Алымдар және оны төлеушілер



Алым дегеніміз - белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.
2002 жьлы алымның 13 түрі болды. 2003 жылдан бастап "елтаңбалық алым "алынып тасталды. 2005 жылы алымдарға өзгерістер енгізілді, яғни: 3.1. "Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым" және 6.1. "Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекетгік тіркеу үшін" және 8.1. «Туындылар мен сабақтас қүқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін» алымдары қосылды.
Ал енді осы алымдардың экономикалык мазмүнын баяндайын.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым занды тұлғаларды және олардың филиалдары мен өкілдіктерін құру мен қызметін тоқтатуды мемлекеттік (есептік) тіркеу, оларды қайта тіркеу, сондай-ақ олардың мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы куәліктің дубликатын алуы кезінде алынады. Тіркеуді Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда уәкілетті орган (әділет органдары) жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес тіркелетін заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктері алым төлеушілер болып табылады.
2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым жеке кәсіпкерлер ретіңде Қазақстан Республикасыньщ аумағында заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттіқ тіркеу кезінде, сондай-ақ олар мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады. Тіркеуді Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда салық қызметі органдары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес тіркелетін жеке тұлғалар алым төлеушілер болып табылады. Алым төлеуден босатылады:
• шаруа қожалықтары;
• I, II және III топтағы мүгедектер;
• Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын оралмаңдар.
3. Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқыктарды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым — жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады. Тіркеуді Қазақстан Республикасының заң актісінде

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Алымдар және оны төлеушілер.

Алым дегеніміз - белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы
қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.
2002 жьлы алымның 13 түрі болды. 2003 жылдан бастап "елтаңбалық алым
"алынып тасталды. 2005 жылы алымдарға өзгерістер енгізілді, яғни: 3.1.
"Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым" және 6.1.
"Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекетгік тіркеу үшін"
және 8.1. Туындылар мен сабақтас қүқықтар объектілеріне құқықтарды,
туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық
шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алымдары қосылды.
Ал енді осы алымдардың экономикалык мазмүнын баяндайын.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым занды тұлғаларды және
олардың филиалдары мен өкілдіктерін құру мен қызметін тоқтатуды мемлекеттік
(есептік) тіркеу, оларды қайта тіркеу, сондай-ақ олардың мемлекеттік
(есептік) тіркеу туралы куәліктің дубликатын алуы кезінде алынады. Тіркеуді
Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген тәртіппен және
жағдайларда уәкілетті орган (әділет органдары) жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес тіркелетін заңды
тұлғалар, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктері алым төлеушілер
болып табылады.
2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым. Жеке
кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым жеке кәсіпкерлер ретіңде
Қазақстан Республикасыньщ аумағында заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті
жүзеге асыратын жеке тұлғаларды мемлекеттіқ тіркеу кезінде, сондай-ақ олар
мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
Тіркеуді Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген тәртіппен және
жағдайларда салық қызметі органдары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес тіркелетін жеке тұлғалар
алым төлеушілер болып табылады. Алым төлеуден босатылады:
шаруа қожалықтары;
I, II және III топтағы мүгедектер;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін заңды тұлға құрмай
кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын оралмаңдар.
3. Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқыктарды
мемлекеттік тіркегені үшін алым.
Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды
мемлекеттік тіркегені үшін алым — жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын
мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік
тіркеуді куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады. Тіркеуді
Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген тәртіппен және
жағдайларда уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес тіркелетін, жылжымайтын
мүлікпен іс-қимылды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым
төлеушілер болып табылады.
Алым төлеуден босатылады:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар;
I және II топтағы мүгедектер;
бөлек тұрып жатқан зейнеткерлер;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралмандар;
кадрларды даярлаумен және оқытумен шұғылданатын шағын кәсіпкерлік
субъектілері мемлекеттік тіркелген кезден бастап үш жыл ішінде жылжымайтын
мүлікке құндылықтарды тіркегені үшін төлемнен босатылады.

2. Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым.

Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым —жылжымалы
мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді
куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде төленеді. Ал енді тіркеуді
Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген тәртіппен және
жағдайларда уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заң актісіне сәйкес тіркелетін жылжымалы
мүлік кепілін тіркеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алымды
төлеушілер болып табылады.
Алымды төлеуден босатылады:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар;
I және II топтағы мүгедектер;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралмандар;
4. Радиоэлектрондық кұралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды
мемлекеттік тіркегені үшін алым.
Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды
мемлекеттік тіркегені үшін алым радиоэлектрондық құралдар мен жоғары
жиіліктегі құрылғыларды тіркеу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді
куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады. Тіркеуді Қазақстан
Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен және жағдайларда
байланыс саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. ,
Тіркеуші орган тіркеген кезде мүдделері көзделетін жеке және занды
тұлғалар алым төлеушілер,болып табылады.

Мемлекеттік мекемелер алым төлеуден босатылады.
5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік
тіркегені үшін алым.
Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені (қайта
тіркегені) үшін алым — механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді
мемлекеттік тіркеу кезінде, соңдай-ақ мемлекеттік тіркеуді куәландыратын
құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
Тіркеуді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіппен және жағдайларда уәкілетті орган жузеге асырады.
Тіркеуге жататын механикалық көлік құралдарымен тіркемелерді
пайдаланатын жеке және занды тұлғалар алым төлеушілер больш табылады.
6. Теңіз, өзен кемелерімен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік
тіркегені үшін алым.
Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені
(қайта тіркегені) үшін алым теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді
кемелерді мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді
куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады. Тіркеуді Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және әр түрлі жағдайларда
көлік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тіркеуге жататын кемелері бар занды және жеке тұлғалар алым төлеушілер
больш табылады.
6.1. Кеменің немесе жасалып жаткан кеменің ипотекасын мемлекеттік
тіркегені үшін алым.
Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені
үшін алым — кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік
тіркеу кезінде, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың
дубликатын алған кезде төленеді. Ал енді тіркеуді көлік саласындағы
уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
және әр түрлі жағдайларда жүзеге асырады.
Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотека шартын жасасқан жеке
және заңды тұлғалар алымды төлеушілер болып табылады.
7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.
Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені (қайта тіркегені) үшін
алым - азаматгық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ
мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың дубликатьш алған кезде алынады.
Тіркеуді Қазақстан Республикасының заң актісінде белгіленген тәртіппен және
жағдайларда көлік саласьшдағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тіркеуге жататын азаматтық әуе кемелері бар жеке және занды тұлғалар
алым төлеушілер болып табылады.
8. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым.
Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым Қазақстан
Республикасының зандарына сәйкес Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат
етілген дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) кезінде,
сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттың дубликатын берген кезде
алынады. Тіркеуді дәрі-дәрмек құралдарына бақылау жасау саласындағы
уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
және жағдайларда жүзеге асырады.
Дәрі-дәрмек құралдарын тіркеуші органға тіркеуге ұсынған жеке және
заңды тұлғалар алым төлеушілер болып саналады.
8.1. Туындылар мен сабактас құқықтар объектілеріне құқыктарды,
туындылар мен сабактас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық
шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алым.
Туындылар мен сабактас құкыктар объектілеріне құқықтарды, туындылар
мен сабактас құқыктар объектілерін пайдалануға лиензиялық шарттарды
мемлекеттік тіркеу үшін алым — туындылар мен сабактас құқықтар
объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін
пайдалануға лицензиялык шарттарды мемлекеттік тіркеу кезінде, сондай-ақ
мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
Тіркеуді зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті орган Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген
ТЭПТІППйн ••аи -ягагг
Жеке және заңды тұлғалар алымды төлеушілер болып табылады, тіркеуші
орган солардың мүддесі үшін тіркеуді жүргізеді.
9. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша
жүргені үшін алым.
Қазакстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының
жүргені үшін алым:
халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге
асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан
кетуі;
халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге
асыратын шетел автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасы аумағына келуі
(кетуі), Қазақстан Республикасы аумағы бойынша транзиті;
ірі көлемді және ауыр салмақты отандық және шетелдік автокөлік құ-
ралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүруі;
отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының
ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша жүруі үшін өндіріп алынады.
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль құралдарының
жүруі, егер ақылы мемлекеттік автомобиль жолдары бойынша жүру үшін
Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көлік саласындағы
уәкілетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алымдар, төлемдер және мемлекеттiк баждардiң мәнi мен өзiндiк ерекшелiктерi.
Мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да төлемдер мен алымдардың экономикалық мәні
Заңды және жеке тұлғалардың табыс салығы
Салық салудың айқындық қағидасы
Мемлекеттік бюджетке төленетін басқа да төлемдер төлемақылардың экономикалық мәні
Салық ұғымы және оның әлеуметтік-экономикалық мәні жайлы
Салықтар және салық салудың теориялық негіздері
Салық салу перспективасы
Салық және салық жүйесі. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
Салықтар, салық салу және мемлекеттің салық жүйесі
Пәндер