Монетаризмнің пайда болуы және мәні



Мазмұны

Кріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І бөлім. Монетаризмнің пайда болуы, мәні, эволюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1. Концепцияның пайда болуы және мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Монетаризм эволюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.3. Ғалами және ортодоксалды емес монетаризм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

II бөлім. Монетаризм теориясының негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.1. Милтон Фридменнің негізгі экономикалық ойлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2. Милтон Фридмен бойынша ақшалай және экономикалық саясат ... ... ... ... 14

IIІ бөлім. Монетаризмнің және монетарлы саясаттың экономикада қолданылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
3.1. Монетаризм және қазіргі экономикалық тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
3.2. Монетаризм . Қазақстанда өткізілетін тұрақтандырма реформалардың тәжірибелік негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
3.3. Қазақстан Республикасының монетарлы саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Кіріспе
Монетаризм – экономиканың динамикалық қимылдарында анықтаушы рөлді ақшаға беретін экономикалық ой мектебі. Монетарлы – ақшалай (money – ақша, monetary - ақшалай) деген мағынаны білдіреді.
Монетаризм – бұл ақша және оның ұдайы өндірістегі рөлі туралы ғылым. Бұл теория экономиканы реттеудің ерекше тәсілдерін ақша-несие құралдары арқылы негіздейді.
Монетаристердің көп назар аударған мәселелері: ақша категориялары, банктік жүйе, ақша-несие саясаты. Олар осы процесстер мен категорияларды ақша массасы көлемі мен жиынтық табыс арасында байланысты табу үшін зерттеді.
Монетаризмнің еңбектеріне ақша-несиелік реттеу саласындағы көптеген жетістіктерді жатқызуға болады: 1970 жылдары қаржылық дағдарысты жеңуі, дамушы елдерде гиперинфляциямен күресуі, өтпелі экономикаларда ақша жүйелерінің сауықтандыруы және т.б. Монетаристік концепцияны Халықаралық валюта қоры және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сияқты халықаралық ұйымдар қолданысқа алды. Ғылыми шеңберлерде де Милтон Фридменнің ізбасарлары аз емес. Бірақ 1980 жылдың соңынан бастап көптеген елдердің орталық банктері бірінен соң бірі монетаристік теориясының жорамалдарын қолданудан бас тарта бастады. ХХІ ғасырдың басында ақша биліктерінің талдамалы жабдықтардан ақшалай агрегаттары жоғала бастады, ал олардың үлгілеріндегі инфляция, жалпы ішкі өнім және жұмыссыздық ақша сұранысымен анықталуы тоқталды.
Монетаризм теориясына ХХғ. 70-80-ші жылдары көп көңіл аударыла бастады. Сол кезеңде кейнсиандық тәсілдерінде ақаулықтар табылып, экономикалық тепе-теңдікке жетудің жаңа амалдары ізделіне бастады. Егер Кейнсте ең өзекті, анализдің ортасына қойылған мәселе жұмыссыздық, жұмысбастылықты және экономикалық өсуді қамтмасыз ету болса, 70-ші жылдардың ортасынан жағдай күрт өзгерді. Енді инфляцияны реттеу деген жаңа мәселе қойылды.
Фридменнің монетарлы концепциясы соңғы кезеңде өскен инфляциядан, американ экономисі Г. Эллистің сөзімен айтқанда, «ақшаның қайта ашуына» әкелді.
Осыдан кейінгі монетаризм беделінің және танымалдығының өсуі, әсіресе, оны экономикалық саясатты жасаудағы негізгі теория етіп қабылдаған АҚШ пен Ұлыбританияда, инфляциялық процесстердің және олардың экономикалық жағдайына әсерінің шиеленістерімен байланысты.
Бар болуының 30 жылдам астам мерзімде монетаризм өз ықпалын кеңейтті, белгілі бір өзгерістерден өтті. Ол экономикалық реттеу тиімділігі, экономикалық өмірдегі мемлекеттің рөлі және тағы басқа экономикалық мәселелерді шеше алатын әмбебап жалпыэкономикалық доктрина рөліне талаптанды. Монетаризм өкілдерімен ақша массасының өсуін бақылауға арнайы бағытталған ақша-несие саясаты ретінде насихатталды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Галкин В. В. История экономических учений, 2013
2. Автономов В., Ананьин О., Макашева Н. История экономических учений, 2002
3. Ланкина В. Е. Менеджмент организации, 2006
4. Сажина М. А.,Чибриков Г. Г. Экономическая теория, 2007
5. «Экономика» сериясы, «Хабаршы», Р.Е. Жапасова, 2005
т.б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кріспе ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І бөлім. Монетаризмнің пайда болуы, мәні,
эволюциясы ... ... ... ... ... ... . ... ... 5
1.1. Концепцияның пайда болуы және
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Монетаризм
эволюциясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...7
1.3. Ғалами және ортодоксалды емес
монетаризм ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..8

II бөлім. Монетаризм теориясының
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .11
2.1. Милтон Фридменнің негізгі экономикалық
ойлары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..11
2.2. Милтон Фридмен бойынша ақшалай және экономикалық
саясат ... ... ... ... 14

IIІ бөлім. Монетаризмнің және монетарлы саясаттың экономикада
қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 9
3.1. Монетаризм және қазіргі экономикалық
тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1 9
3.2. Монетаризм – Қазақстанда өткізілетін тұрақтандырма реформалардың
тәжірибелік
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 20
3.3. Қазақстан Республикасының монетарлы
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..29

Кіріспе
Монетаризм – экономиканың динамикалық қимылдарында анықтаушы рөлді
ақшаға беретін экономикалық ой мектебі. Монетарлы – ақшалай (money – ақша,
monetary - ақшалай) деген мағынаны білдіреді.
Монетаризм – бұл ақша және оның ұдайы өндірістегі рөлі туралы ғылым.
Бұл теория экономиканы реттеудің ерекше тәсілдерін ақша-несие құралдары
арқылы негіздейді.
Монетаристердің көп назар аударған мәселелері: ақша категориялары,
банктік жүйе, ақша-несие саясаты. Олар осы процесстер мен категорияларды
ақша массасы көлемі мен жиынтық табыс арасында байланысты табу үшін
зерттеді.
Монетаризмнің еңбектеріне ақша-несиелік реттеу саласындағы көптеген
жетістіктерді жатқызуға болады: 1970 жылдары қаржылық дағдарысты жеңуі,
дамушы елдерде гиперинфляциямен күресуі, өтпелі экономикаларда ақша
жүйелерінің сауықтандыруы және т.б. Монетаристік концепцияны Халықаралық
валюта қоры және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы сияқты
халықаралық ұйымдар қолданысқа алды. Ғылыми шеңберлерде де Милтон
Фридменнің ізбасарлары аз емес. Бірақ 1980 жылдың соңынан бастап көптеген
елдердің орталық банктері бірінен соң бірі монетаристік теориясының
жорамалдарын қолданудан бас тарта бастады. ХХІ ғасырдың басында ақша
биліктерінің талдамалы жабдықтардан ақшалай агрегаттары жоғала бастады, ал
олардың үлгілеріндегі инфляция, жалпы ішкі өнім және жұмыссыздық ақша
сұранысымен анықталуы тоқталды.
Монетаризм теориясына ХХғ. 70-80-ші жылдары көп көңіл аударыла
бастады. Сол кезеңде кейнсиандық тәсілдерінде ақаулықтар табылып,
экономикалық тепе-теңдікке жетудің жаңа амалдары ізделіне бастады. Егер
Кейнсте ең өзекті, анализдің ортасына қойылған мәселе жұмыссыздық,
жұмысбастылықты және экономикалық өсуді қамтмасыз ету болса, 70-ші
жылдардың ортасынан жағдай күрт өзгерді. Енді инфляцияны реттеу деген жаңа
мәселе қойылды.
Фридменнің монетарлы концепциясы соңғы кезеңде өскен инфляциядан,
американ экономисі Г. Эллистің сөзімен айтқанда, ақшаның қайта ашуына
әкелді.
Осыдан кейінгі монетаризм беделінің және танымалдығының өсуі, әсіресе,
оны экономикалық саясатты жасаудағы негізгі теория етіп қабылдаған АҚШ пен
Ұлыбританияда, инфляциялық процесстердің және олардың экономикалық
жағдайына әсерінің шиеленістерімен байланысты.
Бар болуының 30 жылдам астам мерзімде монетаризм өз ықпалын кеңейтті,
белгілі бір өзгерістерден өтті. Ол экономикалық реттеу тиімділігі,
экономикалық өмірдегі мемлекеттің рөлі және тағы басқа экономикалық
мәселелерді шеше алатын әмбебап жалпыэкономикалық доктрина рөліне
талаптанды. Монетаризм өкілдерімен ақша массасының өсуін бақылауға арнайы
бағытталған ақша-несие саясаты ретінде насихатталды.
Монетаристік теорияның қалыптасуында айтарлықтай үлестерін 20-40-шы
жылдардағы американ экономистері Г. Саймонс, И. Фишер, Ф. Найт және
басқалары қосты. Олар ақырында кейнсиандықтар жете бағаламаған ақша
айналымы саласына көп көңіл бөлді. Сондықтан да батыс зерттеушілердің
көбісі монетаристердің жетістіктерінің бірі экономикалық категория
жүйесінде ақшаны сауықтыру деп санайды.
Зерттеу объектісі: монетаризм концепциясы, оның пайда болуы, мәні.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі жағдайда экономика ғылым
ретінде 2 негізгі функцияны орындайды: тәжірибелік – елдің шаруашылық және
кішірек экономикалық субъектілерді басқаруы бойынша, нормативті – бұл
басқару негізделетін қағидалар, олардың сипаты мен масштабын бекіту. Соңғы
үш ғасыр бойы цивилизацияның интенсивті техникалық даму кезінде өзіне
белгілі бір діни және идеологиялық белгілерді қабылдаған екінші функция
неғұрлым шетін және нақтылы жағдайларда ғалами экономикалық және билік
элиталарының қақтығысу алаңы болып келеді.
Экономикалық либерализм идеологиясының айқын реңкі бар монетаризмнің
тәжірибелік ұсынымдарды олардың саяси мазмұнынан бөлу амалы осы көзқарас
тұрғыдан ең тәнік болып келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – монетаризм концепциясы жөнінде алған
теориялық білімімді мен тәжірибемді жинақтап, қорытқан ойымды сабақтап
жеткізу. Осы мақсатқа жету барысында төмендегідей міндеттерді орындаймын:
- монетаризмнің пайда болуына, мәніне сипаттама беру;
- монетаризмнің түрлеріне тоқталу;
- монетаризмнің теориялық негіздерін анықтау;
- монетаризмнің экономикада тәжірибелік қолдануын қарастыру;
- Қазақстанның монетарлы саясатын сипаттау.

I бөлім. Монетаризмнің пайда болуы, мәні, эволюциясы.
1.1. Концепцияның пайда болуы және мәні
Кейнстың Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясының
пайда болуы қазіргі заманның көптеген проблемаларын – жұмыста
макроэкономикалық тұрақсыздық пен экономикалық дағдарыстың себептерін,
тиісті ұйымның инвестициялық және ақша саясатын, шаруашылық өсудің
тәсілдерін шешкен сияқты. Саясаттық тұрғыдан да кейнсиандық нарықтық және
социалистік экономиканы берік байланыстырған көпір болды. Сөйтіп,
кейнсиандық конвергенцияның әлеуметтік-саяси доктринасына сай келді, яғни,
нарықтық және социалистік жүйесінің біртіндеп жакындасуының теориясы.
Мұндай тәсілдер еркін нарық және экономикалық тепе-теңдікті және
әлеуметтік әділеттілікті автоматты түрде қалпына келтіретін көрінбейтін
қолдың ортодоксалды жақтаушылары үшін жат және тиімсіз болды. А. Смит, Т.
Мальтус, Ж-Б. Сэй сияқты ерте классиктердің ізбасарлары, ал одан кейін
олардың XIX – XX ғғ. идеялық жалғастырушылары – К. Менгер, О. Бем-Баверк,
А. Маршалл, А. Пигу кейнсиандықтарды белсенді түрде сынап, неоклассикалық
мектеп деген жалпы атауын алған жаңартылған теориялық концепцияларын
шығарды.
Ерекше танымал және теориялық негізделген қазіргі Чикаго экономикалық
мектебі – монетаризм мектебі болып табылады. Неоклассикалық мектептің
әйгілі жетекшісі 1976 жылғы Нобель сыйлығының лауреты, Чикаго
университетінің профессоры - Милтон Фридмен болып саналады. Эмигрант
отбасынан шыққан Фридмен әрқайсысы self made man (өзін-өзі жасаған) атты
девизбен өз-өзін қалыптастыра алатын АҚШ-тағы еркін экономика - әлемдегі ең
жақсы деген нық сенімі бар жаңа отанда құрметті ғалым болды. Фридмен өмір
бойын экономикалық және саяси өмірде либерализмді қорғауға арнаған, ал оның
еңбектері тоталитаризмге және адам құқытарын шектеуіне деген жиіркенумен
толы.
М. Фридмен экономикалық зерттеулердің ұлттық бюросында жұмыс істеп
жүргенде АҚШ-тың ақша саясатын көп зерттеді. Белсенді эмпирикалық
зерттеулер нәтижесінде 1956 жылы атақты Ақшаның сандық теориясы: жаңа
нұсқа мақаласы жарық көрді. Сөйтіп, ақша – бұл экономикалық жүйенің
квинтэссенциясы; шындығында олардың ғана мағынасы бар деген қорытындыға
келді. Сондықтан да осы экономикалық мектеп монетаризм деп аталынып кеткен.
Айналымдағы ақша мөлшерін реттей отырып экономикалық субъектілердің
тәртіптерін өзгертуге болады.
1963 жылы М. Фридменнің Д.Майселменмен бірге жазған 1897-1958 жж. АҚШ-
тағы ақша айналымы жылдамдығы мен инвестициялық мультипликаторының біршама
тұрақтылығы атты танымал еңбегі шықты. 1968 жылы Фридменнің экономикалық
ғылымының дамуына едәуір ықпал еткен Монетарлы саясаттың рөлі мақаласы
шықты. 1995 жылы Дж.Тобин осы мақаланы экономикалық журналда күндердің
күнінде жарияланғангың ішіндегі ең маңыздысы деп таныды. Бұл мақала
экономикалық зерттеулердің жаңа бағытының – рационалды күтімдер теориясының
бастамасы болды.
Монетаризм – айналымдағы ақша массасы нарықтық экономиканың дамуында
және тұрақтандыруда анықтаушы рөль атқаратын экономикалық теория.
Монетаризм – кейнсиандыққа балама экономикалық теория. Оған сәйкес,
өнімнің жиынтық көлемінің және баға деңгейінің өзгеруі ақша сұранысына
тәуелді, демек, инфляциясыз экономикалық өсуі айналымдағы ақша массасын
бақылауды қажет етеді.
Монетаризм терминінің екінші де мағынасы бар. Экономикалық
әдебиеттерде оны ХХ ғ. 80 жылдарында өнеркәсібі дамыған елдерде (АҚШ,
Ұлыбритания және т.б.) апробациясын өткен мемлекеттің антиинфляциялық
саясат деп белгілейді. Оның жеке қағидалары инфляциялық процесстермен
күресуде үлкен жетістіктерге жеткізді. Антиинфляциялық бағдарлама жоғары
банктік пайызды орнатуды, жалақының көтеруін тоқтату, тіпті, оның
төмендетуін де қарастырды. Осы мақсатта жұмыссыздықты жоғары деңгейде
қолдауды ұсынылды.
Монетаризм – ХХ ғ. 50-70 жж. ұсыныс теориясымен қатар пайда болған
қазіргі неоконсерватизмнің бағыттарының бірі болып табылады. Монетаризм
терминін 1968 жылы американ экономисі К.Бруннер экономикалық конъюнктураны
анықтайтын негізгі факторы ретінде ақша массасын белгілеу мақсатында
енгізген. Оның А. Смит, Д. Рикардо, Ж.Б. Сея, Д. Юма сияқты классиктер
заманына, XVIII ғасырға кететін тамырлары бар және монетаризм
неоклассикалық қайта өркендеудің доктринасы болып есептелінеді.
Монетаризм неоклассикалық бағытқа жататын, қазіргі экономикалық
ғылымда ең ықпалды ағымдардың бірі болып келеді. Ол шаруашылық өмірдің
құбылыстарын ақша айналымы саласында өтетін процесстер жағынан қарастырады.
Монетаризмнің басты ерекшелігі – нарықтық шаруашылықтың проблемалары
ақша айналымының мәселелері арқылы шешіледі. Монетаристер – еркін нарықтық
айқын жақтаушылары.
Монетаризмнің мәнін келесі негізгі ойлармен түсіндіруге болады.
1. Экономикалық теория, біріншіден, экономикалық көрсеткіштер
динамикасын болжау мақсатында қолданылады, екіншіден, анализ құралы болып
келеді. Аталған мақсаттарға жету үшін эконометрикалық макроүлгілерді
белсенді түрде пайдалану керек.
2. Капиталистік экономика өндіргіш күштердің дамуымен, ресурстар
қорымен және тағы басқалармен анықталатын оптималды өндіріс деңгейіне
қатысты іштей тұрақты. Осы оптималды өндіріс деңгейі экономиканың
институционалдық ерекшеліктермен байланысты жұмыссыздықтың бар болуын
шығармайды. Басқаша айтқанда бұл жұмыссыздықтың табиғи деңгейі. Оптималды
өндіріс деңгейі ресурстар аллокациясының тиімді тәсілі болып келетін баға
механизмнің әрекеті нәтижесінде қамсыздандырылады.
3. Ақша экономикада негізгі роль атқарады. Ақша массасының өзгеруі
нақты кассадағы қалдықтар арқылы шығындар мен атаулы табыстардың өзгеруіне
әкеледі. Нәтижесінде қысқа мерзімде - баға деңгейі мен өндіріс көлемі, ал
ұзақ мерзімде – бағаның жалпы деңгейі өзгереді. Басқаша айтқанда, қысқа
мерзімді қоспағанда инфляция мен жұмыссыздық арасында байланыс жоқ.
4. Тұрақты экономиканың басты көріністерінің бірі айналымдағы ақша
массасы мен басты экономикалық көрсеткіштер арасындағы тәуелділіктің
тұрақтылығы болып табылады. Осы тәуелділікті білдіретін функция ақша
саясатының экономикаға әсер ету анализінің басты құралы болып келеді.
5. Экономикалық саясаттың негізгі мақсаты – тұрақты баға деңгейін
қолдау. Оған ақша айналымы тұрақты болған жағдайда қол жеткізуге болады.
Соңғысы келесі ережені орындағанда жүзеге асады: ақша массасы үздіксіз баяу
қарқынымен өседі, ал ол ұзақ мерзімді өндірістің өсу қарқыны мен
айналымдағы ақша массасының жылдамдығының арақатынасынан тәуелді.
6. Ақша массасының көлемі Орталық банкінің бақылауында. Ақша массасы –
ақша саясатының индикаторы және негізгі құралы.
Аталған сипаттамалар классикалық немесе фридмендік монетаримзнің жалпы
контурын ғана береді.

1.2. Монетаризм эволюциясы
Монетаристік түсініктер, ең алдымен, М. Фридмен мен А. Пигудің ХХ
ғасырдағы зерттеулеріне негізделеді. Бірақ, монетаристік концепциясының
пайда болуы 1956 жылы ақшай айналымының бірнеше онжылдық эмпирикалық және
тәжірибелік зерттеулерді қорытындылайтын Ақшаның сандық теориясының
зерттеулері атты маңызды еңбектің пайда болуымен сәйкес. Бұл еңбекте
ақшаның жаңа сандық теориясының негізгі ойлары тұжырымдалған. Фридмен
ақшаның жаңа сандық теориясын атаулы табыс, баға және шығарылым теориясы
емес, ақшаға сұраныс теориясы деп анықтады.
ХХ ғ. 60 ж. соңы мен 70 ж. басында монетаризм үшін маңызды өзгерістер
өтті. Бұл өзгерістер концепцияның дамуымен және нақтылы экономиканың
оқиғаларымен байланысты болды. Бір уақытта инфляцияның күшеюі мен
жұмыссыздықтың өсуі және осы жағдаймен қазыналық саясаттың тәсілдерімен
күресудегі сәтсіз талпыныстар, долларды айырбастаудан бас тарту нәтижесінде
ұлттық валютаның тұрақсыздығының күшеюі және белгіленген валюта бағамы
жүйесінің күйреуі – осының барлығы зерттеушілердің проблемаларға
қызығушылығын арттыруына ықпалдасты және практиктерді олардың ұсынымдарына
ықылас салып қарауға мәжбүрледі.
Экономикада және экономикалық саясаттағы драмалы оқиғалармен бірге
монетаризмде де маңызды өзгерістер орын алды.
1. Ғалами монетаризм деп аталатын жаңа бағыт пайда болды.
2. Эмпирикалық зерттеулер жаңа деңгейге өтті – маңызды
макроэкономикалық көрсеткіштер тәуелділіктерінің статистикалық
сипаттамаларын анықтауды мүмкіндік беретін үлкен эконометрикалық үлгілер
жасалынды.
3. Фридмен монетаризмнің теориялық негізіне айналған атаулы табыстың
үлгісін ұсынды.
4. Американ экономистері К. Бруннер мен А. Мелцер келтірілген
формадағы үлгілерді пайдаланудан бас тартты және трансмиссия механизмінің –
ақша массасының экономикаға әсер етудің жүйелілігін толық зерттеу
мақсатында жүйелік үлгілерге сүйенді.
5. Бейімделген күтімдер туралы гепотезаны қолданып, Филлипс қисығымен
жұмыссыздықтың табиғи нормасы туралы фридмендік гипотезамен қосу
талпыныстары жасалынды.
6. Жұмыссыздықтың табиғи нормасын анықтайтын факторлар және оған әсер
етудің тәсілдері, сонымен бірге инфляциямен күресудегі ең жақсы стратегия
жөнінде мәселелер қойылды.
Ақша массасының маңызды экономикалық көрсеткіштерінен тәуелділігі
сияқты макроэкономикалық көрсеткіштерді зерттей келе, монетаристер
макроэкономикалық аспектілерге көп көңіл бөлді. Олар ақша сұранысының
макроэкономикалық функциясын нысаны кембридж теңдеуінің аналогі болып
келетін жеке функциялардың нәтижесі деп санады. Фридмен және оның
әріптестері ақша айналымы жылдамдығының тұрақтылығы емес, ақша сұранысының
функциясы туралы талқылағаны кездейсоқтық емес.
Олар келесі сұрақтарды талқылады: ақша сұранысы функциясының
тұрақтылығы және осы сұрақтың бір бөлімі ретінде пайыздың ақша айналымы
жылдамдығына ықпалы; кешігу мен уақыттық аралық, яғни олар арқылы ақша
массасының өзгеруі экономикалық конъюнктура сипаттамасына әсер етеді; ақша
массасының статистикалық өлшемдері, яғни ақша массасының қыруар
статистикалық көрсеткіштердің қайсысын пайдалау керек екендігі және т.б.

1.3. Ғалами және ортодоксалды емес монетаризм
Ғалами монетаризмнің негізінде келесі қағида жатыр. Инфляция – тек
ақшалай феномен, бірақ ақша жүйесі кең мағынада түсініледі, ғалами мағынада
- әлемдік валюталық – қаржылық жүйе ретінде. Бұл инфляция процессінің
инернациализациясына орынды реакция болды.
Инфляцияның күшеюін монетаристер белгіленген валюта бағамының
күйреуімен және 1971 жылы доллардың айналымдылығынан бас тартуының
нәтижесінде болған қаржы жүйесінің тұрақсыздығының өсуімен түсіндірді.
Осыдан кеін болған орталық банктердің алтын резервтерінің бағаларының өсуі
валюта бағамының және ішкі ақшай айналымының тұрақсыздығының күшеюіне
әкелді.
Ғалами монетаристердің түсініктеріне сәйкес, жеке елдің ақша
массасының динамикасы мен құрылымы халықаралық есеп жүйесі арқылы басқа
елдердің ұқсас көрсеткіштерімен байланысты. Құбылмалы бағам мен капиталдың
еркін нарығы бар ашық экономикада ішкі міндеттемелер бойынша пайыз әлемдік
нарықтағы қарыз капиталының мөлшерлемесіне тәуелді. Бұл жағдайда ашық нарық
операциялары немесе ұлттық банктің есептік пайызының өзгеруінен болатын
ақша ұсынысының өзгерістері капиталдың қозғалысына, демек, валюта бағамына
да әсер етеді.
Ұлттық банк қысқа мерзімде экономикалық белесенділікке ақша ұсынысын
көбейтіп және пайыз мөлшерлемесін төмендетіп, ықпал ете алады. Бірақ, бұл
шараның тиімділігі осы жағдайда шетелге ұмтылатын қысқа мерзімді қарыз
капиталдарының мобильділігі шартында төмендейді. Сөйтіп, ақша-несие
саясатының қысқа мерзімді өндіріске әсер ету мүмкіндіктері төмендейді. Ал
ұзақ мерзімде елден капиталдың кетісі бағамның өзгеруіне әкеледі, ол, бір
жағынан, экспортты, екінші жағынан, импортталатын тауарларға бағаның өсуін
ынталандырады. Нәтижесінде, инфляция өседі, ал ақша массасын көбейтуден
пайда болған артықшылықтар уақытша болып шығады. Басқа сөзбен айтқанда,
әлемдік экономикаға қатысты жалпы ақшаның сандық теорияның
тұжырымдамаларының ықпалы жүреді. Бірақ, шаруашылықтың өспелі
интернационализация және капиталдардың мобильділігі шартында ел ішіндегі
ақша айналымы жылдамдығының тұрақтылығы және жеке елдің ішіндегі ақша
массасының халықаралық капитал қозғалысынан тәуелсіздігі жөніндегі ескі
тезисті қорғау қиынға түседі. Бұдан монетаристік үлгіге ішкі ақша
айналымның халықаралық валюталық-қаржылық жүйесін сипаттайтын блок қосуға,
сонымен бірге ақша-несие және валюталық саясаттарының өзара байланысын
мойындау ұсынысы шығады.
Құрылымдық амал талпынысы. Кейбір монетаристердің пікірінше, атаулы
табыс үлгісінің шектеулігі бұл үлгінің қарыз капитал нарығында құрылымдық
өзгерістерді ескермегенімен байланысты.
Филлипс қисығы және оның монетаристермен түсіндіруі. Жеделдету
теоремасының маңызды геометриялық түсіндіруі болып инфляция қарқыны мен
жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуелділікті білдіретін Филлипстің
жылжымалы қисықтар туралы гипотезасы табылды.
Филлипстің жылжымалы қисығы туралы гипотезасы арқылы Фридменнің
жұмыссыздық шамасының табиғи деңгейден ауытқу мүмкіндігін және бір мезгілде
мұндай жағдайдың өзгешелігін көрсеткісі келді. Бұл гипотеза бір мезгілде
инфляция мен жұмыссыздықтың болуын түсіндіруге мүмкіндік берді. Ол екі
жағдайға сүйенді: жүргізілген ақша саясатынан тәуелсіз жұмыссыздықтың
табиғи деңгейі және күтімдердің беімделген сипаты.
Ортодоксалды емес монетаризм. 70-ші жылдардағы проблемалар
экономистерді жұмыссыздықтың табиғи жағдайын не анықтайды және оған себепші
болатын қандай факторлар сияқты мәселелерге зейін салып кірісуге түрткі
болды. Осы факторларға келесілер кіреді: еңбек өнімділігі, жұмысбастылық
құрылымы, халықаралық сауда шарттары және т.б., сонымен бірге адамдардың
наразылықтарын, олардың жаңа жағдайларды мойындамауын және т.б. анықтайтын
әлеуметтік – психологиялық факторлар.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгей проблемасына кең мағынадағы тәсілдемесі
монетаристердің ақшалай және нақтылы процесстердің әрекеттесуі жайындағы
түсініктердің түрлендірілгеннің күәсі болып келеді. Осы көзқарастан 1980
жылы Монетаристік тәсілдеме атты еңбегін шығарған ағылшын экономисі Д.
Лейдлердің позициясы ерекше.
Ол трансмиссия механизмінің қиынырақ сызбасын ұсынды және ақша
массасының өсуіне жауабы ретінде актив портфелінің құрылымының өзгеруін
қарастырды, сонымен бірге осы проблемада қолданылатын макро- және
микротәсілдердің арақатынасы жөнінде мәселе қойды және трансмиссия
механизмінің макроэкономикалық түсініктемесін беруге тырысты. Бұдан басқа,
Д. Лейдлер жұмыссыздықтың табиғи деңгейінде құрылымдық және фрикциондық
құрауыштарын белгілеуді ұсынды. Ол келесі қорытындыларға келді.
Сұранысты ынталандыру саясаты жұмыссыздықтың табиғи деңгейін төмендете
алмайды, бірақ ол қысқа мерзімді біріктірме сұраныстың еңбек нарығының
фрикциондылығынан потенциалды деңгейден төмен болуынан болатын
жұмыссыздыққа әсер ете алады.
Жұмыссыздықтың табиғи нормасы туралы гипотезаның дамуы және
күтімдердің экономикадағы рөлдері, күтімдер проблемасын әзірлеуі
монетаризмнің жаңа бағыты болып табылатын жаңа классикамен байланысты.

II бөлім. Монетаризм теориясының негіздері
2.1. Милтон Фридменнің негізгі экономикалық ойлары
Бүгінгі таңда, монетаризм ретінде экономикадағы ақшаның ерекше
маңыздылығын мойындайтын, фискалды және экономикаға пайыздық мөлшерлемелер
арқылы әсер ететін ақша-нсеие саясатына қарама- қайшы ақша-несие саясатының
айрықша түрі – ақша массасының өсу қарқынын тікелей реттеуге басымдылықты
беретін жалпы теориялық тәсілдеме түсініледі.
Кең мағынада монетаризм тек тәжірибелік ұсынымдар жиынтығы ғана емес,
жай ғана кейнсиандыққа қарағанда өзге де реттеу тәсілдерін ұсынып қана
қоймай, оған бір топ мәселелерде қарама – қайшы келетін концепция. Оларға
экономика ғылымының шекарасы мен мәселелері жөнінде сұрақтар, экономикалық
саясаттың мақсаттары мен тәсілдері, анализ бен болжамдау жасау мақсатында
қолданылатын экономикалық моделдердің мінездері және т.б. жатады. Осы
тұрғыдан қарағанда монетаризм - мақсаты ақша массасының өзгеруінің басқа
макроэкономикалық шамаларға ықпалын болжау болып келетін таза аспаптық
концепция ғана емес деп саналады. Монетаризмнің әлеуметтік – экономикалық
бағыттылығын назарға аударсақ, сонымен бірге кейнсиандыққа бір топ
мәселелерде қарсылығындағы ролін есептесек, монетаризмді либерал –
консерватизмнің экономикалық қолдауы деп айтуға болады.
Монетаризм, ең алдымен, Нобель сыйлығының лауреаты – Милтон Фридмен
есімімен ассоциацияланады.
Фридмен өзінің ойларының негізіне Фишердің ақшаның мөлшерлік теориясын
алды. Бұл теория бойынша айналымдағы ақша мөлшерінің өзгеруі бағаның
пропорционалды өзгеруіне әкеледі:
M*V=P*Q (1)
Мұндағы М – айналымдағы ақша мөлшері:
V – ақша айналымының жылдамдығы;
P – орташа баға деңгейі,
Q – экономикада айналып жүретін тауарлар мен қызметтердің мөлшері.
V және Q тұрақты шамалар, ал M және P – тұрақсыз шамалар болып саналады.
Егер мұнда k=QV коэффициентін енгізсек, онда
M=kP. (2)
Соңғы теңдеу айналымдағы ақша массасы және орташа баға деңгейі бір-
бірімен тура пропорционалды екенін білдіреді.
Фишердің теңдеулерін облигация бойынша пайыз мөлшерлемесі, акциялар
бойынша табыс, баға деңгейнің өзгеру қарқыны және өзге де қосымша
экономикалық парметрлерді енгізу арқылы Фридмен кейнсиандық түсіндірулерден
анағұрлым өзгеше өз теңдеулерін шығарған.
Атаулы табыс үлгісі. Үлгіде 2 механизмнің принципті маңызы бар:
ақшаның пайызға және ол арқылы атаулы табыстың болжалды өзгеруіне әсері,
жүйенің атаулы табыстың оның болжалды деңгейінен ауытқуларына бейімделу
қабілеттілігін көрсететін адаптация. Осы екі механизмдер өзара әрекеті
кезінде қысқа мерзімді қозғалыстың траекториясын анықтайды.
Бұл үлгі өндіріс деңгейі және ақшаның бағаларға ықпалы туралы ештеңе
айтпайды. Бұл аспект атаулы табыс үлгісінің қорытындысы болған жеделдету
теориясында қарастырылды.
Фридмен бағаның және нақтылы табыстың өзгеруін сипаттайтын
функцияларды енгізді. Осы функциялардың өзгермелі шамалары болып болжамды
бағалардың, болжамды табыс пен атаулы табыстың, сонымен бірге нақтылы
табыстың және оның болжамды мағынасының өзгеруі табылды.
Кейбір жайдақтататын болжамдарда бұл жүйе тербелмелі процесстің
басылуын сипаттайды, яғни ақша массасының біржолғы өсуінің әсері
тоқталғанда, біраз уақыттан кейін экономика тұрақты өсу траекториясына
оралады. Ақша массасының жеделдетілген өсуі түрінде жаңа импульс пайда
болған кезде ауытқулар жаңартылады.
Басқа сөзбен айтқанда, ақша саясатының нақтылы өндіріске әсер етуі
үшін ақша массасын үдеме қарқынмен көбейту керек. Жеделдету теориясы осыған
негізделеді.
Фридменнің пікірінше, атаулы табыстың өзгеруінің негізгі себебі –
айналымдағы ақша мөлшерінің өзгеруі. Және де ақша мөлшерінің өзгеруі мен
атаулы табыс арасындағы байланыс белгілі мерзімді кешеуілдеумен көрінеді.
Егер ақша мөлшері төменделсе, 6-12 айдан кейін өндіру көлемі де кемиді,
кейін нақтылы және потенциалды өндіру көлемі арасындағы алшақтық пайда
болғанда, әдетте тағы 6-12 айдан кейін, баға деңгейінің төменделуі
басталады. Сонымен, кешеуілдеудің шамасы 1 жылдан 2 жылға дейін құрайды.
Мұндай кешеуілдеу ақша мөлшерінің өзгеруі мен банктік пайыз шамасының
арасында да бар. Бұл ретте ақша мөлшерін арттыру ең алдымен пайыз нормасын
төмендетеді, себебі облигацияларды алу арқылы артық ақшалардың иелері
олардан құтылуға ұмтылады. Облигациялар мөлшері өзгеріссіз болғанда,
олардың бағасы банктік пайыздың төмендеуімен қатар өседі. Артық
ақшалардың бір бөлігі іскерлік белсенділіктің өсуін ынталандыратын бағалы
қағаздардың басқа түрлерін, инвестициялық және тұтынушылар тауарларын сатып
алынуы үшін қолданылады.
Адаптациялық кезеңде 1-2 жылда нарықтық жүйе нарықтардың динамикалық
тепе-теңдік күйіне жетеді. Іскерлік белсенділіктің өсуі айналымдағы артық
ақшаны сіңіретін тауар массасының өсуін тудырады. Осыдан экономиканы
реттеудің негізінде айналымдағы ақша массасын басқаруы жатады деген
қорытынды келіп шығады.
Ақша сұранысы және ақша ұсынысы. Фридмен ақша сұранысы өзге
активтердің сұранысына ұқсас деп болжап, сұраныс теориясын қаржылық
активтерге, ақшаға қолданды. Сөйтіп, ол келесі функцияны алды:
Md = Рf (Rb, Re, p, h, y, u) (3)
Мұндағы Md – ақша сұранысының көлемі,
Рf - бағаның абсолютті деңгейі,
Rb – облигация бойынша пайыздың атаулы нормасы.
Re – акция бойынша табыстығ нарықтық құны,
p – баға деңгейінің өзгеру қарқыны,
h – еңбектің өзге байлықтың түрлерімен қатынасы,
y – байлықтың жалпы көлемі,
u – талғамның және ұнатудың мүмкін өзгерісін көрсететін көрсеткіш.
Монетаризмге сәйкес, ақша сұранысы ЖІӨ-нің динамикасынан тәуелді, ал ақша
сұранысының функциясы тұрақты. Ақша ұсынысы тұрақсыз, себебі ол үкіметтің
болжауға болмайтын әрекеттерінен тәуелді. Монетаристер ұзақ мерзімде
нақтылы ЖІӨ өсуін тоқтатады, сондықтан ақша ұсынысының өзгеруі оған әсер
етпей, тек инфляция деңгейіне ғана әсер етеді. Бұл принцип монетаристік
экономикалық саясатының базалық принципіне айналды және ақша бейтараптылығы
дейтін атын алды.
Монетарлы ереже. Ақша бейтараптылығы принципінің әрекетімен байланысты
монетаристер ақша ұсынысының кеңеюінің жылдамдығы нақтылы ЖІӨ-нің
қарқынына сай болу керек деп қорытындылайтын монетарлы ереженің заңнамалық
бекітуін талап етті. Осы ережені ұстану ақша-несие саясатының болжауға
болмайтын антициклдік ықпалын жояды. Монетаристердің пікірінше, тұрақты
көбейетін ақша ұсынысы инфляцияның өсуіне әкелмей, кеңейетін сұранысты
қолдап тұрады.
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі. Монетаристердің дәлелдемелерінде
маңызды орында жұмыссыздықтың табиғи деңгейі концепциясы алады. Табиғи
жұмыссыздық ретінде еңбек нарығы тепе-теңдікте болатын ерікте жұмыссыздық
түсініледі. Табиғи жұмыссыздық деңгейі институционалды факторлардан да,
заңнамалық факторлардан да тәуелді. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі – нақтылы
жалақыны және баға деңшһгейлерін тұрақты жағдайда ұстап тұратын
жұмыссыздық. Монетаристердің пікіріенше, жұмыссыздықтың оның тепе-теңдік
деңгейден ауытқуы тек қысқа мерзімде ғана болуы мүмкін. Егер жұмысбастылық
деңгейі табиғи деңгейден жоғары болса, онда инфляция өседі, ал егер төмен
болса, онда инфляция төмендейді. Сөйтіп, орташа мерзімді келешекте нарық
тепе-теңдікке оралады. Осы алғышарттардан келесі қорытынды шығады:
жұмысбастылық саласында саясат жұмыссыздық деңгейнің оның табиғи нормасынан
тербелістерді тегістеуге бағытталуы қажет.
Саяси көзқарастар бойынша Фридмен еркін кәсіпкерліктің жақтаушысы
болып келеді және ол экономикалық еркіндіктің және жеке тұлға еркіндігінің
арасында тікелей өзара қатынас бар деп санайды. Милтон Фридмен мемлекеттің
экономикаға араласуына қарсы, себебі нарық өзін-өзі реттейтін құрылым
болғандықтан оның қалыпты жұмыс істеуі сырттан ықпал етуден бұзылады.
Фридменнің саяси жүйеге көзқарастарымен Капитализм мен еркіндік,
Еркіндік, теңдік және эгалитаризм еңбектерінде танысуға болады.
Чикаго мектебінің өкілдері мемлекетке материалды құндылықтарды
жасауға, өндіріс көлемін, жұмысбастылықты және бағаны реттеуге жол
берілмеуі тиіс деп санайды. Олардың пікірінше, ауылшаруашылық өнімдердің
бағаларын қолдаудан бас тарту, экспортты-импортты квоталар мен тарифтерді,
үкіметтің пәтерақы деңгейін бақылауын болдырмау, заңды бекітілген жалақының
минималды шегі мен бағаның максималды лимитінен, радио мен теледидар қай
бақылаудан бас тарту, қариялықта зейнетақыны қамсыздандыру үшін міндетті
сақтандыруды, еңбек қызметін лицензиялауды болдырмау, мемлекеттің
баспаналық құрылысты тоқтату және бейбіт уақытта жалпылама әскери
міндеттемеден бас тарту қажет.
Сөйтіп, экономикадағы мемлекеттің қызметтері айналымдағы ақша
мөлшерінің реттеуімен, монополиямен күресумен, жеке нарықтық
жетілмегендігімен немесе балалар мен қабілеті жоқ қоғам мүшелеріне
байланысты әлеуметтік көмекпен шектеленуі тиіс.
Фридмен концепциясының негізгі ойлары:
1. Мемлекеттің экономикадағы реттеуші рөлі ақша айналымының бақылаумен
шектеленуі тиіс;
2. Нарықтық экономика - өзін - өзі реттейтін жүйе. Диспропорция және
өзге де жағымсыз көрсетулер мемлекеттің экономикаға артық қатысуымен
байланысты;
3. Ақша массасы фирмалар мен тұтынушылардың шығындардың көлеміне ықпал
етеді. Ақша массасын көбейту өндірістің өсуіне, ал кейін толық қуат
жүктемесіне – бағаның өсуі мен инфляцияға әкеледі;
4. Инфляция барлық құралдармен, соның ішінде әлеуметтік
бағдарламаларды кеміту арқылы да тежеленуі тиіс;
5. Ақшаның өсу қарқынын таңдауда 2 факторды: болжалды инфляцияның
деңгейін және қоғамдық өнімнің өсу қарқынын қамтып көрсететін ақша
массасының механикалық өсу ережелерін басшылыққа алу қажет;
6. Нарықтық шаруашылықтың өзі-өзі реттеушілігі. Монетаристер нарықтық
шаруашылық тұрақтылыққа ұмтылады деп санайды. Егер диспропорциялар мен
бұзушылық орын алса, онда бұл сыртқы араласудың нәтижесі;
7. Мемлекеттік реттеушілер саны минимумға қысқартылады. Салықтық,
бюджеттік реттеудің рөлі төмендетіледі немесе шығарылады;
8. Шаруашылық өмірге әсер ететін негізгі реттеуші – тұрақты ақша
эмиссиясы. Монетаристер ақша мөлшерінің өзгеруі мен шаруашылықтың циклдік
дамуы арасындағы байланысқа көңіл аудартады. Бұл идея 1963 жылы жарыққа
шыққан американ экономистері Милтон Фридмен мен Анна Шварцтің Құрама
Штаттардың монетарлы тарихы, 1867-1960 еңбегінде тиянақталды. Монетаристер
мемлекет шамасы қоғамдық өнімнің өсу қарқынына сай келетін тұрақта ақша
эмиссиясын қамтамасыз ету қажет деп санайды;
9. Қысқа мерзімді ақша саясатынан бас тарту. Ақша массасының өзгеруі
экономикаға бірден емес, біршама кешігумен ықпал ететіндіктен Кейнстің
ұсынған қысқа мерзімді экономикалық реттеу тәсілдерін экономикаға тұрақты
әсер ететін ұзақ мерзімді саясатқа алмастыру керек.

2.2. Милтон Фридмен бойынша ақшалай және экономикалық саясат
Фишердің есептік теңдеуден монетаристер ақшаның бейтараптылық
қағидатын шығарды: тауарлық және ақшалай массалар арасындағы баланс, бір
жағынан, инфляцияны тудырмайды, екінші жағынан – экономикалық өсуді
тоқтатпайды. Басқа сөзбен айтқанда, ақша ұсынысының ұлғаюының жылдамдығы
нақты ЖҰӨ-нің өсу қарқынымен дәл болуы керек. Егер ақша ұсынысының өсуі
оздырып қалса, үкімет шаруашылық белесенділікті ынталандыру үшін есептік
жеңілдету бағдарламасын қолдана алады.
Айналымдағы ақша банкнот және қолда жоқ құралдардың мемлекеттік
эмиссиясы және банктердің қолданыстағы пайыз мөлшерлемесімен қарыз беруі
арқылы жасалынады. Және де банктік жүйе 2 типті қарызгерлерге ақша береді:
мемлекетке және жекеменшік секторына.
Мемлекеттік сектордың ақша құралдарындағы қажеттілігі жаңа ақшаның
жасалуына әкелуі немесе әкелемеуі мүмкін. Егер мемлекет бюджет тапшылығын
өтеу үшін салықты арттырса, ақша жасалынбайды. Ал егер мемлекет қарыз алса,
онда жаңа ақша пайда болады.
Жаңа ақшаның пайда болу процессін келесідей мысалмен түсіндіруге
болады (бұл процесс банктік мультипликатор атауын алған). Банкке 1000
доллар салым салынсын. Және Ұлттық банктегі міндетті резерветердің нормасы
20% құрайды делік. Банк, әрине, ақшаны өзінде сақтап қоймай, оны
кәсіпкерлерге несиеге беруге немесе табыс әкелетін бағалы қағаздарды алуға
ұмтылады. Сөйтіп, 200 доллар Ұлттық банктің міндетті резерв шотына
депозитке салынады, ал 800 долларға бағалы қағаздар алынады немесе несиеге
беріледі. Бұл 800 доллар, өз кезегінде, басқа, екінші деңгейлі банктерге
түседі. Олар да ақшаның, яғни 800 доллардың 20%-ын міндетті резервтер
формасына беріледі, ал қалғаны коммерциялық мақсатта қолданылады. Бұл
процесс 25 шеңберде барлық ақша банктердің бірталай сатылар айналасының
ықпалына түскенше дейін жалғаса береді:
1000 + 800 + 640 + ... = 5000 доллар,
яғни, алынған шама банктік мультипликатор ретінде есептеліне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық шаруашылығының жалпы сипаттамасы
НЕОКОНСЕРВАТИЗМНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСТАРЛАРЫ
Әлеуметтік шаруашылық нарығын құру қадамдары
Нарық шаруашылығының жалпы сипаттамасы туралы ақпарат
Экономикалық теория пәнін әртүрлі мектеп экономистерінің талдауы
Дж.М. Кейнстің экономикалық ілімінің негізгі зерттеу мәселелері туралы
Қазақстанның тұтынушылық мәселесінің салдары
Ұлыбританияның ішкі және сыртқы саясатын зерделеу
Ұлттық байлықты актив пен пассив арқылы есептеу
ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫ АКТИВ ПЕН ПАССИВ АРҚЫЛЫ ЕСЕПТЕУ ТУРАЛЫ
Пәндер