Ортағасырлардағы Италия



Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Ортағасырлардағы Италия
2.1. ХІ ғасырдың ақырына дейінгі Италия
2.2. ХІ.ХІІ ғасырлардағы Италия
2.3. ХІІІ. ХV ғасырлардағы Италия
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Орта ғасыр тарихы алуан түрлі көрнекті оқиғаларға толы ұзақ дәуірді қамтиды:ол экономикалық және қоғамдық өмірдің, таптық күрестің жаңа формаларының тууы және дамуымен шиеленіскен саяси және идеологиялық қақтығыстармен,буржуазиялық алғашқы революцияларымен әйгілі болды. Орта ғасырларда адамзат материалдық және рухани мәдениеттің дамуы жөнінде тарихтың одан бұрыңғы кезеңдерімен салыстырғанда едәуір ілгері басты. Орта ғасырфеодалдық зорлық, надандық, отпен қинау инквизициясы, діни құлықтылықпен қоса, шаруалардың феодалдармен шіркеуге қарсы орасан зор көтерілісін, қала адамдарының феодал мырзалармен қатты шиеленіскен күресін, халық бұқарасының әлеуметтік арман қиялын білдіруші еркін ойдың тұңғыш көрінісі еретиктердің жаппай қозғалысын адамзаттың есінде қалдырды.
«Орта ғасыр» деген сөз (анығырақ айтсақ, орта ғасыр латынша medium aevum) Италияда XV- XVІ ғасырларда гуманистік бағыттағы әдебиетшілер мен тарихшылар тобының арасында пайда болды.
Жұмыстың өзектілігі: Ертедегі және классикалық орта ғасыр тарихының өзекті проблемасы тарихи материализм тұрғысынан алып қарағанда, тұтас бүкіл дүние жүзілік тарихи дәуірдің барлық қоғамдық қатынастарының белгілі құрылымын тудыратын өндіріс әдісі ретіндегі феодализмнің тууы мен мәнің ашып көрсету болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: Италия тарихы бойынша теориялық мәліметтерді талдау, тарихи кейбір мәселелерді студенттер қауымына ашып көрсету.
Жұмыстың міндеті:
1. VII-XІ ғасырдағы Италия тарихының мазмұны мен мәнін айқындау;
2. XI-XII ғасырлардағы Италия тарихын ашып көрсету.
3. XIII-XV ғасырлардағы Италия тарихын жазып көрсету.
Тақырыптық зерттелу деңгейі. Орта ғасырлардың басындағы Италиядағы тарихи шығармалардың негізгілері: Иорданның баяндауымен жеткен Кассиодордың «Гетикасы» (6ғ), Павел Диаконның «Лангобордтар тарихы» (8ғ) және Луитпрандтың тарихи шығармалары.Қалалардың өсуімен бірге Италияда ортағасырлық тарии ғылым дамып көркейе бастады. 11-13 ғасырларда көптеген қалавлардың тарихи хроникасы құрылды.
Италияда гуманистік тарихнаманың көрнекті өкілдері Леонардо Бруни, Поджо Броччолини, Флавио Бьондо болды. 18 ғасырда тарихнаманың басты мақсаты тарихи деректерді жинау,сынау және жариялау болды. Италияда буржуазиялық тарихи ғылымның қалыптасуы ағарту идеяларымен, сондай-ақ даму үстіндегі ұлттық қозғалыстың идеологиялық талаптарымен байланысты болды.
С.Д.Сказкиннің және Италия тарихы жөнінде маманданып жүрген басқа да кеңес академиктерінің бірқатарының (М.Л.Абрамсон, Е.В.Бернадская, Л.А.Котельников және басқалары) еңбектерінде 10-15 ғасырлардағы Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Италияның ааграрлық
Очерки истории Италии 476- 1918г. Пособия для учителя

Проблемы итальянской истории М., «Наука» , 1975

История Италий в з-х Т

Ефимов А.В.
Европа и Северная Америка ХҮв.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Ортағасырлардағы Италия
2.1. ХІ ғасырдың ақырына дейінгі Италия
2.2. ХІ-ХІІ ғасырлардағы Италия
2.3. ХІІІ- ХV ғасырлардағы Италия
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Орта ғасыр тарихы алуан түрлі көрнекті оқиғаларға толы ұзақ дәуірді
қамтиды:ол экономикалық және қоғамдық өмірдің, таптық күрестің жаңа
формаларының тууы және дамуымен шиеленіскен саяси және идеологиялық
қақтығыстармен,буржуазиялық алғашқы революцияларымен әйгілі болды. Орта
ғасырларда адамзат материалдық және рухани мәдениеттің дамуы жөнінде
тарихтың одан бұрыңғы кезеңдерімен салыстырғанда едәуір ілгері басты. Орта
ғасырфеодалдық зорлық, надандық, отпен қинау инквизициясы, діни
құлықтылықпен қоса, шаруалардың феодалдармен шіркеуге қарсы орасан зор
көтерілісін, қала адамдарының феодал мырзалармен қатты шиеленіскен күресін,
халық бұқарасының әлеуметтік арман қиялын білдіруші еркін ойдың тұңғыш
көрінісі еретиктердің жаппай қозғалысын адамзаттың есінде қалдырды.
Орта ғасыр деген сөз (анығырақ айтсақ, орта ғасыр латынша
medium aevum) Италияда XV- XVІ ғасырларда гуманистік бағыттағы әдебиетшілер
мен тарихшылар тобының арасында пайда болды.
Жұмыстың өзектілігі: Ертедегі және классикалық орта ғасыр тарихының
өзекті проблемасы тарихи материализм тұрғысынан алып қарағанда, тұтас бүкіл
дүние жүзілік тарихи дәуірдің барлық қоғамдық қатынастарының белгілі
құрылымын тудыратын өндіріс әдісі ретіндегі феодализмнің тууы мен мәнің
ашып көрсету болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: Италия тарихы бойынша теориялық мәліметтерді талдау,
тарихи кейбір мәселелерді студенттер қауымына ашып көрсету.
Жұмыстың міндеті:
1. VII-XІ ғасырдағы Италия тарихының мазмұны мен мәнін айқындау;
2. XI-XII ғасырлардағы Италия тарихын ашып көрсету.
3. XIII-XV ғасырлардағы Италия тарихын жазып көрсету.
Тақырыптық зерттелу деңгейі. Орта ғасырлардың басындағы Италиядағы
тарихи шығармалардың негізгілері: Иорданның баяндауымен жеткен Кассиодордың
Гетикасы (6ғ), Павел Диаконның Лангобордтар тарихы (8ғ) және
Луитпрандтың тарихи шығармалары.Қалалардың өсуімен бірге Италияда
ортағасырлық тарии ғылым дамып көркейе бастады. 11-13 ғасырларда көптеген
қалавлардың тарихи хроникасы құрылды.
Италияда гуманистік тарихнаманың көрнекті өкілдері Леонардо Бруни,
Поджо Броччолини, Флавио Бьондо болды. 18 ғасырда тарихнаманың басты
мақсаты тарихи деректерді жинау,сынау және жариялау болды. Италияда
буржуазиялық тарихи ғылымның қалыптасуы ағарту идеяларымен, сондай-ақ даму
үстіндегі ұлттық қозғалыстың идеологиялық талаптарымен байланысты болды.
С.Д.Сказкиннің және Италия тарихы жөнінде маманданып жүрген басқа да
кеңес академиктерінің бірқатарының (М.Л.Абрамсон, Е.В.Бернадская,
Л.А.Котельников және басқалары) еңбектерінде 10-15 ғасырлардағы Солтүстік,
Орталық және Оңтүстік Италияның ааграрлық эволюциясы зерттелді.
В.И.Руденбургтің 13-15 ғасырлардағы Италия қалаларындағы халық қозғалысы
деген зерттеуі 14-15 ғасырдың бас кезіндегі Италиялық қалалардың әлеуметтік
күресі тарихына арналған. Бұл еңбекте капиталистік қатынастардың пайда
болған алғашқы кезеңінде сәйкес туған әлеуметтік қайшылықтардың беті
ашылып, осы қалалардағы жалдамалы жұмысшылардың таптық күресінің алғашқы
кезеңдері, оның ішінде Флоренциядағы чомпи көтерілісі және 14-15 ғасырдағы
басқа қалалардағы көтерілістер зерттелді.

ІІ бөлім. Ортағасырлардағы Италия

2.1. ХІ ғасырдың ақырына дейінгі Италия
Көптеген жүзжылдықтар бойы Италия не әлеуметтік, не саяси жағынан
біртұтас ел бола алмады. Орта ғасырларда ол бірыңғай емлекет болмады: онда
тарихи негізгі үш аймақ - өз кезегінде жекелеген феодалдық мемлекеттерге
бөлшектенген Солтүстік, Орта және Оңтүстік Италия қалыптасты. Осы үш
негізгі аймақтың әрқайсысы бүкіл орта ғасырлар бойына өздерінің ерекшелік
белгілерін сақтап қалды. Бұл өзгешеліктер Апенин түбегі жеке бөлшектерінің
экономикалық, саяси және географиялық ерекшелікттерініен келіп туды.
Солтүстік Италияның үлкен бөлігін ҮІ-ҮІІІ ғасырларда Лангобардтардың
қол астында болып (оның Ломбардия деген атауы осы Лангобардтардан шыққан),
ал ҮІІІ ғасырдан бастап Корролинг империясының құрамына кірген По өзені
алқабындағы құнарлы жерді – Ломбардия алып жатты.
Орта Италияның басым бөлігін Папа аймағы, орталығы Римді қосып дүнияи
папалар мемлекеті (оны Қасиетті Петр вотчинасы деп атады) және Лонгобард
иеліктерінің қалдықтары – бірде папаға, бірде Королингдерде вотчиналық
тәуелділікте болған Беневент және Сполето герцогтықтары иемденді. Рим
папасы иелігінен солтүстікке қарай Тоскана Герцогтығы жатты.
Сотүстік және орта италия 843 жылғы Верден бітімінен кейін Королинг
империясының бір бөлігі болудан қалды да, ІХ ғасырдың ортасынан бастап
олардың жоғарғы сюзерені Павияда (Италия королдігінің сол кездегі астанасы)
Лангобард каролдерінің темір тәжін кигізгеннен кейін, карол атағын алған
Италия каролі болды. Бірақ бұл шын мәнісінде тек атақ қана еді. Шындығында
солтүстік Италияда да, орта Италияда да өкімет жекелеген феодалдардың
қолында болды.
Оңтүстік Италия мен Сицилия аралы да ХІ ғасырдың ақырына дейін
жекелеген феодалдық иеліктерге бөлінді жәні жиі – жиі шет ел басшыларының
қолына ауысумен болды. ҮІ ғасырдан бастап ұзақ ұақыт бойы елдің оңтүстік
бөлігіне Византия империясы үстемдік етті. Апулия, Калабрия, Неаполь мен
Сицилия византия провинциялары еді. ІХ ғасырда мұнда жаңа басқыншылар –
арабтар (сарациндер) басып кірді. Олар бүкіл Сицилияны жаулап алып, онда
Палермоны орталық етіп имерат құрды; арабтар уақытша Апулияны да өздеріне
қаратты.
Үздіксіз феодалдық алауыздықтар мен Византия және араб басқыншылары
арасындағы шиеленіскен күрес оңтүстік Италияға Нормандардың (Нормандиядан
келген) баса – көктеп кіруіне жағдай жасады. Нормандар бүкіл оңтүстік
Италия мен Сицилияны жаулап алып, мұнда ХІІ ғасырдың басында (1130 жылы)
бүкіл оңтүстік Италия жерін енгізген Сицилия каролдігінің негізі қаланды.
Италия саяси картасының ала – құла болуы феодалдық қатынастардың
дамуын қиындата түсті. Лангобардтар тұсында ҮІ-ҮІІІ ғасырлар бойы Солтүстік
және Оңтүстік Италияда феодалдық қатынастардың қалыптасуы процесі жүрді.
Бұл процес мұнда бір сыдырғы өзгеше болды. Көп күшпен Италияға баса –
көктеп кірген Лангобардтар жерлерді басып алып, Рим құл иеленушілерін
өлтірді, қуып жіберді. Олар өздері басып алған жерлерге жергілікті
тұрғындардан бөлек қоныстанды: фара деп аталған рулық қауымдарға, қандас
рулық топтарға қарай қоныстанды. Бағындырылған Рим тұтқындарынан, негізінен
колондар мен басқада жер өндеушілерден олар астықтын 13 көлемінде заттай
салық алып тұрды.
Үздіксіз соғыстар мен Лангобард ақсүйектерінің жерді басып алуына
байланысты, сондай – ақ Римдегі жеке меншік ықпалы мен ерікті қауымдықтар
арасында тапқа бөліну және Лангобард фараларының ыдырауы басталды. Бұл
процестің ең басты нәтижесі жерге жеке меншікттің шығуы болды: ҮІІ ғасырдың
ақырында – ақ лонгобардтардың егістік учаскілері аллодқа айналып, жердің
қолдан – қолға өтуіне және ірі жер иеліктерінің тууына жағдай жасады. Бұл
ең алдымен король жасақшыларының – гезиндтердің, әскер басышыларының -
герцогтардың, графтар мен корольдердің өздерінің ірі жер иеліктері еді.
Сондай-ақ шіркеулік және монастырьлік жер иеліктерінің ұлғайа түсуінің де
маңызы зор болды. ІХ ғасырға қарай дүнияи және діни ірі жер иеленушілерден
негізінен феодалдар табы қалыптаса бастады.
Ірі жер иелерінің өсуімен қатар жер шоңжарларынан (патронатпен
коммендация) қамқорлық іздеуге мәжбүр болған, сөйтіп, бірте – бірте тәуелді
жер иеленушілерге айналып, өз жер учаскелеріне иелік ету правосынан
айрылған ерікті село тұрғындарының жүдеп жадауы басталды. Лангобард
үстемдігінің алғашқы кезенінің өзінде-ақ Рим құлдары мен колондарының
негізгі бұқарасы Лангобардтардағы құлдар мен жартылай еріктілерге ісінісе
бастады. Кейін тәуелді тұрғындар – құлдар, колондар, жартылай еріктілер
жүдеп – жадаған еріктілермен түгелдей сіністі де, олар бірте-бірте
феодалдық – тәуелді шаруалар тобына айналды.
Алайда Лангобардтардың Италиядағы мекендерінен оқшау болуы, қауымдық
ұйымның, рулық қатынастыардың ұзақ уақыт сақталуы және т.б. себептерден
мұнда феодалдандыру процесі баяу дамыды. ҮІІІ ғасырдың аяғында Италияны
Франктердің жаулап алуы феодалдық қатынастардың дамуын жеделдете түсті. ІХ-
ХІ ғасырларда ерікті егіншілердің жүдеп-жадауы және тәуеллді шаруа – жер
ұстаушыларға айналу процесі күшейді. Мұндай шаруаны ұстау заң бойынша
келісім жасап, жерді 29 жылға арендаға алуқа право берді. Бұл аренда
либелла деп аталды да, іс жүзінде феодалдық қанаудың бір түрі болды: шаруа
– либеллярий шыққан өнімінің 13 немесе ¼ бөлігін феодлға берді және оған
барщинада жұмыс істеді. ІХ-ХІ ғасырларда шаруаларды ұстаудың либеллярлық
түрі басым болды. Шаруалар көбіне жерді прекарий жағдайында да, салық
төлеп, барщинаны орамдап ұстады. Сондай-ақ ұстаудың мынадай емфитевзис
фомасыда кен тарады. Бұл – жер учаскеін пайдаланудың кейбір праволары
жағдайында (оны иелік көлемінде шектетуге де мүмкін болды) натуральді
немесе ақшалай салық төлеп мәңгі мұрагерлік арендаға алу.
ІХ-Х ғасырларды либеллярлар мен прекаристердіңбасым бөлігі феодалдарға
тікелей тәуелді болды да – крепостнойға айналды. Шаруалар крепостнойлыққа
қарсылық көрсетті, жер иеленушілермен соттасып көрді, жиі-жиі қолдарына
қару алып өз еркіндіктерін қорғады немесе жаңа орындарға қашты, алайда жер
иеленушілердің күшіне төтеп бере алмады.
Крепостной шаруалар айыптарының ішінде барщинаға үлкен орын берілді.
Крепостнойлар барщинада жылына 2 – ден 12 аптаға дейін, толып жатқан
монастрь шаруашылықтарында көктемгі егіс және егін жинау науқандарында –
аптасына 3-5 күнге дейін жұмыс істеді. Көптеге жергілікті жерлерде шаруалар
қосымша натуральды салық төледі. Мұның сыртында олар құрлыс және жол
жұмыстарын атқарды, соттық және базарлық салықтарды төледі, қосымша
салықтар шығатың мырзаның баналитеттік праволарың сақтауға міндетті болды.
Барщина мен қатар өнімдік рента да айтарлықтай орын алды. ҮІІІ ғасырдан
бастап шаруалар ақшалай төлемдер де түсіре бастады. Сөйтіп, Италияда ақша
рентасы анағұрлым ерте дамыды.
Крепостнойлармен қатар феодалдарға жергілік тәуелділікте болған және
оның пайдасына белгілі міндетті қызмет атқаратын жеке басын еркін
ұстаушылар тобы да сақталды. Жер учасккелеріне меңшік ететін, ерікті
шаруалардың да біраз бөлігі сақталды, бірақ феодалдандыру
процесіндешаруалар қауымдары сеньор – феодалға бағындырылды. Италияда
шіркеулік жер иелігі аса зор роль атқарды; ҮІІІ-ІХ ғасырларды мұнда
көптеген тәуелді және крепостнои шаруалар жұмыс істеген ірі монастрь
шаруашылықтары құрылды.
Оңтүстік Италия өзінің әлеуметтік – экономикалық дамуы жөнінен
солтүстік және орта Италиядан көп өзге ше болды. Италияның Оңтүстігі мен
Сицилия остгот және лангобард шапқыншылықтарына аз ұшырады; олар ұзақ уақыт
бойы мұнда құл иеленушілік тәртіпті сақтауға тырысқан Византияның қол
астында қалды, оларды жат жер басқыншылары талан – таражға салмен болды,
өйтіп осының бәрі бұл аймақтардың анағұрлым артта қалуына себепкер болды.
ІХ-ХІ ғасырларда олар феодализмнің алғашқы баспалдағында тұрды. Мұнда
феодалдық иеліктер әлі де толық қалаптаса қойған жоқ-ты, негізгі жұмысшы
күші крепостной шаруалардан емес, колондардан, құлдар мен ұсақ ерікті
арендаторлардан құрылды. Бірыңғай феодалдық тәуелді және крепостной
шаруалар табы әлі қалыптаспады.
Феодалдық қатынастардың ерте қалыптасуы және шаруаларды ұстаудың
либеллярлық түрінің тарауы ауыл шаруашылығында өндіргіш күштерді даму
дәрежесін едәуір көтеруге және Солтүстік пен Орта Италияда анағұрлым ерте
товар – ақша қатынастарының тууына және қолөнерінің ауыл шаруашылығынан
ажырауына әкеп соқтырды. Осының нәтижесінде орта ғасырдағы жаңа
экономикалық орталықтар – қалалар пайда болды. Олар Италияда Еуропаның
басқа елдерінен бұрын ІХ-ХІ ғасырларда туа бастады. Көбіне сонау Рим кезіне
сақталған көптеген Италия қалаларының көне дуалдары мен үйлері қолөнер мен
сауданың негізінде өсіп өркендеді.
Луккада ІХ-Х ғасырдың өзінде қолөнершілер жұқа шұға шығарып теңге соға
бастады. Павияда Х ғасырда көпестер мен қолөнершілер (тері илеушілер, теңге
соғушылар және т.б.) корпорациясы өмір сүрді. Қолөнерінің дамуы сауда
операцияларының кенеюіне жол ашты.
По өзенінің алқабындағы қолайлы сауда жолында орналасуы Ломбардияның
ірі қолөнер орталығы Милан, тоқыма өндірісі дамыған ІХ ғасырдың өзінде
жылына төрт жәрменке өткізілетін, қару – жарақ пен тоқымашылық жөнінен
ертеден-ақ танымал болған Пьяченца – қолөнері және сауда орталығы – Верона
сияқты қалалардың өркендей түсуіне қолайлы жағдай жасады. Альпы асулары мен
Апеннин тауларынан басталып, осында өзен жолдарына ұласатын жолдар
үстіндегі Павия аса маңызды сауда орталықтарының бірі болды. Пьяченцадағы
сияқты Павияда да жәрменке ашылды.
ІХ-ХІ ғасырларда Италияда әсіресе Батыс пен Шығыс елдері арасында
делдалдық сауда жасайтын қалалар ерекше өсті (ішкі сауда мйлінше аз
дамыды): Венеция ҮІІІ-ІХ ғасырларда – ақ Адриат теңізі жағалауларында грек
қалалары мен, Египетпен және Сириямен сауда жасады. Х ғасырда батыс Жерорта
теңізімен сауда қатынасын жүргізген Генуя мен Пизаның маңызы күшейді.
Оңтүстік Италия қалалары Амальфи мен Баридің делдалдық саудасы кен қанат
жайды: олардың кемелері Византияға астық, зәйтүн майын, қару – жарақ әкеліп
бұл жақтан шығыс тауарларын тасыды. Италия қалаларының байлығына шетел
феодалдары көз тіге бастады.
Жоғары да атап көрсеткеніміздей, Италия біртұтас ел болмады. Италия
каролдерінің Солтүстік және Орта Италиядағы өкіметі жасанды ғана болды, ал
Оңтүстік Италияға билігі жалпы жеткенде жоқ. Х-ХІ ғасырлардағы Италияяның
толық феодалдық бөлшектенубейнесін толып жатқан феодалдық князьдіктермен –
герсогтықтармен, графтықтармен, маркграфтықтармен және эпископтықтармен
бірге көптеген қала – мемлекеттер де толықтыра түсті. Италия қалаларының
ерте дамуы олардың феодал сеньорларының үстемдігінен ерте құтылуға
мүмкіндік жасады. ІХ-ІХ ғасырларға дейін Солтүстік және Орта Италия
қалаларында саяси өкімет феодалдардың – герцогтардың, графтардың,
эпископтардың қолында болды. Х ғасырдан бастап қалалардың сеньорларымен
күресі нәтижесінде (бұл күрес ІХ ғасырда басталды) кейбір қалаларда өзін -
өзі басқаратын қаллалық қауымдар (коммуналар) туа бастады, олардың көпшіліг
ХІ ғасырдың ақырына қарай өз алдарына мемлекетке – қалалық республикаларға
(Милан, Пьяченца, Верона, Падуя, Парма, Венеция, Генуя, Пиза, Флоренция,
Лукка, Сиена және басқалары) айналды.
Италиядағы саяси бөлшектену мен итальян феодалдары арасындағы ала
ауыздық күрестің шиеленісін пайдаланған герман королі І Оттон 962жылы Римге
жорыққа шығып, оны басып алды да, император тәжіне ие болды. Құрамына
Германия мен Италияның едәуір бөлігін кіргізген Рим империясының құрылуын
жариялады. Бүтіндей жасанды және ақылға сыймайтын не ортақ экономикалық
базасы, не этникалық тұтастығы жоқ бұл саяси құрылым Италия үшін оның
тарихының көптеген жүз жылдары бойы есепсіз қайғы- қасіреттің себебі болды.
Өздерін итальян жерінің қожасы санаған герман корольдері мен императорлары
Италияны тонау үшін, неміс феодалдарының жорықтарын ұдайы ұйымдастырып,
оларға өз үстемдіктерін жүргізді.
ІХ ғасырда папалық құлдырау шегінде тұрды. Римдегі әр түрлі феодалдық
сұрқиялар папа тағына өздеріне тиімді адамды отырғызу үшін үздіксіз күрес
жүргізді. І Оттонның Римге жасған жорығынан кейін папалар, папа тағына
өздері қалаған адамдарды отырғыза бастаған, герман иператорларының
бақылауында болды. Рим шіркеуінің басшысы – папа, сөйтіп, герман
билеушілеріне тәуелді болып қалды. Бұл жағдай ХІ ғасырға дейін созылды. Бұл
уақытқа дейін папа герман корольдері басқарған қуатты Рим империясын құру
тәрізді негізсіз идеясын қолдады, сөйтіп, реакциялық роль атқарып, Италиян
халқын сатып кетті. Италия орталығында өзін - өзі басқаратын дүнияи папалар
мемлекетінің өмір сүруінің өзі елдің бірігуіне кесірін тигізген үлкен
кедергілердің бірі болды.
Папаларда, герман корольдеріде, провансаль билеушілері де араласып
отырған Итальян феодалдарының үздіксіз алауыздық күресі елге барғансайын
жаңа басшылардың - византиялықтардың, венгерлердің, герман феодалдарының,
арабтардың, нормандардың басып кіріп, Италлияны талан – таражға салып
әлсіретуге, оның саяси өміріндегі берекесіздіктің күшейуіне қолайлы жағдай
жасады.
Сөйтіп, Италияның әлсіздігі мен саяси бөлшектенуіне оның жекелеген
географиялық аймақтарындағы саяси – экономикалық дамудың әртүрлілігі,
олардың феодалдану дәрежесі мен қарқынынңдағы айырмашылықтар, үздіксіз
феодалдық алауыздықтар себеп болды. Бұлар оның бірыңғай мемлекет болуына
кедергі жасады. Елді үнемі тонап, әлсірете түскен әр түрлі басқыншылардың
үздіксіз шабуылдары феодалдық көп өкімет дәстүрін нығаайта түсті. Сыртқы
риногтағы мақсаттары бір – біріне қайшы келген Итальян қалаларының ерте
баталған бәсекесі де экономикалық бытыраушылық пен саяси бөлшектенуге жол
ашты. Итальян мемлекеттерінің бірігуіне кедергі жасаған папаның реакциялық
саясаты Италияда көптегн жүз жылдар бойы саяси бөлшектенудің сақталуының
аса маңызды себептерінің бір болды.
Алайда Италиядағы әлеуметтік – экономикалық және саяси дамудың күрделлі
жағдайына қарамастан, ІХ-ХІ ғасырларды шетел басқыншылары мен ауыр да ұзақ
күресте туған итальян халқының қалыптасу процесі жүрді; бұл халықты толып
жатқан басқыншылар құрта алмады. Керісінше, басқыншылар жергілікті
тұрғындармен араласып, латын тілінің негізінде шыққан итальян халқының
тілін үйренді, оның ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетін қабылдады.

2.2. ХІ-ХІІ ғасырлардағы Италия
ХІ-ХҮ ғасырлар бойына Италия, Германия сияқты саяси бытыраңқы ел
болып қала берді. Елдің тарихи дамуының өзгешелігіне қарай мұнда негізгі үш
аймақ бөлініп шықты: Солтүстік Италия мен Тоскана, Папа аймағы мен Оңтүстік
Италия.
Солтүстік Италия мен Тоскананың басты ерекшелігі қалалардың орта
ғасырлардағы Еуропаның өзге елдеріне қарағанда, тым ертерек және анағұрлым
тезірек дамуында болды. ХІ-ХІІ ғасырларда бұл ауданның қалларында сауда –
қолөнершілік ісі көбірек күшейе түсті. Сиена мен Пизада, Флоренция мен
Пьяченцада және Милан да шұға маталары, Кремонада – зығыр маталары, Луккада
– жібек маталары өндірілді; Венеция мен Генуяда және Пизада кемелер
жасалынды; Венецияда тері – терсектер мен аң терілері және кенеп өңделіп
шығарылды; шыныдан жасалынған Венеция бұйымдарының ХІІ ғасырдың өзінде – ақ
қаладан шалғай жерлерде даңқы шығып жатты; Тоскана мен Ломбардия да темір
рудасы өңдірілді; Милан әртүрлі қару – жарақты және талшық тарауға арналған
мметал щеткаларын (жүн тарағы) өндеп шығару мен де әйгілі болды.
Қолөнердің, атап айтқанда, құрлыс ісінің дамуына қалалық бекіністердің
салудың қажеттілігі себепкер болды. Кремона мен Модена, Бергамо мен Павия
және Милан – қаланы сырқы жаудан қорғайтұғын өре жетпес биік дуалдармен
айнала қоршалынды. Италия қалаларының қолөнершілері, Батыс Еуропаның барлық
жерлеріндегі сияқты цехтарға біріктірілді. ХІІ ғасырда қолөнершілердің
корпорациясы солтүстік қалалардың басым көпшілігнде және Орта Италияның
көптеген қалаларында құрыла бастады. Мысалы, ХІІ ғасырдың аяғында Миланда –
қоолөнершілер корпорациясының Креденца св.амвросия деген одағы пайда
болды; Флоренцияда бірнеше қолөнершілік цехтар: сырттан әкелінген шикі
заттан жүн маталарын өндіруші, жүн өнеркәсіпшілерінің Лана цехы,
француздық және немістік дөрекі шұғаларды қайта өңдеп жақсарту мен
айналысқан – шұға бұйымщдарын өңдіретін мамандардың Калиммалы қалыптасуға
айналды. Қолөнершіліктің негізінде қалаларда сауда – саттық жұмыстары жедел
өркендеп жергілікті маңыздылықтың шегінен асып шыға бастады.
Миланда, әдеттегі күнделікті риногтан бақа, жылына төрт рет жәрменке
ашылып оған итальяндық және шетелдік қалалардың көпестері келіп жиналды;
мұнда олар қару – жарақ пен шұға маталарының және шығыстық тауарлардың
саудасын жүргізді. ХІІ ғасырда Адриатика мен Ломбардия арасында жүргізілген
саудада Венеция ен негізгі делдал болып саналды; қалаға Ломбардия мен
Тоскан және Эмилия қалаларының көпестері ағылып келіп жататын болды, ал
немістің көпестері онан қонақ үй (фондако) алып тұрды. ХІІ ғасырда
Феррарада жылына екі рет жәрменке ашылып тұрды; бұған Ломбардия мен
Тосканың және екінің бірінде Франция мен Германиядан да көпестер келіп
жиналды.
Сонымен, тауар айырбасы елдің тек кейбір қалалық округтары мен
аймақтарының ішінде ғана емес, сонымен қатар аймақтар арасында да өсті;
кейьір жәрменкелер жалпы итальяндық және, тіпті жалпы Еуропалық маңызғаие
болды. ХІ-ХІІ ғасырларда Итальяндық қалалардың халықаралық экономикалық
қарым – қатынастары да ұлғайа түсіп, өсуге айналды: олар Египет, Алжир,
Тунис, Марокка мен сауда саттық істерін жүргізді; Генуя Катаония мен
Провансте орнығып, Солтүстік Африкада өзінің отарларың ұстады; Оңтүстік
Францияның қалаларында, Корсика мен Сардинияда Пизаның бүтіндей кварталдары
болды; Венеция Адриат теңізінің Далматтық жағалауындағы кейбір қалалар мен
жерлерді өөзіне бағындырды. Италияны қоршап тұрған теңіздерінің
византиялықтар мен арабтардың үстемдігінен босаулары, сондай – ақ крест
жорықтары сауда – саттық ісінің өркендеуіне мүмкіншілік туғызды. Крест
жорықтарының нәтижесінде Венеция, Генуя, Пиза, Анкона Таяу шығыспен
(Левантпен) тұрақты сауда саттық қарым – қатынастарын жасап, онда сансыз
көп сауда саттық факторияларын орнатты. Олар онан бұрыш және басқа дәмділік
тағамдары мен мақтаны, жүн мен шұғаларды бояитын заттарды әкеліп, онда
астық пен мал және металл бұйымдрын шығарып өткізіп тұрды Шығыстағы
делдалдық сауда саттық жұмыстары итальяндық қалаларға адам айтқысыз көп
пайда келтірді. ХІІ ғасырдың басында – ақ Солтүстік және Орта Италияның
қалалары жетекші экономикалық күштерге айнала бастады.
Алайда қолөнер кәсібімен сауданың одан әрі өркендей беруіне қорқыныш
тудыратын қалалардың жауы, - феодалдық – сеньорлар болды. Италия да бұлар,
қағида бойынша, эпископтар болған еді. Олардың жағдайы І Оттоның Италияға
жасаған жорығына байланысты бұрынғыдан да гөрі нығайа түсті, ол
эпископтарға кен саяси: сот правосын, әкімшілік басқару, кеден және
рыноктық баж салығын жинау, монет соғып шығару және т.б. праволар берді.
Қаланың бүкіл саяси және экономикалық өмірі епископ – сеньордың бақылауында
болды. Бұл жағдай, әрине, қалалардың одан әрі дами беруін бөгеп, өндіргіш
күштерге тұсау салды. Қалалардың сауда - қолөнерші халқы пополандар ХІ-ХІІ
ғасырларда едәуір күшейіп, өзінің дұшпаны сеньорлармен күреске кірісті. Бұл
күрестің ең алғаш рет тұтанулары ІХ-Х ғасырларда басталып, ХІ ғасырда
мейлінше кең өріс алды. Германиядағы сияқты, итальияндық қалалардың да бұл
күресте корольдік өкіметпен одастастығы болмады, өйткені Солтүстік Италия
өз алдына дербес корольдік бола аомады, ал герман императорының өкіметі
мұнда таза номинальды түрде болып қала берді. Бірақ та қала халықтары
екінің бірінде ұсақ феодалдармен – вальвассорлармен одақтаса берді. Бұлар
сауда- саттыққа жиі қатысып, ірі феодалдар өкіметінің әлсіреуіне мүдделі
болды; бұрын маман әскерилер болғандықтан вальвассорлар қала халықтарының
сеньорларға қарсы күресін ойдағыдай жүргізуге көмектесті. Олар, мысалы,
Милан қаласындағы халықтың 1035 жылғы көтерілісіне қатысты, ал 1042 жылы
бұлармен одақтас Миландықтар қиян – кескі күрестен соң өздерінің сеньоры –
архиепископты оны қолдаушы феодалдық ақсүйектермен (капитандармен) қоса
қаладан қуп шықты. Қалалық жасақтың қарсылығын жоюға тырысқан архиепископ
1044 жылы біржолата жеңіліп, Миилан дербестілікке ие болды.
Қалалардың сеньорларға қарсы жүргізген күресі ауыспалы табыспен жүріп
жатты. Алайда ақыр аяғында сеньорлар қалалардағы саяси праволларды бірте –
бірте қала халықтарына беруге мәжбүр болды. Ен әуелгіде қала халықтарының
өз уәкілдерін епископтық совет пен соотқа енгізуге қолдары жетті, ал содан
соң сеньорлардың қаланың саяси дербестілікке ие болғандығын заң жағынан
мойындап қуаттайтын граммоталарды да жиі ала бастады. ХІ ғасырдың басынан
ХІІ ғасырдың басына шейін мұндай грамоталарды Мантуя, Феррара, Пиза,
Кремуна, Болонья және көптеген басқа қалалар алды. Міне осылайша епископтар
ХІІ ғасырда – ақ Ломбардия мен Тоскана қалаларына жүргізетін билігінен
айрылды. Бұл қалалар бірте – бірте ішінара немесе түгелдей коммуналарға
айналып, содан соң дербес мемлекет – қалалар бола бастады.
Батыс еуропалық елдердің көпшілігіндегі, бүкіл орта ғасыр бойына жуық
саяси және әкімшілік өмірдің орталығы болған селолық феодалдық замокқа
қарағанда, Италияда коммуналардың пайда болуына байланысты мұндай орталық
енді қала бола бастады. Феодалдардан тәуелсіз коммуналар қаланың қарапайым
халықтарының – қолөнершілерімен ұсақ саудагерлердің – сеньорларға қарсы
жүргізген қиан кескі күресінің нәтижесінде пайда бола тұрса да, бірақ
олардың табыстарының жемістерін барлық қалаларда да қалалық байлар мен ұсақ
феодалдар пайдаланып кетті. Коммуналардың орнауына байланысты өкімет билігі
феодалдық сеньордан консульдар коллегиясының қолдарына көшті. Бұлар әдетте
ақүйектерден (каптиандардан), ұсақ феодалдардан (вальвассорлар) және
көпестерден сайланды. Қолөнершілер мен ұсақ саудагерлердің уәкілдері
коллегияның құрамына енгізіледі. Коллегия бүкіл шаруашылық пен соғыс жжәне
сот жұмыстарын басқарып жүргізетін атқарушы орган болып табылады.
Коммуналардағы заң шығаратын өкіметті, қаланың барлық аудандар болып
сайлайтұғын сенімді адамдардың советі - Креденца жүзеге асырды. Кейде
толық праволы қала халықтарының жиналысы – парламентода шақырылып тұрды.
Коммунаның пайда болуынан кейін қалаларда сауда аттық пен қолөнерінен
жиналған қорлар феодалдың қазынасына емес, енді қала халықтарының өз қолына
көшкен қалалық экономиканы едәуір дәрежеде дамытуға жұмсалды. Бұл жағдай
итальяндық қалалардың ХІІ-ХІІІ ғасырларды әжептәуір даму себептерінің бірі
болды. Коммуна өз өкіметін тек қала шеңберімен шектеп қойған жоқ: оған
әдетте өзінің төңірегіндегі деревнялар мн феодалдық замоктарды қоса
Контадо деп аталынған бүкіл селолық жер бағынды. ХІІ ғасырда қаланың өз
төңірегіндегі селолық жерге экономикалық және саяси ықпалы күшейе түсті.
Келесі ғасырлар ішінде Италияның көптеген қалалық коммуналары өз
иеліктерінің шеңберін ұлғайтып, басқа қалаларды олардың округтарымен бірге
өздеріне бағындырды, бұл аса кен – байтақ территория көбіне дистретто деп
аталынып, өзі бір бүтіндей мемлекетке айналды және оның ішіндегі ен басты
коммуна астананың ролін атқарды. Мысалы, Солтүстік және Орта Италия –
Флоренция, Сиена, Милан, Равенна, Венеция, Генуя, Пиза және т.б. сияқты
көптеген мемлекет қалалар құрылып қалыптасты.
Орта Италияның біраз бөлігіне орналасқан Папа аймағының дамуы өзгеше
жүрді. Папалардың ақсүйекті мемлекеті кәдімгі қатардағы феодалдық
князьдіктердің бірі болып табылды. Оның патшасы сонымен қатар католиктік
шіркеудің бастығы, ал оның астанасы – Рим – шіркеудің ұйымдастырушы және
идеологиялық орталығы болғагндықтан, бұл мемлекеттің тарихына Папа
билігінің жүргізген еуропалық саясаты әжептәуір ықпал жасады. Папа бұл
кезде еуропаның барлық ақсүйектік мемлекеттерінің үстінен қарап, билігін
асыруға тырысқан еді. ХІ-ХІІ ғасырларда, Папа билігінің империямен
жүргізген күресінің нәтижелері табысты болып, оның еуропаға жалпы ықпалы
күшейе түскен кезде, Папалар Италиядағы өзінің қол астындағы территориясын
Тоскана мен Сполетоның және Беневентаның бөліктері есебінен әжептәуір
ұлғайтты; ал ХІІ ғасырдың аяғында олар өзіне итальяндық ірі қалалардың бірі
– Перуджды бағындырды. Экономикалық жағынан Папа аймағы Солтүстік Италия
мен Тосаканадан артта қалды. Мұндағы баяу дамыды; деревняда крепостниктік
қатынастар сақталып қала берді. Артта қалушылыққа, Папа билігінің Римге
және Папа аймағының басқа қалаларына өзін - өзі басқаруға провваларын
беруге қарсы бағытталған және деревняда феодалдық қанаудың ескі формаларын
сақтау жөнінде жүргізген ішкі саясаты аз себеп болған жоқ. Айта берсек,
тіпті Папа аймағының астанасы – Римнің өзі – феодалдардың ең ірі ұясы
болды; Папа билігінің резиденциясынан басқа, мұнде 200 – ге жуық
феодалдардың замоктары бар еді. Рим экономикалық жағынан, Милан немесе
Флоренция сияқты кемелденге орталықтардан арталықтардан артта қалды. Рим
күрделі табыстары Папа билігінің сарайына және көптеген табынаушылардан
түсіп отырды.
Папа билігінің қалалар жөнінде жүргізген саясатының реаксияшыл
сипаты, ХІІ ғасырдың 40-жылдарында, Римде коммунаны орнату үшін күрестің
шиеленіскен кезінде айқын көзге түсті. 1143жылы қала халықтары мен ұсақ
рыцорьлар Капитолидағы үкімет үйлерін басып алып, республиканы жариялады
және 56адамнан құралған сенатты сайлады; республиканың басшылары өздерін
Ежелгі Рим дәстүрлерінің мұрагерлеріміз деп санады. Көтерілісшілер қаладағы
жоғарғы өкіметтің билігін коммунаның қолына беруді талап етті.
Жаңадан құрылған Рим республикасында Арнольд Брешианский ерекше
ықпал, беделін пайдалана бастады. Ол бұрын да Брешидегі (туған жері)
епископ дәулетті дін басыларына қарсы бағытталған оппозициялық қозғалысты
басқарған еді. Осының үшін ол Италиядан қуылды. Ол бірнеше жыл Францияда
болып, ХІІ ғасырдың прогресшіл философы, кейінен шіркеу соттаған Абелярдың
жолын қуушы болды. Ол жер иеліктері мен байлықтардан шіркеудің бас тартуын
талап етіп, Папаның ақсүйектік өкіметіне қарсы шықты. Феодалдық
шоңжарлардың үстемдігіне қарсы шығып, Римнің құдіреттілігі мен Италияның
бірлігін орнатуды арман еткен Арнольд Брешианскийдің ілімі, шіркеудің
жоғарғы тобының жаман ашу- ызасын келтіріп, үрейін ұшырды. Арнольд
Брешианскийдің жасаған уағызының әскері мен Римнің халқы кардиналдың
үйлерің, феодалдардың замоктарын талқандап қиратып тастады; папаға Римнен
қашып кетуге тура келді.
Бұл уақытта І Фридрих Барбаросса басқарған герман феодалдарының қалың
қолы Италияға басып кірген еді. Папаға қарсы күресте Фридрихтің көмегіне
үміт артқан Рим республикасының сенаты оған император тағына отыруды
ұсынды. Алайда Фридрих бұл ұсынысты қабылдамастан Римге кіріп, император
тағын ІҮАдриан папаның өз қолынан алды. Германдық тонаушы рыцарьлардың
жасаған зорлық – зомбылықтары қала халықтарының ашу-ызасын шақырып,
императорға қарулы қарсылық көрсетуге әкеліп соқтырды. Папа жаза ретінде
Рим халқының құдайға құлшылық етуіне тиым салды; осыған байланысты сырттан
қалаға келетін Кажилердің ағыны да тоқтатылып, қала халықтарың күн көріс
табыстарынан айырды. Рим республикасының сенатында самарқау элементтердің
саны басым болды; папа билігінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлардағы Батыс Еуропа өркениеті
Ежелгі заман және ортағасырлардағы ұлы тарихшылары
Солтүстік Африкадағы араб мемлекеттері
Ортағасырлық Еуропаның көркем өнер мәдениеті туралы
Орта ғасырлар мәдениеті
Европа халықаралық туризмнің басты ауданы
Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы: ежелгі және ортағасырлар, жаңа дәуір
Ортағасырлық Византия қалалары
Византия мемлекетінің құрылуы
Крест жорықтарының салдары
Пәндер