудің
ерекшеліктерімен анықталады. Мұндай кәсіпорындардың құрылтайшылары мен
қатысушылары өздерінің салымдарын ақша қаражаттары, мүліктің әр түрлі
түрлері (үймереттің, ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүлікгі
құқықтар (жерді, табиғи ресурстарды, мүлікті, зияткерлік (интеллектуалдық)
меншікті пайдалану құқықтары) түрінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері
туралы" заң күші бар жарлығына сәйкес шаруашылық серіктестігі-жарғылық
капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген,
өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға
болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылык, серіктестіктің мынадай
нысандары белгіленген:
1) толық серіктестік;
2) сенім серіктестігі;
3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
4) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
5) акционерлік қоғам.
Толық серіктестіктің пайдасы мен залалдары қатысушылар арасында, егер
құрылтайшылардың шартында немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше
белгіленбесе, олардың серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесінің
мөлшеріне бара-бар бөлінеді; сенім серіктестігі мен жауапкершілігі шектеулі
серіктестікте де осылай бөлінеді.
Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес
өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатымен акциялар
шығаратын заңи тұлға акционерлік қоғам деп танылады.
Қаржы қатынастарының акционерлік қоғамға сәйкес белгілі бір
ерекшеліктері акцияларды өндірістік және коммерциялық қажеттіліктерді
қаржылаңдыру ретінде қолданғанда көрінеді. Бұған акционерлік қоғамдар
қызметінің ұйымдық нысандарының әр алуандығы (халықтық акционерлік қоғам)
мүмкіндік тұғызады. Қаржыны ұйымдастыруға акциялар категорияларының
(кәсіпорынның акциялары, еңбек ұжымының акциялары, акционерлік қоғамдардың
акциялары), олардың түрлерінің (артықшылықты, жай акциялар) әр алуандығы
әсер етеді.
Акционерлік қоғамның баланстық таза табысы заңнамамен қарастырылған
тәртіппен анықталады. Таза табыс (салықтарды төлегеннен кейін) қоғамның
қарамағында қалады және акционерлердің арасында дивидендтер түрінде
бөлінеді, резервтерге, өндірісті дамытуға немесе қоғам жиналысының
шешімімен қарастырылған өзге мақсаттарға аударылады.
Меншіктің акционерлік нысаны экономикалық жағынан дамыған елдерде
тиімді жұмыс істеуде және дүниежүзілік практикада көпшілікке танылған нысан
болып табылады. Ол ұсақ меншік иелерінің көпшілігін – акция ұстаушыларды
қазіргі кезеңде кәсіпорындардың немесе салалардың қаражаттарып неғұрлым
тиімді қалыптастыруға қатысуға араластырады (тартады), қаржы ресурстарының
қызметтің аса басымырақ сфераларына қайта құйылымына мүмкіндік жасайды.
Акционерлік нысанның құндылығына қаражаттардың жеке иелері үшін, тіпті жеке
қаржы институттары үшін қиын болатын жеткілікті ірі кәсіпорындарды құру
мүмкіндігі жатады. Акционерлік кәсіпорынның көлемі тек оның нарықтық
сұранымның ауқымымен, басқарушылықпен, рыноктың даму перспективаларымен
ғана сәйкестенеді.
Экономикада едәуір орынды мемлекеттік сектор алады. Бұл секторда
кәсіпорындардың мынадай түрлері жұмыс істейді:
1) шаруашылык, жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар; бұл құқық
мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және осы мүлікті иелену,
пайдалану және оған билік ету құқықтарын заңнамада белгіленген шекте жүзеге
асыратын мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады;
2) жедел басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын)
кәсіпорындар. Бұл құқық қазыналық кәсіпорынның меншік иесінен алған және өз
қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмалары мен мүліктің мақсатына
сәйкес заңнамалық актілерде белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану
және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын заттық құқық болып табылады.
Мемлекеттік меншіктің түріне қарай кәсіпорындар:
1) республика меншігіндегі кәсіпорындар - республикалық мемлекеттік
кәсіпорындар;
2) коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар – коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорындар болып бөлінеді.
Басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған мемлекеттік кәсіпорын еншілес
мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпорын үшін мемлекеттің тапсырмасын орындау міндетті
болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі міндет-мақсаты
(арналымы) қоғам мен мемлекеттің қажетіне қарай айқыңдалатын мынадай
әлеуметтік-экономикалық міңдеттерді шешу болып табылады, олар:
1) мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз ету
және қоғам мүддесін қорғау;
2) экономиканың жеке меншік секторы қамтыған немесе жеткіліксіз
қамтылған қоғамдық өндірістің сфералары мен салаларында бірінші
қажеттіктегі тауарларды өндіру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету);
3) мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе мемлекеттің функциясы
болып табылатын сфералардағы қызметті жүзеге асыру.
Кәсіпорынға қатысты уәкілді орган меншік иесінің және мемлекеттік
басқару органдарының басқару функцияларын орындайды.
Меншік иесі кәсіпорынды құру, оның қызметінің предметі мен мақсаттары,
қайта ұйымдастыру және тарату, мүліктің сақталуын бақылау мәселелерін
шешеді. Меншік иесінің кәсіпорын мүлкін пайдаланудан түскен таза табыстың
бір белігін алуға құқығы бар.
Меншік иесіне аударуға жататын таза табыстың үлесі уәкілді органның
Қаржы министрлігімен келісілген пайданы бөлудің жыл сайын анықталатын таза
табысты бөлу нормативінде белгіленеді.
Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін негізгі құрал-жабдықтар мен айналым
қаражаттары, сондай-ақ кәсіпорынның дербес балансында көрсетілген
құндылықтар құрайды. Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкі оған меншік иесі
берген мүліктің, өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлікті (ақшалай
табыстарды қоса), зандармен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен
қалыптасады.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметтің сан
алуан сферасында құрылып, іс-әрекет етуі мүмкін.
Кәсіпорын өндіретін тауарлардың (атқарылатын жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің) бағалары кәсіпорынның оларды өндіруге кеткен шығындарды толық
өтеуге, оның қызметін шығынсыз етуге және өз кіріс есебінен қаржыландыруды
қамтамасыз етуге тиіс.
Мемлекеттік тапсырысты орындау есебіне кәсіпорын өндіретін және
өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағаларын уәкілді
органның келісуі бойынша жоғарыда айтылған талаптарды ескере отырып
белгілейді.
Кәсіпорын мемлекеттік тапсырыстан тыс өндіретін және өткізетін
тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағасын өзі дербес белгілейді.
Кәсіпорын өз қызметінен алған меншікті табыстар есебінен ұсталады.
Мемлекеттік кәсіпорынға қаражат заңнамада кезделген тәртіппен беріледі.
Кәсіпорын иесіне аударылуға тиіс табыстың (пайданың) үлесі жыл сайын
уәкілді орган Қаржы министрлігінің (тиісінше – оның жергілікті
органдарымен) келісімі бойынша белгіленетін пайданы бөлудің нормативінде
көрсетіледі және тиісті бюджеттердің кірісіне аударылады.
Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік мүлікке ие кәсіпорын қазыналық
болып табылады.
Қазыналық кәсіпорындар заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) төтенше және авариялық жағдайларда кен-құтқару және өзге де арнаулы
жұмыстарды орындау, өрттен, су тасқынынан және басқа сұрапыл апаттардан
қорғау;
2) заңнамада қаржыландырудың арнайы тәртібі белгіленген мемлекеттік
автомобиль жолдарының және басқа инфрақұрылым объектілерінің жүйесін ұстау
мен дамыту;
3) пошта байланысы мен телекоммуникация, жалпы республикалық және
халықаралық байланыс желісін пайдалану саласындағы қызмет;
4) топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу;
5) денсаулық сақтау, табиғатты қорғау, білім беру, әлеуметтік қорғау,
ғылым және мәдениет сферасында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру
үшін құрыла алады. Қазыналық кәсіпорын өндіретін және өткізетін тауарлардың
(атқаратын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің) бағаларын уәкілді орган
белгілейді. Қазыналық кәсіпорындардың қызметі уәкілді орган бекітетін смета
бойынша өз табысының есебінен қаржыландырылады. Кәсіпорынның меншікті
табыстары оның шығындарын жабуға жеткіліксіз болған жағдайда қажетті
жетпеген қаражаттар тиісті бюджеттен бөлінеді.
Қазыналық кәсіпорынның сметадан тыс алған табыстары тиісті бюджетке
аударылуға жатады.
Еншілес кәсіпорын – өз мүлкінің есебінен басқа мемлекеттік кәсіпорын
құрған заңи тұлға. Еншілес кәсіпорындар құру құқығын шаруашылық жүргізу
құқығындағы кәсіпорындар ғана пайдалана алады.
Еншілес кәсіпорындар негізгі кәсіпорынды, соның ішінде монополияға
қарсы заң талабы күшіндегі кәсіпорынды ықшамдау, негізгі кәсіпорынның
филиалдарын дербес заңи тұлға етіп қайта құру, негізгі өндірістің
тиімділігін арттыру үшін қосымша және мамандандырылған өндіріс құру,
негізгі өндірісті оған тән емес қызмет пен функция түрлерінен босату
мақсатында құрылады.
Кәсіпкерлік қызметті жүргізудің тиімді ұйымдық-құқықтық нысандарының
бірі шетелдік фирмалар қатысқан бірлескен кәсіпорындар болып табылады.
Бірлескен кәсіпорындардың мүлкі шартта анықталған мөлшерде қатысушылардың
салымдары (жарналары) есебінен құрылады. Бірлескен кәсіпорындар заңнамамен
белгіленген салықтарды төлейді, бірлескен кәсіпорын жойылғанда оның
резервтік капиталының пайдаланылмаған сомасына қолданыстағы мөлшерлемелер
бойынша салық салынады. Республикада шетелдік фирмалар қатысқан бірлескен
кәсіпорындарды құрудың және олардың іс-әрекет етуінің тәртібі заңнамамен
белгіленген. Кәсіпорын капиталындағы үлес уағдаластық бойынша анықталады.
Әріптестерге қажетті кепілдіктер, соның ішінде олардың салықтарды
төлегеннен кейін қалған табысының (пайдасының) бір бөлігін валюта түрінде
шет жаққа аударуға, ұлғаймалы өндіріске жұмсалымға салу мүмкіндігіне,
басқаруға қатысуға, республика аумағында олардың меншігін құқықтық қорғауға
кепілдіктер беріледі.
Экономиканың кооперативтік секторы бірыңғай ұлттық шаруашылық кешені
буындарының бірі болып табылады. Нарықтық қатынастардың қалыптасу барысында
меншік нысандарының дамуы қызметтің жаңа сфераларында шаруашылықты
жүргізудің бұл демократиялық нысанының қайта дамуына және дәстүрлі
салаларда оның кеңеюіне кең жол ашты.
Қазіргі кезде кооперация жүйесінде кооперативтердің екі негізгі
тұрпаты – өндірістік және тұтыну кооперативтері жұмыс істейді.
"Өндірістік кооператив туралы" занда өндірістік кооператив
азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың
жеке еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік салымдарын (үлестерін)
біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі делінген. Өндірістік
кооперативтер тауарлар, өнімдер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа кәсіпорындар құру
Еңбекақы төлеу жүйелерін талдау
Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру нысандары
Кәсіпкерлік қызметтің негізі
Басқару есебінің объектілері тәсілдері мен міндеттері
Басқару шешімдерін қабылдау және басқару есебі
МЕНШІККЕ МЕМЛЕКЕТТІК МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУДІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
Монополия пайдасын жанама реттеу
КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Кәсіпкерлік қызметінің теориясы
Пәндер