Мемлекеттік қызмет жөніндегі заңнамаларды талдау



ЖОСПАР

КІРІСПЕ

I. Мемлекеттік қызмет жөніндегі заңнамаларды талдау.
1.1. Мемлекеттік қызметке кірудегі заңды талдау.
1.2. Мемлекеттік қызметке қабылдау жүйесін талдау (шет елдердегі реформалау тәжірибесінен).

II. Негізгі бөлім.
2.1. Мемлекеттік қызметке қабылдау жүйесін жетілдіру.
2.2. Кадрлар резерві: қалыптасуы жэне маңызы
2.3. Мемлекеттік қызметке іріктеу: конкурс өткізу тэртібі.

III. Қорытынды
КІРІСПЕ
Мемлекеттік қызмет реформасының негізі "Қазақстанның өз ісіне берілген және басым бағыттағы мақсаттағы жолындағы жетістіктерінде халық атынан мүдделі бола алатын мемлекеттік қызметкерлерінің тиімді және қазіргі заман талабына сай корпусын құру болып табылады.
Бүгінгі таңда нарықтың экономикаға негізделген тиімді мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымы құрылды. Стратегиялық бағыттарға сәйкес 2000 жылдың басында Қазақстанда қысқа мерзім ішінде қазақстандық қоғам қажеттілігіне ғана емес, сонымен қатар халықаралық стандарттарға да сәйкес келетін мемлекеттік қызметтін жаңа демократия принциптеріне негізделген өз моделін жасады.
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты, мемлекеттік басқару жүйесінде адам факторының ролі артады. "Кадр бәрін шешеді" деген ескі ұран жаңа тыныс алғандай.
Қазір Қазақстанға стратегиялық бағытты таңдай алатын білімді, білікті заң талаптарын қатаң сақтай білетін, патриоттық сезімі жоғары және қоғамға қалтқысыз қызмет ете білетін кадрлар бірден бір қажет.
Меринтократияны жүйеге енгізу конкурстық іріктеу шарттары бойынша кадр жинақтауды қамтамасыз етеді. Әкімшілік қызметке тұрған бұл кадрлар өз еңбегінің нәтижесінде мүдделі болады және өз жұмысын қастерлей біледі.
Мемлекеттік қызмет туралы заңдылықтың демократиялық сипаты оның қоғам үшін анықтылығын қамтамасыз етіп, халыққа неғұрлым аз шығынды сапалы қызмет көрсету мәселелерін шешеді.
Мемлекеттік органдардың жұмысындағы жариялылық пен айқындык әлеуметтік қауіп болып табылатын сыбайлас жемқорлықты азайтады.
Мемлекеттік әкімшілік қызмет кадрларды кәсіби дайындықтан өткен, саяси сауатты қоғам мен мемлекеттік мүддесін қорғай білуі тиіс.
"Жаңа генерация шенеунігі дегеніміз, бұл - ұлт қызметшісі, отанын сүйетін, әділ, өз ісіне кәсіби адам". (Н.Назарбаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы, 2003- жыл).
Мемлекеттік органдардың өкілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі кәсіби-мемлекеттік қызмет болып табылады. Оның үш мың жылдық тарихы бар және әлеуметтік процестерді ұйымдастырады, басқарудағы көп ғасырлық тәжірибесі, дәстүрі, тарихи идеялары, құндылықтары және нысандары да жеткілікті, сондай-ақ халықтың қазіргі мәдениетіне ұлтык сипатына, салт дәстүріне сәйкес өзгерген түрлері де кездеседі.
Осының бәрін мемлекеттік қызметке қабылданушыларды тестілеуде, іріктеуде, қабылдауда ескерту қажет.
Мемлекеттік қызмет туралы заңдылықтарды талдау.
2005 жылы 28 ақпандағы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік басқару мен көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейлерін көтеру мақсатында мемлекеттік қызметке күрделі өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы атап көрсетілген.
Тиімді және кәсіби Үкімет қүру Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуындағы басым бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстан мемлекеттік қызметті реформалау барысында белгілі жетістіктерге қол жеткізді, заңнамалық база құрылып, мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі, құқы мен міндеттері айқындалады, мемлекеттік органдардың өкілеттілігі белгіленді.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуында мемлекетік аппарат жұмысы тиімділігінің көтерілуі "кәсіби үкімет" болып жеке басымдылықпен анықталған.
Халықаралық сарапшылардың ойынша, бүгінгі таңда Қазақстан ТМД елдеріндегі мемлекетік қызметті реформалау үшін үлгі болуға жарайтын

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
I. Мемлекеттік қызмет жөніндегі заңнамаларды талдау.
1.1. Мемлекеттік қызметке кірудегі заңды талдау.
1.2. Мемлекеттік қызметке қабылдау жүйесін талдау (шет елдердегі
реформалау тәжірибесінен).
II. Негізгі бөлім.
2.1. Мемлекеттік қызметке қабылдау жүйесін жетілдіру.
2.2. Кадрлар резерві: қалыптасуы жэне маңызы
2.3. Мемлекеттік қызметке іріктеу: конкурс өткізу тэртібі.
III. Қорытынды

КІРІСПЕ
Мемлекеттік қызмет реформасының негізі "Қазақстанның өз ісіне берілген
және басым бағыттағы мақсаттағы жолындағы жетістіктерінде халық атынан
мүдделі бола алатын мемлекеттік қызметкерлерінің тиімді және қазіргі заман
талабына сай корпусын құру болып табылады.
Бүгінгі таңда нарықтың экономикаға негізделген тиімді мемлекеттік
қызмет пен басқару құрылымы құрылды. Стратегиялық бағыттарға сәйкес 2000
жылдың басында Қазақстанда қысқа мерзім ішінде қазақстандық қоғам
қажеттілігіне ғана емес, сонымен қатар халықаралық стандарттарға да сәйкес
келетін мемлекеттік қызметтін жаңа демократия принциптеріне негізделген өз
моделін жасады.
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты, мемлекеттік басқару жүйесінде
адам факторының ролі артады. "Кадр бәрін шешеді" деген ескі ұран жаңа тыныс
алғандай.
Қазір Қазақстанға стратегиялық бағытты таңдай алатын білімді, білікті
заң талаптарын қатаң сақтай білетін, патриоттық сезімі жоғары және қоғамға
қалтқысыз қызмет ете білетін кадрлар бірден бір қажет.
Меринтократияны жүйеге енгізу конкурстық іріктеу шарттары бойынша кадр
жинақтауды қамтамасыз етеді. Әкімшілік қызметке тұрған бұл кадрлар өз
еңбегінің нәтижесінде мүдделі болады және өз жұмысын қастерлей біледі.
Мемлекеттік қызмет туралы заңдылықтың демократиялық сипаты оның қоғам
үшін анықтылығын қамтамасыз етіп, халыққа неғұрлым аз шығынды сапалы қызмет
көрсету мәселелерін шешеді.
Мемлекеттік органдардың жұмысындағы жариялылық пен айқындык әлеуметтік
қауіп болып табылатын сыбайлас жемқорлықты азайтады.
Мемлекеттік әкімшілік қызмет кадрларды кәсіби дайындықтан өткен, саяси
сауатты қоғам мен мемлекеттік мүддесін қорғай білуі тиіс.
"Жаңа генерация шенеунігі дегеніміз, бұл - ұлт қызметшісі, отанын
сүйетін, әділ, өз ісіне кәсіби адам". (Н.Назарбаев Президенттің Қазақстан
халқына Жолдауы, 2003- жыл).
Мемлекеттік органдардың өкілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі кәсіби-
мемлекеттік қызмет болып табылады. Оның үш мың жылдық тарихы бар және
әлеуметтік процестерді ұйымдастырады, басқарудағы көп ғасырлық тәжірибесі,
дәстүрі, тарихи идеялары, құндылықтары және нысандары да жеткілікті, сондай-
ақ халықтың қазіргі мәдениетіне ұлтык сипатына, салт дәстүріне сәйкес
өзгерген түрлері де кездеседі.
Осының бәрін мемлекеттік қызметке қабылданушыларды тестілеуде,
іріктеуде, қабылдауда ескерту қажет.
Мемлекеттік қызмет туралы заңдылықтарды талдау.
2005 жылы 28 ақпандағы Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында
мемлекеттік басқару мен көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының
деңгейлерін көтеру мақсатында мемлекеттік қызметке күрделі өзгерістер
енгізу қажеттілігі туралы атап көрсетілген.
Тиімді және кәсіби Үкімет қүру Қазақстанның 2030 жылға дейінгі
стратегиялық дамуындағы басым бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстан мемлекеттік қызметті реформалау барысында белгілі
жетістіктерге қол жеткізді, заңнамалық база құрылып, мемлекеттік
қызметшілердің мәртебесі, құқы мен міндеттері айқындалады, мемлекеттік
органдардың өкілеттілігі белгіленді.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуында мемлекетік
аппарат жұмысы тиімділігінің көтерілуі "кәсіби үкімет" болып жеке
басымдылықпен анықталған.
Халықаралық сарапшылардың ойынша, бүгінгі таңда Қазақстан ТМД
елдеріндегі мемлекетік қызметті реформалау үшін үлгі болуға жарайтын
мемлекеттік қызмет туралы демокартиялық заңдылықтарға ие.
Қазақстан Республикасының қазіргі мемлекеттік қызметінің қалыптасуы
1999ж. 23 шілдедегі қабылданған "Мемлекетік қызмет туралы" заңына
байланысты. Оның басты мақсаты мемлекеттік қызметке деген азаматтардың тең
қолжетімділігінің конституциялық құқын, оның кәсібилігін, заңдылығын жүзеге
асыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің меринтократия принциптері
(еңбегіне қарай жүйесі) бойынша қызметін жоғарылату.
Мемлекеттік қызмет туралы заңдылықтардың ең маңызды жаңалықтарына
жататындар:
- мемлекеттік қызметті саяси және әкімшілік қызметтерге бөлу, бұл
саяси тағайындаушының қызметін ауыстырған кезінде әкімшілік
қызметшінің құқықтық жағынан қорғалуына кепілдік беріп,
олардың қызметіндегі саяси бейтараптылық пен тұрақтылықты
қамтамасыз етеді де, нәтижесінде мемлекеттік әкімшілік қызметтің
кәсібилігіне оң ықпал тигізеді;
- мемлекеттік әкімшілік қызметке ашық конкурс кезінде қатысу
азаматтардың мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу құқығын қамтамасыз
етеді және мемлекеттік қызмет үшін тең қолжетімділік пен бәсекелестік
шарттары бойынша анағұрлым дайындығы мол мамандарды іріктеуді жүзеге
асырады;
- әр әкімшілік лауызымға қойылатын біліктілік талаптары тиісті
білімі және тәжірибесі бар азаматтардың қызметке орналасуына кепілдік
беретін тиімді инструмент және мемлекеттік қызмет сапасының
өзіндік стандарты болып табылады;
- заң талаптарын білуді компьютерлік тестілеу
мемлекеттік қызметке біліксіз мамандардың келуін шектеп,
азаматтардың әкімшілік құқық саласындағы негізгі заңдарды оқып,
үйренуіне ықпал етеді;
- уәкілетті органның институтын заңды бекіту мемлекеттік қызмет
саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға
мүмкіндік береді.
Еліміздегі кәсіби мемлекеттік қызметінің қалыптасуын 1993 жылы
қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы белгілеп берді. Онда
азаматтардың мемлекетік қызметке тең қол жеткізу құқы айқындалған.
Бұл құқық азаматтардың саяси құқығына жатады, ол әлеуметтік құқыққа
жататын жалпы еңбек ету құқынан өзгешелігі бар. Яғни мемлекеттік қызмет
қоғамдық пайдалы қызметтік ерекше түрі ретінде ерекшеленсе, азаматтардың
мемлекеттік қызметке тең, қолжетімділік құқы еңбек ету саласындағы құқықпен
теңестірілуден қалды.

1.1. Мемлекеттік қызметке кіру 5 заңға талдау жасау.
Мемлекеттік қызметші-лауазымдық өкілеттер берілген яғни Қазақстан
Республикасының негізгі заңы болып табылатын Конситуцияға сәйкес, заңды
актілер жүйесінде айқындалған өз қызметін атқарушы.
"Бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналсушы кандидаттарды
тестілеу және тест қорытындысының бастапқы белгілері" нұсқауына сәйкес
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агентігі
төрағасының 2001 ж. 17 сәуірдегі №02-2-467, 2001ж. 19 қарашадағы №02-2-
4167 өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы бұйрығы), Қазақстан
Республикасының заңнамаларын туралы білімін анықтау тестері және логикалық
тест белгіленген.
Тест төменде көрсетілген заңдар бойынша білімін анықтауға арналған:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы"
заңы.
3. Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" заңы.
4. Қазақстан Республикасының "Тілдер туралы" заңы.
5. Қазақстан Республикасының Президентінің "Мемлекеттік
қызметшілердің қызмет этикасы туралы" жарлығы.
Сонымен қатар 2005 жылы 27 қарашадағы №107-11 Қазақстан
Республикасының "Әкімшілік рәсімдері туралы" заңы мен 1998 ж. 27 наурыздағы
№213-1 Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілері туралы"
заңын да білуі тиіс.
Мемлекеттік қызметтік дәлелі мен мақсаты оның негізгі конституциясы
болып табылады. (Сонымен қатар мемлекеттік қызметшінің іс-әрекеті мінез-
құлқы, актілері, мақсатқа жету әдістері өзіндік белгілерімен ерекшеленеді,
себебі олар заңдармен, қосымша актілермен қатаң регламенттенеді.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің қалыптасу нуктесі
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995ж. 26 желтоқсандағы №2730
"Мемлекетік қызмет туралы" заңдық күші бар Жарлығынан бастау алады. Осы
нормативтік құқықтық актімен алғаш рет мемлекеттік қызмет жүйесі
институттандырылады, яғни оны ұйымдастырудың негізгі принциптері,
мемлекеттік қызметке кіру, оны өткеру және оны тоқтату мәселелері
реттеледі. Жарлықтың 1-бабына сәйкес, мемлекеттік қызмет дегеніміз
азаматтардың мемлекеттік органдардағы өз кәсіби қызметін конституциялық
негізде атқаруы деп түсінуге болады.
Мемлекеттік қызметтің негізін қалайтын принциптер болып мемлекеттік
қызметің заң шығару, атқару және сот органдарына бөлінуіне қарамастан,
заңдардың үстем болуы, мемлекеттік қызмет жүйесінің бірыңғай болуы
анықталған.
7-бапта мемлекеттік лауазым туралы түсінік берілген. Заң сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес шараларын қарастырады. Мемлекеттік қызметке
қабылдау кезінде біліктілік кластары тиісті лауазымдық санат шегінде
беріледі.
Жарлыққа сәйкес алғаш рет мемлекеттік қызметтегі бос тұрған орынға конкурс
жариялау және мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау ресімі енгізілді. Бұл
дегеніміз барлық азаматтардың мемлекеттік қызметке тең қолжетімділігін және
олардың кәсіби дайындығы деңгейіне қажетті баға беруді қамтамасыз етуге
бағыталған.
Жарлықтың жекелеген тараулары мемлекеттік қызметке кіруге арналған,
оларды мемлекеттік қызметке кірудегі қойылатын талаптар мемлекеттік
лауазымға орналасу тәсілдері мен тәртібі, мемлекеттік қызметті өткеру,
сынақ мерзімін қолдану шарттары және мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау,
оларды жұмыс уақыты мен іс-сапарлары, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болу
жасының шегі айқындалған.
Жарлыққа сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік
қамсыздандырылуы да қарастырылған. Осы шарттар жоғары біліктілікті
кадрлардың сақталып қалуына, мемлекеттік қызметтің тартымдылығын қамтамасыз
етуіне және азаматтардың мемлекеттік органдардағы жұмыстарға келуіне оң
ықпал етеді.
Жарлықтың шығуына сәйкес, мемлекеттік
қызметтің қалыптасуында республикада алға жылжу байқалды, сонымен қатар
оның ары қарай дамуына жағдай жасалды, сондай-ақ мемлекеттік саласы
еңбек құқығы шеңберінен бөлінді де мемлекеттік қызмет заңдылықтары бастау
алды.
Бірінші қабылданған нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік қызметке
арналған оң жақтары болса да қолданбалы құқықтық практика көрсеткендей,
оның әлсіз үстары да бар еді.
Мемлекеттік қызметті құру ісіндегі келеңсіз факторлар ретінде
мемлекеттік қызметшілердің бос тұрған лауазымдық орындарға орналасуы
кезінде конкурстық іріктеудің міндетті еместігінен туындаған мемлекеттік
қызметшілерді іріктеу және қызметке тағайындаудың патронажды жүйесі орын
алдып онда мемлекеттік қызмет лауазымдарына тағайындау жеке берілгендік,
достық немесе туыстық байланыстар принципінде жүзеге асырылады.
Осының барлығы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет жүйесін
реформалаудың қажет екендігін болжап берді. Мемлекеттік қызметті
реформалаудың айқындалған нүктесі Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан халқына жасаған "Барлық қазақстандықтардың өркендеу қауіпсіздігі
және әл-ауқатының жақсаруы" Жолдауы болып табылады.
Жүзеге асырылатын негізгі басымдылықтардың бірі болып кэсіби мемлекет
құру туралы жария етілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл да аяусыз күрес
жарияланды.
1998ж. 2 шілдеде №267-1 Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес туралы" заңы қабылданды.
1998 ж. 23 шілдеде №45341 Қазақстан Республикасының "Мемлекетік қызмет
туралы" заңы қабылданды. Оның негізінде мемлекеттік қызметтің жаңа моделі
өз қызметін бастады. Заңда мемлекеттік қызметті қалыптастыру принциптерін
анықтайтын, мемлекеттік, қызметшілердің құқықтық жағдайын, құқықтары мен
міндеттерін және оларға қойылатын шектеулерді көрсететін іргелі нормалар
берілген. Заң маңызды жаңалықтар енгізді. Мемлекеттік қызметшілердің
лауазымы саяси және әкімшілік болып бөлінді.
Заңда қызметшілердің ант қабылдау рәсімін енгізу, сыбайлас жемқорлыққа
қарсы сипаттағы айқындық таныту белгілері көрсетілген.
Осындай жүйе мемлекеттік қызметші лауазымы мен оның құдыреттілігі және
жауапкершілігі, алған көтермелері арасындағы барабарлықты қамтамасмыз
етеді.
Заңда патронажды жүйенің кемшіліктері ескеріліп, меринтократия, яғни
сіңірген еңбек жүйесі принциптері енгізілді. Бұл дегеніміз, мемлекеттік
қызметішінің тағайындалуы, қызметтік көтерілуі кезінде оның кәсіби
дайындығы мен іскерлік жақтары негізге алынады. Сондықтан мемлекеттік бос
лауазымдық қызметке орналасу үшін міндетті конкурстық іріктеу енгізілді.

1.2. Мемлекеттік қызметке кіру жүйесін талдау.
Конситуцияда белгіленген тең қолжетімділік принципі мемлекеттік қызметке
кіретін үміткердің жынысына, көзқарасына т.б. қойылатын құқықтық
шектеулерге тиым салады.
Мемлекеттік қызметті жетілдіру Қазақстан Республикасындағы құқықтық
саясат тұжырымдамасында маңызды орын алады. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей,
кәсіби мемлекеттік қызметтің қалыптасуы арнайы оқу орнысыз мүмкін емес.
Білім беру мекемелері алдыңғы қатарлы мемлекеттер-АҚШ-та, Францияда,
Германия мен австралияда т.б. елдерде қызмет көрсетеді.
Талдау көрсеткендей, осы оқу орнынан барлық басқару элитасы өтеді
екен. Мысалы, көпке танымал Францияның саяси лидерлері-Жискар Д. Эстен, Жак
Ширак, Мишель Рахар т.б. кезінде Франция әкімшілігі Ұлттық мектебінің
дипломдарын алған болатын.
Осыдан қорытынды шығарар болсақ кездейсоқ кемеңгер болмайды, сондықтан
жүйелі түрде жұмыс істейтін басқарушы мамандарды дайындап отыру керек.
Осылайша үздіксіз білім беру негізінде, мемлекет аппаратын
кәсібилендіру қажеттілігі туындайды. Бұл стратегияны жүзеге асыру ҚР
Президенті жанынан құрылған Мемлекеттік қызмет академиясы мен аймақтық
мемлекеттік қызметшілдерді оқыту орталықтарына жүктелген. Ол мемлекеттік
қызметшілердің білікітілігін артыру және олардың қайта дайындаудың
мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес, мемлекеттік тапсырыс бойынша
жүргізіледі.
Оқыту жүйесі мемлекеттік қызметінің атқаратын қызметімен тікелей
сәйкес келмесе де, оның жеке тұлға ретінде дамыуна, шығармашылық
әлеуметінің толығуына мүмкіндік береді.
Шенеуніктің үздіксіз білімберу алуы үшін, оның әлеуметтік міндеттерін
орындауында іске толық шығармашылықпен араласуына білім қажеттілігі
туындауы керек.
Кадрларды әлемдегі ең үздік университетте дайындау барысында элиталы
университет құрып отандық Мемлекеттік қызмет академиясын жандандыру сияқты
алғақойған мақсатты шешу үшін, оқу бағдарламаларын, оқыту стандарттарын,
дидактиканы бекітіп алу қажет.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы Заңында
мемлекеттік заңдылықтары талаптарына негізделген принциптер қарастырылған.
Мысалы, заңды болуы, Қазақстандық патриотизм, мемлекеттік қызметтің барлық
өкімет тармақтарымен бірлікте болуы жеке жауапкершілік қызметіне еңбекақы
төлеу, кәсіби хабардар болу т.б. принциптері тэн. Мемлекеттік
қызметшілердің құқықтары мен міндеттері
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларға сәйкес
келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 ж. 21 қаңтардағы
Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының
ережелері осындай жауапты қызметті таңдауға өте байыппен қарауға әкеледі.
Мемлекеттік қызметші енді халыққа және Қазақстан Республикасының
Президентіне адал болуға ант қабылдайды. Бұл антта мемлекеттік қызметшіге
қоғам мен мемлекет тарапынан үлкен сенім білдірілді.
Мемлекеттік қызметтігі адам ресурсын басқару саясаты және құқық
қолдану тәжірибесін талдау нәтижесі халықаралық тәжірибені есепке ала
отырып, мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларға жалпы алғанда реформалық
қатынастарға маңызды өзгерістер енгізуге әкеледі.
Осылайша шетелдік тәжірибені талдау мемлекеттік қызмет реформасы үшін
әлемдік тәжірибеде қолданылған негізгі тәсілдер мен принциптерді анықтауға
мүмкіндік туғызды:
1. Реформа нақты белгіленген принциптерге сәйкес жүргізіледі.
2. Реформа өткізу басшылығы мемлекеттік басшысына немесе үкіметке тікелей
өсіп беретін жоғары деңгейдегі мемлекеттік органға жүктеледі.
3. Реформа өткізуді зерттеу, кеңесберу, оқыту және басқа
қолдануышы құрылымдардың тармақталған жүйесін құрумен қатар
жүреді.
4.Реформа өткізу алдыңғы қатарлы ақпараттық-
коммуникациялық технололгияларды кең қолдануды қажет етеді.
5.Көрсетілетін мемлекеттік қызметті жетілдіру процесі
тәжірибеді қолданылатын тұтынушы қызметі арасындағы кері байланыс
принциптерімен байланысты болды.
6.Көрсетілетін мемлекеттік қызметті жетілдіру процесі ұзақ мерзімге
созылады.
Тиімді жүйе құру процесіндегі шешуші әлементердің бірі болып табылатын
принцип реформалу стратегиясының мақсаты мен міндеттерін нақты айқындауы
керек.
Мысалы: Ұлыбритания көрсетілетін мемлекеттік қызмет саласындағы реформалау
мемлекеттік басқаруды жаңарту стратегиясын жасаудан басталды.
Бұл стратегияның идеологиясы жариялылықты қамтамасыз етумен
қорытындыланып, көрсетілетін мемлекеттік қызметпен ол туралы ақпартқа қол
жетімділіктің сапасын көтеру мақсатына негізделді. Алға қойған мақсатқа
сәйкес, стратегия негізіне келесі принциптер енді:
- жалпы үлттық стандарттар жасап, енгізу;
- тұтынуышы ерекшелігі мен қажеттілігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық құқық және мемлекеттердің заңдарын унификациялау мен гармонизациялау проблемалары
АТҚАРУШЫ БИЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ МЕН БИЛІКТІҢ ҚАЙТА БӨЛІНУ ТӘЖІРИБЕСІ
Өркениетті елдердегі монополияга қарсы саясат ерекшеліктері
Қоршаған қолайлы ортаға деген құқық ұғымы
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі
Қылмысқа қатысушылардың түрлері
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту
Қазақстанда қор биржасының дамуы
Қазақстан Республикасында адам өмір сүруінің денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғаудың конституциялық құқықтық негіздері
Деректердің интеллектуалды талдау әдістері
Пәндер