Бәсекенің экономикалық мазмұны



Жоспар

Кіріспе
I Тарау. Бәсекенің экономикалық мазмұны мен сипаты.
1.1Бәсекенің теориялық анықтамасы, бәсеке түрлері және оның экономикаға әсері
1.2Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатында тиімді стратегия құрудың қажеттілігі мен бәсекені анықтаушы факторлар
1.3 М. Портердің “Бәсекелестік артықшылықтар теориясы”
IIТарау. Кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік жағдайға тәжірибелік талдау.
2.1“Митал Стил” Акционерлік Қоғамының қысқаша тарихы 21
2. АҚ “Митал Стил” мен “Қазақмыс” корпорациясы арасындағыбәсеклестік жағдайды зерттеу
IIIТарау. Бәсекенің қажеттілігі және оны мемлекеттік қорғау мен дамыту шаралары.
3.1 Отандық кәсіпорындарда бәсекелестікті мемлекет тарапынан қорғау
3.2Шетел мемлекеттеріндегі кәсіпорындардың бәсекелестік жағдайы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алып нарықтық экономикаға көшуімізге байланысты ел экономикасы түбегейлі өзгерістерге душар болды. Әсіресе еліміздің экономикалық өміріндегі шаруашылық қатынастар жүйесіндегі терең әрі ауқымды өзгерістер көрініп, еркін бәсеке, бәсекеқабілеттілік, еркін сауда, жеке меншік сияқты ұғымдар ене бастады. Ал өз кезегінде ұйымдық-құқықтық формалардың яғни әр түрлі шаруашылық жүргізуші субьектілердің жұмыс жасауы, қызмет көрсетуі, өнім өндіруі-бәсеке және бәсекеқабілеттілік ұғымдарын одан әрі өрбіте түсті.
Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар үшін кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыру ең негізгі мәселе болғандықтан көпшілік тарапынан осы бір мәселеге көп көңіл аударуда. Ол сату нарықтары, өткізу көлемдері, қосымша табысты табуды көздейтін өндірушілердің экономикалық стратегияларының басты ажырамас құралына айналды. Осыған сәйкес кәсіпорындар әрі шығарылатын өнімдердің бағаларын төмендету арқылы әрі нарықта бар өнімдерден сапалық көрсеткіштері жағынан ерекшеленетін өнімдерін өндіру арқылы бәсекелестерді ығыстыруға және нарықтағы жағдайларын нығайтуға ұмтылуы керек.
Осы арада кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігіне тоқтала кетейік. Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігі - бұл экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық мүмкіндіктердің жиынтығы. Сонымен қатар кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігі -бұл бәсекелестік күрес жағдайында өзінің алып отырған нарықтық үлесін сақтап қалуға немесе кеңейтуге жеткілікті әлеуеті. Жалпы бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс –қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субьектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары.
Бәсеке тауар өндірісі үшін де, нарықтық экономика үшін де бірінші заң. Неге олай? Біріншіден, әр өндіріске ынталандыру керек. Осы ынталандыру көзі - бәсеке болып табылады. Бұл бәсекенің бір жағы. Ал екінші жағы - бірлестік. Кейбір әріптестер қаржысын, шикізатын ортаға салып, жақсырақ, сапалы әдемі, халыққа өте қажет тауарды шығаруды ойлайды, сол мақсатпен бірлеседі, нарықта өз өнімдерімен бәсекелесе алмайтын өнімді өндіруге тырысады. Сонымен бәсекенің бір жағы күрес, жарыс болса, екінші жағы бірлесу.
Қатал бәсеке жағдайында кез келген кәсіпорынның тек ішкі жағдайында ғана емес, сонымен қатар оның айналасында болып жатқан өзгерістерге ілесуге мүмкіндік беретін бәсеке қабілетті басқару жүйесі мен стратегиясын құрастыру және оларды іс-жүзінде жүзеге асыруы, кәсіпорындар үшін ғана емес, тұтастай алғанда мемлекеттің де дамып, өркен жаюына өз септігін тигізеді. Сондықтан да таңдап алынған курстық жұмыстың негізгі мақсаты
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Надзрева Маркетинг: как побеждать на рынке – М: Финансы и
статистика, 1995 - 423с
2. Черчиль А.А Маркетинговые иследования – Питер 2000 г - 598с.
3. Пешкова Е.П Маркетинговый анализ в деятельности фирмы – М: Ось – 89, 1997 - 458с.
4. Сатыпалдыұлы С. А Маркетинг нарықтану – Алматы: Білім 2002 - 356б.
5. Годин А.М Маркетинг: Учебное пособие, 2002 - 303с.
6. Жүнісов Б.А Нарықты экономиканың негіздері - Ақтөбе: ХАУ, 1993. 2- бөлім.
7. Ковалев А.И Маркетинговый анализ – М: Центр экономики и маркетинга, 1997 - 484 с.
8. Каменова М.Ж Маркетинг негіздері – Қарағанды: 2002 - 212б.
9. Голубков Е.П Маркетинг: стратегии6 планы6 структуры – Дело, 1995- 189c.
10. Вайсман М. Стратегия маркетинга: 10шагов к успеху – М: АО “Интерэксперт” 1995 – 602с.
11. Аль Пари – 2003 - №2 – с 161.
12. Қаржы-қаражат=финансы Казахстана – 2004 - №2 - 121б.
13. Қарағанды университетінің хабаршысы: “экономика” – 2005 - №3 – 78б.
14. Савушкин А.Б Маркетинг – 1999 - №6 - 22б.
15. Моррис Маркетинг: ситуации ипримеры – М: Банки и биржи – 2003 – 207c.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
I Тарау. Бәсекенің экономикалық мазмұны мен сипаты.
1.1Бәсекенің теориялық анықтамасы, бәсеке түрлері және оның экономикаға әсері
1.2Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатында тиімді стратегия құрудың қажеттілігі мен бәсекені анықтаушы факторлар
1.3 М. Портердің "Бәсекелестік артықшылықтар теориясы"
IIТарау. Кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік жағдайға тәжірибелік талдау.
2.1"Митал Стил" Акционерлік Қоғамының қысқаша тарихы 21
2. АҚ "Митал Стил" мен "Қазақмыс" корпорациясы арасындағыбәсеклестік жағдайды зерттеу
IIIТарау. Бәсекенің қажеттілігі және оны мемлекеттік қорғау мен дамыту шаралары.
3.1 Отандық кәсіпорындарда бәсекелестікті мемлекет тарапынан қорғау
3.2Шетел мемлекеттеріндегі кәсіпорындардың бәсекелестік жағдайы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алып нарықтық экономикаға көшуімізге байланысты ел экономикасы түбегейлі өзгерістерге душар болды. Әсіресе еліміздің экономикалық өміріндегі шаруашылық қатынастар жүйесіндегі терең әрі ауқымды өзгерістер көрініп, еркін бәсеке, бәсекеқабілеттілік, еркін сауда, жеке меншік сияқты ұғымдар ене бастады. Ал өз кезегінде ұйымдық-құқықтық формалардың яғни әр түрлі шаруашылық жүргізуші субьектілердің жұмыс жасауы, қызмет көрсетуі, өнім өндіруі-бәсеке және бәсекеқабілеттілік ұғымдарын одан әрі өрбіте түсті.
Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар үшін кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыру ең негізгі мәселе болғандықтан көпшілік тарапынан осы бір мәселеге көп көңіл аударуда. Ол сату нарықтары, өткізу көлемдері, қосымша табысты табуды көздейтін өндірушілердің экономикалық стратегияларының басты ажырамас құралына айналды. Осыған сәйкес кәсіпорындар әрі шығарылатын өнімдердің бағаларын төмендету арқылы әрі нарықта бар өнімдерден сапалық көрсеткіштері жағынан ерекшеленетін өнімдерін өндіру арқылы бәсекелестерді ығыстыруға және нарықтағы жағдайларын нығайтуға ұмтылуы керек.
Осы арада кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігіне тоқтала кетейік. Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігі - бұл экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық мүмкіндіктердің жиынтығы. Сонымен қатар кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігі -бұл бәсекелестік күрес жағдайында өзінің алып отырған нарықтық үлесін сақтап қалуға немесе кеңейтуге жеткілікті әлеуеті. Жалпы бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс - қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы мол алу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол нарық субьектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы ара қатынастары.
Бәсеке тауар өндірісі үшін де, нарықтық экономика үшін де бірінші заң. Неге олай? Біріншіден, әр өндіріске ынталандыру керек. Осы ынталандыру көзі - бәсеке болып табылады. Бұл бәсекенің бір жағы. Ал екінші жағы - бірлестік. Кейбір әріптестер қаржысын, шикізатын ортаға салып, жақсырақ, сапалы әдемі, халыққа өте қажет тауарды шығаруды ойлайды, сол мақсатпен бірлеседі, нарықта өз өнімдерімен бәсекелесе алмайтын өнімді өндіруге тырысады. Сонымен бәсекенің бір жағы күрес, жарыс болса, екінші жағы бірлесу.
Қатал бәсеке жағдайында кез келген кәсіпорынның тек ішкі жағдайында ғана емес, сонымен қатар оның айналасында болып жатқан өзгерістерге ілесуге мүмкіндік беретін бәсеке қабілетті басқару жүйесі мен стратегиясын құрастыру және оларды іс-жүзінде жүзеге асыруы, кәсіпорындар үшін ғана емес, тұтастай алғанда мемлекеттің де дамып, өркен жаюына өз септігін тигізеді. Сондықтан да таңдап алынған курстық жұмыстың негізгі мақсаты болып кәсіпорындағы бәсекені зерттеу және бәсекеге қабілеттілікті анықтау болып табылады.
Тәуелсіздігін енді ғана алып, енді ғана ес жинап келе жатқан еліміздің бәсекеқабілеттілігі төмен деңгейде қалып отыр. Сол себептен де келешек ұрпақтың әлемнің озық елдерімен санасатындай бәсекеқабілеттілікті жасау бүгінгі ұрпақтың басты міндеті. Негізінен бәсекеқабілеттілік ұғымы көпжақты болып, кәсіпорын іс-әрекетінің тауар секілді құрамдас бөліктерін сондай-ақ оның негізгі сипаттамалары болып табылатын сапа және өндіріс технологиясын қамтиды. Бұл жөнінде курстық жұмыстың бірінші тарауында айтылатын болады. Жалпы түрде айтатын болсақ, курстық жұмыстың бірінші тарауы кәсіпкерлік қызметіңдегі бәсеке мазмұнын және мәнін, бәсекені дамытушы факторларын және бәсеке түрлерін қамтиды.
Бәсекеге қабілеттілік - жаңа өндіріс қуаттарын құру мен кеңейтуде қажет шешімдерді қабылдаудың маңызды сәті болып табылады. Сондықтан нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті үзіліссіз зерттеу керек. . Ұзақмерзімдік перспективада кезкелген кәсіпорынның бәсекелестік күресте жеңіп, топ жарып шыға алуына мүмкіндік беретін бәсекеқабілетті стратегияның маңызы зор. Сондықтан да екінші тарауда осы мәселені жан-жақты зерттеуге бар күш-жігерімді салдым.
Үшінші тарауда бәсекені мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және бәсекенің сыртқы елдердегі даму жағдайы қарастырылған.Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауында айтылғандай: "Біздер, қазақстандықтар, бүкіл әлем мемлекеттерімен, олардың халқымен, экономикасымен бәсекеге түстік, одан әрі түспекпіз. Бұл бүгінгі күннің де, болашақтың да талабы мен ерекшелігі". Айтып отырғанымыздай, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі, сол мемлекет ішіндегі кәсіпорындардың бәсекеқабілеттілігімен анықталады. Сол себептен де еліміздің экономикасының тұрақты дамуына, орта таптың көбеуіне, әлем нарығында жоғары орындарға жету үшін кәсіпорындарымыздың бәсекеқабілетті болуы өте маңызды болып табылады.

I Тарау. Бәсекенің экономикалық мазмұны мен сипаты.

1.1 Бәсекенің теориялық анықтамасы, бәсеке түрлері және оның экономикаға әсері.
Нарықтық экономиканың ең басты принципі - тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі. Бәсекелестік - бұл тауар өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес.
Ерте кезде, яғни он тоғызыншы ғасырдың ортасынан бастап кәсіпкерлікте ешбір ережесіз, ретсіз бәсеке өркендей бастады. Бұл бәсеке өте қатаң және ешбір кешірімсіз әдістермен жүргізілді, яғни баға соғыстарынан бастап бәсекелес фирмалардың ғимаратын жағып жіберуге дейін барды. Бұл бәсекеде кәсіпкерлер тез байып кету мақсатын көздеп, ең жоғары пайда алу үшін неше түрлі әрекеттерге барды. Ол артық өндіруге, тауарбастылыққа, бағалардың күрт төмендеуіне және көптеген банкроттыққа алып келді. Бұл бәсеке тарихқа "қатаң бәсеке" атымен енді.
Бұл кезеңнен кейін бәсеке өркениетті түрге енді. Ол тек қана табысты мейлінше жоғарылатуға ғана емес, сонымен қатар бағаларды реттеу мақсатына, өнім және өндірісті ұйымдастыру жүйесінің сапасына бағытталды.
Негізінен бәсеке түсінігі көпжақты және әмбебапты анықтамамен қамтылмаған. Бәсеке - әр шаруашылықтың тәсілі, әр қаражаттың өмір сүру түрі, мұнда бір жеке дара қаржы басқамен жарысқа түседі. Бәсеке - мейлінше жоғары табысты нарықтағы өндірудің және өткізудің шарттарының пайдалылығын табу үшін, тауар өндірушілердің бір-бірімен жарысы. Бәсеке экономикалық бақылаудың ең тиімді және арзан тәсілі болғандықтан қоғамға ең аз шығын әкеледі. Өз тарапынан бұл бақылау маңызды және дамытушы күш, себебі өндірушіні өндіріс шығыны мен бағаны азайтуға, өткізу көлемін өсіруге, тұтынушылардың сұранысына күрес жүргізуге, сапаны жақсартуға итермелейді.
Бәсекенің экономикаға әсер ету ерекшеліктері бар, олар:
1. Бәсеке кәсіпкерлерді- тұтынушыларға ұнайтын және олардың қажеттілігін қанағаттандыратын өнімнің жаңа түрлерін іздеп табуға итермелейді.
2. Бизнес тұтынушыларды ұстап қалу үшін жоғары сапалы өнімдерді тиімді бағамен өндіруге тырысады.
3. Бәсеке өндірістің неғұрлым тиімді тәсілдерін қолдануға ынталандырады, өйткені тиімсіз өндіріс фирманың бәсеке қабілеттілігіне дереу әсер етеді.
4. Бәсеке бизнесмендерді клиенттер талғамының өзгеруіне, сондай-ақ өзгерістерге жылдам әсерлесуге мәжбүр етеді.
5. Бәсеке бар күшін аямай, өнімді еңбек еткендерді сый-сыяпатқа бөлейді, ал сонымен бірге жалқаулар мен икемсіздерді жазалайды.
Бәсекенің осындай артықшылықтарымен қоса кемшіліктері де баршылық, олар:
- ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (ормандарды, табиғи жануарлар, жер, теңіз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейді;
- қоршаған ортаны қорғауда негативтік бағытта болады;
- ұжымдық пайдалануға бағытталған тауарлар мен қызметтер өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді;
- фундаменталдық ғылымның, жалпы білім беру жүйесінің, қалалық шарушылықтың көп элементтерінің дамуына жағдай жасамайды;
- еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілддік бермейді;
- әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуіне бөгет жасайтын механизімдері жоқ.
Бәсекелестік күресте пайдаланылатын тәсілдер туралы айтып кететін болсақ, негізінен мынадай тәсілдер бар : бағалық және бағалық емес, немесе баға негізіндегі және сапа негізіндегі бәсеке.
Бағалық бәсеке арқылы сатушылар бағаны төмендету немесе жоғарылату арқылы сұранымға әсер етеді. Бағалық бәсеке тауар-ақша қатынастары құрылып, дамыған уақытта, яғни нарықтағы бірдей тауарлар түрлі-түрлі бағалармен ұсынылған кезде пайда болады.Сатушы үшін бағаның өзгеруі, жаңа бағаның төмендеуі тұтынушылардың көңілін өзіне қаратуға және нарықтағы өз күткен үлесін жаулап алуға үлкен көмек көрсетеді.
Қазіргі жағдайда, барлық нарықтар монополияланғанда және олар шешуші позицияларды жаулап алғанда, үлкен позицияға ие азғантай ірі фирмалардың арасында бөлінгенде, өндірушілер мақсатты түрде өзіндік құн мен маркетингтік зерттеулер шығынын төмендету үшін бағаны неғұрлым ұзағырақ тұрақтандырып, пайданың ең көп көлемін қамтамасыз етуге тырысады. Бірақ қазіргі нарықта "баға соғыстары" қолданылмайды деп айтуға болмайды. Ірі тауар өндірушілер өзара бәсекелесе отырып, өз позицияларын бекітуде әр түрлі заңды, заңсыз әдістерді қолдануға ұмтылады.
Ірі өндірушілер баға саясатында бағаны төмендету тәсілін өте сирек пайдаланады, өйткені нарықтық әдістер компанияның өндірісі мен айналымдағы пайдаға кері әсерін тигізеді.Солай болғанмен де, бағалық бәсекеде кезең бойынша әр түрлі қақтығыстар болып тұрады. Мысалы, АҚШ-та 1997 жылы нарықта өз үлестерін кеңейткісі келген джинсы өндірушілер "Леви Страус" пен "Ренгл" фирмалары арасында "бағалық соғыс" үдеп кетті.
Бұл "соғыс" джинсы сататын маманданған дүкендер пайдасына үлкен әсерін тигізді, өйткені джинсыларға бөлшек сауда бағалары төмендей бастады. Нарықта ертеректе пайда болған "Леви" фирмасының джинсыларының бағасы 30%, "Ренгл"-50% кеміді.Бірақ "Ренгл" фирмасының пайдасы күрт төмендеп, ол тұтынушы нарығын демпингтік әдіспен жаулап алу тактикасын жойды. "Леви" фирмасы жеңіске осылайша шықты. Бірақ олардың нарықтағы үлестері өзгерген жоқ.
Бағалық бәсеке былай бөлінеді:
1.Тікелей бағалық бәсеке, мұндай фирмалар шығарылатын немесе нарықта бар тауарларға бағаны төмендету туралы жария жасайды.
2. Жасырын бағалық бәсеке, мұндай бәсеке жаңа тауарды нарыққа енгізерде, бағаны шамалы ғана өсіреді, немесе бұрынғы деңгейде қалдырады, ал ол жаңа тауарды арзандатылып сатылған тауарлармен қатарластырады.
Бағалық емес бәсекеде фирма өз пайдасын бұрынғы бағамен өткізу көлемін жоғары бағамен сату арқылы көбейте алады.
Бағалық емес бәсекеде сатушылар өз өнімдерінің айрықша ерекшеліктеріне көп көңіл бөледі: тауар ассортиментін жаңаландыру, кешенді қызмет көрсету, қазіргі заманға сай дизайн, "тұтыну бағасын азайту" және тағы басқа.
Бағалық емес бәсекеге фирманың беделін қосуға болады. Өзін жақсы көрсеткен фирманың тауары үшін сатып алушы артық баға төлеуге дайын.
Бағалық емес бәсекенің ең күшті құралы ретінде жарнама қолданылады. Жарнама көмегімен фирма тауардың тұтынушылық қасиеттері жайлы тек қана ақпаратпен сатып алушыларды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге өзінің тауар, баға және өткізу саясатына сенім қалыптастырады.
Бәсеклестіктің негізгі түрлеріне келетін болсақ, бәсекенің мынадай түрлері бар:
1. Бір сала ішіндегі бәсекелестік-бұл бір саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғарғы еңбек өнімділігі бар, ғылыми-техниканы қолданатын кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорындардың табыстары төмен болады., тіпті күйреуі мүмкін.
2. Салааралық бәсеке - бұл халық шаруашылығы салалары аралық күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қорытындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып, халықтың әл-ауқаты жоғарылайды. Осы саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.
Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері - бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әр қайсысы кәсіпкерліктің қай түрімен болмасын айналысуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар: біреу, өзі араласып кәсіп жасайды, екіншісі - жұмысшылар жалдайды, үшіншісі - акция, облигация сатып алады, төртіншісі - ақшасын банкке салады, кейбіреу өндірісті қаржыландырады. Еркін бәсекелестік жағдайда ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса, екінші салада тауар жетіспейді. Бір фирманың табысы өссе, екіншісі күйрейді, сондықтан өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады ол монополия құрылуына әкеледі, яғни нарықты басып алады, әлсізді басып алады.
Жетілмеген бәсекелестік нарығы деген де ұғым бар, оған мына төмендегі бәсекелестіктің түрлері енеді: таза монополия, монополиялық бәсеке және олигополия.
Таза монополия дегеніміз-өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның төрт ерекшелігі бар: 1) сатушы тек қана бір фирма, 2) сатылатын тауардың орнын басатын тауар жоқ, 3)монополист нарықты билейді, нарықты бақылайды, 4) нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды. Көпшілік бұл салалар мемлекет меншігінде болады немесе мемлекеттің қатаң бақылауында болады.
Монополиялық бәсеке - нарық жағдайында көп өндірушілер ұқсас тауарлар өндіреді. Бұл жағдайда өнім және қызмет сапасы үлкен рөл атқарады, оған қосымша сатып алғаннан кейін сервис жұмысын атқарады.
Үшінші түрі болып, олигополия табылады. Олигополияның негізгі ерекшелігі бәсекелестер көп болмайды. Олар өзара баға жөнінде, нарықты бөліп алу жөнінде келісім жасайды. Мұнда бәсекелестік шектелген.
Бәсекелестік күрестің тағы бір түрі - адал емес бәсеке. Бұларға:
* фирманың құпиясын білетін мамандарды қызықтырып тарту;
* экономикалық және өндірістік шпионаж;
* "түпнұсқадан" сырттай айырмасы жоқ көшірме тауарларды шығару;
* есеп беру құжаттарын, табысқа салық көлемін азайту ниетінде көзбояушылық;
* көшірме жасау мақсатымен үлгіні сатып алу.
"Адал емес бәсеке" терминінің әр түрлі мазмұны бар. Кең мағынада "адал емес бәсеке"- қатысушылар нарық ережесімен бәсеке нормасын бұзады, бір бәсекелеске қарсы басқа бәсекелестермен сөз байласады, оны қаралайды, жалған жарнама қолданады, кемсітеді, демпингтік баға қолданады және тағы басқа қызметтерді іске асырады. Адал емес бәсекені жыртқыш деп те атайды.
Тәжірибелік маркетингте бәсекенің үш түрін айырады:
1.Атқарымдық бәсекеде кез келген қажеттілікті әр түрлі тәсілдермен қанағаттандыруға болады.Бұл тұрақты фактор бәсекелестердің ұқсас тауарлары нарықта бар ма, әлде жоқ па оған байланысты емес( мысалы, велосипедтер үшін атқарымдық бәсекені мотоциклдер, автобустар, поездер немесе шахмат, шашки сияқты спорт түрлерімен айналысқанда спорт тауарларының өзі арасында бәсеке пайда болады).
2.Түрлік бәсеке бірдей мақсатқа көзделген, бірақ әр түрлі мағыналы айырмашылықтары бар тауарлар арасында пайда болады.
3.Заттық бәсеке - ұқсас тауарларды шығаруды тек дайындау сапасымен ерекшеленетін немесе сапа жағынан бірдей, ұқсас ерекше бір қасиеттерге ие тауарлар арасында болады (мысалы, мұндай бәсеке ТМД-ның әр түрлі зауыттары арасында қалыптасқан).

1.2 Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатында тиімді стратегия құрудың қажеттілігі және бәсекені анықтаушы факторлар.
Фирма үшін бәсекелестерді және бәсекелік жағдайды зерттеу оның бәсекелестер алдындағы кемшіліктерін немесе артықшылықтарын тану үшін, сонымен қатар жоғарғы табысқа жетуге қажет өзіндік стратегияларды жасау үшін маңызды болып табылады.
Кез келген жағдайда бағалаудың негізгі мақсаты болады, яғни ол мақсат - фирманың нарықтағы экономикалық жағдайын анықтау. Бұл мақсатқа жету үшін фирма бәсекелестік жағдайын бағалаудың оперативті және обьективті әдістерінің болуы шарт.
Фирманың бәсекелестік жағдайын бағалаудың ең тиімді әдістеріне мыналарды жатқызамыз:
1. Матрицалық әдіс ("Бостон кеңестік тобымен" жасалған). Әдістеменің ерекшелігі - бәсекеқабілеттіліктің анализі ЖТЦ-мен анықталады. Мұндай бағалаудың негізінде ең бәсекеқабілетті фирма болып қазіргі жедел дамушы нарықта ерекше үлкен орынға ие фирмалар табылады.
2. Тиімді бәсекелестікке негізделген әдіс. Бұл әдіс бойынша бәсекеқабілетті кәсіпорын болып бөлімшелері тиімді түрде ұйымдасқан кәсіпорындар табылады. Әрбір бөлімшенің тиімді жұмыс істеуіне көптеген факторлар әсер етеді, яғни бөлімшелердің тиімді жұмыс істеуі-ол ресурстарды тиімді пайдаланумен байланысты. Бұл әдістің негізінде 4 негізгі топтық көрсеткіш жатыр немесе оны бәсекеқабілеттіліктің критерийлері деп атайды.
Бірінші топ көрсеткіштеріне өндірістік процесті тиімді басқару: өндірістік шығындарды үнемдеу, тауарды дайындау технологиясын жетілдіру, өндірісте еңбекті ұйымдастыру жатады.
Екінші топ көрсеткіштеріне айналым құралдарын басқару тиімділігі
жатады: кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелсіздігі, оның қарыздарды төлеу қабілеті, болашақта кәсіпорынның қарқынды дамуын қамтамасыз ету.
Үшінші топ көрсеткіштеріне: тауарды нарықта жарнама және
ынталандыру арқылы жылжыту тиімділігі туралы ақпарат алу жатады.
Төртінші топқа тауардың бәсекеқабілеттілік көрсеткіштері жатады, ол: сапа және баға. Осы кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін бағалау түрі фирманың шаруашылық қызметінің негізі болып табылады, яғни ол кәсіпорынның нарықтағы жағдайын тез және обьективті түрдегі картинасын береді. Бұл жұмыста тиімді бәсекелік теориясына негізделген бәсекеқабілеттілікті бағалау әдісі қарастырылады.
Кәсіпорынның бәсекеқабілетті басқару жүйесінің ең негізгі қағидасы бұл кәсіпорынның қызмет етуі мен дамуының стратегиясы және мақсаттарды таңдаудағы негізделген өндірісті басқару жүйесінің бағыт-бағдары негізінде жаңа технология мен жаңа өнім енгізу, кәсіпорынның материялдық-техникалық базасын ескере отырып, оның потенциялды мүмкіндіктерін бағалау және бәсекелестік ортаның жағдайын болжау негізінде қызметтердің перспективалы бағыттарын анықтау түсініледі.
Қазіргі таңда кәсіпорынды тиімді әрі ұтымды басқару жүйесі әлі де болса төмен деңгейде қалып отыр. Сонымен қатар нарық қатынастарына бейімделген басқарудың функционалды механизмі дайындалмағандықтан, бәсеке жағдайында туындайтын көптеген мақсаттарға қол жеткізіле бермеуі . Сондықтан кәсіпорындар заман талабына сай, қазіргі басқару қағидасына негізделген, жоғары бәсекелік потенциялды және стратегиялық бағытты қамтамасыз ететін басқару жүйесін қалыптастыру тұжырымдамасын енгізу қажет болып табылады.
Ұзақ мерзімдік перспективада кез келген кәсіпорынның бәсекелестік күресте жеңіп, топ жарып алға шығуына мүмкіндік беретін бәсекеқабілетті стратегияның маңызы соңғы кездері күрт артуда. Барлық кәсіпорындар қатал бәсекелестік жағдайында тек ұйымның ішкі жағдайын қадағалап қана қоймай, олардың айналасында болып жатқан өзгерістердің артынан ілесуге мұрша беретін ұзақ мерзімді бәсекеқабілетті стратегиясын құрастыра бастауы заман талабы болып отыр.
Әрбір стратегия - бұл кәсіпорынды дамыту болжамының нәтижесі. Стратегия сала ерекшеліктерін есепке ала отырып, тауар концепцияларында айқындалатын қажетті бәсекелестік артықшылықтарды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорынға стратегия сыртқы орта мен оның ішкі мүмкіндіктері арасындағы тепе-теңдікті табу үшін қажет. Стратегияның басты рөлі күнлелікті өзгермелер нарық ортасының талаптарына кәсіпорынды икемдеу және сырқы орта әсерлеріне жауап ретінде реакцияларды нақтылаумен түсіндіріледі. Ешқандай кәсіпорын өзінің қызметінің барлық саласындағы бәсекелестеріне қарағанда бәсекелік басымдыққа жете алмайды. Дегенмен ол қандай да болмасын белгілі бір нарық шеңберінде ұзақ мерзімдік перспективада өзінің күш-жігерін бәсекелестік басымдылыққа бағыттауы мүмкін.
Сондықтан да нарық жағдайларының даму тенденцияларына сәйкес келетін және де кәсіпорын қызметінің күшті жақтарын тиімді әдістер арқылы пайдалануға мүмкіндік беретін бәсекелік артықшылық пен стратегиялыны анықтаудың маңызы зор.
Кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін жоғарылату стратегиясының жүйесін келесідей үлгіде көрсетуге болады:
1. Кәсіпорынның сыртқы ортада жүзеге асыратын, атап айтқанда тауарлық, баға белгілеу, жабдықтаушылармен қарым-қатынас, ақша және бағалы қағаздар нарығындағы іс-әрекет, трансакциялық шығындарды төмендету, сыртқы экономикадағы қызмет стратегиясы.
2. Кәсіпорынның ішкі ортасында жүзеге асырылатын, яғни өндіріс шығындарын төмендету, инвестициялық қызмет, қызметкерлерді ынталандыру, ақпаратпен қамтамасыз ету стратегиялары.
Фирманың бәсекеге төтеп беру қабілеттілігі мынадай жағдайларға байланысты: нарық сыйымдылығы, нарыққа кіру мүмкіндігінің жеңілдігі, өндірілетін тауардың түрі, аталған нарықта жұмыс жасайтын кәсіпорындардың бәсекелік позициялары, салаларға технологиялық жаңалықтарды енгізудің мүмкіндігі және тағы басқалары енеді.
Осыған орай кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігі ең біріншіден тауардың бәсекеқабілеттілігіне тікелей байланысты. Себебі, кез келген фирма өз тауарымен нарықта бәсекеге түседі. "Тауардың бәсекеге қабілеттілігі" мағынасында "тауардың сапасы" немесе "тауардың техникалық деңгейі түсіндіріледі. Соңғысы - тауардың деңгейін анықтай отырып, бәсекеқабілеттілігін сипаттайды. Бірақ, тауардың бәсекеқабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштер көп қой. Мысалы, тауардың тұтынушылық құнын анықтайтын параметрлер, сонымен қатар тауардың өзіне байланыссыз сыртқы факторлар да тауардың бәсекеқабілеттілігін анықтайды. Мысалы, жеткізу уақыты, сервис сапасы, жарнама, сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасы, қаржылық жағдай және сол сияқтылар. Осы айтылғандардың барлығы төмендегі кестеде көрсетілген:
Кесте - 1.
Өнімнің бәсекеқабілеттілігін анықтайтын көрсеткіштер классификациясы:

Сонымен кәсіпорынның бәсекеқабілетті басқару жүйесін қалыптастыру кезінде кәсіпорын тиімділігінің меншік формасымен байланыстылығын бәсекелестік потенциялын, ұйымдастырушылық - басқарушылық қатынастардың белсенділігін және дамуын, нарықтық қатынастар жүйесіндегі кәсіпорынның стратегиялық бағыт-бағдарын, иновация мен маркетингтік дамуын ескеру қажет. Бизнес тәжірибесі көрсетіп отырғанындай бірдей бәсекеқабілетті стратегия жоқ. Әрбір кәсіпорынныңөзіндік ерекшелігі бар. Ол кәсіпорынның нарықтағы позициясына, даму динамикасына, потенциялына, бәсекелестердің жағдайына, кәсіпорынның қызмет көрсету ерекшелігіне, экономикалық жағдайына да байланысты болады.

1.3 М. Портердің "Бәсекелестік артықшылықтар" теориясы.
Негізінен фирмалардың бәсекелестік жағдайын түбегейлі зерттеген американ экономисі Майкл Портер болып табылады. Ол 1991 жылы "елдердің бәсекелестік артықшылықтары" деген өзінің зерттеуін жариялаған болатын. Бұл зерттеудің негізгі мәні "халықаралық нарықта елдер емес, фирмалар бәсекелеседі". Бұл процестегі елдің атқаратын рөлін түсіну үшін фирмалардың бәсекелік артықшылықты қалай құрып және қалай нығайтатынын түсіну қажет.
М.Портердің пайымдауы бойынша, жоғарғы тұрақсыз және сыртқы орта факторларының анықталмағандық жағдайында ұзақ мерзімдік перспективада кәсіпорынның әрі қарай гүлденіп, өркен жаюынның кепілдігін қамтамасыз ететін бәсекеқабілеттілік пен бәсекеқабілетті басқару жүйесі, сондай-ақ бәсекеқабілетті стратегия тиімді басқарудың мақсатты құралы ретінде әр түрлі функционалдық бағыттағы және әр түрлі бизнес аясында жұмыс істейтін, тауарлар өндіріп, қызмет көрсететін ұйымдар үшін әсіресе өзекті болып отыр.
Бәсекеқабілеттілік ұғымы көпжақты болып, кәсіпорын іс-әрекетінің тауар секілді құрамдас бөліктерін сондай-ақ оның негізгі сипаттамалары болып табылатын сапа және өндіріс технологиясын қамтиды. Сонымен қатар ұлттық экономиканың және аймақтық бәсекеқабілетті ұғымдары қолданылады. Әр ұғымның құрылымы обьектінің бәсекеқабілеттілігі оның бәсекеқабілетті элементтерінен және мақсатқа жетуде олардың өзара ұйымдасуынан тұратынын негіздейді.
Портер қазіргі бәсекелестіктің дамуын анықтайтын 4 негізгі параметрді атап көрсетті:
- факторлық шарттар;
- сұраныс шарттары;
- жақын орналасқан және қызмет көрсететін салалар.
Портер бірінші параметрдің - саны жаңа шарттардың енгізілуі арқылы ұлғаятын факторлық шарттардың маңыздылығын мойындады. Неоклассикалық теория негізін қалаушылар пікірлерінен өзгешелігіол аталған факторлар ел үшін мұра ретінде қалдырылмайды, өндірістің кеңеюі процесінде пайда болады деп санады. Мысалы, Жапониядағы жер жетіспеушілік факторы шағын технологиялық процестерді қалыптастыру үшін негізгі ынталандырушы күшке айналды. Бұл кейін әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие болды.
Екінші параметр - сұраныс шарттары - ішкі нарықтың қажеттіліктерін көрсетеді. Олар фирманың даму барысын айқындап, оның болашақтағы әлемдік нарықтың әлеуеттік дамуымен байланысын көрсетеді.
Үшінші параметр - жақын орналасқан және қызмет көрсететін салалар-фирма қызметіне тікелей әсер ететін тиімді өндірістік ортаны сипаттайды. Әшекейлік бұйымдар өндіретін италияндық фирмалардың гүлденуінің себебі: Италия асыл тастар мен металдарды өңдеу өндірісі бойынша әлемдік жетекші орынға ие болып отыр.
Ішкі нарықта бәсекелердің бар болуы өте маңызды. Портер өндірістің мемлекеттік көмекпен қорғалған бір ұлттық фирмаға жинақталуының барынша пайдалы екендігін жоққа шығарады. Осындай мемлекеттік фирмалардың көпшілігі тиімділік деңгейінің төмендігімен, табиғи шикізатттарды ысырапты пайдалануымен, өнімділігінің мардымсыздығымен ерекшеленеді.
Портер бойынша, бәсекелестіктің өлшам бірлігі белгілі бір сала, яғни тауарды өндіретін немесе қызмет көрсететін және бір-бірімен бәсекеге түсетін топ. Салалар аралығындағы шек қашанда жеткілікті екендігіне қарамастан, салада бәсекелестік артықшылықтардың көздері ұқсас болып келетін тауарлар өндіріле береді. Саладағы фирманың бәсекелілік стратегиясының таңдап алынуына мынадай екі негізгі жағдай әсер етеді:
1. Фирма қызмет ететін саланың құрылымы, яғни бәсекелестіктің ерекшеліктері. Саладағы бәсекелестікке мынадай бес фактор әсер етеді:
- нарықта жаңа бәсекелестердің пайда болуы;
- алмастыратын тауарлардың немесе қызмет түрлерінің пайда болуы;
- жабдықтаушылардың саудаласу қабілеті;
- сатып алушылардың саудаласу қабілеті;
- салада бұған дейін қалыптасқан бәсекелестердің өзара бақ сынасуы.
Бұл факторлар саланың табыстылығын көрсетеді, өйткені олар фирмалар белгілеген бағаларға,олардың шығындарына, капитал салымдарына және тағы басқаларға әсерін тигізеді. Жаңа бәсекелестердің пайда болуымен бірге салада табыстылықтың жалпы әлеуеті төмендейді, өйткені бәсекелестер салаға жаңа өндірістік қуаттарды енгізіп, нарықтан өз үлестерін алуға тырысады, ал алмастырушы тауарлар мен қызметтердің пайда болуына байланысты фирма өз тауары үшін сұрайтын баға деңгейі шектеледі.
Жабдықтаушылар мен сатып алушылар саудаласа отырып өз пайдаларын табатын болады, бұл өз кезегінде фирма табысын төмендетуі мүмкін.
Басқа фирмалармен бәсекеге түсуге қабілеттіліктің құны-қосымша шығындар немесе баға деңгейінің төмендеуі болып табылады; ал оның нәтижесінде табыс қысқарады.
Әр фактордың маңызы оның негізгі техникалық және экономикалық сипаттарымен анықталады. Мысалы, сатып алушылардың саудаласа білу қабілеті-фирмада қанша сатып алушы бар, әрбір сатып алушыға өнімнің қанша үлесі келеді, тауар бағасы сатып алушылардың жалпы шығындарының елеулі бөлігі болып табылады ма деген сұрақтардың жауабына байланысты; ал жаңа бәсекелестердің пайда болу қаупі-жаңа бәсекелестердің салаға ену қиындықтарына тәуелді болады.
2. Фирманың саладағы позициясы.
Фирманың саладағы позициясы ең алдымен бәсекелестік артықшылықтарымен анықталады. Егер төменде келтірілген тұрақты бәсекелестік артықшылықтары болса, онда фирма өз бәсекелестерінен озады:
-фирманың бәсекелестеріне қарағанда, салыстырмалы тауар өндіру, шығару және сату жөніндегі қабілетін куәландыратын неғұрлым төмен деңгейде жұмсалынған шығындар. Тауарды бәсекелестері белгілеген баға бойынша немесе сонымен шамалас бағаға сата отырып, фирма бұл жағдайда үлкен пайда түсіреді. Осылайша корей фирмалары аз шығын жұмсалатын болат пен жартылай өткізгіш аспаптарын шығару кезінде төмен еңбек ақы төленетін, бірақ өнімділігі жоғары деңгейдегі жұмыс күшін шетелден сатып алынған немесе лицензия бойынша дайындалатын құрал-жабдық пен қазіргі заманғы технологиямен қоса пайдаланады.
-тауарды дифференциялау, яғни фирманың тұтынушыларға бәсекелестеріне қарағанда, не жоғарырақ сапалы, не ерекше тұтынушылық қасиеттері бар, не сатылудан кейінгі қасиеттерінің ауқымы кең тауарды ұсыну қабілеттілігі. Мысалы, неміс станок жасаушылары бәсекелестерімен бірдей шығын жұмсау жағдайында да үлкен пайда алып, тауарларға жоғары баға қоюға мүмкіндік беретін өнімнің жоғары техникалық сипаттамаларына, сенімділігіне және жедел техникалық көрсетіліміне негізделген дифференциялау стратегиясын пайдаланады.
Бәсекелестік артықшылық фирмаға бәсекелестерге қарағанда, жоғарырақ өнім береді.
Бәсекелестік артықшылыққа фирма өзінің қызмет көрсету түрлерін қалай ұйымдастырып, оны қалай атқаруы арқылы қол жеткізеді. Осы қызметтің нәтижесінде тұтынушылар үшін белгілі бір құндылықтар пайда болады. Ақырғы құндылық тұтынушылардың фирма ұсынған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бәсеке күрес - нарықтық экономика механизімінің басты элементі
Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі және оны дамыту мәселелері
Бәсекенің мәні мен маңызы, оның атқаратын қызметтері
Бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымдарының экономикалық маңызы
Монополия. Қазақстан Республикасындағы монополиялық реттеу
Бәсеке күресі
Кәсіпкерлік қызметтегі бәсекенің ролі
Қазақстандағы монополист- фирма және олардың әрекеттері
Монополистік бәсеке түсінігі
Пәндер