Асан қайғы философиясы



Негізгі бөлім

1.Асан қайғы. философ,қоғам қайраткері

2.Асан қайғы шығармалары

3.Тоқтамыстың бірінші жарлығы

Қорытынды
Кіріспе
Табиғат – бүкіл әлем.Адам табиғатта өмір сүреді, онымен тұрақты қатынаста болады. Адам, оның денесі мен рухани өмірі табиғатпен тікелей байланысты. Одан шығатын қорытынды- адам табиғатының бір бөлігі.[1]Қазақ тарихында Сыр өңірі тарихының алар орны ерекше.Ежелгі заманнан бастап Сыр өңірі сан мың ұрпаққа құтты қоныс, жайлы мекен болғаны белгілі.Бұл топырақта есте жоқ ескі кезеңдерден-ақ бағы жетіп, базары қызған қырыққа жуық көне қалалар мен жарты ғаламды жалғастырған Жібек жолының арналы абағы сайрап жатыр.Сөйлете білсең оның әр уыс топырағы, әр бұтасы, әр тасы алуан түрлі ғибратты шежіре шертер еді.[2]
Сыр бойы сырға бай. Онда сан ғасырлардан бергі аты әлемге мәшһүр ірі тұлғалар ғұмыр кешкен, атасақ санап тауыса алмаспыз.Әлі кұнге дейін зерттелмегендері қаншама десеңші.
Бұл жәдігердің ең әсем әрі көрнектісі – Асан Ата мазары. Рас, кейбір әдеби зерттеулерде Асан қайғының жерленген жері туралы түрлі пікірлер бар. Бірақ, оның мазары Сыр бойында, дәлірек айтқанда осы Оқшы Ата қорымында (қазақ тілі мен әдебиеті -1994, №3,4-5 б) жерленген. Асан ата кесенесі 1992 ж мемлекет қорғауына алынған. [3]
«Дала данышпаны» ретінде танылған Асан қайғының рухани мұралары халық санасында сақталған.Асан қайғы жөніндегі аңыз- әңгімелер мен әр түрлі алуан деректерді біршама қалыпқа түсіріп, құнды пікірлер жазған академик- жазушы М. Әуезов болды. « Бұл тарихта болған адам. Бірақ, тірлік еткен заманы Жәнібек ханның тұсы дегені болмаса, дәлді кім еді, қай ортадан шығып еді, қандайлық еңбек, әрекет етіп, қандай өмір шегіп өтіп еді. Бұл жайынан ешқайсынан дәл дерек жоқ». [4] Асан қайғының саяси іс-әрекеттері төңірегінде қалам тартқан академик Ә. Марғұлан болды. Ғылым, « Асан қайғы» деп аталуы – халықтың қамын көп ойланған екендігін айтады. Қазақстан тарихына арналған кейбір еңбектерде Асан қайғы ХV-ХVI ғ.ғ өмір сүрген. Асан қайғы – ХIV ғасырдың екінші жартысы да Еділ бойында дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүргендіктен, замандастары оны Асан атаны « қайғы» деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен. [5]
Шоқан Уәлиханов Асан қайғыны «дала данышпаны» деді. Әлкей Марғұлан «Асан Ата ХV ғасырда қазақ ұлысын біріктіру мәселесін қолына алған даланың ойшыл данасы» деп бағалады. Асан қайғы –көптеген нақыл сөздердің, афоризм, философиялық толғаулардың авторы.
Асан қайғы туралы Мұхтар Әуезов былай деген «Тарихта болған адамдардың ішінде өмір сорабы, іс еңбегі халықтың нағыз ертегі болып, тек сол қалыпта ғана ой жадында сақтаған адамның бірі осы Асан қайғы».
Асан қайғы – барша дала даналығын бойына сыйдырған және сайын сайхарада ғаламат ғұмыр кешкен тамаша тұлға.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Қазақстан тарихы және саяси-әлеуметтік пәндер кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы: Асан қайғы философиясы

Орындаған: Аликулов Ж.М
210 топ ЖМФ
Қабылдаған: Аралбаев С.М

Қарағанды 2010 ж
жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Асан қайғы- философ,қоғам қайраткері
2.Асан қайғы шығармалары
3.Тоқтамыстың бірінші жарлығы
Қорытынды

Кіріспе
Табиғат – бүкіл әлем.Адам табиғатта өмір сүреді, онымен тұрақты
қатынаста болады. Адам, оның денесі мен рухани өмірі табиғатпен тікелей
байланысты. Одан шығатын қорытынды- адам табиғатының бір бөлігі.[1]Қазақ
тарихында Сыр өңірі тарихының алар орны ерекше.Ежелгі заманнан бастап Сыр
өңірі сан мың ұрпаққа құтты қоныс, жайлы мекен болғаны белгілі.Бұл
топырақта есте жоқ ескі кезеңдерден-ақ бағы жетіп, базары қызған қырыққа
жуық көне қалалар мен жарты ғаламды жалғастырған Жібек жолының арналы абағы
сайрап жатыр.Сөйлете білсең оның әр уыс топырағы, әр бұтасы, әр тасы алуан
түрлі ғибратты шежіре шертер еді.[2]
Сыр бойы сырға бай. Онда сан ғасырлардан бергі аты әлемге мәшһүр ірі
тұлғалар ғұмыр кешкен, атасақ санап тауыса алмаспыз.Әлі кұнге дейін
зерттелмегендері қаншама десеңші.      
Бұл жәдігердің ең әсем әрі көрнектісі – Асан Ата мазары. Рас, кейбір
әдеби зерттеулерде Асан қайғының жерленген жері туралы түрлі пікірлер бар.
Бірақ, оның мазары Сыр бойында, дәлірек айтқанда осы Оқшы Ата қорымында
(қазақ тілі мен әдебиеті -1994, №3,4-5 б) жерленген. Асан ата кесенесі 1992
ж мемлекет қорғауына алынған. [3]
Дала данышпаны ретінде танылған Асан қайғының рухани мұралары халық
санасында сақталған.Асан қайғы жөніндегі аңыз- әңгімелер мен әр түрлі алуан
деректерді біршама қалыпқа түсіріп, құнды пікірлер жазған академик- жазушы
М. Әуезов болды. Бұл тарихта болған адам. Бірақ, тірлік еткен заманы
Жәнібек ханның тұсы дегені болмаса, дәлді кім еді, қай ортадан шығып еді,
қандайлық еңбек, әрекет етіп, қандай өмір шегіп өтіп еді. Бұл жайынан
ешқайсынан дәл дерек жоқ. [4] Асан қайғының саяси іс-әрекеттері
төңірегінде қалам тартқан академик Ә. Марғұлан болды. Ғылым, Асан қайғы
деп аталуы – халықтың қамын көп ойланған екендігін айтады. Қазақстан
тарихына арналған кейбір еңбектерде Асан қайғы ХV-ХVI ғ.ғ өмір
сүрген.        Асан қайғы – ХIV ғасырдың екінші жартысы да Еділ бойында
дүниеге келген ақын, философ, аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің
болашағын ойлап жүргендіктен, замандастары оны Асан атаны қайғы деген
сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен. [5]
 Шоқан Уәлиханов Асан қайғыны дала данышпаны деді. Әлкей Марғұлан
Асан Ата ХV ғасырда қазақ ұлысын біріктіру мәселесін қолына алған даланың
ойшыл данасы деп бағалады.         Асан қайғы –көптеген нақыл сөздердің,
афоризм, философиялық толғаулардың авторы.
Асан қайғы туралы Мұхтар Әуезов былай деген Тарихта болған адамдардың
ішінде өмір сорабы, іс еңбегі халықтың нағыз ертегі болып, тек сол қалыпта
ғана ой жадында сақтаған адамның бірі осы Асан қайғы.
Асан қайғы – барша дала даналығын бойына сыйдырған және сайын сайхарада
ғаламат ғұмыр кешкен тамаша тұлға.
Қазақ халқы өзінің тарихи жылында Асан есімін өктемдікке қарсылықтың
символына айналдырған. [6]
                Қыдырып желмаямен дүние жүзін,
                Асанның жұрт біледі айтқан сөзін.
                Жатқызбай ойындағы қалың арман,
                Атанып Асан Қайғы содан қалған. [7]
Асан танымындағы дүние көрінісі оның әлеуметік көзқарасының мінділігін
ан.ықтайды. Адам, қоғам, табиғат Асан үшін мызғымас бірлікте. Адамның
қоғамға, табиғатқа қатынасы Асан болмысында ерекше айқындалады. Дүниенің
жаратылысын Асан қайғы ақыл күшімен пайымдайды. Сондықтан Асан қайғы
табиғаттың адамға қатысты фактор екендігіне ерекше мән берген. . Асан қайғы
табиғатты қоғамды, дүниені, адамның ара қатынастарын астастыра айшықтап,
қоғамның даму заңдылықтарына философиялық тұжырым жасайды.  Асан қайғы
қоғамды, қоршаған табиғатты, жалпы дүниені тануда, олардың қастерлі
қасиеттерін білуде, адам игілігіне жаратуда өзінің біліктілігімен
ерекшеленеді.
Асанның дүниені тану, білу танымының негізінде жатқан идиялық мазмұнды
күш халқына жайлы, тыныш өмір беретін қоныс іздеп, оны табу мақсаты жатыр.
Сондықтан да Асанның дүние көрінісін сезінуі, толғануы, оның жерұйық
мекенін іздеуде ашылған.        Асанның Әбілқайыр ұлысынан Жәнібек пен
Керейдің бөлінуіне қатты наразылық білдірмесе де олардың Монғолстанға емес,
Жайық, Жем өзендерінің бойына қоныстануын қалаған болатын. Осы Моғолстаннан
жер алуы туралы ғалым Ә.Марғұлан былай жазды : Асан қайғының Жәнібек пен
Керейді ертіп Қытайға барып Моғолстаннан жер алуы тарихта белгілі фактінің
бірі. . Ол іздеген Жерұйық шырайлы қоныс қана емес, елін, жұртын сыртқы
жаулардан қорғайтын жол, жаңа қоғамның үлгісі, қазақ халқын тарих
сақынасына сақтап қалу бағдарламасы. Асан Қайғы осы тарихи ойларын
хандармен, сұлтандармен, билер мен, әсіресе Жәнібек ханмен араласып жүріп,
іске асырмақ болмақ. Елі мен жұртының болашағы туралы қатты қайғырып
толғанған абызды халық Асан Қайғы деп атаған. . Асан Қайғы елінің сулы –
нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, адамды жүзге келмей өлмейтін, қойы
екі төлдейтін,  мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын жырау
Жер ұйық деп атады.
М. Әуезов :  Асан жайындағы ең мағыналы әңгіме оның Жерұйықты
іздеуі. Сонда жетсе ғана, мекен етсе ғана халқы бақытты болмақ , - деп
жазды. Асан қайғының аралаған жерлері – Моғолстан ( Жетісу), Қыпшақ(
Қаратау), Сарарқа ( Торғауыт), Байсын ( Әлеу). Ол ноғайлы заманындағы
аласапыран бүлікшілік кезеңінде өмір сүрген үлкен ойшыл. [8]  Асанның
Жерұйықты іздеуіне тағы бір себеп болған құбылыс, ол – үшінші Жәнібектің
тастан сарай салдыруы немесе Астрахан қаласын қоршауы.
Асан оған да өкпелі, ренжулі, себебі ол жерді жау алса ел бүлінеді. Асан
жаңа қоныс іздеп жеті жыл жер Жерұйық деп аталатын мекенді табады. Асан
қайғының аралаған жерлеріне қойған сындары мен анықтамалары сол өз
дәуірінің, заманының нақтылы талап - тілектері мен халық қамынан туған
болжамдар болса керек. Фольклорлық мәліметтер бойынша, Асан Қайғы
Қазақстанның және Орта Азияның жерін желмаясына мініп көп кезген ақылдана
болып суреттеледі. Оның бармаған жері, баспаған тауы жоқ десе де болғандай.
Адамның адамгершілік  қасиеттері табиғаттың әсемділік заңдылықтарынан
тағылым алып, сусындап отыруы тиіс. Адами ізгілікті қасиеттердің
қалыптасуының алғыштары табиғаттағы шынайы үйлесімдіктен, сұлулықтан бастау
алады. Сондықтан да Асан эститикалық мәселелерді, олардың қоғамдағы
көрінуі, шешілу бағамдарына тоқтала бермеген.Адамға аса қажетті көшу- қону
процесінде кездесетін қолайсыз табиғат жәйттерін, әсіресе малға, қолайсыз
болса да өмірдің басқа салаларына қажеттілігін дәлелдеп, анықтап отырған.
 Табиғаттың биік сұлулығына, оның мызғымас пәктілігіне шек келтірмейді,
тоқтам салмайды. Асанның сұлулыққа, әдімілікке қатынасы ерекше
шынайылықпен, көркемділікпен бейнеленіп, адамды шабытқа бөлейді.Табиғат
сұлулығын Асан эстетикалық сезімдер мен қабылдап, сол талғам тұрғысынан
оларды бағалайды. Асанның эстетикалық талғамы шындықты бейнелеу арқылы оның
белгілі бір дүниетанымдық көзқараспен сабақтастырады. . Жалпы Асанның адами
іліміндегі ұғымдар мен түсініктер түйіні мыналарға саяды: әділеттілік, ар –
ұят, өзін - өзі тежеулік, ымырашылдық, сабырлылық т.б. Аққу әсемдіктің ең
жоғарғы сатысы – ақсақтық  деңгейге көтерілген, оны құрметтеушілік,
қадірлеушілік адами парыз. Аққу сұлулықтың, тазалықтың символы. Оны ерекше
қасиет тұту парыз. Асан өзінің жан дүниесінің сұлулығын қоса суреттейді.
Француз философы А. Камюдің "Данышпан өз мөлшерін білетін ақыл иесі” деген
пікіір қанағатшыл Асанға да қатысты. Асанның ойлау жүйесіне осындай
халықтың табиғатпен күрделі идеялық қатынасын бейнелейтін ырымшыл үрдістер
әсер еткен.
Халықтың  дүниеге идеялық қатынастарын Асан өз пайыммымен қорытып, оны
жаңа деңгейге көтере білген. Асан табиғатпен бетпе – бет жүздесіп, оны
жандандырады, адам кейпіне түсіреді. Жүрек түбінде жатқан ойларын ақтарады.
Өзінің қалауын, тілегін табиғатқа осылай айту арқылы ол адамшылық парызын
орындайды.         Философиялық тұрғыдан пайымдасақ дүниедегі заттардың,
құбылыстардың, процестердің қасиеттерінің мәнділігін арқау ету арқылы
оларға тіке қарап, адамды, оның терең сырларын тануда. Асан ата – тек қана
қазақ халқы емес, бүкіл түркі халқының қастерлеп жүрген ұлы тұлғасы. Қазақ
үшін Асан ата – халықтың қамқоршысы, батагөйі, данышпаны, елдің бірлігін,
қамын,тыныштығын ойлаған қайраткер. Ол 1361 – 1470 жылдары өмір сүрген. Бір
аңыздың айтуына қарағанда, Асан Қайғы Сарыарқада, Ұлытауда дүние салды
деген сөз де бар. Бәрібір Сыр бойы аса киелі ,әруақты панасы болып
есептеледі. Ата қабірінің Шиелі жерінде бой көтеріп, алыстан айбарлы
көрінуі, күнде басында болып, тағзым етуіміз – мақтанатын жай. Олай болса
әлі күнге дейін жиналмай келе жатқан әулие мұралары толық жинақтау біздің
және келер ұрпақтың парызы.
Сәбитұлы Асан қайғы (14—15 ғғ.) — жырау, философ, қоғам қайреткері.
Еділ бойында дүниеге келген. Құрбанғали Халидұлы өзінің Тауарих хамса
атты еңбегінде әйгілі Майқы биді Асан қайғының арғы атасы еді дейді.
Берке хан дүниеден қайтқан соң (1359) Алтын Орданың тағына жанасқан
хандар баянды билік құра алмаған. Сондай баянсыз хандардың бірі Ұлығ
Мұхамед болса, Асан қайғы сол Ұлығ Мұхамед ханға сөзін өткізетін билерді
бірі болған. 15 ғ. 1420 жж. Ұлығ Мұхамед Сарайдан қуылып, Қазанды
паналағанда, Асан қайғы жасының егде тартқанына қарамастан өз әміршісінің
жанында болған.
Алайда, бас сауғалау болмысына жат Асанқайғы кешікпей қайтып оралып,
Әбілхайыр Ордасындағы шиеленіскен тартыстың ортасына түседі. Керей, Жәнібек
сұлтандар бастаған рулардың Әбілқайыр ұлысынан бөлініп шығуын
қолдаушылардың бірі Асан қайғы болады. Асан қайғының жыр толғаулары мен
нақыл сөздеріне қарағанда, Дешті Қыпшақтың кіндік мекені Еділ, Жайық
бойынан қазақ руларының ірге көтеруін қолдамай, Керей мен Жәнібекке көп
қарсылық білдіргені айқын аңғарылады. Асан қайғының Жерұйық іздеуіне
қатысты айтылатын аңыздардан да халықтың бас құрап, ірге орнықтырып, ел
болу қамын ойлауда оған шешуші міндеттің жүктелгені байқалады.
Ақыры, елдің ертеңін ойлап, еңсесін көтеруді өмірлік мұрат еткен Асан
қайғы Ордадан бөлінген қазақ руларын Шу, Сарысу бойына, Ұлытау төңірегіне
қоныстандыруға атсалысып, халықтың темірқазығындай бағдаршы болып өткені
мәлім.
Ел аузындағы қария сөздің айтуында, Асан қайғы Сарыарқада дүние салып,
Ұлытаудың топырағы бұйырған. Ал, Уәлиханов Шоқанның жазуында Асан ата
өмірінің соңғы жылдарын Жетісуда өткізіп, Ыстық көлдің жағасында дүние
салған.
Ел ішіндегі шежіре сөздер мен күй аңыздарына қарағанда, Асан қайғы
халық қамын ойлаған ақылгөй, көреген ғана емес, сонымен бірге дәулескер
күйші де болған. Көптеген күйлердің аты мен аңыз әңгімесі де әлі күнге
дейін айтылады. Өкініштісі, бүгінгі күнге Ел айрылған, Асан қайғы,
Желмаяның жүрісі, Зар сияқты санаулы күйлері ғана жеткен.
Ел айрылған күйінің құрылысы қарапайым болғанмен, лекіте қағып
отыратын сарынында терең күйзеліс сезіледі. Тіптен, не боларын күні бұрын
болжай алатын дананың шарасыздығы сияқты торығуы да жоқ емес. Мұны бастан
аяқ жалықпай сұңқылдап, талмай қайталайтын сырлы саздан аңғарасыз.
Ел айрылған күйін Ғұбайдолла Мұхитовтың (Орал) тартуында алғаш рет
А.В. Затаевич нотаға түсірген. Сондай ақ, толық, көркем нұсқасын 1964 жылы
Мұқас Құсайыновтың (Орал) тартуында Т. Мерғалиев нотаға түсірді.
Зар заман ақындарының ірі өкілдерінің бірі Мұрат Мөңкеұлы былай дейді:
Еділдің бойы – қанды қиян,
Жайықтың бойы – майлы қиян,
Маңғыстау бойы – шаңды қиян,
Адыра қалғыр, Үш қиян!
Үш қиянның ара бойынан
Жеті жұрт кетіп жол салған.
Жеті жұрттың кеткен жер,
Қайырсыз болған неткен жер?
 
Тұлпар мініп ту алған,
Дұшпанын көріп қуанған,
Алмасын қанға суарған,
Аруақты ерлердің
Абыройын төккен жер,
Керегесін кескен жер,
Кесіп бұршақ еткен жер,
Ердің соңы – Исатай
Бармағын тістеп өткен жер.”
Айтатыны жоқ, нағыз шерлі жүректен суырылған семсер сөздер. Ол –
ақынның ішкі алапат қарсылығы, қолында ойнатқан алдаспаны. Бірақ қанша
қаһарланса да ақын қауқарсыз, өйткені, аяқ-қолы маталған. Яғни:
Еділді тартып алғаны –
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны –
Ойындағысы болғаны.
Маңғыстаудың үш түбек
Оны дағы алғаны.
Үргеніш пен Бұхарға
Арбасын сүйреп барғаны,
Қоныстың бар ма қалғаны?!
Мал мен басты есептеп,
Баланың санын алғаны –
Аңғарсаңыз, жігіттер
Замананы тағы да,
Бір қырсықтың шалғаны!
Бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, Қазтуған жырау да:
Еділді алса – елді алар,
Енді алмаған не қалар?
Жайықты алса – жанды алар,
Жанды алған соң не қалар?
Ойылды алса – ойды алар,
Ойлашы, сонда не қалар? –
дейді. Еділ мен Жайық, соған ілесе Ойыл – “адыра қалғыр үш қияны” ата
кіндігіндей қатар жырланады. Неге? Кездейсоқтық немесе ақындардың сөз
ойнатуынан туған жанама тіркестер ме? Енді, Асан абызға да құлақ түрелік.
Ойыл деген ойыңды,
Отын тапсаң тойынды.
Ойыл көздің жасы еді.
Ойылда кеңес қылмадың,
Ойылдан елді көшірдің, –
дейді халықшыл қайғыгер. Көшпенділер ойшылы “Ойыл” деген сөзді
жоғарыда келтірілген бес жолдың төртеуінде қайталап отыр. Сонда оның
айтпағы не? Толғаулы атауға жетелеген қандай күш, қандай сиқыр? Қайткенмен
де осы бес ауыз сөзде бесбатпан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақын - жыраулардың қазақ философиясы тарихында алатын орны
Көшпелілер философы
Қазақ ауыз әдебиетінің түрлеріндегі және ақын- жыраулар шығармашылығындағы философиялық даналық
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТӨЛ ДҮНИЕ ТАНЫМЫ
Қазақ философиясының төл тарихы
Қазіргі заманғы өркениет
Қазақ пәлсапасы
Қазақ философиясында
Асан қайғының қоғам туралы философиясы
Міржақып Дулатұлының Абай шығармашылығын зерттеуі
Пәндер