Омыртқалы жануарлардың жалпы сипаттамасы



Мазмұны.

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3

І.Омыртқалы жануарлардың жалпы сипаттамасы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3

ІІ.Омыртқалы жануарлардың шығу тегі мен эволюциясы:
2.1.Балықтар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
2.2.Қосмекенділер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .8
2.3.Бауырмен жорғалаушылар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .11
2.4.Құстар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17
2.5.Сүтқоректілер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 19

Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21
Кіріспе.
Омыртқалы жануарлардың жалпы сипаттамасы.
Омыртқалылар зоологиясын анығырақ айтқанда – хордалылар зоологиясы деп атайды.Хордалылар типіне: ланцетниктер, дөңгелек ауыздылар, балықтар, қос мекенділер, бауырмен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер жатады.А.О.Ковалевскийдің зертеуі бойынша, хордалыларға теңіздерде, көпшілігінде отырып тіршілік ететін асцидиялар, сальпылар, апендикулярияларды да жатқызуға болады.Кейбір хордалыларға аздаған ұқсас белгілері бар, ішек тыныстыларды да хордалыларға жатқызады.
Хордалылардың алуан түрлі болуына қарамастан, олардың құрылысы мен дамуында көптеген ортақ белгілері болады.
Хордалылардың басқа жануарлардан айырмашылығы мыналар: хордасы немесе арқа желісінің болуы.Омыртқаның қызметін атқаратын, серпімді, бұнақталмаған, иілгіш, денесінің ұзын бойына созылған сым тәрізді желіні хорда деп атайды.Ол ішінде вакуолі көп ерекше тканьнан құралады.Хорда ұрықтық ішек түтігінің арқа жағынан бөлініп пайда болады, сондықтан хорданы эндотерма қабатынан түзілген деп есептейді.Хорда төменгі сатыдағы хордалыларда (асцидиялар мен сальпылардан басқа) өмір бойы сақталса, ал жоғары сатыдағы хордалыларда ұрық дәуірінде болады да, ересек жануарларда омыртқа жотасымен алмасады.
Орталық нерв системасы хорданың үстінгі бөліміне орналасқан.Бұл түтіктің ішкі қуысын – невроцель деп атайды.Хордалыларда ұрықтың нерв түтігі эктодерма бастамасының арқа бөлімінен пайда болады.Ас қорыту түтігінің алдыңғы бөлімі, сыртқы ортамен екі қатар саңыраулар арқылы қатысады, оларды – желбезек саңыраулары деп атайды.Желбезек саңыраулары суда тіршілік ететін төменгі сатыдағы хордалыларда да өмір бойы сақталады, басқа хордалыларда ұрықтық даму кезінде болады.
Хордалылардың өзіне тән ерекшеліктері. Хордалылар да тікен терілер сияқты екінші ауызды жануарлар.Дене қуысы – екінші қуыс(целом).Бұның өзі оларды тікен терілер мен буылтық құрттарға тегі жағынан жақын екенін

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .3
І.Омыртқалы жануарлардың жалпы сипаттамасы. . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . 3
ІІ.Омыртқалы жануарлардың шығу тегі мен эволюциясы:
2.1.Балықтар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
2.2.Қосмекенділер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . .8
2.3.Бауырмен жорғалаушылар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . .11
2.4.Құстар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 17
2.5.Сүтқоректілер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . 19
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 21

Кіріспе.
Омыртқалы жануарлардың жалпы сипаттамасы.
Омыртқалылар зоологиясын анығырақ айтқанда – хордалылар зоологиясы деп
атайды.Хордалылар типіне: ланцетниктер, дөңгелек ауыздылар, балықтар, қос
мекенділер, бауырмен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер
жатады.А.О.Ковалевскийдің зертеуі бойынша, хордалыларға теңіздерде,
көпшілігінде отырып тіршілік ететін асцидиялар, сальпылар,
апендикулярияларды да жатқызуға болады.Кейбір хордалыларға аздаған ұқсас
белгілері бар, ішек тыныстыларды да хордалыларға жатқызады.
Хордалылардың алуан түрлі болуына қарамастан, олардың құрылысы мен
дамуында көптеген ортақ белгілері болады.
Хордалылардың басқа жануарлардан айырмашылығы мыналар: хордасы немесе
арқа желісінің болуы.Омыртқаның қызметін атқаратын, серпімді,
бұнақталмаған, иілгіш, денесінің ұзын бойына созылған сым тәрізді желіні
хорда деп атайды.Ол ішінде вакуолі көп ерекше тканьнан құралады.Хорда
ұрықтық ішек түтігінің арқа жағынан бөлініп пайда болады, сондықтан хорданы
эндотерма қабатынан түзілген деп есептейді.Хорда төменгі сатыдағы
хордалыларда (асцидиялар мен сальпылардан басқа) өмір бойы сақталса, ал
жоғары сатыдағы хордалыларда ұрық дәуірінде болады да, ересек жануарларда
омыртқа жотасымен алмасады.
Орталық нерв системасы хорданың үстінгі бөліміне орналасқан.Бұл
түтіктің ішкі қуысын – невроцель деп атайды.Хордалыларда ұрықтың нерв
түтігі эктодерма бастамасының арқа бөлімінен пайда болады.Ас қорыту
түтігінің алдыңғы бөлімі, сыртқы ортамен екі қатар саңыраулар арқылы
қатысады, оларды – желбезек саңыраулары деп атайды.Желбезек саңыраулары
суда тіршілік ететін төменгі сатыдағы хордалыларда да өмір бойы сақталады,
басқа хордалыларда ұрықтық даму кезінде болады.
Хордалылардың өзіне тән ерекшеліктері. Хордалылар да тікен терілер
сияқты екінші ауызды жануарлар.Дене қуысы – екінші қуыс(целом).Бұның өзі
оларды тікен терілер мен буылтық құрттарға тегі жағынан жақын екенін
көрсетеді.Көптеген органдарының метамерлі орналасуы төменгі сатыдағы
хордалыларда және ұрпақтарда айқын байқалады.Құрылысының күрделенуіне
байланысты, жоғарғы сатыдағы хордалыларда метамерия айқын
байқалмайды.Хордалылардың денесі бунақталмаған, екі жақты симметриялы
болады.

2.1.Балықтардың шығу тегі және эволюциясы.
Балықтардың қабыршақтарының және тікендерінің қалдығы силурдың жоғарғы
қабатында кездеседі.Төменгі девон кезінде түрлі топтарға жататын, бірнеше
балықтардың қалдығы табылған.Сөйтіп, балықтар силур дәуірінің аяқ кезінде
пайда болуы мүмкін.Демек, олардың тектері бізге белгісіз, балықтардың тегі
осы кезге дейін анықталған жоқ.Дегенмен палеонтологиялық мәліметтер
болмағанымен оны белгілі дәрежеде теориялық жорамалдармен толықтыруға
болады.Теориялық болжау бойынша, балықтар бас сүйексіздермен бірге бір ата
тектен тараған.
Бұлардың ұрпақтары екі бұтаққа бөлініп, олар әр түрлі эволюциялық
өзгерістерге ұшыраған.Болжаумен айтқанда, бірінші ретте пайда болған бас
сүйектілерден (Protocrania) екі үрімбұтақ тараған: 1)Жақсыздар(Agnatha –
Entobranchiata), 2)жақты ауыздылар(Gnasthomata – Ectobranchiata).Бірінші
бұтақтан сауыттылар мен дөңгелек ауыздылар пайда болған, екіншісінен –
балықтар мен жоғары сатыдағы омыртқалылар шыққан.
Кейбір ғалымдар (Л.С.Берг, Ромер және Гров, Уитсон) балықтар теңіздерде
пайда болған жоқ, алғашқы балықтар тұщы суда пайда болған және негізгі
теңіз балықтарының топтары тұщы су балықтарынан келіп шыққан деп
дәлелдейді.Төменгі девон дәуірінде балыққа ұқсас сауыттылар(Ostracodermi)
класына жататын балықтардың қалдығы табылған.Бұлардың денесі сауытпен
қапталған, сондықтан сауытты балық деп аталады.
Балықтардың ертерек дамыған топтары девон дәуірінің орта кезінде
табылған сауытты балықтар болуы мүмкін.Олардың скелеттері негізінен
шеміршектен қалыптасқан.Бірақ жақтары сүйекті және денелерінің сырты
сүйекті қабыршақтармен жабылған.Қос қанаттары бөлімдерге жіктеліп, сүйекті
пластинкалармен қапталған.Олар тас көмір дәуіріне дейін тіршілік еткен.
Нағыз шеміршекті балықтар(Chondrichthyes) девон дәуірінен бастап
белгілі болған.Бұлар бірнеше класс тармағынан құралған.Оның денесі бірімен
– бірі жанасып жатқан сүйекті пластинкалармен жабылған ұсақ тұщы су балығы
(Acanthodii) арқылы қарастырамыз.Олардың қанаттарының түбі жалпақ, сол
сияқты көкірек және құрсақ қанаттарының аралығында бірнеше қосымша ұсақ
қанаттары да болған, жақ шеңбері бірнеше бөліктерге бөлінген.
Алғашқы акулалардың (Proselachii) девонның соңғы кезіне дейін тіршілік
еткен өкілі (Cladoselache) болып саналады.Мұның да қанаттарының түбі
жалпақ, ұшы сүйір болып келген, оны бүйір қатпарының қалдығы деп қарауға
болады.Рострумы және жыныс өнімдерін жинап тұратын мүшелері болмаған, соған
сәйкес ұрықтану сыртқы ортада жүрген.
Тақта желбезектілер(Elasmobranchii) қалдығын тас көмір дәуіріндегі
қазындылар арқылы анықталған.Олар акула тәрізді балықтарға ұқсаған.Скаттар
– теңіз түбіне жақын тіршілік ететін көлденең ауыздылардың маманданған
тармағы – олар мезозойда пайда болған.Бұдан біраз уақыт бұрын Триас
дәуірінде бүтін бастылар (Holocephali) пайда болған.Олардың саны өте көп
болмаған.
Сүйекті балықтар (Osteichthyes) тіпті ертеде – девон дәуірінде
анықталған.Бұлардың ең бірінші пайда болған түрі
алионисцидтер(Palaeoniscoidei).Олар дың терісінде сүйекті қабыршақтар
болған, құйрықтары гетероцеркальды, рострумы бар, қабыршақтары V тәрізді
ганоидылы болған.Бұл белгілер олардың бекіре балықтарға жақын екендігін
дәлелдейді.Палеонисцидтердің сүйекті ганоидылар(Holostei) тараған, олар
триаста пайда болады да, палеонисцидтер мен сүйекті балықтардың аралық
формасы болып саналады.Мезозойдың ортасында олар өте көп болған.Қазір
олардың тек қана екі өкілі (амия, қайман балығы) сақталған.
Нағыз сүйекті балықтар мезозойдың бас кезінде пайда болған.Олардың
эволюциясы өте тез луан түрлі жолмен дамиды.Қазіргі кездегі балықтардың
басым көпшілігі осы сүйекті балықтар.Саусақ қанатты және қос
тынысты(Crossopterygii және Dipnoi) балықтардың тегі бір – біріне сөз жоқ
жақын болған.Екеуі де девон дәуірінде пайда болған.Әсіресе, жоғарғы девонда
және тас көмір дәуірінде жақсы дамыған.Өкпемен тыныс алатын балықтардың екі
тобының жіктелуіне себепші болған қоректену тәсілі еді.Мысалы, саусақ
қанаттылар – жыртқыштар, сондықтан олар тез жүзу және қоректерін ұстау
қабілетін сақтап қалды да, ал қос тыныстылар су түбіне жақын маңда тіршілік
ететін омыртқасыздармен қоректенуге көшті.Сөйтіп олар жақсы дамыған жүзу
қанаттарын жоғалтып, жай қозғалатын балыққа айналды.Осыған сәйкес қос
тынысты балықтардың тістері, жоғарғы жақ және жақ аралық сүйектері де
жойылған.
Саусақ қанаттылар басқа балықтарға қарағанда, жер бетінде тіршілік
ететін омыртқалыларға – сауытты амфибилерге (stegocephalia) жақын тұрған
топ болып саналады.

2.2.Қосмекенділердің шығу тегі және эволюциясы
Ертедегі қос мекенділер Гренландияда жоғарғы девон қабатынан
анықталған.Әзірше ондай жануарлардың бас сүйегі ғана табылды.Ал толық
скелеті тас көмір мен перм қабаттарынан табылған.Бұл өте ертеде тіршілік
еткен амфибилердің тобы – филлоспондилер (Phyllospondyli) отрядына
топтасады.Бұлардың ең ұсақтарының (Branchiosaurus) денесінің ұзындығы
бірнеше сантиметр ғана болған.Сыртқы бейнесіне қарағанда, олар тритондарға
ұқсайды.Ми сауытының басым көпшілігі сүйектенбеген, бірақ оның үстінгі жағы
тері тектес сүйекпен қапталып тұрады.Кейбір түрлерінде рудиментті желбезек
қақпақшалары болған.Бас сүйегінің құрылысындағы кейбір элементтеріне
қарағанда, бірқатарында личинка кезінде сыртқы желбезегі болғаны
байқалады.Филлоспондилер отряды – амфибилердің ертеде тіршілік етіп, кейін
құрып біткен, олардан қазіргі замандағы құйрықты және құйрықсыздар отряды
пайда болған болуы керек.
Амфибилердің екінші құрып біткен отряды – лабринтодонттар
(Labyrinthodontia).Олар тас көмір мен перм қабаттарынан және полезой мен
ерте мезозой дәуірінен белгілі.Бұл алуан түрлі өте көп жануарлардың тобы
еді.Ертеде болған түрлерінің ұзындығы 60 сантиметрдей, бірақ көпшілігінің
дене мөлшері ірі крокодилдердей болған.Жалпы бейнесі саламандраларға ұқсас,
бірақ аяқтары нашар жетілген.Ми сауыты тері тектес сүйекті сауытпен
қапталған.Кейбір түрлерінде сүйекті сауыт құрсағында да болған, ол құрсақ
бөлімін жер бетіндегі әр түрлі заттардың әсерінен қорғау қызметін
атқарған.Бұл отрядттың ертедегі түрі еогиринус (Eogurinus) тас көмір
дәуірінде батпақты жерде тіршілік еткен су жануарлары.Кейін, карбон
дәуірінің аяқ кезінде жер бетін мекендейтін аяғы жақсы жетілген түрлері
пайда болған.Эволюциялық дамудың нәтижесінде ондай амфибилерден бауырмен
жорғалаушылардың шығуы мүмкін.
Қос мекенділердің үшінші отряды.Лептоспондилер(Leptospondyli )бон мен
пермнің ортаңғы және жоғарғы қабатынан белгілі.Бұлар тайыз сулар мен
батбақты мекен еткен, ұсақ жануарлар.Көпшілігінің денесі ұзын, рудиментті
аяқтары болған.
Амфибилердің құрып біткен осы үш отряды стегоцефалдар немесе сауытты
амфибилер (Stegocephalia) класс тармағын құрайды.
Стегоцефлардардың арғы тегі сүйекті балықтар болуы сөзссіз.Олардың
құрылысының қарапайым (алғашқы скелетінің нашар сүйектенуі) болуымен қатар,
желбезектеріне қосымша қапшық тәрізді өкпесі болған.Сол сияқты суды есуге
және жер бетінде жүргенде тірек болатын, келешекте бес саусақты аяқ дамитын
жұп органдары да болған.Қауырсын қанатты балықтардың (Actinopterygii)
мұндай белгілері болмаған.Қос тынысты балықтар (Dipnoi) өкпемен тыныс
алғанмен, су түбінде тіршілік етуге бейімделген балықтар тобына
жатады.Стегоцефалдарға туыстық жағынан жақынырақ саусақ қанатты
балықтар(Crossopterygii).Олар өкпемен тыныс алады және аяқтарының скелеті
стегоцефалардың аяқтарының скелетіне ұқсайды.Ертедегі саусақ қанатты
балықтар мен стегоцефалардың бастарының сыртқы сүйектерінің оналасуы өте
ұқсас болған.Осы кездегі ғылымға белгілі саусақ қанатты балықтар жер
бетіндегі омыртқалылардың арғы тегі бола алмайды.Өйтені, бұл саусақ
қанаттылар кейінірек уақытта пайда болған.Жер бетіндегі омыртқалылардың
тегі палеонтология ғылымы әлі анықталмаған ертеректе тіршілік еткен саусақ
қанатты балықтардан пайда болған.
Омыртқалылардың құрлықта шығуы саусақ қанатты балықтардың оттегі аз су
қоймаларында ұзақ уақыт тіршілік етуге бейімделуінің нәтижесі болып
есептеледі.Стегоцефалдар пайда болған девон дәуірінің маусымды кезеңдерінде
құрғақшылық болу әсерінен, тұщы суларда тіршілік ететін балықтардың тыныс
алуы нашарлайды.Тас көмір дәуірі кезінде батпақты жерлерде және су
жиектерінде өсімдіктер өте қалың болған, су бетіне өсімдіктердің молырақ
пайда болуы балықтардың тыныс алуы нашарлайды. Тас көмір дәуірі кезінде
батпақты жерлерде және су жиектерінде өсімдіктер өте қалын болған, су
бетіне өсімдіктердің молырақ пайда боуы балықтардың суда жүзуін
қиындатты.Сонымен қатар олар қосымша өкпе қапшықтары арқылы өкпемен тыныс
алуға икемделген.Оған қосымша ол сулардың мүлдем құрғап қалуы, олардың
тіршілік етуіне қауіпті болған.Егерде балықтар сусыз жермен қозғала алмаған
болса, мүлдем қырылған болар еді.Сондықтан мұндай қауіпті жағадайдан
өкпемен тыныс алуға икемделген және құрғақ жер мен аяқтары арқылы жылжи
алатын су жануарлары ғана тірі қалуы мүмкін.Жүрген сулары құрғап кеткенде
екінші бір су орталықтарына қозғалып баруда денесін тұтасып қаптап жатқан
қабыршақтары кедергі келтіретіні сөз жоқ.Сол сияқты денесінің сыртын
сауыттың қаптап жатуы терісінің беті арқылы тыныс алуға кедергі болған.Осы
екі себептің салдарынан олардың сыртқы сауыты шөгіген болуы
мүмкін.Стегоцефалдар жер бетімен сырғытылып қозғалатын болғандықтан олардың
құрсақ бөліміндегі сауыттары бірталайында жойылмаған, ал төбе сауыттары
көпшілігінде сақталған.
Стегоцефалдар мезозойдың басына дейін өмір сүрген.Амфибидің қазіргі
тіршілік ететін отрядтары мезозойдың аяқ кезінде (юра дәуірінің аяғы – бор
дәуірінің басында) пайда болған.Сондықтан бұл екеуінің арасындағы
байланысты анықтауға әлі мүмкіндік жоқ.Жалпы алғанда, құйрықты және
құйрықсыздар отряды – филлоспондилар отрядынан шығуы мүмкін деп есептеуге
болады.Аяқсыздардың тегі туралы ешбір мағлұмат жоқ.

2.3Бауырмен жорғалаушылардың шығу тегі және эволюциясы.
Алғашқы омыртқалы жануарлар девон дәуірінде пайда болған.Олар саусақ
қанатты балықтардың жақын тегі стегоцефалдар, немесе сауытты амфибилер
еді.Олар көпшілік уақытын су қомасында өткізген.Бірақ тіршілік еткен су
қомасы құрғап қалған жағдайда жақын жердегі басқа су қоймасына жылжып бара
алатын және құрлықта бірсыпыра уақыт бола алатын қабілеті болған.Олардың
бір мезгіл құрлықта болуына тас көмір дәуірінің жылы, дымқыл ауа райы әсер
еткен.Тас көмір дәуірінің соңғы кездерінде құрлықта ауа райы өзгерген.Тау
пайда болу процестерінің көп болуы климаттың, сонымен қатар өсімдіктердің
алмасуына себепші болған.Көпшілік жерлерде климат құрғақшылық,
континентальды болды.Өсімдік сабағындағы жылдық сақинаға қарағанда, қыс
салқын болған.Осы кезде өзендермен, балшықтарда өсетін қырықбуын мен
папортниктер жойылып, шөл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның Қызыл кітабы
Қандауыршаларға жалпы сипаттама Қандауыршаның сыртқы және ішкі құрылысы
Қызыл кітап жайлы
Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы”
Қазақстан қызыл кітабы беттерінен
Қосмекенділер калсы
Қазақстанның әлемдік қауымдастықта алатын орны
Таспа құрттар класы
Қазақстанның қызыл кітабының тарихы
Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы
Пәндер