Қабілеттілікті қалыптастыру



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І бөлім. Қабілеттілікке жалпыпсихологиялық сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ..5
ІІ бөлім. Қабілеттіліктің қалыптасуына еңбектің ықпалы ... ... ... ... ... ... ... .11
2.1 Жеке тұлғаның тәрбиесі және қабілеттілікті қалыптастыру ... ... ... ... ...11
2.2 Қабілеттілік, оның түрлері және тұлға дамуындағы рөлі. ... ... ... ... ... ..16
2.3 Қабілеттілікті қалыптастырудағы еңбектің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Кіріспе

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Осыған орай Қазакстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «бізге экономикалық қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» делінген. Сол білім беруді дамыту ісі жеке тұлғаға мәдени-тарихи құндылықтарды, нормалар мен дәстүрлерді , білім берудің арнайы таңдап алынған мазмұны мен нысандарын беру болып табылады. Нәтижелі білім алудың мәнісі сол, мұнда оқушының іс-әрекеті оның жеке басының әлеуметін іске асыруға негізделген және оның оқытылатын пәндер мен салаларға сәйкес келетін білім алуын талап етеді.
Тақырыптың өзектілігі. Сондықтан оқытушылардың алдында өмірге жан - жақты дайындалған, еңбек сүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, интеллектуалдық және адамгершілік тұрғысынан бай, жоғары білімді жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеу қажеттігін дамыту мәселесі тұр.
Қазіргі таңдағы өзгерістер қоғамның шығармашыл әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондай басым бағыттардың бірі - жеке тұлғаға бағытталған білім беру.
Қабілеттілікті дамытуға бағытталған білім беру дегеніміз педагогикалық іс әрекеттің әдіснамалық жаңа бағыты, яғни баланың қайталанбас дара тұлға ретінде өзін- өзі тануын, өзін - өзі жетілдіре отырып дамытуын қамтамасыз ететін өзара тығыз байланысты идеялар, түсініктер және іс - әрекеттер жиынтығы.
Соңғы он жылдықта біздің қоғамымыздың қоғамдық-саяси және экономикалық шарттары білім және тәрбие берудің парадигмасының өзгеруіне алып келді. Авторитарлық-технократиялық парадигманың орнына білім және тәрбие беру ісінде гуманитарлық жеке тұлғаға бағытталған парадигма келді. Бұл жаңа парадигма оқушының толық тұлғалық дамуына бағытталған, оның өз бетімен оқуын дамыту, шешім қабылдай алу қабілеті, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Ананьев Б.Г. О Проблемах современного человекознания. - М.: «Наука», 1977.
2. Дружинин В.Н. Психология общих способностей – Спб.: «Питер Ком», 1999
3. Ждан А.Н. История психологии. От античности до наших дней. - М., 1990.
4. Жарықбаев Қ.Ж. Аймауытұлының психологиялық көзқарастары. - Алматы, «Білім», 2000.
5. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы: «Санат», 1995.
6. Жұмабаев. М. Шығармалары. – Алматы: «Жазушы», 1989.
7. Ильин Е.П. Психология индивидуальных различий. – СПб.: «Питер», 2004.
8. Еникеев М.И. Общая и социальная психология. Учебник для вузов. – М.: «НОРМА», 2002.
9. Лук А.Н. Мышление и творчество. - М.: «Политиздат», 1976.
10. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. - СПб.: «Питер Ком», 1999.
11. Столяренко Л.Д. Основы психологии: Учеб. пособие. – Ростов н/Д.: «Феникс», 2005.
12. Лейтес Н.С. Возрастная одарённость и индивидуальные различия. – М., 1997.
13. Ярошевский М. Г. История психологии. - М., 1985.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І бөлім. Қабілеттілікке жалпыпсихологиялық
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... 5
ІІ бөлім. Қабілеттіліктің қалыптасуына еңбектің
ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . 11
2.1 Жеке тұлғаның тәрбиесі және қабілеттілікті
қалыптастыру ... ... ... ... ...11
2.2 Қабілеттілік, оның түрлері және тұлға дамуындағы рөлі.
... ... ... ... ... ..16
2.3 Қабілеттілікті қалыптастырудағы еңбектің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... 26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
32

Кіріспе

Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту,
дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің
жаңа жүйесі құрылып жатыр. Осыған орай Қазакстан Республикасының Президенті
Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында бізге экономикалық қоғамдық
жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет
делінген. Сол білім беруді дамыту ісі жеке тұлғаға мәдени-тарихи
құндылықтарды, нормалар мен дәстүрлерді , білім берудің арнайы таңдап
алынған мазмұны мен нысандарын беру болып табылады. Нәтижелі білім алудың
мәнісі сол, мұнда оқушының іс-әрекеті оның жеке басының әлеуметін іске
асыруға негізделген және оның оқытылатын пәндер мен салаларға сәйкес
келетін білім алуын талап етеді.
Тақырыптың өзектілігі. Сондықтан оқытушылардың алдында өмірге жан -
жақты дайындалған, еңбек сүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын,
интеллектуалдық және адамгершілік тұрғысынан бай, жоғары білімді жеке
тұлғаны оқытып, тәрбиелеу қажеттігін дамыту мәселесі тұр.
Қазіргі таңдағы өзгерістер қоғамның шығармашыл әрекет пен шығармашыл
тұлғаға мұқтаж екенін күнделікті өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондай басым
бағыттардың бірі - жеке тұлғаға бағытталған білім беру.
Қабілеттілікті дамытуға бағытталған білім беру дегеніміз педагогикалық
іс әрекеттің әдіснамалық жаңа бағыты, яғни баланың қайталанбас дара тұлға
ретінде өзін- өзі тануын, өзін - өзі жетілдіре отырып дамытуын қамтамасыз
ететін өзара тығыз байланысты идеялар, түсініктер және іс - әрекеттер
жиынтығы.
Соңғы он жылдықта біздің қоғамымыздың қоғамдық-саяси және экономикалық
шарттары білім және тәрбие берудің парадигмасының өзгеруіне алып келді.
Авторитарлық-технократиялық парадигманың орнына білім және тәрбие беру
ісінде гуманитарлық жеке тұлғаға бағытталған парадигма келді. Бұл жаңа
парадигма оқушының толық тұлғалық дамуына бағытталған, оның өз бетімен
оқуын дамыту, шешім қабылдай алу қабілеті, еңбек нарығында бәсекеге
қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Қабілеттілікті дамытуға бағытталған жаңа көзқарас түсінігін айқындау
үшін негізгі үш мәселеге тоқтала кеткеніміз жөн.
Қабілеттілікті дамытуға бағытталған көзқарас ұғымын ашатын негізгі
түсініктер:
- адамның даралық ешкімге ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі;
- тұлғаның өзіне тән қасиеттері мен мүмкіндіктерін таныту үрдісі,
- өзін және қоршаған ортаны тануда саналы, шығармашылық белсенділік
көрсететін жеке тұлға әрекеті;
- мендік тұжырымдаманың болуы;
- педагогикалық қолдау оқушылардың қабілеттілігінің қалыптасуына алдын
ала көмек беру іс әрекеті.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
• Топ құрамында белсенді әрекет етуге бейім тұлға қалыптастыру
жолдарын қарастыру;
• Топты дамытудың әдістері мен тәсілдеріне шолу жасау;
• Топтың даму деңгейін анықтайтын факторларды анықтау.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

І бөлім. Қабілеттілікке жалпыпсихологиялық сипаттама

Қазіргі кезде қабілетті балалар мәселесін зерттеуге қатысты фило-
софиялық, психологиялық, педаго-гикалық мәліметтер және ғылыми зерттеулер
жылдан жылға көбеюде. Алайда, қабілет мәселесі әлі де ғалымдардың
күнделікті тақырыптарынан түспейтін, зерттеулерді-ізденісті қажет ететін
өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар
тереңінде жатқаны да белгілі.
Адамның психикалық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабі-
леттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтардың еңбектерінде, қайта
өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы
педагогтардың еңбектерінен бастау алады.
Философияда “қабілеттілік” тұлғаның белгілі бір әрекеттерді орындауға
жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық-тарихи
әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын көрсетеді.
Адамның психикалық ерекшелігі қабілеттілік туралы ойлар, сонау антик
заманында өмір сүрген грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі
ғалымдарының еңбектерінде көптеп кездеседі. Қабілеттілік пен дарындылық тек
өнер адамдарда ғана байқалып, жекелеген адамдардың табиғи қабілеттіліктің
болуы құдіреті күшті құдайдың жарылқағаны деп есептеген.
Адамдардың қабілетінің табиғаты осы күнге дейін ғалымдар арасында
қызған ой-пікір таласын тудыруда. Ғылыми зерттеулер әр адамның қабілетін
оның миының көлемі және салмағымен байланысты деп түсіндірді. Кейінірек
зерттеулерде ең ауыр ми ақыл-ойы кеміс адамның миы болып шыққаннан кейін,
бұл болжамды теріске шығарды. Өмір бақылаулары мен арнайы зерттеулер
қабілеттің табиғи берілетінін қалтықсыз дәлелдеп отыр. Көптеген ғалымдар
Платонның пікіріне сүйенді. Яғни, қабілеттіліктің пайда болуы тұқым-
қуалаушылықтан болады. Ал оқыту және тәрбиелеу олардың ары қарай даму
үрдісін жылдамдатады. Оған дәлел ретінде, ұлы танымал адамдарды мысал етті
(Моцарт, Рафаель т.б.).
Платонның айтуынша, адамдар өздерінің қабілеттіліктеріне қарай әртүрлі
болады, біреулері басқару үшін, біреулері бағыну үшін дүниеге келеді деген.
Дегенмен, бұл ойларды теріске шығаруға әрекет жасағандар да болды.
Қабілеттілік туралы ой–пікірлерді дамытудың маңызды кезеңі бұл испан
дәрігері Хуан Уарте есімімен байланысты. Ватиканның қарсылығына қарамастан
Исследование способностей к наукам (1575 ж.) кітабы жарық көріп, барлық
Европалық тілдерге аударылды. Оның зерттеулерінің негізгі мақсаты
адамдардың жеке басындағы қабілеттілікті анықтай отырып, болашақта кәсіби
маман таңдауда ескеру болып табылады.
Ағылшын философы Фрэнсис Бэкон табиғи дарындылықты мойындап,
қабілеттілікті дамытуда тәрбиенің маңызды рөл атқаратынын айтқан. Ал Томас
Гоббс қабілеттіліктердің түрлерін бөліп көрсетіп, қабілеттіліктерге
қатынасында табиғат адамдарда тең жаратты деген.
19 ғасырдың екінші жартысында қабілеттілікті зерттеудің жаңа кезеңі
басталды, психологиялық тестілеу, онымен бірге ғылымның жаңа бағыты ретінде
даралық ерекшеліктердің психологиясы (дифференциалды психология) пайда
болды.
Қабілет мәселесі арнайы психо-логиялық зерттеудің пәні ретінде -
ағылшын ғалымы Ф. Гальтон ұсынған адамдағы ерекшеліктердің эксперименттік
және статистикалық зерттеулерінің негізінен болып табылады. Ф. Гальтон
адамдардың жеке дара ерекшелігі мәселесін зерттеп, 1869 жылдан бастап
ғылыми зерттеулер жүргізе бастады. Сонымен бірге ұлы да қабілетті
адамдардың өмірлерін бақылай келе кез келген деңгейдегі қабілеттілікте
тұқым-қуалаушылық негізгі шарт деген қорытындыға келді.
20 ғасырда неміс психолгі У. Штерн жеке дара ерекшеліктерді зерттеп,
жеке даралық психологияның негізін қалады. Сонымен бірге ол адамның ақыл
ойын анықтауға арналған қабілеттілік коэффициентін ұсынды, әрі ақыл-ой
қабілеттілігіне мынандай анықтама берді: Ақыл-ой қабілеттілігі - өз ойын
саналы түрде жаңа талаптарға қарай бағыттайтын, жаңа міндеттер мен өмір
жағдайына бейімдейтін жалпы ақыл –ой қабілеттілігі.
Қабілет және дарындылық теориясының негіздерінің қалыптасуына белсене
атсалысқан кеңес психологтары Б.М. Теплов, Б.Г. Ананьев, Л.С. Выготский, Н.
Лейтес, Л.И. Кузьмина еңбектеріндегі психологиялық тұжы-рымдары
дарындылыққа интегралдық жеке тәрбие ретінде жүйелі көзқарас тууына негіз
болды, адам қабілеттілігінің құрылымдық бөліктерін анықтауға мүм-кіндік
берді.
Қабілет мәселесіне терең талдау жасаған Б.М. Тепловтың пікірінше,
қабілетті дамытпау, көрсете білмеу, біртіндеп айырылу дегенді көрсетеді.
Оның дәлелдеуінше, белгілі бір күрделі іс әрекетті жүзеге асыруда
қабілеттіліктің бір ғана түрі жеткіліксіз, сондықтан бірнеше түрлерінің
жиынтығы қажет болады.
Бір адамның бойында бірнеше әртүрлі қабілет болуы мүмкін, бірақ олардың
бірі басқаларға қарағанда мәндірек болады. Екінші жағынан бірнеше әртүрлі
адамдарда бір ғана қабілет байқалуы мүмкін, бірақ даму деңгейлері бойынша
өзара өзгешеленеді.
Б.М. Тепловтың ғылыми зерттеулерін одан ары қарастырған В.Д. Небылицин
қабілеттерде және дарын-дылықта ең алдымен жеке даралық айырмашылықтарға
назар аудару керек деді.
Адам қабілетінің әртүрлі болуын ұлы физиолог И.П. Павлов сигнал
жүйелерінің өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіреді. Мұны бала қандай да бір
іс әрекетпен айналысқанда көріп байқауға болады. Сигнал жүйелерінің
арақатынасының ерекшеліктеріне орай И.П. Павлов адамының жоғары жүйке
жүйесінің үш түрін келтіреді. Олар көркем, ойлағыштық және орта түр болып
бөлінеді. Бірінші түріне жататындар әсершіл, қызу қанды, ашық, ақжарқын,
болып келсе, екінішілері көргені мен естігенін әуелі ой елегінен өткізіп,
талдағанды, саралағанды жақсы көреді, ал үшіншілері аса талантты, дарынды
жандарды қамтиды. Адамның қай түріне жататындығына қарай оның қабілетін де
анықтауға болады. Қандайда болмасын бір нәрсеге қабілеті болмайтын адам
болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін.
Б.Г. Ананьев еңбектерінде қабілет және дарындылық жеке адамның
мінезімен, темпераментімен, өмірлік бағыт-тылығымен және жеке даралық
психикалық дамуымен байланысты жеке адамның жалпы құрЫлымының қандай да бір
бөлігі ретінде қарастырылды.
Белгілі психолог С.Л. Рубинштейн қабілеттіліктің шығу тегі психикалық
үрдістерден пайда болады деген-ді. Ол қабілеттің құрамының, құрлымының
анықтамасын жасайды: қандай да бір іс-әрекетті орындауға адамды жарамды
ететін әрбір қабілеттің құрамына, үнемі әрекеттің бірқатар операциялары
немесе тәсілдері енеді, кейін солар арқылы іс әрекет жүзеге асады.
Н.С. Лейтес дарынды балаларды зерттей келе, олар еңбекке тартым-
дылығымен өзгешеленетін және еңбектен қанағаттануды сезінетін нағыз
кішкентай еңбекқорлар болып табылады, деп көрсетеді. Бұл тұжырым маңызды
ереже жасауға итермелейді. Еңбекке бейімділік дарындылықтың көрінуі ретінде
болады.
В.А. Крутецкий, өзінің көрсеткен классификациясында: икемділік, тез
байқағыштық, еске сақтау, терең ойлау қабілеті бар, оның келешекте мамандық
таңдауына көп көмектесетінін айтқан. Сонымен бірге В.А. Крутецкий өзінің
математикалық қабілеттіліктің құрлымын зерттеген еңбегінде, егер
қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда
дарындылық дегенді адамның ерекше қабілеттіліктерінің жиынтығының бірлігі
деуге болады деп тұжырымдайды.
Қабілет адамның әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін
бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілеттілік бір бірімен тығыз байла-
ныстағы туыс ұғымдар. Өйткені адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бір
нәрсеге бейімділігіне орай қалыптасады.
Бейімділік адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға деген құлшынысы
оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.
С.А. Изюмова мнемикалық қабілет-терді және оның табиғи алғы шарттарын
комплексті зерттеу және оның оқу әрекетіндегі нәтижелілігімен салыстыру
мәселесін көрсетті.
Э.А. Голубеваның зерттеулері көрсеткеніндей таным функцияларының жеке
даралық типтік ерекшеліктерінде өте айқын көрінетін дихотомия – вербалды
және вербалды емес болып табылады. Бұл танымдық қабілеттердің ең негізгі
психологиялық сипаттамасының негізгі мәні физиологиялық деңгейде түсін-
діріледі: олардың қалыптасуының релевантты табиғи негізі болып жоғары
жүйке әрекеттерінің арнайы адамға тән типі болып табылады.
М.А. Матова, З.Г. Гуровская зерттеулері көрсеткендей, 9-10 жасар
балалардағы таным қабілеттерінің сипаттамасы да вербальды емес функцияның
басым күштілігімен, қабылдау, ес және ойлаудың образдылығы мен
эмоционалдылығымен, сөйлеудің локализациясының оң жарты шарлар типіне тән
етуге қарағанда көру латерализациясының күштілігімен байла-нысты.
Е.П. Гусеваның зерттеулері көрсеткендей, оқушылармен жүргізілген
зерттеулер білімді меңгеру деңгейінде және үйренудің нәтижесінде көрінетін
жалпы қабілеттің компоненті ретінде естің мәні туралы айтады. Мәліметті
мағыналы көшірумен байланысты мнемикалық қабілеттер барлық мектеп пәндерін
меңгеруде көрінеді.
Танымдық қабілетті зерттеуде балалардың дамуындағы жас ерек-шеліктерге
көп көңіл бөлінді. Н.С. Лейтес, жеке балалар жас ерекшеліктеріне тән
қабілеттердің дамуының алғы шарттары – жеке даралық қабілеттердің дамып
өсуінің негізі, - деп жан – жақты негізделген тезис жасайды. Бұл ереже Е.П.
Гусеваның зерттеуіндегі 6 және 14-16 жасар балалардың жас және жеке даралық
ерекшеліктерін салыстыруға байланысты жүргізілген экспериментпен дәлелдене
түсті.
Барлық қабілеттің түрлерінің дамуын қамтамасыз ететін ең негізгі фактор
– іс әрекет, олай болса балалардың негізгі іс - әрекеті ойын әрекетін
белсендіре отырып, шығармашылық қабілетті дамытуға болатындығы дәлелдене
түседі. Онымен байланысты дарындылық факторы ретінде еңбек қабілеттілігі
жатады.
Жалпы және еңбек психологиясындағы білімдарлық - қабілеттілікті
анықтаудың бірден бір параметрі Н.А. Мечинскаяның пайымдауынша, білімді
игеруге деген қабілеттілік білімдарлықтың негізі болып есептеледі.
Қабілетті анықтаудың біршама сенімді, дұрыс жолы – бұл іс - әрекет
барысында оның нәтижелік динамикасын көрсету. Кез–келген іс- әрекеттің
орындалу нәтижесі өз алдына қандайда бір жеке қабілетті анықтаумен емес,
әрбір адамдағы өзіне тән қабілеттердің үйлесімділігімен анықталады.
Қабілет – бір немесе бірнеше іс - әрекеттерді нәтижелі орындауға қатысы
бар жеке даралық психологиялық ерекшелік және өзінде бар дағды, ептілік
және білімдерге сәйкестенбестен–ақ бұл білім мен дағдыларды жеңіл әрі тез
меңгерумен түсіндіруге болады деп жазады. Қабілет бұл дамудың нәтижесі, ал
нышан - қабілет дамуының негізінде туа пайда болған анатомиялық–физио-
логиялық ерекшелік. Қабілетті реалды зерттеуші оны туа және жүре пайда
болған қоспалық деген түсінік жұмыс істейді және ол үшін де, потенциалды
мүмкін-шіліктері бар
Жеке адамның психологиялық қасиеті ретінде адамның қабілеттер сапасы,
көлемі бойынша, олардың үйлесімділігінің өзіндік ерекшелігі, даму дәрежесі
бойынша бөлінеді. Әрбір адам негізінде жеке даралық сипат болады:
конституциялы ерекшеліктері, мидың нейродинамикалық қасиеті, ми жарты
шарлардың функционалды ассиметриялық өзге-шеліктері және т.б.
Американдық ғалым Блум әйгілі адамдарға зерттеу тәжірибесін жүргізіп,
оның нәтиже көрсеткішінен, осы адамдардың қабілеттерінің толық даму-ының
тәрбиелік және білімділік әдістерінің моделін ұсынды. Блумның айтуынша,
қабілеттің ерте дамыған түрлері, егер белсенділік және арнайы оқыту
әдістері болмаса, ол ары қарай дамымағандықтан, күйреуге ұшырайды.
Шетел психологиясында жалпы және арнаулы қабілеттіліктердің бөлінуі
факторлық талдаудың көмегімен алынған әртүрлі факторларға негізделді. Бұл
зерттеулерді Ч. Спирмен, Дж. Гилфорд, Л. Терстоун, Э.П. Торренс, Р.Б.
Кэттел т.б. жүргізіп, эксперимент нәтижесінен алынған мәліметтермен
дәлелдеді.
Ал қазақ топырағында жеке тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін 19
ғасырда өмір сүрген қазақ ағартушылары А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш.
Уалиханов шығармалаларынан көруге болады. Абай атамыз адамды қоршаған орта
– табиғаттың бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет
сыйы - туылғаннан бастап білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді.
Адамның ойы мен санасы еңбек іс әрекеті нәтижесінде қалыптасып, дамиды деп
тұжырымдайды.
Ш. Уалиханов жеке тұлға тәрбиесінде білім мен тәрбие шешуші рөл
атқарады, адам қабілетінің дамуына бейімділігінің, ынтасының маңыздылығы
зор екенін айтады.
20 ғ. алғашқы ширегіндегі қазақ ғұламалары мен қоғам қайраткерлері А.
Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатовтардың педаго-гикалық
мұраларында білім беру үрдісінде балалардың қызығушылығы мен қабілеттілігін
қалыптастыру мәселесін ескеру керектігі баса айтылған. Ж. Аймауытұлы
Психология және мамандық таңдау еңбегінде белгілі ғалымдардың
зерттеулеріне сүйеніп, мамандықты адекватты таңдай білуге арналған
кеңестерін ұсынды. Оның пікірінше, адамға табиғат сыйлаған қасиеттермен
санаспаса болмайды деп, іштен туа біткен қабілетке үлкен мән береді. 19
ғасырда ол Бостон қаласында кәсіби бағдар беру ұйымы құрылғанын, мұның
жұмысына мектеп басшылары, мұғалімдерімен қатар, зерттеу жұмыстарының
нәтижелеріне мүдделі әр түрлі қоғам өкілдері қатысып отырғанын, алынған
мағұлматтарды бір бірімен салыстырып, математикалық өңдеуден өткізген соң,
зерттеуші әр баланың жеке қасиеттері қай кәсіпке сай екенін айқындағанына
тоқталады. Демек, бұл жағдай әр шәкірттің, оның ата-анасының да мамандық
таңдау мәсе-лесіндегі жағдайын жеңілдетіп, болашақта өз қабілетіне лайық
қандай мамандықты таңдап алуға болатынын анықтауға көмектеседі деген.
Ж. Аймауытұлы әр адам белгілі бір кәсіптің түрін таңдап алатынын, мұнда
ол өзінің тұрмысынан бірілетін ерек-шеліктерін, іс-әрекеттің қандай түріне
бейім екенін аңғара алуы керек дейді. Сонда ғана ол өзіне қажетті
мамандықты дұрыс таңдай алады.
Мағжан Жұмабаев өзінің Педа-гогика еңбегінде адамның жалпы рухани
дамуы туралы айта келіп, жеке тұлға мәселесін ақыл-ой қабілеттілікпен тығыз
байланыста қарастырады.
Соңғы 30-40 жыл ішінде психологтар мен басқа да ғалымдар арасында
қабілеттің дамуында биологиялық фактор мен тіршілік ортасының, әсіресе
әлеуметтік ортаның қатынасы мен ықпалы жайында пікір айтыстары болып
келгені мәлім. Дегенмен, мұндай пікірталастар белгілі бір тұрақты қорытынды
шешімге келе алған жоқ.
Кез келген адамзат бала кезден өмірде үлкен жетістіктерге жетуді
армандайды. Кейбіреулерінде ерте кезден бастап белгілі бір іс - әрекетке
қабілеттілік байқатады (би билейді, сурет салады, , өлең айтады, белгілі
бір музыкалық құралда ойнайды, мүсін са-лады), ал басқа біреулерінде қандай
да бір әрекетке бейімділігі байқалмай қалады. Бірақ, бұл қабілеттілікті
қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте –
бірте жойыла бас-тайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт –
бағдар бере алмайды.
Қабілет түсінігінің бүгінгі ғылым қабылдап отырған анықтамалар төмен-
дегідей:
1) Қабілет – бір адамды екіншісінен ерекшелендіретін дара психологиялық
ерекшелік;
2) Қабілет барша тұлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана
дарыған қандайда бір не бірнеше іс-әрекетті табысты орындауға жарайтын
өзара ептілік;
3) Қабілет - нақты адамда топталған білім, ептілік және дағдылардан
оқшау қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.
Сонымен жоғарыдағы анықтамаларға негізделіп, мынандай қорытынды жасауға
болады, яғни, қабілеттер – іс - әрекетте көрінетін және оның орындалуының
шарты болып табылатын адамның жеке даралық психологиялық ерекшелігі.
Қабілетке білімді, ептілікті және дағдыны меңгеру процесінің жылдамдығы,
тереңдігі, жеңіл-дігі және мықтылығы жатады, бірақ қабілеттің өзі білім мен
ептілікке әкеп соқпайды. Зерттеулер бойынша қабілет - өмірлік қалыптасу,
олардың дамуы жеке даралық өмір барысында жүреді, ал орта, тәрбие – оларды
белсенді қалыптастырады.
Қазіргі әлеуметтік – экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке
қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады. Сондықтан
ата – аналар, мұғалімдер дер кезінде балалардың жеке қабілеттілігін,
бейімділігін анықтап және оны дамытса, оның негізінде олардың болашағына
бағыт берсе – бүкіл дүние жүзіне өзінің елдігін, саясатын танытатын жан –
жақты дамыған дарынды тұлға болып қалыптасуына көп ықпалын тигізері хақ.
Осы аталған мәселенің өзектілігі соншалық, жеке тұлғаның қабілеттілігін дер
кезінде анықтап, оны қолдап отыру қажеттілігі дәлелдеуді қажет етпейді.
Олай болса, қабілет өніп, өркендеуі үшін қолайлы жағдай мен сыртқы ортаның
қажетті факторларын талап етеді.

ІІ бөлім. Қабілеттіліктің қалыптасуына еңбектің ықпалы
2.1 Жеке тұлғаның тәрбиесі және қабілеттілікті қалыптастыру

Жеке адамның бір-бірінен ажырағысыз және оған пәрменді түрде ықпал
ететін биологиялық белгілері мен ерекшеліктері бір-бірімен байланысты.
Анықтауыш қасиеттер - жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері,
мүдделері, мақсаттары.
Жеке адам болу үшін психикалық дамудық белгілі бір дәрежесіне өтіп,
басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға
болуы тиіс.
Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін
қалыптасу деп атайды.
Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы
әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты
процесс.
Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және
жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне
жетеді.
Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғымды анықталық.
Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл
процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал
жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды.
Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам
үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған
құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде
болатын сапалық өзгерістер процесі.
Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі
ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің
дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты
ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудық арасында екі
жақты байланысы болады. Сондықтан жеке адамның даму заңдылықтарын тереңірек
қарастырған жөн.
Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология,
педагогика, т.б. қоғамдық ғылымдардық көптен айналысып жүрген көкейкесті
мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық,
педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-қатынастарға
арналған еңбектерден басқа П.И.Подласыйдық, М.Ф.Хар-ламовтың "Педагогика"
(М.1996-1997), Б.С.Гершунскийдің "XXI ғасырда білім берудің философиясы"
(1993), Г.К.Нұрғалиеваның "Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудық
методологиясы, практикасы" (АД995) секілді ондаған монографиялық еңбектері
жарық көрді.
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді
де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудық мүшесі ретінде
өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-
құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ
біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке
тұлға.
Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз — оның өзіне тән мінез-құлғындағы,
іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына
қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-
пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі өсіріп-білген құбылысқа деген
көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер -
айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер - сын
көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін.
Адамдардық қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр
түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық,
биологиялың ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім
көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға
баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс.
Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас
болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемділігі, қабілеті
бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп
қараймыз. Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерін анықтайтын оның санасы
болып табылады. Сана ақыл-ойдан туындайды. Адамның ақыл-ойы біркелкі
дамымайды. Адамдар бір-бірін бағалауда қателіктер жіберуі де мүмкін. Кейбір
адамдар өзінің жеке басын басқалардан артық бағалауға тырысады.
Жеке тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім
өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу -
миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.
Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардық тәжірибесін жинақтауға да
негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оңығанын, естігенін, көргенін
өз ойына тоңып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын,
сана-сезімін байытады.
Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен
де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-
өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны
өзінің жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы.
Тұлға — жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы,
өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының
нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін
іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді.
Бірақ адам бір нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып,
оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады.
Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты.
Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап,
осының нәтижесі қалай болар екен деп "мың ойланып, жүз толғанып" іске
кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін
опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты.
Тұлға дегеніміз - сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға
жинақталған көрінісі.
Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты
көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе,
екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатып қалады.
Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай алу еркіне байланысты
құбылыс.
Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі
пікірлер мен теориялар орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон
және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым
қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылық немесе
бағынушылықты табиғаттың заңы дейді.
Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі -
преформистер. Преформизм - XVIII ғасырда биология саласында үстемдік еткен,
адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформистер
ересек адамдардық барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындағы сәбидің
ағзасында болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда
болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы деп қарастырады.
Баланың дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні.
Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі.
Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ
немесе байсалды мінез болмайды. Плланың адамгершілік, әуестік, белсенділік
және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның
өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Адаманың
дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты.
Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады.
Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылың, әлеуметтік
орта, тәрбие, т.б. жатады.
Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын
елестетуі. Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне
не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нерсе емес.
Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті
мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы
берілетін биологиялық ұңсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін,
нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға,
биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым
қуалау арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен
берілуі өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы: әйгілі ұлы компо-зитор Иоганн
Себастьян Бахтың ұрпақтарында 300 жыл ішінде тек қана 20 адамдай
музыканттар болған. Мұны бір жағынан отбасы мүшелерінің табиғи
мүмкіншіліктердің (нышанның) болуына, екінші жағынан отбасындағы музыкалық
дәстүрге, музыкалық тәрбиеге байланысты деп қарастырған жөн.
Орта - адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды.
Табиғи орта - бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне
ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына әрекетіне
елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады.
Ал солтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат
жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтары да ерекшеліктер байқалады.
Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын
әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға
мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық,
эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер
адамдардық қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардық
талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті
материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан
тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.
Африкада, Үндістанда, Инденезия елдерінің ормандарында Түрлі
себептерімен аңдардық үңгірлерінде әлеуметтік ортадан тыс өмір сүретін жас
баланың санасын ояту, қабілетін дамытудық мүмкін емес екендігіне ғылыми
мәліметтер дәлел бола алады. 1920 жылы Үндістанның Гадамури деревнясында
тұрғындардық хабарлауымен аңшылар қасқырдық інінен бет әлпеті адамға
ұқсайтын, бірақ төрт аяқтап жүретін екі қыз баланы табады. Оларға Камала
және Амала дейтін ат қояды. Камала 7-8 жаста, ал Амала 2 жаста. Амала көп
кешікпей өледі, ал Камала күн сәулесінен және оттан қатты қорқып, тек шикі
ет жеп қана күн көріп, төрт аяқтап жүріп, көбінесе күндіз ұйықтап түнде
бөлме ішін кезіп жүрген, өзінің кешкі сағат ондарда, түнгі сағат бірлерде,
таңға жақын, үш мезгіл ұлыитын уақыты болған. Камаланы адамға айналдыру өте
қиын болған.
Адам арасында жүрген 2 жылдан кейін Камала түрегеліп тұруды және екі
аяғымен жүріп, бірте-бірте түнде ұйықтап, тамақты қолымен жеуді үйренеді.
Адам тілін үйрету бұдан да қиын болған. Жеті жыл ішінде Камала 45 сөз ғана
түсіне білді. 15-ке келгенде оның есі екі жасар баладай, ал 17-ге келгенде
ой-өрісінің дамуы 4 жастағы баланың деңгейіне әрең жетті. Камала 17 жасқа
дейін өмір сүрген.
Адам жеке тұлға болып қалыпты өсуі және дамуы үшін тек қана адамдар
арасында өмір сүруі қажет. Соңғы кезде орталық Австралияда және Филиппиннің
Менданао аралы ормандарынан табылған жабайы адамдардық сана-сезімінің өте
төменгі сатыда екендігі байқалады. Олардың тіршілік әрекетінің де алғашқы
қауымдағы жабайы адамдардық өмір сүріп, күнін көру әрекетінің ұқсастығы
анықталады.
Педагогика адам дамуындағы әлеуметтік ортаның ықпалын мойындайды, оған
зор мән береді. Бірақ ортаны шешуші және мидын ала анықтаушы фактор деп
қарастырмайды.
Тәрбиенің бала дамуындағы рөлі. Жеке адамды дамытудағы басты
факторлардың бірі - тәрбие. Тәрбие балалардың жеке және дербес
ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие
адамдардық іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала
жасалған арнаулы жоспар бойынша тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап
ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен әдістерін және формаларын
іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады.
Тәрбиенің рөлін педагогика тарихында, аса артық бағалаушылар да болды.
Д.Локк (1632-1704) "тәрбие адамның көзқарастары мен адамгершілік
қасиеттерін жасайтын негізгі құрал, адам тәрбие арқылы жақсы болады" - деп
сыңаржақ пікір айтты. Бала өмірге келгенде, оның жаны сүттей ақ, судан
таза, соңдықтан тәрбиеші өзіне керек адамды жасап алады деп, тәрбиенің
рөлін аса дәріптеп, тұқым қуалау мен әлеуметтік ортаның баланың
қалыптасуындағы рөлін онша бағаламады.
Революционер-демократ В. Г. Белинский (1811-1848) баланың жаны таза
тақтай емес, тақта да сапалы, жазу да әдемі болу керек деді. Белинский
тәрбиенің рөлін жоғары бағалап, адам дамуындағы тұқым қуалаушылық пен
ортаның әсерін де ескерген жөн деді.
Д.Локк, т.б. көзқарастар бойынша тәрбие арқылы адамды түрлі
дәрменсіздіктен, кемістіктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы
адам баласының тұрмысын жақсартуға және санасын өзгертуге болады деген
жорамал ойға келді.
Тәрбие арқылы халықтың тұрмысын жақсарту үшін материалистік педагогика
таптық қоғамды жойып, демократиялық қоғам құруды ұсынды.
Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның
жақсы дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және
әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын
табу нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы
артып, адамгершілік сапасы қалыптасады.
Мектеп мемлекет қолындағы ақпарат құралдардық (баспа-сөз, радио,
теледидар) көмегімен оқушыларға тәрбие береді, сондай-ақ, мемлекеттің
саясатын жүргізеді. Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал
ететін үш фактордық ішінен тәрбие адамның дамуына орасан күшті ықпал етіп,
тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалына белсенді әсер етіп, баланың дамуын
қоғам талаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-
әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті
материалдарды іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын
жағымсыз ықпалдардан аластайды. Осы тұрғыдан келгенде тәрбие аға ұрпақтың
жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге,
еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін
процесс.
Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол —
баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның
жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.
Акселерация оның әлеуметтік және педагогикалық мәні. Адамның өсіп
жетілуінде белгілі заңдылық болады. Ал, бұл заңдылық әр балада әр қалай
болады. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін олардың жас және дара ерекшеліктерін
білу қажет.
Мектептегі кезеңнің өзі бастауыш (6-10 жасқа дейін), тоғыз жылдық (10-
15-ке дейін), орта мектеп оқушылары (15-18-ге дейін) болып үшке бөлінеді.
Баланың дене дамуындағы ең маңыздысы - орталық жүйке жүйесі, өйткені
адамның психикалық әрекеттері осы орталық жүйке жүйесіне байланысты болады.
Балалардың дене және психикалық дамуында соңғы жылдары айқындалған күрделі
өзгерістердің бірі - ағзаның жедел дамуы. Бұл құбылыстарды акселерация
(латынша "дәлелдеу") деп аталады. Акселерацияға тән ерекшелік: балалардың
бойының, салмағының бұлшық еттерінің жедел түрде өсіп жетілуі. Акселерация
құбылысы түрғысынан қарағанда қазіргі жеткіншек балалардың бойы биік,
иықтары қысыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді. Күні бұрын тез
жетілген ағза ауруға, суыққа және дене салмағына төзімсіз келуі анықталуда.
Ересек жастағы балалар жыныс мүшесі жетілу кезінде тез шаршайды. Осындай
тез өсетін ағзада жүрек тамыр жүйесінің дамуы бірнеше есе қалыс қалады да,
өз міндеттерін атқара алмайды. Ал баланың психикалық жетілу денгейі артта
қалады. (соңдықтан ер немесе қыз бала қоғам, отбасы алдындағы өзінің
борышын ар-намысын, міндеттерін, жауапкершілігін түсіне көрмейді. Осы
мәселені ата-аналар, мұғалімдер ескеріп отыруы қажет.
Акселерация - биологиялық фактор, әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы
сонымен бірге радио толқындардық және географиялық-климаттық жағдайлардың
өзгеруі аталған құбылыстың пайда болуына әсер етті. Әрине акселерация
құбылысы жайлы түпкілікті қорытынды шығару ертерек. Өйткені бұл әлі де
зерттеуді қажет етеді, дегенмен акселерацияға байланысты мектеп
жиһаздарына, сырт және аяқ киімдерінің үлгілеріне, дене шынықтыру және
жаттықтыру кешендеріне қайта қарауға тура келіп отыр. Акселерацияның ақыл-
ой дамуына ықпал жасайтындығы байқалуда. Сонымен адамның дамуы өзара
байланысты бірнеше факторлардың ыңпалымен жүретін күрделі педагогикалық,
психологиялық процесс болып табылады.

2.2 Қабілеттілік, оның түрлері және тұлға дамуындағы рөлі.

Адам белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық
қабілеттілік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете
анықтау мұғалімнің басты міндеті.
Қабілеттілік - адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік
және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-
өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.
Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі - қарым-қатынас жасау
белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын қабілеттілік. Балалардың
жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау
белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар
ересек адамдардық әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді.
Балалардың саналы түрдегі мұндай әрекеттерін ырықтм немесс ерікті
қабілеттілік дейді. Бұл жастағы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және
олармен өзара қарым-қатынас жасауға еліктеуі рөлге құрылған ойындарды
атқару барысында байқалады. Ойын барысында балалардың құрдастарымен өзара
қатынасы өзгереді. Бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рөлді ойындарды
атқара отырып, әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнын түсінеді.
Әр түрлі ойын баланың дүниетінымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау
белсенділігін дамытады.
Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (қайырымдылық,
қамқорлық, т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың даму барысында
таным белсенділігі артады.
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін олардың жас және
дербес ерекшеліктерін еске алып, оқу-тәрбие жұмысының барысында сана-
сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету - мұғалімнің басты
міндеті. Мұғалім оқушының білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт
ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін-өзі тәрбиелеуге жүргізілетін
жұмыстардың тақырыптарын ақыл-ой, құлық, еңбек, эстетикалық тәрбиесімен
ұштастырып алады. Баланың өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігін қоғамдық
жұмыстарға байланысты тапсырмалар беріп, орындау арқылы дамытуға болады.
Мысалы: сынып старостасы, тазалық комиссиясының төрағасы болу, т.б. Осындай
тапсырмаларды сапалы дер кезінде орындап отыруға балаларды үнемі жаттықтыру
мен дағдыландыру мұғалімнің және тәрбиешінің төл ісі. Оқушылардың жас
ерекшеліктері мен жеке қабілеттерін ескере отырып, барлығын тапсырмалармен,
яғни, түрлі қоғамдық іс-әрекеттермен қамтамасыз ету керек. Егер тапсырма
балаға бұйрық есебінде немесе көтеріңкі дауыспен берілсе, онда ол іштей
наразылық білдіріп, тапсырманы орындамай аяқсыз қалдыруы мүмкін. Сондықтан
мұғалім әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін арттырудың теориялық аспектілерін зерттеп, оның бәсекелік қабілетін арттыру бағыттарын зерттеу
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері
Аумақтық экономикалық жүйелердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату (оңтүстік Қазақстан облысы мысалында)
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесі
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдарын қарастыру
Студент тұлғасының белсенділігі
Кәсіпорынның тауар өндірудегі мүмкіншілігі
КӘСІПКЕРЛІК АЯСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕ ЖӘНЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Пәндер