Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы



Жоспар.

1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

2. Негізгі бөлім
а) Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуының
себебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ә) Дүнгендер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 4
б) Ұйғырлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
в) Ұйғырлардың мен дүнгендер мәдениеті ... ... ... ... ... ... ... ..8

3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

4. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
Семестрлік жұмыстың өзектілігі XIX ғасырдың 70—80-жылдары патша үкіметінің бастамасымен ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу жеріне қоныс аудара бастауының алғышарттары мен нәтижесін және тарихи салдарын талдауда. Бұған дейін олар Қытайдың Іле өлкесінің аумағында тұрып келген еді. Қытай территориясынан жер аударылған ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу жеріндегі қазақтардың жанға жайлы мекендерінен көшуіне себепкер факторлардың бірі.
Ұйғырлар мен дүнгендер XVIII ғасырда және XIX ғасырдың бірінші жартысында Қытай үкіметіне қарсы бірнеше рет көтеріліс жасады. Олар өздерінің ұлттық тәуелсіздігі жолында күресті. Алайда Қытай әскерлері ол көтерілістерді аяусыз басып-жаныштады. Ұйғырлар мен дүнгендердің күресі барысында Іле өлкесінде Іле сұлтандығы құрылған болатын. Бұл мемлекеттік бірлестіктің құрылуы ондағы ішкі қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберді. 1871 жылы Ресей әскерлері ол аймақты жаулап алды. Патша үкіметі өлке тұрғындарының отбасылық істеріне және мүліктің қарым-қатынастарына араласпау саясатын ұстанды. Олардың жергілікті өкімет органдары құрылды. Бірақ оларды патша әкімшілігі өз бақылауында ұстады. Жалпы жағдай едәуір тұрақтандырылғандай болды.
Алайда дүние жүзі жұртшылығының қысым жасауымен ол өлкені Қытайға қайтару жөнінде келіссөздер жүргізіле бастады. Міне, осы кезде ұйғырлар мен дүнгендердің бұдан былайғы тағдыры туралы мәселе көтерілді. 1881 жылы екі империя арасында Санкт-Петербург бейбіт келісімшарты жасалды. Ұйғырлар мен дүнгендер бір жылдың ішінде Жетісу облысының аумағына қоныс аударуы жөнінде өздері нақты шешім қабылдауға құқықты болды. Бұл мәселе бойынша жергілікті халықтың арасында пікірі сұрастырылды. Сөйтіп 100 мыңға жуық ұйғыр мен дүнген Қазақстан аумағына өтуге тілек білдірді.

Шығармашылық жұмысты жазудағы менің мақсатым Қытай қысымына шыдамаған дүнген және ұйғыр халықтарының Жетісуға қоныс аударуын талдау.

Шығармашылық жұмысты жазуда менің міндеттерім дүнгендер мен ұйғырлардың Жетісуға қоныс аударуның алғышарттары мен тарихи нәтижерлерін талдау.
Пайдаланылған әдебиеттер.


1. Юсупов І. Біз қайдан келдік? Парасат, 1990, № 5, 16-б.

2. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 3-т. 495-б.

3. Сушанло М. Дунгане Семиречья. Дооктябрьский период. Фрунзе,
1959.

4. Қазақстан тарихы. 3-т. Алматы, 2002. 495-б.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

2. Негізгі бөлім
а) Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуының
себебі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ә) Дүнгендер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
б) Ұйғырлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
в) Ұйғырлардың мен дүнгендер мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... 8

3.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

4. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

Кіріспе.

Семестрлік жұмыстың өзектілігі XIX ғасырдың 70 -- 80-жылдары патша үкіметінің бастамасымен ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу жеріне қоныс аудара бастауының алғышарттары мен нәтижесін және тарихи салдарын талдауда. Бұған дейін олар Қытайдың Іле өлкесінің аумағында тұрып келген еді. Қытай территориясынан жер аударылған ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу жеріндегі қазақтардың жанға жайлы мекендерінен көшуіне себепкер факторлардың бірі.
Ұйғырлар мен дүнгендер XVIII ғасырда және XIX ғасырдың бірінші жартысында Қытай үкіметіне қарсы бірнеше рет көтеріліс жасады. Олар өздерінің ұлттық тәуелсіздігі жолында күресті. Алайда Қытай әскерлері ол көтерілістерді аяусыз басып-жаныштады. Ұйғырлар мен дүнгендердің күресі барысында Іле өлкесінде Іле сұлтандығы құрылған болатын. Бұл мемлекеттік бірлестіктің құрылуы ондағы ішкі қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберді. 1871 жылы Ресей әскерлері ол аймақты жаулап алды. Патша үкіметі өлке тұрғындарының отбасылық істеріне және мүліктің қарым-қатынастарына араласпау саясатын ұстанды. Олардың жергілікті өкімет органдары құрылды. Бірақ оларды патша әкімшілігі өз бақылауында ұстады. Жалпы жағдай едәуір тұрақтандырылғандай болды.
Алайда дүние жүзі жұртшылығының қысым жасауымен ол өлкені Қытайға қайтару жөнінде келіссөздер жүргізіле бастады. Міне, осы кезде ұйғырлар мен дүнгендердің бұдан былайғы тағдыры туралы мәселе көтерілді. 1881 жылы екі империя арасында Санкт-Петербург бейбіт келісімшарты жасалды. Ұйғырлар мен дүнгендер бір жылдың ішінде Жетісу облысының аумағына қоныс аударуы жөнінде өздері нақты шешім қабылдауға құқықты болды. Бұл мәселе бойынша жергілікті халықтың арасында пікірі сұрастырылды. Сөйтіп 100 мыңға жуық ұйғыр мен дүнген Қазақстан аумағына өтуге тілек білдірді.

Шығармашылық жұмысты жазудағы менің мақсатым Қытай қысымына шыдамаған дүнген және ұйғыр халықтарының Жетісуға қоныс аударуын талдау.

Шығармашылық жұмысты жазуда менің міндеттерім дүнгендер мен ұйғырлардың Жетісуға қоныс аударуның алғышарттары мен тарихи нәтижерлерін талдау.

Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу аумағына қоныс
аудару себептері

Ұйғырлар мен дүнгендер XVIII ғасырда және XIX ғасырдың бірінші жартысында Қытай үкіметіне қарсы бірнеше рет көтеріліс жасады. Олар өздерінің ұлттық тәуелсіздігі жолында күресті. Алайда Қытай әскерлері ол көтерілістерді аяусыз басып-жаныштады. Ұйғырлар мен дүнгендердің күресі барысында Іле өлкесінде Іле сұлтандығы құрылған болатын. Бұл мемлекеттік бірлестіктің құрылуы ондағы ішкі қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберді. 1871 жылы Ресей әскерлері ол аймақты жаулап алды. Патша үкіметі өлке тұрғындарының отбасылық істеріне және мүліктің қарым-қатынастарына араласпау саясатын ұстанды. Олардың жергілікті өкімет органдары құрылды. Бірақ оларды патша әкімшілігі өз бақылауында ұстады. Жалпы жағдай едәуір тұрақтандырылғандай болды.
Дүнгендердің Қазақстан аумағына алғашқы қоныс аударуы 1877 жылдың желтоқсан айында басталды. Сол жылы Қытай жазалаушыларынан құтылу үшін қашқан 4 мыңға жуық дүнген Жетісу жеріне жетіп жығылды. Қоныс аударушы дүнгендердің алғашқы толқынын Бый Янь Ху басқарды. Екінші толқын 1884 жылы өтті. Ал ұйғырлардың Жетісу жеріне қоныс аударуы 1881 жылғы күзде басталып, 1884 жылға дейін жалғасты. Олардың бір бөлігі көршілес Қырғызстанға барып жайғасты.
Ұйғырлар мен дүнгендерді Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандыру арқылы патша үкіметі екі түрлі мақсат көздеді: біріншіден, Қытайдың Құлжа өңіріндегі экономикалық базасын осалдата түспек болды; екіншіден, әскери-саяси жағдай шиеленісіп кете қалған жағдайда оларды Қытайға қарсы әскери күш ретінде пайдалануды мақсат етті. Алайда патша үкіметі бұл жөнінде жергілікті қазақ халқының пікірімен санаспады. Бұл кезде Жетісу жері мемлекеттік меншік деп жарияланып койған болатын.
Ұйғырлар мен дүнгендер белгілі бір аумақта өз алдарына жеке қоныстануды қалады. Сөйтіп қоныс аударушылар негізінен Жетісу жеріндегі Верный және Жаркент уездеріне орналастырылды.
Қазақстан аумағындағы ұйғырлар мен дүнгендердің саны бірте-бірте арта түсті. Мәселен, 1897 жылы Қазақстанда 56 мың ұйғыр, 14 мың дүнген болса, 1907 жылы ұйғырлар 64 мыңға, ал дүнгендер 20 мың адамға жетті.
Ұйғырлар мен дүнгендер бұрынғы отырған жерлеріндегі өңделіп бапталған жерлерін, жеміс беріп тұрған бау-бақшаларын, үй-жайларын түгел тастап кеткен болатын. Сондықтан да алғашқы жылдары едәуір қиындықты бастарынан қешірді. Жер кепелер мен күркелерде тұрды. Үй салып алуға Жетісуда ағаш өте қымбат болатын. Себетін тұқым, бағатын мал, құрылыс материалдары да жетіспеді. Ұйғырлардың шағын бір бөлігі Қытайдың Іле өлкесіне қайта көшіп кетті.
Қоныс аударып келгендерге шағын жер телімдері берілді. Егер коныс аударушы орыс шаруаларының әрбір ер азаматына 20-25 десятинадан жер берілсе, ұйғырлар мен дүнгендер 5-7 десятинадан ғана жер алды.
Алғашқы кезде еңбек құралдары да, оларды сатып алуға қаржы да жетіспеді. Дүнгендерге арық қазып, егінді қолдан суаратын жерлер бөлінді. Ол жерлер құнарсыз еді, әрі олар тастақты болатын. Сондықтан да олардың үштен бірі ғана игерілді. Дүнген халқының бір бөлігі қайыршылық халге ұшырады. 1914 жылы барлық дүнген шаруашылықтарының 42 пайызы егін сала алған жоқ. Қайыршыланып, қалаға көшіп кеткен дүнгендер өздерінің алғашқы орналасқан жеріндегі болыстарға алым-салық төлеп тұруға міндетті болды.

Дүнгендер.

Ганьсу және Шэньсу дүнгендерінің біраз бөлігінің Жетісуға қоныс аударуы 1864-1878 жылдары Батыс Қытайда болған дүнген көтерілісіне байланысты болды.
1864 жылы Іле өлкесінің ұйғырлары мен дүнгендері қолдарына қару алып, феодалдық және ұлттық езгіге қарсы көтерілді. 1864 жылы Цин әскерлері Шэньси дүнгендерін талқандады. Көтерілісшілердің біраз бөлігі Ганьсуге ауды, бұл кезде ол жердегі халық та Қытай феодалдарына қарсы күреске шыққан еді. 1871 жылы Цин үкіметінің әскерлері Ганьсуге кірді. Жақсы қаруланған, жақсы үйретілген әскерлердің тегеурініне шыдай алмай, дүнгендер жеңіліс тауып, Шыңжанға және Монғолияға қарай шегінді.
Ұйғырлар мен дүнгендердін көтерілісі Шынжаңда үш хандықтың құрылуымен аяқталды, олар: Іле округіндегі Іле сұлтандығы, орталығы Үрімшіде болған Дүнген хандығы және Қашқариядағы Ұйғыр әмірлігі.
1871 ж. Шығыс Түркістанда ағылшындар көмегіне сүйенген Қашқар билеушісі Жақып бек билігі орнайды. Өзінің шығыс шекараларына жақын жерде мұсылман мемлекеттері құрылып, олар Ұлыбританияға тәуелділікке немесе Ресейге өшпенді Түркияның ықпалына түсуі мүмкін деп қауіптенген патшалық Ресей бұл өлкеге басып кірді.
Іле өлкесін Ресей басып алған кезде дүнгендер негізінде Үрімші және Манас округтеріне жиналған еді. 1876 жылы Цин әскерлері Үрімші округіне және Кашғарияға басып кірді. Цин әскерлері Үш-Түрфанға жақындаған кезде (1877 жылдың қазанында) Мапонзи бастаған Ганьсу дүнгендерінің біраз бөлігі де (1166 адам) Бедел асуы арқылы өтетін ең қысқа жолмен Ресейге қарай көшіп, Ыстықкөлден келіп шықты. Бұдан кейінірек, 1877 жылғы желтоқсанның басында, Қашқариядан шыққан мыңдаған дүнген және ұйғыр отбасылары Ресейге қосылған территорияға екі жолмен көшті: Шыңжан және Ганьсу дүнгендерінен құралған бір кіші тобы Терек-Даван асуымен Ферғана алқабына өтіп, Ош қаласынан шықса; Быйяньху бастаған тек Шэньси дүнгендерінен құралған екінші топ Шақмақ сайы арқылы Нарын бекінісінің тұсынан шықты. Бірінші көш бір қыдыру аман-есен өтті, ал екінші көштің неше жүздеген адамдары асудан өткен кезде суықтан, аштан өлді. 1877 жылдың 27-28 желтоқсанында екінші көш Нарын бекінісіне жетіп, одан Тоқмаққа көшті; Жетісуға небәрі 3 314 адам жетті.
Жалпы 1877 жылдың аяғында және 1878 жылдың басында Түркістан өлкесіне келген дүнгендердің саны 6209 адам болды. Дүнген көтерілісшілерінің Россия жеріне өтуінің бірінші кезеңінде дүнгендер мен Цин жазалаушы топтарының арасында қантөгіс қақтығыстар болды.
Іле өлкесін патша әскерлерінің басып алуы 1871 жылдан 1882 жылға дейін созылды. Бұл уақыт ішінде сұлтандықта бұрын болып келген басқару жүйесі жойылды, феодалдық өзара қырқыстар тыйылды, шаруашылықтың өркендеуіне, орыс мәдениетінің енуіне жағдай туды. Бірте-бірте Іле өлкесінің Россиямен байланысы нығайды. Он жылдан соң Ресей өз әскерлерін Шығыс Түркістаннан шығара бастайды.
Қоныс аударудың екінші кезеңі 1881-1882 жылдарға тұстас келеді. Санкт-Петербург трактаты бойынша (1881) Іле өлкесі (Құлжа) Қытайға қайтарылып, Қытайдың не Ресейдің қоластына кіру халықтың өз еркіне берілді. Егер дүнгендер мен ұйғырлар Богдыхан қоластында қалғысы келмесе, Ресей арзан жұмыс күшіне ие болғысы келді. Сөйтіп, Ресей территориясына қоныс аударуға тілек білдірген Іле ұйғырлары мен дүнгендерінің едәуір бөлігінің Ресей қоластына кіруі 1881 жылғы келісім бойынша қанағаттандырылды. 1881 жылдың күзінен бастап ұйғырлар мен дүнгендер Жетісуға көше бастады. 1882-1883 жылдары Іле өлкесі Қытайға ресми түрде өткізілгеннен соң қоныс аударушылық күшейді. 1884 жылдың басында Жетісуға 9752 ұйғыр отбасы (45 373 адам) және 1147 дүнген отбасы (4682 адам) көшіп келді, яғни барлығы 10 899 отбасы (50 мыннан аса адам) келді. Дүнгендер мен ұйғырлардың қоныс аударуы орыс әкімшілігінің бақылауы және орыс әскерінің сақшылық етуі арқылы жүргізілді.
Жалпы алғанда, Солтүстік-Батыс Қытайда ХІХ ғ. 80 жылдары 15 мыңдай дүнген тұрды. Іле аймағынан 6 мыңдай дүнген Қазақстан және Орта Азия жеріне көшірілді. Дүнгендардың негізгі бөлігі Жетісудың Шу жеріне орналастырылды. Жаңа мекенде дүнгендер жерлестік ретін сақтап, жинақы қоныстанды. Қазақстандағы Қарақоңыз, Шартөбе жерлеріне, Қырғызстанның Тоқмақ қаласы мен қала маңына - шэньсиліктер, Қырғызстанның Ырдық ауылына - ганьсулықтар, Александровка елді мекеніне шыңжандықтар орналасты.
Орыс әкімшілігі қоныс аударушыларға жер берді, ал қалада тұрып қалғандар мещандар қоғамына тіркеліп, жер бөлу басқармаларынан усадьбалық жерлер алды. 1883 жылы Қарақоңызда 665 үй салынып, онда небәрі 3103 адамы бар 674 дүнген отбасы тұрды. Қарақолдың (қазіргі Пржевальск қаласының) жанына 1883 жылы 1100-ден астам адамы бар 205 дүнген отбасысы қоныстанды.
Қытайдан Жетісуға көшіп келген дүнгендер 1877-1883 жылдары Александровское (Соқулық) селосында, Пішпекте, Верныйда, Жаркентте, сол сияқты Верный және Жаркент уездерінде қоныстанды. 1884 жылы Жетісуда 4682 адамы бар 1147 дүнген отбасысы тұрды . Дүнгендер Жетісу облысының уездері мен болыстарында былайша орнықты: Қырғызстандағы Пішпек уезінің Александровск болысында - 318 отбасы (816 ер және 755 әйел); Пішпек қаласында - 208 отбасы (340 ер, 304 әйел); Верный уезінің Қарасу мен Қорам болыстарында - 142 отбасы (320 ер, 311 әйел), Верный қаласында - 146 отбасы (275 ер, 219 әйел) және Жаркент қаласында - 383 отбасы (649 ер, 653 әйел).
Дүнгендердің келуінің арқасында Ресей империясының Жетісу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан – көпұлтты мемлекет
Қазақстандағы дүнгендер: саны мен құрамының динамикасы (1897-2007 жж.)
ХІХ ғ. 60-90 жж. Қазақстанға жаңа әкімшілік-саяси басқару жүйесінің еңгізілуі
Қазақ жеріне қоныс аударған диаспора өкілдерінің саны мен тұрағы туралы
ХІХ ғасырдың І-ші жартысындағы қазақ шаруашылығының жағдайы
Қазақстанның XX ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Отарлық қоныстандыру саясатының күшеюі. Столыпин аграрлық реформасы
Ресей империясының құрамындағы Қазақстанның этникалық келбетінің қалыптасуы
Басқа ұлттардың көбейгеніне қарамастан қазақ ұлтының жағдайы
Қазақ жеріне қоныс аударған диаспора өкілдерінің саны мен тұрағы
ЖЕТІСУДА ЕГШШІЛІКТЩ ДАМУЫ
Пәндер