БАҚ саласындағы этикалық нормалар



ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4
I Бөлім. Бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктері
1.1. ҚР Бұқаралық ақпарат құралдарының заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5.8
1.2. БАҚ.тың кәсіби қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8.10

II Бөлім. Журналист этикасы
2.1. Журналист этикасының сөз бостандығындағы орны ... ... ... ... ... 11.13
2.2. Журналисттің моральдық.этикалық ұстанымдары ... ... ... ... ... ...14.16
2.3. Журналисттің құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.4. Журналисттік талаптық құқықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18.19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20.22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23.24
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Адамның кез келген қызметі, әркімнің кәсіби жұмысы күн өткен сайын тәжірибе түрінде жекеден жалпыға, оңайдан қиынға ұласып, жетіле түседі. Журналистің кәсіби шеберлігі де осындай толассыз үрдістерді барынша байыптап, зерделеп, пайымдаудың негізінде қалыптасады. Қоғамдық әдет-ғұрыптардың саналуан реңінде адамдардың кәсібіне қатысты әдептік белгілері болады. Әртүрлі кәсіпте өндірістік, гуманитарлық талаптар адамдардың қызметтік бағытына әсер етеді. Алайда, қоғамдағы барлық кәсіптердің өзіндік жеке дара моралі болмайды. Өйткені, кәсіби мораль басқа қоғамдық өнегенің модификациясынан ерекшеленбейді. Тек қана адамдардың әдет-ғұрып санасына және дағдыларына олардың кәсіптері бойынша атқарылатын қызметтеріндегі ерекшеліктер өзіндік әсер етеді. Мәселен, әртіс сахнада да, одан тыс жерлерде де өз рөлін атқарады, ұстаздар да аудитория да ғана емес одан тыс барлық жерде де педагогика ғылымының негізінде ұстаздық қызметін жүргізеді. Адамның қоғамға және басқа адамдарға қатысты міндеттерін анықтайтын адамгершілік өнегесі, нормалар жүйесі мораль деп аталады. Ол – қоғамдық сананың түрлерінің бірі. Мораль, адамгершілік туралы ілім, қоғамдық сананың бір түрі – әдеп (этика) болып саналады. Моральдің кәсіби ерекшелігін зерттейтін ғылым кәсіби әдеп деп аталуы осындай өмірдің даму заңдылықтарын бағамдаудан, пайымдаудан туады.
Егер қоғамдағы барлық кәсіби мамандықтарға кәсіби әдеп мәнінде зерделей қарайтын болсақ, адамдардың тағдыры мен рухани әлеміне жақын тұратын кәсіп иелері өзгелерден оқшау көрінеді. Кәсіп сөзінің алғашқы мәні - болмысымен қызмет көрсету болып саналған. Орта ғасырда кәсіп сөзінің мәні сопылық, тақуалық ант беру болды. Сондықтан, діни тұлғалармен бірге заңгерлер, дәрігерлер және әскерилер кәсіби шеберлер қатарында саналды. Қоғамның өркениеттенуіне байланысты журналистер дәрігерлермен, ұстаздармен, діни тұлғалармен, заңгерлермен, саяси қайраткерлермен қатар қоғамды дамытуға араласатын болды. Ендеше, журналистиканың қоғамдағы атқаратын қызметі ерекше.
Біріншіден, журналистика – құрамына газет, журналдар кітап баспасы, телерадио редакциялары, интернет жүйесі кіретін, олардың техникалық, ақпараттық, ұйымдастыру-басқару, оқу және ғылыми орталықтар сияқты инфрақұрылымдары бар қоғамдағы әлеуметтік институттің бірі.
Екіншіден, журналистика – ақпарат жинайтын, оларды іріктейтін және әлеуметтік мәніне байланысты өңдейтін, оларды тарататын қызмет түрлері.
Үшіншіден, журналистика – осындай қызметтерді аудиторияға жеткізетін баспасөзде редактордан, журналистерден бастап, корректорге дейінгі, телерадиода ұжым басшысы, бас продюсер, бас редактор, редакторлардан бастап режиссер, оператор, дыбыс режиссеріне, бейне инженерге т.б. дейінгі кәсіптер жиынтығы.
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 ж.
2. Шамахайұлы Қ. «Мен көрген Америка», Қарағанды-2001. 24-б.
3. В.Корконосенко С.Г. «Основы журналистического мастерства» -- М.; «Аспект ПРЕСС» 1987. – 284 с.
4. Шамахайұлы Қ. «Сөз бостандығы және mass media». Қарағанды.ҚарМУ баспасы, -2004. 116-б.
5. Афанасьев В. Г. «Социальная информация и управление обществом». М.1981.с.383.
6. Капаева А. «Цензура в Казахстане». Евразийское сообщество. №3.2003. с.43.
7. Кенжебаев Б. «Қазақ баспа сөзінің тарихынан мәліметтер». -- Алматы, 1956. – 150 б.
8. Ворошилов.В.В. «Права и этика в журналистике»., Санкт-Петербург, 2004. – 320 с..
9. Аврамов Д.С «Профессиональная этика журналиста». -- Издательство Московского университета, 2003. – 272 с.
10. Барманқұлов М.К. «Журналистика для всех», Алматы, 1972г.
11. Әуезов М. «Әдеби мұра және оны зерттеу». -- Алматы, 1961. – 230-б.
12. Шамақайұлы Қ. «Журналист шеберлігінің  негіздері». Қарағанды:2002.16-б. 
13. Шамахайұлы Қ. «Қазақ шешендік өнері және журналистика». «Ақ жол-Қазақстан», №51,19.12.2003).
14. Отт Урмас. «Вопрос + ответ = интервью». -- М., Московский рабочий, 1991. – 195 с.
15. Бекқожин Қ. «Қазақ баспасөзі тарихының очеркі». -- Алматы, 1981. 230 б.
16. Ворошилов В.В. «Журналистика». -- Санкт-Петербург, 2004. – 700 с.
17. М.К.Барманқұлов. «Телевидение: Деньги или власть». Алматы. -- 1997. 160 с.
18. Омашев Н. Журналистиканың жаңа стилі. - Ақиқат. -№9. 1997. – 86-б.
19. Бекқожин Қ. «Қазақ баспасөзінің даму жылдары». -- Алматы, 1964. 310 б.
20. Алдаберген Қ. Ж.Нұсқабайұлы. Ф.Оразай. «Қазақ журналистикасының тарихы». Қ. Алматы, 1994. Қ. Қ.356 б.
21. Кенжебаев Б. «Қазақ баспасөзінің тарихынан». -- Алматы, 1962. – 80 б.
22. Шамахайұлы Қ. «Демократиялық қоғамдағы баспасөз және ақпарат құралдары». Алматы, 2005. – 95-б
23. Қожакеев Т. «Сара сөздің саралары». -- Алматы, 1995 . –
180 б.
24. Сұлтанов  Қ. //Сөз  бостандығы. Оны  БАҚ  қалай  пайдалануда? «ЕҚ», №92,  18.ІҮ. 2003. 

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және
әлем тiлдерi университетi
Менеджмент және халықаралық коммуникация факультетi
Халықаралық коммуникация кафедрасы
5В050400 – Журналистика мамандығы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
тақырыбы:
БАҚ САЛАСЫНДАҒЫ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАР

Тексерген: _______
Орындаған:

Алматы
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
I Бөлім. Бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктері
1.1. ҚР Бұқаралық ақпарат құралдарының
заңы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-8
1.2. БАҚ-тың кәсіби
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-
10

II Бөлім. Журналист этикасы
2.1. Журналист этикасының сөз бостандығындағы орны ... ... ... ... ... 11-13
2.2. Журналисттің моральдық-этикалық ұстанымдары ... ... ... ... ... ...1 4-
16
2.3. Журналисттің құқықтары мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...17
2.4. Журналисттік талаптық құқықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18-19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..20-22
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23-24

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Адамның кез келген қызметі, әркімнің кәсіби жұмысы
күн өткен сайын тәжірибе түрінде жекеден жалпыға, оңайдан қиынға ұласып,
жетіле түседі. Журналистің кәсіби шеберлігі де осындай толассыз үрдістерді
барынша байыптап, зерделеп, пайымдаудың негізінде қалыптасады. Қоғамдық
әдет-ғұрыптардың саналуан реңінде адамдардың кәсібіне қатысты әдептік
белгілері болады. Әртүрлі кәсіпте өндірістік, гуманитарлық талаптар
адамдардың қызметтік бағытына әсер етеді. Алайда, қоғамдағы барлық
кәсіптердің өзіндік жеке дара моралі болмайды. Өйткені, кәсіби мораль басқа
қоғамдық өнегенің модификациясынан ерекшеленбейді. Тек қана адамдардың әдет-
ғұрып санасына және дағдыларына олардың кәсіптері бойынша атқарылатын
қызметтеріндегі ерекшеліктер өзіндік әсер етеді. Мәселен, әртіс сахнада да,
одан тыс жерлерде де өз рөлін атқарады, ұстаздар да аудитория да ғана емес
одан тыс барлық жерде де педагогика ғылымының негізінде ұстаздық қызметін
жүргізеді. Адамның қоғамға және басқа адамдарға қатысты міндеттерін
анықтайтын адамгершілік өнегесі, нормалар жүйесі мораль деп аталады. Ол –
қоғамдық сананың түрлерінің бірі. Мораль, адамгершілік туралы ілім,
қоғамдық сананың бір түрі – әдеп (этика) болып саналады. Моральдің кәсіби
ерекшелігін зерттейтін ғылым кәсіби әдеп деп аталуы осындай өмірдің даму
заңдылықтарын бағамдаудан, пайымдаудан туады.
Егер қоғамдағы барлық кәсіби мамандықтарға кәсіби әдеп мәнінде зерделей
қарайтын болсақ, адамдардың тағдыры мен рухани әлеміне жақын тұратын кәсіп
иелері өзгелерден оқшау көрінеді. Кәсіп сөзінің алғашқы мәні - болмысымен
қызмет көрсету болып саналған. Орта ғасырда кәсіп сөзінің мәні сопылық,
тақуалық ант беру болды. Сондықтан, діни тұлғалармен бірге заңгерлер,
дәрігерлер және әскерилер кәсіби шеберлер қатарында саналды. Қоғамның
өркениеттенуіне байланысты журналистер дәрігерлермен, ұстаздармен, діни
тұлғалармен, заңгерлермен, саяси қайраткерлермен қатар қоғамды дамытуға
араласатын болды. Ендеше, журналистиканың қоғамдағы атқаратын қызметі
ерекше.
Біріншіден, журналистика – құрамына газет, журналдар кітап баспасы,
телерадио редакциялары, интернет жүйесі кіретін, олардың техникалық,
ақпараттық, ұйымдастыру-басқару, оқу және ғылыми орталықтар сияқты
инфрақұрылымдары бар қоғамдағы әлеуметтік институттің бірі.
Екіншіден, журналистика – ақпарат жинайтын, оларды іріктейтін және
әлеуметтік мәніне байланысты өңдейтін, оларды тарататын қызмет түрлері.
Үшіншіден, журналистика – осындай қызметтерді аудиторияға жеткізетін
баспасөзде редактордан, журналистерден бастап, корректорге дейінгі,
телерадиода ұжым басшысы, бас продюсер, бас редактор, редакторлардан бастап
режиссер, оператор, дыбыс режиссеріне, бейне инженерге т.б. дейінгі
кәсіптер жиынтығы.
Төртіншіден, журналистика – журналистер жасайтын шығармалар жүйесі.
Журналистика туралы айтылғанда қазір БАҚ-тар (бұқаралық ақпараттар құралы),
ЭАҚ-тар (электронды ақпарат құралдары – телерадио, интернет), масс-медиа
сияқты ұғымдар қатар жүреді. Олай болса, журналистиканың ғылымдағы орны –
бұқаралық ақпарат тарату болып саналады.
Мақсаты. Бұқаралық ақпарат құралдарының этикалық нормаларын, заңдылықтарын
негіздеу. Журналисттің сөз бостандығын айқындау. Бұқаралық ақпараттар
тарату, БАҚ-тардың саяси-тәрбиелік мақсаты, ақпараттар тараттудағы белсенді
іс-қимыл журналистиканың қоғамдық рөлін айқындайды.
Міндеттері:
бұқаралық ақпарат құралдары заңының маңызын анықтау;
журналист мүмкіндіктерін саралау;
журналист этикасы кодексінің ерекшелінін анықтау.
Зерттелу объектісі. Бұқаралық ақпараттар таратылғанда журналистка
қызметінің әлеуметтік ұстанымы – журналистиканың қоғамдық үлгісі –
шығармашылық әдісі сипатына байланысты бұқаралық ақпараттардың
ерекшеліктері ашылады. Одан кейін журналистиканың журналистика
аудиториясымен қызметі – қызметінің нәтижесі анықталады. Осындай қызметті
атқаруда журналистке қойылатын талаптар мен жасалатын жағдайлар мәселесі,
атап айтқанда, журналист бостандығы – журналист жұмысының сапасы – құқығы
– әдебі – жауапкершілігі турасындағы мәселелерге мән беріледі. Ең соңында
хабарлар, ақпараттар тарату үшін қажетті бағдарламалар, каналдар, тарату
жүйелерінің өзара іс-қимылдары журналистика қызметінің аудиториямен
интерактивтілігін қамтамасыз етуге дәнекер болады.
Қоғамдық жауапкершіліктен туындайтын талаптар негізінде жұмсалатын ақыл-ой
мен тәжірибе кәсіби шеберлікке жеткізеді. Тақырыпты таңдау, ақпарат ала
білу, ақпарат көзін табу, оларды қайдан, кімнен, қалай және қай негізге
сүйеніп алуды білу, фактілерді іріктеу, жариялау мақсатын анықтау, осы
орайда жағдайға дұрыс көзқараспен қарау, тіпті материалдың тақырыбы,
мәтіні, идеясы, композициясы, стилі, мазмұны сияқты технологиялық үрдістер
журналистің кім туралы және не туралы жазатынын анықтайды. Олай болса,
журналистің адамгершілік қатынасы оның жұмысының мәнімен өріледі.
Адамгершілік, әдеп журналист қызметінің басынан аяғына дейінгі сипатын
көрсетеді. Сондықтан, адамның осы қызметке өте қажетті адамгершілік
деңгейін анықтап алмай оған журналистік кәсіпке сай қызмет жасай алады деп
баға беруге болмайды.

I Бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктері
1.1. ҚР Бұқаралық ақпарат құралдарының заңы
Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясының 18-бабының
3-пункті бойынша: Азаматтар мемлекеттік органдар мен қоғамдық
бірлестіктерден, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарынан еркін ақпарат
алуға құқықты[1]. Осы салаға қатысты басқа да қалыптық-құқықтық актілерде
сөз бостандығы және ақпараттану құқықтары туралы айтылған. Азаматтар
өздерінің ой-пікірлерін еркін баяндауға да құқықты. Бүгінгі демократиялық
қоғамдардың негізгі шарттарының бірі еркін БАҚ-тың болуында. БАҚ-тың
еркіндіктерімен қатар мемлекеттің әлеуметтік, саяси және экономикалық
өмірін дамытудағы жауапкершіліктері де демократиялық елдерде алдынғы
қатардағы маңызды мәселенің бірі болып табылады.
Бізде демократиялық мемлекеттерде төртінші күш деп аталатын бұқаралық
ақпарат құралдары (БАҚ) төңірегіндегі дау басылар емес. Әлемнің ең
демократиялы, ең еркін саналатын елдерінің өзінде БАҚ сөз бостандығының
жетіспейтіні және журналистердің проблемалары туралы ақпараттарды таратып
жатады. Мұның негізінде жалаң кәсіби себептерден гөрі БАҚ-ты билейтін
саяси, қаржы және экономикалық күштердің өз мақсаттарын толықтай орындай
алмауы тұрса керек. Өйткені, қылмыскерлердің кесірінен тек журналистер ғана
емес, көптеген қарапайым азаматтар да жапа шегуде. Ал, олардың қолында
газет яки телевидение болмағандықтан, шулатып қоғамдық пікір тудыра
алмайды. Сол себепті, БАҚ уәкілдеріне жасалған қылмыстық әрекеттерді, егер
саяси астары немесе журналистің кәсіби функциясына қатысы болмаса, әдеттегі
қылмыстармен бірдей қараған жөн. Сірә, мемлекет азаматтарын кәсіби
ерекшеліктері бойынша емес, азамат болғандықтары үшін қорғайды.
Елімізде сөз бостандығы және БАҚ саласында кейбір өзекті проблемалардың бар
екені рас. Бірақ, бұл заңдарымыздың шикілігінен яки еркіндікті шектеуінен
емес, көбінесе журналистер уә атқарушы билік уәкілдерінің заң нормалары мен
кәсіби ережелерді жөнді орындамауынан, өз құқықтары мен бостандықтарын жете
білмеуінен туындауда. АҚШ, Германия (ГФР), Швеция, Швейцария, Түркия және
Қазақстан елдерінің БАҚ, Бұқараны мәліметтендіру, Ақпарат еркіндігі,
Баспасөз еркіндігі туралы Акт, Баспасөз Заңы сияқты заңдарын
салыстырғанда 1999 жылы қабылданған Бұқаралық ақпарат құралдары туралы ҚР
Заңының халықараық талаптарға сәйкес екені аңғарылады. Қайта, аталмыш
елдердің заңдарында бізден өзгеше шектеулер мен жазалау шараларының
(қаржылай санкциялар мен бас бостандығынан айыру) бар екенін байқауға
болады...
Швеция Корольдігінің парламенті Риксдаг 1974 жылы қабылдаған Баспасөз
еркіндігі туралы Актінің көптеген баптарында қоғамдық тыныштықты сақтау
мақсатымен қабылданған заңдарға қайшы ақпараттарды таратуға тыйым
салынған[2]. Аталмыш заң рухани мәдениет мүдделеріне қайшы және жеке
тұлғалардың құқықтарын бұзатын ақпараттарды таратуға да тыйым салады. Бұл
елде алкогольді ішімдіктер мен темекі өнімдерін жарнамалауға шек қойылғаны
сондықтан. Осы заңның 2-тарауы бойынша ресми құжаттарды пайдалануға мына
себептер бойынша тыйым салынады:
1) Мемлекеттің қауіпсіздігін яки оның басқа мемлекетпен немесе халықаралық
ұйыммен қарым-қатынастарының қауіпсіздігін сақтау.
2) Мемлекеттің орталықтандырылған қаржы, ақша немесе басқа валюталық
саясатын қорғау.
3) Жалпы экономикалық мүдделерлі сақтау т.т.
11.09.2001 жылғы террор шабуылдарынан кейін АҚШ әкімшілігі бұқаралық
ақпарат құралдарының көптеген мәліметтерді жариялауына тыйым салған еді.
Осының барлығы да мемлекет пен қоғамның мүддесін қорғау және тергеу,
іздестіру жұмыстарына нұқсан тидірмеу үшін жасалған заңды шаралар болып
табылған. Ал, өз кезегінде бұл елдің БАҚ-тары халықты үрейлендіретін,
мемлекетке деген сенімін шайқалтатын хабарларды таратудан, суреттерді
көрсетуден бас тартқан-ды[2].
Соңғы кездері БАҚ-тың іс-әрекеттеріне байланысты барлық проблемаларды заң
жүзінде атқарушы биліктің құзыретінен алып, арнайы қоғамдық ұйымға беру
туралы ұсыныстар айтылуда. Бұл әлемдік озық тәжірибеде кездеспейтін және
еліміздің ішкі тұрақтылығына нұқсан тигізуі мүмкін жаңалық. Атқарушы
биліктің міндеті қабылданған заңдар шеңберінде мемлекет жұмыстарын орындау,
заңды және жеке тұлғалардың арақатынасын реттеу, тиісті инфрақұрылымды
дайындау болып табылады. БАҚ-ты атқарушы биліктің қарамағынан шығарып,
қоғамдық ұйымға бағындыру практикада мүмкін емес. Ал, Қазақстан сияқты
күрделі трансформациялық процестер қарқынды жүріп жатқан алуан этникалық
топтар уә мәдениеттерді, тілдер уә діндерді қамтитын, әлемдік деңгейдегі
қақтығыс аймақтарының кіндігінде орналасқан мемлекетте бұл қадамның қауіпті
нәтижелер беруі әбден мүмкін. Осындай ахуалда БАҚ-тың қоғамдық пікірге
әсерін ескеруге міндеттіміз.
Алайда, бұқаралық ақпарат құралдарының басын біріктіретін, дәлірек айтқанда
журналистерді бір рухани билікке бағындыратын қоғамдық ұйымның құрылуы
пікірін қолдаймыз. Мұндай ұйымды құру журналистердің өз міндеті. Сот және
прокуратура органдарымен қатар омбудсман институты азаматтардың
құқықтарын қорғау және даулы мәселелерге шешім табу жағынан көптеген
елдерде табысты жұмыстарды атқарып келеді. Сол сияқты, БАҚ-тың тиісті
заңдар мен құқық актілері тарапынан белгіленген қағидалар бойынша істеуін
бақылайтын, оның қоғам алдындағы абыройы мен сенімділігін арттыратын,
журналистика кәсібінің беделін көтеретін бір ұйымның болғаны жөн.
Журналистика саласында абыройлы есімге ие болған тұлғалардың ерікті
бастамасымен БАҚ Биік Кеңесін ұйымдастыруға болады. Бұл БАҚ
қызметкерлерінің журналистика этикасы ережелері шеңберінде өзін-өзі
бақылауы (автоконтроль) үшін жасалатын нақты қадам болмақ.
БАҚ Биік Кеңесі қоғамдық ұйым ретінде іс жүзінде журналистикамен
айналысып жүрген журналистер мен осы саланың ғалымдары тарапынан құрылуы
мүмкін. БАҚ Биік Кеңесінің құрылтайшылар келісімшарты яки жарғысы
бастамашы топ тарапынан сала қызметкерлері уә ғалымдардың талқысына
ұсынылады. Қатысушылардың санының мүмкіндігінше көп болғаны және барлық БАҚ
ұйымдарын қамтығаны абзал [3]. Аталмыш Кеңеске БАҚ қожайындарының қатысып-
қатыспайтыны мәселесі талқыланып, тиісті қарар қабылдануы керек. Бұл
құрылымның қоғамдық бірлестік яки қоғамдық қор түрінде болуы мәселесі
де ойластырылуы керек. Түркиядағы тәжірибе бойынша бұл Кеңес заңды тұлға
ретінде құрылмаған. Өйткені, заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін,
сонымен қатар жұмыс саласын саяси билік белгілейді. Ал, журналистер
толықтай тәуелсіз болуды қалайтындықтан Азаматтық Кодексте көрсетілген
келісімшарт бойынша жұмыс істегенді жөн деп тапқан.
БАҚ Биік Кеңесі журналистиканың ұзақ жылдар бойы қалыптасқан кәсіби
қағидалары уә ережелерін жазбаша түрде анықтап, журналистердің назарына
ұсынады. Журналистер өз кезегінде осы беделді де бейтарап ұйымның
ережелерін басшылыққа алып, орындауға міндеттенеді [3]. БАҚ туралы Заң
және өзге де қалыптық-құқықтық актілермен бекітілген қағидаларды заңның
императивті күшімен орындауға онсыз да міндетті болған журналистер үшін
БАҚ Биік Кеңесінің ережелері кәсіби тұрғыдан алғанда моральдық және
этикалық характерге ие болады. Бұл кез келген журналистің журналистика
саласындағы абыройы мен атағына әсер етеді.
БАҚ Биік Кеңесі бұқаралық ақпарат құралдары немесе қызметкерлерінің
(журналистердің) шығармалары мен аудио-видео өнімдерін кәсіби ережелер
тұрғысынан талдап, нәтижелерін жұртшылыққа білдіреді. Мемлекеттің билік
органдары мен соттардың БАҚ жөніндегі іс-әрекеттері уә шешімдері және БАҚ
Биік Кеңесінің шешімдері екі жақтан осы маңызды саланың функцияларын
реттейді һәм проблемаларын шешеді. Бұл, әрине жеткілікті емес.
Журналистердің білім деңгейі, жалақы мөлшері және еңбек шарттары сияқты
көптеген мәселелер де қатарынан шешімін таппайынша БАҚ саласында қой
үстінде боз торғай жұмыртқалайтын уақыттың келмейтіні анық. Ал,
журналистердің саналы түрде бас қосып, баспасөздің тек еркіндігі үшін ғана
емес, сонымен қатар мемлекет және қоғам мүддесіне жұмыс істеуі үшін
белсенділікпен бас біріктіруі өз кезегінде маңызды шара болмақ. БАҚ Биік
Кеңесіне мүше болу міндетті емес. Журналистер мен БАҚ және кәсіподақтар
мен қоғамдар бұл ұйымға өз еріктерімен мүше бола алады.
БАҚ Биік Кеңесі журналистерді жазалай алмайды, ондай санкция билігі жоқ.
Бұл ұйым БАҚ немесе журналистер туралы келіп түскен шағымдар мен арыздарды
тексеріп, оларды негізді яки негізсіз деп табады. Негізді деп табылған
жағдайда тиісті БАҚ органына немесе журналистке ескерту яки сөгіс
жариялайды. БАҚ Биік Кеңесінің шешімдері бұқаралық ақпарат құралдарында
көпшіліктің назарына ұсынылады. Азаматтар Кеңеспен қатар сотқа да шағымдана
алады. Кеңеске түскен арызда аты аталған бұқаралық ақпарат құралының уәкілі
яки журналист өзі туралы шешімге дауыс бере алмайды. БАҚ Биік Кеңесі 1992
жылы негізі қаланған Дүниежүзілік БАҚ Кеңестері Одағының мүшесі бола
алады. Бұл Кеңестің халықаралық деңгейде тәжірибе алмастыруына және
журналистердің әлемдік деңгейге көтерілуіне көмектеседі.

1.2. БАҚ-тың кәсіби қағидалары
БАҚ-тың кәсіби қағидалары жөнінде жоба ретінде мынандай қағидаларды ұсынуға
болады (Түркия тәжірибесі бойынша):
Ақпарат еркіндігін елімізде өмір сүріп жатқан адамдардың жариялылыққа
негізделген мемлекеттік басқару жүйесіне қол жеткізуінің және демократиялық
түзімнің басты қажеттілігі санайтын журналистер ретінде халықтың ақиқатты
білу құқығын басшылыққа ала отырып, журналистиканың негізгі міндеті –
шындықтарды ешқандай бұрмалаусыз, қоспасыз қоғамға білдіру парызы екенін
ескере отырып, төмендегі Баспасөздің кәсіби қағидаларын мүлтіксіз
орындайтынымызды бұқара жұртшылыққа білдіреміз:
1. БАҚ-та Қазақстан Республикасының мемлекеттілігіне, ішкі және сыртқы
қауіпсіздігіне нұқсан тигізетін, елімізді халықаралық қоғамдастық алдында
ұятқа қалдыратын ақпараттарды таратуға болмайды.
2. БАҚ-та ешкімді нәсілі, ұлты, жынысы, жасы, денсаулығы, денедегі ақаулығы
(кемтарлығы), әлеуметтік деңгейі және діни сенімдері бойынша төмендетуге,
қорлауға, сөгуге болмайды.
3. Ойлау, ар-ұждан және ойын білдіру еркіндігін шектеуші, жалпы халықтың
этикалық құндылықтарын аяқасты етуші, діни сенімдер мен жанұя институтының
негіздерін құлатушы ақпараттарды таратуға болмайды.
4. Бұқара жұртшылыққа адал қызмет етуге тиісті журналистер этикалық
құндылықтарға қарсы іс істемейді және белгілі бір топтардың мүдделерін
орындайтын қолшоқпар болмайды.
5. Заңды яки жеке тұлғаларды сынау шегінен асатын қорлаушы немесе олардың
абыройына тіл тигізуші, балағаттаушы, жала жабушы ақпараттарды таратуға
болмайды.
6. Адамдардың жеке өмірі тек қоғамның мүддесі тұрғысынан алғанда ғана
тақырып бола алады. Бұдан тыс жағдайларда адамдардың жеке өмірі туралы
мәлімет таратуға болмайды.
7. Журналистік тексеру шеңберінде шындығына жетуге болатын ақпараттар мен
фактілерді растығы анықталмайынша ақпарат ретінде көпшіліктің талқысына
ұсынуға болмайды.
8. Оқырмандар мен басқа да жекелеген адамдар құпия қалу (конфиденциалды)
мақсатымен тапсырған мәліметтерді бұқараның мүддесіне айтарлықтай дәрежеде
зиян тиюі ықтималынан тыс жағдайларда әшкерелеуге болмайды.
9. Бір бұқаралық ақпарат құралының өз еңбегімен тапқан ақпаратын (хабарын,
өнімін, шығармасын) сол органның таратылу процесі аяқталмайынша екінші
бұқаралық ақпарат құралы өзінің өніміндей қолдана алмайды. Ақпарат
агенттіктерінен келіп түскен ақпараттарды пайдаланғанда агенттіктің аты
аталуы тиіс.
10. Сот үкімімен қылмысты, айыпты яки кінәлі саналмайынша ешкімді
қылмысты, айыпты, кінәлі деп жариялауға болмайды.
11. Журналист ақпарат көзін жасырын (аноним) сақтауға құқықты. Бірақ,
қоғамдастықтың пікіріне экономикалық, саяси немесе жеке басының мүддесі
тұрғысынан қысым жасау мақсатымен таратылған ақпараттардың көзін айтуға
міндетті.
12. Журналист өзінің кәсіби міндеттерін журналистиканың абырой-беделіне дақ
түсірмейтін әдістермен жүзеге асыруға міндетті.
13. Журналист қатыгездік пен зорлық-зомбылықты уағыздайтын, сонымен қатар
адами құндылықтарды рәсуа қылатын ақпараттарды таратпайды.
14. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын жарнамалар да жоғарыда
аталған қағидаларға сәйкес болуы керек.
15. БАҚ қате таратылған мәліметтерді түзету міндетін орындайды
Конституция мен заңдарымызда кепілдік берілген құқықтарды жүзеге асыру және
мемлекет пен қоғамның мүдделерін сақтау үшін мына жәйттерді ескерген жөн:
1. Мүмкіндік болса, жоғарыда аталған кәсіби қағидаларды құқықтық актімен
(адвокаттық, нотариустық қызметтегіндей) бекіткен дұрыс болар еді. Немістер
1516 жылы Reinheitsgebot (сыраның тазалығы туралы) заңды қабылдаған. Біз
болсақ, ХХІ-ғасырда баспасөздің құқықтары туралы айта береміз де оның
міндеттері мен жауапкершіліктері туралы мардымды іс істемейміз.
2. Заңдарымызда бұқаралық ақпарат құралдарының жауапты редакторы (бас
редактор), қызметкерлері уә меншік иесінің жауапкершіліктері толықтай
айқындау қажет.
3. Бұқаралық ақпарат құралдары мен қызметкерлерінің еңбек және құқық
қатынастарын реттейтін арнайы заңды қабылдаған жөн. Мұндай заң көптеген
елдерде қолданылуда. Мәселен, Түркияда 1952 жылы қабылданған Журналистика
кәсібі қызметкерлері мен оларды жұмсаушылар (жұмыс берушілер) арасындағы
қатынастарды реттеу туралы Заң бар. Бұл заң бойынша кімдер журналист бола
алады (негізгі талаптар), жалақы және еңбек стажы бойынша оның арту
ставкалары, жұмыс көлеміне қосымша жасалған еңбекке (шығармаға, мақалаға
т.т.) қосымша ақы төлеу, жұмыс кезінде ауыр науқасқа шалдығу немесе мерт
болуға байланысты жұмыс беруші төлеуге міндетті төлемақылар, жалақы
уақытында төленбеген жағдайда қолданылатын айыппұл санкциялары, кәсіподақ
құқықтары сияқты көптеген мәселелер қарастырылған. Осы заң бойынша егер
журналист редакцияның тапсырмасы (келісімі) бойынша жазған мақаласы (теле-
радио бағдарламасы) үшін бас бостандығынан айырылса, жұмыс беруші сол
мерзім бойынша журналистің жалақысын төлеуге міндетті.
4. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы қазақ тілінің қолданылу дәрежесін тағы
да талқылау керек. Заңда көрсетілген 50 пайызды бүгінгі күні телеарналар
мен радиолар орындайтын сияқты. Бірақ, қазақ тілі түнгі тілге айналды. Бір
кезде әже тіліне айналған қазақ тілін енді үкінің тіліне айналдырғысы
келетіндей. Сол себепті, аталмыш заңға өзгеріс енгізіп, қазақша
бағдарламаларды халық көретін уақытқа қойғызуымыз керек.
5. Журналистерге қойылатын талаптарды (арнайы жоғары білім, құқықтық
сауаттылық, белгілі қылмыстар бойынша сотталмағандық, тіл т.т.) күшейту
керек. Журналистікке қабылданған азаматтардың ант бергені жөн.
6. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының еліміздегі іс-әрекеттері мен
басылымдарын, теле-радио хабарларын заң талаптарына сәйкестік тұрғысынан
тексеру керек. Кейбір елдердің заңдарында жауапты редактор яки құрылтайшы
болу үшін сол елдің азаматы болу шарты келтірілген. Шетелдік БАҚ Сыртық
істер министрлігі және Ішкі істер министрлігінен арнайы рұқсат алуы
мәселесі айқындалуға тиісті.
7. Интернет, Х-25, Х-45, э-почта сияқты электрондық ортаны пайдалану арқылы
таратылатын ақпараттар мен мәліметтердің заңдағы мәртебесін (статус)
белгілеген жөн. Әсіресе, осындай қызметті берушілер (сервис провайдер) уә
пайдаланушылардың құқықтық жауапкершілігі нақтылануға тиісті. Мұндай заң
Батыс елдерінде (мәселен, Германиядағы мультимедия туралы заң) мемлекет (э-
мемлекет, e-state) және мемлекеттік емес құрылымдардың ресми құжаттарына
қойылатын талаптарды белгілейді.
8. Мемлекет органдарының бұқаралық ақпарат құралдарымен қатынастары, атап
айтқанда журналистердің ресми жыйындарға қатысуы (аккредитациялау) және
мемлекет органдарынан мәлімет алуы тағы да нақтылануы керек. Швейцария
мемлекетінің парламенті 1994 жылы қабылдаған Жұртшылықты мәліметтендіру
туралы Заңында бұл мәселе егжей-тегжейлі шешілген.
9. Мемлекетіміздің унитарлық сипатына, ұлттық егемендігіне, ұлттық
қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртіпке, қоғамдық мүддеге, денсаулық пен
моральдық құндылықтарға қарсы басылымдардың елімізде шығарылуы немесе
шетелдерден елімізге кіргізілуі мәселесі БАҚ туралы заң актілерінде
қарастырылуы және Үкіметтің қажетті шараларды қолдануы нақтылануы тиіс.

II Журналист этикасы
2.1. Журналист этикасының сөз бостандығындағы орны
Этика нормалары – моральға тұсау салатын шідер емес, керісінше, жеке
адамдарды да, масс-медиа қызметкерлерін  де қорғайтын  маңызды құрал. Заң
жазалау арқылы шектеуді жүзеге асырса, журналистің кәсіби этикасы негізінен
ар-ұятқа, күнәға сүйенеді [4].
Сөз бостандығының негізі қаланып, масс-медиа жүйесі мен жалпы
журналистердің дербестіктері обьективтік көрініске айнала бастаған
қазіргідей заманда журналист этикасы, оның жауапкершілгі туралы мәселе
көптеп қозғалатын болды. Журналистика мәселелері сөз етілген теориялық,
практикалық, әдістемелік конференцияларда, семинар-тренингтерде журналистің
кәсіби этикасы ең өзекті мәселе ретінде қарастырылып, осы тақырып аясында
пікірталастар өрістеп, әңгіме жиі қозғалатын болды. Мерзімді баспасөзде
мамандар, зерттеушілер журналист этикасы жайында мәселелер көтеріп,
ұсыныстар айтуда. Мұның бәрі кездейсоқтық болмаса керек. Айтылып, жазылып
қана қалдырмай этика мәселесінің жолға қойылуын талап етушілер де бар.
Батыс масс-медиасы өз қызмет ерекшеліктеріне сәйкестірілген ереже жасап,
оқу құралдарын әзірлеп, оны іс әрекеттеріне қолдану арқылы этикалық
қателіктерге ұрынудан, БАҚ-тың беделін түсіруден алдын ала сақтап қалады.
Осыдан-ақ кәсіби этиканың жоғары деңгейде болуы – журналист туындыларының
мазмұнына, сапасына, нәтижесіне ықпал ететін фактор  екендігін көреміз.
Жалпы журналистика қызметінде этикадан тысқары қалатын мәселе болмаса
керек. Оның сөз бостандығымен де, жеке тұлғалардың саяси мәдениетімен де
тығыз сабақтасатын тұстары жетерлік [4]. Сондықтан тарауда ауқымы кең әрі
бір ізді болып үлгермеген күрделі мәселелер тұңғыш рет қарастырылып отыр.
Жалпы журналист этикасына ықпал ететін көптеген себептер мен факторлар бар.
Кеңес одағының іргесі сөгіле бастаған тұста баспасөзді бақылап келген
главлит таратылды. 1990 жылдардан бастап, масс-медиа жүйесі белгілі
деңгейде дербестікке көшіп, сөз бостандығының негізі қаланды, ақпарат
құралдарының арасында бәсекелестіктің туындауы – журналист этикасына
жағымды әрі жағымсыз әсерді қатар әкелді. Еліміздің БАҚ туралы алғашқы
заңы тәуелсіз баспасөздің дамуына кең өріс ашып берді. Қысқа мерзім ішінде
БАҚ саны еселеп артып, журналистикаға өзге саланың мамандары көп тартылды.
Оның сыртында масс-медиа жүйесі қызметкерлерінің сөз бостандығы жайындағы
мағлұматтары аз, тәуелсіз баспасөзді, ақпарат құралын басқару, қызметін
жүргізу машықтары мен тәжірибелері кемшін болды.
Сондай-ақ, ақпарат рыногында қаптаған БАҚ үшін өз орындарын табу,
артықшылықтарын жетік пайдаланудың өзі оңай шаруа емес еді. Осыдан келіп
қысқа мерзімде мол пайда табуға құлшынған редакциялар сары баспасөздің
практикасында жиі кездесетін тәсілдерге бой ұра бастаған. Яғни, оқиға,
деректерді көрсеткенде шу көтеру арқылы ел назарына ілігуді көздегендіктен
оқырманды таң қалдыру немесе көңіл көтеруге бағытталған туындыларды көбірек
жариялау мақсат етілді. Дау-дамай тудыратын ақпараттардың жариялануына жол
берілді. Шу көтеру үшін олар төменде аталған кәсіби қателіктерге  де
ұрынудан тайынбаған. Жалпы сипаты мынадай:   
Дерекке өз білермендіктерімен комментарий жасау;   
Мақалаға жеке көзқарастарын тықпалау;
Субьективтік қорытынды жасап білгірсу;
Қызықтыру үшін оқиғаны ойдан құрастыру; 
Оқиғаны шала бейнелеу немесе өңін айналдырып жіберу.
Олар белгілі бір оқиға, көрініс немесе адамдар туралы жазып хабарлағанда
сыңаржақтыққа бой ұрып сол арқылы ақпарат қабылдаушыларын да бір ғана
көзқарастың аясында шектеуге, тар шеңберде ойлауға итермеледі. Деректі
өңдеу тәсілдері мен журналистік шеберліктерінде де тұрпайылықтың орын алған
тұстары болды. Осының бәрі әлеуметтің көңіл-күйіне қаяу түсірді, БАҚ пен
журналистердің абыройларына нұқсан келтірді. Соның салдарынан сот алдында
айыпты болу, тіпті кейбір ақпарат құралдарының жұмысы тоқталуға дейін
барды. Ал, мұндай келеңсіздіктерден қазақ тілінде шығатын газеттер бойларын
аулақ ұстағанын атап айтқанымыз жөн.
Дегенмен, сөз бостандығына өріс ашылған, саяси плюрализм орныққан
қазіргідей заманда этика мәселесіне журналистер байыппен қарауға тиіс. Ол
үшін алдымен этика деген ұғымның басын ашып алуымыз керек. Этика дегеніміз
(гректің ethos – салт-дәстүр мағынадағы сөзі) адамдардың өмірдегі мінез-
құлқын үйлестіретін, айқындайтын кәсіби сананың саласы болып табылатын
мораль (латынның mores – дәстүр мағынасын білдіреді) теориясының негізін
және практикалық талаптарын зерттейтін ғылым.
Журналист этикасына ықпал ететін көптеген факторлар бар. Әсіресе, соның
ішінде баспасөздің тәуелсіздігі, қаламгердің бостандығы өте маңызды роль
атқарады. Бостандықтың көлемі ұлғайып, мүмкіндігі артқан сайын журналистің
қоғам алдындағы жауапкершілігі өсе түсетіндігін біз алдағы тарауларда
айтқан едік. Журналистің санасындағы имандылық нышаны кәсіби тәжірибемен
байып, еңбек процесі аясында мамандықтың моралы түрімен айқындалады [5] .
Осы ұғым масс-медиа саласы өкілдерінің кәсіби ерекшелігімен түсіндірілетін
моральдық сана мен мінездің ерекшелігін айқындайтынын атап айтқан жөн.
Елімізде цензураның жойылуы, тәуелсіз баспасөздің дамуына жағдай тууы масс-
медиа жүйесінің еркіндігі мен дербестігін орнықтыруға, халықты обьективтік
ақпаратпен қамтамасыз ету негізгі функциясын шын мәнінде атқаруына оң ықпал
еткен еді [6]. Алайда, масс-медиа жүйесіне бостандық келіп орнай қойған
жоқ. Бұрынғы обком-дар газеттің құрылтайшысына айналды, БАҚ-тар түгелдей
дерлік үкіметтің дотациясына немесе қаржы топтарының, ірі олигархтардың
демеушілігіне қарап отыр. БАҚ қызметіне ірі жарнама берушілер мен саяси
партиялар, өзге де қозғалыстар тікелей ықпал етуде.
Мұның бәрі газет пен нанның қайсысына таңдау жасау керек екендігіне бас
қатырмайтын бай да аухатты елде ғана масс-медиа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эвфемизм. Эвфемизмдердің жасалу жолдары
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары
Журналистің кәсіби этикалық қағидалары мен міндеттері
Журналист этикасы туралы
Психодиагностиканың этикалық және кәсіби бағыттары
Интернеттің электронды ортасын реттеудің құқықтық аспектілері
Баспасөз бостандығының келелі мәселелері
Журналист тұлғасын қалыптастыру факторлары
Саяси тілде сөйлеу
Сөз мәдениетінің түпқазығы тілдік тұлға
Пәндер