Кейінгі орта ғасырдағы Осман империясы



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4
І.Кейінгі орта ғасырдағы Осман империясы
1.1.Осман империясының қоғамдық құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4.7
1.2.Антифеодалдық қозғалыстар мен көтерілістер ... ... ... ... ... ... ... ... ..8.9
1.3.Осман империясының жаулап алушылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ..10.14
ІІ.Осман империясының сыртқы саясатындағы Ресей мемлекеті.
2.1.Осман империясының сыртқы саясатындағы
өзекті мәселелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14.17
2.2.Орыс.түрік соғыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18.22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24.25
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26.30
Тақырыптың өзектілігі. ХҮІ ғасырдың қарсаңында Осман империясы өзінің қол астына Балқан түбегін түгелдей дерлік бағындырды. Патшалық Ресей, оның орнын басқан Кеңес өкіметі жылдарында түрікшілдікті «империяның саясатына қауіп төндіретін әрекет» ретінде бағаланды, сол себепті ол құғын-сүргінге ұшырады. Дегенмен Осман империясында ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы феодалдық қатынастардың дамуында жаңа заманға тән өзгерістер жүріп жатты. ХҮІІ ғасырдың ортасынан бастап жер иеленудегі сипахилік жүйенің ыдырауы тереңдей түсті. Мемлекеттің қоғамдық және шаруашылық өмірінде өзгерістер өтіп жатты. Сипахилердің жер иеліктерінен айырыла бастауы елдің әскери күш-қуатының, жергілікті және орталық өкімет билігінің әлсіреуіне себеп болды. Осыған байланысты түріктердің еуропалық иеліктеріндегі билігі біртіндеп қысқарып, соғыстан түсетін табыстары азая бастады. Оның есесіне провинциялардағы феодалдардың дербес билігі күшейіп, сепаратизм ұлғаюына жол ашылды. Осман империясының билеуші топтары басқыншылық соғыстарды жалғастыра отырып, жер иеленудің сақтап қалуға тырысып бақты. Бірақ жүргізілген басқыншылық соғыстар керісінше елді одан әрі шығынға батырып, дағдарысқа ұшыратты.
Осман империясы жаулап алынған мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымына, мәдениетінің, тілінің, дінінің дамуына өзінің үстемдігі арқылы ықпал етті.Сонымен қатар бұл мемлеккет басқа жаулап алған мемлекеттердің мәдениеті мен әлеуметтік-экономикалық құрылымына ықпал ете,көптеген елдерде ислам дінің таралауына да себеп туғызды.XVI ғасыр Осман империясының әскери және саяси күшінің гүлденген кезеңі. Осы кезде Осман империясы өз құрамына Таяу Шығыс және Солтүстік Африка территорияларын енгізді. Үздіксіз агрессиялық соғыстар нәтижесінде үлкен империя қалыптасты. Оның билігі әлемнің үш бөлігіне таралды: Европа, Азия және Африка. Ортағасырлық Түркияның Таяу Шығыстағы басты қарсыласы Иран осы кезде әлсірейді. Сауда жолдарындағы Осман империясының тағы бір қарсыласы Египет жеке мемлекет ретінде өз тәуелділігін жоғалтты. Нәтижесінде ол империя құрамына кірді.
Зерттеу пәні: Орта ғасыр тарихы оның ішінде кейінгі орта ғасырдағы Осман империясы мен Ресей.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Кейінгі орта ғасырдағы Осман империясы мен Ресейдің қарым-қатынасы мен олардың сыртқы саясаты туралы, қордаланған мәселелерді шешудегі қадамдарын зерделеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Нысанаға алған мәселенің мақсатын айшықтау үшін төмендегі міндеттерді белгіледік.
Әдебиеттер тізімі

1. Васильев Л.С. История Востока. Т. 1, 2. М., 1994.
2. Витол А. Османская империя (начало XVIII в) М., 1987.
3. Всемирная история. М., 1999.
4. Гасратян М.А., Орешкова С.Ф., Петросян Ю.А. Очерки истории Турции. М., 1983.
5. Гордлевский В.А. Государство Сельджуков Малой Азии. В 4-х томах М., 1960

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 -4
І.Кейінгі орта ғасырдағы Осман империясы
1.1.Осман империясының қоғамдық
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-7
1.2.Антифеодалдық қозғалыстар мен
көтерілістер ... ... ... ... ... ... ... ... ...8-9
1.3.Осман империясының жаулап
алушылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ...10-14
ІІ.Осман империясының сыртқы саясатындағы Ресей мемлекеті.
2.1.Осман империясының сыртқы саясатындағы
өзекті
мәселелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...14-17
2.2.Орыс-түрік
соғыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..18-22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .23
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
4-25
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 26- 30

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. ХҮІ ғасырдың қарсаңында Осман империясы өзінің
қол астына Балқан түбегін түгелдей дерлік бағындырды. Патшалық Ресей, оның
орнын басқан Кеңес өкіметі жылдарында түрікшілдікті империяның саясатына
қауіп төндіретін әрекет ретінде бағаланды, сол себепті ол құғын-сүргінге
ұшырады. Дегенмен Осман империясында ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы феодалдық
қатынастардың дамуында жаңа заманға тән өзгерістер жүріп жатты. ХҮІІ
ғасырдың ортасынан бастап жер иеленудегі сипахилік жүйенің ыдырауы тереңдей
түсті. Мемлекеттің қоғамдық және шаруашылық өмірінде өзгерістер өтіп жатты.
Сипахилердің жер иеліктерінен айырыла бастауы елдің әскери күш-қуатының,
жергілікті және орталық өкімет билігінің әлсіреуіне себеп болды. Осыған
байланысты түріктердің еуропалық иеліктеріндегі билігі біртіндеп қысқарып,
соғыстан түсетін табыстары азая бастады. Оның есесіне провинциялардағы
феодалдардың дербес билігі күшейіп, сепаратизм ұлғаюына жол ашылды. Осман
империясының билеуші топтары басқыншылық соғыстарды жалғастыра отырып, жер
иеленудің сақтап қалуға тырысып бақты. Бірақ жүргізілген басқыншылық
соғыстар керісінше елді одан әрі шығынға батырып, дағдарысқа ұшыратты.
Осман империясы жаулап алынған мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық
және саяси құрылымына, мәдениетінің, тілінің, дінінің дамуына өзінің
үстемдігі арқылы ықпал етті.Сонымен қатар бұл мемлеккет басқа жаулап алған
мемлекеттердің мәдениеті мен әлеуметтік-экономикалық құрылымына ықпал
ете,көптеген елдерде ислам дінің таралауына да себеп туғызды.XVI ғасыр
Осман империясының әскери және саяси күшінің гүлденген кезеңі. Осы кезде
Осман империясы өз құрамына Таяу Шығыс және Солтүстік Африка
территорияларын енгізді. Үздіксіз агрессиялық соғыстар нәтижесінде үлкен
империя қалыптасты. Оның билігі әлемнің үш бөлігіне таралды: Европа, Азия
және Африка. Ортағасырлық Түркияның Таяу Шығыстағы басты қарсыласы Иран осы
кезде әлсірейді. Сауда жолдарындағы Осман империясының тағы бір қарсыласы
Египет жеке мемлекет ретінде өз тәуелділігін жоғалтты. Нәтижесінде ол
империя құрамына кірді.
Зерттеу пәні: Орта ғасыр тарихы оның ішінде кейінгі орта ғасырдағы
Осман империясы мен Ресей.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Кейінгі орта ғасырдағы Осман империясы мен
Ресейдің қарым-қатынасы мен олардың сыртқы саясаты туралы, қордаланған
мәселелерді шешудегі қадамдарын зерделеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері: Нысанаға алған мәселенің мақсатын
айшықтау үшін төмендегі міндеттерді белгіледік.

✓ Осман имперясының ішкі жағдайы:қоғамдық құрылыс мен ел
ішіндегі сипаты жағынан әртекті көтерілістердің мәнін ашу;
✓ Осман империясының кейінгі орта ғасырдағы агрессиялық
саясатына шолу жасау;
✓ Орыс-түрік соғыстарын сипаты, кезеңдері, нәтижелерімен екі
жақты салдарын ашып көрсету, тарихи бағамдап саралау.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері: Кейінгі орта ғасырдағы Осман
империясы мен Ресейдің XVI-XVII ғ.ғ аралығындағы сыртқы саясатындағы
оқиғалар қамтылады.
Зерттеу жұмысының маңыздылығы: Зерттеу жұмысының теориялық нәтижелерін,
пайдаланылған әдебиеттерін Түркия мен отандық тарихты жазу барысында кең
көлемде пайдалануға болады. Жұмыстың негізгі тұжырымдарын жоғарғы оқу
орындарында Түркия Республикасының тарихы, Қазақстан тарихы, Өзбекстан
тарихы, Әзірбайжан тарихы дәрістерінде, сонымен қатар өлкетану, арнаулы
курс сабақтарында да пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының тарихнамасы: Орта ғасырлық Түрік мемлекеті туралы
зерттеулер шығыс тарихнамасында кездеседі. Осман империясы кезеңі ғылыми
тұрғыдан көптеген түрік тарихшыларының зерттеу жұмыстарында қарастырылады.
Нақты келтірер болсақ Х.Иналжіктің Оттомонская империя еңбегі [29],
Челеби Мехмед-эфендидің Посольская книга [14], кітабында көрсетілген.
ХҮІ ғасыр ортасында түрік мемлекетінің тарихын зерттеуде европалық
буржуазиялық тарихшылардың еңбектері ерекше орын алады.Оған айтар болсақ
Родригестің М.А Новая история стран Азии и Африки: XVI-XIXвв [33],
оқулығы, Мейердің К вопросу о происхождении тимара. Формы феодальной
земельной собственности и владения на Ближнем и Среднем Востоке. М., 1979
[21], атты еңбектерін атап айтуға болады. Сонымен қатар Осман империясының
кейінгі орта ғасырдағы Осман империясының қоғамдағы құрылысын Ресеймен
қарым қатынасын көтерілістерін жазған кеңестік жазушыларға шолу жасасақ
олар: Коняшин Ю.Н [17], Петросян Ю.А [31], Орешкова С.В [17], Крымский
А.Е [18], Маштакова Е.И [20], Карпов С.П [16], және т.б авторлар үлес
қосты.Қазақстан басылымдарының ішінде Кадырбаев А.Ш [1] еңбегі жарық
көрген.

Курс жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден,2 тараудан 5
тараушадан тұрады. Қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен,
қосымшадан тұрады.

І.Кейінгі орта ғасырдағы Осман империясы
1.1.Осман империясының қоғамдық құрылысы

ХҮІ ғасырдың қарсаңында Осман империясы өзінің қол астына Балқан
түбегін түгелдей дерлік бағындырды. Енді түрік сұлтандары 1501ж
Әзірбайжанда бұрыңғы Ақ Қойлылар мемлекетінің орнында құрылған Севевилер
мемлекетімен күресе бастады. Шешулі шайқас 1514ж тамыз айында Шалдырған
жазығында (Маку қаласының маңында)болды. Осман түріктерінің әскері жеңіске
жетті, Тавризды басып алды. Сұлтан Селим I Исмаил Шахтың қазынасын, бала-
шағасын Стамубға алып кетті. Сондай-ақ Тавризден 700 ұста-шеберлердің
отбасы да Стамбулға көшірілді. [№1]
1515 жылғы бітім шарты бойынша Түркияға Батыс Армения Эрзерум
қаласымен, Ирактың Мосул қаласына дейінгі солтүстігі қосып алынды.
Арменияның жартысы, Күрдістан, Ирактың көп жері және Әзербайжан сефевилер
мемлекеті құрамында қалды. Түркия мен сефилер мемлекеті арасындағы
Закавказье үшін күрес 1555жылға дейін толастамады. Бұл күрес сүннит
түріктердің шиит қызыл бастарға қарсы күресі ретінде жүрді.
Осман имериясының экономикалық дамуы оның әлеуметтік құрылымы мен
саяси ұйымдасуына тығыз байланысты болды. XV ғасыр авторлары мемлекетті
басқару жүйесі туралы айта келіп, ел тұрғындары негізгі екі топқа бөлінеді
деді. Олар әскерилер мен райялар. Біріншілеріне барлық сұлтан билігін
жүзеге асыратын сарай қызметкерлері, азаматтық чиновниктер, сипахтар мен
улемдер жатты. Екінші топқа бағынышты барлық мұсылман, мұсылман еместер
кірді.
Әскерилердің ресми ерекше белгілері сұлтанның ел басқару ісіне рұқсат
ететін дипломы немесе жарғысы болды. Іс жүзінде олардың қоғамдағы жағдайына
келсек ол өндіріске қатыспады, алым-салықтан босатылды және өндірушілер мен
салық төлушілерді қанау есебінен өмір сүрді.
XV-XVI ғасырлардағы осман саяси қайраткерлерінің пікірі бойынша
мемлекеттің басты мақсаты райаттарды билеуші топтардың қатарына өткізбеу
болды. Раяттан шыққан адам атасы немесе әкесі сипах болмаса сипах болу үшін
ешқандай талап ете алмады.
XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдың бірінші жартысында үлкен
жаулап алу жорықтарының нәтижесінде осман қоғамы әлеуметтік-экономикалық
дамуы жағынан және этнодіни біртекті емес халықтардың күрделі
конглемератына айналды. Осман қоғамында екі негізгі топтың ішінде бір-
бірінен өмір сүру дәстүрімен, дінімен, жұмысымен, тіпті өмір сүру
дәрежесімен ерекшеленіп тұратын әртүрлі категориялар пайда болды. Салық
төлейтін тұрғындар мұсылмандар мен мұсылман еместерге, қалалықтар мен
ауылдықтарға, көшпелілер мен отырықшыларға бөлінді.

Империя шекарасындағы мұсылман еместердің көптігі және олардың түрік-
мұсылман билеушілерімен қатынастарының нашарлауынан XV ғасырдың ІІ
жартысында грек-провославиялық, армян-григориян және иудеялық діни
қауымдастықтың қалыптасуына жағдай жасады.
Әскери тап та өз ішінде бірнеше жеке топтар мен қабаттарға бөлінді.
Олар жалпы қылыш адамдары мен қалам адамдары (людей пера) деп бөлінді.
Қылыш адамдарының негізгі қызметі әскери қызмет болса, екіншілерінің
қызметі мемлекеттік аппаратта қызмет жасау болды. Қалам адамдары (людей
пера) негізінен шығу жағынан мұсылмандар болып, құқықтары мен міндеттерін
ата-аналарынан мұраға алып қалды. Бұлар жергілікті жерлерде тәртіпті
қамтамасыз етуде маңызды роль атқаратын, астаналық билеуші топ қатарына
қосылуы кемде-кем болды. Империя ішіндегі берік экономикалық және
әлеуметтік байланыстардың жоқтығы Осман державасын негізінен ең алдымен
әскери күшпен әкімшілік аппараттың белсенді қызметінің негізінде өмір сүріп
отырған саяси қауымдастық ретінде қарауға болады.
Мұсылман заңдары бойынша сұлтан “Құдайдың жердегі көлеңкесі” деп
есептелді де барлық бағыныштылардың өмірі мен мүлкіне иелік етіп шексіз
билікке ие болды. Сұлтан қасиетті болып саналды. Империядағы сұлтаннан
кейінгі бірінші тұлға ұлы уәзір болды. Ол бүкіл саяси-әкімшілік және әскери
істердің барлығын шешті және оған қалған барлық уәзірлер, мемлекеттік
қайраткерлер, провинцияның губернаторлары бағынды.
І Сүлеймен тұсында астаналық муфтидың рухани беделі күшейді. Осман
билеушілері исламды орталық билікті нығайту үшін қолданды. Сұлтан үкіметі
маңызды іс-шараларды шешкенде муфтиден осы іске байланысты шариаттың
көзқарасын біліп отырды.
ХҮІ ғасырда түрік мемлекетінің әскери-феодалдық құрылысы өзінің
дамуының ең жоғарғы дәрежесіне жетті. Осман империясындағы қалыптасқан
әлеуметтік тәртіптер І-Сүлеймен сұлтанның (1520-1566) тұсындағы арнаулы заң
актілерімен бекітілді. І-Сүлеймен Кануни деген атақ алған. Ол заң
шығарушы деген сөз. Заң жинағы Канун-намэ деп аталды. Бұл заң бойынша
шаруалар феодалдың рұқсатысыз кете алмайтын болды, яғни шаруалар жерге
түпкілікті бекітілді. Кедейленген шаруалардың қалаға кетіп, қол өнерімен,
т.б. іспен айналысуына рұқсат етілмеді. Әрине, бұл шара қала мен оның
экономикасының дамуына зиян келтірді. Сүлейменнің заңдары орталық өкіметті
нығайтуға бағытталды. Енді жер үлесін бөлу жергілікті әкімшілік емес,
сұлтанның өз қолына көшті. Заң бойынша янычарлар саны 20 мыңға жетті.
Янычарлар топқа (ротаға) бөлінді. Олардың қару-жарағы жетілдірілді, тәртібі
күшейді. Сүлейменнің кезінде Түркияның 200 мыңдық әскер, 300 зеңбірек, 200
теңіздегі соғыс не сауда кемелерінің жиынтығы, яғни кемелік флот ұстауға
мүмкіндігі болды.
Түрік қоғамы негізгі 4 таптан тұрды: 1)оқымыстылар, рухани феодалдар
(үлемдер), 2)әскери феодал, 3)көпестер мен қала тұрғындары, 4)шаруалар
(райлар-табындар). Қала тұрғындары мен шаруалардың құқықтары шектеулі
болды.
Осман империясының еңбекші халқы түрік феодалдарының қатал езгісін
басынан кешірді. Салық төлеуге міндетті бүкіл халықты түріктер райя деп
атады. (бұл табын деген сөз). Жер мен суды пайдаланғаны үшін салық төлеуге
егін түсімінің жартысына жуығын беруге тура келді. Мешіт, бекініс және
басқа ғимараттар салуда шаруалар жұмысты тегін істеуге тиісті болды.
Феодалдың рұқсатынсыз шаруа тіпті бір ағашты кесе де , не жүзімдік өсіре де
алмады. Әр түрлі алымдардың саны 80-ге жетті.
Осман империясының қол астына қараған үш бірдей құрлықтағы мемлекеттер
мен халықтардың әлеуметтік және экономикалық дамуы әр түрлі деңгейде еді.
Империяның анадолы аймағы мен Балқан түбегіндегі халықтарда ауыл
шаруашылығы жақсы дамыды. Шаруалар феодалдарға ауыр салықтар төлеуге мәжбүр
болды. Ауыр езгіден қашқан шаруалар босқынға айналып, қалаларда тұрақтауға
әрекеттенді. Қалаларда олар қолөнершілерге айналып, қала халқының саны
өсті. Бағындырылған халықтардың жағдайы ерекше ауыр болды. Жаулап алу
кезінде түрік әскерлері елді сұмдық ойрандады, мыңдаған адамды өлтірді
және тұтқынға айдап әкетті. Егіс даласы өңделмеді, ашаршылық басталды.
Түрік әскерлерінің тонау шапқыншылығы жаулап алғаннан кейін де тоқталмады.
Мұсылман емес халықтар, басқа алымдармен қатар, жан басына өсірме салық
(яғни жасына қарамастан әрбір жаннан алынатын салық) төледі. Жаулап
алушылар жергілікті халықтың ана тілі мен мәдениетін қуғынға салды. Осман
империясындағы мұсылман емес халық мүлде правосыз болды. Оларға салт атпен
жүруге, қару-жарақ асынуға, түріктердің үйінен төбесі биік үй салуға
рұқсат етілмеді. Әсіресе тірі салық халыққа ауыр тиді: түріктер ең күшті
балаларды ата-аналарынан тартып алып, оларды зорлап мұсылман дініне
қаратты, янычарлар әскерінің қатарына алынды.
Янычарлар XVI ғасырдан XIX ғасырдың 20 жылдарына дейінгі Түркия
сұлтандығының іріктелген артықшылық жағдайындағы ауыр қаруланған тұрақты
жаяу әскері. Ол сұлтан тағының тірегі болып, өкіметті күзету, полицейлік
жұмыстарды және жазалау істерін де атқарды.
Түрік иелігіне қараған халықтар өз қожаларына тікелей тәуелді болды.
Түріктер Балқан түбегіндегі жаулап алған жерлерін әкімшілік-басқару жағынан
санжакқа (облыстарға) бөлді. Санжактарды түрік сұлтаны тағайындаған бейлер
басқарды. Балқан түбегіндегі жер түрік сұлтанының иелігіне көшті. Түрік
жерінен шаруаларды көшіріп әкеліп, оларға жер бөлді. Феодалдық жер иелігі –
спахи, ал мешіт иелігіндегі жерлер – вакуф деп аталды. [№3]
Балқан түбегіндегі халықтарға өте ауыр мемлекеттік салықтар салынды.
Жер салығы – харадж енгізілді. 5 - 7 жастағы ер балаларды Түркияда
тәрбиелеп, әскери янычар құрамдарына алып отырды. Шаруалар спахилік жер
иесінің меншігі болды. Түрік иелігі орнаған жерлердегі халықтарды райя
деп атады. Райя деген сөз мал деген мағынаны білдірді. Харадж салығы
кәпірлерге (христиан дініндегі адамдарға) салынатын салық еді. Үшір салығы
- өнімнің түсімінен алынатын салық (оннан бірі) түріне жатты. Шаруалар
жергілікті өкіметтің рұқсатынсыз өз үлесін тастап ешқайда кете алмады. Дін
жағдайы өте ауыр болды. Болгар, Серб жеріндегі христиан шіркеуіне тыйым
салынды. Ислам дінін қабылдағандарға жеңілдіктер жасалды. Ежелгі славян
тайпаларынан бері сақталып келген мәдениет орындары жабылды. Балқан
түбегінде Осман империясы мұсылмандандыру саясатын жүргізді. Болгар, серб
халықтары діни езгіге қарсы ұлт-азаттық құреске шығып отырды.

1.2.Антифеодалдық қозғалыстар мен көтерілістер

XVІ ғасыр басындағы антифеодалдық қозғалыстардың бірі 1510-1511
жылдардағы Шах-құлы басқарған қызылбастар қозғалысы болды. Ол жергілікті
феодалдар арасында Шайтан-құлы деген атпен белгілі болды. Көтерілісшілердің
саны 10 мыңға жетті. Көтерілісшілердің басты ұраны ауыр салықтардан құтылу
және жергілікті феодалдардың езгісінен құтылу болды. Көтеріліске
шаруалардан бөлек жерінен айырылып қалған сипахтар мен сұлтан саясатына
наразы феодалдар қатысты. Шешуші шайқас Сиваста болды және үкіметтің күшті
әскеріне төтеп бере алмаған көтерілісшілер жеңіліп, Иранға қашты.
1520 жылы Сивас пен Иозгат аудандарының аралығында жаңа көтеріліс
басталып, оны Джелял шейхтың баласы Шах Вели басқарды. Ол өзін Махди деп
жариялап, 20 мыңға жуық әскер жинады. Бұл көтеріліс жеңіліске ұшырағанымен,
осман билеушілерін қатты ойландырды.
1596-1605 жылдардағы Кіші Азияны, Солтүстік Ирак пен Сирияны қамтыған
ірі көтеріліс ағайынды Абдухалимдер Қара Языджи мен Дели Хасан басқарған
көтеріліс болды. 1592-1608 жылдары Календер-оглу көтерілісі Осман
билеушілеріне күшті қауіп туғызды. 1607 жылы оның іскерлері Бурсаны
бағындырғанда әскері 30 мыңға жетті. Календер-оглу жақтастары Анкарадан
Эгей теңізі мен Мрамор теңізіне дейінгі үлкен территорияны бақылауға алды.
Тек 1608 жылы тәжірибелі әскербасы Мурад – паша көтерілісшілерге үлкен
соққы берді. Календер-оглу азғантай әскерімен Иранға кетуге мәжбүр болды.
ХҮІ ғасырдың басында Кіші Азияның шығысында шаруалар көтерілісі болды.
Оның көсемі өзін Шахқұлы деп (Исмаил шахтың) атады. Сөйтіп, ол өзін шииттік
бағытты жақтаушы екенін білдірді. Оны сунниттік бағыттағы түріктер Шайтан
құлы деп атады. Түрік әскері көтерілісшілерді Сивас қаласының оңтүстігінде
талқандады. Аман қалған көтерілісшілер Әзірбайжанға қашты.
Шаруалардың жаңа көтерілістері Токата мен Амасья аудандарында өріс
алды. Оны Нуралы деген шаруа басқарды, ал ол өлген соң Жәлел деген
басқарды. 1519 жылы оның отрядтары Анкара маңында талқандалды. 1525 жылы
Баба-Зуннун басқарған көтеріліс болды. Көтерілісшілер Сивас қаласының
маңында талқандалды. 1526 жылы Малатья ауданында көтеріліс болды.
Көтерілісті шиит бағытын ұстанушы Календершах басқарды. Ол көтеріліс те
жеңілді.
Осман империясының сыртқы саясаты бай Закавказье жерлерін бағындыруды
көздеді. Бірақ түрік-османдардың бұл арманын жүзеге асыруға Сефевидтер
кедергі келтірді. 1525 жылы Турция Алжирды басып алды. 1524 жылдан 1533
жылға дейін Турция Габсбургтер империясымен соғыс жүргізді. Венгрияны
жаулап алумен аяқталды. Шешуші шайқас 1526 жылы Дунайдағы Мохач қаласының
маңында болды. Вегер, чех әскерлерін талқандап, түріктер Буда және Пешті
алды. Трансильван воеводасы Иоанн Запольені Венгрияның королі етіп
тағайындады да, оны өзінің вассалы деп жариялады.
1529 жылы түріктер Венаны біраз уақыт қоршап, ала алмай кейін қайтты.
1547 жылғы келісім бойынша Венгрияны Австрия мен Түркия бөліп алды.
Трансильвания (Румынияның солтүстігі)Түркия вассалына айналды.
Закавказьедегі соғыс әрекеттерін Түркия 1533-1538ж, (1547-1555ж), 1578-1588
жылдары жалғастырды. Осман империясы мен Сефевидтер державасы арасындағы
1555 жылы Амасьеде жасалған бітім шарты бойынша Батыс Армения (Ван көлінің
бассейіні), Батыс Грузия Түркия қарамағына көшті. Ал Шығыс Армения мен
Шығыс Грузия-Иран мемлекетінің қол астына кірді. Түріктер Арменияны
күрдтердің билеп-төстеуіне берді. [24.338]
Арменияның үстем таптары азаматтық күресінде үміттерін Батыс Европа
елдеріне, әсіресе Венеция көпестеріне артты. Әрине, Венеция тек армяндардың
бостандығы туралы емес, өзінің саудадағы үстемдігін ойлады. Закавказье
халықтары үшін әсіресе 1578-1588 жылдардағы иран-түрік соғысы өте ауыр
болды. Түріктер Грузияға басып кіріп, Тбилисиді алды. Түрік әскерлері
Арменияға кіріп, Ереванды талқандады. Ганжа мен Ширванды басып алып,
Дербентке дейін жетті. 1578 жылы Карабах пен Оңтүстік Әзірбайжанды да қол
астына қаратты. 1578 жылы Кырым татарларының көмегімен Шемаха, Баку
қалаларын, келесі -1579 жылы Тебризді басып алды. [№4]
1578 жылы Грузияның басып алынған жерлерін Гурджистан уалаятына
айналдырды. Ал ислам дінін қабылдаған грузин бай-феодалдарының мал-
мүліктері аман қалды. 1595 жылы Гуджистанда ең алғашқы адам санағы
жүргізілді. Бұл санақ бойынша жыл сайын түрік қазынасына 9,5 млн. Сом
салықтан жиналатын ақша түсіп тұратын болды. 1590 жылғы Иранмен жасалған
бітім бойынша Бүкіл Закавказье Түркияның қол астына көшті.
1595 жылы Ирактың солтүстігі мен Сирияда болды. Бұл антифеодалдық
қозғалыс еді. Көтеріліс Урфа қаласынан шыққан ағайынды Абдалхалим мен Дели-
Хасан басқарды. Көтерілісшілер 1600 жылы Кайсери маңында сұлтан әскерін
талқандады. 1601 жылы көтерілістер сәтсіздікке ұшырады. Қара-Язшы деп
аталып кеткен Абдалхалим тауға барып паналап, 1602 жылы сонда өлді.
Көтерілісшілерді Дели-Хасан басқарды. Ол 30 мың қолмен Токатты басып алды.
Сұлтан Дели-Хасанды Боснияға патша етіп қоямын деп алдады. 1605 жылы Дели-
Хасан өлтірілді. Көтеріліс жеңілді. 1610 жылы Әзербайжан мен Сирияда шиіт
туының астындағы көтеріліс болып, жеңіліспен аяқталды.

1.3. Осман империясының жаулап алушылықтары

Осман империясы жаулап алынған елдердің халқын тек қарудың күшімен
ғана бағындырып, ұстап отырды. Түріктер құлдыққа түсірген барлық халық:
Закавказьеде грузиндер мен армяндар. Орталық Европада венгерлер өздерінің
тәуелсіздігі жолындағы күресті тоқтатпады. Жаулап алушыларға қарсы оңтүстік
славяндар да ғасырлар бойы күрес жүргізді. Болгар және серб партизандары
–гайдуктар-қалаларға жиі-жиі шабуыл жасап тұрды, шаруалар көтерілістеріне
қатысты. Гайдуктардың күресі жөнінде халық өлеңдерінен көп жағдайлар мәлім
болды. Ер жүрек партизандар-өздерінің жерін қайтарып алу, өздерінің
балаларын босатып алу, әйелдерін құлдықтан құтқару, өздерінің әкелерін еске
алу, өздерінің аналарының кегін алу үшін... ормандар мен тауларға кетті.
Олар бір-бірінен айырылмауға, ақырына дейін адал болуға ант берді. Өлеңде
гайдуктар түріктерден жасырынып жүріп, ашыққан кезде тау топырағын жеуге,
шөлдегенде жапырақтардың суын соруға тура келді деген сөздер айтылады.
Ормандар мен тауларды партизандардан тазарту жөніндегі түрік әскерлерінің
әрекеттерінен түк шықпады. Шаруалар өз өмірлеріне төнген қауіпке қарамастан
гайдуктарды жасырды, бір үзім нандарын бөліп жеді, қауіп-қатерді ескертіп
отырды.
Жаулап алушалырдың ауыр езгісіне қарамастан, славян халықтары
өздерінің мәдениетін, әдеп-ғұрыптарын, тілін көзінің қарашығындай сақтады.
Мұсылман дінін қабылдап, сұлтан жағына қызмет істеуге шығып кеткен славян
феодалдарын еңбекшілер барынша жек көрді. Өздерінің ерлік күрестері
арқасында Балқан түбегінің халықтары Осман империясын әлсіретті және Батыс
Европаны түріктердің жаулап алуына кедергі болды.
Осман әскерлері Балқанда алғаш рет XIV ғасырдың XX жылдары
Византиядағы азамат соғысына қатысып, тепе – теңдік орнату үшін күресті.
Балқан түбегін XVI ғасырға дейін сұлтан II Мехмет мен сұлтан II Мұрад
тұсында Грекия, Сербия, Македонияны басып алды. XVI ғасыр басында түріктер
Молдоваға қарсы соғыс әрекетін бастады. Молдова 1460 жылдан кейін салық
төлеуден бас тартты. Өйткені Стефан 3 Ұлы 1475 жылы 120 мыңдық түрік
әскерін 40 мың молдован әскерін қақпанға түсіріп, түгелдей талқандайды.
Осыдан кейін түріктердің Молдоваға қарсы агрессиясы уақытша тоқтап қалды.
Селим I-нің тұсында Молдоваға 200 мың әскермен басып кіріп, 1503 жылы
оңтүстік Бесарабияны басып алады. Кейінгі локальды шайқастарды түріктер
молдован әскерін тізе бүктіре отырып, 1514 жылы Молдованы түпкілікті
талқандап, Осман империясының вассалы екенін, жылда салық төлеуге мәжбүр
етеді.
1521 жылы I Селим қайтыс болып, таққа 26 жасар ұлы I Сүлеймен отырады.
Оны Еуропада Сүлеймен Керемет деп атаса, түріктер өздері Сүлеймен Кануни
деп атаған. Кардинал Уолси Генрих 8 сарайындағы Венеция елшісіне айтқан
әңгімесінде: оның жасы 26 –да, ақыл-ойы кемелденген, оның әкесі сияқты
әрекет жасамауына кім кепіл - деген екен. Осыған қарап – ақ I Сүлейменнің
Венециямен алғашында бейбіт қатынаста болғандығын байқауға болады.
Сүлеймен Кереметтің таққа келуімен Венгрия корольдігінің Сербиямен
шекарада орналасқан қала-қамалын Белградты басып алады, бұл 1521 жыл еді.
Осы кезеңнен бастап, түріктердің Еуропаға 2 реттік жорықтары басталады.
Әрине, Еуропаға дәліз ашу үшін мықты плацдарм қажет еді, сондықтан түріктер
біріншіден Балқан түбегін басып алуы тиіс болды. 1522 жылы 13 желтоқсанда
Родос аралына десант түсіру арқылы, орталығы Родос қаласын басып алып,
иоаннит-тампилиерлерден азат етіп, Еуропадағы Рим папалығының жерін басып
алады, Венеция мен Генуя мемлекеттерінің мүдделеріне орасан соққы береді.
Бірақ бұл әскери кампанияда түріктер көптеген янычарларынан айырылып, қайта
қалпына келу үшін 3-4 жылдай жорықтарын тоқтата тұруға мәжбүр болады.
Түріктер ХҮІ ғасырда көптеген араб елдерін басып алды. Ең алдымен
1516-1517ж.ж сұлтан I Сәлімнің кезінде бостандығынан құрамында Ливан мен
Палестина бар Сирия және Егиепет айырылды. Түрік үстемдігіне дейін онда
мамлюктердің әскери-феодалдық кастасы билік құрды, оны мамлюк сұлтаны
басқаратын. Мамлюктер астанасы Каир болды.
1515-1517жылдары түрік сұлтаны I Сәлімнің әскері Сирия мен Египетті
басып алды. Түрік армиясы оқ-дәрімен атылатын қару-жарақпен қаруланған еді.
Мамлюктер қылыш, найза, садақпен ғана қаруланған болатын.Түрік
зеңбіректерінің гүрсіліне шыдай алмай, кейін қарай жосылған мамлюктер
сұлтаны аттан құлап қаза тапты.
Түріктер Сирияның астанасына жақындай бергенде жергілікті халық
мамлюктерге қарсы көтеріліске шықты. Түрік сұлтаны Сәлім I Дамаскке
салтанатты түрде келіп кірді. Ал Палестина қалалары түріктерге қарсылықсыз-
ақ беріліп отырды. Тек Египетте мамлюктер түріктерге айтарлықтай қарсыласып
бақты. Кансу Гуранның орнын басқан мамлюктердің жаңа басшысы Тұманбай
әскери бекініс тұрғызуға бұйрық берді. Ол Венецияның 80 зеңбірек сатып
алып, Каирдың шет жағасына орналастырды. Бірақ зеңбіректерді іске асыратын
мамандар болмағандықтан пайдалана алмады.
1517жылдың басында I Сәлім бастаған түрік армиясы Каирды басып алды.
Туман-бейді Егиепт бедуиндері Сәлімге ұстап берді. Ол Каирды дарға асылды.
Египеттен кейін түріктер Хиджазды (Батыс Аравия)басып алды. Мұсылмандар
үшін бұл ең қасиетті ел болып саналды. Жыл сайын Мекке мен Мәдинаға
Шығыстың көпетеген елдерінен миллиондаған адамдар қажылылыққа барып тұрды.
Бұл ел егінді Египеттен алып тұратын. I Сәлім Египетті жеңгеннен кейін
Меккедегі Кағба храмының кілтін алды. Енді ол өз лауазымына қос қасиетті
қаланың қызметкерідеген атақты қосып алды.
1620 жылы Түркия Польшамен соғысып, Цецора маңында жеңіске жетті. Ал
1621 жылы түріктер Украинаға басып кірді. Бірақ Хотиндегі шайқаста олар
жеңілді. Бірақ Польша мен Украинаға шабуылын тоқтатқан жоқ.Соғыстағы
шығындарының орнын толтырып біткесін, түрік үкіметі Венгрия корольдігіне
соғыс жариялады. 1526 жылдың сәуір айында түрік әскерлері Дунайдан өтіп,
Венгрия аумағына басып кіреді. Сәуір айының аяғына дейін түрік әскері
Венгрия ішіне ішкерілей еніп, ешқандай қарсылыққа тап болмайды. 1526 жылы
29 тамызда венгр әскерімен Мохаче қаласы түбінде кезігіп, түрік әскерлері
Венгр әскерін түгелдей дерлік жойып жібереді, ал Венгр королі Лайош шайқас
алаңынан қашып, батпаққа батып, мерт болады. 1526 жылы қыркүйекте түріктер
Будда қаласын шайқассыз алып, Венгрия мемлекетін өз қарамақтарына алады.
Сұлтан Сүлеймен Венгрияға өз орынбасарын отырғызып, өзі Стамбулға кетіп
қалады. Осылайша Венгрия 150 жылға түріктердің қарамағына өтеді.
Венгрияны басып алғаннан кейін османдар 1529 жылдың 27 қыркүйек пен
14 қазан аралығында Австрия астанасы Венаға шабуылға шығып, қоршауға алады.
Бірақ ауа райының қолайсыздығынан қаланы қоршауды тоқтатуға мәжбүр болды.
Түркияның Польшамен бітімдерінде 1621ж , 1631ж, 1640ж Украина
мәселесі өте маңызды орын алып отырды. Түріктер Запорожье казактарының Дон
казактарымен бірлесіп Қара теңіздегі қарақшылығын, түрік қалаларын
Синоп,Трапезунд және басқа тонаушылығын тоқтатуды талап етті. Бұл
талаптары орындалмаған соң түріктер Украинаға бірнеше рет соққы жауап
берді. 1654 жылы Украина Ресейге қосылған соң Ресей Түркияға соғыс ашты.
Бірақ көп ұзамай орыстар бұл соғысты тоқтатып, қаруын Польшаға қарай
бұрды.[24.337]
1532 жылы Еуропа мемлекеттері Австрияға көмекке жаңа әскерлер жіберіп,
түріктер бейбіт келісімге келуге мәжбүр болды. Келісім бойынша Венгрия
Османдар мен Австриялықтар аралығында формальды бөлініске салынды. Осы
кезден бастап Осман империясы мен Австрия империясы арасында Балқан түбегі
мемлекеттерін бөліске салу жүзеге асты.
1541 жылы түріктер Будда мен Пешт қаласын түпкілікті басып алды. 1547
жылы Австрия мен Осман империясы Венгрияны екіге бөлді: османдар Орталық
Венгрия мен Банатты алса, Австрияға континентальды Хорватия мен батыс
Венгрияны алды. 1566 жылы Трансильвания князі өзін османдардың вассалы
екенін мойындады. Бірақ кейінгі кезеңде де австриялықтар мен османдардың
арасында шекаралық қақтығыстар Славония, Крайна, Каринтия шекаралық
аймақтарында болып өтті.
1637 жылы түріктер Азовтың солтүстік жағын Ираннан тартып алып, қоныс
тепті. 1642 жылы орыстардың казак басқыншылықтарын талқандап, Азовты
түпкілікті бекінді. XVII ғасырдың екінші жартысына қарай Түркия құрлықта
250 мыңдық, теңізде 50 мыңдық әскер ұстады.
1645-1669 жылдар аралығы Эгей теңізіндегі аралдар үшін Осман империясы
Венециямен ұзақ соғысқа кірісті. Өйткені бұл аралдар еуропалықтар, яғни сол
кездегі әскери флоты бар Испания, Португалия сияқты мемлекеттерге теңіз
флотына дисколкациялыққа беру қаупі өте үлкен болды. 1664 жылы түріктер
венециялықтардан Наксос аралын, 1666 жылы Андрос мен Хиос аралдарын басып
алды. Осы аралдарды басып алғаннан кейін, түріктер 1665 жылы Балқанды
түпкілікті өзіне қаратып, оңтүстік Италияға десант түсірді. Осман - Венеция
соғысы түріктер үшін сәтті болғанымен, 1667-1669 жылдар аралығында Мальта,
Торонтоны тіке шабуылдауда сәтсіздікке ұшырады.
1645-1669 жылғы соғыста Осман империясы Венециядан Крит аралын басып
алып, еуропалықтарды Эгей теңізі мен шығыс Жерорта теңізінен уақытшаға
тазалады. 17 ғасырдың басына қарай түріктердің қол астында Грекия,
Албания, Македония, Болгария, Сербия, Черногория сияқты Балқан
мемлекеттері болды. Осман империясы болашақта болатын жорықтар мен
соғыстарда Балқан түбегін Еуропаға бағытталған жорықтарда плацдарм
ретінде пайдаланды.
Түркияның XVII ғасырдың басындағы әлсіреуін Иран шахы I Аббас
пайдаланып қалды. Ол 1606-1607жылдары түріктерден Баку, Дербент, Шамаха,
Ганжа, Ереванды алып қойды. 1613жылғы бітім бойынша Түркия Иранға
Әзербайжанды, Шығыс Грузияны, Солтүстік Арменияны, Лурситанды Батыс Иран
, Күрдістанның біраз бөлігін беруге мәжбүр болды.1622жылы Эрзерім
Солтүстік Шығыс Түркия , Бағдат пашалықтары империядан бөлініп шықты.
1623жылы Иракты,оның астанасы Бағдатпен қоса , Иран басып алды. Бірақ 1639
жылғы Иранмен жасалған бітім бойынша Түркия Батыс Грузиямен Батыс
Арменияға,Күрдістанның біраз бөлігін ие болды.1670 жылы Венециялықтардан
Кипр аралын басып алды. Еуропа үшін Кипр Жерорта теңізіндегі соңғы позиция
еді. Рим папасы Пий 2 батыс Еуропа мемлекеті басшыларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлы Морав мемлекеті
Осман империясының құрылуы мен мәдениеті
XVI – XVII ғасырлардағы осман империясы
Осман - түрік мәдениеті
Осман империясының құрылуы
Сефевилер мемлекеті
Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқу әдістемелік құрал
Ертедегі ғасырлар
Азия және Араб елдерінің өркенденуі
Қазіргі кездегі Күрд мәселесін жүйелі және кешенді түрде зерттеу мәселелері
Пәндер