Инвестиция ұғымы және олардың жіктелуі



Жоспар


Кіріспе 3

1. Инвестиция ұғымы және олардың жіктелуі 5

2. Қазақстанның ұлттық экономикасындағы инвестициялық қызметінің
негізгі мәселелері 7

3. Қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық саясатын жетілдіру
жолдары 12

Қорытынды 15

Қолданылған әдебиеттер 16
Кіріспе

Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық кәсіпорындардың қаржылық-шаруалылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын көптеп ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекет те уақытша бос ақша қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын болды.
Осы айтылғандар кәсіпорындар тарапынан қазіргі заман талаптарына, нарықтық экономика талаптарына сай инвестициялық саясат жүргізуді қажет етеді. Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мүмкін болған инвестициялық жобалардың ішінен өзінің стратегиялық мақсаттарына сай нұсқаларын таңдап ала білумен сипатталады. Сонымен қатар, инвестициялық саясат жобаларды қаржыландырудың оңтайлы көздерін тартуды, оларды тиімді орналастыруды, нәтжижесінде инвестициялық табыс табуды немесе капитал өсімін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.
Елбасымыз В.А.Назарбаев "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында ұзақ мерзімді дамуымыздың жеті басымдығын көрсетіп берді . Осы басымдықтардың бірі инвестициялық ахуалды жақсарту болатын. Елдің экономикалық өсуін тұрақты дамыту үшін алдымен инвестициялық белсенділікті арттыру қажеттілігін Президентіміз атап өтті.
Еліміздің экономикасын өрістетіп, халықтың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыру үшін тартымды инвестициялық ахуал қалыптастыру басты.........
Пайдаланылған әдебиеттер мен электрондық сілтемелер:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми сайты: www.government.kz
2. Қазақстан Республикасының Президентінің ресми сайты: www.akorda.kz
3. «Егемен Қазақстан» газеті 2007 ж. Қаңтар
4. «Айқын» газеті 2006 ж. № 64
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми сайты www.minfin.kz

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3

1. Инвестиция ұғымы және олардың жіктелуі 5

2. Қазақстанның ұлттық экономикасындағы инвестициялық қызметінің
негізгі мәселелері 7

3. Қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық саясатын жетілдіру
жолдары 12

Қорытынды 15

Қолданылған әдебиеттер 16

Кіріспе

Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі - бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық кәсіпорындардың қаржылық-шаруалылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын көптеп ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекет те уақытша бос ақша қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын болды.
Осы айтылғандар кәсіпорындар тарапынан қазіргі заман талаптарына, нарықтық экономика талаптарына сай инвестициялық саясат жүргізуді қажет етеді. Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мүмкін болған инвестициялық жобалардың ішінен өзінің стратегиялық мақсаттарына сай нұсқаларын таңдап ала білумен сипатталады. Сонымен қатар, инвестициялық саясат жобаларды қаржыландырудың оңтайлы көздерін тартуды, оларды тиімді орналастыруды, нәтжижесінде инвестициялық табыс табуды немесе капитал өсімін қамтамасыз етуі керек. Сондықтан да инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.
Елбасымыз В.А.Назарбаев "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында ұзақ мерзімді дамуымыздың жеті басымдығын көрсетіп берді . Осы басымдықтардың бірі инвестициялық ахуалды жақсарту болатын. Елдің экономикалық өсуін тұрақты дамыту үшін алдымен инвестициялық белсенділікті арттыру қажеттілігін Президентіміз атап өтті.
Еліміздің экономикасын өрістетіп, халықтың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыру үшін тартымды инвестициялық ахуал қалыптастыру басты міндет болды. Осы орайда Қазақстан Республикасының 2004 жылғы "Инвестициялар туралы" қабылданған заңының қоғамдағы саяси мәні зор. Елдің экономикасын көтеру халықтың тұрмыс деңгейінің жоғары дәрежеде болуын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған бұл заң Қазақстан халқы үшін маңызды тарихи құжаттардың бірі деп айтуға болады. Ұлттық табыстың ұлғаюы экономикалық дамуға өз ықпалын тигізіп қана қоймайды, қоғамның саяси әлеуметтік дамуына үлкен серпіліс береді Сондықтанда инвестициялар тарту қоғам үшін өте қажет.
Соңғы жылдары біздің республикамызда шетел инвестициялары мен (қаржымен) жұмыс істейтін кәсіпорындардың санының көбейе түскені мәлім. Қазіргі кезде респубиикамыздағы инвестициялық тапшылық аса күрделі проблемалардың бірі болып отыр. Осыған орай, өндіріске меншік инвестицияларын уақытша ынталандырудың қажеттілігі туып отыр. Нарықтық экономиканың жаңа кезеңінің мақсаттарына тек шетелдік инвестициялардың белсенді түрде қатысуы мен олар үшін барынша қолайлы жағдай жасалуымен ғана қол жетеді, өйткені қор жинайтын ішкі көздер бізде әзірше жеткіліксіз.

Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі

Кез-келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестиция дегеніміз - бұл табыс табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары, құнды қағаздар, мүліктер, мүліктік құқықтар, басқа да құқықтар болып табылады.
Инвестициялар кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
қаржылық және материалдық ресурстарды жинақтау арқылы өздерінің кәсіпкерлік қызметін кеңейту;
жаңа кәсіпорындарды сатып алу;
бизнестің жаңа түрлерін меңгеру нәтижесінде өз қызметін әртараптандыру.
Мақсатты ақша салымдары
Инвестициялық қызметтің объектілері
Ғылыми-техникалық өнімдер
Құнды қағаздар
Мүліктік құқықтар
Басқа да меншік объектілері
Интеллектуалдық (ғылыми) меншік құқықтары
Жаңадан жасалатын негізгі құралдар
1.1-сурет
Инвестициялық қызметтің объектілері
Кәсіпорындар инвестициялық салымдарды әр түрлі нысандарда жүзеге асыра алады, өйткені инвестициялау объектілері де алуан түрлі болып келеді. Инвестициялау объектілері 1.1- суретте көрстетілген.
Инвестицияларды әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Инвестициялардың жіктелу белгілері 1.2- суретте берілген.
Инвестициялау объектілері бойынша
Нақты (тікелей)
Кәсіпорынның инвестиция барысына қатысу сипатына қарай
Инвестициялау мерзіміне қарай
Инвестиция түрлері
Инвестицияланатын капиталдың меншік нысанына қарай
Ұзақ мерзімді
Тікелей
Тікелей емес (жанама)
Жеке
Мемлекеттік
Қаржылық (қоржындық)
Қысқа мерзімді
Аралас
1.2-сурет
Инвестициялардың негізгі белгілері бойынша жіктелуі
Негізгі жіктеу белгісі ретінде инвестициялау объектілері қарастырылады. Бұл белгісі бойынша инвестициялар нақты (тікелей) және қаржылық (қоржындық) болып бөлінеді. Нақты (тікелей) инвестициялар дегеніміз - бұл табыс алу мақсатында тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен тікелей байланысты нақты активтерге салынған ақша қаражаттары. Бұл кәсіпорындардың негізгі қорларын ұлғайтуға бағытталған капитал салымдары болып табылады. Нақты инвестициялар негізгі құралдарды қайта құру, кәсіпорындағаы өндірісті кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру немесе жаңаландыру арқылы жүзеге асады.
Қаржылық (қоржындық) инвестициялар - бұл табыс алу мақсатында құнды қағаздар нысанындағы қаржылық активтерді сатып алу. Бұл құнды қағаздар қоржынын қалыптастыруға бағытталған ақша салымдары болып табылады.
Инвестицияларды жіктеудің келесі белгісі - инвестициялау мерзімі. Аталған белгі бойынша инвестициялар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.
Қысқа мерзімді инвестициялар - бұл бір жылға дейінгі мерзімге салынған ақша салымдары. Әдетте қаржылық инвестициялар қысқа мерзімді болып келеді.
Ұзақ мерзімді инвестицилар деп кәсіпорынға бір жылдан артық мерзімдер ішінде қалыпты табыс көзін қамтамасыз ететін жобаларды жүзеге асыруға салынған ақша қаражаттарын айтады. Ұзақ мерзімді инвестициялардың негізгі түріне кәсіпорынның негізгі құралдарын, өндіріс барысын кеңейтуге жұмсалған капитал салымдарын жатқызуға болады.
Кәсіпорынның инвестиция барысына қатысу сипатына қарай тікелей және тікелей емес инвестициялар болады. Тікелей инвестициялар жағдайында инвестор-кәсіпорынның капитал салу объектілерін таңдауда тікелей қатысуын түсінуге болады (өзге кәсіпорындардың жарғылық қорына, құнды қағаздардың кейбір түрлеріне капитал салу). Тікелей емес инвестициялар барысында инвестициялау объектілерін таңдау кезінде қаржылық дәнекершілер (брокерлік-дилерлік компаниялар) немесе инвестициялық қорлар қатыса алады.
Инвестицияланатын қаражаттардың меншік белгісіне қарай жеке және мемлекеттік инвестицияларды бөліп көрсетуге болады. Жеке инвестициялар жеке тұлғалар мен мемлекеттік меншік нысанындағы емес кәсіпорындардың капитал салымдарын сипаттайды. Мемлекеттік инвестициялар - бұл мемлекеттік кәсіпорындардың, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың капитал салымдары болып табылады.

Қазақстанның ұлттық экономикасындағы нвестициялық қызметінің
негізгі мәселелері

Қазақстанда өзіндік өндірісті дамыту экономикамыздың шикізат секторынан тәуелділік мәселесін шешуде маңызды орын алады. Осы жағдайларға байланысты отандық кәсіпорындарды техникалық жаңаландыру сауалдары көкейтесті болып отыр. Әр түрлі дереккөздерге сүйенсек, Қазақстанда негізгі құралдардың тозу деңгейі 60%-дан 80%-ға дейін жететін көрінеді. Бұл, әрине, кәсіпорындардың тиімді инвестициялық саясат жүргізуіне қолайлы жағдайлар жасауды талап етеді.
Кәсіпорындар үшін инвестициялық жобаларды қандай қаражат көздері арқылы қаржыландыру және оларды қалай жүзеге асыру мәселесі өте маңызды. Осы тұрғыдан қарағанда кәсіпорындардың инвестициялық әлуеті меншікті және тартылған қаражаттар есебінен қалыптасады.
Егер Қазақстандағы кәсіпорындардың өздерінінің өндірістік деңгейін дамыту мақсатында инвестициялық жобаларын қаржыландыру құрылымына көз жүгіртер болсақ, онда тартылған қаражаттардың жыл санап басым үлес алып, өзінің маңыздылығын көрсетіп келе жатқандығын байқауға болады.

Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері

млн. теңге
Көрсеткіштер
2000-жыл
2001-жыл
2002-жыл
2003-жыл
2004-жыл
Меншікті қаражаттар
492 683,0
751 801,0
792 909,0
917 061,0
1 080 000
үлесі, %
64,3
62,5
58,6
59,5
61,0
Тартылған қаражаттар:
273 182,7
451 503,3
559 202,4
625 207,4
690 131,0
Банктік несиелер
39 683,0
115 889,0
103 768,0
129 237,0
139 000,0
үлесі, %
14,5
25,7
18,6
20,7
20,1
Шет елдік инвестициялар
169 594,0
197 949,0
281 716,0
239 594,0
246 500,0
үлесі, %
62,1
43,8
50,4
38,3
35,7
Бюджеттік қаражаттар
45 517,0
76 267,0
104 501,0
164 982,0
185 000,0
үлесі, %
16,7
16,9
18,7
26,4
26,8
Өзге инвестиция көздері
18 388,8
61 388,3
69 217,4
91 394,4
119 631,0
үлесі, %
6,7
13,6
12,4
14,6
17,3
Жалпы инвестициялар
765 867,0
1 203 304
1 352 111
1 542 268
1 770 131

Кестеден байқайтынымыз, өндірісті инвестициялауға салынған меншікті қаражаттардың үлесі 2000-жылы 64,3% құраса, 2004-жылы бұл көрсеткіш 61,0% дейін төмендеген. Сәйкесінше, инвестициялауға тартылған қарыз қаражаттардың үлесі 35,7%-дан 39,0%-ға жетіп жығылған. Сонымен қатар, меншікті қаражаттардың абсолюттік өсімі 1999-2004 жылдары 209% құраған.
Кәсіпорындардың инвестициялық қаражаттар тарту құрылымы да көңіл аудартады. Әдетте, қарыз қаражаттар тарту экономиканың қаржы институттары жүйесі - банктер, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, лизингтік компаниялар, шағын несие ұйымдары. Қаражаттар тартудың нысандары алуан түрлі болады.
Тартылған қаражаттардың құрылымында банктік несиелердің үлесі артып келеді. Айталық, 2000-жылы тартылған қаражаттардың құрылымында банктік несиелердің үлесі 14,5% болса, 2004-жылы бұл көрсеткіш 20,1% жеткен.
Өзге инвестиция көздерінің құрылымында лизингтік несиелердің ерекше орын алатынын айта кету керек. Негізгі құралдарға салынған инвестициялардың құрамында лизингтік несиелердің үлесі дамыған елдерде 20-30% құрайды, дамушы елдерде 10-20% дейінгі шамамен сипатталады. Қазақстанда аталған көрсеткіш 2003-жылы небәрі 1% құраса, 2004жылы 2% жеткен. Көршіміз Ресейде бұл көрсеткіш 5% құрайды. Бұл, әрине, отандың тауар өндірушілердің негізгі қорларын жандандыру мәселесіне қажетті көмек бере алмайтындығының куәсі.
Бүкіләлемдік банктің мәліметтері бойынша, кәсіпорындарға шағын несиелер берумен айналысатын ұйымдар екі миллионнан астам кәсіпорындарға қызмет көрсетеді, ал олардың несиелерінің жалпы сомасы 2 млрд. АҚШ долларын құрайды. Ал шағын несиелердің жалпы экономикадағы несиелердегі үлесі дамыған елдерде 20% құрайды. Біздің елімізде шағын несиелердің үлесі небәрі 2% ғана жетеді.
Қазақстан экономикасының негізі болып саналатын шағын бизнес субъектілеріне тоқталар болсақ, олар үшін инвестициялық қаражаттар тарту қазіргі таңда ең көкейтесті мәселе болып отырғаны анық. Олар үшін бүгінде инвестицияларды қаржыландырудың бірден-бір көзі - банктік несиелер болып отыр. Шағын несие ұйымдары мен лизингтік компаниялар елімізде енді ғана қалыптасу үстінде. Шағын кәсіпорындарға берілетін банктік несиелердің үлесі де жыл санап азайып келеді (3.2-кесте).
Келесі кестенің мәліметтеріне сүйенсек, банктік мекемелердің шағын бизнес субъектілерін қаржыландыруға жұмсаған қаражаттары соңғы жылдары абсолюттік көрсеткіші бойынша динамикалық түрде артып келеді. Айталық, аталған секторға берілген несиелер 1999-жылы 39,9 млрд. теңгені құраса, 2003-жылы бұл көрсеткіш 196,2 млрд. теңгеге жеткен, яғни, бір көзбен қарағанда, соңғы бес жыл ішінде шағын кәсіпорындарға берілген банктік несиелердің сомасы 5 есе өскен.

Банктердің шағын бизнес субъектілеріне несиелік салымдары

млрд. теңге
Несиелік салымдар
1999-жыл
2000-жыл
2001-жыл
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестицияның жіктелуі
Инвестициялық қызметтің қаржылық аспектілері. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
Инвестицияның жіктелуі және түрлері
Инвестициялық жобаның жіктелуі
Инвестициялардың ұғымы және жіктелуі
Шетелдік инвестицияларға қатысты инвестициялық саясат
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі мен саясатының негіздері
Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтер
Қаржылық инвестициялар есебі
Салықтар және салық жүйесі. Қазақстандағы шетел инвестициясын пайдалану саясаты
Пәндер