Мұсылмандық құқық



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.1 Мұсылман құқығының мәні және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Мұсылман құқығының бастаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.3 Мұсылман құқығы жүйесінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

2 МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ

2.1 Мұсылман құқығы ғылымының тараулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.2 Отбасылық және мұрагерлік құқық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.3 Меншік қатынастарын құқықтық реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
2.4 Қазіргі кезеңдегі мұсылман құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
КІРІСПЕ

Мемлекеттің құқықтық жүйесінің пайда болуы мен даму тарихына барлық қоғамның рухани мәдениеті: дін, философия, мораль, бейнелеу мәдениеті, ғылым әсер етеді. Мұсылман құқығының қалыптасуында шешуші рөлді дін алды. Мұсылманға қажетті заңдар мен ережелер Мұхаммед пен оның жақтастарымен айтылып кеткен деп есептелінеді. Сондықтан, мемлекет жаңа заңдар шығармай, тек Алла жолын ғана ұстану керек.
Шығыстағы орта ғасырлық өркениеттің ең маңызды құбылысы – мұсылман құқығы (шариғат). Бұл құқықтық жүйе, ең алдымен Араб халифатында пайда болып, кейіннен әлемдік сипат алды. Оның даму тарихы араб мемлекетінің эволюциясымен, VІІ ғ.патриархалдық діни қоғамнан VІІІ-Х ғ.ғ. Омеяд және Аббасид династиясының ірі империясына дейінгі дамуымен тығыз байланысты. Араб халифаты құлағаннан кейін мұсылман құқығы өз маңыздылығын жоғалтпай, ислам дінін қабылдаған Азия және Африка елдеріндегі негізгі құқықтық ережеге айналды.
Мұсылман құқығы – мұсылман діні Исламның негізінде құрастырылған ережелер жүйесі.
Ислам бойынша қалыптасқан құқық адамға Мұхаммед арқылы Алладан келген. Ол қоғамның барлық әлеуметтік өмірін қамтиды.
Мұсылман құқығының төрт бастауы бар:
1.Алланың соңғы елшісі Мұхамедке айтқан ережелерінен тұратын киелі кітап - Құран
2.Мұхамедтің сөздері мен істерін талдайтын дәстүрлі ережелер жиынтығы - Сұнна.
3.Құран ережелерін талдаған ұлы мұсылман ғалымдарының пікірлері – Иджма
4.Мұсылмандардың алғашқы бастауларында көрсетілмеген өмірлік құбылыстарын сәйкесінше талдау – Қияс.
Мұсылман құқығына тән: институттардың ежелден бері келуі, кездейсоқтық және жүйенің жоқтығы. Ол мешіт құқығы, дін жолындағы қоғам құқығы. Салт-дәстүр мұсылман құқығына кірмейді және оның бастауы бола алмайды.
Құқықтық қызметте келісімдер жиі қолданылады, ол мұсылман құқығының ережелеріне бірқатар өзгеріс әкелуі мүмкін, бірақ ол міндетті болып есептелінбейді. Бұл жүйе оны талқылау болмаған кезде, б.з.д. Х ғ жойылып кетті.
Мұсылман құқығының негізгі мазмұны – дін адамының іс -әрекеті мен ережелерді ұстанбаған кезде қолданылатын жазалар түрінде болады. Алғашқы кезден-ақ ислам, тек діни салттарды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік институттарды, меншік түрлерін, құқық ерекшеліктерін, философия, саяси құрылыс, этика, мораль және әлеуметтік психология ерекшеліктерін де қарастырады, бірақ, бірінші орында рухани өмір болады.
Мұсылман құқығы (шариғат) – Құран және Сұнна негізінде құрастырылған, мемлекеттік, мұрагерлік, қылмыстық және неке-отбасы
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Черниловский З.М. Всеобщая история государства и права. М. 2006.
2. История государства и права зарубежных стран. Часть I,II. М.,1997-98.
3. Хрестоматия по всеобщей истории государства и права. М.,2008.
4. Всеобщая история государства и права. п/р. К.И. Батыра. М.,2008.
5. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Алматы, 2004.
6. История государства иправа стран Азии и Африки.. М., 1981.
7. Колесницский Н.Ф. Феодальное государство. (ҮI-ХҮ вв). М., 1967.
8. Сюкияйнен Л.Р. Мусульманское право. М.,1986.
9. Беляев Е.А. Арабы, ислам и арабский халифат в раннем средневековье. М., 1966.
10. Решетников Ф.М. Правовые системы мира. М.,1993.
11. Грицанов Н.А., Смило Г.В. «Религия. Энциклопедиялық сөздік». - Минск, Книжный двор. 2007.
12. Грицанов Н.А., Смило Г.В. «Религия. Энциклопедиялық сөздік». - Минск, Книжный двор. 2007.
13. Дінтану негіздері: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. (Яблокова И.Н. 5-е баспасы, 2006.
14. Гараджа В.И. Дінтану негіздері. Педагогикалық ЖОО-дың студенттеріне арналған оқу құралы. Мәскеу., 1994.
15. Васильев Л.С. Шығыс дінінің тарихы. 8-баспа, Мәскеу, 2006.
16. Дворкин А.Л. Сектоведение. Тоталитарные секты: Опыт систематическое исследования. - Н.Новгород «Христианская библиотека», 2007.
17. Сурдель Доминик, Сурдель Жанин. Цивилизация классического ислама /фран. тілінен аударылған В. Бабинцева/. - Екатеринбург «У-Фактория», 2006. - 544 б.
18. Ғарифолла Есім. Данышпан Шәкәрім. - Алматы «Атамұра», 2008. - 336 б.
19. Мухин А.А., Здоровец Я.И. Религиозные конфессии и секты. Мәскеу «Эксмо» 2005, 288 б.
20. Джилл Кэррол. Диалог Цивилизаций. - Алматы «Дәуір», 2009. - 180 б.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... 5

1.1 Мұсылман құқығының мәні және
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Мұсылман құқығының
бастаулары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.13
1.3 Мұсылман құқығы жүйесінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..15

2 МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ

2.1 Мұсылман құқығы ғылымының
тараулары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2 Отбасылық және мұрагерлік құқық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 22
2.3 Меншік қатынастарын құқықтық
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 25
2.4 Қазіргі кезеңдегі мұсылман
құқығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..32

КІРІСПЕ

Мемлекеттің құқықтық жүйесінің пайда болуы мен даму тарихына барлық
қоғамның рухани мәдениеті: дін, философия, мораль, бейнелеу мәдениеті,
ғылым әсер етеді. Мұсылман құқығының қалыптасуында шешуші рөлді дін алды.
Мұсылманға қажетті заңдар мен ережелер Мұхаммед пен оның жақтастарымен
айтылып кеткен деп есептелінеді. Сондықтан, мемлекет жаңа заңдар шығармай,
тек Алла жолын ғана ұстану керек.
Шығыстағы орта ғасырлық өркениеттің ең маңызды құбылысы – мұсылман
құқығы (шариғат). Бұл құқықтық жүйе, ең алдымен Араб халифатында пайда
болып, кейіннен әлемдік сипат алды. Оның даму тарихы араб мемлекетінің
эволюциясымен, VІІ ғ.патриархалдық діни қоғамнан VІІІ-Х ғ.ғ. Омеяд және
Аббасид династиясының ірі империясына дейінгі дамуымен тығыз байланысты.
Араб халифаты құлағаннан кейін мұсылман құқығы өз маңыздылығын жоғалтпай,
ислам дінін қабылдаған Азия және Африка елдеріндегі негізгі құқықтық
ережеге айналды.
Мұсылман құқығы – мұсылман діні Исламның негізінде құрастырылған
ережелер жүйесі.
Ислам бойынша қалыптасқан құқық адамға Мұхаммед арқылы Алладан келген.
Ол қоғамның барлық әлеуметтік өмірін қамтиды.
Мұсылман құқығының төрт бастауы бар:
1.Алланың соңғы елшісі Мұхамедке айтқан ережелерінен тұратын киелі
кітап - Құран
2.Мұхамедтің сөздері мен істерін талдайтын дәстүрлі ережелер жиынтығы -
Сұнна.
3.Құран ережелерін талдаған ұлы мұсылман ғалымдарының пікірлері – Иджма
4.Мұсылмандардың алғашқы бастауларында көрсетілмеген өмірлік
құбылыстарын сәйкесінше талдау – Қияс.
Мұсылман құқығына тән: институттардың ежелден бері келуі, кездейсоқтық
және жүйенің жоқтығы. Ол мешіт құқығы, дін жолындағы қоғам құқығы. Салт-
дәстүр мұсылман құқығына кірмейді және оның бастауы бола алмайды.
Құқықтық қызметте келісімдер жиі қолданылады, ол мұсылман құқығының
ережелеріне бірқатар өзгеріс әкелуі мүмкін, бірақ ол міндетті болып
есептелінбейді. Бұл жүйе оны талқылау болмаған кезде, б.з.д. Х ғ жойылып
кетті.
Мұсылман құқығының негізгі мазмұны – дін адамының іс -әрекеті мен
ережелерді ұстанбаған кезде қолданылатын жазалар түрінде болады. Алғашқы
кезден-ақ ислам, тек діни салттарды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік
институттарды, меншік түрлерін, құқық ерекшеліктерін, философия, саяси
құрылыс, этика, мораль және әлеуметтік психология ерекшеліктерін де
қарастырады, бірақ, бірінші орында рухани өмір болады.
Мұсылман құқығы (шариғат) – Құран және Сұнна негізінде құрастырылған,
мемлекеттік, мұрагерлік, қылмыстық және неке-отбасы құқығынан тұратын діни
жинақ. Сонымен, шариғат – исламның діни –мистикалық ұғымдарымен тығыз
байланысты құқықтық ереже.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мұсылман құқығының қайнар көздерін анықтап
зерттеу.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- мұсылман құқығының жалпы түсінігін беру;
-мұсылман құқығының бастауларын зерттеу;
-мұсылман құқығы жүйесінің ерекшеліктерін зерделеу;
-мұсылман құқығы ғылымының тарауларын анықтау;
-отбасылық және мұрагерлік құқық ерекшеліктерін талдау;
-меншік қатынастарын құқықтық реттеу мәні;
-қылмыс, жаза, сот ісін анықтау;
-қазіргі кезеңдегі мұсылман құқығын
Осы күндері мұсылман елдерінің көпшілігінде мемлекеттік ақсүйектер
ұйымдары құрылған, бірақ олар діни соттарды сақтайды. Шариғат сотының
сақталуы дін иелерінің саясатқа, халықтың азаматтық құқығына араласуына кең
жол ашты. Бұндай жағдай қоғамдық-философиялык ойдың дамуына, өмірге
материалистік тұрғыдан қарауға кедергі жасады. Көзқарастары демократиялық
тұрғыда қалыптасқан адамдар да дін иелерінің қудалауына түспес үшін
өздерінің пікірлерін ислам діні қағидаларымен тиянақтап отыруларына тура
келді. Ислам мен шариғат осы күнге дейін Азия мен Африка мемлекеттерінде
өзінің үлкен ықпалын жүргізуі, кейбір жағдайларда елдердің дамуына кері
әсерін де тигізді.

І МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫ

1.1 Мұсылман құқығының негізгі мазмұны

Мұсылман құқығының негізгі мазмұны – дін адамының іс -әрекеті мен
ережелерді ұстанбаған кезде қолданылатын жазалар түрінде болады. Алғашқы
кезден-ақ ислам, тек діни салттарды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік
институттарды, меншік түрлерін, құқық ерекшеліктерін, философия, саяси
құрылыс, этика, мораль және әлеуметтік психология ерекшеліктерін де
қарастырады, бірақ, бірінші орында рухани өмір болады.
Мұсылман құқығы (шариғат) – Құран және Сұнна негізінде құрастырылған,
мемлекеттік, мұрагерлік, қылмыстық және неке-отбасы құқығынан тұратын діни
жинақ. Сонымен, шариғат – исламның діни –мистикалық ұғымдарымен тығыз
байланысты құқықтық ереже.
Ислам құқықтық ережені Алланың заңдары мен тәртібінің бір бөлігі
ретінде қарастырады. Осыған сәйкес, бұйрықтар мен тиымдарға да ерекше
қасиет беріледі.
Құқықтың Исламмен тығыз байланысын мұсылманның шариғатта көрсетілген 5
түрлі іс-әрекетінен көруге болады:[1]
1.Міндетті
2.Кеңес беру
3.Рұқсат етілген
4.Кінә қойылады, бірақ жаза қолданылмайды
5.Тиым салынған және жаза қолдану.
Шариғаттың негізгі бағыты - әр түрлі өмірлік жағдайды діни тұрғыдан
бағалау. Сондықтан, шариғаттың негізгі ерекшелігі, ол тек мұсылмандарға
және мұсылмандар қарым-қатынасына ғана байланысты. Шариғат қағидасы үшке
бөлінеді: ғибадат (діни салтқа байланысты міндет), муамалят (тек қана
заңдық ережелер) және укубат (жазалау жүйесі).
Шариғат ережелері көптүрлі және қатал. Ол адамның қоғаммен, отбасымен
қарым-қатынасын, азаматтық қатынастары, мүліктік дауларды шешу ереже-лерін
қамтиды. Шарғат ережелерін бұзғандарға қатал жаза қолданылады.
Шариғаттың Европа елдеріндегі құқықтық ережелерден үлкен айырмашы-лығы
бар. Ол қоғамдық өмір мен мешітті реттеп қана қоймайды, сонымен қатар Азия
мен Африка елдерінің басым көпшілігінде орнап, Орталық Азия мен Кавказдың
бір бөлігіне, Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің бір қатарына әсерін тигізген
ережелер жүйесін құрайды. Бірақ, ислам мен шариғаттың бұлай кең таралуы,
оның көп салаларын әр елде әртүрлі өзгеріске түсірді. Сонымен, исламда екі
бағыттың, ортодоксальды бағыт – суннизммен қатар, оған қарсы бағыт шиизмнің
пайда болуына байланысты шариғатта бөлініс пайда болады.
Ескі мәдениеттердің исламға ықпалы - Исламды дүниенің түкпір-түкпірне
тарату саясаты төрт халифа дәуірінде ерекше қарқын алды. Ирак, Иран, Сирия,
Палестина, Солтүстік Африка, Европаға  фатх жорықтары жасалды. Фатхтардың
мақсаты Ислам дінін барлық адамзатқа жариялау, құлағдар ету, халықтарды
исламға шақыру, сүйіспеншілік пен бейбітшілікке жеткізу болатын. Ислам діні
жылдам таралып, адамдар жаңа дінге топтасқан  түрде өз еріктерімен кіріп
жатты. Бірақ, жаңа дінге кіргендер бұрынғы сенімдерінен, әдет-ғұрыптары мен
мәдениеттерінің көптеген элементтерін мұсылмандар арасына алып келді.[2]
Ықпалдасудың нәтижесінде жаңа өзгерістер пайда болды. Ал, бұл
өзгерістер жаңа мазхаптардың пайда  болуына әкеп соқтырды. Жабарие,
Кадирие, Мутазалие, Мушаббихе, Шииттік және сол секілді мазхаптар осындай
ықпалдастықтың нәтижесінде тарих сахнасына шықты. Ибн Хазм ал-Фасл атты
еңбегінде ескі мәдениеттердің ықпалымен пайда болған ағымдар туралы былай
дейді: Бұл топтардың көбінің ислам дінінен шығуының себебі, парсылар ұлан-
ғайыр аймақта өмір сүретін. Өздерін жоғары санып, өзге ұлттарға үстемдік
ететін. Өздерін азат санап, өзгелерді құл-құтанға балайтын. Парсыларға
өздері шекеден қарайтын арабтардың Сасаниттер патшалығын құлатуы оларға өте
ауыр тиді. Осы себептен олар ұдайы Исламға түрлі  айла-шарғымен қарсы
шығуын тоқтатпады. Алайда, барлық соғыстарда Алла-Тағала хақ жолын
ұстанғандардың мерейін үстем етті. Олардың кейбіреулері тек сыртқы пішінмен
ғана Исламды қабылдады. Парсылар Хз. Алиге жасалған зұлымдықтан кейін
Шииттік ағымды қатты қолдады. Бірақ, олар Исламнан шыққан еді...
Философияның ықпалы - Исламның атын жамылған кейбір бұзылған
мазхаптардың пайда болуына көне Грек, Үнді, Месопатамия философиясының
ықпалы болды. Өйткені, ескі философиялық теориялар Исламдық сенімдегі
болмыс пен табиғат ұғымымен үйлесе бермейтін. Мұсылман ғалымдарының кейбірі
ескі философиялық түсініктердің ығынан шыға алмады. Ислам тарихында алғашғы
расатхана (обсервотория) Омаяттар халифасы Абдулмәліктің кезінде 707 жылы
Шамда салынды. Ибн Кәсир Ислам сенімдеріне қайшы келетін Антика
философиясының Исламның алғашқы жүз жылында мұсылмандарға танымал
болғандығын айтады. Садреддин Ширази (Молла Садра) Сухравердиенің
еңбектеріне сүйене отырып, Омаяттар дәуіріндегі ислам ғалымдарының ескі
Грек философиясынан хабардар болғандығын айтып өтеді. Мысалы, Мутазалие
ағымының өкілдері сенімдік мәселелердегі қолданған логикалық әдіс-
тәсілдерді философтардан алды. Ал, Мутазалие мазхабы Омаяттар дәуірінде
пайда болып, Аббаситтер дәуірінде өзінің шарықтау шегіне жетті. Антика
философиясының шығармаларын жүйелі түрде араб тіліне аудару Аббаситтер
халифы Мамун, Мутасым кезінде қолға алынды. Алғашқы мұсылман философы әл-
Кинди, әл-Фараби, Ибн-Синалардың дүниетанымына көне грек философиясының
әсері мол болды. Бұлай исламнан бұрынғы дүниені танып білу турасындағы
философтардың көзқарастарының  мұсылмандарға әсер етуі өз кезегінде
ойшылдар арасында талас-тартыс тудырды. Әл-Фарабилер мен Имам Ғазалилердің
арасындағы талас-тартыстар осыған дәлел бола алады.
Тылсымды танудағы талас-тартыстар  - Ислам сеніміне дәлел келтірудегі
рационалистік түсінік мұсылман ғалымдарын әртүрлі ойларға жетелеп, соның
нәтижесінде түрлі ағымдар пайда болды. Алла-Тағаланың сыпаттарына дәлел
келтіру мен құдыретін танып-білу және басқа да мәселелер жөнінде ғалымдар
түрлі әдіс-тәсілдер қолданды. Бұндай мұсылмандық сенімге қатысты түрлі
көзқарастардың болуы, мұсылмандардың жіктелуінен әкеп соқтырды.
Құран-Кәрімнің аяттарына қатысты тартыстар - Құран-Кәрімнің кейбір
аяттар қысқа, кейбіреулері ұзын, көптеген аяттар өте анық және түсінікті,
ал кейбір аяттар күрделі және көп мағыналы болы келеді. Бір ғана әріп пен
сөзден тұратын аяттармен қатар жарты беттен тұратын аяттар да бар.
Аяттардың көп бөлігін оңай түсінуге болады, бірақ кейбір аяттар түрлі
мағыналар береді. Бұндай аяттарды түсіну аса қиын. Бұл жағдай
мұсылмандардың аяттарды түсініп, білуде әртүрлі түсінікке итермеледі.
Осыған орай Құран аяттары құрылымы мен мағыналарына қарай екіге
бөлінеді:[3]
1. Мүхкам аяттар; нақты және анық мағыналы, түсіндірілген кезде
мағынасы айқын болған аяттар. Мұндай аяттарды оқып, тыңдаған кезде
мағыналарын оңай түсінуге болады. Бұл анық мағынадан басқа түсінікке бару
мүмкін емес. Құрандағы иман, ғибадат, ахлаққа қатысты аяттар мүхкам аяттар
болып табылады.
2. Мүташабих аяттар; мағыналары анық емес және әртүрлі түсінуге болатын
аяттар. Бұл аяттарды тәуил (гипотеза) арқылы түсінуге болады. Аллаһтың
сыпаттарына (қол, бет, ғарыш) байланысты аяттар мен жұмақ, тозақ, мизан,
есепке тартылу, махшар және мухатта (бір немесе екі үш әріптерден тұратын
аяттар) әріптерінен тұратын аяттар осы түрге жатады. Бұл аяттардың шын
мағынасын Алла ғана біледі. Ғалымдар болжам жасап, оларды түсініп,
анықтауға тырысады.
Алғашқыда, мүташабих аяттарға болжам жасаушылық адасқандық саналды.
Салафие деп аталған алғашқы мұсылмандар мен мұсылмандық сенімнен
ауытқымаған кейінгі ғалымдар мүташабих аяттарға болжам жасауға тырыспаған.
Бұл мәселеде әлсіз екендіктерін мойындап, олардың мағыналарын Алла ғана
біледі деп тұжырымдаған. Әйтседе, кейбір мұсылман ғалымдары өздерінің
мүташабих аяттарды түсіне алатынын айтып, оларға тәуил жасап, анықтау
жолына түскен. Халафие деп аталған бұл топ Құранның дінді түсіндіру үшін
келгенін, сондықтан да оның барлық аяттарын білу керек екенін айтып, мүхкам
аяттармен бірге ақыл арқылы мүташабих аяттарды анықтауға тырысқан. Бұндай
болжамдар мұсылман қоғамында түрлі діни түсініктер мен мазхаптардың пайда
болуына себеп болды. Мүжессиме, Мүшеббихе, Муаттыла, Хуруфие секілді діни
ағымдар мүтешабих аяттарға тәуил жасау нәтижесінде пайда болды. Құран
аяттарының захири және батыни мағыналарын зерттеп, осының нәтижесінде
Захирилік және Батынилік секілді ағымдар да ортаға шықты.
Исламға дейiнгi кезеңде арабтарда әйелдiң құқығы тым төмен едi.
Әсiресе, арабтар қыз балаларды тiрiдей жерге көметiн. Өлтiруге қимағандары
қыздарын ұл балдарша киiндiрiп, жұрттан жасырып ұстайтын. Бұлай әйелдiң
мәртебесiн тым төмендететiн себебi, қыздар өскенде жезөкшелiк жасап,
абыройымызға дақ түсiредi деп ойлайтын. Шынында да Исламға дейiнгi жабайы
араб қоғамында жезөкшелiк ерекше асқынып тұрды. Кейбiр арабтар ұлдарын
тектi ету үшiн әйелдерiн өз қолымен ақсүйек адамның төсегiне апарып
жатқызатын. Жезөкше әйелдер жүктi болып қалған жағдайда, Кайф деген сәуегей
келiп, еркектердiң бiрiне мына баланың әкесi сенсiң деп, оны зинадан туған
балаға әке қылатын. Арабтардың "шиғар" деген некесi бойынша, қыздары бар
арабтар бiр-бiрiне қыздарын қалың малсыз берiп үйленетiн. "Бәдел" деген
неке бойынша, арабтар әйелдерiн бiр-бiрiне берiп айырбас жасайтын. Күйеуi
өлген жесiрдi туыстарының бiрi зорлықпен өзiне әйел ететiн. Исламнан
бұрынғы арабтардың азғынданғаны соншалықты, тiптi олар өгей шешелерiне
дейiн үйлене беретiн едi.
Ислам мемлекетi қалыптаспай тұрып-ақ, Мекке кезеңiнде Құран-Кәрiм әйел
мен еркек теңдiгiн былайша паш еттi: "Шын мәнiнде мен сендерден еркек, әйел
амал iстеушiлердiң амалын зая қылмаймын. Бiр бiрiңненсiңдер" (Әли-Ғымран-
195). "Ер немесе әйелден кiм сенген бойда түзу iс iстесе, әлбетте, оны
жақсы тiршiлiкте жаратамыз. Әрi оларға iстеген iстерiнен жақсырақ сыйлық
беремiз" (Нахыл-97). Пайғамбарымыз (с.а.у) да әйел мен еркектiң теңдiгi
хақында: "Әйелдерiңiздiң сiздерде, сiздердiң әйелдерiңiзде хақтарыңыз бар"
деген болатын.
Сондай-ақ, арабтардың қыздарын тiрiдей жерге көмуiн Құран-Кәрiм былай
деп сынға алды: "Егер олардың бiреуi қызбен шүйiншiленсе (әйелiнiң қыз
тапқанын естiсе), оны ашу қысып, бетi қап-қара бола бастайды. Өзiне
берiлген жаман хабардың салдарынан, елден жасырынады. Оны қорлыққа шыдап
ұстау немесе топыраққа көмiп тастау керек пе? Ал олар нендей жаман үкiм
бередi" (Нахыл-58-59). Сөйтiп, Арабтардағы ең зұлым, ең азғын арам әдетке
тыйым салынып, Ислам бұл қаскөйлiктi тоқтатты.
Құранда әйелдi қадiрлеу туралы былай баяндалады: "Сендер үшiн Аллаһ өз
нәсiлдерiңнен әйел затын жаратты. Әйелден бала, баладан немере көрдiңдер.
Сендерге ризық етiп алуан түрлi шырынды жемiс өсiрдi. Сонда да болса
олардың өтiрiкке бой ұрып, Аллаһ берген игiлiкке күпiрлiк ететiндерi
қалай?" (Нахл сүресi).
Пайғамбарымыз (с.а.у) мұсылмандарға әйел затына ерекше көңiл бөлу
керектiгi туралы көптеген хадис-шарифтер қалдырды. Солардың кейбiрiне
тоқталар болсақ: "Мұсылмандардың ең жақсысы, әйелiне дұрыс қарағаны".
"Әйелдерге жақсы мiнезде болыңыздар".
Жалпы Ислам әйелдi, өз апа-қарындасыңдай құрметтеуге шақырады. Бұл
туралы Пайғамбарымыз (с.а.у) былай деген едi: "Әйелдерге ер кiсiлер өзiнiң
апа-қарындастарынша мәмiледе болуы керек. Еркектi адам қылатын әйел".
Әйел дегенде ана еске түседi. Ал Құранда әкеге құрмет көрсетудi анадан
бөлiп-жарып айтпайды: "Сендерге Аллаһ тек өзiне ғана бойсұнуды бұйырды, ата-
аналарыңа жақсылық жасауды өсиет еттi. Олардың бiреуi немесе екеуi бiрдей
қартайып (қалжырап) қалса "түһ" деушi болмаңдар, зекiп ұрыспаңдар. Екеуiне
де iзеттi болыңдар. Екеуiне де зор мейiрiммен, кiшiпейiлмен бас иiңдер.
"Аллаһым, олар менi бала кезiмде қалай мәпелеп өсiрсе, Сен де оларға сондай
рақымдылық ете гөр!" – деп айт" (Исра сүресi, 23-24). Осы аяттың тәпсiрiн
жасаған Сәйид Кутуб әке-шешеге құрмет жайлы Хафыз Әбу Бәкiр Бәззардың мына
риуаятын мысал ретiнде келтiредi: "Бiр адам хажылық кезiнде анасын арқалап
алып Қағбаны тауап етедi. Бiр кезде Пайғамбарымыз (с.а.у)-нан "Оның ақысын
өтей алдым ба?" – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у): "Жүктi болған
кезiнде алған бiр тынысының ақысын әлi өтей алмадың", – деп жауап бередi".
Ислам мемлекетiнiң iшкi функциясындағы үлкен өзгерiстердiң бiрi,
отбасылық қарым-қатынастың бiрiзге түсiп, әйел мен еркектiң, ата-ана мен
балалардың құқықтар мен мiндеттерiнiң орынды белгiленуi едi. Отбасы –
адамның өз бақытын тауып, ұрпақтың жалғасуы, әрi ислам дiнi бойынша күнә
деп саналатын жаман әрекеттерден қорғайтын бiрден-бiр қорған. Ислам дiнi
бойынша отбасы түрi – патриархаттық негiзде қалыптасты. Алайда, бұл
қараңғылық дәуiрдегi ер адамның отбасыдағы үстемдiгiнен өзгеше едi. Бiрақ,
отбасын басқаруда отағасы белгiлi құқықтарға ғана ие болды. Мысалы, әке өз
баласын сатуы мен өлiмiне шешiм қабылдауына құқығы болмады. Осыған
байланысты қараңғылық дәуiрде орын алған жас сәбидi өлтiру әдетiне тыйым
салынды. Сондай-ақ, мұсылман құқығында әйел күйеуiнiң алдында кейбiр
мәселелер бойынша тәуелсiз болды. Алайда, еркектiң қоғамдағы атқарар жұмысы
ауыр болғандықтан, әйелден кейбiр мәселелерде үстемдiкке ие-тiн. Бұл
жайында Құран былай дейдi: "Еркек – әйелге билiк жүргiзедi. Себебi, Аллаһ
оларды бiр-бiрiнен артық етiп жаратқан және ерлер әйелдер үшiн мал-
мүлiктерiн сарп етедi. Жақсы әйел ерiне бойсұнады, ерлерi жоқ кезде бiр
Аллаһты пана тұтып, өздерiнiң абыройын сақтайды. Ал егер олардан жаман
қылық көрсеңдер үгiт-насихат айтып, ескертiңдер, оған көнбесе төсекте бiрге
жатпаңдар. Онда да болмаса (соңғы шара ретiнде) ұрыңдар. Егер бағынса,
басқа жол iздеп оларды жәбiрлемеңдер. Аллаһ сендерден ұлы, әрi үстем. Ерлi-
зайыпты екеудiң ынтымағы жараспай бара жатқанынан қауiптенсеңдер, онда ер
жағынан бiр әдiл адамды, әйел жағынан бiр әдiл адамды жұмсаңдар. Аллаһ
оларды татуластырар болса, онда араларының жарасып кетуiне дәнекер
болыңдар. Аллаһ шынында да бәрiн бiлiп, барлығынан хабардар болып тұрады"
(Ниса сүресi, 34-35).
Құранның бұл үкiмдерiнiң басты мұраты – отбасының татулығын сақтап,
егер, әйел мен ердiң арасында келiспеушiлiк туындаған жағдайда, оны шешу
үшiн, ортаға татуластырушыларды салып, отбасының айрылысуын тоқтатуды
көздеген-дi. Ислам дiнi патриархаттық отбасыны белгiлi бiр өлшемде ғана
қолдады. Өйткенi, отбасылық қатынаста ер адамның әйелдiң көңiлiне дұрыс
қарау, азық-түлiкпен қамтамасыз ету, киiндiру секiлдi мiндеттерi және
әйелдiң тәуелсiз жеке көзқарасының болуы, мұсылман құқығында әйел мен
еркектiң белгiлi бiр деңгейде теңдiгi болғандығын көрсетедi.
Пайғамбарымыз (с.а.у) ер адам мен әйелдiң кәмелет жасына толғаннан
кейiн мүмкiндiкке қарай тез үйленуiн уағыздады. Бұл туралы Ол (с.а.у) былай
дейдi: "Неке менiң сүннетiм. Кiмде-кiм менiң сүннетiммен амал етпесе,
менiмен бiрге емес. Үйленiңдер, себебi мен қиямет күнiнде басқа үмбеттердiң
қасында сандарыңмен мақтанамын. Кiмнiң үйленуге шамасы жетсе, үйленсiн".
Пайғамбарымыз (с.а.у) негiзiн салған мұсылман құқығы бойынша үйлену парыз,
уәжiп, сүннет, харам, мәкруһ, мубах болып алтыға бөлiнедi.
1. Үйленбеген жағдайда жыныстық қатынасқа баратыны анық болған адамға
үйлену парыз. Бiрақ ер кiсi әйелiнiң материалдық (iшiп-жемi, киiмi, тұрғын
үй, ауырған жағдайда дәрi-дәрмек қаражаты) жағдайы және мәһир (қалың мал)
ақысымен қамтамасыз етуi тиiс.
2. Үйленбеген жағдайда жыныстық қатынас жасауы мүмкiн қаупi бар адамға
үйлену уәжiп (керек). Бұндай жағдайдағы еркекке қойылатын шарт әйелдiң
мәһир (қалың мал) және материалдық жағдайын қамтамасыз етуi тиiс.
3. Үйленгеннен кейiн жұбайына жәбiр көрсетуi анық, белгiлi болған
адамға үйлену харам (тыйым салынады).
4. Ауру болып, үйленгенде бұл ауру жұбайына жұғатын болса, немесе
жұбайында да ауру болып, үйленгенде бұл ауру ерiне жұғатын болса, онда
бұндай неке харам болып табылады.
5. Жұбайына жәбiр көрсетуi мүмкiн болған адамға үйлену мәкруһ (Аллаһ
сүймейдi).
6. Үйленбесе жыныстық қатынасқа баратын қаупi жоқ, үйленсе жұбайына
жәбiр көрсету да қаупi жоқ адам үшiн үйлену сүннет.
Үйлену мәселесiндегi мұсылман құқығының бұл үкiмдерi халықты зинадан
қорғауға негiзделгенi анық байқалады. Себебi зина отбасының шаңырағын
шайқалтатын бiрден-бiр апат түрi. Сондықтан, Пайғамбарымыз (с.а.у) бойдақ
жiгiттерге: "Ей жiгiттер! Сiздердiң араларыңыздан кiмнiң үйленуге шамасы
жетсе үйленсiн. Себебi үйлену көздi және нәпсiнi харамнан қорғаушы" деп
жастарға зинаға бармастан бұрын үйленуге кеңес берген.
Мұсылман құқығында үйленудiң соңы әйелге зұлымдық жасаумен жалғасатын
болса, мұндай некенi макруһ (Алла сүймейдi) деп танып, әйелдi зұлымдықтан
қорғайды. Әйелдi зұлымдықтан қорғаумен бүкiл жанұяның құрып кетуiнiң алдын
алады. Себебi зұлымдық көрген әйелде күйеуiне деген өшпендiлiк сезiм
күшейедi де жұбайлардың бiрлiгiн қамтамасыз ететiн сүйiспеншiлiкке деген
жолдар жабылады. Бұл отбасыда дүниеге келетiн баланың педагогика тұрғысынан
алғанда тәрбиесi жетiлмейдi.
Мұсылман құқығында үйленудiң ең жақсы түрi – Пайғамбармыз (с.а.у)-ның
сүннетiнiң негiзiнде үйлену екендiгiн анық байқауға болады. Пайғамбарымыз
(с.а.у) мұсылмандарға үйленудiң келтiрер пайдасы туралы былай деген
болатын: "Мұсылман Аллаһтан қорқып оған бойұсынғаннан кейiн жақсы бiр
әйелден пайда көрген сияқты еш нәрседен пайда көрмейдi. Себебi әйелiне
бұйырса, бұйрығын тыңдайды, жүзiне қараса сүйiспеншiлiгi оянады, сапарға
шықса өзi болмаған уақыт бойы намысын және күйеуiнiң мал мүлкiн қорғайды".
Бұл туралы Құранда: "Әйелдер сендердiң киiмдерiң, сендер әйелдерiңнiң
киiмдерiсiңдер" (Бақара 187) – деп жұбайларды бiр-бiрiнiң денесiн суықтан,
ыстықтан қорғайтын, рухты түрлi зиянды нәрселерден қорғайтын киiмге
теңеген.
Мұсылман құқығында некеге тұрудың үш шарты бар. Бiрiншi шарты бойынша,
үйленушi ер адам мен әйелдiң кәмелет жасына толуы, ақыл есiнiң дұрыс болуы
және Құранда некелесуге тыйым салған негiздер сақталуы керек. Екiншi шарты
бойынша, екi тараптың өзара келiсiмi болуы тиiс. Үшiншi шарт бойынша,
некеге куәландырылып, жариялануы шарт.
Маһир, әйелдiң келiсiмiне қарай, ақшалай немесе заттай болуы да мүмкiн.
Мәһирдiң маңызы туралы Құранда Ниса сүресiнiң 24 аятында баяндалады. Мәһiр
қалыңдыққа берiлетiн түрлi бағадағы құн ғана емес, керiсiнше қоғамдағы
әйелдiң беделiн бiлдiретiн әйелдiң және ақысы саналатын сыйақы. Исламнан
бұрынғы дәуiрде Арабтарда "Ниһлә" деп аталатын қыздың құны берiлетiн
болған. Оны тек қыздың өкiлдерi алатын болған. Ал исламда әйел адам
мәһiрдiң құнын да өзi белгiлеп, жұмсауы да өз еркiнде болды. Мәһiр үшiн
белгiлi шек қойылмаған. Құран "Олардың бiрiне (әйелдерге) жүк-жүк мәһiр
берсеңдер де одан бiрде-бiр нәрсенi керi алмаңдар" (21-Ниса 20) деп
үндейдi.
Мұсылман құқығы мына адамдардың бiр-бiрiмен үйленуiне тыйым салды:
"Әйелдерден әкелерiң үйленгендердi үйленбеңдер. Бiрақ өткен өттi. Бұл бiр
арсыздық және жиренiштi жаман жол. Сендерге аналарың, (әке-шешелерiңнiң
аналары) қыздарың, (ұл-қыздарыңның қыздары) қыз туыстарың, (әке-шеше бiр
немесе бөлек) әкелерiңмен туысқан әйелдер, шешелерiңмен туысқан әйелдер,
еркек немесе қыз туыстарыңның қыздары, (олардың қыздары) сүт емiзген
аналарың, жақындасқан әйелдерiңнiң (бұрынғы ерiнен болған) қолдарындағы
өгей қыздарын, егер жақындаспаған болсаңдар, сендерге бiр оқасы жоқ. Бел
балаларыңның әйелдерi және енкi қыз туысты бiрге үйленулерiң арам
қылынды...(Ниса 422-23). Құранның бұл үкiмдерi сөз жоқ, қараңғы араб
қоғамы үшiн үлкен жаңалық болатын. Өйткенi, исламға дейiн арабтар өгей
шешемен және кейбiр туыстарымен үйлене беретiн.
Мұсылман құқығының отбасылық қатынастағы тағы бiр жаңалығы, бiр
мұсылманның бас-бостандығы жоқ, күңмен некеге тұруына рұқсат беруi едi.
Исламға дейiн, арабтар күңдердi некелеспей нәпсiнi қандыруға қалағанынша
пайдаланатын. Ал, ислам күңдермен некеге тұрмайынша жақындасуға болмайтынын
ескерттi: "Сендерден бiреудiң, мүмiн азат әйел алуға шамасы келмесе, онда
қолдарыңдағы мүмiн күңдерден алсын. Алла имандарыңды жақсы бiледi. Бiр-
бiрiңненсiңдер. Ендеше күңдерiңдi қожайындарыңның рұқсатымен олардың
мәһирлерiн дұрыс берiп, абыройлы болулары, зинашы және астыртын көңiлдес
болмаулары шартымен алсын" (Ниса425).
Мұсылман құқығы бойынша әйел мен еркектiң табиғи қасиеттерiне қарай өз
мiндеттерi болды. Ер адам отбасының материалдық жауапкершiлiгiн өз мойнына
алды (22-Талақ 6-7).
Отбасыдағы ер адамның материалдық жауапкершiлiгi мына негiздерден
тұрды:
1.Азық-түлiк. 2. Киiм-кешек. 3.Тұрғын үй. 4. Дәрi-дәрмек және емделу.
5. Үй жұмыстары көбейiп моральды салмақ түсетiн болса үй қызметшiсiн
жалдау.
Ал әйел мұсылман құқығы бойынша өз табиғатына сай, үй тiршiлiгiн, яғни, ас
пiсiру, киiм-кешектi жуу, үйдi тазалау, сәндеу, бала-шағаға тәрбие беру
секiлдi нәзiк iстердi атқарды.
Мұсылман құқығы ерлi-зайыптылардың бiр-бiрiн таңдауда қателесудiң және
әртүрлi жағдайда келiспеушiлiктердiң болатынын ескерiп, отбасының бұдан ары
қарай өмiр сүруi мүмкiн болмаған жағдайда, ерлi-зайыптылардың ажырасуына
рұқсат бередi. Пайғамбарымыз (с.а.у) мұсылмандардың мүмкiн болса: "Аллаһтың
жақсы көрмейтiн iсi ажырасу" деп ажыраспауын үндеген. Ажырасу мұсылман
құқығы терминi бойынша "талақ" деп аталады. Мұсылман құқығындағы "талақ"
етудiң мынандай ерекше негiздерi бар:
1. Құран мен Сүннет тәртiбiне қайшы негiздегi талақ ету харам (тыйым
салынған).
2. Тәртiбi мен iс-әрекетiнде кiнәрат болмаса да кемшiлiксiз әйелдi
талақ ету макрүһ (Аллаһ сүймейтiн, жақсы көрiнбеген).
3. Iшкiлiк, құмар сияқты харам iстермен шұғылданудан бас тартпаған
әйелмен ажырасу сүннет.
4. Отбасылық өмiрде харам iстердi жасап, дiн бойынша парыз болған
амалдарды тәрк еткен әйелдi талақ ету парыз. (5-359).
5. Араларында махаббаттары болмаған жанұялардың ажырасуы тұрғысында әр
түрлi көзқарастар айтылады. Бұл ерлi- зайыптылардың өздерiне қалған шешiм.
Мұсылман құқығы талақ үкiмiн жанұяны бұзу үшiн емес, қайта жанұяның
берiктiгi үшiн қолданады. Яғни, жұбайлардың үйленбестен бұрын жiберген
қателiгiн немесе жанұя болғаннан кейiнгi қателiктi түзету үшiн талақ үкiмi
жүзеге асырылады. Сонымен бiрге, "талақ" үкiмi арқылы тараптар кеште болса
өздерiнiң қателiктерiн түзетiп, яғни ажырасып, психологиялық немесе
материалдық тұрғыда өзiне тең жар табуға мүмкiндiк алады. Мұсылман
құқығында "талақ" ету құқығы ер адамға берiлуiнiң себебi, ер кiсi әйел
психологиясынан ерекше салмақтылығы және шешiм қабылдауда байсалдылығы
негiзге алынған.
Мұсылман құқығы некенiң маңызды екенiн бiлдiру мақсатында "талақ"
сөзiнiң қалжың болса да айтылмауына аса мән бередi. Талақ үкiмiнiң мақсаты
жұбайлардың арасын жарастыру. Себебi еркектiң талақ айтуы үшiн қойылған ең
жақсы тәртiп бойынша талақ үш рет, айтылуы керек. Яғни, талақ еткеннен
кейiн, ерлi-зайыптыларға қайта қосылуға үш рет мүмкiндiк бередi. Қайта
қосылуға мүмкiндiк беретiн мұндай талақ етудi ража талақ деп атайды. Соңғы
талақ айтылғанан кейiн 3 ай мерзiм өтедi. Бұл ұзақ мерзiм олардың өкiнуi
мен ойлануларына уақыт бередi. (21-Талақ 1) Ал, үш рет талақ еткеннен кейiн
рұқсат бермейтiн талақ түрiн вайн талақ деп атайды.
Мұсылман құқығы бойынша мұсылман ер адамға бiр мезгiлде төрт әйелге
дейiн үйленуге рұқсат бердi. Бұл туралы Құранда былай баяндалады:
"...Өздерiңе жаққан басқа әйелдерден екi, үш және төртке дейiн
үйленiңдер..."(Ниса 43) Бiрақ, мұсылман құқығында ер адам әйелдерiне тең
қарай алмаса, көп әйел алу харам (тыйым салынады) саналады. Бұл туралы
Құранда былай айтылады: "..Сонда егер тең ұстай алмаудан қорықсаңдар, онда
бiреу алыңдар..." (Ниса 43). Яғни, көп әйел алуға ер адамның
психологиялық, материалдық тұрғыдан дайындығы болып, әйелдерiн бiр-бiрiнен
алаламайтын теңдiк қағидасы негiзiнде қарауы тиiс. Мұсылман құқығы көп әйел
алуға мынандай себептердiң болуы керектiгiн алға тартады:
1. Физиологиялық тұрғыдан күштi болып, бiрiншi әйелiнiң келiсiмiмен
әйел алуға болады.
2. Бiрiншi әйелiнiң физиологиялық тұрғыдан кемiстiгi (тумайтын бедеу
немесе әртүрлi ауруларға ұшыраса) болса, келесi бiр әйелмен некеге тұруға
болады.
3. Туған жерiнен түрлi себептермен басқа елге өтiп кеткен жағдайда,
алты айдан кейiн басқа әйелмен некеге тұруға болады.
4. Соғыс жағдайында ерi қайтыс болған жесiр әйелдердiң ешқандай
қараушысы болмаған жағдайда немесе жоқшылықтан зина жасауға баруы мүмкiн
басы бос әйелмен некеге тұруға болады.
Осылайша Исламға дейiн әйел затын құмарға қандырушы бiр сәттiк ләззатқа
балаған араб қоғамына Ислам түбегейлi өзгерiстер әкелдi. Исламның келуiмен
ескi тағылық, тұрпайы iс-әрекеттердiң бәрiне тыйым салынып, жеңiл жүрiс пен
көңiл көтеру, зина секiлдi азғынданудан ада, пәк, белгiлi бiр тәртiпке
бағынған абыройлы отбасылар пайда болды.

1.2 Мұсылман құқығының бастаулары

Орта ғасырлардағы шығыс үшін Араб халифатында пайда болып, ең қолайлы
бағытта дамыған құқықтық жүйе - Мұсылман құқығы - Шариғат болып табылады.
Шариғат жолы Орта Азияда, Закавказьеде, Шығыс, Батыс және Солтүстік
Африкада, Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Азияда қолданыла бастады. Яғни,
халифат жеткен жерге дейінгі аралықты қамтыды.
Мұсылман құқығы дін ретінде феодалдық қатынастардың дамуына және
нығаюына мүмкіндік туғызды. Мыңдаған жылдар бойғы құқық түрінің тұрақтылығы
феодализм кезеңінде жаңа мазмұнмен толығып, феодалдардың мүддесін қорғады.
Бұл діни тәртіп бодды, ірілі-уақты шарттарды қоғамдық өмірдің барлық
жақтарында жүргізді.[4]
Мұсылман құқығының әдебиеттегі бағасы әртүрлі сипатта, кейде тіпті
қарама-қарсы мағынада қолданылады. Қазіргі замандағы мұсылман құқығының
атқаратын маңызын көрсете отырып, француз ғалымы Давид Рене дүниежүзілік
құқық жүйесіндегі мұсылман құқығының орнын анықтап берді. Давид Рене
мыналарды бөліп көрсетеді: романдық-германиялық құқықтың отбасы, ортақ
немесе роман-германиялық отбасы, социалистік құқықтық отбасы жүйесі, діни
жүйелер. Діни жүйелер кезеңінде үшке белінеді: мұсылмандық, иудаизм және
индуизм.
Мұсылмандық құқықтың дінмен байланысы, өзінің түбегейлі тұжырымдамасы
және теориялық қайнар көзі арқылы басқа құқықтық, отбасылардан өте
өзгешілігімен көзге түседі. Жеке құқық, отбасылық құқық, мұрагерлік құқық,
мұсылмандық құқық нормаларымен қоғамдық қатынаста реттеледі.
Біз осы құқық жүйесінің феодализм дәуіріндегі жағдайын, құрылу кезеңін
әңгіме етеміз. Мұсылман құқық жүйесіндегі құқықтық діни этникалық нормалар,
мазмұны жағынан әртүрлі болғанымен, бір-бірімен сабақтаса отырып, біртұтас
біріккен кешен түзейді.
Мұсылман құқығы мен мемлекеттің арақатынасының өзіндік ерекшелігі бар.
Шариғаттың барлық нормалары Құран мен суннадан тұрады. Олардың құдайдың
құдіретінен тыс болуы және принципті түрде қолданылуы мүмкін емес. Алайда,
мемлекет дін сенімінің негізі және діни міндеттердің орындалуы, адамдар
арасындағы қарым-қатынасқа нормалар енгізді. Соңғысы құқықтық норма болып
қалыптасты.
Формальды құқықтың нұсқаларымен таныса отырып, оның мемлекетпен
қатынасына көңіл бөлу керек. Мұсылман мемлекеттерінің заң шығаратын
формальды түпнұсқалары халифаттың алғашқы қалыптасу кезеңдерінде ғана
қолданылған (ҮІІ-ҮІІІ ғғ.). Алайда бұл процесті тәмамдау мен мұсылман
құқығының одан әрі дамуына тікелей мемлекеттік пәрмен бола қойған жоқ.
Мемлекет құқықтың дамуы процесіне объективті түрде ықпал ете алмады.
Мұсылман құқығының негізгі ерекшелігі - оның доктриналығы, құқықтанушы
беделді оқымыстылардың еңбектері. Санкцияландырылған норма арқылы мемлекет
өзінің рөлін жанамалай ғана орындап отырған. Бұл әрекет мұсылмандар
құқығының доктриналығымен және өнегелілігімен тұжырымдалған. Мұсылман
құқығында көпшілік және жеке құқық нормалары әрқашан тәуелсіз болып келді.
"Мұсылман ойының бағыты, -деп жазды Р. Шарль, -қатаң тәртіп пен нақтылық
жағдайында ешқашан тәуелді болмау".
Сол кезеңдерде түсініктілік және айқындылық принципі батыс үшін аса
маңызды болып есептелді.
Мұсылман құқығы - дін мен құқықтың сабақтасуының жарқын көрінісі.
Мұсылман құқығы ғылымның жеке саласы емес, ол ислам ілімінің бір ғана жағы.
Бұл дін мыналардан тұрады: теологиялық догмалар жиынтығы, міне, мұсылмандар
осы ұғымға сенуі керек: шариғат-адамгершілік жолы.
Шариғат адам баласы үшін жүзеге асуы міндетті идея ретінде түзілген.
Міндетін орындамаған жағдайда адам заң бұзушы болып табылады. Ислам
әлемінде мемлекет жүргізіліп жатқан діннің қызметшісі ретінде маңызды ірі
теократиялық қоғамның тұжырымдамасына жетекшілік етеді. Таза құдай жолымен
шектеліп қалмай, мұсылман заңгерлері мен теологтары жер жүзі исламға
бағынатын құқықтар жүйесін жетілдірді. Ислам - заңның діні.
Мұсылман құқығы - мұсылман рухының шығу мазмұны, мұсылман
идеологтарының ең түсінікті бағыты.

1.3 Мұсылман құқығының ерекшеліктері

45 афро-азиаттық мемлекеттердің құқықтық жүйесі (Мароккодан Индонезияға
дейін) мұсылман құқығы жүйесіне жатады. Ең негізгі мұсылман мемлекеттері
болып 33 ел саналады( Иран, Ауғанстан, Турция, шығыс араб елдері, оңтүстік
және оңтүстік шығыс Азия және Африка мемлекеттері және т.б.). Мұнда 80%-
тен астам тұрғындар мұсылмандар болып саналады, ислам конституцияда
мемлекеттік дін ретінде жарияланған. [5]
Мұсылман құқығы – бұл діни түрде көрсетілген және мұсылман діні –
исламға негізделген ережелер жүйесі. Исламның шығуы оны өзінің пайғамбары
Мұхамед арқылы Алланың адамға тарихтың бір айқын кезінде жеткізуінен
шығады. Ол Омеяд кезінде біраз уақыт сасанидтік Иран, Византия құқығы және
сонымен қатар кейде рим құқығы қолданылып тұрды. Бұл көздердің барлығы
шариғаттың қалыптасуына аздаған сырттай және көзге түспейтіндей әсер етті,
сонысымен шығыс және батыс мәдениетінің байланысын көрсетті.
Бірақ ақыр аяғында дербес және өзіндік құқықтық жүйе ретіндегі
шариғаттың қайталанбастығын және өзіндік бейнесін олар анықтамаған.
Шариғаттың қалыптасуына Мұхамед пен оның төрт әділ халифтерінің
қайраткерлігі ерекше маңызды рөл атқарды, пайғамбардың өсиет, пікірлері мен
әрекеттерін түсіндіру жолымен мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құран мен
Сұнна құрастырылды. Құқықтық реттеу жағын ғана емес, әлеуметтік өмірдің
барлық аумағын қамтиды. Алла құқығы адамға бір рет және мәңгілік берілген,
бірақ діни жаңалықтар түсіндіру мен мәлімдеулерді қажет етеді. Ислам – үш
әлемдік діннің ішіндегі ең жасы, бірақ кеңінен тараған. Бұл дін мұсылман
неге сенуі қажет; шар немесе шариғат, яғни діндарларға олар не істеп, не
істемеуі қажет деген теологиядан тұрады.
Шариғат орыс тіліне аударғанда “қолдану жолы” дегенді білдіреді және
мұсылман құқығы деп аталатынды құрайды. Бұл құқық мұсылман өзі
міндеттемесін өзі сияқтыларға және құдайға қатысты бөлмей қалай ұстауы
керектігін көрсетеді. Басқаша айтқанда, шариғат адамның иелігіндегі құқық
емес, адамға жүктелген міндеттер идеясына негізделген. Міндеттерін
орындамау күнә болып саналады, сондықтан мұсылман құқығы ереже бойынша
бекітілген жазаларға көп көңіл бөле қоймайды. Ол мұсылмандар арасындағы
қарым-қатынасты ғана реттейді. Исламда мемлекет діннің қызмет етушісі рөлін
атқарады. Ислам өз мәні бойынша иудаизм секілді – заң діні болып табылады.
Мұсылман құқығының төрт бастауы бар:
1. Алланың соңғы елшісі Мұхамедке айтқан ережелерінен тұратын киелі
кітап - Құран
2.Мұхамедтің сөздері мен істерін талдайтын дәстүрлі ережелер жиынтығы -
Сұнна.
3. Құран ережелерін талдаған ұлы мұсылман ғалымдарының пікірлері –
Иджма
4.Мұсылмандардың алғашқы бастауларында көрсетілмеген өмірлік
құбылыстарын сәйкесінше талдау – Қияс.
Мұсылман құқығына тән: институттардың ежелден бері келуі, кездейсоқтық
және жүйенің жоқтығы. Ол мешіт құқығы, дін жолындағы қоғам құқығы. Салт-
дәстүр мұсылман құқығына кірмейді және оның бастауы бола алмайды.
Құқықтық қызметте келісімдер жиі қолданылады, ол мұсылман құқығының
ережелеріне бірқатар өзгеріс әкелуі мүмкін, бірақ ол міндетті болып
есептелінбейді. Бұл жүйе оны талқылау болмаған кезде, б.з.д. Х ғ жойылып
кетті.
Қазіргі таңдағы Қазақстанның саясаты ұлтаралық, конфесcияаралық
бейбітшілік пен келісімді орнатуға, қазіргі заманғы қазақстандық көпұлысты,
көпмәдениетті қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтардың жаңаша жүйесін
құруға бағытталған.
Дін кең мағынада алғанда адамзаттың көп ғасырлық тәжірибесінен
көрінетін мәдениеттің, оның ішінде рухани мәдениеттің ажырамас бөлігі болып
табылады
Қазақ халқының көрнекті ойшылдары мен ағартушылары әл-Фараби, Қожа
Ахмет Яссауи, Абай, Шәкәрім, Ы.Алтынсарин халықтардың тарихындағы дінге
сенушіліктің рөлін және тұлғаның дүниетанымдылығын қалыптастыру кезіндегі
діннің маңызын ашып көрсетті.
Дінтану негіздері факультативтік курсының мақсаты – оқушылардың
бойында рухани-адамгершілік құндылықтардың негізінде сенімнің жүйесін және
гуманистік дүниетанымды қалыптастыруға ықпал ету.
Міндеттері:[6]
1. білім алушылардың діннің тарихы және қазіргі замандағы оның рөлі
туралы білімін жүйелендіру және тереңдету;
2. діннің танымдық-дүниетанымдық және гуманистік аспектілерін ашу;

3. толеранттылыққа және діни білімнің қазіргі заманғы қайнар көздерін
сыни тұрғыда бағалай білуге тәрбиелеу;
4. Қазақстандағы және әлемдегі ұлтаралық, конфессияаралық келісімдерді
нығайтуға деген азаматтық міндеттерді орындауға тәрбиелеуге ықпал ету.
Бағдарламада материалды зерделеудегі сабақтастық, тарих, қоғамтану
негіздері, әдебиет, өнер пәндерімен пән аралық байланыс көзделген.
Дінтану негіздерінің тәрбиелік мүмкіндігін күшейтуге ұйымдастырылған
формаларды (жаппай, топтық, жеке) және қазіргі заманғы педагогикалық
технологияларды (жобалық, пікір-сайыстық, ақпараттық-коммуникациялық және
т.б.) қолдану арқылы қол жеткізуге болады.
Дәстүрлі сабақтармен қоса басқа: мәдени пікір алмасу, баспасөз
конференциясы, пікір-сайыс сабақ, зерттеу сабақ, театрландырылған сабақ
және т.б стандартты емес сабақтарды өткізу ұсынылады.
Бағдарламаны іске асыру негізгі дидактикалық принциптерді сақтауды,
пәнаралық және пәндік байланыстардың сақталуын, тарихпен, қоғамтанумен,
құқықтанумен, өнермен, географиямен кіріктірілуін талап етеді.

2 МҰСЫЛМАН ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ

2.1 Мұсылман құқығы ғылымының тараулары

Мұсылман құқығы ғылымының екі тарауы бар: шариғатты құрайтын тұтас бір
кешенді түсініктер ережесі, шығу тектері, материалдық мұсылман құқығының
нормасына жататын шешімдер.
Мұсылман құқығының қайнар көздері:
1). Құран-ислам дінінің бас кітабы.
2). Сунна-құдайға байланысты дәстүрлер.
3). Иджма-мұсылман қоғамының біртұтас келісімі.
4). Қияс-аналогиялық пікірлер.
Құран - Алланың соңғы Пайғамбары Мұхаммедке жіберген қасиетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұсылмандық құқықтың қайнар көздері
Мұсылман құқығының даму - эволюциясы
Мұсылман құқығының жалпы түсінігі
Мұсылман құқығының пәні
Мұсылмандық құқықтың жүйесі
Мұсылмандық құқық және оның бастаулары
Қазіргі заманның негізгі құқықтық жүйесі
Мұсылман құқығының қалыптасуы
Араб халифаты туралы ақпарат
Мұсылмандық құқықтық жүйе туралы
Пәндер