Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты ұйымдастыру, қызмет қағидалары туралы ақпарат



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. Мемлекеттің құрылымы, механизмі, қызмет қағидалары 5
1.1 Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты ұйымдастыру, қызмет қағидалары 5
1.2 Саяси билік, қоғам арасындағы негізгі проблемалар 9
2. Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі мен азаматтық қоғам 15
2.1 Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы 15
2. 2 Мемлекет пен құқық байланысы 18
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24
КІРІСПЕ
Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Мемлекет болып қалыптасқан, танылған ел біріншіден өзінің алға қойған даму стратегиясының негізінде жұмыс істеу керек. Мақсаты мен арманы жоқ адам соңында өмірден адасып кетеді. Сол сияқты мемлекетте өмір сүр сүру үшін өзінің тәуелсіздігі, әнұраны, конституциясы, өзіне тән ерекшеліктері, қасиеттері мен салт-дәстүрі болу керек. Соған орай мемлекеттің басқару құрылымы болу керек. Яғни мемлекет өзінің қандай бағдармен жүруін айқын анықтап, қандай мемлекет болуын таңдап өз мақсаттарына жетуге тиіс. Мемлекеттік құрылымдар туралы сөз қозғасақ оның монархия немесе республикалық мемлекетпе екені анықталады. Соған байланысты мемлекеттің ішкі құрылымын айқын білеміз. Ішкі саясаты мықты мемлекет сыртқы саясатта елеулі жұмыстарды атқарып, басқа мемлекеттермен дұрыс қарым-қатынаста болады. ҚР 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алған сәттен бастап, өзін зайырлы, демократиялық ,тәуелсіз мемлекет ретінде көрсетті. Міне, жуықта мемлекетіміздің қалануына 20 жыл болады. Осы жиырма жылдың ішінде мемлекет қиыншылықтарды басын өткізді. Тәуелсіздігіміздің орнауына, дүние жүзінде елеулі, мықты мемлекеттердің қатарына енуіміз сол таңда басқа мемлекеттерді айтпағанда өзіміз сенуіміз қиял болып көрінген еді. Мемлекеттің өркендеуі ол оның халқына байланысты. Халық мемлекет үшін емес, мемлекет халық үшін қызмет ету керек. Халық пен мемлекеттік басқарушылардың арасында, яғни шенеуніктер, органдар арасында тығыз байланыс орнау керек. Халық жоғарыда отырған басқарушыларға сенім артқан жағдайда ғана мемлекет оңды болады. Соған орай біздің конституциямызда жазылғандай мемлекеттің бірден бір байлығы ол халық, оның бостандығы мен құқығы болып табылады. Курстық жұмысым мемлекет құрылымы, яғни мемлекеттік басқарушылар мен халықтың арасындағы байланыс туралы. Курстық жұмысымның тақырыбын ашу мақсатында 1 бөлімде ҚР басқару құрылымы туралы жазып кетемін. Соған байланысты құрылымның халықпен байланысын өз мемлекетіміздің деңгейінде зерттеп көрсетемін. 2 бөлімде мемлекеттің саяси жағдайын, көзқарасын анық көрсету, ҚР 20 жыл ішінде қандай нәтижелерге жетуі мен көп ұлттардың бір бірімен бейбітшілік өмір сүруінің мағынасын ашуға тырысамын.Сонымен курстық жұмысым 2 бөлімнен тұрады. Онда мемлекет механизмі, құрылымы, саяси көзқарастары, тақырыптың мағынасын толық ашуға бағытталған мәселелер қолданылады
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Ағдарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Оқулық. – Алматы: «Наз» баспа компаниясы, 2003. 328 бет.
2. Саясат . 2007 . №8 .
3. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007
4. Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1. Мемлекеттің құрылымы, механизмі, қызмет қағидалары 5
1.1 Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты ұйымдастыру, 5
қызмет қағидалары
1.2 Саяси билік, қоғам арасындағы негізгі проблемалар 9
2. Мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі мен азаматтық қоғам 15
2.1 Мемлекет пен қоғамның өзара қатынасы 15
2. 2 Мемлекет пен құқық байланысы 18
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 24

КІРІСПЕ

Мемлекет — белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін
дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді
атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси
билік ұйымы. Мемлекет болып қалыптасқан, танылған ел біріншіден өзінің алға
қойған даму стратегиясының негізінде жұмыс істеу керек. Мақсаты мен арманы
жоқ адам соңында өмірден адасып кетеді. Сол сияқты мемлекетте өмір сүр сүру
үшін өзінің тәуелсіздігі, әнұраны, конституциясы, өзіне тән ерекшеліктері,
қасиеттері мен салт-дәстүрі болу керек. Соған орай мемлекеттің басқару
құрылымы болу керек. Яғни мемлекет өзінің қандай бағдармен жүруін айқын
анықтап, қандай мемлекет болуын таңдап өз мақсаттарына жетуге тиіс.
Мемлекеттік құрылымдар туралы сөз қозғасақ оның монархия немесе
республикалық мемлекетпе екені анықталады. Соған байланысты мемлекеттің
ішкі құрылымын айқын білеміз. Ішкі саясаты мықты мемлекет сыртқы саясатта
елеулі жұмыстарды атқарып, басқа мемлекеттермен дұрыс қарым-қатынаста
болады. ҚР 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін алған сәттен бастап,
өзін зайырлы, демократиялық ,тәуелсіз мемлекет ретінде көрсетті. Міне,
жуықта мемлекетіміздің қалануына 20 жыл болады. Осы жиырма жылдың ішінде
мемлекет қиыншылықтарды басын өткізді. Тәуелсіздігіміздің орнауына, дүние
жүзінде елеулі, мықты мемлекеттердің қатарына енуіміз сол таңда басқа
мемлекеттерді айтпағанда өзіміз сенуіміз қиял болып көрінген еді.
Мемлекеттің өркендеуі ол оның халқына байланысты. Халық мемлекет үшін емес,
мемлекет халық үшін қызмет ету керек. Халық пен мемлекеттік басқарушылардың
арасында, яғни шенеуніктер, органдар арасында тығыз байланыс орнау керек.
Халық жоғарыда отырған басқарушыларға сенім артқан жағдайда ғана мемлекет
оңды болады. Соған орай біздің конституциямызда жазылғандай мемлекеттің
бірден бір байлығы ол халық, оның бостандығы мен құқығы болып табылады.
Курстық жұмысым мемлекет құрылымы, яғни мемлекеттік басқарушылар мен
халықтың арасындағы байланыс туралы. Курстық жұмысымның тақырыбын ашу
мақсатында 1 бөлімде ҚР басқару құрылымы туралы жазып кетемін. Соған
байланысты құрылымның халықпен байланысын өз мемлекетіміздің деңгейінде
зерттеп көрсетемін. 2 бөлімде мемлекеттің саяси жағдайын, көзқарасын анық
көрсету, ҚР 20 жыл ішінде қандай нәтижелерге жетуі мен көп ұлттардың бір
бірімен бейбітшілік өмір сүруінің мағынасын ашуға тырысамын.Сонымен курстық
жұмысым 2 бөлімнен тұрады. Онда мемлекет механизмі, құрылымы, саяси
көзқарастары, тақырыптың мағынасын толық ашуға бағытталған мәселелер
қолданылады.

1. Мемлекеттің құрылымы, механизмі, қызмет қағидалары
1. Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты ұйымдастыру, қызмет
қағидалары
Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің
механизмі – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара
байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің
механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б.
ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей
тән органдар болады.
Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі
қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр
дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән
заңдылық – оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда
ғана құрылады. Екінші заңдылығы – бірінің қызметін бірі қайталайтын
органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік
органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік
қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді
қамтамассыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.
Мемлекетттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара
тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн.
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіліктері
болмайды. Олар экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым,
спорт, және т.б. салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Мемлекеттік қызметкерлер – бұлар басқару ісімен арнайы түрде айналысатын
айрықша топ құрайтын санаттағы адамдар болып табылады. Мемлекеттік
қызметкерлердің құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы реттелінеді, онда
мемлекеттік қызметкерлердің түрлері және міндеттері мен құқықтары
айқындалып көрсетіледі.
Демократиялық құқықтық, әлеуметтік мемлекет ғасырлар сынағынан өткен
принциптерге негізделіп құрылады. Мұндай мемлекеттердің механизмі мынандай
органдардан тұрады:
Өкілдік органдар. Қазақстан Республикасында өкілдік органдар екіге
бөлінеді:
Жоғары өкілдік орган – Парламент. Парламент – бірден –бір заң шығаратын
орган.
Жергілікті өкілдік органдар – оюлыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар.
Мемлекет басшысы. Қазақстанда мемлекет басшысы – Президент.президент
мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және үкімет
органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамассыз етеді.
Атқарушы орган. Қазақстанда жооғары атқарушы орган – Үкімет. Жергілікті
атқарушы органдар - әкімшіліктер.
Орталық басқару органдары. Қазақстанда оларға: министрліктер, мемлекеттік
комитеттер, агенттіктер, ведомстволар жатады.
Сот органдары. Қазақстанда оларға: Жоғары Сот, жергілікті соттар, әскери
соттар жатады.
Прокуратура. Ол заңдардың біркелкі орындалуын қадағалайтын орган.
Әскер. Оған мемлекеттің әр саладағы қарулы күштері жатады.
Барлау, қарсы барлау органдары.
Абақты, бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстап тұратын орындар.
Мемлекеттік механизмінің негізгі құрылымдық бөлімі – мемлекеттік орган.
Мемлекеттік орган дегеніміз – билік өкілеттіктерге ие, мемлекет қызметтерін
жүзеге асырушы ұйым. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден тұрады,
бұлардың айрықша түрі – лауазымды тұлғалар болып табылады. Мемлекетік
қызметкерлерді материалдық игіліктерімен қамтамассыз ету – қоғамның
міндеті.
Мемлекеттік органның биліктік өкілеттері болады. Олар:
атқарылуы міндетті болып келетін нормативтік- құқытық актілерді қабылдау
үшін берілген мүмкіндіктер;
мемлекетік органдар қабылдаған актілерді басшылыққа алып, алуан түрлі
әдістерді қолдана отырып мемлекет бағдарламаларын жүзеге асыру, оларды
орындауды қамтамассыз ету болып табылады.
Мемлекеттік органдар түрлі негіздер бойынша жіктеледі:
Туынды тәсілдер бойынша:
а) Бастапқы (өкілдік берілген) органдар, мысалы, мұрагерлік монархия,
парламент, президент. Бұл органдар басқа қандай бір органдар арқылы
құрылмайды;
б) Туынды (үкімет, прокуратура,т.б). Бұларды бастапқы органдар құрады және
бұларға үкіметтік (биліктік) өкілеттерді солар береді.
2. Биліктік өкілеттіктердің көлемі бойынша:
а) Ең жоғары (үкімет);
б) Жергілікті (әкімшілік);
3. Құзырларының ауқымдылығы бойынша:
а) Құзырлары жалпылама болып келетіндері (үкімет);
б) Құзырлары арнайы түрде белгіленіп берілетіндері (ішкі істер органдары).
4. Билік бөлінісі қағидаттары бойынша:
а) Заң шығару органдары (Парламент);
б) Атқарушы(Әділет және т.б. министірліктері);
в) Сот органдары (соттар);
5. Шешім қабылдау тәртібі бойынша:
а) Алқалыоргандар, яғни шешімді алқалы түрде қабылдайттындар
(Папламент,Үкімет және т.б.)
б) Жеке дара басшылық органдар, яғни шешімді жеке дара басшылықпен
қабылдайтындар (Президент, министрліктер, комитер).
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру мен оның қызметін атқаруын белгілеуде
барлық мемлекеттік органдар үшін бірыңғай талаптар қойылады.
Талаптар – мемлекеттік органдарды құру және олардың қызмет атқаруларын
айқындау тәсіл-амалдарының бастапқы идеялары, міндетті ережелері,
негіздері.
Принцип түрлері:
Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидаты –
адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік
қызметкерлердің тануы, бұлжытпай қорғауы болатын міндеттерін айқындайды.
Демократиялық қағидат – азаматтардың мемлекеттік ооргандарды құру және
олардың қызметтерін ұйымдастыру ісіне кеңінен қатысуды білдіреді.
Билік бөлінісі қағидаты – үкімет органдары мен лауазымды адамдар тарабынан
болуы мүмкін басынушылықтар мен зорлық-зомбылықтарды бодырмаудың
механизмдерін құрудың, жасаудың басты шарты мен негізі.
Заңдылық қағидаты – Конституцияны, заңдар мен заң актілерін барлық
мемлекеттік қызметкерлердің міндетті түрде бұлжытпай орындауларын,
сақтауларын қажет екендігін білдіреді.
Жариялық қағидаты – құқық субъектілерінің белгілі бір нақты мемлекеттік
органдар тарабында атқарылып жатқан істер жөнінде мағлұмат алуын
қамтамассыз етуді айқындайтын негіз.
Шынайы кәсіпқойлық қағидаты – мемлекеттік аппарат қызметтерінде кәсіби
біліктілігі жоғары мамандарды пайдалану ісін іс жүзінде тәжірибеге
енгізуді белгілеудің ең басты негізі.
Істерді атқаруда алқалылық пен жеке- дара шешім қабылдауларды үйлестіру
қағидаты – мемлекеттік аппаратта демократиялық және бюрократиялық
бастауларының ақылға қонымды шамада үйлесімді болуын қамтамассыз етудің
алғышартының міндеттік негізі.
Сайланбалылдық пен тағайындаулардың үйлестірілуі қағидаты – мемлекеттік
басқару ісінде жекелендіру мен орталықтандыру (бір орталыққа бағындыру)
шараларының үйлесімділік дәрежесін (айқындау шартын) белгілейтін негіз.
Иерархиялық (сатылық) қағидаты – мемлекеттік аппартта мемлекет органдары
әртүрлі деңгейлі дәреже алады, осыған байланысты басшылық бағыныштылықты
немесе тең орында тұрады.[1]

2. Саяси билік, қоғам арасындағы негізгі проблемалар
Қоғам өзінің саяси жүйесінде әлеуметтік міндеттерді билік арқылы,
құқықтық заң-жобалар, нанымдар және басқа шартты қалыптасқан дәстүрлер
арқылы жүргізіп отырады. Бұл ретте саяси жүйенің өз ішінде саяси рөлдердің
өзі бөлініп отырады. Мемлекет саяси билікті жүргізудегі ең негізгі буын
болып табылады. Мемлекет мынандай сипаттармен айқындалады:
– бұқаралық билікті жүзеге асыратын адамдардың ұйымы, ол үшін нормалық-
құқықтық және ақпараттық-идеологиялық жағдайларды қалыптастырып отырады;
– елдің барлық территориясын қамтитын жағдайда салықтарды алып отыратын
ұйым. Мемлекет саяси билікті жүргізетін құрылым екендігі белгілі.
Әр түрлі қоғамда мемлекеттің билігі де өзгеріп отырады, қызметінің
түрлері де көбейіп отырады. Соңғы уақытта мемлекет үстем таптардың
мүддесіне орай езілуші таптардың мүддесіне орай, езілуші таптардың
қарсылығын басып отыратын аппарат деп келеді. Бұл дұрыс та. Тек бұл қырынан
келіп қарау маркстік теорияны жете бағаламаумен бірдей. Анти-Дюринг, Л.
Фейербах және неміс классикалық философиясының ақыры, Семьяның, жеке
меншіктің және мемлекеттің шығуы деген еңбектерді талдай келіп, біз
мынандай қорытындыларға келеміз:
– мемлекет адамзат қауымының немесе азаматтық қоғамның дамуына және еңбек
бөлісіне қарай дамып жетілді;
– бұл процесс өз мүдделеріне сәйкес жаңа әлеуметтік топтардың шығуына
әкелді;
– бұл бөлінудің өзі ортақ мүдделерді жүзеге асыру үшін қажетті
функцияларды талап етеді;
– қарама-қайшы топтар арасындағы шиеленісті туғызып, олардың кейбіреуін
басу қажеттігі туады;
– ортақ мүдделер мен функцияларды атқару қажеттігі шығады.
Осы аталғандардан келіп биліктің төмендегідей маңызды функциялары шығады:
– мемлекеттің жалпыға бірдей мүддесін қорғау және белгілі бір тәртіпті
сақтап отыру. Бұл алдымен ортақ мүддеге қарсы немесе экономикалық үстем
таптардың мүддесіне қарсы шығушы жеке адамдар мен жіктердің мүддесін басуға
бағытталады, одан кейін ел тұрғындарының мүдделерін үйлестіру және
келістіру, үшіншіден, сыртқы шабуылдан қорғау.
– басқару арқылы ортақ мүддені қанағаттандыру – бүкіл қоғамның
міндеттерін әкімшілік жолмен орындау.
Бірінші міндет қоғамның ыдырауына жол бермейтін қажеттіліктен туады.
Бірақ кей жағдайда қарсыласушы топтардың мүдделеріне тағы басқа топтардың
қосылуы мүмкін. Онда олардың ортақ мүдделерін таба білу қажет. Мемлекеттегі
таптар мен жіктердің ымыраға келу жағдайын қарастыру болып табылады.
Мемлекеттің сыртқы дұшпандардан қорғалуындағы биліктің рөлі ерекше болып
отыр,елдің халқын басқару саласында мәселе күрделі болып келеді. Бұл
мәселеде әр түрлі бағыттар бар. Бірінші бағыт мемлекеттің барлық
функциялары елдің қоғамын тұтасымен басқару деп қарастырылады. Екінші бағыт
атқарушы өкіметтің мемлекеттік басқару қызметі деп қарастырылады, заң
шығару мен соттық билікті ескермейді. Мұны әкімшілік деп атайды. АҚШ-та
оны бұқаралық әкімшілік дейді.
Жалпы теория мен практикада биліктің функцияларын: заң шығарушы, соттық
және атқарушы деп бөледі. Мемлекет басшысының функциясы тағы бар. Билікті
жүзеге асыратын подфункциялар да бар. Америкалық саясаттанушы Л. Уайт
мемлекеттік басқару органдарын үш топқа бөледі:
– штабтар – өзі орындай алатын шешімдерді қабылдайтындар;
– жедел қызметтер – штабтардың шешімдерін жүзеге асырушылар;
– көмекші қызметтер – штабтар мен жедел қызметтердің қажетіндегі жұмысына
жағдай туғызатындарды атайды.
Барлық мемлекеттік ұйымдар екі түрге бөлінеді: үкіметтің мемлекеттік
органдары – жалпы мемлекеттік шешімдер қабылдайды; мемлекеттік басқару
органдарының аппараты, олар мемлекеттік ұйымдар, мемлекеттік басқару,
мемлекеттік аппарат деп аталады. Мемлекеттік ұйымдардың барлығын орталық
және жергілікті деп екіге бөледі.
Бір сөзбен айтқанда, басқарушы, егеменді мемлекеттік органдар – саяси
билік болып табылады. Ең бастысы билікті бөлу болып табылады. Социалистік
мемлекетте билікті бөлісу жоқ, тек әр түрлі компетенциясы бар деген ұғым
қалыптасқан. Ал компетенцияның өзі билікті бөлісу емес пе, марксизм-
ленинизм классиктерінің өзі оны мойындайды. Қазіргі билікті бөлу
мәселесінде Монтескьенің идеясы жатыр: заң шығару, орындаушы, сот билігі,
оларға қоса мемлекет басшысының билігі бар. Билікті бөлу тұрғысынан саяси
биліктің жұмыс істеуі: аралас билікте, билікті бөлісуде, биліктердің
ынтымақтасып жұмыс істеу жағдайларында мүмкін болады. Аралас билікте
мемлекет басшысы заң шығару, орындау, сот биліктерін аралас жүргізе алады.
Саясат ғылымында атқарушы билікке ерекше мән беріледі. Әкімшілік
қызметтің барысы тұтасымен алғанда елдің жағдайына тікелей байланысты.
Мемлекеттік басқару қашан болмасын саяси басқару болып келеді. Атқарушы
биліктің функциялары:
1 Егемендікті жүзеге асыру функциялары: а) мемлекеттің сыртқы жағдайдағы
егемендігі мен тұтастығын қорғау; б) ішкі қарым-қатынасты сақтау, тәртіпті,
ішкі тұтастықты сақтау; в) мемлекеттік-саяси жүйенің қызметін ұйымдастыру –
сайлау науқаны, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар және басқалары.
2 Экономикалық функциялары туралы айтатын болсақ қазіргі уақытта бір де
бір мемлекет елдің экономикасын мемлекет тарапынан реттеуге қарсы емес.
Мұнда туатын проблеманың ең бастысы саясаттың экономикаға ықпал ету шегі
мен оның берер нәтижелері. Экономикалық заңдылықтарды ескермей кету қатері
бар. Сондықтан мемлекеттік билік экономиканың дамуына өте тиімді ықпал
жасауы қажет. Социалистік мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей, саяси
басшылық экономикалық басшылықты ауыстырмауы керек. Мемлекеттің функциясын
бақылап отыру, дағдарысты жағдайларға жол бермеу, экономикамен айналысқан
мемлекеттік билікті тұтыну, қажеттілік өндірісінің қуаты мен ақиқаттың
көлемін бақылап отыруы қажет.
Саясаттанушы Д. Кейнстің идеясы бойынша, нарықтық экономикадағы елдерде
жұмыс қолы түгел қамтылуы керек, тұтынушылардың тұтыну қабілеті өндіріс
құралдарын өндіруге сәйкес дамуы тиіс. Ол үшін мемлекет салық, бюджет,
инвестициялық және несие саясатын қолдануы қажет. АҚШ сияқты елдерде
экономиканы реттеу сауда, мемлекеттік кәсіпорындар, транспорт, ғылыми-
техникалық жұмыстар арқылы жүргізіледі:
– байланыс және коммуникациялық функциялар;
– әлеуметтік функциялар;
– мәдени-тәрбиелік функциялар.
Мемлекеттік аппараттың әкімшілік функциялары:
– жағдайды, терең әлеуметтік құрылымдардың жағдайын талдау;
– бағдарламалық шешімдерді жасау;
– заңдық қызмет – бағдарламаларды заңдарға сәйкестендіру арқылы талдау.
– финанстық қызмет – жеке бағдарламалардың бюджетін анықтау, мемлекеттің
бюджетін әкімшілік жағынан дайындау.
Жеделдік (оперативтік) функцияларына:
– кадрлық қызмет;
– ұйымдастыру қызметі;
– ақпараттық-психологиялық жұмыс;
– бақылаушылық қызмет.
Ендігі бір маңызды мәселе мемлекеттік аппараттың жетекші партиямен
байланысына қатысты. Бірпартиялық жүйеде ол белгілі. Ал көппартиялық жүйеде
жетекші партия, үкіметтік партия басшы рөл атқарады.
Жергілікті өзін-өзі басқару мәселесін түсінуде азаматтық қоғам мен
жергілікті мемлекеттік биліктің қарым-қатынасын талдап білу керек. Қазіргі
кезеңде кейбір саясаткерлер жергілікті өзін-өзі басқаруды ұлтаралық
шиеленісті өршіту үшін пайдалануды көздеуде.
Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесі туралы
мәселе де маңызды орын алады. Қанша мемлекеттік қызметкерлер қажет?
Парламентаризм және көппартиялық жағдайда билікке қабілеті жеткіліксіз
адамдар келуі мүмкін. Сондықтан қазіргі жағдайда бұл барлық елдерді
толғандырады. Оның өзі билік мәселесі бойынша технократиялық теорияларды
туғызуда. Оның мәні: үкіметтің билігінде ғалымдар, мамандар отыруы қажет
деген сөз. Басқаша айтқанда, техниктер, инженерлер және ғалымдар басқаруы
қажет. Бұл технократ-мамандардың билігі деген сөз.
Қоғам дамуында әлеуметтік процестердің техникалық, экологиялық,
экономикалық, саяси, құқықтық, рухани күрделене түсуіне байланысты аталмыш
проблеманы мамандарды қатыстыру арқылы шешудің қажеттігі шығады. Кейбір
нақты мемлекеттік басқару органдарына мамандарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауапкершілігі
Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты ұйымдастыру, қызмет қағидалары
Мемлекеттік билік экономикалық және саяси жүйенің қалыптасуына ықпал етуші негізгі фактор ретінде
Мемлекеттің механизмі
Мемлекет механизмі түсінігі және сипаты
Мемлекет механизмі және басқару органдары
Қазақстандағы мемлекеттік органдардың демократиялық қағидаларына сәйкес қызмет етуі
Мемлекет механизмі туралы
Мемлекеттік аппараттың түсінігі, құрлымы, қызметтіндегі принциптері
Мемлекеттік аппараттың ұйымдастырылуы әрекет етуінің қағидалары
Пәндер