Халықаралық жеке құқықтағы еңбек құқығы



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Еңбек қатынастардағы коллизиялық байланымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2 Халықаралық еңбек құқығы мен ҚР еңбек құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
КІРІСПЕ
Халықаралық жеке құқық – құқық салаларының ішінде ерекше саланың бірі болып табылады, өйткені ол бірнеше мемлекеттердің заңнамаларына сүйене отырып, пайда болған коллизиялық мәселені шешеді.
Халықаралық жеке құқықтың ерекшелігі осы мемлекеттердің арасындағы айырмашылықты сақтай отырып, коллизилық деп аталатын нормалардың көмегімен қай мемлекеттің құқығы тиісті жағдайларда қолданылатынын анықтауға бағытталған.
Халықаралық жеке құқық – бұл шетел элементімен күрделілендірілген, жеке құқықтық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің унификацияланған (бірегейлендірілген) жеке құқықтық және коллизиялық құқықтық нормаларының жүйесі болып табылады.
Ал, халықаралық жеке құқықтың еңбек қатынастарына келсек, Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, экономикада елеулі өзгерістер орын алды. КСРО - ның құлдырауына дейін жоспарлы экономика өзінің жарамсыздығын көрсетті. Нарықтық экономиканың қалыптасу процесінде ТМД мемлекеттерінің әрқайсысында жана өндірістер нысаны мен жаңа капиталдық қатынастар дамыды. Халыкаралық жеке құқыктағы шетел элементімен күрделенген еңбек қатынастарын құқықтық реттеу Қазақстан үшін өте маңызды, себебі, Қазақстан Республи¬касынын кәсіпорындарына шетел азаматтарын жұмысқа тарту кеңінен таралды және Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдіктермен инвестицияланған Қазақстан кәсіпорындарындағы жаңа қатынасқа түсті.
Кеңес Одағынын, еңбек құқығында шетел азаматтарының енбегін реттеу қарастырылмады, сондықтан Қазақстанның еңбек заңнамасы әлі күнге дейін бұл мәселені толығымен қамтымайды. Шетел элементімен күрделенген қатынастарда, бір еңбек қатынасын реттеуде екі немесе одан да көп мемлекеттердің зандары бәсекелестікке түседі. Сол кезде, қай мемлекеттің заңын қолдануы керек екендігін тандаймыз. Бүгінгі таңдағы доктрина мен тәжірибе бұл жағдайларды коллизиялық нормаларды қолдану арқылы шешеді. Коллизиялық норманы қолданғанда даулы мәселе толық мәнінде шешілмейді, коллизиялық норма тек қолайлы мемлекеттің ұлттық заңнамаларындағы материалдық нормаларға сілтеме жасайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. Алматы: 2006 ж. - 168 бет.
2. Ильясова Г.А. Халықаралық жеке құқық. Қарағанды: 2010 ж. - 145 бет.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Еңбек қатынастардағы коллизиялық байланымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2 Халықаралық еңбек құқығы мен ҚР еңбек құқығы ... ... ... ... ... ... ... . ... .6
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..10

КІРІСПЕ
Халықаралық жеке құқық - құқық салаларының ішінде ерекше саланың бірі болып табылады, өйткені ол бірнеше мемлекеттердің заңнамаларына сүйене отырып, пайда болған коллизиялық мәселені шешеді.
Халықаралық жеке құқықтың ерекшелігі осы мемлекеттердің арасындағы айырмашылықты сақтай отырып, коллизилық деп аталатын нормалардың көмегімен қай мемлекеттің құқығы тиісті жағдайларда қолданылатынын анықтауға бағытталған.
Халықаралық жеке құқық - бұл шетел элементімен күрделілендірілген, жеке құқықтық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің унификацияланған (бірегейлендірілген) жеке құқықтық және коллизиялық құқықтық нормаларының жүйесі болып табылады.
Ал, халықаралық жеке құқықтың еңбек қатынастарына келсек, Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, экономикада елеулі өзгерістер орын алды. КСРО - ның құлдырауына дейін жоспарлы экономика өзінің жарамсыздығын көрсетті. Нарықтық экономиканың қалыптасу процесінде ТМД мемлекеттерінің әрқайсысында жана өндірістер нысаны мен жаңа капиталдық қатынастар дамыды. Халыкаралық жеке құқыктағы шетел элементімен күрделенген еңбек қатынастарын құқықтық реттеу Қазақстан үшін өте маңызды, себебі, Қазақстан Республи - касынын кәсіпорындарына шетел азаматтарын жұмысқа тарту кеңінен таралды және Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдіктермен инвестицияланған Қазақстан кәсіпорындарындағы жаңа қатынасқа түсті.
Кеңес Одағынын, еңбек құқығында шетел азаматтарының енбегін реттеу қарастырылмады, сондықтан Қазақстанның еңбек заңнамасы әлі күнге дейін бұл мәселені толығымен қамтымайды. Шетел элементімен күрделенген қатынастарда, бір еңбек қатынасын реттеуде екі немесе одан да көп мемлекеттердің зандары бәсекелестікке түседі. Сол кезде, қай мемлекеттің заңын қолдануы керек екендігін тандаймыз. Бүгінгі таңдағы доктрина мен тәжірибе бұл жағдайларды коллизиялық нормаларды қолдану арқылы шешеді. Коллизиялық норманы қолданғанда даулы мәселе толық мәнінде шешілмейді, коллизиялық норма тек қолайлы мемлекеттің ұлттық заңнамаларындағы материалдық нормаларға сілтеме жасайды.

1 Еңбек қатынастардағы коллизиялық байланымдар
Еңбек құқығындағы коллизиялық мәселені шешу үшін дүниежүзілік тәжірибеде келесі байланымдар қолданылады:
1. Құқықты таңдау еркіндігі (тарап еріктері -- lех voluntatis).
2. Жұмыс орнының заңы (lex loci laboris).
3. Жұмыс берушінің орналасқан жерінің заңы.
4. Ту елінің заңы(lex flagi).
5. Жұмыс берушінің азаматтығы (lex patrie,lex nationalis).
6. Жалдау шартын жасасқан елдің заңы (lex loci contractus).
7. Тараптардынң болжаулы еркі немесе ниеті.
8. Қай заң бұл құқықтық қатынаспен неғұрлым жақын байланыста (ргорег 1аwof the conracts).
Қазіргі Қазақстан Республикасының заңнамасында және бұрынғы Одақ мемлекеттерінде халықаралық еңбек қатынастарына байланысты коллизиялық нормалар жоқ немесе бірыңғай нормативтік актіде жинақталған коллизиялық нормалар бекітілмеген. Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңында (10.12.99); АК-нің (Ерекше бөлімінде) еңбек қатынастарына қатысты коллизиялық нормалар жоқ.
АК-нің 1095-бабында, жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігі оның жеке заңымен анықталады. Бұл байланымды заң аналогиясы ретінде жеке тұлғаның еңбекке әрекет қабілеттілігін анықтағанда қолдануымыз мүмкін. Жалған коллизиялық байланымдар әртүрлі нормативтік актілерде бар. Мысалы: Шетел инвестициялары туралы Қазақстан Республикасының заңында (27.12.94 ж.) келесі 2 коллизиялық байланым қарастырылған: жалпы - тараптар заңды таңдайды (lex voluntatis) және субсидиарлы - (lex loci laboris).
Тараптар еңбек қатынастарының мазмұнын өздері таңдаған заңмен анықтайды немесе Қазақстанның заңнамасына сілтей алады немесе жұмысшының шығу тегіне байланысты мемлекеттің заңына (шетел заңына) жүгіне алатын болған.
2003 жылы 8 каңтарда Инвестициялар туралы жаңа заң қабылданды. Осы заңға сәйкес 24, 25 - баптар алынып тасталынды, яғни lex voluntatis және lex loci laboris туралы ештеңе айтылмайды, тек Еңбек туралы заңға сілтеме жасалған (10.12.1999 ж., 3-бап). Осы заңның қолданылу аясы:
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қатынастарын реттейді.
2. Егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы Заңнын күші Қазақстан Республикасының аумағындағы еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан құрылтайшылары немесе меншік иелері толығынан немесе ішінара шетелдік заңды немесе жеке тұлғалар болып табылатын ұйымдардың қызметкерлеріне Қазақстан Республикасыньщ Еңбек туралы заңдары қолданылады.
Демек, осы lex loci laboris - ті заңды түрде бекітіп отыр. Халықаралық жеке құқықтың қазақстандық доктринасында шартқа ішкі құқықты емес, тараптар шетел құқығын таңдаған болса рұқсат береді. Қазақстан Республикасының еңбек құқығында көрсетілген императивтік нормаларды шетелдіктер сақтай отырып, ішкі заңнамаға қарағанда, жұмысшының жағдайын нашарлатпауға міндетті. Егер мұндай жағдай орын алса, онда шетел заңнамасын қолдануға тыйым салынады.

2 Халықаралық еңбек құқығы мен ҚР еңбек құқығы
Еңбек қатынастарын реттейтін көп жақты конвенциялардың саны көп. Оларды бірнеше топтарға бөліп қарастырамыз.
1-ші топ: Адам құқығы саласындағы жалпы танылған актілер -- Адам құқықтары туралы жалпы декларацияның (1948 ж. 10 жел-токсан) 23-бабында: Әр адамның еңбек етуге, жұмыс түрін еркін таңдауға, әділ және қолайлы еңбек жағдайына, жұмыссыздықтан қорғалуына құқығы бар делінген.
1966 жылғы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы пактінің 6-бабында: Әр адам құндылығы тең еңбегі үшін, нендей бір кемсітусіз, тең еңбекақы алуға құқылы. Әр адамға қауіпсіз және гигиеналық талаптарға сай еңбек жағдайлары қамтамасыз етілуі тиіс делінген.
2-ші топ: Халықаралық еңбек ұйымы (бұдан әрі ХЕҰ) қабылдаған халықаралық көп жақты конвенциялардан тұрады. Қазақстан Республикасы 1993 жылдан бастап ХЕҰ-ның қатысушысы болды. Осы жылдан біздің республикамыз еңбекпен қамту, еңбекті қорғау, әлеуметтік қорғаудың халықаралық үрдісіне тартылды, өз кезегінде бұл үрдіс Қазақстанның еңбек базасын жетілдірді.
ХЕҰ-мен 1958 жылғы енбек саласындағы кемітушілік туралы конвенция; 1949 жылғы Еңбекші-мигранттар туралы конвенция; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік меншікті жекешелендіру
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ДЕКЛАРАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Қазіргі таңдағы конституциялық декларацияның конституциялық құқықтық маңыздылығын анықтау
Халықаралық дербес құқық пәнінен дәрістер
Халықаралық құқықтың субъектілері
Халықаралық жеке құқықтағы шетел азаматтардың құқықтық жағдайы
Халықаралық дербес құқықтағы коллизиялық ережелер
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары және азаматтылығы жоқ тұлғаларғалардың құқықтық жағдайы
Азаматтық құқықтағы құқықтарды жүзеге асыру мерзімдері
Коллизиялық ереже
Пәндер