Қазақ тілі сабағында оқушының сөздік қорын байыту жұмыстарының түрлеріне тоқталу және олардың тілді үйрену барысында алатын орнын анықтау



Мазмұны.
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Сөздік қорды байыту . тіл үйренудің негізі.
2.2. Мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушының сөздік қорын молайту
2.3. Жазба жұмыстары арқылы оқушының тіл байлығын
Жетілдіру
Қорытынды
3. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Курстық жұмыстың мақсаты:
Қазақ тілі сабағында оқушының сөздік қорын байыту жұмыстарының түрлеріне тоқталу және олардың тілді үйрену барысында алатын орнын анықтау.

Курстық жұмыстың міндеттері:
- сынып оқушыларының білімін, дағдысын анықтау;
- көркем шығарма үзінділеріне байланысты жаттығулар жүйесін жасау;
- сөздік қорын байытуға қатысты жұмыс түрлеріне тоқталу;
- мәтімен жұмыс істеудің сөз байлығын жақсартудағы рөлін анықтау;
- сөздік жұмысын жүйелі жүргізе білу әдістемесіне тоқталу;
- жаттығу жұмыстарының сапасын анықтау;

Курстық жұмысты жазу барысында қолданылған әдіс- тәсілдер:
Әлеуметтік– педагогикалық, зерттеу, салыстыру, экспериментальдық.\
Курстық жұмыстың жаңалығы:
Бұл жұмыста келтірілген дәлелдемелер мен мысалдарды мұғалімдер мен студент- практиканттар басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету барысында қолдана алады.
Курстық жұмыстың практикалық маңызы:
Бұл жұмысты жазу барысында келтірілген мысалдар мен дәлелдемелерді басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету кезінде қолдануға болады. Мұнда мәтінмен жұмыс және жаттығу жұмыстары оқушының ой-өрісінің дамуына өте көп септігін тигізеді.
1. Адамбаева Ж. Қазақ тілі оқулығына әдістемелік нұсқау. Алматы, Рауан, 1998 ж.
2. Адамбаева Ж. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері. Алматы, Рауан. 1993 ж.
3. Адамбаева Ж. Мәтінмен жүргізілетін жұмыстың түрлері. Алматы, Қазақ тілі мен әдебиеті журналы, 1994, №2.
4. Кәтенбаева Б. Тіл ұстарту жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулар. Алматы, Рауан. 1991 ж.
5. Құраманова Н. Тіл ұстарту оқулықтары туралы. Қазақ тілі мен әдебиет журанлы, 1995. №2
6. Маманов Ы. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту. Алматы, Мектеп, 1999 ж.
7. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журнал 2002, №3
8. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журнал, 2004, №2
9. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журнал, 2003, № 5
10. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журнал, 2005 №7
11. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде» журнал, 2006, №3

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Сөздік қорды байыту – тіл үйренудің негізі.
2.2. Мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушының сөздік қорын
молайту
3. Жазба жұмыстары арқылы оқушының тіл байлығын
Жетілдіру
Қорытынды
3. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Қазақ тілі сабағында оқушының сөздік қорын байыту жұмыстарының
түрлеріне тоқталу және олардың тілді үйрену барысында алатын орнын
анықтау.

Курстық жұмыстың міндеттері:
- сынып оқушыларының білімін, дағдысын анықтау;
- көркем шығарма үзінділеріне байланысты жаттығулар жүйесін жасау;
- сөздік қорын байытуға қатысты жұмыс түрлеріне тоқталу;
- мәтімен жұмыс істеудің сөз байлығын жақсартудағы рөлін анықтау;
- сөздік жұмысын жүйелі жүргізе білу әдістемесіне тоқталу;
- жаттығу жұмыстарының сапасын анықтау;

Курстық жұмысты жазу барысында қолданылған әдіс- тәсілдер:
Әлеуметтік– педагогикалық, зерттеу, салыстыру, экспериментальдық.\
Курстық жұмыстың жаңалығы:
Бұл жұмыста келтірілген дәлелдемелер мен мысалдарды мұғалімдер мен
студент- практиканттар басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету
барысында қолдана алады.
Курстық жұмыстың практикалық маңызы:
Бұл жұмысты жазу барысында келтірілген мысалдар мен дәлелдемелерді
басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету кезінде қолдануға болады.
Мұнда мәтінмен жұмыс және жаттығу жұмыстары оқушының ой-өрісінің
дамуына өте көп септігін тигізеді.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.

Адам баласы дүниеге келген сәттен бастап айналадағы жаңа
ұғымдарды, табиғат құбылыстарын тіл арқылы ұғына бастайды. Тіл арқылы
адамдар бір-бірімен сөйлесіп, ойын жеткізеді, пікір алмасады. Әрбір
халықтың тілі сол халықтың өмір сүру факторларының бірі болып
табылады.
Қазақ тілі - қазақ халқының тарихы, өткені мен бүгінгі өмірінің
айналасы, халықтың рухани мұрасы. Ана тілі арқылы халқымыздың өресін
көтеретін ұлы әдеби, мәдени туындылар жасалады. Ана тілі атадан балаға
мирас болып отыратын баға жетпес тарихи мұра. Сол себепті осындай асыл
мұраларды көздің қарашығындай сақтап, оның құдіреттілгін таныта түсу
керек. Тіл байлығы- әр елдің, әр халықтың ұлттық мақтанышы. Соған
байланысты ана тілін оқытудың, оның қыр- сырын меңгертудің, жақсы
біліп, жүйелі танытудың маңызы зор.
Қазақ тілі- ұзақ тарихи сатыдан өткен, талай ғұмырды басынан
өткерген, көптеген жылдар бойы дамып, толығып келе жатқан тіл. Тіл
тарихынан халық тарихы айқын көрінеді. Демек, тіл тарихы халық
тарихымен тығыз байланысты болып келеді.
Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі
болғандықтан, қазақ тілін тек қазақ халқы ғана емес, Қазақстанда
тұратын басқа ұлт өкілдерінің оқып- үйренуі қажет.
Қазақ тілін ұлттық контингенттің оқып-үйренуі өзіндік тарихы бар
үрдіс. Оған назар аудармайынша, қазіргі кезеңнің ерекшеліктеріне
түсіну мүмкін емес.Ол үшін саналы да сапалы түрде жан-жақты білім бере
алатын мұғалімдеріміз болуы керек. Барлық ерекшеліктерді ескеріп,
қазіргі заманымызға сай құрылған оқу-құралдарымыз болуы тиіс.
Қазақ тілі бағдарламасында: Оқушыларды қазақша сөйлеуге,
олардың сөздік қорын молайтуға, сурет бойынша әңгімелеп, дұрыс
жеткізуге дағдыландыру үшін мазмұны тартымды, тілі көркем жұмбақ,
жаңылтпаш, мақал- мәтел, ертегі, өлең, прозалық шығармалардан
үзінділерді сабақ үрдісінде пайдаланған абзал,- делінген, яғни сбақ
үрдісінде мәтінмен жұмыс істеу керектігі айтылған.
Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесінде мәтінмен, көркем
шығарма үзінділерімен жұмыс істеу сөздік қорын байыту жұмыстарының
негізгілерінің бірі болғандықтан, қазақ тілін оқыту үрдісінде бұл
жұмысты жүргізудің маңызы ерекше болып келеді. Осы әдістерді сабақ
барысында қолдану арқылы қазақ тілі пәнінің мұғалімдері оқушылардың
тілді терең түрде игеруіне жағдай жасайды, яғни көркем шығарма
үзінділерімен жұмыс істеу сөздік қорын байытудағы негізгі әдістердің
бірі болып табылады. Оқушылардың сөздік қорын байыту арқылы, біз
олардың өз ойларын нақты әрі түсінікті жеткізе білуіне жағдай
жасаймыз. Өйткені сөз саптауы мығым, сөздік қоры жеткілікті оқушы ғана
өз ойын тиянақты, жүйелі жеткізе алады. Ол үшін алдымен оқушының пәнге
деген қызығушылығын арттыру керек. Әр түрлі жаттығу жұмыстары арқылы
олардың сөздік қорын молайту, жүйелі өз ойын еркін жеткізе білуге,
жазбаша дұрыс сөйлем құрастыра білуге үйрете отыра, оқушының
белсенділігі, дағдысы қалыптастырылады.

2.1.Сөздік қорды байыту – тіл үйренудің негізі.
Қазақ тілін орыс мектептерінде оқытудың негізгі мақсаты –
оқушыларға қазақ тілін үйрету, қазақша тілдерін дамыту. Сөздік қорын
байыту мәселесі – отбасынан, балабақшадан, мектеп қабырғасынан дамып,
өмір бойы толығып, күрделеніп отыратын сала. Сөздік қорын байыту -
барлық сабақта жүргізілетін үрдіс. Соның ішінде тіл сабақтарында оның
алатын орны ерекше, себебі, оқушылар сауатты жазып, сөйлемді дұрыс
құра білуді, тілдің байлығын меңгерудің негізін тіл сабақтарынан
алады. Кез келген тілді оқыту үрдісі тіл дамыту жұмыстарынсыз жүзеге
аспайтыны белгілі, сондықтан оқушылар тек қазақ тілінің заңдылықтарын
біліп қоймай, оларды қолдана білуге үйрететін тіл дамыту әдістері
арқылы сөздік қорын байыту қазақ тілі сабағында әр кез қолдануды қажет
етеді.
Сөздік қорын байыту жұмыстары – оқулықтардағы тілдік материалдар
негізінде оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне қарай
педагогикалық принциптермен тығыз байланыста жүргізілетін практикалық
жұмыстар. Оқушының ой-өрісін кеңейту, дүниетанымын, көзқарасын
қалыптастыру, сөздің мағынасын түсініп, орынды қолдана білуге,
тәрбиелеу мен сөйлеу, жазу дағдыларын жетілдіру жұмыстарының бәрі де
тіл дамыту мәселесіне келіп саяды.
Тіл дамытудағы сөздік қорын байыту әрқашан әдістеме тарихында
арнайы қаралып отырады, оның маңызы, қажеттілігі айқындалады. Бірақ ол
әдістеме теориясында арнайы бөлім ретінде енді ғана қарастырылып
келеді.
Сөздік қорын байыту жұмысы дұрыс сөйлеу, жаза білу, ойды
байланыстырып айту, сөйлемді құра білу, сөздік қорды молайту үрдісімен
ұштасып жатады. Орыс мектептерінде жүргізілетін қазақ тілі сабағының
негізгі арқауы - тіл дамыту жұмыстары арқылы сөздік қорын байыту екені
белгілі. Мектеп оқушылары қазақ тілінде дұрыс сөйлеп, оны практикалық
жақтан дұрыс қолдану үшін мәтін, оның ішінде көркем шығарма
үзінділерін оқу, тілдің грамматикасымен танысу секілді әдістер арқылы
сол тілдің байлығын, орфоэпия, орфография заңдылықтарын меңгереді.
Сөздік қорын байыту жұмысындағы басты мақсат- баланы жан-жақты
дамыту жұмысы, оқушылардың жалпы ойын дамытуға бағытталған, яғни,
оқушының тіл байыту мәселесін, олардың ойлау қабілетімен байланыстыра,
сондай- ақ ойлау мен сөйлеу үрдісінің бірлігінде ұйымдастырады.
Сөздік қорын байытуға бағытталған жұмыстар балалардың психиалық
үрдістерінің қызметін түсінік, қабылдау, зейін, сөйлеу күшейтеді.
Олардың ой белсенділігін арттырып, мидың үлкен жарты шарлар қабағында
өтіп жататын анализдеу, синтездеу әрекетін арттырады.
Кез келген сөздік қорын байытуға арналған мәтіндер, жаттығулар
мен шығарма тақырыптары балаларда болатын көңілділік пен сенгіштік,
сезімталдық, қызығушылық, еліктегіштік сияқты қасиеттерге сай
келетіндей болып іріктелуі тиіс.
Қазақ әдіскерлерінің тіл дамыту мәселелері бойынша сөздік қорын
молайту зерттеу еңбектерін қарастырсақ, онда бірізділік жоқ. Р.Әміров
Бірінші сыныпта оқушылардың тілін дамыту үшін істелінетін жұмыстар
атты еңбегінде тіл дамыту жұмыстарының бастауыш сынып оқушыларына
байланысты әдіс- тәсілдерді қарастыруды қажет дегенмен, тұтас жүйесін
бермеген. Б.Құлмағамбетованың 4-9 сыныптарда тіл ұстарту деген
еңбегінде тіл дамыту жұмысына байланысты біраз зерттеу жүргізілсе де,
тұтас жүйесі жасалған жоқ. Осындай тіл дамыту, сөздік қорын байыту
мәселесіне байланысты терминологиялық бір ізді жүйенің болмауы әрбәр
әдіскер- зерттеуші тіл дамыту жұмыстарының бөлімдерін әр түрлі
номинациялаудан байқалады. Тіл дамыту жұмыстарының тараулары мен
салаларының ауқымы кең.
Сөздік қорын байыту мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың
барысында кейбір негізгі ережелерді басшылыққа алуға тура келеді. Олар
тіл дамыту жұмысының жалпы принциптері деп аталады. Тіл дамыту жұмысын
жүргізу арқылы сөздік қорды молайтуда мына жалпы мәселелер басшылыққа
алынады.
1. Тіл дамыту үрдісіне белсенді басшылық жасау. Бұл принципті
басшылыққа алу оқушының тілін дамытуда әр түрлілікті бодырмау,
жүйелілікті сақтап, әдеби тіл нормасында тіл дамыту жұмысына
қалыпты қолайлы жағдай жасалады.
2. Тіл дамыту үрдісінің үздіксіз принципі. Бұл принципті сақтау,
біріншіден, оқушының тілін дамыту тек қазақ тілі сабағында немесе
арнаулы сабақтарда емес, басқа пәндерде де жүргізу қажеттігін,
екіншіден, тіл дамыту үрдісінің тек мектеппен шектелмей, өмір бойы
жүргізілетін үрдіс екендігін басшылыққа алады.
3. Тіл дамыту үрдісінің тұтастық принципі. Бұл принцип сөйлеу
практикасындағы түрлердің барлық дағдыларын бір-бірімен
байланыстыра дамытуды міндеттейді.
4. Тіл дамыту үрдісінің ойлау жүйесіне сүйену принципі. Осы мәселелер
жетекші рөл атқарған кезде тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру және
жүргізу өнімді жеміс бермек, оқушының ой-өрісін кеңейту,
дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыру, сөздің мағынасын түсініп,
орынды қолдана білуге үйрету, сөйлеу, жазу дағдыларын жетілдіру
жұмыстарының бәрі тіл дамыту мәселесіне келіп саяды.
Тіл дамытуға қоятын талаптар:
1. Сөз мазмұнды болуы тиіс; сөйлемдегі сөздің мәнін, мағынасын толық
түсіну.
2. Сөз жүйелі болу қажет; оқушының өзінің ойын ауызша немесе жазбаша беру
кезінде, ойға байланысты негізгі сөзге аса назар аударады. Келесі
айтылатын ой бір ойдың жалғасы болып, ондағы қолданылатын сөздер
қолданылмайды. Хабарлауды логикалық жүйеде аяқтау қажет.
3. Сөз нақты және анық болуы керек, яғни, сөздерді сұрыптап қолданады,
тілдік құралдарды таңдайды.
4. Сөз мәнерлі болу керек, тыңдаушы мен оқырманның сезіміне әсер
ететіндей ойластырылуы қажет.
5.Сөз қолайлы және түсінікті болуы керек. Бұнда оқушының жас
ерекшелігін, білім көлемін есепке алу маңызды рөл атқарады. Жоғарыдағы
талаптарға қоса қазақ әдеби тіл нормасы көлемінде жүргізілуі талап
етіледі.
Тіл дамыту бойынша өткен материалдар негізінде жаңаны түсіну, оларды
ұштастыра байланыстыру мәселелері де кеңінен ескеріледі. Сондықтан да
өскелең ұрпақты халқымыздың өткені мен бүгінгісін, оның тарихын, ұлттық
мәдениетін, жақсы дәстүрін танытып, сөз өнерін қастерлей білуге баулуда
тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізе білудің маңыздылығы ерекше.
Орыс сыныптарында қазақ тілі әрі тіл, әрі әдебиеттік оқу сабақтарының
міндетін атқарады.Бір сабақта мәтін, грамматика, жаттығу жұмыстары
сияқты жұмыс түрлері бір-бірімен байланыса, жалғасып жүргізіледі.
Сондықтан да әр қазақ тілі сабағында тіл дамыту арқылы сөздік қорын
байыту жұмыстары жүргізіледі дейміз.
Доцент Ж.Адамбаева: Көптеген мұғалімдер тіл дамытуды сөздік жұмыспен
аяқтайды,- деп көрсетіп, оның тіл дамыту жұмысының шын мәніне, оның
атқаратын қызметіне, тілді үйренудегі алатын орнына, маңыздылығына жете
көңіл бөлмеудің әсерінен екенін айтады. Расында да , егер оқушы сабақта
танысқан жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазумен, оны жатқа сақтаумен
шектелсе, ол сөздерді сөз тіркесін, сөйлем, шағын мәтін құраған кезде
пайдалана алмаса, практикалық тұрғыдан меңгере алмаса, ол ешқашанда
өнімді жеміс бермейді. Әрбір жаңа сөз, сөз тіркесін үйрену үрдісі тіл
дамыту мен сөздік қорын байыту үрдісіне ұштаспаса, оқушы жаңа тілді толық
меңгере алмайды, сөздіктегі сөздер, сөз тіркесі еш іссіз қалады. Оқушының
жаңа сөз сөз тіркесін жазып, жаттап алғанына қарап, оның тілді таныды,
меңгерді деуіміз қисынсыз болар еді. Оқушыға тіл үйрету дегеніміз кез
келген сөзді, мәтін мазмұнын құрғақ жаттап алу емес, жаңа сөздің
мағынасын, мәтін мазмұнын түсініп, сапалы түрде жаттау, ауызша – жазбаша
түрде орынды қолдана білу.
Тіл үйрену, тіл дамыту оқушының ойлау қабілетімен тығыз байланысты
болғандықтан, мұғалім олардың ойлау үрдісін жан-жақты дамыта, кеңейте
түседі, бұл іс жүзеге асырылмайынша, жоғарыда айтқандай кез келген сөз,
сөз тіркестерін, сөйлемдерді мағынасына түсінбей жаттап алумен тынады.
Тіл дамыту – оқушылардың сауаттылығының шын мәніндегі көрсеткіші,
сондықтан оқу үрдісін оқушылардың грамматикалық, орфографиялық
дайындығын арттыруға бейімдеп ұйымдастырған жөн.
Бұл салада сөйлеу тілінің барлық түрі: мәтін мазмұнын өз сөзімен
айту, мәтінді қысқартып не кеңейтіп айту, мәтінді өзгерту я оны әрі
қарай жалғастырып айту, түзету, мәтінді стильдік мақсатқа сай өзгерту
сияқты жұмыстар жүргізіледі.
Тіл дамытудың алғашқы кезеңінде тыңдай білу мен есте сақтау
дағдылары маңызды орын алады, өйткені мұндай дағдылар мәнерлеп оқу мен
таза сөйлеудің алғышарты болып есептеледі.
Тіл дамыту сөйлеудің түрлі жолын: мәтін, жаттығу, анықтама, сурет,
т.б. қамтиды. Тіл дамыту жұмысы оқушының жасына қарай байланыстырып
сөйлеумен тығыз байланысты. Грамматика сабақтарында тіл дамытуға
байланысты дидактикалық материалдың қызметі өте зор. Грамматикалық,
орфографиялық тұрғыдан алынған мәтіндер, жаттығулар белгілі бір
анықтаманың төңірегінде құрастырылады. Терме мәтіннен гөрі тұтас
байланысты ойы, белгілі бір тақырыпқа раналған қысқа да болса тұтас
оқиға баяндалатын тәрбиелік мәнді мәтін болғаны жөн.
Сонымен, тіл дамыту жұмысы қазақ тілі сабағының барлық дерлік
кезеңінде сыналай енгізу арқылы үнемі жүргізіліп отырады. Ол
оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын байланыстырып сөйлеу
дағдыларымен бірлікте болады. Бұдан шығатын қорытынды: басқа тілді
меңгеруде жүргізілетін сабақтардың бәрінде тіл дамыту жұмысы
орындалады. Мұндай жұмыс жүргізбейінше, тілді толық түрде меңгеріп,
үйрену мүмкін емес.
Тіл дамыту оқулығында жаттығулар жүйелі түрде берілген, тіл дамыту
жұмыстары әр түрлі болып келіп, олар бір сарында қайталана бермей, бір-
бірімен алмастырыла берілген. Тіл дамыту жұмысының тарихына көз
жүгіртсек, оның өте ертеде басталғанына көзіміз жетеді.
Қазақ тілін ғылыми жолмен қалыптастыра зерттеу барысында оны оқыту
ісін де ғылыми ұйымдастыруды қолға алғандардың бірі – Телжан Шонаұлы.
Бірақ бұл ғалымның есімі қазірде ғана белгілі болып, оның біраз еңбектері
зерттелу үстінде. Т.Шонаұлы өте ертеде тіл дамыту жұмысының маңызын
түсінген және өз еңбектерінде олардың түрлерін, әдістерін көрсеткен.
Ғалым өз кезінде мәтінмен жұмыс істеудің тіл үйренудегі маңыздылығын,
сөздік қорын байытудағы тиімділігін байқап, өзінің Тіл дамыту
оқулығында орынды енгізген.

2. Мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушының сөздік қорын байыту. Орыс
сыныптарында қазақ тілін жүргізу мұғалімнен көп дайындықты талап
етеді. Қазақ тілінен мабақ беретін мұғалімдер еңбегінің табысы
болуының қайна көзі оқушының ана тілі мен қазақ тілі арасындағы әр
қилы ұқсастықтары мен айырмашылықтарын есепке ала отырып, соларға
негіздей оқытқанда ғана сабақ табысты да тиімді болады.
Бұл мұғалімдерден екі тілді де жетік білуді талап етеді. Оқу- тәрбие
жұмысының және толық қанды болуы тиіс.
Қазіргі таңда өз пәнін терең меңгерген, тәсілдік шеберлігін
шыңдай білген әрбір мұғалімнің негізгі алға қойған міндеті-
шәкірттерініңой-өрісін кеңейту, биік адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыруға мән бөлуде.
Сабақ өткізу барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі –
оқулықпен жұмыс, яғни, оқулықтағы мәтінмен, жаттығулармен жұмыс. Бұл
оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту барысындағы істелінетін
негізгі жұмыс түрлері болып саналады.
Мәтінмен жұмыс дегеніміз – сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың,
толығырақ айтсақ:
1. дыбыстармен жұмыс фонетика
2. сөздіктермен жұмыс фонетика
3. сөздік қорларын жетілдіру
4. тілін дамыту
5. ережемен жұмыс
6. ауызша сөйлей білуге дағдыландыру сияқты жұмыстардың басын біріктіретін
күрделі жұмыстың түрі, соның нәтижесі деуге болады. Мәтінмен жұмыс
жоғарыда айтылған сабақ кезеңдерін бір жүйеге келтіреді.Мәтін бойынша
жұмыс істегенде әр түрлі әдіс- тәсілдер қолданылады. Бірақ, сол
қоданылатын әдіс- тәсілдердің мақсаты оқушыларға айқын болуы қажет. Қазақ
тілі сабағында жүргізілетін басты жұмыстар – балаларды қазақша сөйлетіп
үйрету, сұраққа жауап бергізу, өздерін бір – бірімен сөйлестіру,
оқығандарын ауызша айтқызу, өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Міне, осыған орай, оқулықтағы мәтіндер, жаттығулар, өлең, жұмбақтар: оқу,
ауызша әңгімелеу, тіл дамыту және грамматикалық тұлғаларды меңгеріп, қазақ
тілінде дұрыс сөйлеу үшін пайдаланылады және соған лайық беріледі.
Мәтінмен жұмыс істеу кезінде оқушыларды жұмыс істеу қабілеттеріне және
білім деңгейлеріне қарай топтарға бөліп, әр топқа лайықты тапсырма беру
керек.
Мәтінмен жұмыс істеудің алғашқы түрі мәтінді дұрыс оқи білуге
дағдыландыру. Мәтінді оқытудың мынадай түрлері бар:
1. дауыстап оқу
2. іштей оқу
3. араласып оқу, кезекпен оқу
4. буынға бөліп оқу
5. сөйлемді мазмұнына, айтылуына қарай дауыс ырғағымен оқу
6. мәнерлеп оқу
7. сөйлемдегі сөздерге және сөз ішіндегі дыбыстарға дауыс
екпінінің дұрыс түсіріліп оқуы.
Міне, осындай тәсілдерді пайдалана отырып дұрыс оқуға
дағдыландыруға және шапшаңырақ оқуға жаттықтыруға болады.
Мәтін бойынша жұмыс түріне сөздік жұмысы және түрлі жаттығулар жатады.
Оқулықтағы ережелер, суретпен жұмыс, өлең, жұмбақтар, басқа да жұмыс
түрлерінде мәтін бойынша жұмыс істеудің элементтері бар. Әсіресе, орыс
мектептеріне арналған қазақ тілі оқулығында әрбір жаңа тақырыптың алдында
шағын мәтін беріледі. Мұғалім осы мәтінге сүйене отырып жаңа сабақты
түсіндіруі тиіс.
Сабақтың мақсатына байланысты да, жаңа мәтінмен танысқаннан кейін
түрлі әдістерді қолдану арқылы оқушыларды мәтінмен жұмыс істеуге
дағдыландырып, мәтінді оқытып, ондағы жаңа сөздерді теріп жазады да соңынан
бұл мәтінде мүмкіндігінше аударып, мазмұнын айтуға тырысады. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақал - мәтелдердің шығу тарихы
Тілдің негізгі элементі - сөздік қор
Сөйлем мүшелерін оқытудың әдістемелік негізі
ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
«Тіл сабақтарындағы сөздік жұмысы»
МОРФОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ тілінде тіл дамыта оқытудың жалпы даму тарихы
Жай сөйлемді оқытудағы тіл дамыту жұмыстары
ОҚУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Пәндер