Ежелгі егіншілер мен бақташылар



Жоспар

Негізгі бөлім
А) Ежелгі егіншілер мен бақташылар
Ә) Ежелгі кеншілер, металургтер мен құмырашылар
Б) Діні мен өнері

Пайдаланған әдебиеттер
Адамның егіншілік машығын игеру процесі, жабайы дәндерді, жеміс пен жидектерді жинап-теруден оны өсіруге көшуі сан мыңдаған жылдарға созылды. Ғалымдар мәдени дақылдарды өсіріп жетілдірген кезең б. з. дейінгі VIII-VII мыңжылдықтар деп шамалайды және ол бәрінен бұрын Кіші Азияның таулы аудандарында пайда болса керек. Б. з. дейінгі VI-V мың жыл егіншілік әуелі Түркменстанның оңтүстігіне, Копетдаг алқабына жетіп, сосын Орта Азияға тарайды. Қазақстанның таулы жоне далалы аудандарына қола ғасырында б. з. дейінгі III мыңжылдық аяғында келеді. Б. з. дейінгі II мыңжылдықтың бірінші ширегі біткен кезде евразия даласында қоланы ойлап шығарады. Ежелгі адамдар жезге қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтеді. Қоладан үңғылы балталар мен сүңгілер жасауды үйренеді.
Орталық Қазақстанның тайпалары. Андронов қауымдастығы құрамына енген тайпалардың тараған негізгі аймақтардың бірі Орталық Қазақстан болған. Ертедегі Нұра кезеңі — жерлеу салтында кремация (мәйітті өртеу) басым болған. Мәйітті табытқа салып қою рәсімімен де жерлеу кездеседі. Көлемі шағын, үстіне топырағы үйілген қабырлар айналасына тақта тастардан дөңгелек немесе тікбұрышты қоршаулар салынған. Қоршау ішінде не жерден тікбұрышты шұңқыр етіліп қазылған, жиек-жиегі тақта таспен (циста) көмкерілген моланың өзі, не тас жәшік болады. Жерлеу біткесін мола үсті тақта таспен жабылып тасталып отырған.
Керамика қатарынан сырты үшбұрыштар мен меанрлар, басылымды қосар сызықтар келісім тауып, жарасымды өрнектслген қүмыралар кез тартады. Ыдыстардың тек жоғары жағы ғана әсемделеді. Дөңгелек қола айналар, қола моншақтар ұшырасады. Қабір ішінен мәйітпен қатар үй жануарларының сүйектері де табылған.
Қоланың кейінгі кезеңі Орталық Казақстанда жаңа мәдениет — Беғазы-Дәндібай мәдениетінің құрылуымен белгілі. Бұл мәдениетке тән бір қасиет, ол, бірінші жағынан, андронов дәстүрін сақтайды, екінші жағынан, онда жаңа элементтер: мазарлардың айрықша типі, өзіндік өзгешелігі бар жерлеу салты, қыш ыдыс-аяқтардың жаңа түрлері пайда болады.
Солтүстік және Батыс Қазақстанда көптеген андроновтық мәдениет ескерткіштері ашылып зерттелген, олардың ішінен Алексеев қонысы мен Тасты-
Пайдаланған әдебиеттер

1. Маргулан Л. X., Акишев К. А. Кадырбаев М. К., Оразбаев М. Л. Древние культуры Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1966.
2. Маргулан А. X. Вегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1979;
3. Кадырбаев М. К.. Курмаикулов Ж. Культура древних скотоводов и металлургов Сары-Арки. Алма-Ата, 1992.
4. Средняя Азия в эпоху камня и бронзы. Л., 1966. с. 233—238.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Негізгі бөлім
А) Ежелгі егіншілер мен бақташылар
Ә) Ежелгі кеншілер, металургтер мен құмырашылар
Б) Діні мен өнері
Пайдаланған әдебиеттер

Адамның егіншілік машығын игеру процесі, жабайы дәндерді, жеміс пен
жидектерді жинап-теруден оны өсіруге көшуі сан мыңдаған жылдарға созылды.
Ғалымдар мәдени дақылдарды өсіріп жетілдірген кезең б. з. дейінгі VIII-VII
мыңжылдықтар деп шамалайды және ол бәрінен бұрын Кіші Азияның таулы
аудандарында пайда болса керек. Б. з. дейінгі VI-V мың жыл егіншілік әуелі
Түркменстанның оңтүстігіне, Копетдаг алқабына жетіп, сосын Орта Азияға
тарайды. Қазақстанның таулы жоне далалы аудандарына қола ғасырында б. з.
дейінгі III мыңжылдық аяғында келеді. Б. з. дейінгі II мыңжылдықтың
бірінші ширегі біткен кезде евразия даласында қоланы ойлап шығарады. Ежелгі
адамдар жезге қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтеді.
Қоладан үңғылы балталар мен сүңгілер жасауды үйренеді.
Орталық Қазақстанның тайпалары. Андронов қауымдастығы құрамына енген
тайпалардың тараған негізгі аймақтардың бірі Орталық Қазақстан болған.
Ертедегі Нұра кезеңі — жерлеу салтында кремация (мәйітті өртеу) басым
болған. Мәйітті табытқа салып қою рәсімімен де жерлеу кездеседі. Көлемі
шағын, үстіне топырағы үйілген қабырлар айналасына тақта тастардан дөңгелек
немесе тікбұрышты қоршаулар салынған. Қоршау ішінде не жерден тікбұрышты
шұңқыр етіліп қазылған, жиек-жиегі тақта таспен (циста) көмкерілген моланың
өзі, не тас жәшік болады. Жерлеу біткесін мола үсті тақта таспен жабылып
тасталып отырған.
Керамика қатарынан сырты үшбұрыштар мен меанрлар, басылымды қосар
сызықтар келісім тауып, жарасымды өрнектслген қүмыралар кез тартады.
Ыдыстардың тек жоғары жағы ғана әсемделеді. Дөңгелек қола айналар, қола
моншақтар ұшырасады. Қабір ішінен мәйітпен қатар үй жануарларының сүйектері
де табылған.
Қоланың кейінгі кезеңі Орталық Казақстанда жаңа мәдениет — Беғазы-
Дәндібай мәдениетінің құрылуымен белгілі. Бұл мәдениетке тән бір қасиет,
ол, бірінші жағынан, андронов дәстүрін сақтайды, екінші жағынан, онда жаңа
элементтер: мазарлардың айрықша типі, өзіндік өзгешелігі бар жерлеу салты,
қыш ыдыс-аяқтардың жаңа түрлері пайда болады.
Солтүстік және Батыс Қазақстанда көптеген андроновтық мәдениет
ескерткіштері ашылып зерттелген, олардың ішінен Алексеев қонысы мен Тасты-
бұтақ қорымы кеңінен мәлім болды.
Ертедегі қола кезеңіне мәйітті өртеп көму рәсімі жатады.
Орта қола кезеңіндс үй салу, қоныстандыру ісі, өлікті жерлеуді
ұйымдастыру, жерлеу ғұрпы біраз өзгерген еді.
Кейінгі қола дәуірінде, шаруашылықта мал есірудің, әсіресе жылқы
өсірудің рөлі арта түседі.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қола дәуірінің кезінде-ақ игеріліп, ел-
жұрт тығыз қоныстанган аймақ болатын. Жетісуда Андронов мәдениетінің
өзіндік (жетісулік) варианты бартұғын. Таңбалы мен Каратау сияқты тастағы
суреттердің аса үлкен шоғыры тек Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігінен ғана
табылды.
Андроновшылар шаруашылығы. Андронов қоныстарының көпшілігі таулардан
ағатын дала өзеншелері мен өзектері жағаларына орналасқан. Олармен іргелес,
өзендер жайылмадарында тұрғындардың егіні мен бау-бақшалары болған.
Андроновшылар тіршілігінде мал өсіру бәрінен де маңызды рөл атқарған.
Жануарлар ішерге — сүті мен етін, киерге — жүні мен терісін, ісмерлікке —
сүйек-мүйізін, отынға — тезегін берген. Андроновшылардың негізгі тамағы —
сүт еді. Одан сүзбе мен ірімшік жасаған, оны іркіт не сарысу сүзетін ұсақ
тесікті ыдыстардан байқауға болады. Ет өте қат болған, оны мейрамдарда ғана
жеген, құдай жолына құрбандық еткен. Олардың негізгі малы — қой, сыйыр,
жылқы екен. Тағам қажетіне негізінен тек екі-үш жастағы жас малды жұмсаған,
ал асыл текті малды тұқым үшін қалдырған. Шаруашылықтың мұндай жүйесі мал
санын кемітпей ұстауға, оның өнімділігін арттыруға жағдай жасаған.
Андроновшылар қос өркеш-бактриан түйелерін өсірген. Олардың сүйектері мен
тұяқтары қоныстар мен қорымдардан табылған. Түйе бейнелері жартастарға
салынган, тіпті Үшқатты қонысынан түйенің қыш мүсіні қолға түсті.
Ежелгі кеншілер, металлургтер мен құмырашылар.Қазақстанның кен
орындарын зерттеу барысында геологтар сол арадан кен б. з.-дан үш мың жыл
бұрын өндіріле бастағанын анықтайды. Кола дәуірінде кен өндіріп балқыту ісі
орасан зор көлемде жүргізілген.
Ежелгі кеншілер кенді тотықтандыру (малахит, азурит, касете-рит)
тәсілін тапқан, сонда ол жыныста жез бен қалайы қосындысы күрт көбейген.
Кенді жүлгелерді тауып іске жаратқан, борпас жы-нысты қайлалап, тас
соққыштар мен балғалар қолданып өндірген. Ал қатты жыныстарға отпен
өндіру тәсілін қолданған, бұл тәсіл бойынша жүлгенің шығатын жеріне немесс
забойда от жағып, жыныс қызған кезде, ол шатынап жарылуы үшін оған су
құйған, сосын шойбалғамен, қайламен соғып құлатқан. Ал металы бар
жыныстарды көнектерге салып жоғары шығарған.
Орта қола кезеңінде (б. з. дейінгі ХУ-ХШ ғғ.) ыдыс-аяқтар біркелкі
стандартқа көшіп, жетше түседі: бұрынғыдан жұқа, әсем келеді. Олар қалып
көмегімен немесе дөңгеленте қолдан жапсыру тәсілімен әзірленген; бұл тәсіл,
бойынша әуелі ыдыстың түбі дайындалады да, сосын оған дөңгелектеп бүйірін,
дөңгелек-иінін, сосын жоғары жағын орнатады. Бұрынғы құмыралардан бір
өзгешелігі — ою-өрнектер үш жолақ, танап етіліп жүргізіледі. Зерттеушілер
құмыраларды жасаудағы тағы бір тәсілді атап өтеді: мұнда әуелі құмыраның
өзі жасалады екен дағы сосын оған оның теп-тегіс түбі жапсырылатын болған.
Үй кәсіптері. Андроновшының отбасындағылары үй тіршілігіне қажетті іс-
әрекеттің бәрін де жасай білген: жіп иіру, тоқу, теріні өңдеу, киім-кешек
пен аяқкиімді түрлі-түсті жіппен әдіптеп, апликациямен және жылтырақ
бисермен безендіріп тігу — бәрін де игерген. Матаға қажетті жіпті мал
жүнінен иірген. Оған өзге жүндер де, түбіт те жараған. Тіпті кенеп те,
жабайы зығыр да, қалақай да пайдаланылған. Ол кезде тоқыма станогі де,
ұршық та белгілі болатын.
Әйелдер құлақтарына қола сырға, апталған алтынмен дөңгелек сырғалар
тағып, мойындарына қоладан жасалған өңіржиектер, кейде оған алтын моншақтар
тізіп салатын болған. Колдарына білезіктер мен жүзіктер салып жүрген. Жын-
шайтаннан, бәле-жаладан сақтайды дегенді ырым етіп, ерлер мен әйелдер
жабайы жануарлардың азу тістері мен алыс теңіз жағалауынан әкелінген
ұлушанақтарын тағып алатын болған.
Еркектері масақтары қоладан үшкірлеп жасалған садақтармен қаруланады.
Жақын, қолма-қол сайыстарда үшкір қола пәйенекті сүңгілерді, қола балталар
мен қанжарларды, тас шоқпарларды пайдаланады.
Қыстақ, қала, тұрғын үй. Б. з. дейінгі ХҮІІ-ХУІ ғғ. Оралдан Ертіске
дейін созылып жатқан дала және орманды дала зоналарында, сырттарынан
қорғаныс құрылыстарымен — ағаш дуалдармен, терең орлармен, мұнаралармен
және басқа да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егіншілік жүйесінің даму тарихы
Андроново мәдениеті
Андроновшылар шаруашылығы
Ежелгі және Орта ғасырдағы Қазақстан
Саяси ойдың дамуы
Түркі халықтарының философиясы
Үндістан Республикасы
1869 жылғы көтеріліс
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілуі
Маңғыстау көтерілісі
Пәндер