Тоталитарлық саяси режимдер



Жоспар:
КІРІСПЕ 3
1. «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ ӘЛ.АУҚАТЫН АРТТЫРУ . ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ» 4
1.1 ҰЛТТЫҚ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗІ . ПРЕЗИДЕНТТІК БИЛІКТЕ. 7
2. ҰЛТТЫҚ ТІЛ . ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ МҮДДЕСІ. 10
3. ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ. 13
ҚОРЫТЫНДЫ 17
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 18
Кіріспе

Соңғы жиырма жылдың ішінде біздің республикамыздың ұлттық саясатында және мемлекеттік құрылымында елеулі өзгерістер болуда. Бұл өзгерістердің негізгі себептерінің бірі – тоталитарлық жүйенің апатқа ұшырауы, КСРО-ның күйреуі және оның сынықтарында жаңа егеменді мемлекеттердің пайда болуы. Қазіргі ыдыраған мемлекет пен құқықтың дамуында күрделі процестер, қазіргі заманның азаматтық қоғамының талаптарына сәйкес келетін жаңа тәуелсіз мемлекеттерде мемлекеттік және құқықтық жүйенің қалыптасуы жүріп жатыр. Бұл даму адамдардың өмірінде, олардың материалдық, адамгершіліктік және психологиялық күйлерінде елеулі бейнеленетін және ұзақ ондаған жылдар бойы тоталитарлық жүйенің жасаған негативтік зардаптарының кенет ашылуы салдарынан қоғамның өте қатал экономикалық және әлеуметтік дағдарысты басынан өткізуіне байланысты неғұрлым қиындай түсті.
Қазақстан Республикасында Президентті Н.Назарбаев 1994 жылы маусым айының тоғызыншы жұлдызында Жоғарғы Кеңестің мәжілісінде сөйлеген сөзінде былай деді: «ірі мемлекет күйрегеннен кейін айнала бастаған жалпыға бірдей дағдарыстың тығыздалған серіппесі желісінен үзілді және бізге, бұрыңғы одақ республикаларына өткір проблемалар дауылын төндірді. Тек қазір ғана біз бұрыңғы империяның шикізаттық отары ретінде бір жақты даму зардаптарының барлық ауырпалығын толық мөлшерді сезіне бастадық.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Оқулық: қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері, Алматы – 2006, Б.Б.Базарбаев, З.Ж.Кенжалиев, Е.Баянов.
2. Жаңа әлемдегі жаңа қазақстан. Н. Назарбаев, Астана – 2007
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
4. Шаукенова З. Языковая ситуация в Казачстане. – Мысль, 2005г.№6
5. Насырова М. Воспитание патриота. Мысль, 2006г. №1.
6. Интернет сайттары.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе 3

1. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – ұлттық саясаттың басты мақсаты
4

1.1 Ұлттық саясаттың негізі – президенттік билікте. 7

2. Ұлттық тіл – қазақ халқының этникалық мүддесі. 10

3. Демократияландырудың жаңа кезеңі. 13

Қорытынды 17

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 18

Кіріспе

Соңғы жиырма жылдың ішінде біздің республикамыздың ұлттық саясатында
және мемлекеттік құрылымында елеулі өзгерістер болуда. Бұл өзгерістердің
негізгі себептерінің бірі – тоталитарлық жүйенің апатқа ұшырауы, КСРО-ның
күйреуі және оның сынықтарында жаңа егеменді мемлекеттердің пайда болуы.
Қазіргі ыдыраған мемлекет пен құқықтың дамуында күрделі процестер, қазіргі
заманның азаматтық қоғамының талаптарына сәйкес келетін жаңа тәуелсіз
мемлекеттерде мемлекеттік және құқықтық жүйенің қалыптасуы жүріп жатыр. Бұл
даму адамдардың өмірінде, олардың материалдық, адамгершіліктік және
психологиялық күйлерінде елеулі бейнеленетін және ұзақ ондаған жылдар бойы
тоталитарлық жүйенің жасаған негативтік зардаптарының кенет ашылуы
салдарынан қоғамның өте қатал экономикалық және әлеуметтік дағдарысты
басынан өткізуіне байланысты неғұрлым қиындай түсті.
Қазақстан Республикасында Президентті Н.Назарбаев 1994 жылы маусым
айының тоғызыншы жұлдызында Жоғарғы Кеңестің мәжілісінде сөйлеген сөзінде
былай деді: ірі мемлекет күйрегеннен кейін айнала бастаған жалпыға бірдей
дағдарыстың тығыздалған серіппесі желісінен үзілді және бізге, бұрыңғы одақ
республикаларына өткір проблемалар дауылын төндірді. Тек қазір ғана біз
бұрыңғы империяның шикізаттық отары ретінде бір жақты даму зардаптарының
барлық ауырпалығын толық мөлшерді сезіне бастадық.

1. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – ұлттық саясаттың басты
мақсаты

Қазақстан халқы елдің дамуының стратегиялық міндеттерін, ағымдағы
басымдылықтарын, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі принциптері мен
бағыттары туралы маңызды хабарлар мен ақпараттарды ең алдымен Елбасы Н.Ә.
Назарбаевтың аузынан естуге әдеттеніп қалды. Оның дәлелі Президентің әр
жылда жасайтын Қазақстан халқына Жолдауы. Биылғы Қазақстан халқына жасаған
11-ші жолдау да ел үмітін ақтады. Жолдауда нақты мақсаттар мен міндеттер
күн тәртібіне қойылған. Оның мәнін Жолдаудың Қазақстан халқының әл-
ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты деген атауы ашып тұр.
Транзиттік даму кезеңінен өтіп, қалыпты эволюциялану жолына түскен ел
алдында қазір өзінше күрделі міндеттер тұр. Нарықтық экономика жасалынды,
жаңа саяси жүйе өмірге келді. Қоғамдық қатынастардың барлық салалары
нарықтық экономикалық жүйеге сәйкестендірілуде. Елде үлкен материалдық,
финанстық байлықтарға ие болған капиталистік бизнесмендер табы қалыптасты.
Нарық қиындылығынан елдің әлеуметтік әлсіз топтарының люмпенденуі мен
кедейленуі де күшейе түсті. Әлеуметтік қайшылықтар тікелей көрініс бере
бастады. Елдің аграрлық секторын капиталдандырудың да қиыншылықты үрдісі
басталды. Міне осындай қиындықты әлеуметтік шындық жағдайында елдің тұрақты
дамуын жалғастыру, нарықтық модернизацияны тереңдете берудің бірден-бір
жолы-Қазақстан халқының материалдық әл-ауқатын жақсарту екендігін Президент
биылғы Жолдауында ерекше көрсетіп отыр. Мемлекет алдағы уақытта қарапайым
халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсартпаса елдің дамуы болмайды. Сондықтан
мемлекет бүгінен бастап әр қазақстандықтың мұң-мұқтажына бетбұрыс жасау
саясатын басшылыққа алуға тиісті. Мемлекет өз азаматтарына қызмет жасаса,
оның өмір сүруін жақсартудың кешенді шараларын жүзеге асырса ғана өзінің
күш-қуатын еселейтінін сезінетін уақыт жетті. Өркениеттілік белгісі аз ғана
төбе топтың ғана байып күшейуі емес, ел халқының басым көпшілігінің
жағдайының түзеліп, болашаққа сенімінің артуы.
Биылғы жолдаудан Елбасының нарықтық экономика жетістіктерін халықтың
әлеуметтік мәселелерін шешуге бетбұрыс жасату саясатына ден қойғанын
байқаймыз. Қазақстан бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі принципіне
негізделетін адам келбетіндегі капитализм орнатуға тікелей кірісті деп
есептеуге болады. Нарықтық қатынастардан ел халқының басым көпшілігі зардап
шегуі жағдайы толастамаса елдің экономикалық дамуы толастамайтыны ақиқат.
Әсіресе , Қазақстан сияқты шикізат ресурстарын сатудан пайда тауып отырған
мемлекет үшін жер қойнауы табысына халықты ортақ ету мәселесі маңызды бола
түсуде.
Призидент ел болашағын, қазақстандықтардың әл-ауқатын шикізатпен емес
тауар өндірісі салаларын дамытуын байланыстырады. Дайын тауарлар мен азық-
түлік өнімдерін шығару арқылы өз рыногімізді қамтамасыз етсе, артығын
экспортқа шығарса өркениетті елдің әлеуметтік тірегі болып есептелетін орта
таптын қалыптасуы жылдамдайды. Қазір шағын және орта бизнесте Қазақстан
халқының 7-10 пайызы ғана. Бүл көрсеткіш 20-25 пайызға жеткенде елдің
толыққанды әл-ауқатына қол жеткіздік деп есептеуге болады.
Призедент адам факторына ерекше назар аударады. Себебі , әр
қазақстандықтың еңбекке құлшынысы болуы шарт. Әл-ауқатты өмір тек еңбекқор,
ізденімпаз, жаңашыл адамға келетіні ақиқат. Билік табиғат байлықтарын
халыққа бөліп беріп отыра берсе үлкен зиан, кесапат келмек. Ондай саясат
жалқаулықты тудырады. Мұнай қоры, алтын қоры, финанстық басқа да қорлар
ғылымның, білімнің, денсаулықтың мәдениет пен спорттың дамуына жүмсауы
елдің кемел келешегінің кепілі екендігін елдің саяси элитасы терең ұғынуы
шарт. Сондықтан биылғы Жолдауда аталған салалар ерекше назарда. Қазақстаның
абройы мен әлеуметтік қуатын елбасы қарттарға, мұгедектерге және сәбилерге
ерекше қамлқорлықтың болуымен байланыстырады. Зейнеткерлердің дұрыс өмір
сүре алуы, сәбилердің өмірге келуіне және көптеп келуіне мемлекеттік
қамқорлық мемлекеттің өзінің абройын артырып қана қоймайды, оның
азаматтарының отан сүйгіштігін арттырады, жалпыхалықтық әлеуметтік
оптимизмді күшейтеді. Билік пен халықтың тұтастығын нығайту арқылы
қазақстандық мемлекеттілікті нығайтады. Биылғы Жолдаудың өзекті міндеті
мемлекеттің бүкіл ресурстарын әрбір қазақстандықтың жағдайын жақсартуға
пайдалану. Әл-ауқатты жақсы халық қана демократиялық, құқықтық мемлекетті
құруда белсенді.
Қазақстанда өркениетті елдер қатарына қосылуды байланысты жүргізілетін
аса күрделі және сан салалы жұмысты басқаратын елдің саяси билігі. Саяси
биліктегі шешуші фигура-Президент. Сондықтан Қазақстан үшін Президент
қызметінің тағдырлық маңызы күшті. Елдің экономикалық, әлеуметтік саяси
және рухани жаңаруының өзекті мәселелерінің ойдағыдай шешілуі Президенттің
сол мәселеге қатысты позициясы мен белсенділігіне келіп тіреледі. Елдің
атқарушы билігі толықтай Елбасының стратегиялық мақсаттарын орындауға
жұмылған. Биліктің заң шығарушы және сот тармақтары әліде болса
Президенттік саяси атқарушы билік тармағымен теңесе алған жоқ. Қазіргі
кезеңде елдің билік жүйесінде Президенттік биліктің нақты басымдылығы бар
ахуал қалыптасты. Қазақстандағы Президенттік биліктің басымдылығына елдің
саяси жүйесінің дамуының объективті үрдістерінің өзі әкелді. Биліктің даму
логикасына жауап ретінде елдің басқарушы элитасы Президенттік билікті
заңдастыруға қол жекізді. Соның нәтижесінде Президент ресми түрдегі
мемлекеттік және церемониалдық (салтанаттық) биліктің орталығына айналды.
Қазір Қазақстаның дамуы мәселелерін Президенттік биліксіз елестету қиын.
Алайда толыққанды Президенттік билік елде оңай және тез арада
қалыптаса қалған жоқ. Қазақстандағы Президенттік билік өзіне тән
ерекшеліктегі даму жолынан өтті. Президенттік биліктің даму диалектикасы
социалистік қоғамнан шығып, капиталистік қатынастарға енген Қазақстан
қоғамының даму диалектикасына тікелей тәуелді болды. Өтпелі кезеңнің
қайшылықтары мен қиыншылықтарын ең алдымен басқарушы билік сезінді және
елдің ресурстарын осы қиыншылықтарды жеңуге жұмсауға тырысты. Президент
Қазақстан халқын ортақ қиыншылықтар мен қайшылықтарды шешуге жүмылдырушы,
ұйымдастырушы фигураға айналды. Ел халқыъның Президент билігі мен
саясатының төңірегінде топтасуының игілікті шаралары басталды.Бүгін
Қазақстан президенттік билік басқаруымен қалыпты және тұрақты дамудың
эволюциялық жолына түсті деп батыл айта аламыз. Қалыпты дамудың түпкілікті
нәтижесі Қазақстаның бәсекеге қабілетті 50 ел қатарынан нақты орын алуына,
өркениетті ел сапаларына жетуі болмақ.

1.1 Ұлттық саясаттың негізі – президенттік билікте.

Президенттік биліктің Қазақстанда жылдам бедел алып елдің саяси
жүйесінің кіндігіне айналуының объективті себептері болды:
Біріншіден, Кенес Одағының ыдырау жағдайында оның құрамындағы ұлттық
аймақтарды, оның ішінде Қазақстанды да биліксіздену құбылысы жайлай
бастады. 80-ші жылдардың аяқ шенінде басталған биліксіздену, 90-шы
жылдардың бас кезінде тіптен қауіпті шекке жетті. Басқарушы биліктің ел
шаруашылығына, байлықтарына ие бола алмауынан олардың бей-берекет талан-
таражға түсуі басталды. Экономиканы бөліске салу үшін жүргізілген күрес,
билікке таласу, ұлттық тәуелсіздікке ұмтылу құбылыстары жұмысшылар мен
интелегенцияның үздіксіз ереуілдеріне ұласып Кеңес Одағында хаостық жағдай
қауіпті күшейді. Қылмыскерлік пен тонаушылық қарапайым халықты әбден
шаршатты. Кеңес Одағындағы осыншама ауыр негативтік құбылыстардың барлығы
Қазақстанға да тән болды. Кеңес Одағының ыдырау жағдайында 1991 жылы 16
желтоқсанда тәуелсіздік алған Қазақстанға аталған негативті үрдістерді
тоқтата алатын биліктің жаңа түрі қажет болды.
Екіншіден, Қазақстанда биліктің жаңа түрі Президент институты елдің
терең экономикалық және әлеуметтік, саяси дағдарысы жағдайында қалыптасты.
Әсіресе экономикалық дағдарыс салдарының ел халқының 50 пайыздан астамы
кедейшілік және қайыршылық деңгейіне түсті. Бұрынғы социалистік жоспарлы
экономика мен әкімшілдік-әміршілдік жүйе дағдарыста еңсеруге мүлдем
қауқарсыз болып шықты. Елде этникалық қозғалыстар басталып солтүстік және
шығыс облыстарда сепаратизм қаупі анық байқалды. Мұндай қауіпті үрдістер
Қазақстанның бөлшектенуі, ыдырауы қайшылығына жеткізетіндей ахуал
қалыптасты. Коммунистік партияның аренадан түсуі рухани, идеялогиялық
вакуумге әкелді. Елде тәртіптің, тәрбиенің және саяси тұрақтылықтың
әлсіреуі басталды. Қоғамдық қатынастардың негізгі сфераларын түгелдей
қамтыған жүйелік дағдарыстан шығу үшін бірінші кезекте саяси басқарушы
билікті күшейту міндеті тұрды.
Үшіншіден, тәуелсіздік алғанан кейінгі алғашқы жылдарда Қазақстандағы
сайланған өкілді органдар мен жергілікті атқарушы билік органдары
дағдарысқа төтеп беретіндей қызмет ете алмайтындықтарын көрсетті. Жоғарғы
Кеңестің жұмысында митингілік, дау-дамайлық сипат басым болды. Биліктің
әлсіздігінен Қазақстаның дағдарыстық үрдістер құшағынан шығуы мәселесі
қиындап кетті. Сондықтан нақты саяси ахуалды шешетін, халықтың демократияны
таңдауына жауап беретін, елдегі саяси және экономикалық тұрақтылықты
қамтамасыз ететін, жалпыхалықтық сайлауда билікке келген Президент қажет
болды.
Төртіншіден, Қазақстандағы саяси және экономикалық жүйенің алмасуы
жағдайында өркениетті, демократиялық елдердің тәжірибиесіне сәйкес келетін
жаңа тұрпатты саяси жүйені қалыптастыру қажеттіліке айналды. Осындай кезек
күттірмейтін міндеттерді шешу үшін де Қазақстанға Президенттік билік қажет
болды. Себебі, Қазақстан дамыған Батыс мемлекеттеріндегідей өмір
стандарттарын қаласа солардікіндегідей қызмет ете алатын, қазіргі жылдам
өзгеретін заманның қауіптері мен қайшылықтарына жауап беретін басқару
жүйесін құру керек еді. Қазақстан өркениетті елдердің басым көпшілігіне тән
Президенттік билік жүйесін тандады.
Бесіншіден, елдің полиэтникалық құрамының, этнодемографиялық ахуалының
күрделілігі Қазақстан халықтарын жалпы-мемлекеттік ортақ мақсаттар мен
міндеттер аясында топтастыра алатын, ұйытушылық қасиеті бар саяси биліктің
болуын талап етті. Билік ұлан байтақ ел территориясын, шикізат көздері мен
материалдық ресурстарын басқара алмаса Қазақстанда келешек болмайтындығын
ел халқыда, саяси элитада түсінді. Тарихи саяси ахуал және экономикалық
дамуы талаптары Қазақстанда президенттік билік жүйесіне алып келді.
Сондықтан Қазақстандағы Президент қызметін өмірдің объективті даму
талаптарынан туған құбылыс деп айта аламыз.
Қазақстан қоғамындағы осындай нақты талапты сезінген сол кездегі Қазақ
ССР Жоғарғы Советі өз қаулысымен 1990 жылы 24 сәуірде Қазақ Советтік
Социалистік Республикасының Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
сайлансын деген шешім қабылдады. Н.Ә. Назарбаевты бұл жоғарғы лауазымдық
қызметке Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 21-пленумін бір ауыздан
үсынған болатын. Қазақстан коммунистері өз жетекшісін Қазақстан Компартиясы
Орталық Комитетінің бірінші хатшысын Президент лауазымды қызметіне лайық
деп шешті.
Биліктің бір саяси жүйеден екіншісіне эволюциялық және бейбіт жолымен
ауысуы жағдайында саяси басқарушы элитаның толықтай алмасуы болмайтындығы
әлемдік саяси тәжірбиеден белгілі. Қазақстандағы жаңа
мазмұндағы саяси жүйе бұрынғы социалистік саяси жүйе қойнауынан біртіндеп
бөлініп шықты.Жаңа нарықтық қатынастарға тән, жаңа қоғамға тән
саяси жүйенің бірінші кірпіші, іргетасы Қазақстанда Президент қызметінің
енгізілуімен қаланды деп есептеуге болады.
Қазақстан либералдық сипаттағы саяси жүйеге Кеңес Одағы толық күйремей
жатып-ақ бетбұрыс жасай бастады. Ескі саяси жүйені демонтаждау,
демократиялық саяси жүйеге қарай түбегейлі бетбұрыс жасау шаралары 1990
жылы 25 қазанда қабылданған Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы
Декларациядан бастауын алды. Декларацияда Қазақстанда алғаш рет билік
тармақтарын заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу қарастырылды.
Президентке Республика басшысы ретінде ең жоғарғы әкімшілік-атқару билігі
жүктелді. Осы құжаттан бастап Қазақстанда шешуші мемлекеттік тұлға
Президент болды деп есептеуге болды.Сонымен қатар биліктің негізгі тірегі
Қазақстан халқы екендігі және биліктің негізгі органдары халық атынан
қызмет ететіндігі атап көрсетілді. Биліктің халық алдында толық жауаптылығы
белгіленді 1.
Декларацияда саяси жүйенің барлық сегменттерінің заңдарға бағынып
қызмет жасау қажеттілігі міндеттелді. Ел тарихында алғаш рет Қазақстан
заңдарының өз территориясында Кеңес Одағы заңдарынан басымдығы жарияланды.
Қазақстан шын мәніндегі халықаралық саясат субъектісіне айналды.Әлемдік
саясаттағы Қазақстанның жаңа орнын анықтау шараларын басқарушы ең жоғарғы
әкімшілік-атқарушы билігі бар Президент басқара бастады. Экономикалық
нарықтық қатынастарға бетбұрыс жасауын, меншік түрлерінің әр-алуандыққа ие
болуын,саяси плюрализмнің қалыптасуын, елдің демократиялық модернизацияға
түсуі сияқты өзекті міндеттерді шешу саясатын да Президент тікелей жүргізе
бастады. Сонымен, ғасырлар алмасар тұста жаңа Қазақстанның жаңа әлемдегі
орнын анықтауда, елді әлемдік өркениет үрдістеріне қосу істеріне Президент
басшылық жасады. Президенттің қоғам, мемлекет, халық және адам тағдырына
жауапкершілігінің артуы құбылысы саяси өмірге келді. Постсоциалистік және
посттоталитарлық кезеңдегі дағдарыстық үрдістерді ауыздықтау міндетін шешу
барысында ел халқының алдында президенттік биліктің зәрулігі дәлелденіп
оның абыройының артуы көрінді. Транзитті, өтпелі қоғам дамуының 1990-1995
жылдарды қамтитын бірінші кезеңін Қазақстанда Президент билігінің пайда
болуы мен қалыптасуы кезеңі ретінде бағалауға болады. Президенттік билік
арқылы Қазақстан халқы өз тағдырын өзі шешетін саяси-әлеуметтік
қауымдастыққа айнала бастады. 1990-шы жылы ел халқының 41 пайызын құрап,
6,8 миллион адамға жеткен қазақ ұлты өзінің төл мемлекттілігін жасау
мүмкіндігіне ие болды.

2. Ұлттық тіл – қазақ халқының этникалық мүддесі.

Қазақ этносының ұлтсыздануының, ана тілінен айрылуының, ұлттық ділінен
алшақтауының зиянды және қауіпті үрдістеріне шек қоюдың саяси алғы шарты да
жасалды. Тәуелсіздік қазақ ұлтына этнодемографиялық және мәдени жаңару
мүмкіндігін алып келді. Бұл мүмкіндіктердің де кепілі Президент билігі деп
білді қазақ халқы. Сонымен бірге қазақ халқы Қазақстан Президенті ең
алдымен бүкіл Қазақстан халқының мүдделерін, мақсат-мұраттарын іске асырушы
болуға тиісті екендігін түсінді,өзінің этникалық мүдделерінің Қазақстан
халқы мүдделері шеңберінде біртіндеп шешілу саясатының келешегіне және
қажеттілігіне енді. Бұл күрделі құбылыс қазіргі уақытта дейін эволюциялық
дамуда жалғасып келеді.
Тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде Президент басқарған саяси элита үш
ғасырға жуық созылған Ресей империясының бодандығында болу қазақ ұлтын
біртіндеп құру табалдырығына әкелгендігін жақсы түсінді.Бодандық жалғаса
берген жағдайда қазақ этносы ұлттық белгілерінен айрылып,
ассимилияцияланған тобырға айналатындығы сөзсіз болатын. Оның кең байтақ,
табиғи ресурстарға толы жері басқаның иелігіне өтеді. Қазақ ұлтына
тәуелсіздік осындай қасіреттерден құтылу мүмкіндігін сыйлады. Халқымыз
ұзақ тарихи кеңістікте өзінің билігі өзінде болатын, әлемдік тәртіптерге
икемделген халықаралық қатынастар субъектісіне айналды. Бұл жаңа құбылыс та
қазір өз жалғасын табуда. Қазақ ұлтының жаңару, өрлеу процесі қайта
басталды. Ұлт тағдырына, оның өркениет жолына нақты түсуіне Президент
билігінің ықпалы зор екендігін халық та, билік те түсініп отыр.
Бірақ та, полиэтникалық елде қазақ этносының ұлттық, тілдік мүдделерін
асығыс түрде, басқа мәселелерді ысырып тастап бірінші кезекке қоюға
болмайды. Әсіресе 90-жылдарда орыстар ел халқының 37% құрап, 6,2 миллион
адам болатын. Украиналықтарды, беларустарды, немістерді және басқа да
славян- христиан тектес халықтарды қосқанда Қазақстан халқының тең
жарымының астамын құрайтын. 3. Әсіресе солтүстік және шығыс аймақтарда
қазақтар азшылық еді. Республика басшылығына сол кезде ерекше сабырлық пен
салқынқандылық керек болды. Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауды аса
сақтықпен, елдегі көп халықтардың саяси көңіл- күйін есепке ала отыра іске
асыру өзін ақтады. Елді этникалық, әлеуметтік текетірестер мен қауіпті
қайшылықтардан қақтығыссыз, бейбіт жолмен шығарып, егеменді мемлекет
болудың сара жолына түсіруде жаңадан енгізілген президенттік билік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ХХ ғасырдағы тоталитарлы саяси режимдер»
Тоталитарлы саяси режим
1929 – 1933 жж дүниежүзілік экономикалық дағдарыс туралы ақпарат
Саяси режим түрлері
Саяси режимдердің жіктелуі жайында
Тоталитарлық жүйе мәселесінің зерттелуі
1929-1933 жж Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жайлы ақпарат
Саяси режимнің негізгі типтері және оларды жіктеу принциптері
Саяси режимдердің ерекшеліктері
Саяси режим түсінігі және түрлері
Пәндер