Биологиядан білімді қорытындылау



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. БІЛІМ БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРЫЛЫМЫНА ҚЫСҚАША СИПАТТАМА ... ... ... ... .5
1.1 Білім мен дағдыны бақылау мен бағалау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Білімді меңгерту әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
1.3 Сабақты талдау әдістері мен оған қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

2. БИОЛОГИЯДАН БІЛІМДІ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ САБАҒЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43
2.1 Оқушылар білімін қорытындылау және деңгейін анықтау әдістері ... ... ... ..43
2.2 Білімді қорытындылауда тест тапсырмаларын қолдану әдістері ... ... ... ... ...47
2.3 Білімді қорытындылау сабағын жетілдіру әдістерінің дидактикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50
1.сабақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .65
2.сабақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .70

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .75
КІРІСПЕ


Сабақ – оқытудың басты формасы. Сабақ сапасын артыру – барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Бұл ретте білім деңгейінің төмендеу себептерінің бірі – күнделікті сабақ өткізудің стандартты, бір мәнді, шаблонды, көптеген мұғалімдердің сабақ үрдісін түгелдей дерлік жаулап алған дәстүрлі бір сарынды сабақтарда деп айтуға болады. Күн сайын өтетін жаңа сабақты түсіндіру, үй тапсырмасын сұрау және қорытындылау сияқты жаттанды кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақ оқушыларды жалықтырары, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан әр мұғалім өз жұмысында сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіруі, бұған оқушыларды тарта білуі, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыра білуі - міндет. Ұтымды ұйымдастырылған жаңа әдіс-тәсілдер сабақты жандандырады, оқушылардың білімге қызығушылығын арттырады, оқу үрдісін жетілдіре түседі. Білім берудің негізгі мақсаты – білім сапасын көтеру болса, бұл ретте мақсатқа жетудің басты шарты - өзара белсенді ұйымдастырылған сабақ. Жаңа білімді оқушының өз бетімен алуына бағытталған дамытушылық сипаттағы сабақ үлгілері мұғалімнің жеке іс-тәжірибесінен әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.
Елімізде қазіргі таңда білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерге орай, 12 жылдық білім беруге көшу табалдырығында тұрған сәтімізде, Президентіміз Н.Назарбаевтың еліміздің бәсекеге лайықты 50 елдің қатарына кіруі туралы жолдауының талаптарына сәйкес мұғалімге атқарар істер де көп, көтеретін жүк те ауыр. Бұл республикамыздағы жаңа білім концепциясына сәйкес пәндерді оқып үйрену оқушының өз бетімен жұмыс істеуін, оқушының жеке тұлғалық қасиеттері мен шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған үрдіс әрекетінде осының бәріне жетекшілік ететін, оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым – қатынастарды реттеп отыратын, өзінің іс - әрекетінде де барлығын түбегейлі жаңаша жасауы керек болатын, ізденгіш, талап қойғыш, кәсіби шеберлігі кемелденген, оқыту әдістемесінің барлық түрлерін меңгерген жан – жақты дамыған тәжірибелі мұғалім болу керектігін білдіреді. А.Дистервегтің баға беруінше – «нашар мұғалім оқушыға ақиқатты өзі береді (барлығын өзі айтып, түсіндіріп береді), ал жақсы мұғалім оқушының ақиқатты өзі іздеп табуын үйретеді».
ӘДЕБИЕТ
1. «Қазақстан мектебі» №12
2. «Білім кілті» №4-6
3. «Энциклопедия для детей» Москва, 2001
4. «Биология» журнал №1, 2010
5. Аквилева Г.Н. «Методика преподавания естествознания в средней школе» – М., 2004 г.
6. Булашбаева А. Жаңа технологиялар әдістері. Биология және салауаттық негізі. 2006. №6, 39-40 б.
7. Богданова Т.Л. «Биология», Москва, 1998
8. Бозбаева Г. Оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімділігі. Биология және салауаттылық негіз. 2006. №5, 48 - 51 б.
9. Булашбаева А. Жаңа технологиялар әдістері. Биология және салауаттылық негіз. 2006. №6, 39 - 40 б.
10. Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы» Алматы, 2006
11. Исманбетова М. Модульді оқыту. Биология және салауаттылық негіздер. 2006. №3, 30 – 34 б.
12. Кеңесбаев С.М. Жоғарғы педагогикалық білім беруге болашақ мұғалімдерді жаңа ақпараттың технологияны пайдалана білуге даярлаудың педагогикалық негіздері. Автореферат канд. дисс., Түркістан 2006.
13. Меңжанова А.К. Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі. 1996ж. 160 б.
14. Г. Жүнісқызы. Биология оқыту әдістемесі. Биология және салауаттылық негіз. 2003. №4, 9 – 17 б.
15. Қуанбаев Б. Оқытудың педагогикалық жүйесін технолгиялық негізде жетілдірудің дидактикалық негіздері. Автореферат канд. дисс. 2006.
16. Жылыбаев Ж. О. Педагогические условия формировние здорового образа жини учащихся инновационных школ. Автореферат канд. дисс. Астана 2004.
17. Түркіменбаев Ә.Б. Қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы мектептерде жататылыстану пәндерін интерграциялап оқыту процесінің педагогикалық шарттары. Қазақстан мектебі. 2005. №7 9 – 12 б.
18. Селевко Г.К. Педагогические технологии на основе дидактического и методического усовершенствования / Г.К.Селевко. – М: НИИ школьных технологий Народного образования, 2005. – 288с.
19. Смирнов В.А., Соломин В.П. Новые технологии на уроках биологии. Учебное пособие. — СПб.: Образование, 1997.
20. Степанян Е.Н. «Методика преподавания естествознания». – Москва, 2007 г.
21. Строганов В.И. «Природа. Введение в биологию и экологию. Методика для учителя», второе издание, Москва, « Вентана – Граф»,2005г.
22. Сухова Т. С. «Технологии развивающего обучения на уроке биологии» Москва, «Вентана - граф», 2001 г.
23. Сухова Т.С. «Урок биологии. Библиотека учителя.» Москва, «Вентана – Граф», 2001г.
24. Журнал «Биология в школе» № 3, 2005 г.
25. Қалмақбаева, Б. С. XXI ғасырдағы қосымша білімнің жаңа көкжиегі / Б. С. Қалмақбаева
26. Морозоев С.С. Оригинальные способы активизации знаний учащихся на уроках биологии / С.С.Мирозоев // Первое сентября. – 2005. №18.
27. Обаев С.Н. Биологияны оқыту әдістемесі (жалпы бөлім) / С.Н. Обаев, А.Кисымова. – Алматы:Абай атындағы ҚазҰПУ баспаханасы,2010. - 80 б.
28. Пономарева И.Н. Общая методика обучения биологии / И.Н.Пономарева. – М: Академия, 2003. – 266с.
29. Пономарева И.Н. Общая методика обучения биологии: учебно-методическое пособие для студентов педагогических ВУЗов / - М.: Академия, 2003. - 272 с.
30. Козина Е.Ф.«Методика преподавания естествознания». – Москва. 2003 г.
31. Калинова Г.С. Методика обучения биологии (6 – 7 кл.) – М.: Просвещение, 1987.
32. Верзилин Н.М., Корсунская В.М. Общая методика преподавания биологии. 4-е изд. - М.: Просвещение, 1983. - 383с.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. БІЛІМ БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРЫЛЫМЫНА ҚЫСҚАША СИПАТТАМА ... ... ... ... .5
1.1 Білім мен дағдыны бақылау мен бағалау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Білімді меңгерту
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 14
1.3 Сабақты талдау әдістері мен оған қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

2. БИОЛОГИЯДАН БІЛІМДІ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ САБАҒЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІН
ЖЕТІЛДІРУ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
2.1 Оқушылар білімін қорытындылау және деңгейін анықтау
әдістері ... ... ... ..43
2.2 Білімді қорытындылауда тест тапсырмаларын қолдану
әдістері ... ... ... ... ...47
2.3 Білімді қорытындылау сабағын жетілдіру әдістерінің дидактикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
1-
сабақ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65
2-
сабақ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...70

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 75

КІРІСПЕ

Сабақ – оқытудың басты формасы. Сабақ сапасын артыру – барлық
мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Бұл ретте білім деңгейінің
төмендеу себептерінің бірі – күнделікті сабақ өткізудің стандартты, бір
мәнді, шаблонды, көптеген мұғалімдердің сабақ үрдісін түгелдей дерлік
жаулап алған дәстүрлі бір сарынды сабақтарда деп айтуға болады. Күн сайын
өтетін жаңа сабақты түсіндіру, үй тапсырмасын сұрау және қорытындылау
сияқты жаттанды кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақ оқушыларды жалықтырары,
білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан әр мұғалім өз жұмысында
сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіруі, бұған оқушыларды тарта
білуі, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыра білуі - міндет.
Ұтымды ұйымдастырылған жаңа әдіс-тәсілдер сабақты жандандырады, оқушылардың
білімге қызығушылығын арттырады, оқу үрдісін жетілдіре түседі. Білім
берудің негізгі мақсаты – білім сапасын көтеру болса, бұл ретте мақсатқа
жетудің басты шарты - өзара белсенді ұйымдастырылған сабақ. Жаңа білімді
оқушының өз бетімен алуына бағытталған дамытушылық сипаттағы сабақ үлгілері
мұғалімнің жеке іс-тәжірибесінен әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынылып
отыр.
Елімізде қазіргі таңда білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістерге
орай, 12 жылдық білім беруге көшу табалдырығында тұрған сәтімізде,
Президентіміз Н.Назарбаевтың еліміздің бәсекеге лайықты 50 елдің қатарына
кіруі туралы жолдауының талаптарына сәйкес мұғалімге атқарар істер де көп,
көтеретін жүк те ауыр. Бұл республикамыздағы жаңа білім концепциясына
сәйкес пәндерді оқып үйрену оқушының өз бетімен жұмыс істеуін, оқушының
жеке тұлғалық қасиеттері мен шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған
үрдіс әрекетінде осының бәріне жетекшілік ететін, оқушы мен мұғалімнің
арасындағы қарым – қатынастарды реттеп отыратын, өзінің іс - әрекетінде де
барлығын түбегейлі жаңаша жасауы керек болатын, ізденгіш, талап қойғыш,
кәсіби шеберлігі кемелденген, оқыту әдістемесінің барлық түрлерін
меңгерген жан – жақты дамыған тәжірибелі мұғалім болу керектігін білдіреді.
А.Дистервегтің баға беруінше – нашар мұғалім оқушыға ақиқатты өзі береді
(барлығын өзі айтып, түсіндіріп береді), ал жақсы мұғалім оқушының ақиқатты
өзі іздеп табуын үйретеді.
Қазіргі кезде оқушының ой - өрісін көтеру, шығармашылық қабілетін
дамыту, алған білімін практикада қолдана білуге баулу, әртүрлі ғылыми
әдебиеттерді пайдаланып, өзінің білімін тереңдетуге үйрету мәселелеріне
айрықша мән беріліп отыр. Себебі мемлекеттік стандартта орта білім беретін
мектептерде әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оларды өз сұраныстарына,
мүдделеріне сай оқыту мен тәрбиелеудің сан қилы үлгілерін қолдану керектігі
көзделген. Бұл жағдайда оқыту технологиясын өлзгертуді, оқушыларды өз
бетінше білім алуға, өзін-өзі дамытуға, ұйымдастыруға үйрету мәселелеріне
көп көңіл бөлуді талап етеді.
Осы міндеттерді атқару жолында басқа пәндер мен қатар биология пәнінің
атқаратын рөлі де зор. Себебі биология жаратылыстану ғылымдарының тірегі,
ал оның зерттеу әдістері қазіргі заманғы ғылыми танымның тұғыры. Дегенмен,
қазіргі уақытта орта мектептегі биология пәніне бөлінген сағат қоры аздық
етіп отыр. Осының салдарынан биология сабағында, бұрынғы кездегідей
лабораториялық жұмыстар көптеп жасалмайды, есептер шығаруға уақыт
жетіспейді. Осыдан оқушылардың биология пәніне деген қызығушылығын және оны
оқыту сапасын қалай арттыруға болады? деген сұрақ туады.
Менің ойлауымша, бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы биологияны
оқыту әдістемесінің ең тиімді, ұтымды тәсілдерін қолдану, берілген
мағлұматтарды оқушының мейлінше аз уақытта терең жан-жақты игеруін
қамтамасыз ету және биологияны оқытуда дидактикалық материалдарды қолдану
әдістерін пайдалануға болады.
Зерттеу объектісі: орта мектепте биология пәнін оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: білім берудегі дидактикалық материалдар мен жаңа
технологиялар.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: педагогикалық технологияларды пайдалану
арқылы биологиядан білімді қорытындылау сабағын жетілдіру жолдарын көрсету;
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
• Білімді меңгерту, қорытындылау және бағалау әдістеріне сипаттама беру;
• биология сабағында қолданылатын әр педагогикалық технологияның тиімді
жақтарын бөліп алу;
• дидактикалық материалдарды қолдана оқыту арқылы білімді қорытындылау
сабағын жетілдіру жолдарын анықтау.
Зерттеу әдістері: бақылау әдісі, салыстыру әдісі, анкета жүргізу,
тестілеу. Оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстыру және оқушылардың
танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы,
сындарлы білім беру моделіне көшу әлемдік білім берудің стратегиялық
бағыттарының бірі болып табылады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Білім берудің әдістемелік құрылымына қысқаша сипаттама

1.1 Білім мен дағдыны бақылау мен бағалау әдістері

Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері.
Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау – оқыту
нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың
танымдық іс-әрекетін басқару.
Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның
және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім
оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға
негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға
беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың
жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі
деңгейін анықтайды.
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді
тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай
алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын
жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы
кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.
Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал
етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері
қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына
қозғау салады.
Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің,
мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың
үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық
білім беру ісін басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі оқушылардың
білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін
және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді.
Білімді тексеруге қойылатын талаптар:
➢ тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі.
Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып,
білімнің сапасына кері әсер етеді;
➢ әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын
түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің
құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен
тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.
➢ оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу
бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білімді
бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған
қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.
➢ оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау
арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық
сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;
➢ білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;
➢ байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;
➢ мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді
жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;
➢ бағаны әділ қойылуы;
➢ оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
➢ әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға
беруі;
➢ бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің
төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.
Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру. Бұл әдіс арқылы мұғалім
оқушылардың төртібін, білімді қалай қабылдайтынын және түсінетінін,
тәжірибелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру кезінде өз бетімен атқара
алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін, қызығушылығын, қабілетін, білімді
жүйелі алуын қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп, мұғалім
оқушылардың жеке ерекшіліктерін анықтап, оларды өз жұмысында қолданып,
оқушылардың білімдерін дұрыс тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады.
Ауызша жауаптар алу үшін мұғалім сұрақтарды тұжырымдап, кеңестер
береді, міндеттер қояды.
Ауызша сұрау оқушылардың білімін тексеріп бағалау үшін жиі қолданылады.
Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушыларға оқылған материал бойынша сұрақ беріп,
жауаптарын бағалап, материалды қаншалықты деңгейде түсінгендерін анықтайды.
Кейде балалардың білімін ауызша тексеруді әңгімелесу деп атайды. Мұғалім
бір оқушыға барлық тақырыпты түгел баяндатады. Толық жауап білімінің
тереңдігін, жүйесін көрсетеді. Бірақ оқушылардың білімін ауызша тексерудің
кемшіліктері де бар, себебі оған көп уақыт кетіп, 45 минут ішінде 3-4
оқушының ғана білімін тексеруге мүмкіндік береді.
Ауызша тексерудің жетілдірілген түрі жаппай тексеру. Бұл әдіс арқылы
мұғалім оқылған материалды ұсақ бөліктерге бөліп, оларды оқушылардың қалай
меңгергенін білу үшін сыныпқа сұрақтар беріп, олардың білімдерін тексеріп,
көп оқушылардың білімдерін анықтауға мүмкіндік алады. Бірақ жаппай тексеру
арқылы оқушыларға әділ баға қою қиын, себебі бір-екі шағын сұраққа жауап
берген оқушының толық білімін анықтау қиын.
Ауызша сұрауға сабаққа үнемі қатысып отырған оқушылардың біліміне ұпай
беру де жатады. Мәселен, өз жолдасының жауаптарын толықтырған,
нақтыландырған және тереңдеткен оқушылар, мысалдар келтірген, мұғалімнің
жаңа материалды баяндау кезінде қойған сұрақтарына жауап берген, жаңа
тақырыпты тез түсінген балалар ұпай ала алады. Сабақтың соңында аталған
өлшемдер бойынша 4-8 оқушыға ұпай беріп, олардың танымдық белсенділігіне
және зейініне жақсы әсер етіп, баға қорын жинауға болады.
Баға 5 балдық шкала бойынша қойылады. Жақсы оқитын оқушылар оқу
жұмысында үлкен белсенділік танытады, сондықтан оларды бағалау қиын емес,
бірақ та басқа оқушыларға да сабақтың соңында баға қойылатыны ескертіледі.
Жазбаша сұрау бастауыш мектепте сирек қолданылады, 1-сыныптың алғашқы
жарты жылында ол мүлдем қолданылмайды, себебі оқушылар әлі жазуға дұрыс
үйренген жоқ. 2-3 сыныптарда жазбаша әдіс арқылы білімді тексеру жиі
қолданылып, жалпы білім беретін мектептің негізгі және жоғары сатыларында
білімді тексерудің негізгі әдістерінің біріне айналады. Жазбаша білім
тексеру әдісін көбіне өздік жұмыс деп атайды. Бұл әдіс арқылы мұғалім
тақтаға, парақтарға, карточкаларға 10-12 минут ішінде орындалатын
тапсырмаларды жазып қояды. Жауаптардың қорытындыларын сынып журналына
белгілеп, бір сабақта көп оқушылардың білімдерін бағалауға болады.
Жазба жұмыстары үйде және сыныпта орындалады. Тарих, география,
биология, химия, физика пәндерінің мұғалімдері оқушыларға сурет салдырады,
сызба, диаграмма сыздырады, картамен жұмысты бағалайды.
Бақылау жұмысы. Оқу бағдарламасының жекелеген тақырыптарын және
бөлімдерін өтіп болған соң жазбаша немесе тәжірибелік бақылау жұмыстары
өткізіледі.
Бақылау жұмысының алдында мұғалім оқушылардың оқылған материалды
меңгергенін анықтау мақсатымен жазба жұмыстарын жүргізеді. Егер оқушылар
тақырыпты не бөлімді жақсы меңгермесе, онда бақылау жұмысы жүргізілмейді,
оқу материалын меңгерту бағытында еңбектенеді.
Оқушылар бақылау жұмысына дайындалу үшін, мұғалім бақылау жұмысы
болатынын бір-екі апта бұрын хабарлап, дайындық жұмыстарын ұйымдастырады.
Мысалы, бақылау жұмысына ұқсас тапсырмалар орындау және жаттығулар жазу.
Алдын ала бір бақылау жұмысын жүргізіп, оқушылардың болашақтағы бақылау
жұмысына дайындығын тексереді.
Бақылау жұмысы кезінде оқушылардың тәртіп бұзбауы үшін оларға түрлі-
түрлі тапсырмалар беріледі.
Бақылау-тексеру жұмыстары арқылы оқушылар жаңа есептер шығарады,
олардың білімдері, оқиғаларды, хронологияны білуі тексеріліп, диктанттар,
мазмұндамалар, шығармалар жазылып, бұйымдар әзірленіп, сурет салынып, сызба
жұмыстары жүргізіледі, баяндама, рефераттар оқылады.
Оқушылардың дайындығын зертханалық-тәжірибелік жұмыстар арқылы тексеру
Зертханалық жұмыстар арқылы тексеру физика, химия, биология, еңбек
пәндерінде оқушыларға құралдар, қондырғылар арқылы тәжірибе жасатып,
шамаларды өлшету үшін қолданылады.
Қысқаша зертханалық жұмыстар жасағанда оқушыларға өлшейтін құралдар
арқылы өлшеу жұмыстарын жүргізеді.
Бақылау зертханалық жұмысы кезінде оқушылар екі топқа бөлінеді.
Сыныптың бір тобы жазба жұмысын, екіншісі зертханалық жұмыс орындайды,
олардың экспериментке керекті іскерліктері мен дағдылары тексеріледі.
Зертхана түріндегі бақылау жұмыстарын бір немесе бірнеше тақырып бойынша
өткізуге болады. Оқушыларға олардың қандай тәжірибелік іс-әрекеттері
тексерілетінін алдын ала айту керек. Бақылау жұмыстарын әркім өз бетімен
орындайды, жұмысқа керекті құралдарын әзірлейді, оны білетінін анықтау
үшін, оларды үстелдің үстінен алғызуға болады. Оқушы қолданылатын
құралдарды алып, құрастыру сызбасын сызады, тәжірибе өткізеді, тақтадағы
сұрақтарға жауап береді. Әрбір сұрақ тәжірибеге керек іскерліктерді
тексеруге бағытталған. Жұмыс кезінде мұғалім оқушыларды бақылап,
окушылардың деңгейлерін дәптерге жазып отырады.
Бақылау-зертханалық жұмысқа жазбаша есеп және мұғалімнің бақылауының
нәтижелеріне қарап баға қойылады.
Оқушылардың құралдармен, қондырғылармен жұмысын көбейту үшін баспа
әрпімен терілген дәптерлерді, микрокалькуляторлар қолданылады.
Шеберханадағы, оқу-өндірістік бригадалардағы жұмыста оқушылардың
тәжірибелік дайындығы тексеріледі.
Тексерудің негізгі әдісі – мұғалімнің оқушылардың іс-әрекетін жүйелі
түрде бақылауы. Бөлшектерді дұрыс құрастыру, аспаптар мен қондырғыларды
дұрыс қолдану, мектеп жанындағы учаскеде тәжірибені дұрыс жүргізу
бағаланады.
Тәжірибелік жұмыс мазмұнына жетіспейтін жабдықтарды, материалдарды
құралдарды өз бетімен табу, теорияны оқу және қайталау, жұмыс орнын
ұйымдастыру, техниканы және технологияны есептеу, қондырғыларды жинақтау
және өзірлеу, экспериментке, жұмысқа керекті құралдар әзірлеу, эксперимент
өткізу, құрастыру жұмыстарын жасау, қауіпсіздік техникасын, еңбек
гигиенасын сақтау, есеп жазу, еңбек төртібі енеді.
Әр оқушының тегі, аты-жөнінің тұсына жұмыс түрлерінен алған бағалары
қойылады, әрбір жұмысқа берілген бағадан қорытынды баға шығарылады. Мұғалім
жұмыс кезінде жіберілген кемшіліктерді айтып, әр оқушыға дер кезінде, нақты
көмек береді.
Машинамен тексеру әдістері. Кейбір мектептерде білімді автоматты түрде
тексеретін сыныптар болады. Демонстрациялық үстелде сұраққа дұрыс жауап
берілсе, қызыл шырақ жанады. Мұғалім оқушының біліміндегі кемшіліктерді
біліп отырады.
Кейбір мектептерде тексеруші оқу машиналары қолданылады. Машинада
бірнеше сұрақтардың жауаптары болады. Машина 3-5 жауаптың біреуінің дұрыс
екенін хабарлап, оқушы қате жауап берсе, белгі бермейді, немесе жауаптың
қате екенін айтады. Оқу процесіне электрондық-есептейтін техникалар,
компьютерлер көптеп енгізілуде. Оқушы пәндер бойынша тақырыптарды қалай
меңгергенін тексере алады.
Өзін-өзі бақылау әдістері. Өзін-өзі бақылау әдістері - оқушылардың оқу
жұмысының маңызды элементі. Үй жұмысын оқушының өзі тексеретін тәсілдері:
Оқулық мәтінін оқып, оның жоспарын құру, ол жоспармен мәтіннің негізгі ойын
айтып беру, әр тақырып соңында бақылау сұрақтарымен жұмыс істеу, мәтін
бойынша сұрақтар құрастырып, оған жауап беру.
Оқушылардың үй жұмысын тексеру – бастауыш мектептегі негізгі әдістердің
бірі. Күнбе-күнгі тексеру жақсы нәтиже береді. Бұл әдіс арқылы мұғалім
меңгерілген білімнің сапасын бақылап, оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді
анықтап, келесі сабақтардың жоспарларына түзету енгізеді. Дәстүрлісі және
тиімдісі – оқушылардың үй жұмыстары орындалған дәптерлерді тексеру. Оқу
үлгерімі нашар оқушылардың дәптерлерін үнемі тексеріп, жақсы оқитын
оқушылардың дәптерлерін кейде тексеруге болады. Кейде сабақтың соңында үй
жұмысын тез тексеруге болады, ол үшін оқушылар жаттығу жазып, немесе шағын
өздік жұмыс орындап жатқан кезді пайдаланған дұрыс. Оқушылар тек дұрыс
жауапты айтады, мұғалімнің қате жауаптарды талдауға уақыты жетпейді.
Сондықтан осындай тексеруден кейін нашар оқушылармен жұмыс істеледі.
Кейбір мұғалімдер оқушылардың үй жұмыстарын бір-біріне тексертеді. Бұл
тәсілдің екі нұсқасы қолданылады: 1) оқушылардың бір-бірінің дәптерлерін
тексеруі; 2) бір оқушының тақтаға үй жұмысын жазуы (Бұл кезде сынып басқа
тапсырмаларды орындайды: ауызша ережелерді қайталайды, басқа тапсырмаларды
тексереді). Оқушының тақтадағы жұмысына қарап, басқалары өз жұмыстарындағы
қателерді түзетеді.
Бастауыш сыныпты бітірер алдында басқа тәсілдер қолданылады. Жаппай
сұрау арқылы оқушылардың есептерінің нәтижелері анықталады.
Сынақ-емтихан әдісі арқылы ірі тақырыптарды, курстың бөлімдерін немесе
тұтас курсты оқып үйренудің қорытындылары шығарылады. Оқушылар монолог
түрінде жауап бере алады. Сұрақ-жауап арқылы және алдын ала әзірленген
сұрақтар, тапсырмалар арқылы да оқушылардың білімдері тексеріледі.
Белгілі бір тақырып бойынша қосымша оқу ақпараттарын жинаған, оқу-
тәжірибе учаскесінде өсімдік өсірген, шеберханада бұйым жасаған, өтілген
курс бойынша реферат жазған оқушыларға сынақ қойылып, сапалы жұмыстар
есептеледі. Жұмыстың түріне байланысты жеке оқушының, топтық немесе ұжымның
жұмыстарына баға беріледі. Мәселен топ және ұжымға оқу-тәжірибе учаскесінен
жақсы өнім алғаны үшін "есептелді" деген белгі қойылады.
Емтихан - мұғалімнің, мектептің жұмысына мемлекеттің бақылау жасау
құралы. Емтихандар білім беру ұйымдарының бақылауымен және басшылығымен
өткізіледі. Олар оқушылардың білімдерін қорытындылауға және жүйелеуге
көмектесіп, оқытудың беріктілігі принципін жүзеге асырып, оқушыларды саналы
тәртіпке үйретіп, оқуға ынталандырады. Сондықтан емтихандар оқу жұмысының
сапасын көтерудің тиімді құралы болып табылады.
Емтихан жылы шырайлы жағдайда өту үшін барлық оқушыларға билеттің
сұрақтары беріледі. Тек қана практикалық тапсырмалардың, есептердің мазмұны
туралы айтылмайды.
Тексеруден диагностикаға көшу. Оқытудың әр бөлігін оқып-үйренуді
аяқтаған соң оның нәтижелерін білу үшін диагностика қолданылады.
Диагностика - оқу-тәрбие процесінің барысы және нәтижелері туралы
ақпарат алу тәсілі. Мектептегі диагностиканық міндеттері:
• оқушылардың даму барысына және нәтижелеріне талдау жасау (білім
алуға әзірлігі, психикасының жұмысы, дамуы);
• оқыту процесінің барысын және нәтижелерін талдау (білімнің көлемі
және тереңдігі, білім, іскерлік, дағдыларды қолдана білуі, ой жұмысының
негізгі тәсілдерінің болуы, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін білу);
• тәрбие барысын және оның нәтижелерін талдау (тәрбиелік деңгейін,
адамгершілікке сенімін, адамгершілігін).
Неге тексеруден гәрі диагностика туралы көп айтылуда? Дәстүрлі тексеру
әдістері неге қайта қаралуда? Бұл оқу-тәрбие процесін ізгілендіруге
байланысты.
Егер өткен тәрбиеде талдау, тексеру және бағалаудың объектісі оқушының
еңбегі болса, енді жаңа жағдайда мұғалім мен оқушының бірлескен еңбегі,
оның нәтижелері талданады. "Енді жоспарланған көрсеткішке неге толықтай
жете алмадық?" - деген сұраққа жауап беру керек. "Оқыту процесі тиімді болу
үшін не істеу керек?" - деген сұраққа диагностика жауап береді.
Диагностика нәтиже мен процесті бірге зерттейді. Оқушының еңбегі
мұғалімнің еңбегімен бірге талданып, оқушының мүмкіндігі, қабілеті және
икемділігі зерттеледі. Мұғалімнің жұмысына ықпал еткен жағдайлар
ескеріледі. Тексеру оқушының "оқығым келмейді" деген пікірімен санаспайды.
Ал диагностика онымен санасады, оқушының оқуға ынтасын арттыру тәсілдерін
табады. Мысалы, тексеру арқылы 3-сыныптың оқушысы барлық тапсырманы дұрыс
орындағаны анықталады. Мұғалім оған "өте жақсы" деген баға қойды және
мадақтады. Процесс те, нәтиже де жақсы сияқты. Тек қана диагностика
оқушының "өте жақсы" баға алғаны есте сақтау қабілетінің жақсылығынан
екендігін, бірақ оның ақыл-ой жұмысына қабілеті нашарлығын анықтайды.
Мұғалім кемшілікті жою мақсатымен оқушыға түрлі тапсырмалар береді.
Дәстүрлі тексеру нәтижелерді бағалап, олардың себептерін түсіндірмейді.
Диагностика арқылы оқушылардың білім, іскерліктері тексеріліп бағаланады,
сандық мәліметтер талданады, бағыттар айқындалып, одан арғы жұмыстар
болжанады. Диагностика үшін көптеген әдістер және әдістемелер қолданылады.
Мысалы, дәстүрлі тексеру, бағалау әдістерімен қатар тест әдісі, оқушылардың
оқуға керекті психикалық сапаларын, атап айтсақ, есті, зейінді, ақыл-ойды,
т.б. зерттеу, жеке оқушылармен жұмысты жобалау әдісі қолданылады. Қазіргі
мектепте қолданылатын диагностика педагогикалық қатынастар жүйесіндегі
оқушыны (сыныпты) жан-жақты зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер мен
әдістемелердің жиынтығы.
Дәстүрлі тексеру әдістері диагностика арқылы ізгілікке қызмет етіп,
мектепте жақсы қарым-қатынас орнатады. Диагностика оқушыларды "орташа",
"үздік" деп бөлмей, олардың мүмкіндіктерін анықтайды. Диагностикалық
қорытындылар дәл, толық болу керек. Барлық мұғалімдер гуманистік идеяларды
мойындағанда ғана диагностика арқылы әрбір оқушы туралы ақпараттар жиналып,
оның қабілетін, дарындылығын дамытуға қолайлы жағдай жасалады.
Оқушылардың білімдерін тексеру, бағалаумен байланысты әлі шешілмеген
мәселелер көп. Гуманистік педагогикада бірінші орында оқу тәрбие процесінің
барысы және нәтижелері туралы ақпараттар алудың тәсілі, мұғалімдер мен
оқушылардың бірлескен еңбегінің нәтижелерін көтеру жолдарын табу үшін
талдайтын диагностика тұрады. Диагностика керекті ақпаратты алудың қосымша
тәсілі ретінде тексеру және бағалауды қолданады.
Тексеруді ізгілендіру. Оқушылардың білім, іскерліктерін тексеру,
бағалау педагогикалық технологияның ежелгі бөлігі диагностикалық құрамына
кіреді. Бақылаусыз, тексерусіз оқытуға бола ма? Зерттеулер оқу жұмысының
сапасы мадақтау әдісіне байланысты екенін дәлелдеп отыр.
Мектеп өміріндегі демократиялық өзгерістер, ізгілендіру білім,
іскерліктерді бақылау және бағалауды жетілдіруді талап етеді.
Оқыту нәтижелерін бағалау. Бақылау – білім, іскерліктерді анықтау,
өлшеу және бағалау. Тексеру – бақылаудың бір бөлігі, негізгі дидактикалық
қызметі мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету,
оқушылардың материалды қалай түсінгендігі туралы мұғалімнің ақпарат алуы,
білімдегі кемшіліктерді дер кезінде табу. Бақылаудың жалпы қызметі;
тексеру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру. Тексерудің мақсаты -
оқушылардың білім деңгейін, оның сапасын, оқу еңбегінің көлемін анықтау.
Бақылау арқылы процеске, оның нәтижелеріне баға беріледі. Үлгерімнің
табеліне, сынып журналына бағалар қойылады. Әділ бағаның ықпалымен оқушылар
дұрыс баға беруге үйренеді. Үлгерімді диагностикалау мен бақылаудың маңызды
принципі әділдік, жүйелілік, көрнекілік. Баға әділ қойылу үшін
диагностикалық тестілердің (тапсырма, сұрақтардың) мазмұны ғылыми
әдістермен жасалып, мұғалімдер мен оқушылардың арасында дұрыс қарым-қатынас
болу керек.
Жүйелілік принципінің талабына сәйкес диагностикалық бақылау білімді
қабылдаудан оны тәжірибеде қолдануға дейін жүру керек.
Көрнекілік принципіне сәйкес барлық оқушыларды бір өлшеммен сынақтан
өткізіп, бағаны талдап қойып, тестілердің нәтижелері талқыланады.
Тексеру жүйесіндегі бірінші звено-білім, іскерліктерді алдын ала
талдау. Ол оқу жылының басында өткізіліп, оқушылардың өткен оқу жылындағы
білімдері немесе 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың мектепке әзірлігі
анықталады. Тексеру нәтижелеріне сүйеніп, оқушылардың білім,
іскерліктеріндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған оқу жұмыстары жүреді.
2-бөлім: әр тақырыпты меңгеру процесін күн сайын тексеру.
3-бөлім: жаңа материалды оқумен қатар бұрынғы оқылған материалдарды
қайталау, қайта тексеру, білімді бекіту.
4-бөлім: оқушылардың білім, іскерліктерін жүйелеу мақсатымен бөлім,
тақырыптар бойынша мезгіл-мезгіл тексеру.
5-бөлім: дидактикалық процестің барлық кезеңінде алынған білім,
іскерліктердің қорытындыларын әр тоқсанның аяғында, оқу жылының соңында
тексеру.
Кешенді тексеру арқылы оқушылардың әр түрлі пәндерден алған білімдерін
қолдана білуі анықталады.
Жетістікті тестілеу - бақылаудың әділ әдісі, соңғы уақытта бастауыш
сатыға көптеп еніп жатқан тест. Тест ағылшын сөзі, қазақшасы сынақ,
тексеру. Тестілеу - білімді меңгеру деңгейін анықтау үшін қолданылатын
тапсырмалардың жиынтығы. Үлгерім тестілері жетістікті тестілеу - оқушының
оқыту және тәрбие арқылы қандай деңгейге жеткенін анықтау.
Дұрыс құрылған тестілер көптеген талаптарды қанағаттандырып, оларды
орындауға көп уақыт кетпейді, сұрақтары қысқа, нұсқа болады.
Тестілердің түрлері:
➢ Ақыл-ой қабілетін, дамуын тестілеу.
➢ Арнайы қабілетті тестілеу.
➢ Үлгерімді, тәрбиелікті анықтауға бағытталған тестілер.
➢ Жеке сапаларды есті, ойлауды, мінезді анықтауға арналған тестілер.
Үлгерім тестілерінің қорытындысы оқушылардың даму деңгейін толық
сипаттамайды.
Тест құрастыруға қойылатын талаптар:
➢ білім стандартына сәйкестігі;
➢ қате жауаптарды енгізу;
➢ дұрыс емес жауаптардың шындыққа жақын болу керек;
➢ дұрыс жауаптарды қате жауаптармен бірге беру;
➢ бір сұрақ жауабының басқа сұрақтарға жауап беруге көмектеспеуі.
Алдын ала тексеру. Тақырыпты, бөлімді немесе курсты түсіну бұрынғы оқу
материалдарын білуге байланысты. Егер мұғалімде ол туралы ақпарат жоқ
болса, онда ол одан әрі оқыта алмайды, қажетті ақпаратты мұғалім бастапқы
білімдерді тестілеу арқылы алып, қол жеткен деңгейді анықтайды. Бұрынғы
нәтиже мен қазіргіні салыстырып, білім, іскерліктің қандай деңгейде екенін
біліп, процестің тиімділігін талдап, өз оқушыларының жетістігіне қосқан
үлесі туралы қорытынды жасайды.
Ағымдағы бақылау. Тестілік бақылау үшін 6-8 тапсырма беріліп, 5-8 минут
ішінде соңғы 2-3 сабақта алынған білім мен іскерліктер тексеріледі. Жұмысты
аяқтаған соң міндетті түрде қателері талданады. Ең басты назар оқушының
қатесінің себептерін білуге аударылады.
Тақырыптық бақылау үшін оның жекелеген ұғымдарын олардың арасындағы
байланыстарды қалай түсінгендігін анықтауға тапсырмалар беріледі. Білімді
тест арқылы тексеру үшін мамандардың тестілерін қолданған дұрыс.
Қорытындыны тексеру әрбір оқу тоқсаны және оқу жылы аяғында өтеді, оқу
материалы жүйеленеді және талдап қорытылады.
Білімді тексерген кезде ең алдымен өз бетімен оқу үшін өте маңызды
болып табылатын білімдегі кемшіліктер анықталады.
Әрине, білім, іскерлік, дағдылардың меңгерілгенін тесті арқылы толықтай
анықтау мүмкін емес. Мысалы, өз жауабына мысалдар келтіру, өз ойын жүйелі,
дәлелді етіп айту тест арқылы анықталмайды.
Сондықтан тест әдісі басқа тексеру формалары және әдістерімен ұштасу
керек. Жазбаша тестінің жауаптарын ауызша да сұрауға болады. Тесті білімді
әділ бағалайды, бірақ нашар оқушыға бір балл артық, жақсы оқушыға бір балл
төмен қоюға болмайды.
Сонымен балалардың бәрі балабақшадан бастап тестілік сынақтан өтеді.
Мемлекеттік білім стандартына сай міндетті деңгейдегі білім, іскерлік,
дағдыларды тексеруге арналған әдістемелік нұсқау жаңа оқу бағдарламаларында
жазылған.
Баға қою. Баға оқушыға білімдік стандарттарды меңгергені үшін қойылады.
Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі - баланы өзіне баға беруге
дағдыландыру үшін оған бағалау өлшемдерін түсіндіру.
Дәстүрлі төрт баллдың бағалау жүйесі:
➢ толық біледі (өте жақсы);
➢ жеткілікті біледі (жақсы);
➢ жеткіліксіз біледі (қанағаттанарлық);
➢ білмейді (қанағаттанғысыз).
Бірінші тәсіл арқылы мұғалім баға туралы өз пікірін айтады, бірақ оған
уақыт кететіндіктен, көп қолданбайды. Екінші тәсіл - бағаны, оны неліктен
қойғаны жөнінде күнделікке жазу. Үшінші тәсіл - үлгерім экранын шығару.
Білім, іскерлік, дағдыларды бақылау және бағалау жұмыстары:
➢ тексеру және бағалаудың пайдасын көрсететін жағдаяттар жасау;
➢ "Үйге не берілді?" деген сұраққа жауап алуға уақыт кетірмеу;
➢ жақсы көңіл-күйге бөлеу;
➢ оқушының жауапты ойланып беруіне уақыт бөлу;
➢ оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдау, мадақтау;
➢ жауапты соңына дейін тыңдау, талдау және ескертулерді кейін жасау;
➢ оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру (жай, темперамент, тіл
кемістігі);
➢ жеке тапсырмалар беру;
➢ оқушы өзін еркін сезетін жағдай жасау:
➢ оқушының жауабын талдау, жеке тұлғасын сынамау;
➢ оқушылар бағасын көтергісі келсе, оларға талсырманы қайта беру;
➢ жауап бергенде, тапсырманы орындағанда тірек сызбаларды қолдануға
рұқсат беру;
➢ бақылау және тексеру әдістерін түрлендіріп отыру;
➢ тестілік бақылауды жиі қолдану.
Сонымен баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға -бала
өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп,
сыныптағы беделін нығайтады. Сондықтан мұғалім баға қоюға өте мұқият болу
керек. 1-сыныпта баға қоймауға болады, басқа сыныптарда байқау, жарыс,
ойындар ұйымдастырып, әр баланың өз орнын анықтауына көмектеседі.
"5" деген баға оқу бағдарламасының мазмұнын терең және толық білетін,
оқу материалындағы теория мен фактіні ажырата алатын, жауабын өз бетімен
жүйелі етіп құрастыратын, анықтама, ұғымдарды түсінетін, тілдік нормаларды
сақтап сенімді, қатесіз, жауап беретін қосымша материалдар қолдана алатын,
ойы оралымды оқушыға қойылады.
"4" бағасы ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей алатын,
бірақ кейбір жерлерін нақты айтпайтын, жекелеген қате жіберетін оқушыға
қойылады.
"3" бағасы оқу материалындағы негізгі ережелерді, тәуелділіктерді
үстүрт түсінген, ой-пікірлерді талдай алмайтын, жауабы жүйесіз, мұғалім
көмегімен жауап беретін оқушыға қойылады.
"2" бағасы білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен фактіні
ажырата алмайтын, жаттанды сөйлейтін, бағдарламаны игеруге мүмкіншілігі
жоқ, бағдарламаның материалын түсінбейтін оқушыға қойылады.
Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау шаралары:
Үлгермеушілікті болдырмау үшін оқу материалдарын түсінбеу себептерін
анықтау керек.
Үлгермеудің негізгі себептерінің бірі - жұмыс істеу қабілетінің,
ынтаның, зейіннің жоқтығы. Егер бұл сапалар отбасында қалыптаспаса, онда
балаға мектепте оқу қиынға түседі.
Екінші себеп - білімнің жүйесіздігі, жауапкершіліктің төмендігі. Оқушы
бұрынғы оқу материалдарын түсінбегенін мұғалім уақытында байқамаса, онда
оқушының оқуға қабілеті жеткіліксіз болады. Әдетте мұндай оқушылармен жеке
жұмыстар жүргізіліп, оларға кеңес беріледі.
Үшінші себеп - материалдан мәнді белгілерді бөле алмау, негізгі мен
негізгі емес мәселелерді ажырата алмау, оқушылардың жаттап оқып, бәрін есте
сақтауға тырысуы. Мұндай оқушыларға абстрактілі ойлауларын дамыту үшін
талдауға, қорытындылауға жаттығулар беріледі.
Төртінші себеп - пәнге деген қызығушылықтың жоқтығы. Нәтижесінде
оқушының зейіні, білімге деген ықыласы төмендейді. Бұл тәжірибесіз
мұғалімнің ашу-ызасын туғызып, түрлі дау-жанжалдарға себепші болады.
Оқушыларға талап қою, құрметтеу, оқушының жеке тұлғалық сапаларын ескеру,
баланы қызықтыру оның оқу жұмысын белсенді етіп, кемшіліктерін түзетуге
ықпал етеді.
Бесінші себеп - оқушының отбасындағы қолайсыз жағдай, құрбыларымен тіл
табыса алмау, оқушының оқу жұмысын атқара алмауы, "қиын" балаларға
еліктеуі.
Үлгермеудің басқа да себептері бар. Ең бастысы – үлгермеу себебін
анықтап, жеке жұмыстың жолдарын белгілеу. Мұғалімнің, мектептің міндеті
әрбір оқушының жақсы оқуына көмектесу.

1.2 Білімді меңгерту әдістері

Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе тәсілдермен іске асса да,
оқыту әдістерін таңдау негізінен, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың
жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес анықталады.
Педагогика тарихында алуан түрлі оқыту нысандары болды. Олардың пайда
болуы, дамуы, кейбіреулерінің жойылуы қоғамның талабына байланысты еді.
Әр заман оқытуды ұйымдастыруға әсер етті. Нәтижесінде педагогика ғылыми
тәжірибеден көптеген деректер жинады.
Баланы оқытуды ұйымдастырған алуан түрлі жұмыстар зерттеліп, олардың
ішінен қазіргі заманға лайықтылары іріктелді.
Мектепте оқитын оқушылардың саны, олардың оқитын жерлері, оқу жұмысының
ұзақтығы зерттеліп, баланы жекелеп оқыту, топты, ұжымды оқыту, сыныпта,
сыныптан тыс, мектепті, мектептен тыс жерлерде оқыту жолдары анықталды.
Баланы жекелеп оқыту өте ерте кезден бар. Ол тапсырманы мұғалімнің не
өзінің үйіндеорындайды. Тапсырма мұғалім оқулығынан беріледі. Жекелеп оқыту
қазір де қолданылады.
Баланы жекелеп Оқыту XIII ғасырға дейін қолданылған. Әсіресе, ауқатты
адамдар балаларын жекелеп оқытқан.
Жекелеп оқытудың жақсы жақтары:
• Мұғалім оқушының нені білетінін, нені білмейтінін анықтайды.
• Оқушының қатесін уақытында түзетеді.
• Оқушы өзіне ыңғайлы уақытта жұмыс істейді.
Кемшіліктері:
• Мұғалім оқушыға білім беріп, оны оқушы қалай түсінгенін тексерумен
шектеледі.
• Оқушы басқа оқушылармен қарым-қатынаста болмайды.
• Бала ұжымда, әлеумет арасында жұмыс істеуге үйренбейді. Міне,
сондықтан жекелеп оқыту XI ғасырдан бастап азая бастады.
Балаларды жекелеп – топтап оқыту түрі қалыптасты. Мұғалім тек бір
оқушыға емес, "түрлі жастағы балаларға тапсырма берді. Олардың дайындық
деңгейлері де түрліше еді. Сондықтан мұғалім әр оқушымен жеке жұмыс
жүргізді. Мұғалім әрбір оқушыдан өткен материалдарды сұрап, әрқайсысына
жаңа тақырыпты түсіндіріп, жеке тапсырмалар берді. Оқушылар окуға жылдың
кез келген уақытында келді.
Жеке, жеке-топтық оқыту түрлері XI ғасырдың аяғы, XII ғасырдың басында
қоғам сұранысын қанағаттандырмады.
X, XI ғасырдағы Еуропаға білімді адамдар өте қажет еді, себебі қолөнер,
сауда, өнер, әдебиет, сәулет өнері дамыды. Осыған байланысты оқитын
балаларды ұжымға біріктіру туралы ұсыныстар алғаш рет Белоруссия,
Украиналық туысқандық мектептерінде жүзеге асты. Оны балаларды сынып-сабақ
жүйесі арқылы оқыту деп атады. Сынып-сабақ жүйесінің тәжірибесін зерттеп,
оны дүние жүзінің мектептеріне таратқан Я.А.Коменский.
Оқытудың бұл түрі жетілдірілген түрде дүние жүзінің мектептерінде
қолданылуда. Сынып-сабақ ұғымының пайда болғанына 350 жылдай уақыт болды.
XIII- ХІХ ғасырларда ағылшын діни қызметкері А.Белл және мұғалім Джон
Ланкастер өзара оқыту жүйесін қолданды. Алдымен жоғары сынып оқушылары
мұғалімнің басшылығымен тақырыпты өздері оқып, одан нұсқаулар алып,
бастауыш сынып оқушыларын оқытты. Бірақ, өмір бала оқыту үшін арнайы
дайындық керек екенін көрсетті.
Трамп жоспарын АҚШ профессоры Ллойд Трамп жасады. Білікті мұғалімдер,
профессорлар ОТҚ арқылы 100-150 кісіге дәріс оқып болған соң, 10-15 кісіден
тұратын азғантай топтар дәріс материалдарын талдап, ол туралы өз пікірлерін
айтады, пікірсайыс өтеді.
Аз топтардағы сабақты қатардағы мұғалім не топтағы жақсы оқушы
жүргізеді. Мектептің кабинеттерінде, зертханаларында жеке жұмыстар жүреді.
Дәріске - 40%, аз топтардағы сабақтарға - 20%, жеке жұмыстарға - 40% оқу
уақыты кетеді. Сынып болмайды, топтың құрамы өзгеріп отырады. Трамп
жоспарымен эксперименталдық мектептер жұмыс істейді. Көпшілік мектептерде
жоспардың кейбір жерлері қолданылады.
Бригадаларға біріктіріп оқыту. Тапсырма бір топ оқушыларға беріледі.
Олар өз беттерімен зертханаларда жұмыс істеп, мұғалімдер оларға кеңес
береді. Есепті бригадир береді. Кемшілігі: оқушылардың білім деңгейінің,
жауапкершілігінің төмендеуі, оқытудың нәтижесінің жоқтығы, мұғалімнің
түсіндіруінсіз тапсырманы орындай алмау.
Дальтон жоспары. Оны ХХ ғасырдың басында Дальтон қаласының (АҚШ)
мұғалімі Елена Паркхерст ұсынады. Оны зертханалық жұмыс деп те атайды.
Аталған жоспармен оқытқанда сабақтар болмайды, мұғалім сабақты
түсіндірмейді, оқушыларға өз бетімен оқитын әдебиеттер көрсетілген жазбаша
тапсырма береді. Оқушылардың әрқайсысы материалды өз бетімен оқып мұғалімге
есеп беріп отырды.
Бірақ көптеген оқушылар мұғалім көмегінсіз тапсырманы орындай алмады.
Сондықтан дальтон жоспарымен Оқыту мүмкін болмады.
Оқушының әр түрлі сыныптарда оқуы. Ол бір пән бойынша 7-сыныпта, екінші
пән бойынша 5-сыныпта оқиды.
Оқытуды ұйымдастырудың ерекше түрі оқушылардың бірнеше күн бойы бір не
екі пәнді оқуы. Осылай оқыту Вальдорф мектептерінде бар.
1. Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі — сабақ.
Сыныл-сабақ жүйесінің мәні мен ерекшеліктері.
• Жастары және дайындықтары бірдей оқушылардан сынып құрастыру.
Сыныптың құрамы мектеп бітіргенше өзгермейді.
• Оқу процесі өзара байланысты, бірінің соңынан бірі келіп отыратын
сабақ түрінде жүреді.
• Сынып жылдық жоспар, бағдарлама, тұрақты сабақ кестесі бойынша
жұмыс істейді. Балалар мектепке жылдың бір уақытында қабылданады.
• Жұмыстың негізгі түрі – сабақ.
• Сабақ бір оқу пәнін, тақырыпты түсіну үшін өткізіледі.
• Оқушылардың жұмысына мұғалім басшылық етеді. Ол оқушылардың білім,
іскерлік, дағды деңгейлерін анықтап, оларды жыл аяғында келесі сыныпқа
көшіру туралы шешім қабылдайды.
• Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің алуан түрі;
• Әр сабақта үш мақсатқа жету үшін жұмыстар жүргізіледі.
Сынып – сабақ жүйесі әлі зерттелуде. Жақсы жақтары: сынып-сабақ
жүйесінің басқа оқыту түрлеріне қарағанда артықшылықтары бар, себебі оның
бөліктері бір-бірімен байланысты, мұғалім барлық оқушылармен жұмыс істейді,
оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік жасалады. Оқушылар тәрбиеленеді,
дамиды, бір-бірімен жарысады. Сабақ оқу-тәрбие жұмысын реттейді, оны
басқарады, балалар бір- бірімен ынтымақтаса жұмыс істейді, мұғалім
оқушылардың сезім әлеміне әсер етеді, тәрбиелейді, көп оқушылармен жұмыс
істейді. Кемшілігі: үлгерімі нашар оқушыларға қиын, ал жақсы оқитындардың
қабілеті тежеледі. Мұғалімге әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізу қиын. Басты
кемшілігі "орташа" оқушымен жұмыс істеудің, жеке оқу-тәрбие жұмысын жүргізу
мүмкіндігінің жоқтығы.
Сондыңтан ғалымдар сынып-сабақ жүйесін жетілдіру жолдарын іздестіруде.
Сабақ – оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ упқыты қысқа,
сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының
дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа
технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау
үшін жұмыстануда. Жақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес. Көп нәрсе
мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына
байланысты. Талаптарды әлеуметтік сұраныс, оқушылардың жеке қажеттіліктері,
Оқыту мақсаты және міндеттері, оқу процесінің заңдылықтары мен принциптері
анықтайды.
Одан басқа мектептерде көмекші нысандар, атап айтсақ, кеңес, қосымша
сабақтар, нұсқаулар, үйірме, клуб жұмысы, сыныптан тыс оқу, үй жұмыстары
және басқалары қолданылады. Кейде сыныптан тыс оқытатын нысандарға
экскурсияларды, мектеп жанындағы үлеске, шеберханадағы жұмысты, туған
өлкеге саяхатты, спорт жарыстарын, т.б. жатқызады.
2. Сабаққа қойылатын талаптар
Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы
қажет. Бұл орайда Ж.Аймауытовтың мұғалімге байланысты берген төмендегі
бағалы нұсқауларын есте сақтаған жөн:
• жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру;
• тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат
аудару;
• сабақты алдын ала даярлайтын сұрақтар қою арқылы оқушының ынтасын
арттыру, ілтипатын сақтау;
• қажетсіз мағлұматтардан сақтанып, баланың ілтипатын оятатын
қызықты нәрселерді ғана сөйлеп үйрету;
• баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлұматтардан сақтану; лайықты
салыстыру, ұқсастыру тәсілдер арқылы оңтайлы оқытуды жандандыруға тырысу;
• алғашқы кездегі оқыту деректі, көрнекі болуы керек;
• өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы оқытатын пәніне өзі де
ынталануы, өзі де жақсы көруі тиіс, оқытушы сүйген нәрсені оқушылар да
сүйеді.
I. Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:
• білімдік міндеттерді нақты қою, олардың дамуға және тәрбиеге
ықпалын анықтау;
• оқу бағдарламасының талабы мен сабақтың мақсатына сай, оқушылардың
білім деңгейлеріне қарап сабақты жоспарлау, оқушылар меңгерген ғылыми
білімдерді, іскерлік дағдыларды аңықтап отыру;
• оқытудың тиімдірек әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау,
оқушыларды ынталандыру, меңгеру барысын бақылау, танымдық белсенділікті
арттыру, ұжымдық және жеке жұмыс түрлерін ұштастыру, өздік жұмыстарды
ұйымдастыру;
• оқыту принциптерін қолдану;
• оқушылардың жақсы оқуына жағдай жасау.
II. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:
• оқу пәні және нақты сабақ арқылы әр оқушының дамуын жобалау;
• оқушыларды дамытатын психологиялық-педагогикалық құралдарды,
әдістемелік тәсілдерді табу;
• оқушылардың репродуктивтік және шығармашылық жұмыстарының көлемін
анықтау; жұмылдыра білуі. Ақыл-ойының дамуы;
• білім деңгейлеріне сәйкес оқушыларды топтарға бөлу, олардың
әрқайсысымен жеке жұмыстар жүргізу. Жаппай жұмысты уйымдастыру.
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру:
• жақсы және нашар оқитын оқушылармен жұмысты жоспарлау;
• оларға жеке тапсырмалар беру;
• әрбір оқушының белсенді оқуына жағдай жасау.
III. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар:
• қалыпты температуранық болуы;
• ауаны тазартып түру;
• жарықтың болуы;
• балаларды шаршатпау;
• іс-әрекетті түрлендіріп отыру. Мысалы, тыңдауды санаумен, жазба
және практикалық жұмыстарымен ауыстыруға болады;
• сергіту сәтін уақытында және сапалы өткізу;
• оқушылардың жұмыс істеген кездегі дұрыс қимыл-қозғалыстары;
• сынып жиһаздарының оқушының дене бітістеріне сәйкес келуі және
оның өсуіне ықпалы.
IV. Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар:
• сабақтың әсерлілігі, оқуға қызығушылықты және білімге деген
сұранысты арттыруы;
• сабақтың қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы
жұмыстарының нәтижелілігі;
• мұғалім мен оқушы арасында жұмыс барысында пайда болатын тығыз
байланыс. Әр оқушыға сенім білдіру;
• мұғалім көңілінің көтеріңкілігі, белсенді шығармашылық жұмыс.
Тәрбиелік талаптар:
• оқу материалының, іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігін аңықтау,
орындалатын тәрбиелік мақсат қою;
• оқу жұмысының мақсаты мен мазмұнынан туындайтын тәрбиелік
міндеттер қою;
• оқушылардың бойында өмірге керекті қасиеттерді, атап айтсақ:
табандылықты, орнықтылықты, ұқыптылықты, жауапкершілікті, орындаушылықты,
өздікті, жұмыс істей білушілікті, зейінділікті, адалдықты, ұжымшылдықты
тәрбиелеу;
• балалармен ынтымақтасу, олардың табысқа жетуіне көмектесу'
• ізгілендіру, әрбір баланың жеке ерекшелігіне сүйеніп тәрбиелеу.
Сабақ арқылы оқушыны дамыту талабы:
• балалардың оқу-танымдық іс-әрекетке қызығушылығын ояту,
шығармашылық бастамаларын және белсенділіктерін қолдау;
• оқушылардың даму деңгейін зерттеу және есепке алу; дамудағы
сапалы, жаңа өзгерістерді қуаттау.
4. Сабақтың типтері және құрылымы:
Алуан түрлі сабақтардың бәріне ортаң бір белгіні табу үшін оларды
"жіктеу" керек.
Сабақтарды бірінші рет топтастырған И.Н.Казанцев сабақтарды мазмұны мен
өткізу тәсілдеріне қарап топтастырды. Мазмұнына қарай топтастырғанда бір
топқа арифметика, алгебра, геометрия сабақтары, ал олардың ішінде жекелеген
тақырыптарды өтуге арналған сабақтар белгіленеді. Оқу жұмысының тәсілдері
бойынша экскурсия-сабақ, кино-сабақ, өздік жұмыс сабағы болып бөлінеді.
Оқу жұмысының жүйесі мен оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сипатына
қарай кіріспе, материалмен бірінші танысу, жаңа білімдерді тәжірибеде
қолдану, дағдыларды қалыптастыру, қайталау, бекіту және жинақтау, бақылау,
аралас сабақтар деп бөлінген.
Теоретиктер мен практиктердің арасында дидактикалық мақсат бойынша
топтастырылған сабақтар кең қолдау табуда. Олар: 1) аралас сабақ; 2) жаңа
материалды оқу; 3) жаңа іскерлікті қалыптастыру; 4) білім, іскерліктерді
бекіту; 5) жинақтау және жүйелеу; 6) білім, іскерліктерді тәжірибеде
қолдану; 7) білім, іскерліктерді бақылау және түзету.
Сабақ құрылымы – сабақтың әр бөлігінде мұғалім мен оқушылар бірге
жасайтын алуан түрлі жұмыстар.
Әр сабақтың ішкі құрылымы жүйелі, сабақтың түрін анықтайтын, жекелеген
кезеңдерден тұрады. Құрылымдағы бөліктер сабақтың түрін анықтайды. Мысалы,
сабақтың мақсаты білім және іскерліктерді бекіту болса, онда сабақтың түрі
білім, іскерліктерді бекіту болады. Бұл оқу жұмысы негізгі, мұғалім оған
көп уақыт бөледі.
Жаңа оқу материалын оқу сабағы
Мақсаты - оқушыларға жаңа білім беру. Мұғалім оқушыларға жаңа оқу
материалын түсіндіріп, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырып, білімдерін
тәжірибеде қолдануға үйретеді. Жаңа ұғымдар мен іс-әрекет тәсілдерін жақсы
меңгеру үшін оқушылар белсенді түрде жұмыс істеу керек.
Жаңа материалды көбірек беру үшін ірі блоктың тәсілдер қолданылады. Бір
сабақта бірнеше, мысалы, 4 сабақтың материалы оқылады, қалған 3 сабақ
іскерлік пен дағдыға машықтануға арналып, тақырыптар терең оқылады. Жаңа
материалды оқу түрлі әдістер арқылы жүзеге асады. Оқушылардың оқу жұмысына
қызығушылығын ояту үшін енжар іс-әрекет түрлері (мұғалімнің әңгімесін
тыңдау, сыныптасының жауабын тыңдау) және белсенді жұмыс түрлері (тәжірибе
және зерттеу түріндегі өздік жұмыстар) орындалады.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсенді ету үшін проблемалық әдіс,
қызықты мысалдар, фактілер қолданылады, талқы ұйымдастырылады, кейбір
теориялық ережелерге оқушылар өз мысалдарын келтіреді, көрнекі және
техникалық құралдар пайдаланылып, меңгерілген білімдер ретке келтіріледі
және бекітіледі. Кейбір жаңа оқу материалын өткен оқу материалын білмей
меңгеру мүмкін емес. "Таза" күйдегі жаңа оқу материалын оқу орта және
жоғары сыныптарда қолданылады. Себебі жаңа материал көп, оқушылар белгісіз
оқу материалдарымен ұзақ жұмыс істей алады. Бастауыш мектепте тек жаңа
материалды оқыту қиын, себебі оқушылар әлі күрделі оқу жұмыстарына әзір
емес. Аралас сабақ жаңа материалдың шағын бөлігін бекітумен ұштасады.
Оқылатын материалды бекіту сабағы жекелеген тақырыптарды, бөлімдерді
өткен соң, материалды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаратылыстану және биология сабақтарында АКТ технологияларын қолдану
Мектептегі биология курсының мазмұнында гуманитарлық аспектінің көздеудің маңызы
Жазғы тапсырмалар
Оқушылар білімін тексеру
«Биологияны оқыту әдістемесі» пәннің оқу-әдістемелік кешені
Мұражайда 7-сынып биологиясын оқыту әдістемесі
Кенелер және ауылшаруашылық зиянкестер тақырбын оқыту әдістемесі
Биологиядан зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемесі
Биология пәнінен дәстүрлі емес сабақтың түрлері
Биология сабақтарындағы оқыту технологиясы
Пәндер