Бағдарламалау тілдерін оқытудың виртуалды ортасын жобалау және бағдарлама құру



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
1 ҚОЙЫЛҒАН МӘСЕЛЕГЕ ЖАЛПЫ ШОЛУ
1.1 Ақпараттық жүйелер мен қосымшаларға шолу және сараптама жасау 4
1.2 Бағдарламалу тілдерін оқытудың виртуалды ортасын жобалаудың және бағдарлама құрудың көкейкестілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Алгоритм құруда пайдаланылатын амалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.3.1 Тармақталушы алгоритм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
1.3.2 Қайталанушы алгоритм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.4 Delphi бағдарламалау ортасына шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14
1.5 Visual Basic бағдарламалау ортасына шолу ... ... ... ... ... ... ... .. 19

2 ҚОЙЫЛҒАН МӘСЕЛЕНІ ШЕШУДІ ЖОБАЛАУ
2.1 Виртуалды орта туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
2.2 Анимациялық эффектілер жасауда Delphi көмегін пайдалану ... ... 29
2.3 Виртуалды орта мүмкіндіктерінің маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... . 32
2.4 Виртуалды орта құрастыруды жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 34

3 DELPHI.ДІ ҮЙРЕТУШІ ВИРТУАЛДЫ ОРТАНЫ ҚҰРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАРҒА ШОЛУ
3.1 AutoPlay Media Studio 8.0 бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 38
3.2 Macromedia Flash MX бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 45
3.3 Xara 3D5 бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 57
3.4 Виртуалды ортаны құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 65
КІРІСПЕ

Бүкіл жер шарындағы, адам жүрген жердің бәрінде бағдарламалардың элементтері кездесіп жатады. Зәулім үйлер, күрделі аппараттар, ұшушы және жүруші барлық техникалар, құралдардың барлығына жақыны – компьютерлік бағдарламалардың нәтижесі. Себебі, аталған дүниелерді жасаушы станоктар компьютерлік бағдарламалар көмегімен жұмыс жасайды. Бағдарламалау тілдері – қазіргі ғасырда орнын ауыстыруға келмейтін, жаңа ғылым саласы. Бағдарламалау тілдері алгоритм құрумен тығыз байланысты. Сондықтан бағдарламалаушы тілдерді үйретуде алдымен алгоритмдеуді үйрететіні бекер емес. Алгоритм – бағдарлама құру процессінің фундаменті десек болады. Синтаксистік және семантикалық қателерден сүзгіленген алгоритмнен ғана сапалы бағдарлама күтуге болады.
Білім беру саласында осы ғылымға ерекше көңіл бөлінеді. Барлық мемлекет өз жастарын, компьютерді ерекше қуатты сайман етіп, пайдалануға үйретуді негізгі саясат ретінде ұстанатындығы жасырын емес. Біз, жаңа Қазақстанның жастары, білімді болуға, осы аталған ғылым саласын игеруге міндеттіміз. Сондықтан осы мақсатқа жеткізуші сайман жасауды, мен алдыма мақсат етіп қойдым. Мұнда шешілмей жатқан мәселер өте көп. Жастардың тек пайдаланушы ретінде қалып қою қаупі бар. Мысалы, ұялы телефондағы функцияларды оңай пайдаланады ал, «Сен соны өзің жасай аласың» деген сияқты әңгіме қозғасаңыз, олардан сенімсіздікті бірден байқауға болады. «Мен мұндайды істей алмаймын», «Бұған менің басым жетпейді» немесе «Ол үшін программист болып туылуым керек еді» деген сияқты жауаптар естиміз. Талап, еңбек және терең ой (Абайдың өлеңінен) адамды биік шыңдарға жеткізеді деген ұстанымнан қорықпау керектігін көрсететін кез келген сияқты.
Бағдарламалау тілдері әлемде мыңнан асады. Олардың барлығын үйретуші бір сайман жасау өте қиын. Десекте олардың ішінде шоқтығы биік саймандар бар. Атап айтсақ, олар: С++, VisualBasic, Delphi, Assembler және т.б. Тапсырма ауқымы шамадан тыс болмас үшін деректерге шек қоюға тура келеді. Алайда осы, «Бағдарламалу тілдерін оқытудың вертуалды ортасын жобалау және бағдарлама құру» атты ....
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Попов В.Б. "Паскаль и Дельфи"
2. Культин Н.Б. "Delphi в задачах и примерах"
3. Марков А.С. "Базы данных, Введение в теорию и методологию"
4. Фельдман С.К. "Без секретов система программирования Delphi"
5. Фаронов В.В. "Програмирование баз данных в Delphi 7"
6. Камардинов О. Жантелі Х. "Delphi 5-6"
7. Электронды оқулықтарды пайдалану. А.Абубаева, Информатика негіздері, №4 – 2006.
8. Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі. Г.Бейсенова, Қазақстан мектебі, №6 - 2006ж.
9. Дәстүрлі және электрондық оқытуды кірістіру. Қазақстан мектебі, №7,8 – 2006ж.
10. Қазақстан және ТМД елдеріндегі білім беруді ақпараттандырудың IV Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы (18-19 бет. 38-39 бет. 118-119 бет. 460-461 бет).
11. Талызина Н.Ф. Методика составления обучающих программ.-М.: МГУ, 1980.-47 с.
12. Цевенков Ю.М., Семенова Е.Ю. Эффективность компьютерного обучения.-М.,1991. С.84.-(Новые информационные технологии в образовании:Обзор инф./НИВО; Вып.6) С.52-74.
13. Қашықтан оқытуды ұйымдастыру негізгі ережелері. ҚР МЖМБС 5.03.004 -2006.
14. Андреев А.А. Дидактические основы дистанционного обучения в высших учебных заведениях. -М.: МИЭП, 2000,76с.
17. Вяткин Л.Г., Железовский Г.И. Опыт развития самостоятельности студентов. -М.:Педагогика, 1993. №1.- 61-66с.
18. А.Я.Архангельский. «Приемы программирования в Delphi», 2 том, Москва 2002.
19. Стив Тейксейра и Ксавье Пачеко. «Delphi 5 руководство разработчика», 1 1 том, Москва, Санкт - Петербург, Киев 2000г.
20. Стив Тейксейра и Ксавье Пачеко. «Delphi 5 руководство разработчика», 2 том, Москва, Санкт - Петербург, Киев 2000г.
21. Марко Кенту «Delphi 7 для профессионалов». Питер 2004г.
22. Сайттар:
www.edu.gov.kz
www.google.ru
www.kazakh.ru
www.bankreferatov.ru
www.5ballov.ru

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. .
1 ҚОЙЫЛҒАН МӘСЕЛЕГЕ ЖАЛПЫ ШОЛУ
1.1 Ақпараттық жүйелер мен қосымшаларға шолу және сараптама жасау 4
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
1.2 Бағдарламалу тілдерін оқытудың виртуалды ортасын жобалаудың 8
және бағдарлама құрудың көкейкестілігі
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
1.3 Алгоритм құруда пайдаланылатын амалдар 12
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
1.3.1Тармақталушы алгоритм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
1.3.2Қайталанушы алгоритм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.4 Delphi бағдарламалау ортасына шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14
1.5 Visual Basic бағдарламалау ортасына шолу ... ... ... ... ... ... ... .. 19

2 ҚОЙЫЛҒАН МӘСЕЛЕНІ ШЕШУДІ ЖОБАЛАУ
2.1 Виртуалды орта туралы жалпы түсінік 27
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2.2 Анимациялық эффектілер жасауда Delphi көмегін пайдалану 29
... ...
2.3 Виртуалды орта мүмкіндіктерінің маңыздылығы 32
... ... ... ... ... ... ... .
2.4 Виртуалды орта құрастыруды жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 34

3 DELPHI-ДІ ҮЙРЕТУШІ ВИРТУАЛДЫ ОРТАНЫ ҚҰРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛҒАН
БАҒДАРЛАМАЛАРҒА ШОЛУ
3.1 AutoPlay Media Studio 8.0 38
бағдарламасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
3.2 Macromedia Flash MX 45
бағдарламасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
3.3 Xara 3D5 57
бағдарламасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
3.4 Виртуалды ортаны құру 60
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
.

ҚОРЫТЫНДЫ 64
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 65
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..


КІРІСПЕ

Бүкіл жер шарындағы, адам жүрген жердің бәрінде бағдарламалардың
элементтері кездесіп жатады. Зәулім үйлер, күрделі аппараттар, ұшушы және
жүруші барлық техникалар, құралдардың барлығына жақыны – компьютерлік
бағдарламалардың нәтижесі. Себебі, аталған дүниелерді жасаушы станоктар
компьютерлік бағдарламалар көмегімен жұмыс жасайды. Бағдарламалау тілдері –
қазіргі ғасырда орнын ауыстыруға келмейтін, жаңа ғылым саласы.
Бағдарламалау тілдері алгоритм құрумен тығыз байланысты. Сондықтан
бағдарламалаушы тілдерді үйретуде алдымен алгоритмдеуді үйрететіні бекер
емес. Алгоритм – бағдарлама құру процессінің фундаменті десек болады.
Синтаксистік және семантикалық қателерден сүзгіленген алгоритмнен ғана
сапалы бағдарлама күтуге болады.
Білім беру саласында осы ғылымға ерекше көңіл бөлінеді. Барлық
мемлекет өз жастарын, компьютерді ерекше қуатты сайман етіп, пайдалануға
үйретуді негізгі саясат ретінде ұстанатындығы жасырын емес. Біз, жаңа
Қазақстанның жастары, білімді болуға, осы аталған ғылым саласын игеруге
міндеттіміз. Сондықтан осы мақсатқа жеткізуші сайман жасауды, мен алдыма
мақсат етіп қойдым. Мұнда шешілмей жатқан мәселер өте көп. Жастардың тек
пайдаланушы ретінде қалып қою қаупі бар. Мысалы, ұялы телефондағы
функцияларды оңай пайдаланады ал, Сен соны өзің жасай аласың деген сияқты
әңгіме қозғасаңыз, олардан сенімсіздікті бірден байқауға болады. Мен
мұндайды істей алмаймын, Бұған менің басым жетпейді немесе Ол үшін
программист болып туылуым керек еді деген сияқты жауаптар естиміз. Талап,
еңбек және терең ой (Абайдың өлеңінен) адамды биік шыңдарға жеткізеді деген
ұстанымнан қорықпау керектігін көрсететін кез келген сияқты.
Бағдарламалау тілдері әлемде мыңнан асады. Олардың барлығын үйретуші
бір сайман жасау өте қиын. Десекте олардың ішінде шоқтығы биік саймандар
бар. Атап айтсақ, олар: С++, VisualBasic, Delphi, Assembler және т.б.
Тапсырма ауқымы шамадан тыс болмас үшін деректерге шек қоюға тура келеді.
Алайда осы, Бағдарламалу тілдерін оқытудың вертуалды ортасын жобалау және
бағдарлама құру атты оқытушы сайманнан қабылданған мәліметтер аздық етпес
дегім келеді.

1. ҚОЙЫЛҒАН МӘСЕЛЕГЕ ЖАЛПЫ ШОЛУ

1.1 Ақпараттық жүйелер мен қосымшаларға шолу және сараптама жасау

Басқарудың автоматтандырылған жүйелерiнiң пайда болуының алғышарттары
60-жылдардың басында өндiрiстiк процестердiң күрделенуiне байланысты
жұмыстардың қиындауынан бастау алады. Тұтас алғанда әлемде экономикалық
жағдай күрделене бастады. Сондықтан БАЖ құру қиындай түстi, ақпарат
ағынының көлемi өстi. Сол бiр сәттерде тұңғыш есептеу машиналарының дүниеге
келуi инженерлердi, ғалымдарды қайран қалдырып, өндiрiстi басқару бүкiл
процесiн бастан-аяқ қайта ойлауға және БАЖ-ға көшуге мәжбүр еттi. Сол кезде-
ақ басқаруда қызмет етушiлердiң саны көбейдi. БАЖ-дың дамуын бiрнеше этапқа
бөлемiз.
1-кезең. 60-70 жылдары өндiрiстi басқару БАЖ-ға көшiрiлдi. Өндiрiстi
басқарудың ұйымдастырылу құрылысы жатқызылды. Сол себептi БАЖ-ды енгiзуде
алғашқы сәтсiздiктер болды. Өйткенi өндiрiс оған дайынсыз кiрiстi.
Өндiрiстiң бей-берекеттiгi автоматтандырылды. Сонда да кейбiр өнiмдердiң
материалдық техникалық жабдықтары автоматтандырылды. Мұның өзi экономикалық
жағдайды дамуға жол бердi. 60-жылдары БАЖ-ға тән шарттар:
БАЖ-ды енгiзудiң бұрын кәсiпорынды басқарудың ұйымдай құрылымын
мұқият тексерiп шығу керек;
Есептелетiн ресурстар бойынша қызметтегi мiндеттердi шешуге
тиiстi;
Басқару объектiсiн комплекстi түрде қамтитын дұрыс яғни техникалық
процесстiң басқарудың бiр жүйесiнде кәсiпорынның экономикалық қызметiн
бiрiктiру қажет.
2-кезең. БАЖ-ның техникасының құралдары ретiнде II-буын ЭВМ-дерi
пайдалану кәсiпорынды басқару жүйесi информациялық машина тасылғыштарына
жеттi. Бұл қызметкерлердiң еңбек өнiмдiлiгiн тез артады, кiшi қызметкер де
жұмыстарын автоматтандырады. Арнайы бiлiм талап ететiн және жауапкершiлiктi
қажет ететiн қызметкерлер iсi автоматтындырады.
БАЖ-ды құруға арналған методикалық материалдар жазылды. Кейбiр
шешiмдер модельдендi. Математикалық әдiстер қолданылады.
3-кезең. Қазiргi кезде БАЖ интегралдық жүйе болып табылады. ґндiрiстi
басқарудан бастап техникалық процестерге дейiнгi деңгей. Техникалық
құралдар III-буын ЭВМ-дерi алынады көп процессорлы комплекстi пайдаланады.
Персональдi ЭВМ-дi пайдалана бастады. Жобалау процестерiн автоматтандыруға
жол беретiн техникалық процестер өрiстедi.
Дамыған елдер БАЖ барлық салаларға енгiзiлуде. Мысалы қолмен iстейтiн
заттар айналымы автоматтандырылған.
Сондықтан да материалдарға және дайын өнiмдерге заявкалар толтырумен
айналысатын жұмысшыларға қажетiлiгi тыйылады. Бiздiң елiмiздiң шаруашылықта
қазiрдiң өзiнде кәсiпорындар мен ведомстволық бiрлестiктерде БАЖ жұмыс
iстеуде. Практика оларды тиiмдi деп көрсетiп отыр. Әйтсе де қазiргi кезеңде
автоматты жұйелер проблемалары комплекстi түрде тұр.
Кәсiпорындарда БАЖ бiр ғана мiндеттi орындауда. Көптеген мiндеттер
шешiмi сатысында тұр. Ал кейбiреулерiн теория жағыана талдау жасап олардың
қалыптасуын қамтамасыз ету қажет.
БАЖ-ды жетiлдiру төмендегi бағытта жүргiзiледi.
ЭВМ есептерiн шешу көбеюде;
Алда тұрған мiндеттердi түзу кезiнде есептеу операцияларын
автоматтандыру арқылы ең қиын, ең күрделi есептердi шешу. Мейлiнше
жетiлдiрiлген арифметикалық, математикалық әдiстер қолданылды;
Машина информация өңдеуде, автоматты машинаның салмағы қол еңбегiнде
арта түседi. БАЖ-ды ойдағыдай дамыту керек. Қабiлеттi мамандар даярлау
керек.
БАЖ жаңа түсiнiк болып табылады халық шаруашылығында адам орнын
алмастырады және өнiмдi еңбек етедi. Басқару сапасын сипаттайтын бiр қатар
емес және ең көп мағыналы мiндетiн басқарудың бiр жолын таңдау керек.
Автоматты жүйеде оның жұмыс iстеу кезеңiнен кейiн адамның араласуын
талап етедi.
Мысалы информация әзiрлеу үшiн, информация тасылғыштарына жазылу үшiн
оператордың белгiлi (клавиштi басу) қимылы керек. Машина тасылғыштарына
әзiрлеген информация оператор тағы да ЭВМ-ге енгiзуi тиiс. ЭВМ-де
информация өңдеу сәтiнде оператор машинамен сөйлесiп оның берген хабарлауын
қадағалауы керек және өзiнiң директиваларын берiп отыруы керек.
Адам машиналар жүйесiнде маңызды болып саналатын бiр жағдай – шешетiн
есептер нәтижелерiн басқару объектiсiне тiкелей әсер етпейдi. Ондай ықпал
жасайтын ЭВМ берген хабарламаны алатын адам болып саналады.
БАЖ-дағы информация өңдейтiн ең басты техникалық құрал ЭВМ болып
табылады. ЭВМ-нiң экономикалық, математикалық тәсiлдердi қолдану бiр ғана
фактiсi басқару мiндеттерiн шешу үшiн БЖ-сi автоматтандырылды деуге
болмайды. БАЖ ЭВМ-де басқару есептерiн үздiксiз жаппай шығаруды проблемасын
бар болғаны кәсiпорынды қазiргi заманғы ЭВМ-мен жаңарту деп есептеу дұрыс
емес. Басты нәрсе ЭВМ-де басқару есептердiң ауқымын кеңейту оларды
үйлестiру. ЭВМ-дi шешiмдердi дәл де тез жасау үшiн қолдану қажет. БАЖ
экономикалық объектi басқару ұйымдастыру формасы ол кибернетика және
информатика ғылымдарының теориясына негiзделедi:
Кибернетика жанды және жансыз объектiлердiң басқару процесiн
зерттейдi;
Информатика информацияны жинау, сақтау, өңдеу әдiстерiн зерттейдi.
БАЖ құруда экономикалық объектi өндiрiс процестi модельдеу және
математикалық әдiс қолдану.
Бiздiң айнала қоршаған өндiрiстiк және шаруашылық объектiлер көптеген
элементтерден тұрады. Құрылымы өте күрделi және көп дәрежелi iшкi және
сыртқы инфорциялық байлданыс өте күрделi басқару элементтерiнен және толық
жүйемен жүзеге асыруға болады.
Жүйе бұл бiр-бiрiмен байланысты және бiрлесiп әрекет жасайтын
көптеген, реттелген элементтер жиыны.
Элемент бұл қажеттi жағдайда жүйе ретiнде қарастыруға мүмкiншiлiк
беретiн ары қарай бөлiнбейтiн структуралық бiрлiк.
Басқару жүйенiң алдында тұрған мақсатқа жетуге және жетудің жағдайын
iске асыратын функция.
Басқару жүйесi (БЖ) басқарылатын және басқарылатын бөлшектерден
тұрады. БЖ ресурстар (материал, отын) түседi. Олардың қимылы тексерiлiп
және реттелiнiп отырылады. БЖ -ның жұмысы қоғамға пайдалы жұмыс етумен
байланысты. Басқару бөлшегi бұл басқару органы. БЖ -ның жұмысын бақылайды.
Белгiлi қалыптан ауытқымауын қамтамасыз етедi. Басқару органы басқару
аппаратынан (қызметкерлерден) және информация жинайтын, сақтайтын, өңдейтiн
техникалық құралдардан құрылып басқару шешiмдерiн қабылдайды. Жүйенiң
жұмысы БЖ және басқару бөлшектiң тiке, керi информациялық байланыс арқылы
бiрiгiп әрекет етуiнен жүзеге асады.
Iшкi информация тiке байланыс. Бұл жүйедегi элементтердi iс
параметрлерiн белгiлейтiн информация тасқыны керi байланыс қабылдайтын
басқару шешiмдерi. Сыртқы информациялық байланыстар. Бұл экономикалық
объектiнiң жоғары бiрiгiп әрекет ететiнiн белгiлейдi. БЖ-нiң мiндетi
информацияны қабылдау. Оны программа бойынша өңдеу және жүйенiң құлқын
белгiлейтiн басқару шешiмдерiн қабылдау. Автоматтандыру адамның өндiрiс
процессiнде қатысуын азайтатын техникалық-ұйымдық және экономикалық
әрекеттер.
БАЖ-ды жұмыс iстейтiн белгiсi бойынша анықтау. БАЖ-ды ұйымдастыруды
басқару өндiрiстiк шаруашылық басқару халық шаруашылығының барлық
деңгейдегi әлеуметтiк экономикалық процесстер объектiсi. Олар тiкелей
өндiрiстiк процесстердi басқару емес, жоспарлаудың бақылаудың техникалық
экономикалық талдаудың мiндеттерiн шешу жолымен әкiмшiлiк ұйымдық басқаруға
арналады. Сондай мiндеттердi шешудiң нәтижелерi негiзiнде экономикалық
объектiлер мен көрсеткiштердi басқару үшiн басқарушылдық шешiмдердi тiзедi.
Саланың деңгейiнде тұтасымен саланы тұрақтандырудың өте зор ауқымдағы
мiндеттерiн қарастырып шешедi. Кәсiпорын деңгейiнде кәсiпорынның үйлесiмдi
басқару мiндеттерi шешiледi. ӨБАЖ алдына кәсiпорындар аппаратының әкiмшiлiк
қызметiн ұйымдастыруды жақсарту ұйымдастыру шаруашылық экономикалық
қызметтi басқару автоматтындыру проблемасы қойылады. Барлық кәсiпорындар
бақылау барынша күрделi объектiлерi боып табылады. Бұл жердегi қиыншылық
оларды толық қалыптастыру ешқандай мүмкiн емес. Өйткенi өндiрiстi үздiксiз
дамыту адам факторларының түгелдiгi өз еркi өзiне тиген адамдардың басқару
процесiне қатысу және олардың әртүрлi қабылетi мен қасиеттердi меңгеруi
бөгет жасайды. Олардың еңбегiнiң нәтижелерi көптеген жағдайлар мен
факторларға байланысты. Басқару қарапайым тәсiлмен жұмыс iстеу көбiнесе
қате шешiмдер қабылдауға әкеп соқтырады, өйткенi бiр тектес алынатын
мағлұматтарға әртүрлi жарлықтар берiледi. Әрине ондай жабдықтар басқару
аппаратындағы басшыдан жиi болады. Мұндай шалағайлықтарды ӨБАЖ-нде
басқарушылық мiндеттерiнен қалыптастыру жолымен жоюға болады және олар ЭВМ-
де дұрыс шешiмiн табады. Бұл өндiрiстiк кеңiстiктегi материалдарды тасқыны
түрiнде бейнеленуi мүмкiн.
Материалдар тасқыны сипатына сәйкес техникалық процестер үздiксiз
және дискреттi (үздiктi) болып бөлiнедi.
Үздiксiз өндiрiс. Оның қатарына мұнайды қайтып өңдейтiн, газ, химия
өнеркәсiптерiн жатқызамыз. Үздiксiз өндiрiстiң өнiм энергия түрiндегi
бiрқатар заттар ал техникалық параметрлi үздiксiз өлшемдер (концентрация,
қысым, температура) болып табылады.
Дискреттi техникалық процес үздiктi өнiм шығаруға тән сипаталынуына
тиiсiнше техникалық процестердi осы сипатта жүргiзiледi. Дискреттi
сипаттағы өндiрiске аспаптар, машина жасау кәсiпорындары жатады. Мұнда
материал тасқыны үзiлiспен жеткiзiледi тиiсiнше техникалық процестер
дискреттi параметрлермен (загатовка саны, жартылай фабрикаттар саны)
сипаталады. Шығарылатын өнiмдер де соған жатады. Сондай-ақ әрбiр операция
дискреттi өлшемдер (орындалудың басы және аяғы) арқылы сипатталады. Ондай
өндiрiс туралы хабарламалар да дискреттi болады. Нақты жағдайдағы үздiксiз,
үздiктi түрдегi өндiрiстердi ерекшелiктерге ие болады.
БАЖ құрылым негiзiне жүйелiк қатынас жатады. Бұл бөлiктердiң немесе
жекелеген көмекшi жүйелердiң өзара байланысын есепке алатын процесс
ретiндегi басқару проблемасына тиiстi қатынасты қажет етедi.
Жүйе дегенiмiз - объектiлердiң жиынтығы, оның басты қасиеттерi осы
объектiлердiң арасындағы қатынастар арқылы анықталады.
Жүйенi синтездеу белгiлi алға қойған мақсатты жұмыс iстеу барасында
орындап шығуға ықпал етедi. Бұл кезең қажеттi мәлiметтердi алуға мүмкiндiк
беретiн қайта iрiктеу, екшеу әдiсiнiң көмегемен iске асырылады және тиiстi
талаптар қоюды айқындайды. Олар алға қойылған мақсатты орындауға жеткiлiктi
шарттар жасайды, әдетте басты мақсат жұмыс барысында кiшiгiрiм мақсаттарға
бөлiнедi. Мақсаттардың иерархиясы әрбiр мақсатқа жету үшiн ресурстардың
тiзiмiмен толықтырылуы тиiс. Алынған мағұлматтар берiлгендердiң алынған
берiлгендердiң жиынтығы негiзiнде қоршаған ортамен жан-жақты зерттеп
басқарудың мақсаттары, ресурстарды шектеу, оларды жүзеге асырудың мақсат
бағыттары айқындалады. Техникалық талаптар қалыптасады. Сөйтiп көмекшi
жүйелер, компоненттер анықталады. К – тиiмдiлiк көрсеткiш бойынша
таңдалады.

1.2 Бағдарламалу тілдерін оқытудың виртуалды ортасын жобалаудың және
бағдарлама құрудың көкейкестілігі

Елімізде XX ғасырдың 70 жылдары іске асырылған ғылыми-техникалық
революция, ғылыми информациялардың қарқынды да асау тасқыны, қоғамдық
өмірдің барлық салаларына барынша әсер етуде. Мысалы, жоғары мектеп, осы
кезге дейін, ғылыми теориялар мен оларды игеруге қажетті білімдермен
біршама қаруланған атқарушы мамандар даярлап келгені белгілі. Адамға
қажетті кәсіби білім мөлшері өте жылдам өсіп отырған ендігі жағдайда,
жемісті еңбек ету үшін, ұғымдық деңгейдегі білім жиынтығын игеру
жеткіліксіз. Кез келген жоғары оқу орынынан жасампаз, ғылыми және саяси
информациялардың асау ағынында дұрыс бағдар ұстай білетін, ғылым мен
техникада, экономика мен баскару ісінде өз білімін іскерлікпен пайдалана
отырып, жаңа жолдар мен әдістер іздеп таба алатын, батыл да жаңашыл,
әлеуметтік белсенді мамандар даярлау талап етіледі.
Екінші жағынан, елімізде орныға бастаған нарықтық қатынастар, өмірге
жаңа үрдіс - ақылы оқу топтарын - алып келуде. Бұл жағдай, әрбір студентті,
біліміндегі ақ тандақтарға, оның оқу ықыласының төмен болуына байланыссыз,
мемлекеттік стандартқа сай маман етіп шығаруды күн тәртібіне қойып отыр.
Келтірілген мәселелерді, оқу процесін ғылыми негізде ұйымдастыру,
шектеулі және мөлшерлі уақытты мүмкіндігінше сығымдау, компьютерді
пайдалана отырып оқу процесін басқаруды жетілдіру, яғни оптимальді-
әдістемелік басқаруға көшу арқылы ғана шешу мүмкін екендігі, жоғары мектеп
саласында қызмет атқарушы әрбір маманға түсінікті нәрсе. Жоғары мектеп,
өзіндік бет бейнесі бар, ақыл-ой "фабрикасы" болуы тиіс. Заман ағымына
ілесе алмайтын мектептің ертеңгі күнін көзге елестетудің өзі де қиын.
Оқу процесін ғылыми негізде ұйымдастыру — студенттердің оқу-танымдық
іс-әрекеттерін ұзақ мерзімдік және ағымдық жоспарлау, оқу уақытын нақты да
дәл мөлшерлеу, оқыту субъектілері функцияларын өзара ұтымды үлестіру, оқу
нәтижелерін бақылап бағалау және талдау қажет деген сөз. Ал, басқару
атауындағы "оптималъді-әдістемелік" сөз тіркесі - басқарудың кешенді жүйе
екендігінің белгісі. Тіркестегі екінші сөз — педагогикалық, психологиялық
және әдістемелік түрғыдан қарастырылатын басқару мәселесінің, нақты пәннің
сапалық ерекшеліктері мен құралдары жиынтығына бейнелену арқылы іске
асырылатын жүйелі, көп дсңгейлі және бейімделгіш жиынтық құрылым
екендігін білдіретін анықтауыш.
Электрондық оқу құралы — мемлекеттік стандартқа caй жоспарланған
оқу нәтижелеріне жету мақсатында студенттерге немесе кең оқырманға
ұсынылатын білім қорына әсер беруші электрондық жиындық. Алайда дәстүрлі
оқытумен салыстырғанда, электрондық оқытудағы жағдай басқаша. Шындығында,
дәстүрлі оқыту барысында, оқыту шарттары, құралдары мен әдістері белгілі
де. Оқу нәтижесі белгісіз болып келеді. Ал электрондық оқытуда,
қанағаттандыруы тиісті талаптар алдын-ала анықталынып, талаптар
сипаттамасы болып табылатын оқу тапсырмаларының ең кажетті минимальді
жүйесі көрсетілуі себепті — нәтиже, қалыптастырылатын ебдейлік
(умение) белгілі. Белгісіз — осы нәтижеге алып келетін
қалыптастыру процедурасы, қалыптастыру әдістемесі. Ебдейлікті
материалданған түрінен, интериоризацияның жоспарланған деңгейіне түрлен-
діретін іс-шаралар, оның жоспарланған сапаға ие болуын қамтамасыз
етуші іс-шаралар анықталуы тиіс.
Электрондық оқу құралдарында, қалыптастырушы мазмұн, әрбір студент
ерекшелігіне байланысты өзгеріп тұрады. Мұндағы өзгеретіндер —
процедуралардың ебдейлік қалыптасуы үшін қажетті және жеткілікті мазмұны,
оқу тапсырмаларының берілу реті мен мөлшері, ебдейлік қалыптасу уақыты. Осы
өзгеретіндер арқылы, студенттің жеке ерекшеліктері — білімділігі, даму
деңгейі мен тәрбиелілік көрсеткіштері өзгеріп дамиды. Өзгермейтіндер — іс-
әрекеттердің бағдарлық негіздері кескіні, іс-әрекеттің пәндік мазмұн
бейнелері.
Оқу процесі интенсивтілігі өте жоғары немесе төмен болса, студенттің
оқу материалын қажетті деңгейде игере алмайтыны - белгілі факт. Сондықтан
оқудың жоспарланған нәтижесіне артық немесе кем жүктемесіз қол жеткізу -
оқу процесі оптимальділігінің негізгі талаптарының бірі. Олай болса,
студенттің өз күш-жігерін ұтымды түрде жұмсауын мүмкін ететін, өзі үшін
есептелініп анықталынған нормативті уақыт мөлшерінде оқуы - оқу процесі
оптимальділігінің екінші көрсеткіші.
Оқу - "тарихы" бар процесс. Белгілі бір кезеңге дейінгі уақыт
аралығында жинақталған нәтижелер, яғни студенттің интеллектуальдық байлығы
- осы кезеңдегі оқу нәтижесіне әсер етеді. Өйткені, интеллектуальдық
байлық, атқарылар іс-әрекетке сай болғанда ғана, іс-әрекет жемісті
аяқталады. Керісінше, жемісті аяқталған іс-әрекет, студенттің
интеллектуальдық байлығын байытып дамытады. Олай болса, студент тердің өз
интеллектуальдық байлыға ауқымында іс-әрекеттер жасауы - оқу процесі
оптимальдылығының үшінші көрсеткіші.
Кез келген компьютерлік бағдарлама құрар алдында бағдарламашы болашақ
бағдарламаның көрінісін көз алдына елестетеді. Сондықтан біздің
бағдарламамыз қандай болуы тиіс – деген, сұрақтың пайда болуы заңды. Жалпы
бағдарлама ұғымы – кез-келген әрекетті қалаған уақытымызда іске қосу үшін
жазылатын компьютерлік, арнайы мәтін. Басқаша айтсақ, сол мәтінді компьютер
оқып, соған сәйкес жұмыс жасайды. Яғни, компьютерді басқарушы мәтін –
бағдарлама. Ол мәтіннің арнайы тілі бар. Мысалы, қазақ тек қазақтың тілінде
сөйлей алады, жаза алады. Ал, егер оған италянша жазсаңыз оны қазақ
түсінбейді, италян түсінеді. Сол сияқты, компьютерге айтқаныңды істету үшін
компьютірдің тілінде жазу керек. Компьютерді ауызша бақару, түсіндіру
әзірге қиын болып тұр. Тек жаза отырып компьютермен жұмыс жасауға,
бағдарлама теруге болады. Ал, жазу – белгілердің реті. Бұл орайда да
белгілерді енгізу тәртібін сақтау қажет. Бұл тәртіп бағдарламалау тілінің
сипатына қарай әр түрлі болып келеді. Осы ережелер жиынын жаттау
бағдарламалау тілін білумен бірдей. Ал, бағдарлама құруға келер болсақ тек
бағдарламалау тілін білу жеткіліксіз. Сондықтан тағы да екі ұғымды
ескеруіміз қажет. Ол бағдарлама құру процессін жобалау және бағдарламаны
жобалау.
Бағдарлама құру процесін жобалау өте жауапты кезең. Бағдарламашы осы
жерде көп ойланады. Бағдарламашының көкейінде тек бір сауал, ол болашақ
бағдарламаның көрінісі қандай болмақ? Оны басқа бағдарламаның көрінісі
бойынша құрастырса ол ешқандай жаңашылдық болмайды, ол көшірме деп, аталды.
Тек басқаларға ұқсамайтын жағдайда ғана ол бағдарлама ерекше болады. Оған
қол жеткізу үшін сараптама, салыстыру және бірегейлік ету кезеңдерінен
Ондай бағдарламалар жасалған ба? Егер жасалған болса олар қалай жұмыс
жасайды? Ол қандай бағдарламалау тілінде құрастырылған? Тағыда, сараптама
жасау кезеңінде пайда болатын, сұрақтарға жауап ізделінеді. Интерфейсі өту
қажет.
Сараптама жасау кезеңінде басқа бағдарламалар зерттеледі. Біздің
жағдайымызды алатын болсақ, бізге бағдарламалау тілдерін үйретуші
бағдарлама құру қажет. қазақша болып келген бағдарламаны әзірге
кездестірмей отырмын. Мүлдем жоқ десем қателесемін. Студенттердің,
магистранттардың жасаған жұмыстарынан осы тақырыпта жұмыстар кездестіруге
болады. Мысалы, Delphi, C++, информатика және т.б. дара салалар бойынша
жасалған электрондық оқулықтарды кездестіруге болады. Олардың көпшілігі
Delphi ортасында терілгендігі белгілі болып отыр.
Бір-бірімен салыстыру кезінде олардың интерфейсінен ерекше эффектіні
байқау қиын. Барлығы дерлік бір технологиямен дайындалған. Оларға жаңашыл
технологияны енгізуге бітіруші студенттерге қиын болса керек немесе
жетекшілер ат үсті қараса керек. Студент тек бір ғана емес бірнеше
бағдарламалау тілдерін, саймандарын және қажет болса сыртқы аппараты іске
қосуы тиіс емес пе? Себебі дипломдық бақдарлама құрар кезеңінде ол өзінің
қолынан не келетінін көрсетуі тиіс. Егер ол тек HTML тілінде қарапайым
түйме орнатылған бір терезені дипломдық жоба ретінде ұсынса ол студенттің
төрт жыл бойында ешқандай творчестволық зерттеу жұмыстарымен айналыспағанын
көрсетпей ме. Сондықтан мұндай жұмыстарға әптен қанық бола отырып, мен
оларды үлгі ретінде пайдалануға үзілді-кесілді бас тарттым.
Бірегейлік ету мақсатында қиын болса да күрделі саймандарды
пайдалануға тура келеді. Жасалынған жұмыс қайта-қайта өшіріліп, қайта
жасалынуына тура келеді. Себебі құраушы элементтер талғамға сәйкес болмай
жатады. Бағдарламаға жаңашыл элементтер енгізу үшін басқа саймандардың
қасиеттерін зерттеуге тура келеді. Кейде тіпт ітаныс емес саланы зерттеу
кезінде аса қиындық болады. Ал, оның беретін нәтижесін біле отырып, оны
айналып өткіңіз келмей қалады. Мысалы, Delphi де жұмыс жасап жүріп, 3DSMAX
немсе Flash элементтерін пайдалану керек болса, ол тілдерді пайдалану
ережелерін зерттеуге тура келеді.
Бағдарламаны жобалау кезінде жасалынған барлық нәтижелер
пайдаланылады. Үй салу іспетті. Құрылыс саймандары жинақталған кезде ғана
үй салуды бастауға болады. Фундаментке тас, цемент, құрал жабдықтар
жинақталады. Сол сияқты, барлық сурет, анимация, компоненттер, эффектілер,
мантаж және объектілер жасау технологиясы – саймандар. Енді осы саймандарды
пайдалану қажет. Оларды пайдалану реті болады. Осы реттілікті ұйымдастыру
кезеңі бағдарламаны жобалау кезеңі болып табылады. Әрине бұл жеке
анықтамаларым екендігін айта кетуім қажет. Сіз мүмкін менімен келіспей
жатуыңыз мүмкін. Дегенменде, осылай мәселені ашу барысында мен өз мақсатыма
жеттім. Сондықтан бұлар тегіннен тегін айтылып отырған жоқ. Бұл бағдарлама
пайдалнушыға бағдарлама құруды үйретуге септігін тигізуі қажет. Яғни, ол
үйретуші бағдарламалық орта болып табылады. Сондықтан біз бағдарламалауды
үйрету ерекшелігін атап өтуіміз қажет. Бағдарлама негізі, әрекеттерді
жүзеге асыру реті – алгоритм. Мысалы, қайталау, шартты әрекеттер, енгізу,
шығару және операндар ретін ұйымдастыру. Осылардың барлығы алгоритм құру
кезеңіне кіреді. Оған студенттерді машықтандыру күрделі мәселелерге жатады.
Сөзбен айтып жеткізу қиын болғандықтан бұл жерде көрнекілікті пайдаланған
дұрыс. Барлық бағдарламалау ортасына алгоритмді жазудың бір стандартын
пайдаланған дұрыс. Сондықтан біздің бағдарламамызда бір терезе алгоритмді
үйретуге арналуы қажет. Сонымен бір терезенің орны белгілі болды. Ал келесі
терезені неге арнаймыз? Бұл сауалға жауап табу қиын емес. Біз енді
бағдарламалау тілдерін таңдамаймыз ба. Олардың ішінен жиі пайдаланылатын
бағдарламаларды таңдаған дұрыс шығар. Сондықтан мен Delphi, HTML және
Visual Basic тілдерін қанағат тұттым. Сонда, үш терезе осыларға арналады.

1.3 Алгоритм құруда пайдаланылатын амалдар

Егер алгоритмнің N қадамы болса және олардың барлығы басынан аяғына
дейін бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын болса, онда ондай алгоритмді
сызықтық алгоритм немесе ілесу дейміз. Сызықтық алгоритмнің блок-схемасы
мына суретте бейнеленген.

1.3.1 Тармақталушы алгоритм

Егер алгоритм қадамдарының тізбектеле орындалуы қандай да бір шартқа
төуелді өзгеретін болса, онда алгоритмді тармақталушы алгоритм дейміз.
Алгоритм орындалғанда "иә" немесе "жоқ" деген мөндердің бірін қабылдай
алатын логикалық өрнекті шарт деп атаймыз.
Кез келген шарт мынадай үш бөліктен түрады:
• сол жақ бөлігі;
• салыстыру таңбасы;
• оң жақ бөлігі.
Мысалы, А0, ХА+С, К= 6
Мына төменде алгоритмнің тармақталушы бөлігінің жалпы түрі келтірілген.
егер шарт
онда 1- әрекет
әйтпесе 2-єарекет
бітті
Мұнда егер, онда, әйтпесе, бітті - қызметші сөздер. Егер қызметші сөзі
команданың басын, ал бітті қызметші сөзі команданың аяқталуын білдіреді.
Шартты тексеру блогын біздер жоғарыда айтқандай блок-схемада ромбымен
таңбалаймыз. Егер шарт дүрыс болса, онда есепті шешу үшін "иә" тармағы
пайдаланылады, ал оған кері жағдайда "жоқ" тармағы пайдаланылады.
Тармақталу командасы мына төмендегідей қысқаша түрде де пайдаланылады:

егер шарт
онда 1- єарекет
бітті
Мұндағы, ғарекет ұғымына оператор, функция немесе процедура жатуы
мүмкін. Аталған амал процедура немесе функция үшін жасалынуы немесе
функция, процедураның ішінде аталған амал жасалынуы мүмкін.

1.3.2 Қайталанушы алгоритм

Егер берілген шамаға тәуелді алгоритмнің белгілі бір тізбектелген
қадамдары бірнеше рет орындалатын болса, онда ондай алгоритмді қайталанушы
(циклдік) алгоритм дейміз. Бұл берілген шама цикл параметрі
деп аталады.
Кез келген қайталанушы алгоритмде ол аяқталу үшін параметр болуы тиіс.
Параметр белгші бір мәнге ие болған кезде цикл аяқталатын болады.
Мына төменде циклдің басында параметр үшін қойылған шартты тексеруге
арналған қайталанушы алгоритмнің алгоритмдік тілдегі жазылуының жалпы түрі
берілген.

әзір шарт
цб
командалар тізбегі
цс
Мұнда цб(циклдің басы) және цс(циклдің соңы) кызметші сөздерінің
арасына әзір шарты орындалғанға дейін орындалатын командалар тізбегі
жазылады. Бұл жердегі шарт ретінде көбейіп отыратын амалды да алса болады.
Компьютерде есеп шығару үшін алгоритм құру арнайы дағдыны талап ететін
жұмыс. Бұл жағдайда әсіресе бөтен алгоритмдерді оқуда алгоритм мынадай
талаптарды қанағатгандыруы тиіс:
• түсінікті әрі өте жеңіл қабыдданатын болуы;
• алгоритмнің жеңіл тексерілетін болуы;
• құрылымын түгел өзгертпей-ақ өзін
модификациялауға мұмкіндік беруі.
Осы аталғандарға қол жеткізу үшін алгоритмдерді құруда оның
қурылымы жағынан келу деп аталатын ерекше тәсілді басшылыққа алу керек.
Алгоритмдерді құрастыруға құрылымы жағынан келгенде оның
жоғарыда қарастырылған үш базалық құрылымы: ілесу, тармақталу және
қайталану негізге алынады, яғни кез келген күрделі алгоритм осы
құрушылардан құрастырылады.

1.4 Delphi бағдарламалау ортасына шолу

Бағдарламалық тілдің ішінен Delphi 7.0 бағдарламалық ортасын
таңдадым. Бұл бағдарламалық тілді таңдаған себебім кездейсоқ емес,
өйткені оның келесідей артылықшылықтары мен қолдану мүмкіндіктері
көп. Delphi бағдарламалау тілі кез келген қосымшаны дайындауға
болатын жылдамдығы тез қуатты тіл.

1.1-сурет. Delphi интерфейсi

Windows терезесi арқылы Delphi-дi iске қосу командасы: Iске қосу -
Программалар - Borland Delphi 5 ( Delphi 7. Экранда Delphi ортасының төрт
терезесi көрiнедi (1.1-сурет). Негiзгi терезеде орналасқан негiзгi мәзiр
(1.2-сурет) Delphi ортасының жұмысын басқаруға арналған. Ол командалардан
тұратын мәзiр пункттерiнен тұрады және тышқан не клавиатура арқылы
басқарылады. Мәзiр пункттерiнiң құрамында тұрлi типтегi командалар бар.
Команданың атауынан кейiн ұш нұкте тұрса, онда бұл команда диалогтық терезе
шақырады (мысалы, File-Open... командасы). Егер мәзiр командасының соңында
клавиштер комбинациясы жазулы тұрса, онда бұл команданы сәйкес клавиштер
комбинациясын басу арқылы клавиатурадан орындау мұмкiн.

Сурет 1.2 - Негiзгi терезе

Жағдайға қарай командаларды пайдалану мұмкiн болмайтын кездер
кездеседi. Мысалы, ешқандай проект ашылмай тұрса онда File-Save командасы
орындалмайды. Орындалмайтын командалар ашық сұр тұспен берiледi.
Delphi-дiң негiзгi мәзiрi келесi мәзiр пункттерiнен тұрады:
• File (Файлдармен жұмыс);
• Edit (Редакциялау);
• Search (Iздеу);
• View (Информацияны көрiп шығу);
• Project (Проект параметрлерi);
• Run (Проектiнi iске қосу);
• Component (Компоненттер);
• DataBase (Берiлгендер қоры);
• Tools (Инструменталды құралдар);
• Help (Көмек).

Форма – проектiлiк қосымша дайындау алдында ашылатын жоғарғы жағында
басқару мәзiрi мен жинау, ашу, жабу тұймелерi бар Windows стилiндегi
терезе. Ол Delphi iске қосылған кезде форма автоматты тұрде құрылады да,
Form1 атауымен (тақырыбымен) көрiнедi (2.5.1-сурет). Кей жағдайларда форма
экранда көрiнбеуi мұмкiн. Оны экранға шығару ұшiн View-Forms командасын
беру жеткiлiктi.
Форма - проектiлiк қосымшаның интерфейстiк элементi, яғни пайдаланушы
форма бетiне тұрлi объектiлер орнату және оларды безендiру арқылы өз
қосымшасының сыртқы бейнесiн жасайды.
Delphi қосымшасында ең болмағанда бiр форма болады. Бiрақ көп
жағдайларда кұрделi қосымшаларда бiрнеше форма қолданылуы мұмкiн. Олардың
iшiнде кез келген бiреуi негiзгi форма деп аталады да, қалған формалар оған
бағынышты болады. Осыған байланысты Delphi-де құрылатын қосымшалар екi
типтi болуы ықтимал: SDI (Single Document Interface – бiрқұжатты интерфейс)
және MDI (Multiple Document Interface – көпқұжатты интерфейс). SDI
қосымшаның мысалы ретiнде Блокнот программасын алуға болады. Онда екi
құжатпен қатар жұмыс iстеу мұмкiн емес, яғни жаңа құжатпен жұмыс жасау ұшiн
алдыңғы құжатты мiндеттi тұрде жабу керек. Delphi жұйесiнiң өзi де SDI
типтi қосымша. Ал Borland C++ 4.5 программалау ортасы, MS Word мәтiндiк
редакторы - MDI типтi қосымшалар. MDI типтi қосымшаларда кем дегенде екi
форма жұмыс iстеп тұрады: тұбiрлiк және туынды. Мұнда тұбiрлiк форма
негiзгi форма болып саналады. Туынды формалар тұбiрлiк формадан тысқары
шығып кете алмайды және бiр уақыт мезгiлiнде олардың бiрнешеуiмен қатар
жұмыс iстеу мұмкiн. Кiтаптың 5-бөлiмiнде SDI және MDI формалар туралы
толығырақ мәлiмет алуға болады.
Формалардың модальды деп аталатын тұрi де бар. Бұл типтегi формалар
сұхбаттық терезелер тұрiнде ұйымдастырылады. Сұхбаттық терезе жабылғанша
белсендi кұйiнде қалады, яғни мұндай форма iске қосылып тұрған кезде басқа
қосымшаларды белсендiру мұмкiн емес. Модальды формалар пайдаланушыға
белгiлi бiр жағдайды хабарлау ұшiн құрылады.
Барлық типтегi формалар TForm класының негiзiнде құрылады. TForm
класының қасиеттерi, әдiстерi және оқиғалары форманың сыртқы тұрiн және
онымен жұмыс iстеу тәсiлдерiн өзгертуге мұмкiндiк бередi.
Проектiлiк қосымша құрудың бiрiншi кезеңi форманың не онда орнатылған
компоненттiң кейбiр қасиеттерiнiң мәндерiн өзгертуден басталады. Delphi-де
объектiлердiң қасиеттерi мен оқиғаларының тiзiмi Объект инспекторы (Object
Inspector) терезесiне енгiзiлiп қойылады.
Объект инспекторына объектiнiң қасиеттерiн шығару ұшiн терезенiң
жоғарғы тұсында орналасқан тiзiмнен сәйкес объектiнiң атауын таңдап алу
керек. Таңдау объектiге тышқанның сол жақ тұймесiн бер рет шерту арқылы
орындалуы да мұмкiн. Инспектор терезесiнiң жоғарғы қатарына таңдалған
объект атауы жазылып қойылады. Мысалы, Delphi iске қосылған кезде ағымдық
форманың қасиеттер тiзiмi шығарылған Объект инспекторы 2.1.3-суретте
көрсетiлген. Терезенiң екi қосымша бетi бар: Properties (Іасиеттер) және
Events (Оқиғалар). Әдетте оның екi бағанға енгiзiлген жазулардан тұратын
Properties бетi ашылып тұрады (1.3а-сурет). Беттiң бiрiншi бағанына –
объект қасиетiнiң атауларының тiзiмi, екiншi бағанына – қасиеттердiң
ағымдық мәндерi шығарылады. Пайдаланушы өзгертiлуi тиiс қасиетке шертiп,
екiншi бағанға сәйкес мәндi клавиатурадан енгiзуiне не көрiнген мәндер
тiзiмiнен таңдауына болады.
Delphi-де қосымшалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы
программа құру ұшiн алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не формада
орналастырылған компоненттi тышқан арқылы шертуi мұмкiн.
Объектiлерге байланысты оқиғалар жеткiлiктi. Мысалы, формаға
байланысты оқиғалар саны – 35 (1.3б-сурет). Олар қасиет-тер терезесiнiң
Events қосымша бетiне енгiзiлген. Терезеде оқиға атауларының алдына On
префиксi тiркестiрiлiп жазылған. Ол – атаудың оқиға екендiгiн бiлдiретiн
белгi. Мысалы, тышқан тұймесiн бiр рет шерту – OnClick. Объектiге
орындалатын оқиғаны iске қосу Events бетiндегi тiзiмнен сәйкес оқиға
атауының тұсына тышқан тұймесiн екi рет шерту арқылы орындалады. Бұл
әрекеттен соң Delphi программалық автоматты тұрде атау берiлген оқиғаны
өңдеуiш процедура құрады. Өңдеуiш процедураның атауы объект және оқиға
атауынан тұрады. Мысалы, форманың OnClick оқиғасын өңдеуiш процедура атауы
– Form1Click. Оқиғаны өңдеуiш процедура алғашқыда бос болады. Мұнда
пайдаланушы өз программасын енгiзуi керек.
Delphi-де проектiлiк қосымша дайындау ұшiн визуалды компоненттер
кiтапханасы (VCL – Visual Component Library) қолданылады. Мұнда көптеген
компоненттер мағынасы және қызметi бойынша топтастырылып, Delphi ортасының
негiзгi терезiндегi компоненттер палитрасының қосымша беттерiне орнатылып
қойылған.

Пайдаланушы палитрадағы беттердiң орналасуын өзгертуiне, беттерге жаңа
компоненттер қосуына болады.
Әдетте, Delphi iске қосылған кезде компоненттер палитрасының Standard
бетi ашылып тұрады (1.4-сурет).

Сурет 1.4. Компоненттер палитрасының Standard бетi

Standard бетiнiң компоненттерiнiң аталуы мен орындайтын қызметтерi:
1. Frames – Проектiде қолданылған компонеттер тiзiмi бар сұхбаттық
терезенi оларды ағымдық форма бетiне орнату ұшiн шақыру;
2. MainMenu – Іосымшаның негiзгi мәзiрiн құру;
3. PopupMenu – Контекстi мәзiр құру;
4. Label – Мәтiндi шығару;
5. Edit – Мәтiндi енгiзу, редакциялау және шығару;
6. Memo – үлкен көлемдегi мәтiндi енгiзу, редакциялау және шығару;
7. Button – Бетiнде жазуы бар командалық тұйме;
8. CheckBox – Пайдаланушыға жалауша белгiсiн интерактивтi тұрде орнатуға
және алып тастауға мұмкiндiк бередi;
9. RadioButton – Кұй ауыстырғыш. Пайдаланушыға көп жағдайдың бiрiн
интерактивтi тұрде таңдауға мұмкiндiк бередi;
10. ListBox – Тiзiмдердi ашық тұрде бейнелеу;
11. ComboBox – Тiзiмдердi алғашқы элементi көрiнiп тұратындай етiп
ұйымдастыру. Компоненттегi тұймеге шерткен кезде тiзiм толығымен
ашылады;
12. ScrollBar – Форма не компонент бетiндегi информациян көру облысын
өзгерту;
13. GroupBox – Мағынасы ұқсас компоненттердi топтастыру;
14. RadioGroup – RadioButton компонентi сияқты. Айырмашы-лығы кұй
тырғыштар тобының бiреуi ғана таңдалады.
15. Panel – Бетiне тұрлi компоненттер орнатуға болатын топтастыру
контейнерi;
16. ActionList – Қосымшаның пайдаланушы әрекетiне жауап беруiн басқаратын
операциялар тiзiмiн жасау.

Delphi ортасында компоненттер көп болғандықтан (200-ден астам) олар
орналасқан беттер экран бетiнде көрiнбеуi де мұмкiн. Беттердi көрiнетiн ету
ұшiн компоненттер палитрасының оң жақ бұрышында солға және оңға жылжу
тұймелерiн пайдаланылады.

1.5 Visual Basic бағдарламалау ортасына шолу

Біз Visual Basic6.0. нұсқасын — осы кең тараған бағдарламалау тілінің
соңғы жаңалықтарының бірін оқып-үйренуді бастаймыз. Visual Basic өзінің
саймандарының үлкен жиынтығын пайдалана отырып, пішіндер мен графикалық
объектілерді көрнекі құрастыруға болатын графикалық орта ретінде ұсынады.
Visual Basic бағдарламалау тілі дегеніміз — көпке таныс Basic стандарттық
тілінің кеңейтілген нұсқасы.
Visual Basic алгоритмдеу негіздерін игеруге және Windows бағдарламасы
ерекшеліктерін оқып-үйренуге өте сай келеді, сондай-ақ кез келген
тұрпаттағы қуатты бағдарламалар жасау үшін барлық мүмкіндігі бар. Жасалынып
жатқан бағдарламаларда ActiveX технологиясын, OLE Automation және Windows
API құралдарын пайдалану бағдарламаның мүмкіндіктерін шексіз кеңейтуге жол
ашады.
Даярламаның жинақталған ортасы Visual Basic-ті іске қосу Пуск
-Программы-Visual Basic 6.0. командасымен жүзеге асырылады.
Visual Basic-ті іске қосқанда экранда Project Wizart жобалар менеджері
өзінің Новый Проект терезесімен пайда болады. (1.5-сурет).
 

 
Сурет 1.5. Новый Проект терезесі
 
Терезе үш қосымша беттен тұрады: Новое (Жаңа жобалар), Существующее
(Қолданыстағы жобалар), Прошлое (Жақында пайдаланылған жобалар).
Новое қосымша бетінде жаңа қолданба үшін шаблон тандайсыңдар.
Существующее қосымша бетінде қолданыстағы жобаны таңдауға болады. Бұл
сенің немесе басқа біреудің бұрын дискіге жазылған жобасы болуы мүмкін.
Сондай-ақ Visual Basic комплектісінен әлдебір үлгіні таңдап алуға болады.
Прошлое қосымша беті Существующее қосымша бетіне ұқсас, бірақ онда
өздерің соңғы кездерде жұмыс істеген жобалар ғана түседі.
Visual Basic-пен жұмыс істеуді кез келген қосымшамен бастауға болады,
алайда біз жаңа жобаны бастап отырмыз, сондықтан Новое қосымша бетіндегі
Standard EXE таңбашасын екі мәрте шертіңдер, бұл Project Wizart жобалар
менеджері жұмысын аяқтауға әкеледі.
Экранда Project1 - Microsoft Visual Basic [desing] жаңа жобасының
терезесі (1.6-сурет) көрінеді. Projectl - жаңа жобаның үнсіздік бойынша
меншіктелетін аты, оны кез келген уақытта өзгертуге болады.
 

 
Сурет 1.6. Жаңа жоба терезесі
 
Бұл терезеде мыналар бар: ол — терезелер, мәзірлер (меню), саймандар
панельдері, олар — даярламаның жинақталған ортасы немесе ағылшынша IDE
(Integrated Development Environment) деп аталады.
IDE — Visual Basic-ті негізгі құраушылардың бірі, онда даярланып
жатқан қолданбалардың құрауыштары құрастырылады және бағдарламаналады. IDE
бірнеше элементтен тұрады:
— басты мәзір;
— саймандар панелі
— жоба терезесі;
— қасиеттер терезесі;
— пішін макетінің терезесі;
— элементтер панелі;
— пішіндер конструкторы;
Басты мәзір
Басты меню деп Visual Basic терезесінің жоғарғы жағында орналасқан
мәтін жолын айтады. Ол сендерге Windows-тың басқа қолданбалары бойынша
таныс менюлерге өте ұқсайды. Мәзірдің барлық пункттерін қысқаша қарастырып
көрейік.
Сол жақта File мәзірі түр. Ол қолданбаларыңды құрайтын файлдармен
жұмыс істеуге арналған. Онда жобаларды жасауға, ашуға, басуға және сақтауға
болады.
File мәзірінен кейін Edit мәзірі келеді. Онда алмасу буферімен ойып
алу, көшірмелеу және кірістіру сияқты стандартты операциялар орындалады.
Олар бағдарлама фрагменттеріне ғана емес, кез келген объктіге де
қолданылады. Сондай-ақ бұл мәзіріде процедурадағы, модульдегі немесе бүтін
жобадағы мәтін фрагментін іздеуге арналған Find командасы бар. Мұндай
мүмкіндік Visual Basic-тың үлкен қолданбаларын жасауда пайдаға асады.
View мәзірінде әртүрлі құрауыштар мен саймандарды қарау режімдері
қосылады. Пішіндер мен бағдарламалық модульдерді, сондай-ақ даярлама
процесін неғүрлым өнімді ететін алуан түрлі көмекші объектілерді қарауға
болады.
Project мәзірі — жобаның жүрегі. Онда жобаларыңның әртүрлі құрауыштары
немесе құраушылары: пішіндер, бағдарламалық модельдер, пайдалану-басқару
элементтері, ActiveX құрауыштары қосылып және жойылып отырады.
Format мәзірі командалары элементтер мен пішіндердің өлшемдері мен
орналасуын анықтайды.
Қолданбаны жасау барысында сендерге Debug мәзіріндегі жөңдеу
командалары қажетке көп жарайды. Осы командалар көмегімен қолданбаны іске
қосуға және тоқтатуға, үзу нүктелерін орын-орнына қоюға, қаралатын
объектілерді тандауға, сондай-ақ қолданба жұмысын қадағалауға жәрдемдесетін
басқа да операцияларды орындауға болады.
Run мәзірі командалары қолданбаны іске қосады және тоқтатады,
бағдарламаның орындалуын үзіп жібереді және қайтадан бастайды. Соңғы
мүмкіндік әсіресе жөңдеу процесінде қолайлы.
Tools мәзірінен процедуралар қосуға және олардың қасиеттеріне мән
беруге болады. Осы мәзірдің Options командасы IDE параметрлерінің мәндерін
орнатады.
Add-Ins мәзірінде қондырма (add-ins) аталатын қосымша тиімді құралдар
бар. Өз мәзірімізді жасағанда және деректер базасын жобалау кезінде
бұлармен жақынырақ танысамыз.
Windows мәзірінде ашық терезелермен жұмыс бойынша таныс командалар
бар. Терезені каскадтық немесе мозаикалық ыңғайда орналастырып салуға
болады. Жималанған пішіндер таңбашаларын реттеуге, сондай-ақ тізім бойынша
ашық терезелердің біріне өтуге болады.
Help мәзірі дегеніміз — Visual Basic бағдарламалау тілінің қайсыбір
қызметгері немесе құрауыштары ортасымен жұмыс істеу бойынша жөнсілтегіш
арқылы шақырылатын командалар.
Саймандар панелі
Басты мәзірдің тура астында Visual Basic саймандар елі болуы тиіс.
Егер ол онда жоқ болса, View= Toolbars= Standart командасын орындандар.
Саймандар панельдерінде басты мәзірдің жиі қолданылатын неғүрлым қажетті
командалары бар. Саймандар панельдерінің артықшылығы — маусты бір шерту
арқылы комаңдаларға қарапайым түрде қол жеткізу.
 

 
Сурет 1.7. Standard саймандар панелі
 
Маус көрсеткішін саймандар панелінің кез келген батырмасына
келтіріңдер — батырма панельден "көтеріледі", Егер көрсеткіш батырма
үстінде ұзақ тұрмаса, онда экранда осы батырмаға арналған жөнсілтегіш пайда
болады. Жөнсілтегіш деп батырма қызметі қысқаша сипатталған ақсары түсті
кішкентай терезе аталады. Сендер де бұл пайдалы мүмкіңдікті өз
батырмаларыңа қосып отыруларыңа болады.
Әдетте экранда бір саймандар панелі (Стандартты) болады. Алайда
экранға бірнеше панельді шығаруға немесе керек емесін алып тастауға болады.
Бұл үшін View = Toolbars= (панельдің аты) командасын пайдаланындар.
Жоба терезесі
Қолданбаны құрайтын барлық объектілер жобаға бірігеді. Жоба дискіде
кеңейтуі VBP (Visual Basic Project-тен қысқарған, яғни "Visual Basic
жобасы") жеке файл ретінде көрінеді. Жобаның объектілер тізімін Жоба
терезесінен көруге болады (1.8-сурет). Ол әдетте экранның оң жақ бөлігінде,
саймандар панелі астында орналасады.
t - Ргоіесп
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 1.9. Жоба терезесі
 
 
Ең қарапайым жоба әдетте бір пішіннен, яғни қолданба пайдаланатын
терезеден тұрады. Пішінді қарау үшін оны жоба терезесінде ерекшелеп, View
Object батырмасын басыңдар. Пішінмен байланысты бағдарламалық кодты қарау
үшін View Code батырмасын басу керек.
Егер жоба терезесінде маустың оң жақ батырмасы шертілсе, осы терезеге
қатысты командалары бар контексті мәзір ашылады. Мысалы, ол пішіндер мен
модульдерді толықтыруға, жоюға немесе басып шығаруға мүмкіндік береді.
Егер жобадан объектіні жою қажет болса, жоба терезесінде оның атын
маустың оң батырмасымен шертіп, контекстік мәзірде Remove... командасын
таңдаңдар. Объект түрі командада Remove сөзінен кейін көрсетіледі.
Объектіде маустың оң жақ батырмасын шерткенде контекстік меню ашылады.
Бұл менюде осы объектіге қатысты командалар бар. Контекстік мәзір тікелей
активті объектімен жасалатын операциялардың орындалуын тездетеді. Бұл
мүмкіндікке дағдыланындар, өйткені ол уақытты үнемдейді.
Қасиеттер терезесі
Қасиет дегеніміз — объектінің сипаттамаларын (өлшемі, түсі, экрандағы
жағдайы) немесе объектінің күйін (мысалы, қол жетерліктігі немесе көзге
көрінерліктігі) белгіленетін объект атрибуты. Visual Basic-тегі барлық
объектілердің атрибуттары бар. Мысалы, пішін белгілі бір өлшемге, фон
түсіне, өз тақырыбына, т.б. ие. Мұның бәрі пішіннің қасиеттері. Пішіндегі
батырманың өзіндік қасиеттер жиынтығы - өлшемі, түсі, жазбасы бар.
Объект сипатамаларын өзгерту үшін оны ерекшелеу және қасиеттер
терезесіндегі оның қасиеттерінің мәндерін өзгерту керек. Ол жоба
терезесінің астында орналасқан (1.10-сурет).
Объектінің қасиеттері, әдетте, әжептеуір көп болады да, керек қасиетті
іздеу мақсатымен тізімді жоғарылы-төмен айналдыруға тура келеді. Тиісті
бетбелгіні шерту арқылы қасиеттер тізімін әліпбилік немесе санаттар бойынша
(яғни тақырып бойынша) сұрыпталған ретте көре аламыз.
Егер қайсыбір касиеттің не үшін арналғанын білмесең, оның қысқаша
сипаттамасын қасиеттер терезесінің төменгі бөлігінде қарауға болады. F1
пернесіне басқанда неғүрлым жан-жақты сипаттамасын алуға болады.

Экранда осы қасиет жөнінде контекстік анықтама көрінеді.
Көбінесе қасиеттер мәндері қолданба жасау кезінде тікелей қасиеттер
терезесінде орнатылады. IDE-дегі жұмыс құрастыру режімі (design time) деп
аталады, өйткені оның барысында бағдарлама құрастырасыңдар. Кейде
бағдарламаны орындау кезінде қасиеттер мәндерін өзгертуге, айталық,
кайсыбір батырманы оқшаулауға тура келеді. Мұндай жағдайда керек қасиетті
өзгертетін бағдарламалық кодты жазу қажет. Бұл бағдарламаны орындау (run
time) режімінде өтеді. Естеріңде болсын, объектінің кейбір қасиеттері
қасиеттер терезесінде бейнеленбеуі мүмкін, өйткені олардың мәндері тек қана
бағдарламаны орындау режімінде өзгереді.
Егер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Виртуалды шындық технологиясы
Бастауыш сынып оқушыларына робототехника курсын оқыту әдістері
Интерактивті элементтері бар слайдқа негізделген электрондық оқыту курстарын құрудың қуатты құралы
Windows және MFC кітапханалары. ОЖ. Деректер базалары. Визуалды жобалау. Офистік графика
Заманауи мобильді қосымшалар
Дельфи ортасында тізімдермен жұмыс істейтін компоненттер
Программалау тілдерімен танысу
Оқу курсын құру технологиясы
Құрылғы пішін факторлары
Электрондық есептеуіш машинаның мүмкіндіктері
Пәндер