Интернет Web-сайт



Жоспар
Қазіргі замандағы интернет технологиялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Интернет туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
Интернеттің негізгі қосымшалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
Интернетттегі ауқымды іздестіру жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
Кіріспе
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Мектеп бітірушілер компьютерлік сауатылықты меңгеріп шығады, бірақ келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Шығармашылық жұмыстын қортындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі – Интернетте жариялау.
Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өткені Web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн.
Бұл жұмыс өзінің сайтын дайындауды үйренем деушілерге арналған.
Жұмыс екі бөлімнен тұрады, біріншісі теориялық: мәтінді форматтау, графиканы қолдану, тізім жасау, кесте құру. Ал екіншісі болса практикалық, бұл бөлімде біз дайын бір сайт жасап шығамыз.
Қолданылатын әдебиеттер

1. Жаңа информациялық технологиялар; Информатикадан 30 сабақ, Алматы, ЖТИ, 2003ж.
2. Компьютер әлемі, Республикалық журналы, №1, 2001 ж.
3. Информатика мен есептеуіш техника негіздері, А.Г.Кушниренко, Г.В.Лебедев, Р.А.Сворень, Рауан, 1998ж.
4.ЭВМ-мен жұмыс істеуді үйренейік, Гигловый А.В. Алматы, 1992ж.
5.ЭВМ және программалау элементері, Қараев Ж, Алматы, Рауан, 1991ж.
6. Компьютер: сұрақ және жауап, Бектаев С.К., Алматы, Қазақстан, 1991ж.
7. Информатика: жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған құралы, Алматы, Қазақ университеті, 1992ж.
8.Информатика мен есептеуіш техника негіздерін оқыту: екі бөлім, Алматы, мектеп, 1972ж.
9.“Компьютерлік технология ерекшіліктері”, Информатика негіздері, №1, 25-26 бет
10. Экономическая информатика, под ред. П.В.Конюховского, Д.Н.Колесова, Питер, 2000г.
11. Информатика, учебник под ред. профессора Н.В.Макаровой, Москва, «Финансы и статистика», 2004 г.

Жоспар
Қазіргі замандағы интернет
технологиялар ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...3
Интернет туралы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 7
Интернеттің негізгі
қосымшалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
Интернетттегі ауқымды іздестіру
жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

Кіріспе
 Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің
даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім
беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
 Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық
білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді
етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды
бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен
қамтамасыз етіледі.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалушы,
администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық
газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған
мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету
арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі
болып отыр.
 Мектеп бітірушілер компьютерлік сауатылықты меңгеріп шығады, бірақ
келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті
емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға
сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Шығармашылық
жұмыстын қортындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты
таратудың ең жеңіл әдісі – Интернетте жариялау.
 Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн
ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген
мамандықта қажет болады, өткені Web-бет дизайны – бұл ақпараттық дизайн.
 Бұл жұмыс өзінің сайтын дайындауды үйренем деушілерге арналған.
 Жұмыс екі бөлімнен тұрады, біріншісі теориялық: мәтінді форматтау,
графиканы қолдану, тізім жасау, кесте құру. Ал екіншісі болса практикалық,
бұл бөлімде біз дайын бір сайт жасап шығамыз.

 Қазіргі замандағы Интернет-технологиялар
 Web-сайт бұл дүниенін кішкентай моделі. Бұрынғы кезде Web-сайты бір
адам - Web-мастер жасаған болса, қазіргі кезде Web-сайттарды бірнеше адам
жасайды. Олар Web-дизайнер, программист, бизнес-кеңесші, маркетинг бойынша
басқарушы, менеджер.
  Не себептен мектеп курсына Интеренет технологияны оқыту керек болды?
Web-мастер мамандығы қазіргі кезде өзінің кұпиялығын жоғалтып жатыр, ал
сайт жасау технологиясы зертхана сыртына шығып көпшілікке белгілі болып
жатыр.
 Бұның негізгі белгісі Интернет-жобаларға өсіп жатқан инвестициялар, 
Web-сайттардың күрделі білімдік, ғылыми, комерциялық мүмкіндіктері.
Интернет технологиялар төмендегі жолдармен дамып келе жатыр:
§        Web-технологиялар;
§        Сайт жасау экономикасы;
§        Web-дизайн және Web-программалау маркетингісі;
§        Адам ресурстары және т.б.
 Web-сайт жасақтау жұмысын бірнеше кезеңден турады:
§        Жоспарлау;
§        Элементтерді жасақтау;
§        Бағдарламау;
§        Тестілеу;
§        Жариялау;
§        Жарнамалау;
§        Бақылау;
 Жоспарлау кезеңінде төменгі мәселелер шешілуі керек:
1. Сайттың орны.
2. Сайттың аудиториясы кімдер.
3. Қандай ақпарат жарияланады.
4. Қолданушылармен қарым-қатынас қандай түрде ұйымдастырылады.
 Элементтерді жасақтау кезеңінде сайттың программалық өнім түрінде
жүзеге асырылуы қарастырылады:
 1.     Навигациялық құрылымын жасау.
2.     Беттің дизайнын жасау.
3.     Бетті толтыру үшін мәтіндік және бейне ақпаратты әзірлеу.
 Бағдарламау
 Бұл кезеңдің мәні сайтты форматтауда.
 Тестілеу
 Сайт жасаудың негізгі кезеңдерінің бірі тестілеу. Тестілеу кезеңде
сайттың жұмыс істеу дұрыстылығы тексеріледі, оның ішінде:
 1.     Сілтеменің жұмысы;
2.     Мәтіндегі қателер;
3.     Навигацияның тиімділіғі.
4.     Пошта және басқа формалардың дұрыстығы.
5.     Графикалық файлдардың ашылуы.
6.     Әр түрлі браузерлерде сайттық жұмысы.
 Жариялау
 Тест аяқталғандан кейін Web-сайт серверде жарияланады және қайтадан
тексеріленеді.
 Жарнамалау
 Web-қоғамдастығына жаңадан жарияланған сайт тұралы белгілі болу үшін
сайттың адресін және ол жердегі материал туралы аннотацияны хабарлау керек.
Осы мақсатқа жету үшін келесі мүмкіндіктерді пайдалануға болады:
1.     Web-cайт адресін әр түрлі баспаларға жазу керек;
2.     Web-сайтты әр түрлі серверлерде тіркеу;
3.     Web-cайтқа сілтемелерді басқа Web-сайттарқа кіргізу;
4.     Баннерлерді жарнама ретінде қолдану.
 Бақылау
 Web-сайтта жариялап жарнамалаған сон оған қатысу деңгейі оның
беттерінде орналастырылған ақпараттың қажеттілігімен, жаңалығымен және
көкейтестілігімен анықталады.  Web-сайт имиджін сақтау үшін ол жердегі
ақпаратты әрдайым жаңартып туру керек.
 Web-сайт беттерін ұйымдастырған кезде, төменгі схемаларды қолдануға
болады.
HTML негіздері
  HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін
қолданылатын гипертекстік белгілеу тілі. HTML ді көбі программалау тілі деп
ойласа да, бұл программалау тілі емес. HTML – мәтінді белгілеу тілі.
 HTML құжаттарды көру үшін браузерларды қолданамыз. Браузер-
программалардың саны өте көп, мысалы көп таралғандар Netscape Communicator,
Microsoft Internet Explorer, Opera.
 HTML тiлiнде колданылатын командаларды "тег” деп айтамыз.  HTML
тiліндегi тегтер екi топқа бөлiнедi: жұпты, жұпсыз.
 Жұпты тегтер дегенiмiз, бiр тег ашылса, келесi тег оны жабады.
Мысалы,
html тегтiң жұмысын ашады да келесi html тегi оны жабады. title
ашылуы, title жабылуы.
 Жұпсыз тегтер дегенiмiз, тег ашылады да қолданыла бередi. Мысалы, 
IMG т.с.с.
 Көрсетілген мысалдарды компьютерде көрү үшін мәтінді Блокнот
программасына теріп, оны htm түрінде сақтаңыз. Файлды браузерде ашыңыз. 
  Құжаттың структурасы
 HTML құжаттың негізгі структурасы төмендегідей:
  HTML
         HEAD
                   TITLE
               ...
                   title
         head
BODY
...
body
html
 HTML-тег атрибуттар тізімінен тұрады. Тег тексті үшбұрышты жақша
ішінде жазылады. Мысалы:
 FONT face=аrialМенің бірінші бетімfont - бұл жерде FONT - тег,
face – атрибут, arial – атрибуттың мәні.
 Кез келген HTML құжат HTML тегімен басталып, html тегімен
аяқталу керек. Бұл тегтер браузерға HTML құжатын көрсетеді. Құжат болса
қарапайым   ASCII кодындағы мәтіндік файл. HTML, html тегтер болмаса
браузер программалары құжатты танымай қалуы мүмкін.
 HTML, html тегтерінің ортасына құжат денесі келеді. Құжат екі
бөлімнен тұрады: тақырып бөлімі HEAD тегімен басталынатын және BODY
тегімен басталынатын негізгі бөлімнен.
 Тақырып бөлімі міндетті емес, бірақ ол жерде браузерге қажетті көп
ақпарат болуы мүмкін. .

Интернет туралы ұғым
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр
түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрылқтарды
біріктіріп отыр.
Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған
жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен
байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері
ойлап тапқан. Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола
қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тәжiрибенiң
ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол
Калифорниядағы және Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана
бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен
ғалымдар мен мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет
деген термин пайда болды. Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.
1990-шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған
5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты.
Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз.Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай
одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.Yйден шықпай газеттiң тың
номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын
aлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi
басылымықызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз .
Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық
агенттiктiң соңғы жаңалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем беруге aзiр.
Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен
таныса аласыз. Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын
әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi
тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.
Интернеттің негізі АҚШ-та жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір
үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып , бұл желінің
тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.
Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан
ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.

TCPIP – Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды
қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды
құрастыру хаттамасы.

IP (Internet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын
тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін желіаралық
хаттама.
TCP (Transmission Control Protocol) – мәліметті жөнелту ісін басқаратын
хаттама, ол жілідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып
саналады.

Интернеттiң негiзгi қосымшалары

E-mail (Electronic Mail) -электрондық почта. Желі тұтынушылары арасында
мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы почта
программалары көмегімен жүзеге асырылады, мысал ретінде, Outlook Express
программасын атауға болады. Оның көмегімен сіз санаулы минуттар ішінде
хабарды жеткізе аласыз. Ол үшін клавиатурада тиісті хабар мәтінін теріп,
белгілі электрондық адреске жіберсеңіз болғаны. Осынау тәсілдеме арқылы
достарыңызбен, әріптестеріңізбен араласуға болады.

E-mail адрестік құрылымы:
есім@ мекеме.домен
Мысалы:
abai.15@mail.ru
abai_jana_uzen@nur.kz
Usenet - бір-бірімен жаңалықтар алмасып отыратын бейкоммерциялық,
бейформалдық, дәлірек айтқанда анархиялық жүйелер тобы. Белгілі бір
серверде кездеседі.
Usenet – тегі жаңалықтар тобы – дүние жүзіндегі адамдардың пікірлесетін,
яғни ақпарат алмасуына арналған электрондық пікірталас топтары.Мұндай
жаңалық топтарында белгілі бір тақырыпқа арналған көптеген мақалаларды
оқуға болады, олар әртүрлі тақырыптарды талқылауға да арналады. Usenet-тегі
жаңалықтар ретінде оқыған мақалаңызға жауап беруге және өз ойларыңызды
мақала ретінде жариялауға болады.

FTP (File Transfer Protocol) - Файлдарды жіберу протоколы– бұл көбінде
үлкен көлемдегі файлдарды жіберу кезінде қолданылатын Интернттің ќосымшасы.
FTP күмегімен кез келген файлдарды жіберуге және қабылдауға болады.

Чат (IRC –Internet Real Chat) –Интернеттің тағы да бір қосымшасы, желіде
нақтылы уақытта интерактивті сұхбаттасу. Әңгімелесушілер бір-бірімен өз
компьютерлеріндегі клавиатурада сөздерді теріп жібереді және ол сөздер
бірнеше секундтардан кейін сұхбаттасушыларға монитордан көрінеді, осындай
тәсілмен әңгімелесулеріне болады.

World Wide Web (WWW немесе Web) - гипермәтіндік құжат
Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс
мүмкіндігін береді.
Web- тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме
белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен
кітапхана деуге болады.Бір тораптық компьютерде орналасқан мәліметтер Web
кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді.Бұл
беттердегі мәліметтер дүниенің кез келген нүктесінде орналаса береді.Солар
арқылы жер шарындағы барлық серверлік компьютерлердегі ақпараттар көз
алдыңызда орналасады, мұнда қашықтағы-қымбат, жақындағы-арзан деген ұғым
жоқ, олардың бағасы тек мәліметтің көлеміне немесе сіздің байланысып
отырған уақытыңыздың ұзақтығына байланысты.
Түйінді компьютерлердегі мәліметтің бірінші беті кітаптың мазмұны
тәрізді, әрбір беттің URL (Universal Resorse Locator) форматында берілген
өзіндік адресі болады.Ол беттердегі мәліметті оқу көру жабдықтары деп
аталатын арнайы программалар арқылы орындалады.

Көру жабдықтары

Веб парақтардағы мәліметтерді оқу “көру жабдықтары” деп аталатын арнайы
программалар арқылы орындалады, ол “to browse” парақтау, қарау деген
ағылшын сөзінен шыққан атау. Интернеттегі Web- парақтарын оқып, экранда
көрсетуге арналған программалардың кең тараған түрлері Microsoft Internet
Explorer, Netscape Navigator.

Internet Explorer браузерімен жұмыс істеу.
Ақпараттарды сақтау және белгі жасау.

Белгі жасау

Егер сізге белгілі бір веб-парақ ұнаса, және де ол парақ сізге үнемі
қажет болып тұрса ол адреске белгі салып қоюға болады.Белгі жасау үшін
Избранное-Добавить в избранное деген менюді таңдап алу ќажет. Келесі
кезектегі терезеден белгінің атын және белгі сақталатын папканы таңдау
қажет. Мысалы сіз мынандай http:www.rubricon.ru адрестегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласы студенттері мен жастары үшін акпараттық Web-порталын құру
Қазіргі заманғы интернет технологиялар
WEB - сайт және дизайн
WEB - дизайн және браузерлер
ЖЕЛІЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР. ИНТЕРНЕТ. HTML ТІЛІНІҢ НЕГІЗДЕРІ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Жобаны құрудың әдістемесі
WEB сайт түрлері
Қазіргі WEB технологиялар
Интернетте программалау технологиясын, Web builder бағдарламасын зерттеу және негізгі әдістерін үйрене отырып, «Дүниетану» деп аталатын оқу-танымдық сайт жасақтау
Әлемдік тауар нарығы мен қызметінде үлкен орын алатын интернет дүкендері интернет маркетингтың негізгі бөлігі
Пәндер