Ұлыбритания корольдігі



Жоспар

Кіріспе
1 Ұлыбритания қалалары:
2 Табиғаты
3 Тарихы
4 Экономикасы
4.1 Ең ірі порттары
4.1.1 Негізгі сауда серіктестері
5 Әдебиеті
6 Өнері
6.1 Музыкалық өнері
6.2 Киносы
Қолданылған әдебиеттер
Ұлыбритания

Ұлыбритания (Греат Брітаін), Британия, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (Ұнітед Кінгдом оф Греат Брітаін анд Нортһерн Ыреланд) — Еуропаның солтүстік-батысында, Британ аралдарында (ең ірісі — Ұлыбритания), Ирландия аралының солтүстік-шығыс бөлігі мен ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Құрлықтан Ла-Манш (Ағылшын каналы) және Па-де-Кале (Дувр) бұғаздары арқылы бөлінген. Аумағы 244, 11 мың км². Халқы 60,3 млн. (2004), астанасы — Лондон (7 млн.). Халқының 80%-ына жуығы ағылшындар, 15%-ы шотландтықтар, уэльстіктер (валлиялықтар) мен ирландықтар, 5%-ға жуығын Британ Достастығы елдерінен келген иммигранттар құрайды. Ағылшындар англикан мемлекеттік шіркеуі нанымдарын ұстанса, шотландтықтардың басым бөлігі — пресвитериандар, ирландықтар, негізінен католиктер, қалғандары ислам, т.б. діндерді ұстанады. Ұлыбританияда халықтың 89,4%-ы қалаларда тұрады.


Ұлыбритания қалалары:
Үлкен Лондон,
Бирмингем,
Лидс,
Глазго,
Шеффилд,
Брадфорд,
Ливерпуль,
Эдинбург,
Манчестер,
Бристоль.

Ұлыбритания 4 әкімшілік-саяси бөліктен (тарихи ұлттық облыстардан):

Англиядан (45 графтық пен ерекше әкімш. бірлік — Үлкен Лондон, әкімш. орт. — Лондон),
Уэльстен (8 графтық, әкімш. орт. — Кардифф),
Шотландиядан (12 облыс пен 186 арал, әкімш. орт. — Эдинбург),
Солтүстік Ирландиядан (26 округ, әкімш. орт. — Белфаст) тұрады. Ал Мэн аралы (әкімш. орт. — Дуглас) мен Норманд аралдары (әкімш. орт. — Сент-Хелиер) дербес әкімш. аймақтарға жатады.
Қолданылған әдебиеттер

1. Овервіеу оф тһе ҰК сyстем оф говернмент (ағыл.). Дірецтгов. — «Тһе Ұнітед Кінгдом іс а парліаментарy демоцрацy уітһ а цонстітұтіонал монарцһ.» Тексерілді, 23 қараша 2011.
2. Ұлыбритания. Тһе Уорлд Фацтбоок. ЦЫА. Тексерілді, 3 қараша 2011. (ағыл.)
3. Попұлатіон Естіматес ат ууу.статістіцс.гов.ұк
4. Һұман Девелопмент Репорт 2011 (ағыл.). Ұнітед Натіонс Девелопмент Програм (2011). Тексерілді, 6 қараша 2011.
5. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ЫСБН 5-89800-123-9

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Ұлыбритания

Жоспар

Кіріспе
1 Ұлыбритания қалалары:
2 Табиғаты
3 Тарихы
4 Экономикасы
4.1 Ең ірі порттары
4.1.1 Негізгі сауда серіктестері
5 Әдебиеті
6 Өнері
6.1 Музыкалық өнері
6.2 Киносы
Қолданылған әдебиеттер

Ұлыбритания

Ұлыбритания (Греат Брітаін), Британия, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (Ұнітед Кінгдом оф Греат Брітаін анд Нортһерн Ыреланд) -- Еуропаның солтүстік-батысында, Британ аралдарында (ең ірісі -- Ұлыбритания), Ирландия аралының солтүстік-шығыс бөлігі мен ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Құрлықтан Ла-Манш (Ағылшын каналы) және Па-де-Кале (Дувр) бұғаздары арқылы бөлінген. Аумағы 244, 11 мың км². Халқы 60,3 млн. (2004), астанасы -- Лондон (7 млн.). Халқының 80%-ына жуығы ағылшындар, 15%-ы шотландтықтар, уэльстіктер (валлиялықтар) мен ирландықтар, 5%-ға жуығын Британ Достастығы елдерінен келген иммигранттар құрайды. Ағылшындар англикан мемлекеттік шіркеуі нанымдарын ұстанса, шотландтықтардың басым бөлігі -- пресвитериандар, ирландықтар, негізінен католиктер, қалғандары ислам, т.б. діндерді ұстанады. Ұлыбританияда халықтың 89,4%-ы қалаларда тұрады.

Ұлыбритания қалалары:
Үлкен Лондон,
Бирмингем,
Лидс,
Глазго,
Шеффилд,
Брадфорд,
Ливерпуль,
Эдинбург,
Манчестер,
Бристоль.

Ұлыбритания 4 әкімшілік-саяси бөліктен (тарихи ұлттық облыстардан):

Англиядан (45 графтық пен ерекше әкімш. бірлік -- Үлкен Лондон, әкімш. орт. -- Лондон),
Уэльстен (8 графтық, әкімш. орт. -- Кардифф),
Шотландиядан (12 облыс пен 186 арал, әкімш. орт. -- Эдинбург),
Солтүстік Ирландиядан (26 округ, әкімш. орт. -- Белфаст) тұрады. Ал Мэн аралы (әкімш. орт. -- Дуглас) мен Норманд аралдары (әкімш. орт. -- Сент-Хелиер) дербес әкімш. аймақтарға жатады.

Бұған қоса Ұлыбританияның иеліктері:

Еуропада -- Гибралтар,
Америкада -- Ангилья,
Бермуд аралдары,
Британдық Виргин аралдары,
Кайман аралдары,
Монтесеррат,
Теркс пен Кайкос,
Фолкленд (Мальвин) аралдары,
Африкада -- Әулие Елена аралы,
Океанияда -- Питкэрн аралы бар.

Ұлыбритания Біріккен Корольдігі атауына қарамастан федерация емес, унитарлық мемлекет -- парламенттік монархия болып табылады. Елдің жеке Конституциясы жоқ. Ұлыбритания заңдары көп ғасырлық конституциялық дәстүрлер мен Жоғарғы сот органдарының шешімдеріне (прецеденттердің) негізделген. Мемлекет басшысы -- монарх, сот жүйесінің басшысы, жоғарғы бас қолбасшы болып табылады. Қазіргі патшайымы (королева) -- Елизавета ЫЫ (1952 жылдан). Жоғары заң шығарушы органы -- екі палатадан (қауымдар және лордтар) тұратын парламент. Парламент құрамына патшайым да кіреді. Атқарушы билік премьер-министрдің қолында. Ресми тілі -- ағылшын тілі. Ақша бірлігі -- фунт-стерлинг. Ұлттық мерекесі -- патшайымның туған күні (маусым айының екінші сенбісі).

Табиғаты

Ұлыбританияны Атлант мұхитының Солтүстік және Ирланд теңіздері, Ла-Манш, Па-де-Кале, Солтүстік және Қасиетті Георг бұғаздары қоршап жатыр. Жағалаулары шығанақтармен күшті тілімделген (солт-нде фьордтар, оңт-нде эстуарийлер). Неғұрлым үлкен түбектері -- Уэльс пен Корнуолл. Жер бедері оңтүстік пен оңтүстік-шығыс бөлігінде ойпатты жазық болып, батысында Уэльс түбегіндегі Кембрий тауларына (ең биік жері -- Сноудон, 1085 м), Англияның солт-нде Пеннин (ең биік жері -- Кроссфелл, 893 м) және Камберленд (ең биік жері -- Скофелл, 978 м) тауларымен жалғасады. Елдің ең биік нүктесі -- Бен-Невис тауы (1343 м). Ұлыбританияның солтүстік бөлігіндегі таулар мен көрікті көлдер өлкесі мұздықтар әсерінен тілімделіп, әр түрлі формаларға ие болған. Геология тұрғыдан алғанда жері түгел дерлік (тек ең қиыр оңт. бөлігі герцин қатпарлығы) каледон қатпарлығы алабында жатыр. Жер қойнауында тас көмір, темір, қалайы, т.б. түсті металдар сияқты қазба байлықтары мол. Елдің шығысында, Солтүстік т-дің жағалауларынан мұнай мен газдың ірі кен орындары табылған.

Ұлыбритания климатының теңіздік сипаты жыл бойғы қалың тұмандар мен өтімді желдер болатын орнықсыз ауа райының басым болуынан байқалады. Қысы өте ылғалды және қалыптағыдан тыс жұмсақ.
Қаңтардағы орташа температура қиыр солт.-шығыстың өзінде 3,5°С-тан төмен түспесе, ал оңт.-батыста 5,5°С-қа жетеді, мұнда өсімдіктер бүкіл жыл бойы өседі. Оңт.-батыстан келетін жылы теңіз ауасы қысқы темп-раны көтергенмен күшті желдер мен штормдар болатын құбылмалы және жауын-шашынды ауа райын қалыптастырған. Шығыс пен солт.-шығыстан суық ауа жеткен кезде аязды ауа райы ұзақ мерзімге орнығады. Қыста ел аумағына қар біркелкі түспейді, қар жамылғысы шамалы уақыт қана сақталады. Англияның оңт-нде, әсіресе, оңт.-батысында қар өте сирек түседі. Шығыс аудандарындағы қыс неғұрлым суық және құрғақтау. Жазы салыстырмалы түрде салқын.
Шілдедегі орташа температура оңт.-батыста 16°С-қа, ал қиыр солт.-батыста 12°С-қа тең. Атлант мұхиты жағынан соғатын жылы әрі ылғалды ауаның әсерінен Ұ-ның батыс аудандарына жауын-шашын мол түседі. Бұл аймақта оның жылдық орташа мөлш. 2000 мм-ге жетсе, шығыс Англияда 600 мм, кей жерлерінде 500 мм шамасында ғана болады.
Ұ. су ресурстарына бай. Түсетін жауын-шашын мөлшерінің буланудан басым болуы себепті оңт.-батыстағы кейбір аудандардан басқа елдің бүкіл аумағында мол сулы өзендердің жиі тармағы қалыптасқан. Олардың ішіндегі ең ірілері -- алаптары бір-бірімен шектесетін Северн (310 км) мен Темза (334 км) өзендері. Темза өз-нің Ұ. экономикасындағы маңызы зор. Оның алабында бүкіл ел халқының 15 бөлігі тұрады. Үлкен Лондон да осында орналасқан. Өзендердің көпшілігі бір-бірімен каналдар арқылы жалғастырылған. Солт.-батыс Шотландия мен Уэльстің қысқа, бірақ мол сулы өзендері электр қуатын өндіруге пайдаланылады. Мұнда 60-тан аса СЭС салынған.
Оларда ірі теңіз порттары мен өнеркәсіп тораптары орналасқан. Ең ірі көлдері -- Солтүстік Ирландиядағы Лох-Ней (аумағы 396 км², тереңд. 31 м-ге дейін) мен Шотландиядағы Лох-Ломонд пен Лох-Несс (аумағы 56 км², тереңд. 230 м-ге дейін). Таулы Шотландия мен Көлдер шеңберіндегі көлдердің табиғаты өте әсем, туристер демалатын орталықтар. Жазық бөлігінде ірі көлдер жоқ. Бірақ мұнда бұрын шымтезек өндірілген, құм, құмтас кеніштері болған жерлерде көптеген жасанды су қоймалары жасалған. Өсімдік жамылғысы кедей. Адамдардың ормандарды түп-тамырымен жоюы, батпақтарды құрғатуы мен кен орындарын игеруі жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің түр құрамын өзгертті. Қазіргі уақытта ормандар ел аумағының тек 10%-ын ғана алып жатыр. Олар негізінен өзендердегі жазықтар мен тау беткейлерінің төм. белдеулерінде сақталған. Англия мен Уэльстегі тау баурайларында емен, қызыл қайың, шегіршін, шамшат өседі. Шотландияның солт-ндегі Грампиан тауларында және солт.-батыс таулы өлкесінде емен, шырша, қарағай аралас өскен ормандар, биігірек жерлерінде қарағай және қайың ормандары сақталған. Жазықтарды егін алқаптары мен шалғындар алып жатыр. Аң аулаудың қызу жүргізілуіне байланысты Британ аралдарында баяғыдан аю, жабайы шошқа мен ирланд маралы тәрізді көптеген ірі сүтқоректі аңдар қырғынға ұшырап, қасқыр зиянкес ретінде жойылды. Қазіргі кезде сүтқоректі жануарлардың тек 56 түрі ғана тіркелген. Оңт. Англияда еліктер, таулы аудандарда жабайы ешкілер кездеседі. Биік таулардан басқа жерлердегі ормандарды түлкілер мен борсықтар, қояндар, кірпі, жертесерлер мекендейді. Кәмшат кең тараған, оны кәсіптік жолмен аулайды. Ұсақ жыртқыштардан ақтышқан мен ақкіс көп. Уэльсте сасықкүзендер, Шотландия тауларында жабайы еур. мысықтар мен америка сусарлары өмір сүреді. Британ аралдарын құстардың 130 түрі мекендейді. Өзендері мен көлдері балықтардың көптеген түрлеріне бай. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жекелеген түрлерін қорғауға арналған 131 резерват ұйымдастырылған. Англия мен Уэльсте жалпы аумағы 12 мың км²-дей болатын 10 ұлттық бақ бар (ірілері Лейк-Дистрикт, Сноудония, Дартмур, Брекон-Биконе, т.б.).

Тарихы

Ұлыбритания аум-ндағы адамзат тіршілігінің ежелгі іздері ерте және орта палеолит дәуірлеріне саяды. Соңғы қола және ерте темір дәуірінде (б.з.б. 800 -- 700 ж.) Ұлыбританияға құрлықтан кельттердің қоныс аударуы басталды. Кельттер өздерімен бірге темір ғасыры мәдениетінің белгілерін ала келді. Британиядағы кельттер мен кельттердің ықпалына ұшыраған халық шартты түрде бриттер деп аталады. Болашақ Рим императоры Ю.Цезарь Галлияны жаулап алған соң Британияға екі жорық жасады (б.з.б. 55 -- 54 ж.). Б.з. 60-жылдардың соңында Британия Рим империясының ең шеткі провинцияларының біріне айналды. 3 ғ-дың соңында Ұлыбританияға солт. герман тайпаларының (англдар, сакстер, юталар, фриздер) шапқыншылығы басталды. 5 ғ-дың бас кезінде Рим үстемдігі жойылып, Британия қайтадан тәуелсіз кельт аймақтарына бөлініп кетті. 8 ғ-да Даниядан келген нормандар елдің солт.-батыс бөлігін басып алды. Король Эгберт 9 ғ-да елдің үлкен бөлігін бір мемлекетке біріктіріп, ол Англия деп аталды. 1066 ж. Британияның ұсақ корольдіктерін нормандық қолбасшы Вильгельм басып алып, біртұтас мемлекетке біріктірді.
1265 ж. ағылшын парламенті құрылды. 1337 ж. Англия Франциямен Жүз жылдық соғысқа кірісті (1453 жылға дейін).
Бұл соғыс біте салысымен ағылшын тағы үшін соғыс ("Алқызыл" және "Ақ раушан соғысы") басталып, ол Тюдор әулетінің жеңісімен аяқталды.
1588 ж. "Жеңілмейтін армаданы" (Испан флотын) талқандау Англияны дүние жүзіндегі аса ірі теңіз державаларының біріне айналдырды.
17 ғасырдың бас кезінде Ұ. жаңа құрлықтан өзінің алғашқы отарларын иемденді.
1603 ж. Шотландия королі ағылшын тағына Яков Қ отырып, Шотландия мен Англия бір мемлекетке бірікті.
1640 -- 1649 ж. корольдік Стюарттар әулеті мен парламент арасындағы қақтығыс азамат соғысына ұласып, нәтижесінде Оливер Кромвель бастаған республика жарияланды. Кромвель қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай Монархия тез арада қалпына келтірілгенімен, король құқығы біршама шектеліп, билік тұтастай парламент жағында болды.
1651 ж. Ирландия,
1652 Шотландия басып алынды.
1707 ж. Ұлыбританияна корольдігіне бірігу жөніндегі актіге қол қойылғаннан кейін Лондон біртұтас мемлекеттің астанасына айналды.
18 ғасырдада Британдық отарлық жүйе қалыптасты.
18 ғасырдың соңында Ұлыбритания 13 америкалық отарынан айрылғанымен (АҚШ-тың жариялануы), Канада мен Үндістандағы жағдайын күшейте түсті.
1805 ж. Трафальгар мүйісінде адмирал Нельсон испан-француз флотын талқандап, Ұлыбритания "теңіз әміршісіне" айналды.
1793 -- 1815 ж. респ. және Наполеондық Францияға қарсы соғысқа қатысқан Ұлыбритания 1818 ж. Пруссия армиясымен одақтаса отырып, Наполеон Қ-ні түпкілікті жеңді. Осыдан кейін Ұлыбритания жүз жылдай бейбіт жағдайда өмір сүріп, өзінің отарлық иеліктерін кеңейте түсті.
1899 -- 1902 ж. ағылшындар Оңт. Африкада бурларға қарсы соғыс жүргізді. Бірінші дүниежүзілік соғыста Ұлыбритания Антанта жағында Германияға қарсы соғысты. Соғыстан кейін Африка мен Азиядағы неміс отарларының біраз бөлігін иемденді. 1-дүниежүз. соғыстан кейін Ұлыбритания ауыр экон. жағдайды бастан кешірді. Ұлт-азаттық қозғалыстан кейін 1921 ж. Ирландия өз тәуелсіздігін жариялады. Ұлыбритания Екінші дүниежүзілік соғысқа (1939 -- 1945) Гитлерге қарсы коалиция жағында қатысты.
1947 ж. Үндістан мен Пәкстанға тәуелсіздік берілді.
1945 -- 1970 ж. британ отарларының барлығы дерлік өз тәуелсіздіктерін алды.
1949 ж. НАТО-ға мүше болды.
1982 ж. Атлант мұхитының оңт-нде Аргентина мен Фолкленд (Мальвин) аралдары үшін қарулы қақтығыс болып, қысқа мерзімдік әскери қимылдар нәтижесінде Ұлыбритания өзінің осы аумаққа бақылауын қалпына келтірді.
1979 -- 1990 ж. Маргарет Тэтчер бастаған консерваторлар үкіметі экономикада ұтымды реформалар жүргізді. Соғыстан кейін Шотландия мен Солт. Ирландиядағы ұлт-тық мәселелер шиеленісе түсті. Әсіресе, Солт. Ирландиядағы оқиғалар ушығып, 1969 жылдан бастап мұнда азамат соғысы жүрді.
1994 ж. тамызда Ирландық Республикалық Армия (ИРА) ұрыстарды біржақты тоқтататыны жөнінде мәлімдеді. Алайда 1996 ж. ИРА жауынгерлері лаңкестік әрекеттерін қайта бастады. Отарларының барлығынан айрылғанына қарамастан Ұлыбритания әлемдегі жетекші елдердің бірі болып саналады.

Экономикасы

Ұлыбритания -- жоғары дамыған өнеркәсіпті ел. Ол халықаралық еңбек бөлінісінде өнеркәсіп өнімдерін шығарады. Қазіргі заманғы Ұлыбританияның экономикадағы рөлі тек өнеркәсіптік қана емес, сондай-ақ банкілік, сақтандыру, кемелерді жалға беру және басқа да іскерлік қызметтермен анықталады. Ұлттық жалпы өнімнің 30%-ға жуығы өңдеуші өнеркәсіп пен 45%-ы көлік пен байланыс, жеке сауда, сақтандыру, банкілер мен басқа да қаражат мекемелерін, денсаулық сақтау мен білім беруді қамтитын қызмет көрсету саласынан түседі. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі бойынша Ұлыбритания дүние жүзінде бесінші орын (АҚШ, Жапония, Германия, Франциядан кейін) алады. Ұлыбритания өнеркәсібі негізінен сырттан әкелінген шикізаттарды пайдаланады. Бір жағынан Ұлыбритания өнеркәсібіне өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың озық технологиясы, ең жаңа құрал-жабдықтар мен басқарудың жетілдірілген әдістері қолданылатын қазіргі заманғы салалардың жылдам дамуы, екінші жағынан, ескі дәстүрлі салалардың артта қалуы тән.

Бірінші топқа электроника, жалпы және дәл машина жасау, химия өнеркәсібінің көптеген салалары, екіншіге -- көмір өндіру, мақта-мата және жүн өнеркәсібі, кеме жасау, қара металлургия жатады. Ұлыбританиядағы өнеркәсіп орындарының негізгі бөлігі Лондоннан бастап Ланкаширге дейінгі, Батыс Йоркширден Глостерширге дейінгі графтықтарды қамтитын халық тығыз қоныстанған өнеркәсіптік белдеуде шоғырланған. Бұл белдеуден тыс жерлердегі аса ірі өнеркәсіптік аудандар -- Оңт. Уэльс, Англияның солт.-шығысы мен Шотландияның орт. бөлігі. Өндірістің ескі, дәстүрлі салалары Шотландияның көпшілік бөлігінде, Солт. Ирландияда, Уэльсте, Англияның қиыр солт.-шығысы мен оңт.-батысының бір бөлігінде орналасқан. Ұлыбритания энергия ресурстарының қорлары жөнінен Еуропада 1-орын алады. Солтүстік т-нің шельфінде мұнай мен газдың көп мөлшері өндіріледі. Шетелдік шикізатпен жұмыс істейтін түсті металдар (аллюминий, мыс, қорғасын, мырыш) қорытатын кәсіпорындар негізінен ірі порттарда орналасқан. Өңдеуші өнеркәсіптің жетекші саласы -- машина жасау. Көліктік машина жасаудың (жеңіл, жүк автомобиль, автобустар) орт-тары -- Бирмингем, Ковентри, Үлкен Лондон, Лутон. Ұлыбритания аэроғарыштық өнеркәсібі жөнінен дүние жүзінде 4-орын (АҚШ, Германия, Франциядан кейін), дөңгелекті тракторлар шығарудан 1-орын алады. Елде 16 ірі мұнай өңдеу з-ты жұмыс істейді. Химия өнеркәсібі ғыл.-зерттеулерге негізделген өнім түрлерін, агрохимикаттар, пластмасса, дәрі-дәрмектер, хим. талшықтар мен синтет. каучук өндіруге маманданған. Қрі тамақ өнеркәсібі тағамдық концентраттар, кондитерлік және темекі өнімдерін, сусындар шығарады. Ұлыбритания алкогольдік ішімдіктердің дүниежүз. экспортының 20%-ын дайын (әсіресе, шотланд вискиі мен джин) береді. А. ш. өндірісі елдің азық-түлікке деген сұранысының 80%-ын қанағаттандырады.

Бұл салаға елдегі барлық жұмыс істейтіндердің 3%-ы қамтылған. А. ш. үшін ел аум-ның 24,8%-ы пайдаланылады. Ұлыбританияның табиғи жағдайлары егіншіліктен гөрі мал ш-ның дамуы үшін неғұрлым қолайлы. Сүтті, етті-сүтті ірі қара, шошқа, етті қой, құс өсіру дамыған. Егін ш-нда дәнді дақылдар (бидай, қара бидай) басым өсіріледі. Қант қызылшасы мен картоптан да мол өнім алынады. Курорттардың айналасында -- көкөніс, бау-бақша өсіру, теңіздік азық-түліктер өндіру мен балық аулау дамыған. Ұлыбритания аралдық мемлекет болғандықтан шет елдерден тауарлар тасу мен сауда жүргізу теңіз және әуе көлігімен байланысты. Жалпы жүк айналымының 90%-ға жуығы теңіз көлігінің үлесіне тиеді. Батыс Мидлендтен басқа Ұ-ның барлық аудандары негізгі көліктік тораптардың қызметін атқаратын теңіз порттарымен тікелей немесе жанама түрде байланысқан.

Ең ірі порттары
Лондон,
Лондон порты
Саутгемптон,
Ливерпуль,
Гулль,
Харидж.

Лондон қаласы -- дүниежүзлік қаржы орталығы болып саналады. Ұлыбритания құрлықпен Ла-Манш бұғазының түбіне салынған туннельмен, екі т. ж. (1993 жылдан) паромымен (Дувр-Дюнкерк және Харидж-Остенде) және көптеген теңіздік және жолаушылар паромдарымен байланысқан. Экспортындағы дайын өнімдердің үлесі 80%-ды құрайды (машина жасаудың әр түрлі өнімдері, автоматты станоктар, авиақозғалтқыштар, көлік құралдары, аспаптар, хим. тауарлар, тамақ өнеркәсібінің өнімдері). Сырттан темір кентастарын, түсті және сирек металдар, фосфориттер, мақта, азық-түлік, дайын өнеркәсіп өнімдері мен жартылай дайын өнімдер алады. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық мөлш. 20700 АҚШ долларына тең (2004). НТ компаниясының техникалық құралдар шығаратын зауыттары көбінесе осы қалада орналасқан. Олар 40-тан асады. Олардың бюджеттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлыбритания – алғашқы индустриалды держава
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОНАРХИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Сауд Арабия корольдігі жайлы
Шетел конституциялық заңнамаларындағы мемлекеттік басқару нысандары
Норвегияға әлеуметтік – экономикалық жағдайы
Мемлекет нысаны және құрылым
Швеция. Мемлекеттің тарихы
Мелекет нысанының түрлеріне сипаттама
Визалық және визалық емес елдерге саяхатты ұйымдастыру және жоспарлау
Италия туралы жалпы мәлімет
Пәндер