Мұражайда 7-сынып биологиясын оқыту әдістемесі



МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. БИОЛОГИЯДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДАҒЫ МҰРАЖАЙ ІСІНЕ СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Биологияны оқытуда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Биология пәнінен сыныптан тыс жұмыстарда бақылау әдісін қолдану ... ... 11
1.3 Білім мен тәрбие беру ісіндегі мұражайлар қызметіне талдау ... ... ... ... ... .16

2. МҰРАЖАЙДА 7.СЫНЫП БИОЛОГИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.1 «Өсімдіктану» курсын оқыту әдістемесіндегі мұражай ісінің маңызы ... ... .20
2.2 Мұражайда оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру әдістері ... ...22
2.3 Мұражайдағы сыныптан тыс жұмыстардың оқушылар
тұлғасын дамытудағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

3. БИОЛОГИЯНЫ МҰРАЖАЙ ІСІМЕН БАЙЛАНЫСТЫРА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІНЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
3.1 Мұражайда биологияны оқыту әдістемесін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ..32
1.сабақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
2.сабақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..46
3.сабақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50
4.сабақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 55

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
Мұражайлардың адамзат тарихындағы алатын орны ерекше екені белгілі. Қазіргі кезеңде мұражайлар алдында болашақ үшін мәдени мұра мен табиғат компоненттерінің үлгілерін сақтау және тарихи мәнді құндылықтарды замандастар үшін көрсету, насихаттау мәселелері тұр. Мәдени құнды көне заттарды көрсету, жалпыадамзаттық мәнін ашу арқылы мұражайға келушілердің адамгершілік, рухани өсуіне әсер ету, ағарту мақсаттарын әрбір мұражай өз саласына сай орта жағдайында іске асыруда.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстандағы алғашқы мұражайлардың негізін қалауда өлке тарихын, мекендеген тұрғындардың заттай мәдениетін зерттеу, жинақтаумен айналысқан сол кездегі өлкетанушылардың, қазақ ұлтынан шыққан ағартушылардың, білімді адамдардың орны екекше болды. Дүниежүзінде болып жатқан өзгерістер, жаңа даму үрдісі, техника жетістіктері жаңа көрмелер ұйымдастыруға жетелеген. Сол даму жүйесі Қазақстан мұражайларының негізінің қалануына себеп те болды. Олардың қатарына биологиялық мұражайлар да жатады. Биологиялық мұражайлар табиғат мұражайы және ботаникалық мұражай болып екі топқа бөлінеді. Мұндай мұражайлар көбіне оқу орындары мен мектептер аясында құрылады. Бірақ, биологияны оқыту әдістемесінде мұражайлар ісін қолдану әлі күнге дейін толық зерттелмеген.
Мектептік мұражай танымдық және тәрбиелік құндылығы бар материалдарды жинау, зерттеу, дайындау және насихаттау үрдісінде оқушылардың өзіндік қызметтерін, белсендігін дамытатын қосымша білімнің бір түрі болып табылады.
Тәрбиелеу жүйесін құруда мұражайдың қызметіне маңызды рөл жатады. Ол әлеуметтік маңызды құндылықты қалыптастыру және дамытуды қарастырады. Батырлық, мәдениет, саясат, ғылым айналасында елдің жетістіктерін көрсеткен уақиғалар өнегелік идеялардың сапасын сақтаған.
Мұражай оқушылардың білім сапасын қалыптастыруға, ойлауларын және тәрбиелеу танымдықтары мен қабілеттерін кеңейтуге, оқушылардың зерттеу қызметтері мен іздену практикасын меңгеруге қосымша білім құралы арқылы білім үрдісін жетілдіру мақсатында қызмет етеді.
Сабақтың тиімділігін арттыру үшін, оның тәрбиелік мәнін ашу үшін мұғалім биология сабағын оқу жылына немесе жарты жылға жоспарлағанда оқушылардың мұражайдағы жұмыстарын қарастырған жөн.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


1 Арыстангалиев С. А. Қазақстан өсімдіктері. -Алматы, 1977.
2 Ахметова С.Ш. Становление музейного краеведения в Казахстане (1917-1932 г.г.) // ИАН. КазССР. Серия общ. наук. 1980, 3.
3 Әлімқұлова Р. Өсімдіктану. - Алматы, 1995.
4 Богоявленская А.Е. Активные формы и методы обучения биологии. – М.: Просвещение, 1996.
5 Всесвятский Б.В. Системный подход к биологическому образованию в средней школе М., изд-во ―Просвещение‖, 1985, с.141.
6 Жүнісқызы К., Алимкулова Р., Жумагулова Қ. Биология оқыту әдістемесі.-Алматы, 2006.
7 Зверев И.Д., Мягкова А.Н. Общая методика преподавания биологии М., Изд-во Просвещение, 1985, Б.187.
8 Зотов. Ю.В. Организация современного урока, Москва, 1984, Б.143.
9 Иващенко А.А. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық БАҚ-тары. Алматы: «Алматы кітап» ЖШС, 2006. 284 б.
10 Ишкина И.Ф. Биология. Поурочные планы. – Волгоград, 2002.
11 Калинова Г.С. Методика обучения биологии (6 – 7 кл.) – М.: Просвещение, 1987.
12 Қуанышова. С.Е. Биологияны оқыту әдістемесі. - ОҚМУ, 2003.
13 Пидкасистый П.И., Коротяев Б.И. Организация деятельности ученика на уроке. М., 1985, Б.280.
14 Пидкасистый П.И. Самостоятельная деятельность учащихся, «Педагогика», М., 1972, Б.356.
15 Биология қазақстан мектебінде № 2(32) – 2010.
16 Верзилин Н.М. Проблемы методики преподавания. – М.: Просвещение, 1983.-142с.
17 Ланина И.Я. Развитие интереса школьника к предмету. – М.: Просвещение, 2001.-24с.
18 Усова А.В. Об организации обучения школьников. – М.: Просвещение, 1989.-67с.
19 Кузнецов В.И. Принципы активной педагогики. – М.: Академия, 2001.-95с.
20 Щуркова Н. Е. Педагогическая технология. - Педагогическое общество России, 2005.- 160с.
21 Биологиядан сыныптан тыс жұмыс: Мұғалімдерге арналған құрал А: Алматы, 1996.
22 Родин А.А. Массовые формы внеклассной работы в школе. – М.: АПН РСФСР, 1961.- 183с.
23 Байкова В.М. Биология после уроков. В помощь школе. – Петрозаводск,
24 «Карелия», 1974.- 175с.
25 Гольдфельд М.Г. Биологиядан сыныптан тыс жұмыс А: Алматы, 1994.-191с.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. БИОЛОГИЯДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДАҒЫ МҰРАЖАЙ ІСІНЕ
СИПАТТАМА ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Биологияны оқытуда сыныптан тыс жұмыстардың
маңызы ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Биология пәнінен сыныптан тыс жұмыстарда бақылау әдісін
қолдану ... ... 11
1.3 Білім мен тәрбие беру ісіндегі мұражайлар қызметіне
талдау ... ... ... ... ... .16

2. МҰРАЖАЙДА 7-СЫНЫП БИОЛОГИЯСЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 0
2.1 Өсімдіктану курсын оқыту әдістемесіндегі мұражай ісінің
маңызы ... ... .20
2.2 Мұражайда оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру әдістері ... ...22
2.3 Мұражайдағы сыныптан тыс жұмыстардың оқушылар
тұлғасын дамытудағы
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...26

3. БИОЛОГИЯНЫ МҰРАЖАЙ ІСІМЕН БАЙЛАНЫСТЫРА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІНЕ
ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
3.1 Мұражайда биологияны оқыту әдістемесін жетілдіру жолдары
... ... ... ... ..32
1-
сабақ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
2-
сабақ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
3-
сабақ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
4-
сабақ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..55

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..60

КІРІСПЕ

Мұражайлардың адамзат тарихындағы алатын орны ерекше екені белгілі.
Қазіргі кезеңде мұражайлар алдында болашақ үшін мәдени мұра мен табиғат
компоненттерінің үлгілерін сақтау және тарихи мәнді құндылықтарды
замандастар үшін көрсету, насихаттау мәселелері тұр. Мәдени құнды көне
заттарды көрсету, жалпыадамзаттық мәнін ашу арқылы мұражайға келушілердің
адамгершілік, рухани өсуіне әсер ету, ағарту мақсаттарын әрбір мұражай өз
саласына сай орта жағдайында іске асыруда.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстандағы алғашқы мұражайлардың негізін
қалауда өлке тарихын, мекендеген тұрғындардың заттай мәдениетін зерттеу,
жинақтаумен айналысқан сол кездегі өлкетанушылардың, қазақ ұлтынан шыққан
ағартушылардың, білімді адамдардың орны екекше болды. Дүниежүзінде болып
жатқан өзгерістер, жаңа даму үрдісі, техника жетістіктері жаңа көрмелер
ұйымдастыруға жетелеген. Сол даму жүйесі Қазақстан мұражайларының негізінің
қалануына себеп те болды. Олардың қатарына биологиялық мұражайлар да
жатады. Биологиялық мұражайлар табиғат мұражайы және ботаникалық мұражай
болып екі топқа бөлінеді. Мұндай мұражайлар көбіне оқу орындары мен
мектептер аясында құрылады. Бірақ, биологияны оқыту әдістемесінде
мұражайлар ісін қолдану әлі күнге дейін толық зерттелмеген.
Мектептік мұражай танымдық және тәрбиелік құндылығы бар материалдарды
жинау, зерттеу, дайындау және насихаттау үрдісінде оқушылардың өзіндік
қызметтерін, белсендігін дамытатын қосымша білімнің бір түрі болып
табылады.
Тәрбиелеу жүйесін құруда мұражайдың қызметіне маңызды рөл жатады. Ол
әлеуметтік маңызды құндылықты қалыптастыру және дамытуды қарастырады.
Батырлық, мәдениет, саясат, ғылым айналасында елдің жетістіктерін көрсеткен
уақиғалар өнегелік идеялардың сапасын сақтаған.
Мұражай оқушылардың білім сапасын қалыптастыруға, ойлауларын және
тәрбиелеу танымдықтары мен қабілеттерін кеңейтуге, оқушылардың зерттеу
қызметтері мен іздену практикасын меңгеруге қосымша білім құралы арқылы
білім үрдісін жетілдіру мақсатында қызмет етеді.
Сабақтың тиімділігін арттыру үшін, оның тәрбиелік мәнін ашу үшін
мұғалім биология сабағын оқу жылына немесе жарты жылға жоспарлағанда
оқушылардың мұражайдағы жұмыстарын қарастырған жөн.
Дипломдық жұмысты жазу барысында мынадай мақсат қойдым: 7-сынып
биологиясын оқытуда мұражай ісінің маңызын анықтау.
Дипломдық жұмыс тақырыбының міндеттері мынадай:
• Биологияны оқыту әдістемесіндегі сыныптан тыс жұмыстар түрлеріне
қысқаша сипаттама;
• Қазақстандағы биологиялық-өлкетану мұражайларының қалыптасу тарихына
шолу жасау;
• 7-сынып биологиясын оқыту барысында мұражай ісін пайдаланудың
ерекшеліктерін көрсету мен тиімді жақтарын айқындау.
Биология сабағында мақсатты бағытталған жүйелі педагогикалық
жетекшілікті іске асыру- бұл оқыту–тәрбиелеу үрдісінде мұражай ісінің
маңызын арттырудың нәтижесі. Биологиялық мұражайдың жұмысына ондағы
өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қатысты алуан түрлі үлгілердің молдығын
сақтап қалу жатады.
Қазіргі кезде тәуелсіз еліміздің әртүрлі мектептерінде 200-дей табиғат
мұражайы жұмыс жүргізеді. Елімізде мұражай мамандарын дайындайтын оқу
орындарында мұражай мамандары Музей ісі және ескерткіштерді қорғау
мамандығы бойынша дәріс алып, еліміздің музейлерінде, соның ішінде
мектептегі табиғат мұражайларында да биология пәні мұғалімдерімен тығыз
қарым-қатынаста жемісті еңбек етуде.
Тақырыптың ғылыми жаңалығы. Қазақстандағы XIX ғасырдағы музейлердің
қор, экспозиция жұмыстары сол кезеңнің талабы деңгейінде болғаны белгілі.
XX ғасырдағы музей ісінің дамуы да қоғамдағы өзгерістермен қатар жүрді.
Жаңа заман, жаңа өзгерістер музей ісінің өзгеріп, жаңа сатыға көтерілуіне
көмектеседі. Қазіргі кезде басқа дамыған елдермен салыстырғанда, елімізде
мұражайларды білім беру мен тәрбиелеу процестерінің ажырамас бөліктеріне
айналдыру кенже қалып отыр.
Қазақ тарихындағы заттай мәдениет туындыларының, қазақ жерінің
жануарлар, өсімдіктер дүниесінің дамуы, жер беті мен қонауындағы кен-
байлықтардың үлгілері алғашқы музейлер мен жеке өлкетанушылардың
коллекцияларының негізін құраған болатын.
Дипломдық жұмыстың әдіснамалық негізіне қазақ мұражай ісіндегі
биологиялық-өлкетану мұражайларының пайда болу бағыты, олардың мектептерде
пайда болуы туралы мақалалар мен әдебиеттер, биология сабағын сыныптан тыс
меңгерту барысындағы биологиялық мұражайлардың маңызы жайлы ақпарат
құралдары жатады.
Диплом жұмысын жазу барысында теориялық мағлұматтар жинау, жиналған
ақпаратты талдау, салыстыру, сараптау және тұжырымдау әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Биологиядан сыныптан тыс жұмыстардағы мұражай ісіне сипаттама

1.1 Биологияны оқытуда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы

Педагогикалық әдебиеттерде сыныптан тыс жұмыс деген тіркеске
мектептегі оқыту - тәрбиелік процестің құрама бөлімі, оқушылардың бос
уақыттарын ұйымдастыру түрлерінің бірі деп анықтама беріледі.
Сыныптан тыс жұмысқа көптеген мұғалімдердің, ғалымдар және
әдістемешілердің жағынан назар әрқашан бөлініп отырған. Сыныптан тыс
жұмыстың әдістемелік әдебиетте көптеген анықтамалары бар. Авторлардың
көпшілігі сыныптан тыс жұмысты сабақтан және міндетті бағдарламадан тыс
уақытқа іске асырылушы және оқушылардың оқу жоспарынан тыс оқу - тәрбиелік
процес және мұғалімдер ұжымымен немесе қосымша білім мекемелерінің және
оқушылар қызметкерлерінің ерікті бастамасы негізінде, оның барлық
қатысушыларының назарлары міндетті есепке алынатын тәрбиелік процестің
ажырамас құрамасы деп есептейді [1].
Сыныптан тыс жұмыстың мәні сабақтан тыс уақыттағы оқушылардың
қызметімен анықталады мұғалім мұнда ұйымдастырушы және бағыттаушы роль
атқарады. Бірақ бұл ұйымдастыру, оқушылар шығармашылығы және ынтасы әрқашан
бірінші жоспарға шығатындай түрде болады. Л. М. Панчешникова [2] пән
бойынша сыныптан тыс жұмыс заманауи мектепте ешқандай талассыз өте үлкен
роль ойнайтындығы туралы айтады. Қоғамның экономикалық және әлеуметтік
өмірін жақсартуда және адамның жаңа келбетін тәрбиелеуінде сыныптан тыс
жұмыстың ролі күшті өседі. Бұл жұмыс адамның мынадай сапаларының,
ынталылық, белсенділік, шығармашылық, өздігінен дамуға қабілеттілік, өзін-
өзі тәрбиелеуге, өз бетімен білім алуға сияқтылардың дамуына үлес енгізеді.
Сыныптан тыс жұмыс - бұл, бір жағынан, жұмыс жасау заңдылықтарымен және
тұтас қасиеттері бар педагогикалық жүйе, ал екінші жағынан отандық білім
беру жүйесінің ажырамас бөлімі. Сол себеппен сыныптан тыс жұмыс
әдістемелерінің орталық проблемаларының бірі болып сабақта және сабақтан
тыс уақыттағы оқу-тәрбиелік процестердің өзара байланыс проблемасы әрқашан
болып келді.
Әдебиетте сыныптан тыс жұмыс мақсаттарын және міндеттерін
қалыптастырулардың көптеген анықтамалары кездеседі, олардың авторлары
ретінде келесі тұлғаларды атаса болады: А. И. Никишов [3], И. Я. Ланина
[4], А. В. Усова [5], С. Н. Савина [6]. Әртүрлі пәндерге арналған сыныптан
тыс жұмыс мақсаттарының анықтамаларының жиыны бар. (1 кестені қара).

1-кесте.
Оқу пәні Пән бойынша сыныптан тыс жұмыс мақсаттарының анықтамасы
География Оқушылардың іскерліктерін және негізгі білімдерінің
кеңейту және тереңдету; оқушылар қабілеттіліктерінің
дамуы оқушылардың танымдық назарының дамуы; зерттеу
жұмыстарына оқушылардың тартылуы; оқушылардың
әлеуметтік қызметінің ұйымдастырылуы.
Физика Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы; дербес және
творчестволық белсенділік дамуы; физика бойынша
білімдердің кеңейту және тереңдету.
Биология Пән бойынша оқушылар білімдерін тереңдету және кеңейту;
теория мен тәжірибемен байланысын тереңдету;
оқушылардың дербес және творчестволық белсенділік
дамуы.
Химия Химияға деген қызығушылықтың артуы, химиялық тәжірибе
бойынша дағдылардың дамуы және жетілдірілуі;
творчестволық белсенділіктің дамуы; практикалық
қызметтің оқушылар дайындауы; оқушылар демалысын
олардың эстетикалық және өнегелі тәрбиелеумен үйлестіре
отырып ұйымдастыру.

Кестеден көрініп тұрғандай бірнеше пәндерден сыныптан тыс жұмыс
мақсаттарына пән бойынша білімдерді кеңейту және тереңдетуі маңыздының
сыныптан тыс жұмыс мақсаты болып табылады.
Дәл осылай, сыныптан тыс жұмыс өзінің алдына өте маңызды оқушының
творчестволық тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуы тәрізді мақсат қояды.
Бірақ сыныптан тыс жұмыс мақсаттары арасында келтірілген мектеп пәндері
арасынан тек қана осы пәнге арналған мінездемелі мақсаттар айқын
байқалады. Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстың мақсаты бірнеше міндеттерді
шешуге келіп саяды, оларға авторлар келесілерді жатқызады: пәнге деген
танымдық назардың құрылуы; мектеп пәнінің өмірмен байланысы; оқылатын
пәннің мазмұнын кеңейту және тереңдету; оқушылар қабілеттіліктерінің дамуы;
жеке дара жақын келуді жүзеге асыру; пән бойынша сыныптан тыс жұмыстың
кәсіпшілік ұйымдастырылуы; хабар қайнарларыиен қолдану дағдыларын және
іскерліктерін толық жетілдіру.
Бірақ Н. М. Верзилин [7] ескертетіндей, пән бойынша сыныптан тыс
жұмыстың ақырғы мақсаты және міндеттері пәннің мүмкіншіліктерімен және
ерекшілігімен сәйкестікте мұғаліммен өзгертілген бола алады. Әдістемелік
әдебиетте мектептегі әр түрлі пәндер бойынша сыныптан тыс жұмыс
принциптарының әртүрлі тұжырымдамаларын кездестіруге болады [2,3,4,5,6].
Бұл әдеби қайнарларды зерттеу барысында сыныптан тыс жұмыстың барлық
пәндерге тән болатын жалпы принциптары болатындығын, және тек қана берілген
бір пәнге ғана тән, мінездемелі тек тек қана тап осы пәнге тән болатын
жалпы принциптарды анықтаудың сәті түсті. Әдеби қайнарларды талдау кезінде
барлық мектеп пәндеріне тән болатын сыныптан тыс жұмыс жалпы принциптары -
еркінділік (оқушылардың сыныптан тыс жұмысқа қатысуға тілегін ескеретін
принцип ), оқушылар дара ерекшеліктерінің есепке алу (оқушылардың мінез-
құлық және назарларының бағытталғандық ерекшеліктерін ескеретін принцип).
Сыныптан тыс жұмыстың тек қана белгілі бір пән үшін тән принциптары бар:
коммуникативті белсенділік [6] (оқушыларды жаңа, белгісіз материалдарды
қолдануға қатыстыратын және ынталандыратын принцип, олардың танымдық
құндылығы, қызықтылығы оның сапалық деңгейін жоғарылатады және оқушылардың
қатынастарының жете білушілігінің дамуына жағдай жасайды.
Сыныптан тыс жұмыстың маңызды принциптерін қарастырайық. Сыныптан тыс
жұмыстың ең негізгі мақсаттарының біріне [5] оқушылардың пәнге танымдық
қызығушылығының қалыптасуы жатады. Мұндай қызығушылық тілексіз жұмыс
орындалғанда көріне алмайды. Сондықтан А.В.Усованың пікірінше еркінділік
принципі сыныптан тыс жұмыстың ең маңызды принциптеріның біреуі болып
келеді. Оқушы сыныптан тыс жұмысқа қатысуға шын ниетпен, қандай болмасын
еріксіз көндірусіз тілек білдіруі тиіс. Жалпы даму деңгейлері бойынша,
назарларының бағыттылығының бойынша және мінез-құлықтарына қарай
оқушылардың бір бірінен айырмашылығы болады. Бұл ерекшеліктерді елемей
сабақтан тыс жұмыста табысқа жету мүмкін емес. И. Я. Ланина сыныптан тыс
жұмыстарды ұйымдастырғанда оқушылардың жеке - дара ерекшеліктерін есепке
алу принцибы маңызды болатындығын тұжырымдайды [4]. Ол принцип оқушының
әрбір даму деңгейлерін есепке алуға рұқсат етеді және соның салдары ретінде
әрбір оқушымен жүргізілетін жұмыстардың барлық түрлерін дәлдеп түзетуге
мүмкіндік береді.
Кез келген басқа мектеп пәніндегідей сияқты, сыныптан тыс жұмыста да
анықтаушы нәрсе мазмұн болып табылады, ол ерікті түрде таңдалады. Сыныптан
тыс жұмыстардың тематикасы өте алуан түрлі. Сыныптан тыс жұмыста кез келген
басқа жұмыстарға қарағанда мұғалімнің ықпал жасауы, оның ой- өрісі,
назарлары, және теориялық пен рухани жүгінің салмағы көрінеді . Сыныптан
тыс жұмыс мазмұны қатал айқын талаптарға бағынады [8]: ғылымилық (ғылым
мазмұны мен мектеп пәнінің мазмұны арасында айқын арақатынасты
қалыптастырады); қол жетімділік (мазмұнның оқушылардың жас ерекшеліктеріне
сәйкес тиісті талапқа сай болу, мектеп бағдарламадан алыс кетпеу, танымдық
ұмтылысқа ынталандыру, қосымша әдебиетпен жұмыс, зерттеушілік қызметпен
жұмыс); өзектілік және практикалық маңыздылық (өмірмен байланыс );
қызықтылық ( сыныптан тыс жұмыс өткізу уақытында оқушыға қызықты болу
тиіс).
Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері:
1. Биологияға қызығушылықтың қалыптасуы
2. Биологиялық тәжірибе бойынша дағдылардың дамуы және жетілдірілуі
3. Оқушылардың творчестволық белсенділігінің, ынтасының және өздігінен
істеушілігінің дамуы
4. Оқушыларды практикалық қызметке дайындау
5. Оқушылар демалысын олардың эстетикалық және рухани тәрбиелеумен
ұйымдастыру
Оқыту және тәрбиелеу оқушының тұлға ретінде жан-жақты қалыптасуы мен
дамуын қамтамасыз етуші бірыңғай педагогикалық процесті құрайды. Тәжірибе
көрсеткендей, тек сабақ кезіндегі оқу - тәрбиелік жұмыс сабақтан тыс
уақыттағы оқушының мақсатқа бағытталған әсерімен органикалық үйлестірілген
кезде ғана педагогикалық мақсаттар табысты шешіледі, сабақтан тыс жұмыс
сондықтан мектеп жұмыстары маңызды құрама бөлім сияқты әділ қарастырылады.
Пән бойынша сабақтан тыс жұмыс деп мұғалім басшылығымен оқулық
жоспардае тыс, сабақтан тыс уақытта оқушылармен ерікті орындалатын оқу
жұмыстарын айтады. Бұл кезде мұғалім жағынан басшылық тікелей болуы да
мүмкін және осы мақсатқа сай басқа мекемелерден шақырылған мамандардың,
студенттердің, үлкен сынып оқушыларының көмегімен жүргізілуі мүмкін.
Сабақтан тыс жұмыстарға барлық оқушылар қатысуы қажет. Мұндай жұмыстар
жыл бойы жүргізіледі, одан оқушы керекті, пайдалы, қызықты жаңа мағлұматтар
алады. Сондықтан, сабақтан тыс жұмыстардың мазмұны әр сынып балаларының
деңгейіне сәйкес болу керек. Мұғалім, білім деңгейі жоғары оқушыларға
әртүрлі тапсырмалар бере алады. Әр оқушы мұндай тапсырмалар арқылы
өздерінің білім деңгейін көтереді.
Мұғалім сыныптан тыс жұмыстарды келесідей ұйымдастыруына болады:
1) әр оқушының білім деңгейін, қабілетін, көзқарасын ескере отырып,
тапсырмаларды жеке немесе әртүрлі тақырып бойынша беруіне болады.
2) барлық окушыға берілетін тапсырма бірдей, бірақ, орындау әдісі әр
түрлі болуы мүмкін.
Жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерде реформаға, оның
оқу тәрбиелік жұмыстарының сапасын жоғарылатуға үлкен назар аударылады.
Осыған байланысты биология пәнінен міндетті түрде сабақтан тыс жұмыстар
санын жетілдіріп отыру керек.
Оқушы әртүрлі ақпарат көздері арқылы зоология, топырақтану, ботаника,
океанология, агрономия және т.б. сол сияқты ғылымдармен танысады. Оқушыны
алыс және зерттелмеген елдерге саяхат және биолог-саяхатшылар туралы
әңгімелер қызықтырады, олар ботаникалық ашылулар жайлы толығырақ білгілері
келеді. Жоғары сынып оқушылары ботаника және агрономия, әлемдік фермерлік
іс сияқты бөлімдерімен таныса бастайды. Оқушылардың биологияға деген
қызығушылығын қанағаттандыра, терендете отырып, мүғалім, білімге құмар
баланы сабақтан тыс жүмыстарға еліктіре түседі.
Оқушылардың биологиялық зерттеудегі жаңа және ғылыми әдістермен
танысуы, әртүрлі құралдармен, аспаптармен жұмыс істеуі оларда зерттеу және
іздену жұмыстарына қызығушылық туғызады.
Сабақтан тыс жұмыстардың тәрбиелік мәні де өте жоғары. Ол өз аймағының
табиғатын және экономикасын тереңірек оқыта отырып, оқушының Отан
сүйгіштігін, өз елінің байлығын дұрыс қолдануға, табиғи ескерткіштерді,
тарихын, мәдениетін т.б. қорғауға көмектеседі.
Сабақтан тыс танымжорықтар оқушылардың биология пәні бойынша білімін
тереңдете отырып, оқу жұмыстарымен де тығыз байланысты. Бірақ сабақтан тыс
жұмыстарда оқушы саны аз болады, өйткені мұнда тек пәнге қызығатын санаулы
оқушылар жұмыс істейді. Ал танымжорықтарға оқушыларды мейлінше түгел
тартуға тырысу қажет. Бұндай сабақ түрі теориялық білімді практикалық
жұмыстармен байланыстыра отырып көптеген жақсы нәтижелер әкеледі.
Биология пәнінен сабақтан тыс жұмыстар жүргізу әдісі төмендегідей
болады:
1. Ауызша. әдіс (вербальды): лекция, әңгіме, баяндама, сұхбаттасу.
Әдістің бұл тобына мұғалім көмектеседі. Дәрістер, әңгімелесу, сұхбаттасуды
ғалымдар, экспедиция қызметкерлері, мемлекеттік ұйымдар жұмысшылары
көмегімен де өткізуге болады.
2. Практикалык әдіс оқушылар тобымен немесе жалғыз оқушымен,
практикалық сабақ үстінде жүзеге қолданады. Оқушы бұл сабақта өздігінен
биологиялық материалдар, лабораториялық құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді,
тәжірибелер жасауды, оларды камеральды өңдеуден өткізуді, сондай-ақ табиғат
қорғау шараларын жүзеге асыруды үйренеді.
3. Бақылау әдісін оқу барысында, табиғат құбылыстары сияқты, адамның
шаруашылық әрекеті ретінде де қолдануға болады.
4. Тәжірибелік-эксперименттік әдіс - бақылауға қиын табиғи процесстер
мен құбылыстарды зерттеу мақсатында қодданылады. Мысалы, өсімдіктер түрінің
пайда болуын, орналасуын көрсететін тәжірибелер т.б. Тәжірибені алдын ала
дайындап, оқушылар сосын оның нәтижелерін талқылайды.
5. Конструкциялар мен модельдеу - биологиялық процесстердің мәнін
түсінуге қажет құралдар мен аспаптар моделін жасауға мүмкіндік береді.
6. Таныжорықтық әдіс-объектіні және құбылысты табиғатта, өндірісте,
көрмелерде, мұражайларда көріп тануға мүмкіндік береді.
7. Объектіні оқу әдісі - оқушының өз бетімен жұмыс істеуінде үлкен рөл
атқарады. Бұл әдіс биологиялық әлемді зерттеудің әртүрлі сатыларында
қолданылады: зерттеуге дайындық кезінде, жұмыс барысында, қорытынды
жасауда.
Сабақтан тыс жұмыстар күнделікті сабақтан өзінің мақсаты, мазмұны,
ұйымдастыру түрлері, жүргізу әдістер ерекшелігімен сипатталады. Бұндай тыс
жұмыстарда оқушы әртүрлі ақпарат көздері арқылы білімін өз бетінше
толықтыруға мүмкіндік алады.
Бұндай жұмыстар оқушының танымдық қабілеттерін арттыруға көмектеседі,
яғни өз бетімен жұмыс істеуін қалыптастырып, шығармашылық, биологиялық
ойлау қабілеттерін, танымдық қызығушылығын, байқампаздығын арттырады.
Биология пәні бойынша сыныптан тыс жүргізілетін ақпараттық жұмыстар
көп уақыттан бері қолға алынып, зерттеліп келеді. Бұл жөнінде әдістемелік
мақалалар мен кітапшалар да басылып шықты.
Оқушылар шығармашылығын дамытуда сыныптан тыс жұмыстар үлкен рөл
атқарады. Ол үшін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген
түрлері мен әдістерін іріктеп ала білудің маңызы зор.
Сыныптан тыс жүргізілетін ақпараттық жұмыстар биология пәнінің
негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды
өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді.
Мұның өзі жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай бетбұрыс
жасалып жатқан қазіргі шақта жаңа мазмұнға ие болып отыр [1].
Соңғы кездерде сыныптан тыс жұмыстарды қызықты етіп жүргізуде биология
апталығы, танымдық сөзжұмбақтар, биологиялық ойындар,жарыс кештері, т.б.
көптеген білім беретін материалдар кең түрде қолданыла бастағанына
қарамастан, оларды қызықты етіп ұйымдастыру жағы жетіспейді. Бұл салада да
оқушылар шығармашылығы аз пайдаланылады. Әсіресе оқушыларды жаппай
қатыстыратын сыныптан тыс жұмыстар: мектепішілік биологиялық олимпиадалар,
өндірістік мәні бар таным жорықтар, оқушылар білімін тексеруге арналған
алғырлар,тапқырлар жарыс кештері сирек өткізіледі. Кейбір ұстаздар осы
саладағы өздері өткізген үлгілі жұмыстарының нәтижесін басқаларға ұсынуға
мән бермейді.
Оқушыларға жеке пәннен тек білім беріп қана қою жеткіліксіз, оларды
сабақ үстінде де, сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарда да сол ғылымды сүйе
білуге тәрбиелеп, өз беттерінше білім ала білуге үйрету керек. Ұстаздар
тәжірибесі сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың сабақтан басталатынын
көрсетеді. Сондықтан да сабақты қызықты етіп өткізу арқылы оқушылардың
білімді өз беттерімен тереңдете алатын болуына негіз қалау қажет.
Көп жылдан бері студенттермен жүргізіп келе жатқан ұстаздыққа
тәрбиелеуге байланысты жұмыстардың барысында көптеген теориялық және
сарамандық маңызы бар әдістемелік материалдар жинақталды. Бүгінгі таңда
халық ағарту саласы алдына жаңа да биік талаптар қойылып отыр. Жеткіншек
ұрпаққа білім мен жан-жақты тәрбие беруді одан әрі жетілдіру ісін түбегейлі
жақсарту міндеті тұр. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында
мемлекеттік маңызы зор шаралар қатарында оқу-тәрбие ісі де терең талданып,
мектеп реформасына байланысты көтерілген мәселелерді шешуге мүдделікпен
карап, мазмұнды жұмыспен ат салысу керектігі атап айтылды.
Республикамызда білім беру жүйесінің міндеттерін ойдағыдай шешу, заңда
атап көрсетілгендей, бүкіл тәрбие ісін жинақты жүргізуге, идеялық-саяси,
еңбек және адамгершілік тәрбиесінің тығыз бірлігін қамтамасыз етуге
байланысты.
Егер оқу - тәрбие барысының даму кезеңдеріне бір сәт көз жіберіп
қарасақ, қазақ мектептерін былай қойғанда, алғашқы кездерде орта білім
беретін орыс мектептерінде сыныптан тыс жұмыстардың рөлі тіптен жоқтың қасы
болды.
Мектептерде биология пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жетілдіру мен
түрлерін жақсарта түсу мәселелері әр кез мұғалімдердің назарынан тыс қалған
емес. Мектептердің даму кезеңдерінің әр түрлі сатысында сыныптан тыс
жұмыстардың мазмұны мен мақсаты өзгеріп нақтыланып, дамып отырғанын
мұғалімдер тәжірибесінен байқауға болады. Қазіргі кезеңде сыныптан тыс
жұмыстар биология пәнін саналы меңгеруге негізделген.
Сыныптан тыс биологиялық жұмыстардың көздейтін мақсаты әр түрлі
үйірмелер мен бірлестіктер қамтылған оқушылардың қоғамдық және шығармашылық
белсенділігін көтермелеу. Мектептердің дамуының алғашқы кезеңдерінде
оқушыларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға көбірек тарту, оқу көрнекі
құралдарын дайындату арқылы биологиялық кабинеттерді оқушылардың өздеріне
жабдықтату міндеттері де басты орында тұрады.
Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүйелі де
нәтижелі болуы керек. Оқу-тәрбие барысында сабақ пен сыныптан тыс
ақпараттық жұмыстардың өзара байланыстылығын жетілдіру; мұнымен бірге
оқушылардың білімге, жеке пәнге деген құштарлығын дамыту, сондай-ақ оларды
қоғамдық пайдалы еңбекке неғұрлым белсенді қатыстырып, белгілі бір кәсіптік
мамандықты игеруге әзірлеу-мұғалімдердің негізгі міндеті. Сондай - ақ
мұғалімнің оқу материалын түсінікті етіп, әсіресе баяндауы, тәжірибелерді
шеберлікпен көнекі көрсетіп, сабаққа танымдық арттырып, қиялын қозғауға
әсер етеді. Мұғалім сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарды жеке оқушыға ғана
әсер ететіндей емес, көпшілік оқушыларды қызықтыратындай етіп ұйымдастыруы
тиіс.
Оқушылардың пәнге деген ықыласы артып, қызыға бастаса, онда пәнді
меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Қазіргі кезеңде сабақтың мазмұны
мен оны түсіндірудің негізгі әдістері оқушылардың өз беттерінше танымдық
іс - әрекеттерін дамытатындай, әрбір нақты материалды жүйелі меңгертетіндей
етіліп құрылғаны жөн. Осы мәселелердің бәрі оқушылардың жасы мен басының
ерекшеліктерін білуді қажет етеді.
Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстар оқушылардың биологиялық білімін
дамытып қана қоймайды, олар жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді.
Әрбір оқушы өзінің еріктілігімен қатар, өз бетінше жеке дара жұмыс
істейтінін де, ұжым алдындағы жауапкершілігін де жақсы сезінуі керек.
Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың жоспарын жасаған кезде әрбір үйірме
мүшелерінің жеке міндеттері де көрсетіледі. Бұл үйірме мүшелерінің арасында
ұжымдық сезімді тудырады. Ұжымдық жұмыстардың нәтижесі сан алуан түрде
тұжырымдалады. Оқушылар үйірмедегі бастаған жеке тапсырманы ұжымдық
тапсырмаға ұластырып,қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқаратын болады. Ондай
тапсырмаларға қарапайым құралдарды құрастырудан бастап биология кабинетін
толық жабдықтауға дейінгі жұмыстар жатады. Осыдан қоғамдық пайдалы
жұмыстардың сарамандық сипаты қажеттігі айқын көрініп тұрады.
Оқушылардың сабақтан бос уақытын пайдалы істерге жұмсауда балалар
қайткенде бір нәрсемен шұғылданса болды деген негізде құруға болмайды. Бұл
істе кездейсоқтыққа, жоспарсыздыққа, немқұрайлыққа жол бермеген жөн. Бос
уақыт ұғымы-күрделі сағат. Бұл уақыт (оқушылар үшін шынында бос болғанымен)
әрқашан мектептің, мектептен тыс мекемелердің бақылауындағы уақыт.
Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын
алға қарай жетелеуші құдыретті күш тек білімге ғана тіреледі. Білім беруге
заман талабы тұрғысынан тұлғаны дамытудағы қоғамның рухани және
адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда білім беру саласы – баса назар
аударарлық мәселе. ХХІ ғасырда еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші
ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласына
түбегейлі өзгеріс, яғни 12 жылдық жалпы және орта білім беру жүйесін енгізу
– еліміздің жарқын болашағын қамтамасыз ететін бірден – бір сара жол
болмақшы.
ХХІ ғасыр мектебінің маңызды бір мақсаты – білім беру ұйымдарында
тәрбие жүйесін қалыптастыру.
Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күніміздің талабы.
Осыған байланысты оқушыларды тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстардың
мақсаты мынадай:
• Оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге бағыттау;
• Білімі мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде
тәрбиелеу;
• Өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
• Анатикалық ойлау қабілетін дамыту.
Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры
ұстаздардың қолында,- деген Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұрпақ болашағында ең
басты еңбек ететін мектеп ұстаздары. Болашағымыз бүгіннен де нұрлы,
келешегіміз келбетті болуына ықпал етіп, жас ұрпақты жеке тұлға етіп
қалыптастырып, адамзат қоғамына апаратын құдіретті күш- білім ордаларында.
Білім ордаларында жас ұрпақты Бәсекеге қабілетті етіп, білім мен тәрбиені
сапалы сіңіруі үшін мақсат айқындалуы қажет.
Осыған орай мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі – сабақтың жаңа
түрлерін дамыту. Дидактиканың педагогикаға дейінгі даму жолында жасалып,
қалыптасқан дәстүрлі қағида, ереже, әдіс, тәсіл деп аталатын көптеген
ұғым категориялары бізде әлі де қолданылады. Педагогикалық ғылым мен озық
тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінде белгілі болған әдіс – тәсілдерінің
бәрін еркін игеріп, әрбір нақтылы жағдайларға орай ең тиімдісін таңдап
алып, олардың жиынтығын түрлендіре отырып, тиімді пайдалану әрі
шығармашылықпен қолдану мұғалім шеберлігінің айнасы. Сабақты тартымды,
қызғылықты етіп өткізу – мұғалімнің шеберлігі, білімділігі, таланты. Егер
мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда оқушыларды ойландыруға, іздендіруге
тәжірибе жасап, істеген жұмыстарын қорытындылай білуге, сөйлеу мәдениетін
дамытуға, ғылыми тілде сөйлей білуге көңіл аударса, келесі бір сабақта
танымдық мақсат қояды [13].
Сабақ – оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы. Мынадай
төмендегідей талаптарды баксшылыққа ала отырып жоспарланған сабақ өз
нәтижесін берері анық:
• Теориялық білімнің жоғары дәрежеде болуы;
• Сабаққа мақсатты айқын қою;
• Оқытудың таңдаған әдісін жетік білу;
• Жаңа білімнің өткенмен байланысы;
• Оқушының жас ерекшелігі мен қабілетін ескеру;
• Сабақтың тәрбиелік мақсатына үнемі көңіл бөлу.
Кейбір сабақтарда оқыту әдісінің индуктивтік әдісін алсақ. Индуктивтік
– жекеден жалпыға көшу. Яғни, мұғалім алдымен тәжірибе немесе проблемалық
сұрақтар туындайтындай заттың түрін, элементтің таңбасын көрсетеді.
Оқушылар бақылай отырып, талқылайды. Сөйтіп, бірте – бірте оқушыларды
қорытынды жасай алатындай дәрежеге жеткізеді. Сабақтың бұл бөлімін
проблемалық ізденіс әдісіне жатқызуға болады. Бұдан кейін барлық
жинақталған ойлардан, дәлелдемелерден, мысалдардан бір қорытынды жасалады.
Сабақ ең соңғы түйінді жеріне жетеді. Бұл – индуктивтік әдіс.
Әрбір ғылым танымдық білім нәтижесін өзіне түсінікті дидактикалық
материалдар арқылы түсіндіреді, биология ғылымының жаратылыстану
ғылымдарындағы пәндермен қатар өзіндік ерекше бағдарламасы бар. Олар
биологиялық терминдер, номенклатуралар және белгілер немесе символика
биологиялық ұғымдар жиынтығы. Мектептік биология пәні - оқытудың мазмұны
мен мақсаттарына сәйкес дидактикалық өңделген, онда оқушылардың жас
ерекшеліктері мен психологиялық даму заңдылықтары ескерілген. Ол орта
мектепте биология курсын меңгеру мен дамытуға және тәрбиелеуге бағытталған.
Тәуелсіздік алуымызға байланысты өз ұлтымыздың кәсіби шебер, ұлттық
мамандарын даярлау ісі-үкіметіміздің алдындағы үлкен міндет. Сондықтан да
соңғы жылдары білім реформасын жүргізу мәселесі күн тәртібіндегі өзекті
мәселенің бірі болып тұр.

1.2 Биология пәнінен сыныптан тыс жұмыстарда бақылау әдісін қолдану

Заманауи мектептің басты мақсаттарының біріне әрбір баланың жеке
дамуына арналған қажетті толық құнды шарттарды жасау және оқу процесінде
әрбір оқушының белсенді позиция қалыптастыруы жатады. Сондықтан оқытудың
белсенді түрлерін қолдану оқушының танымдық жете білушілігінің дамуының
негізі болып табылады. Белсенді танымдық қабілеттіліктер танымдық қызмет
барысында дамиды және қалыптасады. Бала тыңдаушы ғана емес, сонымен қатар
танымдық процеске белсенді қатысушы, өз білімдерін еңбекпен табатын кезде,
мұндай білімдер берік болады. Нақ белсенді оқытудың түрі – бұл әуестікке
жалын жағушы бірінші ұшқын. Демократиялық ізденістік-творчестволық оқудың
пайдасына мұғалім авторитарлық оқыту сипатынан бас тартады. Негізгі даусыз
артықшылықтар ретінде: дербестіктің, ынталылықтың биік дәрежесі, әлеуметтік
дағдылардың дамуы, білімдерді табуға деген іскерліктерінің қалыптасуы,
творчестволық қабілеттіліктердің дамуын келтіруге болады. Таңдау бостандығы
сезімі оқуды саналы, өнімді және нәтижелірек етеді.
Оқыту-тәрбиелік процесс түрлерінің біріне тәрбиелеудің бір бөлігі болып
табылатын химиядан сыныптан тыс жұмыстар жатады. Мектепте дұрыс жолға
қойылған сыныптан тыс жұмыстың үлкен білім беруші және тәрбиелік мағынасы
болады. Ол сабақта алынған білімдерді тереңдетеді және кеңейтеді, көптеген
пайдалы дағдыларға ие болуға мүмкіндік береді, ал демек, оқу мен
тәрбиелеуді өмірге жақындатады. Сабақтан тыс жұмыс оқушыларға жеке дара
жақын келуді жеңілдетеді, олардың дербестігінің дамуына арналған қолайлы
шарттар жасайды.
Сабақтар уақытында оқушылардың барлық сұрақтарын қанағаттандыру мүмкін
емес. Сабақтан тыс жұмыс оқу жұмысымен өзара байланыста білімдерді іздеуде
оқушы белсенділігін мобилизациялайтын әсерлі құрал ретінде қызмет етеді
және оқушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыруға көмектеседі.
Биологиядан сыныптан тыс жұмыс түрлерінің әр алуан түрлі болуы мектеп
бағдарламасымен органикалық байланыста болуы тиісті, сонымен қатар оның
шектерінен сыртқа шығып, толықтыруы тиіс, яғни оқу және сыныптан тыс
жұмыстардың арасында өзара байланыстар бар болуы тиіс.
Биологияны пән ретінде оқыту барысында алуан түрлі әдістер мен
тәсілдердің қалыптасқаны белгілі және оларды кейбір ерекшеліктеріне
байланысты төмендегідей топтастыруға болады.
1. Оқушылардың білім қалыптастыру кезіндегі іс- әрекетінің сипаты.
2. Мұғалімнің білім берудегі іс - әрекетінің сипаты.
3. Білім алу көзі.
Әдістерді жүйелеуде осы үш ерекшелік негіз болып табылады. Дәстүрлі
сабақ беру ежелден келе жатқан білім беру жүйесі. Осы орайда білім берудің
негізгі классикалық әдістері үшеу екендігі белгілі: сөздік әдіс, көрнекілік
әдіс және практикалық әдіс. Қазіргі заманның талабына сай білім берудің
жаңа әдістері де оқу – тәрбие жұмыстарында кеңінен қолданылуда.
Биология пәнінің мазмұны мен құрылымын және сабақ өткізуге тиісті
материалдарды сараптап алуын тағайындаудан басқа, ең бір басты маңызды
мәселелердің бірі оның әдістерін де орынды қолдана білу болып табылады.
Пәннен сабақ өткізу әдісін дұрыс таңдай, қолданбаған жағдайда әрбір
ұстаз алдына қойған мақсатына жете алмайды.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай оқу материалының мазмұнын
сәйкестендіре отырып, оқыту әдісін дұрыс таңдағанда ғана сапалы білім
беруді қамтамасыз етуге болады.
Оқыту әдісі дегеніміз – оқушы мен оқушының алдына қойған мақсатына жету
үшін екі жақты іс-әрекеттері деп айтуға болады. Сондықтанда осындай іс-
әрекетті дидактикалық принцип тұрғысынан қарайтын болсақ, білім беру мен
тәрбиелеуді дамыту деп те айтуға болады.
Сонымен, оқыту әдісі дегеніміз – ұстаздың білім беру әдістері деп
қарасақ, екінші жағынан оқушының білімді игеру, қабылдау кабілеттілігі
немесе әдісі. Оқыту әдістерінің құрылымы сабақ өткізу тәсілдерінен тұрады.
Тәсіл дегеніміз – оқыту әдісінің бір ғана элементі, оның жеке бір бөлігі.
Биологиядан сабақ беру практикасында оның көптеген әдістері бар
екендігін байқауға болады. Оларды кейбір белгілеріне қарай отырып, былай
топтастыруға болады [6].
Дәстүрлі сабақ беру әдістері, ол сол ертедегі философтар мен
педагогтардың сабақ беру жүйелері болып есептеледі. Бұл әдістегі ең басты
мақсат оқушыларға білім берудің қайнар көзіне, білімді қалай, қайдан алу
әдістері бойынша қолданады. Бүл әдіс бойынша білімнің қайнар көзі үшеу деп
көрсетеді: практика, көрнектілік, сөз. Соңғы кездерде тағы бір әдістер
қосылды, ол – оқулық және әртүрлі техникалық жүйелер. Сондықтан бұл топтан
бес әдісті бөліп қарауға болады: практикалық, көрнектілік, сөйлеу,
оқулықпен жұмыс жүргізу, техникалық құрал-жабдықтарды пайдалану. Осы
әдістердің өзіне тән қолдану ерекшеліктері бар.
Атқарылатын міндетіне қарай топтастыру әдістері. Сабақты өткізу
процесінің жүйелілік кезеңіне байданысты топтастыру. Ол мынандай әдістерден
тұрады:
а) білімді игеру;
ә) шеберлігі мен дағдылығын қаяыптастыру;
б) білімді іс жүзінде қолдану;
в) шығармашылық қызметі;
г) алған білімді бекіту, баяндау;
ғ) білімін, шеберлігін, іскерлігін тексеру.
Осы айтылған әдістердің басты ерекшеліктерінің бірі оқу процесін
ұйымдастырудың классикалық схемаларына сәйкестелінген, ұстаздарға оқу-
тәрбие жұмысын іске асыруға үлкен көмегін тигізетіндігі айқын.
Танымдылық іс-әрекетіне сәйкес топтастыру (И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин).
Бұл әдістердің көмегімен оқытушының көрсеткен тапсырмасы бойынша оқушы
өзінің білім деңгейін өз бетінше игеру. Бұл әрине әрбір оқушының ойлау
қабілеттілігін арттырады. Бұл топқа бірнеше әдістер кіретіндігін айту
керек:
- бейнелеу арқылы түсіндіру (ақпаратты-рецептивті);
- репродуктивтік;
- проблемалы мазмұндау;
- жартылай ізденіс (эвристический);
- зерттеу.
Егер, танымдылық іс-әрекетті тек қана мұғалімнің көмегімен іске
асырылса, оқушылар дайын материалдарды ұғып, есте сақтап, оны қатесіз айтып
берумен ғана шектелген жағдайда, олардың ойлау белсенділік деңгейінің
төмендігін көрсетеді [23].
Егер оқушының ойлау қабілеттілік деңгейі өте қарқынды болса, ол
танымдылық іс-әрекетінде шығармашылық еңбектің нәтижесінде, өз бетінше
ізденіс жасау және зерттеу әдістерін қолдану нәтижесінде ғана табысқа
жететіндігін байқауға болады.
Бақылау. Тірі табиғат объектілерін бақылау (болмаған жағдайда олардың
модельдері мен көрнекі құралдарды) – оқушының объективті шындықты тану
процесіндегі маңызды кезең. Бақылаудың нәтижесінде оқушыларда түсініктердің
пайда болуына негіз болатын ұғым қалыптасады, яғни зерттелетін заттардың
маңызды белгілері көзге айқын түсіп, олардың арасындағы байланыс
белгіленеді.
Қойылған сұраққа жауап іздестіру мақсатындағы әңгімелеу және әңгіме
барысында бақылау жүргізіледі. Класта таратпа материалдарға, сондай-ақ
экскурсия кезінде тірі табиғат объектілеріне, лабораториялық сабақта
өздігінен және практикалық жұмыс істегенде бақылауды қолдану дұрыс нәтиже
береді. Бұл методтың тиімділігі оқушылардың алдына қойылған мақсаттың
қаншалықты айқындығына, тапсырманың қалай жасалғандығына, онда жұмыстың
негізгі кезеңдерінін ашылған-ашылмағандығына, бақылау объектісінің
анықталған-анықталмағандығына едәуір дәрежеде байланысты болады. Оқушыларға
затты немесе құбылысты жазып алуға және өздігінен қорытынды шығаруға жөн
сілтеудің маңызы зор.
Оқушылардың өздігінен әрекет етуінің қолайлы шарасы сақталып, олардың
зерттелетін құбылыстарды талдап, жинақтау бағытындағы танымдық әрекеті
жандандырыла түскенде бақылау өте нәтижелі болады.
Оқушының жоғары дәрежеде өздігінен әрекет етуі оның жақсы ойлана
алатындығын дәлелдейді. Сондықтан мүмкіндігінше зерттеу жолын пайдалануға,
бақылау процесін жаңа білім алуға сілтеуге ұмтылу қажет.
Мысалы, тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті, қолдан сұрыптау ықпалының
нәтижелерін, организмдердің мекен ортасына бейімделуін, органикалық дүние
системасын, эволюцияның танымдық методтарын, адамның жануарлардан шығу
дәлелдерін, модификациялық өзгергіштікті, жасанды және табиғи
экосистемаларды және басқа объектілер мен процестерді оқып үйренген кезде
бақылау пайдаланылады.
Әдетте бақылау ісі лабораториялық сабақтың бір бөлімін құрап, әңгіме
және лекция өткізгенде, табиғатқа, оқу-тәжірибе учаскесіне, музейге
дарвинизм мәселелерін, экологияны, генетика және селекцияны оқып үйренген
кезде, экскурсия жасағанда методикалық тәсіл ретінде байқалады.
Оқу-тәжірибе учаскесіндегі, оқушылардың өндірістік бригадасындағы
практикалық жұмыстар, әр түрлі кластан тыс жұмыстар да бақылауды қамтиды.
Лабораториялық сабақ кезінде Организмдердің мекен ортасына
бейімделушілігі және оның салыстырмалы сипаты тақырыбында бақылау өткізу
мысалын қарастыралық. Сабақ үшін табиғи объектілер — өсіп тұрған өсімдік,
сондай-ақ гербарийлер мен коллекциялар қажет. Уақытты бекерге өткізіп алмау
үшін оқушылар бұрыннан білетін объектіні анықтау ұтымды болады. Жұмыс
міндетінің нақтылы анықталуы оқушылардың бақылауына бағыт сілтеп,
жүйелілігін белгілейді.
1. Зерттелетін объектінің мекен ортасын сипаттап жазу.
2. Мекен ортасындағы организм құрылысының ұқсастық ерекшеліктерін табу.
3. Құрылыс белгілерінің барлығы бірдей әрқашан да бейімделе алатын-
алмайтындығын түсіндіру.
Бақылау ісі мектеп оқушыларына зерттелетін түр өткен ұзақ тарихи жол
процесіндегі адаптацияның пайда болуы туралы ғылыми жорамал құруға,
организмдердің өзгергіштік ролін, тіршілік үшін күресін, сұрыпталу әсерінің
бағытын белгілеуге жәрдемдеседі. Оқушылардың ауызша берген жауаптары,
сондай-ақ дәптерлеріндегі жазбалары бақылау нәтижелерін тексеруге
көмектеседі.
Бақылау барысында алынған білімді бекіту мақсатында таныс емес
объектілерге осыған ұқсас жұмыс істеуді, сондай-ақ организмдердің дене
пішіні, әлдебір органдарының құрылысы бойынша мекен ортасын анықтауды
оқушыларға ұсынады.
Бақылау ісін ұйымдастыру үшін оқушылар экскурсия туралы есеп беруге
арналған қажетті тапсырмалар мен жоспарларды пайдаланады. Мәселен, оқушылар
түрлердің құрылыс құрамын, биоценоздағы коректену тізбегін зерттеу үшін
мынадай тапсырмалар алады:
1. Өсімдіктердің негізгі түрлерін, туыстарын, тұқымдастарын және егер
мүмкіндігі болса, зерттелетін биоценозда орын тепкен жануарлар түрлерін
анықтау.
2. Өсімдіктердің вертикаль орналасу заңдылықтарын ашу және олардың
мекен ортасын сипаттап жазу.
3. Негізгі түрлер организмдеріндегі абиотикалық және биотикалық
факторларға бейімделу ерекшеліктерін анықтау.
4. Мүмкіндігінше
биоценоздың мекендеушілері арасындағы қоректік байланысты айқындау.
5. Өсімдіктер тіршілігіндегі (егер мүмкіндігі болса, жануарлардың да)
маусымдық өзгерістерді сипаттап жазу.
Оқушылар бақылау нәтижелерін жазбаша есеп ретінде дайындайды, оған қоса
гербарий материалдарын, коллекцияларды, фотосуреттерді, биоценоз құрамының
популяциялар, түрлер саны, табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы
таблицаларды және т. б. әзірлеп береді. Бұдан басқа экскурсия соңынан
өткізілетін жалпы қорытындылаушы әңгіме бақылаудың тиімділігі туралы пікір
айтуға мүмкіндік береді [14].
Биологияны оқыту методикасының негіздерінде оқу материалының көлемін
және қиындығын реттеудің мынадай жалпы педагогикалық талаптары келтірілген:
мазмұнның тұтастығы; ғылыми дәлдігі және құндылығы; оқушылардың жас
ерекшеліктеріне сай келуі; оқу жоспарындағы сағат санының ескерілуі;
көпшілік мектептің жағдайына сәйкестігі; халықаралық стандартпен
үйлесімділігі.
Бұлар оқу пәндерінің бәріне тиесілі жалпы талаптар. Мектептегі биология
курсының мазмұны іріктеудің кейбір өзіндік негіздері биологиядан сабақ беру
методикасында талданған, соларға тоқталып өтейік.
Оқу материалының қазіргі ғылым деңгейіне сәйкес келуі. Қазіргі ғылыми-
техникалық революция дәуірінде жеке ғылым салалары қарыштап дамыды.
Қайсыбір топшылауларға қарағанда, әр 7 – 10 жылда ғылыми ақпараттың көлемі
екі есе өскен екен. Мұның өзі оқу пәндерінің мазмұнын дүркін дүркін қайта
қарап, жаңалықтармен толықтырып отыруды қажет етеді. Оқу пәні ретінде
химияның мазмұнына деректі материалдар енгізіледі. Осылардың әрқайсысы соны
деректермен, биологиялық ғылыми жаңалықтармен, жаңа идеялармен толысуы
керек.
Биология курсының мазмұнын таңдағанда және толықтырғанда білімнің
жүйелі түрде орналасуы ескеріледі. Оқу материалының ішінен ең іргелі
білім мен біліктерді іріктеп, жетекші идеяның төңірегіне топтастырады,
олардың ішкі мәнін жалпы заңдылықтарды қамтитын теориялардың тұрғысынан
түсіндіреді.
Орта мектепте оқушылардың биологиялық білімдерін дамытуды қамтамасыз
етуде теориялар мен заңдардың маңызы зор. В.Вернадскийдің еңбегінде (зат
алмасу процесі және табиғаттағы құбылыстар туралы негізгі ұғымдарды
қалыптастыру барысында) оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың мазмұнына
мыналар жатқызылады: бақылаған құбылыстарын салыстыру арқылы ұқсастығы мен
айырмашылығын анықтай білу; нәрсені ой жүзінде жеке бөліктерге жіктеу
(анализ), оларды қайтадан біріктіру (синтез) арқылы биологиялық процестің
тұтас күйін және жеке бөліктерінің арасындағы байланысты танып білу,
нәрселердің елеулі қасиеттерін елеусіздерінен ажыратып, бөле білу; өз
ойының дұрыстығын дәлелдеп, жалған болжамдарды теріске шығара білу; өз ойын
анық, жүйелі және нанымды баяндауға үйрету.
Оқушылардың ақыл- ойы білім мен білікті игеру барысында дамиды. Жеке
кластар бойынша теориялық және деректі материалдардан, биологиялық
білімнен, биологиялық эксперимент жасаудан, сан есептерін шығарудан
қалыптасатын білім мен біліктердің тізбегі мемлекеттік бағдарламада
көрсетілген [12].
Оқушылардың 12 жыл бойы ой өрісі алған білімнің мазмұны мен ауқымынан,
іске жарата білуінен айқын көрінеді. Мұның үш деңгейі бар. Бірінші деңгейі
- алған білімді еске түсіріп жаңғырту. Бұл білімді мұқият қабылдап, жадында
ұстай білуінен аңғарылады. Екінші деңгейі – алған білімді оның қалыптасуына
ұқсас жағдайда қолдана білу. Мұнда білімді қайта жаңғырта отырып,
тасымалдау және іске жарату жүзеге асады. Үшінші деңгейі - алған білімді
бұрын кездеспеген жаңа жағдайда қолдана білу. Бұл жаңа жағдайды бұрынғымен
жақындастыратын, байланыстарды ашатын ойлау тәсілдерін жүзеге асыруды қажет
етеді.
Білімді алу мен қолдану процесінде жүзеге асатын ойлау тәсілдері:
салыстыру, анализ және синтез, жіктеу және жүйеге түсіру, себеп-салдар
байланысын ашу, қорыту және жалпылау. Бұлар бір –бірімен ұштасып жүзеге
асырылғанда ақыл-ой әрекетінің негізгі тәсілдері деп аталады. Мәселен,
нәрселер мен құбылыстарды салыстырудан қорытынды жасалады. Жалпылау кезінде
елеулі белгілері таңдалып, жүйеге түсіріледі, қорытынды жасалып,
мысалдармен нақтыланады. Қорытындылауда себеп–салдар байланысы, жіктелуі,
жеке бөліктерінің арасындағы өзара байланысы ашылады.
Оқушылардың ақыл-ой әрекетін қалыптастыру биологияның алғашқы
сабақтарынан басталып, біртіндеп дамытылады. Ол үшін әр тақырыпқа лайықты
сұрақтар, жаттығулар мен тапсырмалар әзірленеді. Бұл орайда білімді жүйеге
келтіру және қорытындылау сабақтарының маңызы зор. Бұл сабақтарда ақыл- ой
әрекетінің айтылған тәсілдерін қолдану арқылы оқушылар биологиялық нысанды
немесе құбылысты жаңа қырынан көруге үйренеді, жеке бөліктерінің арасындағы
өзара байланысын тауып, алған білімді қолдана білуге дағдыланады [17].
Биология пәнін оқып үйрену барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас
бөлігі адам, қоғам, табиғат туралы білім алады.
Биология пәніне қызығатын,талабы жоғары жас жеткіншектерді тыңдап алу
үшін мынадай міндеттер қою қажет:
• оқушылардың табиғи дарыны мен қабілетін дамыту;
• ғылым,білімге тұрақты ізденіс қалыптастыру;
• өздігінен білім ала білуге үйрету;
• ғылыми жұмыспен айналысудың тәсілін үйрету [14].
Демек, теория мен деректі тәжірибелік білімінің ара қатынасын тиімді
анықтау аса маңызды методикалық міндеттердің бірі. Деректер теориялық
көзқарасты жетік меңгеретін дәрежеде ғана алынады. Олардың мөлшері тым
көбейіп кетсе, кері нәтиже береді.
Қорыта айтқанда жаратылыстану бағытындағы білім беруді еліміздің білім
саясатындағы келелі мәселелерді шешуге нақты қадам болып табылады. Білім
беру құрылымы мен мазмұнының түбегейлі жаңаруы еліміздің болашағына ие
болар білікті ұрпақтың жеке тұлға ретінде қалыптасуына игі ықпал ете
отырып, Қазақстанның өркениетті ел ретінде дамыған 50 елдің қатарынан орын
алуына кепіл бола алады [11].

1.3 Білім мен тәрбие беру ісіндегі мұражайлар қызметіне талдау

Қазақстанның Ресей құрамына енуі өлкені жан-жақты зерттеуді талап етті.
Өлкеде қалыптасып келе жатқан зиялылар оның ішінде дәрігерлер, мұғалімдер,
саяси айдаудағылар зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Қазақстан
аумағында ғылыми экспедициялар, мұражайлар ашылған жағдайда оларды
халықшылдардың қызметімен байланыстыруға болатын еді.
XIX ғ. екінші бөлігінде патша өкіметі отаршылдық мақсатта көптеген
жергілікті өлкетану қоғамдары мен бөлімшелерін ашты. Жергілікті өлкетану
қоғамдарының міндеттері географиялық, статистикалық және жаратылыс-тарихи
материалдарын жинап, өңдеу және тарату, ғылыми экспедицияларды жарақтандыру
болды. Алға қойылған міндеттер барлық аудандарда бірдей дәрежеде жүзеге
асырылмағанмен, олар ғылыми даярлығы бар адамдарды біріктірді. Өлкетану
қоғамдарының жанынан шағын кітапханалар, өлкетану карталары, этнографиялық
экспо-наттар коллекциялары құрылды. Қазақстанда музейлердің алғашқы
топтамаларының қалыптасуына осы іс-шаралар да өзінің үлкен ықпалын жасаған
болатын.
Өлкетану қоғамдарының жұмысында екі ағымның өкілдері болып, өз істерін
өрбітті. Бірі – патша өкіметінің отарлау саясатын жүргізуші генералдар,
губернаторлар, шенеуніктер, дін қызметкерлерінің бір бөлігі болса, екіншісі
– оларға қарама-қарсы прогресшіл пиғылдағы зиялылар еді.
Орынбор, Орал, Семей, Солтүстік Қазақстан, Ташкент, Жетісуда
орталықтары болды және ғылыми қоғамдардың дамуы көптеген қазақ
зерттеушілерінің қалыптасуына әсер етті.
1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуымен Ташкент ірі
ғылыми орталыққа айналды. Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік бөлігін
зерттеу мақсатында 1897 жылы Орыс географиялық қоғамының Түркістан бөлімі
құрылды.
XIX ғ. ғылым тарихына, олардың жеке салаларына, ғылым мен техниканың,
табиғат пен адамның өзара байланысына арналған музейлер пайда бола бастады.

Қазақстандағы музей ісі өлкетанудың дамуымен тығыз байланыста дамыды.
Өз кезегінде өлкетанудың дамуы сол замандағы әлеуметтік-экономикалық және
саяси қайта құрулармен, ішкі рыноктарды кеңейту, аймақтар туралы нақты
білімдер, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ересек аралар - қорғансыз жәндіктер
БИOЛOГИЯ САБАҒЫНДА ПАЙДАЛЫ НАСЕКOМДАРДЫҢ БИOЛOГИЯСЫН OҚЫТУ ЕРЕШIЛIКТЕРI
Биологияны оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану
Қазақ тілін оқыту
Мектеп биология курсында дәстүрлі емес сабақтарды қолдану
Биология сабағында танымжорықты жүргізу және ұйымдастыру
5-6 класс оқушыларының оқу тәжірибелік участкесінде практикалық сабақтар өткізу әдістемесі
Қазақстан тарихы пәні бойынша оқулықты пайдалану
Тарихи - өлкетану жұмыстарының формалары және әдістері
Биологиялық білім берудің зерттеулеріндегі педагогикалық эксперименттің маңызы
Пәндер