Ұлт мәдениетінің, ауыз әдебиеті үлгілерімен діни көзқарастар



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4

1Бастауыш сынып оқушыларының қиялына ұлт мәдениетінің қайнары ауыз әдебиетінің ықпалы

1.1 Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.8
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының қиялына халық ауыз әдебиетінің ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8.12

2 Оқушылардың діни көзқарастарын қалыптастыру

2.1 Оқушылардың діни көзқарастарын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... .13.17
2.2 Оқушыларға қазақстандық діни ұйымдарды таныстыру ... ... ... ... ... ...17.20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Кіріспе
Қазіргі кезде қоғамымызды, адам санасын улап жатқан діни ағымдардың саны уақыт өткен сайын көбейіп барады. Олардың қаншама біз білмейтін түрлері бар. Сонымен қатар оның адам санасына, өміріне деген қаншалықты зиян келтіріп жатқанын көптеп естіп жүрміз. Міне осы діни ағымдар туралы оқушыларға мәлімет бере отырып, біздің мұсылман дінімізде оларды қолданудың, қабылдаудың зияны мен күнәсі көрсетілген. Осы адастырушы діни ағымдар туралы оқушыларға мәлімет беру, біле отырып, олардан аулақ болуды түсіндіру.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген. Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып, қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек деп санаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ахметов Ш. «Қазақ балалар әдебиеті» Алматы «Ғылым» 1974ж,
221-2276.
2. Ғабдуллин М. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» Алматы мектеп.
1991ж. 3-376.
3. «Қазақ ертегілері» Алматы «Балауса» Қазақстанның ауыз
әдебиеті 2003ж. 34-536.
4. Қазақ ертегілері: Аңыз, тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, хаиуанаттар туралы ертегілер. Алматы «Балауса» 2004ж. 27-346.
5. П.Мұқанов С. «Халық мұрасы» Алматы «Мектеп» 1980ж. 122-126 б.
6. Хайуанаттар туралы қазақ ертегілері Алматы «Ғылым» 1979ж. 12-376. 21. Бастауыш мектеп ІІҮ. Сайлыбаева «Ауыз әдебиеті үлгі арқылы баланың тіл байлығын дамыту» 2004 №5 25-26 бет.'

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қазіргі кезде қоғамымызды, адам санасын улап жатқан діни ағымдардың саны уақыт өткен сайын көбейіп барады. Олардың қаншама біз білмейтін түрлері бар. Сонымен қатар оның адам санасына, өміріне деген қаншалықты зиян келтіріп жатқанын көптеп естіп жүрміз. Міне осы діни ағымдар туралы оқушыларға мәлімет бере отырып, біздің мұсылман дінімізде оларды қолданудың, қабылдаудың зияны мен күнәсі көрсетілген. Осы адастырушы діни ағымдар туралы оқушыларға мәлімет беру, біле отырып, олардан аулақ болуды түсіндіру.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында Білім берудің мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті, дені сау жеке тұлғаны қалыптастыру делінген. Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып, қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда, жаңа талаптар қоя отырып ұлттық рухта болашақ ұрпақты тәрбиелеу керек деп санаймыз.
Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы , бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі.
Курстық жұмыстың жаңалығы - халық ауыз әдебиеті жанрларын классификациялауда;
- халық ауыз әдебиеті жанрларынан оқу материалдарына қажетті мәтіндерді іріктеуде;
практикалық тұрғыдан:
- бастуаыш сынып оқушыларының әр сабақта тілін дамытуға;
- қосымша мұғалімдерге көмекші әдістемелік құрал ретінде пайдалануға.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ халқының ауыз әдебиеті жанрларындағы ертегілерді оқыту барысында пайдаланып, балалардың тіл байлығын арттыру.
Курстық жұмыстың міндеті: мақсатқа қол жеткізу үшін:
- халық ауыз әдебиеті туралы қысқаша сипаттамасын;
- тіл байлығын арттырудағы тәрбиелік мәнін;
- ертегілердің ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын шешіп алу
қажет.
Курстық жұмыстың ғылыми болжамы: Бастауыш мектепте ертегілерді оқыту арқылы балалардың сабаққа қызығушылығын арттыруға, сол арқылы тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға, адамгершіліктік қасиеттер мен құндылықтарды жастайынан бала бойына сіңдіруге қол жеткізуге болады.
Курстық жұмыстың құрлымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Бастауыш сынып оқушыларының қиялына ұлт мәдениетінің қайнары ауыз әдебиетінің ықпалы
1.1 Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті
Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінетінін білесіздер. Біріншісі - рухани мәдениет, екіншісі - материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күнкөрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси мәдениеттің, экономика мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениеттердің болатындығын ескермеді. Осыдан барып, мәселен, көптеген адамдар мәдениетті тек қана өнер туындылары құрайды деп ойлайды да, оны өркениетпен тең қойып, жаңсақ түсініктерге жол береді. Мәдениет тарихында күні кешеге дейін еуропалықтар Батыс дүниесінің ғана мәдениетін мойындап келді. Оларда мәдениет жасаушы тек еуропалықтар делінген теория белең алды. Бірақ Шығыс өркениетін жасаған мәдени мұралардың ғажайып үлгілері оларды өздерінің менменсіген қисындарынан бас тартуға мәжбүр етті.
Қазақтың дәстүрлі мәдениеті, құдайға шүкір, ешкімнен кем емес. Мысалы, эпос жанрын алайық. Айтатынымыз да, мақтан ететініміз де - осы эпостарымыз. Кең қарымды, кең құлашты, қазіргіше айтқанда - поэмаларымыз. Әлемде эпос тудырған халықтар саусақпен санарлық. Батысымызда байырғы гректер Иллиада мен Одессеяны тудырса, Шығысымызда үнділер Махабхарата мен Рамаянаны тудырған, одан кейін Шығыс Европада Үлкен Этта, Кіші Этта, Каллевала сияқты құранды эпостар туған. Эпостық жырлары бар елдер осылар ғана. Мүйізі қарағайдай ұлы орыс халқының Игорь жорығы туралы жыры бар болғаны 8-ақ бет болса, мен қарасөзге айналдырған Алпамыс батыр эпосы 800 бетті құрады. Мінеки, эпос деген осы.
Эпостардың туу себебіне қатысты үлкен-үлкен өте жақсы ғылыми зерттеу еңбектер жазылған. Эпос - соны тудырған елдің этникалық қарымының нәтижесі. Демек, Евразияның ұлы даласындағы бабаларымыздың сөз өнерінің асқақ биігін туындатқанын байқаймыз. Тіпті, Европа әдебиетінің тарихына қарасаңыз, бірінші ауыз әдебиеті, содан кейін жазба әдебиеті дейді. Ал, бізде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасында бес ғасыр жыраулар поэзиясы жатыр. Аталған бес ғасыр поэзиясы - тәңір тектес асқақ, сөз өнеріміздің ұлы құдіретті сипаты.
Дәстүрлi мәдениет бойынша айтқанда: бiрiншiден, қазақтың қаймағы бұзылмаған тiлiн, дәстүрлi дiнiн және тұрмыс салтын әкелдi; екiншiден, қазақтың ұлттық рухын, мiнез-құлқын, моральдық қасиеттерiн әкелдi; үшiншiден, дәстүрлi қолөнеркәсiптiң түрлi үлгiлерiн әкелдi; төртiншiден, қазақтың дәстүрлi емшiлiк өнерiн әкелдi; бесiншiден, қазақтың дәстүрлi ән-би, музыкасын жеткiздi.
Сонымен, қазақтың рухани мәдениетінде аспанды тәңірі- құдай ретінде қадірлеу осы мәдениеттің маңызды бір қасиетіне жатады. Аспанды құдай деңгейіне көтеру, одан қорқу емес, бұл көне мифтер мен ежелгі діндердің дүниетанымдық ерекшелігі екені ғылымға белгілі. Қазақтардың ата-тегі түріктердің басты құдайы -- Көк Тәңірі. Оның рақымымен елді билеген қағандар Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендірілген деп аталған. Түрік жазуларында көшпенділердің барлық жеңістері Көк Тәңірімен байланыстырылған. Аспанды және оның шырақтарын қадірлеу түрік өркениетіне жататын барлық халықтардың дүниетанымының маңызды белгісі. Мысалы, Оғызнаме эпосында Оғыз қаған өз балаларының атын Көк, Күн, Ай, Жұлдыз, Тау, Теңіз деп қойғаны мәлім. Табиғи күштерді пір тұтудан тәңірілік дін көп құдайылық деген түсінік тумауы керек. Исламға дейін қазақтарда нақтылы құдай ұғымы болған жоқ деген пікір шындыққа онша жанаса қоймайды. Себебі Көк Тәңірін көшпенділер жалғыз жаратушы деп түсінген, кейін қазақтарда Тәңірі мен Алла синонимге айналған. Аспан мен Жердің үйлесімдік идеясы туралы Ш.Уәлиханов былай деп жазды, - Қазақтың әлем туралы түсінігінде әсерлі бейненің бірі -- алып бәйтерек. Дүниежүзілік ағаш таңбасы өрлемелік қозға- лысты, Жер мен Аспанның тығыз байланысын білдіреді. Осы биік бөйтерекпен эпос батырлары аспан денелеріне өрмелеп жете алатын болған.
Академик Ә.Марғұлан: Есть основание пологать что народное искусство казахов находится в генетической связи с искусством саков, усуней, гуннов и других племен, населявщих в древности территорию Казахстана- деп көшпенді халық өнерінен бастау алғанын теория жүзінде дәлелдеген.
М.С.Мұқанов: ... дәстүрлі халық өнерінің негізі. Халық мұрасынсыз алға басу мүмкін еместігін -- ескертеді.
Ө.Жәнібеков дәстүрлі өнер, халықтың рухани әлемі дей келе, ... бабалар мұрасы ұлттық игі қасиеттерге ұқыпты болуды, жұртты ұлттық мақтанышқа баулу ісін, көп ұлтты Қазақстан халқын ауызбірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу ісін жүйеге келтіруді талап етеді- деп оның тәрбие берудің барлық саласын қамтитынын тілге тиек етеді.
Қай халықтың болмасын заттық, рухани мәдениетінің жиналу, жариялану, зерттелу тарихының басталған уақыттан дөп басып айту қиын. Халықтық мәдениет қаншалықты қөне болса, оның зерттелу тарихы соншалықты тереңге бой тартады.
Көшпелілердің ұлы өркениетін, мәдениетін сөз еткенде оны ешқандай айғақсыз, дерексіз баяндай берудің мүмкін еместігіне көз жеткізе отырып, оны халықтың рухани байлығының жемісі, заттық (тұрмыстық) мәдениеттің айқын айғағы ретінде зерттеу негізгі мақсат. Өйткені көшпелі ғұмыр мен қолданбалы өнер егіз. Ол туралы зерттеуші Б.Сапарұлының Адалбақан кітабында жақсы айтылған: Көшпелілер қайталанбас сын-сипаты мен мейлінше қарапайым қолданысы бар қолөнер бұйымдарын аспан асты - жарық дүниеге келтірді. Қолданды. Қайта әсемдеп жасады. Қолдан қолға таратты... Тайпа, ұлыс, халық қолөнері сабақтаса дамыды. Көшпелі тіршілік барда қайран бабам қолөнері көзіне құрт түспеген.
Ата-бабаларымыздың рухани болмысының көшпелі еместігі көшпелілер мәдениетімен салыстыра қарағанда айқын байқалады. Көшпелілердің өмір салтында айнала қоршаған ортаны, табиғатты, космосты, яғни әлемді танып-білуде өзіндік ережесі болған, өткен мен болашақ арасындағы қөзқарастардың біртұтас жүйесі қалыптасқан. Бұл номаттардың этномәдениетінің өзіндік ерекшелігінен айқын танылады. Өйткені халық өнері - этностың ой-санасы мен дүниетанымының, өмір болмысы мен көзқарасының өзара байланысын береді. Бірақ қоғамдық сана шындықтың жансыз көшірмесі емес, ол заманның этномәдени рухани мәнін, көркем-эстетикалық идеяларын мағыналы мазмұнға айналдырған биік этникалық қасиеттерінің нышаны.

1.2. Бастауыш сынып оқушыларының қиялына халық ауыз әдебиетінің ықпалы
Халық ауыз әдебиетінің оқушыларды тәрбиелеудегі бағыттары:
1. Денсаулық
2. Еңбек пен мамандық
3. Өнер
4. Имандылық пен адамгершілік
5. Патриоттық
6. Эстетикалық
7. Табиғатқа деген сүйіспеншілік
Ауыз әдебиетінің түрлері:
1. Ертегілер
2. Жұмбақтар
3. Жаңылтпаштар
4. Аңыз-әңгімелер
5. Мақал-мәтелдер
6. Тыйым сөздер
Жалпы мектепте балалардың ой-өрісін, санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып, қиялдарын қанаттандыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру, ана тілі мен Отанына, тарихы мен мәдениетіне деген сезімдерін қалыптастыруда қазақ халқының ауыз әдебиетінің орны ерекше. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың ауыз әдебиеті - мектепке дейінгі жастағы балалардың ой өрістерін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға тигізетін пайдасы ұшан-теңіз...
Халық ауыз әдебиеті - халық шежіресі. М.Горький Халық ауыз әдебиетін білмейінше, еңбекші халықтың нағыз тарихын білу мүмкін емес деген. Ауыз әдебиеті де, жазба әдебиеті де көркем туынды.
Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиет үлгілері - ертегілер, жұмбақ, жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Әрине, ауыз әдебиеті үлгілерімен балаларды таныстыру үшін алдымен оқытылатын материалдың көлемін, мазмұнын анықтап алу керек. Материал мәтіннің мазмұны балаларды қызықтыратындай, жалықтырып жібермейтіндей шағын болу керек.
Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.
Бақшада ертегі оқу сабақта және сабақтан тыс уақыттарда өтіледі. Оқу жұмысы баланың жас ерекшелігіне орай жоспарланады. Сәбилер тобында ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады.
Оқушылар оқығанды тыңдату және әңгімелеп беру қатар жүргізіледі. Мұндай мақсат - ертегіні ауызекі әңгімелеуге төсілдіре отырып оқылғанды шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету.
Бәріне белгілі болғанындай, қиял - ғажайып ертегісінің қызметін (функцияларын) саралап келгенде В.Я.Пропп мынадай қорытындыға келеді:
- қызмет ететін тұлғалар - саны шектеулі берік элементтер болып табылады, ал тізбектілігі бірдей боп қала береді.
Пропп жүйесінің 31 атқарар қызметі (функциясы) бар, олардың әрқайсысы ертегі әлемінің үлкен бөлігін құрайды..
Ұрпақ тәрбиесі қай уақытта болсын күн тәртібінен түспеген келелі мәселелердің бірі. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасқан күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғаш негізі отбасынан қаланады да, одан әрі балабақшамен байланыс арқылы жасалады. Біздің мектеп - бақшаның басты мақсаты - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани - мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. Ол үшін біздің бақшамызда баланың күнделікті өміріне қажет мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалған. Сондай - ақ, қазіргі кезде салт - дәстүрді бала санасына жас кезінен қалыптастыру мақсатында балабақшада және топтарда қазақ халқының тұрмысында қолданылатын бұйымдар жинақталған: ұлттық үй жиһаздары, ұлттық ыдыс - аяқтар, музыкалық аспаптар және т.б. Әр түрлі мерекелік шаралар қазақтың халық ертегілері мен кейіпкерлердің қатысуымен өткізіледі. Халқымыздың тұрмыс - салтын кеңінен танытатын ауыз әдебиетінің көлемді саласының бірі - ертегілер. Өз тәжірибемде мектеп жасына дейінгі балаларға ең алдымен, ертегілер арқылы ұлттық дәстүрлер мен салт - сананың алғашқы қарапайым негіздерін үйретемін. Ертегі мазмұны арқылы ертегі кейіпкерлеріне қызықты және жақсы сыйлықтар дайындайды. Мысалы: сурет салады, ою - өрнектер жасайды. Бала өз халқының мәдениетімен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып біледі. Ойын - тәрбие құралы деп халық таныған. Сабақ барысында ұлттық ойын элементтері сабақтың тақырыбына сай алынады. Мысалы: Сиқырлы қоржын, Көрші - көрші, Алтын сандық. Бұл ұлттық - танымдық ойындары арқылы балалар мақал - мәтелдерді, ертегілерді қайталайды. Осы аптада тәрбиешілер мен мұғалімдер өз қолдарынан жасаған ұлттық бұйымдардан Ұлттық тәрбие - рухтың негізі атты көрме ұйымдастырылды. Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие - ел болашағы.
Театрландырылған ойынға қызығушылықтарын қалыптастыруға қуыршақ татрының қойылымын көру көмектеседі.
Оны өзім көрсетемін немесе дайындық топ балалары көрсетеді. Қуыршақ театры күнделікті ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде балаларды мадақтау, мақтау үшін, олармен амандасып, қоштасу үшін қолданылады.
Мен біртіндеп ойындарды кеңейтемін, драматтизация ойынның әр түрлігін меңгеру арқылы, балаларды қатыстыра отырып ойын тапсырмаларын біртіндеп қиындата түсемін.
* Адамдар, жануарлар және құстардың әрекеттерін ойын арқылы келтіру. Адамның негізгі эмоциясы (күн көрінді - балалар қуанады, күледі, алақандарын соғады, орындарында секіреді)
* Кейіпкердің эмоциясын біреу арқылы іс- әрекеттің бірізділікпен байланысындағы ойын- әрекеті.
* Жақсы таныс ертегілер кейіпкерлерінің бейнесіндегі ойын - әрекеті.
* Музыкалық ойын- әрекеті.
* Тәрбиешінің оқуы арқылы бір кейіпкермен мәтіндегі өлең арқылы ойын - әрекеті.
* Қысқа ертегі, әңгіме, өлеңдердің мәтінін тәрбиешінің айтылуымен қойылатын ойын - әрекеті.
* Ертегі кейіпкерлерімен рөлдік диалог.
* Жануарлар ертегілерінің бөліктерін саханалау.
* Халық ертегілеріндегі бірнеше кейіпкерлерді драматизациялық ойындармен әрекеттеу.
Ойнау дағдыларын дамыту жағдайында ойнау тәжірбиесін толықтыру.
Бірінші топ. Көрермен позициясын меңгеруге үйрену.(жақсылықпен қарайтын, аяғына дейін тыңдайтын, қолдарын соғатын, артистерге рахмет айтатын).
Екінші топ. Артист болуға 1-ші қадамын жасауға үйрену. (мимикасын, қозғалысын, күшін, дауыс ырғағын, сөз ырғағы) арқылы кейіпкерге ену.
Үшінші топ. Ойынның басқа қатысушыларымен қарым-қатынас жасай білу, дауласпай, кезекпен тартымды рөлдер ойнау.
Ортаңғы топтағы балалар өз үшін ойынан бала біртіндеп көрермендер үшін жасалған қойылымға ауысады. Бұл жастағы балалардың театрландырылған ойынға қызығушылықтары тереңдей түседі.
Ортаңғы мен ересектер тобының балалары саханалық өнерді үйреніп, сезіне бастағанда олардың тілі, ойлау түйсігі, өнерге құштарлығы арттады. Қандайда да саханалық қойылымның алдында балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргізіледі.
1.Тәрбиешілер балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не әңгімелеген кезде ертегідегі кейіпкерлердің мінез-құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аударылады.
2.Әр кейіпкердің киіміне көңіл бөлінеді. Қуыршақ театрында қуыршақтардың киімі өзгертіліп отырады.
3.Сұрақ - жауап арқылы кейіпкердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалап отыру.
4.Қимыл мен сөз арасындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халық дастандары және халқымыздың рухани мәдениетінің әлемге танылу мәселесі
Қазақ халқының рухани мәдениеті жағдайы мен даму тенденциясы
Тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жолдары мен құралдарын анықтау
Қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани мұрасы
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (тақырыптық, жанрлық және көркемдік)
Мәдениет қоғам дамуының негізгі қажетті саласы
Философия мен мәдениет
Орта ғасырлардағы халық бұқарасының рухани мәдениетінің дамуы мен идеологиясы
Қазақ әдебиетімен Европа халықтары әдебиетінің байланысы
Абай өлеңдері тілінің зерттелуі
Пәндер