Ш.Уалихановтың саяси-құқықтық көзқарасы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ СИПАТЫ
1.1 XIX ғасырдағы қазақстандағы саяси құқықтық ойлардың дамуындағы негізгі идеялар
1.2 Қазақ зиялыларының қоғамдық.саяси қызметінің маңызы
2 ШОҚАН УАЛИХАНОВ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ РЕФОРМАТОР РЕТІНДЕ ТАНЫЛУЫ
2.1 Шоқан Уәлиханов ойшыл және қоғам қайраткері
2.2 Ш. Уәлихановтың сот билігіне қатынасты көзқарастары
2.3 Ш. Уәлихановтың мемлекеттік билікке қатынасты идеялары
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыстың тақырыбына сай 19 ғасырдағы саяси құқықтық ой тарихындағы мемлекеттік басқару туралы ойларды зерттей отыра Қазақстанда саяси құқықтық, демократиялық мемлекет құру идеясы және оның Конституциямызда бекітілгендігі адамзат өркениетінің ондаған ғасырлар бойы қалыптасқан озық-ойлы тарихи және саяси-құқықтық ілімдері мен ой-пікірлері қарастырылады. Казақстанда құқықтық, демократиялық мемлекет құру идеясы және оның Конституциямызда бекітілгендігі адамзат өркениетінің ондаған ғасырлар бойы қалыптаскан озық-ойлы тарихи және саяси-құқықтық ілімдері мен ой-пікірлердің тікелей жемісі деп айтуға болады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасында демократиялық мемлекеттерге тән билікті бөлу, сот тәуелсіздігі, адам құқығының тиімді қорғалуы, дұниежүзілік қауымдастықпен теңдік дәрежеде болу, елімізді бай және қуатты мемлекеттер санатына көтеру сияқты идеяларды данышпан ата-бабаларымыз өткен заманның қилы-қилы кезеңдерінде тек мәселе ретінде күн тәртібіне қоюмен ғана шектелмей, сонымен қатар оларды шешудің арнайы тетіктерін қасқа жол, жораны тайға басқан таңбадай етіп қалдырып кеткен.
Міне, осыған байланысты ұлы даланың данышпан ойшылдарының ұлағатты идеялары мен асыл сөздерін бүгінгі мемлекеттік билік жұргізу, басқару, құқықтық реформа жасау жүйесінде тиімді пайдалану - тарихтан сабақ алудың айқын үлгісі екені ақиқат. Көрнекті ойшыл Джордж Оруэлл тарихтың қоғамды дамытуға орасан зор себепші екенін айрықша атап, өз ойларын мынадай тобықтай түйінмен қорытқан: "Кім өткенге билік жүргізсе, ол болашақты да билейді". Себебі қазіргі уақытта көрегендік идеялар жоққа тән.
Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-саяси және экономикалық шындықтар Қазақстан халықтарының сана-сезіміне өзгерістер әкелуде. Халықтың тарихына деген қоғамдағы көзқарас өзгеріп келеді. Отанымыздың шыншыл да ақиқатты ғана айтатын тарихына деген ынта-ықылас та қауырт өсе түсуде. Болып жатқан өзгерістерге өткен кезеңдерден ұқсастық іздестіріліп, қазіргі заманның күрделі проблемаларын шешеу жолын табуға талпыныс жасалуда. Осындай жағдайларда Қазақстанның тарихи өткен жолын объективті, идеологиялық конъюнктурадан ада көрінісін қалпына келтіру халықтың тарихи зердесін қайта түлетудің негізі, ұлттық бірлікті қалыптастырудың, өскелең жас ұрпақты отаншылдық рухта
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

16. Лурье А. Чокан Валиханов – первый казахский ученый и просветитель// (тарихи журнал (Москва).1943.№ 11 – 12;
17. Айдарова Х.Г. Чокан Валиханов. Ал, 1945; Булатов С.Я. К вопросу о государственных и правовых воззрениях Чокана Валиханова. // Қазақ ССР – і ғылым академиясының хабаршысы. 1956. № 3 (132);
18. Бейсембиев К. Из истории общественной мысли Казахстана второй половины XIX века ( Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин). Алма – Ата, 1957; (12).
19. Дюков Л. В. Чокан Валиханов как последователь Н.Г. Чернышевского // С.М. Киров атындағы ҚазМу – дің ғылыми жазбасы. 49 – т. Заңдар сериясы. 6 – басылымы. Алма – Ата, 1960;
20. Әуезов М.Ф. М. Достоевский және Шоқан Уәлиханов // Әр жылдар ойлары. Алма – Ата, 1961;
21. Зиманов С.З., Атишев А.А. Политические взгляды Чокана Валиханова. Алма – Ата, 1965. Сегизбаев О.А. Исследователь, мыслитель. (Ш.Ш. Уәлиханов жайлы). Алма –Ата, 1974;
22. Атишев А.А. Социологические и госудерственно – правовые взгляды Ч.Ч. Валиханова: Мат. К лекциям по ист. и права СССР. Алма –Ата, 1979;
23. Стрелкова И. Валиханов (Жизнь замечательных людей). М., 1983;
24. Марғұлан А. Х. Ш.Ш. Уәлихановтың өмірі мен қызметі жайлы очерк.// Уәлиханов Ш.Ш. Таңдамалы. Ж., Алма –Ата. 1985;
25. Қасымжанов А.Х., Уразбеков А. Чокан Валиханов – ученый и мыслитель // Философия мәселесі (Москва). 1984. № 5;
26. Усейнова Г.Р. Государственно – правовые взгляды Ч.Ч. Валиханова: Автореф. дис... канд.юр.наук. Алматы, 1966;
27. Ударцев С.Ф. Политические и правовые взгляды Чокана Валиханова// Чокан Валиханов. Записк о судебной реформе / Кіріспесі мен ескертулерін жазған С.Ф. Ударцев. Алматы: ЖҚМ. «Әділет», 1999. 5 – 24 беттер т.б.
28. Аккулулы С. Жизнь и смерть лидера Алаш-Орды// Нива, 2001. №6; Чокай Мария. Я пишу вам из Ножана... Алматы, Қайнар, 2001.
29. Виленский Б.В. Подготовка судебной реформы 20 ноября 1864 г. В России. Саратов, 1963; Днепров Э.Д. Проект устава морского суда и его роль в подготовке судебной реформы (апрель 1860г.)// Революционная ситуация в России в 1859-1861гг. М., 1970. 57 – 70 – бб.;
30. Чернуха В.Г. Проблемы внутренней политики в русской публицистике 60-70-х гг. XIX в Л., 1986. 132-158-бб. Черкасова Н.В. Формирование и развитие адвокатуры в России 60 – 80-е годы XIX в. М., 1987.
31. Ударцев С.Ф. Он был источником научных идей// В кн. Гражданин и выдабщийся ученный, академик Зиманов Салык Зиманович. Юбелейный сборник. Атамұра, 2001. 181 – б.

Тақырып: Ш.Уалихановтың саяси-құқықтық көзқарасы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ
СИПАТЫ
1.1 XIX ғасырдағы қазақстандағы саяси құқықтық ойлардың дамуындағы
негізгі идеялар
1.2 Қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінің маңызы
2 ШОҚАН УАЛИХАНОВ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ РЕФОРМАТОР РЕТІНДЕ ТАНЫЛУЫ
2.1 Шоқан Уәлиханов ойшыл және қоғам қайраткері
2.2 Ш. Уәлихановтың сот билігіне қатынасты көзқарастары
2.3 Ш. Уәлихановтың мемлекеттік билікке қатынасты идеялары
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыстың тақырыбына сай
19 ғасырдағы саяси құқықтық ой тарихындағы мемлекеттік басқару туралы
ойларды зерттей отыра Қазақстанда саяси құқықтық, демократиялық мемлекет
құру идеясы және оның Конституциямызда бекітілгендігі адамзат өркениетінің
ондаған ғасырлар бойы қалыптасқан озық-ойлы тарихи және саяси-құқықтық
ілімдері мен ой-пікірлері қарастырылады. Казақстанда құқықтық,
демократиялық мемлекет құру идеясы және оның Конституциямызда
бекітілгендігі адамзат өркениетінің ондаған ғасырлар бойы қалыптаскан озық-
ойлы тарихи және саяси-құқықтық ілімдері мен ой-пікірлердің тікелей жемісі
деп айтуға болады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасында демократиялық
мемлекеттерге тән билікті бөлу, сот тәуелсіздігі, адам құқығының тиімді
қорғалуы, дұниежүзілік қауымдастықпен теңдік дәрежеде болу, елімізді бай
және қуатты мемлекеттер санатына көтеру сияқты идеяларды данышпан ата-
бабаларымыз өткен заманның қилы-қилы кезеңдерінде тек мәселе ретінде күн
тәртібіне қоюмен ғана шектелмей, сонымен қатар оларды шешудің арнайы
тетіктерін қасқа жол, жораны тайға басқан таңбадай етіп қалдырып кеткен.
Міне, осыған байланысты ұлы даланың данышпан ойшылдарының ұлағатты
идеялары мен асыл сөздерін бүгінгі мемлекеттік билік жұргізу, басқару,
құқықтық реформа жасау жүйесінде тиімді пайдалану - тарихтан сабақ алудың
айқын үлгісі екені ақиқат. Көрнекті ойшыл Джордж Оруэлл тарихтың қоғамды
дамытуға орасан зор себепші екенін айрықша атап, өз ойларын мынадай
тобықтай түйінмен қорытқан: "Кім өткенге билік жүргізсе, ол болашақты да
билейді". Себебі қазіргі уақытта көрегендік идеялар жоққа тән.
Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-саяси және экономикалық шындықтар Қазақстан
халықтарының сана-сезіміне өзгерістер әкелуде. Халықтың тарихына деген
қоғамдағы көзқарас өзгеріп келеді. Отанымыздың шыншыл да ақиқатты ғана
айтатын тарихына деген ынта-ықылас та қауырт өсе түсуде. Болып жатқан
өзгерістерге өткен кезеңдерден ұқсастық іздестіріліп, қазіргі заманның
күрделі проблемаларын шешеу жолын табуға талпыныс жасалуда. Осындай
жағдайларда Қазақстанның тарихи өткен жолын объективті, идеологиялық
конъюнктурадан ада көрінісін қалпына келтіру халықтың тарихи зердесін қайта
түлетудің негізі, ұлттық бірлікті қалыптастырудың, өскелең жас ұрпақты
отаншылдық рухта тәрбилеудің аса маңызды факторларының бірі болып табылады.
Соған орай елімізде тәуелсіз Қазақстанның өмір шындығына сай жаңа тарихы
жазылуда.
1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасында тарихи сана
қалыптастырудың тұжырымдамасына сәйкес отандық тарих ғылымы алдына өткен
тарихты үзінділер түрінде емес, мүмкіндігінше тұтас үрдіс ретінде
қалыптастыру; ақтаңдақ беттерді ашу, бұрын бұраланып түсіндіріліп келген
құбылыстарды және тұлғалар келбетін объективті түрде көрсету секілді
міндеттер жүктелді [1].
Міне, осы аталған міндеттерді жүзеге асыруда еліміздің тарихшы-
ғалымдары тарапынан қыруар жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде тарихшылардың
кеңестік дәуірде барынша бұрмаланған, халық жауы, феодалдық топтың
қолшоқпары, кертартпа күштердің өкілі ретінде көрсетілген тұлғалардың,
қайраткерлердің келбетін қайта сомдау бағытында жүргізген ізденістерін
ерекше айтуға болады. Осындай ізденістер нәтижесінде өз мүддесін ұлт
мүддесімен ұштастырған хандар мен билеушілердің, зиялы қауым өкілдерінің,
батырлар мен билердің, ағартушылардың не бір өкілдерінің өмір жолына,
атқарған қоғамдық-саяси қызметіне қатысты көптеген ғылыми еңбектер жарық
көрді. Бұл еңбектер халқымыздың тарихи санасын қалыптастыруға, өскелең жас
ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеуге және ұлттық идеяның орнығуына қызмет
етеді деп нық сеніммен айтуға болады. Бұл пікір біз таңдап отырған зерттеу
жұмысына да тікелей қатысты.
Барлық халықтар мен мемлекет басшылары тарихтың сабақтарынан қорытынды
жасап, оның бай тәжірибесін бүгінгі күннің күн тәртібінде тұрған
мәселелерді шешуде, пайдалануда.
Мемелекеттік лауазымға ие болған азаматтарымызға саяси-құқықтық ой-пікір
қайраткерлерінің ұлағатты да даналы сөздерін ұран ретінде саналарына
сіңіріп, ұлтжанды, патриотизм идеялармен жігерленген адамдарды
қалыптастырып, ел басқару, билік жүргізу қызметін тек сол санаттағы адамдар
тобына ғана тапсыру даму зандылығының ең өзекті мәселесі. Ең алдымен бұл
мәселені шешпей мемлекеттік қызметтегі тазалық, әділеттілік тек халықтың
игілігіне еңбек ету сияқты талаптарды іс жүзіне асыру мүмкін емес екені
тарихтың дамуымен нақты дәлелденгені көрініс.
Байқап қарасақ, көшпелі қазақ өркениеті ойшылдарының мәңгі өшпейтін
идеялары, асыл сөздері, жалпы философиясы тәуелсіз Қазақстанда өзінің мән-
мағынасын жойған жоқ. Ғасырлар өткен сайын сарқылмас рухани қазына ретінде
жас ұрпақты өнегелік пен парасаттылыққа, патриотизм мен адалдыққа
тәрбиелеуде өлшеусіз роль атқаратыны хақ.
Қазақ қайраткерлердің мемлекетті нығайту идеялары, ұлы қазақ билері -
Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке және Абылай, Шоқан Уәлиханов, сынды қазақ
ойшылдарының ұлттық прогресс, әділ сот, билік жүргізу мәселелеріне
байланысты ұлағатты ой-пікірлері бүгінгі күннің мәселелерімен тығыз
байланыста зерттеліп, мемлекеттік-құқықтық дамудың болашақтағы сапалы
көріністеріне рухани жағынан әсер ететіні нақтылы айқындау болып
есептеледі.
Дипломдық жұмыстың міндеттері: тарихи деректемелерге негізделе отыра
қазақ өркениетіндегі қайраткерлердің мемлекетке қатынасты ой пікірлерін
талдау, тұжырымдау және құқық тарихында олардың орнын белгілеу.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты 19
ғасырдағы саяси қайраткерлердің мемлекеттік билікке сот билігіне қатынасты
ойларды зерттей отыра ұлы данышпан қайраткер ұлы реформатор Шоқан
Уалихановтың мемлекетті нығайту идеяларын талқылау, сот билігіне
байланысты идеялық ойларын, бүгінгі күннің сот мәселелерімен тығыз
байланыста зерттей отыра, мемлекеттік-құқықтың дамуының болашақтағы сапалы
көріністеріне рухани жағынан әсер ететіні нақтылы айқындау болып
есептеледі.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- тарихи деректемелерге негізделе отыра қазақ интелегенция
қайраткерлердің мемлекетке қатынасты ой пікірлерін талдау, тұжырымдау
және құқық тарихында олардың орнын белгілеу;
- Шоқан Уалихановтың мемлекеттік билікке қатынасты саяси көзқарастарын
идеялық негіздерін зерттеу;
- Шоқан Уалихановты ұлы реформатор ретінде зерттеу;
- Шоқан Уалихановтың сот реформалары атты еңбегін зерттеу;
Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Дипломдық жұмыстың объектісі. Орта ғасырлардағы қазақ жеріндегі саяси
құқықтық ой тарихындағы мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару туралы
ойлар жұмыстың объектісі деп танылады.
Дипломдық жұмыстың пәні. Орта ғасырлардағы қазақ жеріндегі саяси
құқықтық ой тарихындағы мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару болып
табылады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Дипломдық жұмыс саяси құқықтық
ілімдер тарихы негізінде орта ғасырлардағы қазақ жеріндегі саяси құқықтық
ой тарихындағы мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару жұйесінің даму
кезеңдері ұлы ғұламы ойшылдардың еңбектеріндегі теориялық материалдарға
негiзделiп жазылған зерттеу болып табылады. Еңбектiң теориялық маңызы
дипломда келтiрiлген қорытындылар жетiлдiру процесiнде қолдану
мүмкiндiгiмен үштасады. Зерттеу жұмысында орта ғасырдағы басқару
проблемаларын зерттеу барысында ғылыми заң әдебиеттерi, шығармалары жеке
монографиялық еңбектер қолданылды.
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі. Дипломдық жұмыс жалпы қоғамдық
ғылымдарға ортақ және арнайы танымдық әдістер арқылы жазылды. Мемлекет және
саяси құқықты зерттеудің танудың әмбебап тәсілдері ретінде диалектикалық
әдіс қолданылды. Мемлекеттік құқықтық құбылыстарды бір бірмен тығыз
байланыстағы мағынада, тұтастық идеясында зерттеу ретінде жүйелеу әдісі
қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Осы жұмыстың теориялық негізі ретінде осы
тақырыпқа тікелей қатысты жазылған монографиялық еңбектермен оқулық
әдебиеттер алынды. Дипломдық жұмыс негізіне кіріспеден, 2- тараудан,
бірнеше бөлімдерден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1. XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ
СИПАТЫ

1. XIX ғасырдағы қазақстандағы саяси құқықтық ойлардың дамуындағы негізгі
идеялар
Алаш қозғалысы қазақты бiраз iлгерiлеткен прогессивтi қозғалыс.
Оның басталуының өзiнiң әр түрлi себептерi бар. 1905 жылғы орыс
революциясынан кейiн Ресей қай жолмен жүруi керек, демократиялық жолмен
жүруi керек пе, жоқ болмаса монархиялық жолмен жүру керек пе деген мәселе
көтерiлдi. Орал қаласында Б.Қаратаев, Әлихан Бөкейханов, Барлыбек Сыртанов,
т.б. адамдар белгiлi дәрежеде: “Әй,бiз де ойлансақ қайтедi” деп Ресейдегi
Кадет партиясының бөлiмшесiн ашуға талаптанды. Кадет партиясы монархияға
қарсы құбылыс болатын. I-II Думаға қазақтардан 12-13 депутат сайланса, III
Думаға келгенде қазаққа орын бермей қойды. Осының өзi де Еуропа оқуымен
тәрбиеленiп жатқан студенттерге болсын, батысшыл зиялыларға болсын ықпал
етпей қойған жоқ. Әлихан Бөкейхановтың қозғалыстың басы-қасында болып,
жетекшiлiк етуiнiң бiр себебi осы. Мемлекеттiк Думадан қазаққа орын бермей
қоюының тағы бiр себебi Қосшұғыл Шәймерденовтiң “Серке” дейтiн газет
шығарғаны, Петербургтiң өзiнде. 2-нөмiрiнде Мiржақыптың “Бiздiң
мақсаттарымыз” дейтiн мақаласы кетiп бара жатқан жерiнен тоқтатып тастаған.
Яғни, бұратана халықтарға теңдiк беруге болмайды деген сылтауды жүзеге
асырып, алдымен депутаттықтан, мiнбеден айырды. Айтатын ойдың мүмкiндiгiн
қысқартты. Соған байланысты империя қазақтың оқыған зиялы қауымдарының
ауызын жабуды көздедi. Өзiне қарсы шығып жатқандарды кiм болса да
сөйлеткiсi келмейдi ғой. 1872 жылдан бастап Оқу-ағарту министрлiгi:
“Конечную целью образование всех инородцев живущих в пределах нашего
отечества бесспорно должно быть обрусение и слияние с руским народом” деген
тезиспен жұмыс iстедi. Кейiн келе әбден күшейдi. Әсiресе жарлық жағы тiптi
күштi болды. 1880 жылдары әлгi ойды ендi “Қасиеттi Синод” жалғастырып, сол
министрлiкке мынадай мазмұнда хат жолдайды: “Открыть женскую школу для
киргизских девиц, обучать их в русской грамоте для того, чтобы она когда
сделается женою киргиза и матерю, то будет влиять на своего мужа и детей и
склоняет их на русскую сторону, тогда быстро добьемся искоренение
киргизского духа, грамоту и веру” дейтiн нәрсенi айтады. Ал осыны, осының
нәтижесiн бiз қазiр көрмей отырмыз ба? Осыны жасай алмаған империя кеңестiк
тұста жасады. Қазiр қазақтың қыз-қырқындарының 70-80 пайызы оқиды, оның өзi
көбiне орысша оқып және балаларын да  орысша тәрбиелейдi. Бұрын 40 пайыз
болса, қазiр 60 пайыз деп Мұхтар Шахановтың айғайлап жүргенi рас. Қазiргi
ұрпағымыздың барлығын өзiмiздiң қазақтың қара қыздары орысша тәрбиелеп
жатыр. Осы жағынан келген уақытында, оқу жүйесiнiң керемет әсерiн қараңыз.
Сол батыстанған, батысша оқи бастаған Бақытжан Қаратаев та, Ахмет
Байтұрсынов та, Мiржақып Дулатов та,  барлығы да орыс-түзем мектептерiнен
өтiп, қазақтың еуропалана бастаған зиялылары. Кей уақытында анау бұрынғының
барлығын сызып тастап, осыған дейiн ештеңемiз болмаған дейтiн нәрсенi жиi
айтатын себебiмiздiң бiрi осы. Тiптi әрi-берiден соң көп ағаларымыздың
әйелi орыс болған. Әлиханның әйелi, Ахметтiң әйелi. Ал әйел дегенiңiз
қыңқылдап отырып, өзiнiң керегiн iстетiп алатын кездерi болады. Ол байғұс
iстетейiн демейдi, өзiнiң үйренiп қалған дағдысын әкелiп саған себедi,
сенен өнiм алғысы келедi. Қазiргi буын да, бұрынғы аға буын да осы кепке
душар болған. Яғни Алаш қозғалысын бастағандар еуропалана бастаған қазақтың
алғашқы зиялылары едi. Олар Еуропадағы құбылыстардың барлығын қазақ
даласынан көргiсi келдi. Сосын Алаш қозғалысы, Алаш партиясы жөнiндегi
ойлардың iшiнде мынадай нәрсенi қатты ескеруiмiз керек. Кейбiреулер айтып
жүргендей емес, Алаш партиясының бекiтiлген бағдарламасы болған жоқ, жобасы
ғана болды. Сол жоба алғаш рет “Қазақ” газетiнiң 1917 жылы қараша айының 22-
сiнде ме, 23-iнде ме жарияланды. Оның алғашқы сөзi: “Бiз Ресей Федеративтiк
Республикасының құрамында отырып өзiмiзге теңдiк алуымыз керек” дегеннен
басталған болатын. Ресейден бөлiнiп кету деген ешқандай ой болған жоқ.
Алаш қозғалысы қазақты бiраз iлгерiлеткен прогессивтi қозғалыс. Оның
басталуының өзiнiң әр түрлi себептерi бар. 1905 жылғы орыс революциясынан
кейiн Ресей қай жолмен жүруi керек, демократиялық жолмен жүруi керек пе,
жоқ болмаса монархиялық жолмен жүру керек пе деген мәселе көтерiлдi. Орал
қаласында Б. Қаратаев, Әлихан Бөкейханов, Барлыбек Сыртанов, тағы басқа
адамдар белгiлi дәрежеде: “Әй, бiз де ойлансақ қайтедi” деп Ресейдегi Кадет
партиясының бөлiмшесiн ашуға талаптанды. Кадет партиясы монархияға қарсы
құбылыс болатын. I-II Думаға қазақтардан 12-13 депутат сайланса, III Думаға
келгенде қазаққа орын бермей қойды. Осының өзi де Еуропа оқуымен
тәрбиеленiп жатқан студенттерге болсын, батысшыл зиялыларға болсын ықпал
етпей қойған жоқ. Әлихан Бөкейхановтың қозғалыстың басы-қасында болып,
жетекшiлiк етуiнiң бiр себебi осы. Мемлекеттiк Думадан қазаққа орын бермей
қоюының тағы бiр себебi Қосшұғыл Шәймерденовтiң “Серке” дейтiн газет
шығарғаны, Петербургтiң өзiнде. 2-нөмiрiнде Мiржақыптың “Бiздiң
мақсаттарымыз” дейтiн мақаласы кетiп бара жатқан жерiнен тоқтатып тастаған.
Яғни, бұратана халықтарға теңдiк беруге болмайды деген сылтауды жүзеге
асырып, алдымен депутаттықтан, мiнберден айырды. Айтатын ойдың мүмкiндiгiн
қысқартты. Соған байланысты қазақтың оқыған зиялы қауымдарының ауызын
жабуды көздедi империя. Өзiне қарсы шығып жатқандарды кiм болса да
сөйлеткiсi келмейдi ғой. 1872 жылдан бастап Оқу—ағарту министрлiгi:
“Конечную целью образование всех инородцев живущих в пределах нашего
отечества бесспорно должно быть обрусение и слияние с руским народом” деген
тезиспен жұмыс iстедi. Кейiн келе әбден күшейдi. Әсiресе ожарлық жағы тiптi
күштi болды. 1880 жылдары әлгi ойды ендi “Қасиеттi Синод” жалғастырып, сол
министрлiкке мынадай мазмұнда хат жолдайды: “Открыть женскую школу для
киргизских девиц, обучать их в русской грамоте для того, чтобы она когда
сделается женою киргиза и матерю, то будет влият на своего мужа и детей и
склоняет их на русскую сторону, тогда быстро добемся искоренение
киргизского духа, грамоту и веру” дейтiн нәрсенi айтады. Ал осыны, осының
нәтижесiн бiз қазiр көрмей отырмыз ба? Осыны жасай алмаған империя кеңестiк
тұста жасады. Қазiр қазақтың қыз-қырқындарының 70-80 пайызы оқиды, оның өзi
көбiне орысша оқып және балаларын да  орысша тәрбиелейдi. Бұрын 40 пайыз
деп жүр едiк ғой, қазiр 60 пайыз деп Мұхтар Шахановтың айғайлап жүргенi
рас. Қазiргi ұрпағымыздың барлығын өзiмiздiң қазақтың қара қыздары орысша
тәрбиелеп жатыр. Осы жағынан келген уақытында, оқу жүйесiнiң керемет әсерiн
қараңыз. Сол батыстанған, батысша оқи бастаған Бақытжан Қаратаев та, Ахмет
Байтұрсынов та, Мiржақып Дулатов та,  барлығы да орыс-түзем мектептерiнен
өтiп, қазақтың еуропалана бастаған зиялылары. Кей уақытында анау бұрынғының
барлығын сызып тастап, осыған дейiн ештеңемiз болмаған дейтiн нәрсенi жиi
айтатын себебiмiздiң бiрi осы. Тiптi әрi-берiден соң көп ағаларымыздың
әйелi орыс болған. Әлиханның әйелi, Ахметтiң әйелi. Ал әйел дегенiңiз
қыңқылдап отырып, өзiнiң керегiн iстетiп алатын кездерi болады. Ол байғұс
iстетейiн демейдi, өзiнiң үйренiп қалған дағдысын әкелiп саған себедi,
сенен өнiм алғысы келедi. Қазiргi буын да, бұрынғы аға буын да осы кепке
душар болған. Яғни Алаш қозғалысын бастағандар еуропалана бастаған қазақтың
алғашқы зиялылары едi. Олар Еуропадағы құбылыстардың барлығын қазақ
даласынан көргiсi келдi. Сосын Алаш қозғалысы, Алаш партиясы жөнiндегi
ойлардың iшiнде мынадай нәрсенi қатты ескеруiмiз керек. Кейбiреулер айтып
жүргендей емес, Алаш партиясының бекiтiлген бағдарламасы болған жоқ, жобасы
ғана болды. Сол жоба алғаш рет “Қазақ” газетiнiң 1917 жылы қараша айының 22-
сiнде ме, 23-iнде ме жарияланды. Оның алғашқы сөзi: “Бiз Ресей Федеративтiк
Республикасының құрамында отырып өзiмiзге теңдiк алуымыз керек” дегеннен
басталды. Ресейден бөлiнiп кете қоямыз деген ешқандай ой болған жоқ.
Патша үкіметі құлатылғаннан кейін 1905 жылдан өмір сүрген алаш қозғалысы
қайта жанданды. 1917 жылы 21-28 шілдеде алаш қайраткерлерінің бастамасымен
Орынборда бірінші жалпықазақ съезі болып өтті. Съезге Семей, Торғай,
Ақмола, Орал, Сырдария, Жетісу, Ферғана облыстарынан және Бөкей Ордасынан
делегаттар қатысты. Съездің күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Олар:
мемлекеттік басқару ісі, қазақ облыстарының автономиясы, "Алаш" партиясын
құру, жер мәселесі, сот, дін және әйелдер мәселесі, жергілікті басқару,
халыққа білім беру және т.б.
Съезде бұрыннан айтылып келе жатқан саяси ұйым "Алаш" партиясы құрылып,
оның бағдарламасын жасау жөнінде қаулы қабылданды. Партияның бағдарламасын
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Е. Ғүмаров және тағы басқалар
жасады. Он бөлімнен тұратын бағдарлама жобасы 1917 жылы 21 қарашада "Қазақ"
газетінде жарияланды.
Алаш қозғалысы қайраткерлерінің 1917 жылғы ақпан төңкерісіне дейінгі
ұсынған демократиялық идеялары партия бағдарламасының жобасында көрініс
тапты. Жобада атап көрсетілгендей, партияның басты мақсаты Ресей
федерациялық демократиялық республикасының құрамында қазақ автономиясын
құру болды.
Бағдарламаның бірінші бөлімі "Мемлекет қалпы" деп аталады. Бөлімнің
мазмұнына қарай оның мемлекеттің басқару нысаны туралы екендігін байқау
қиын емес. Партия бағдарламасында Ресей демократиялық, федеративті
республика болуы тиіс деп атап көрсетіледі және демократия мен федерация
ұғымдарына түсінік беріледі. "Демократия мағынасы мемлекетті жұрт билеуі",
яғни халық билігі, ал "федерация мағынасы құрдас мем-лекеттерге бірлесу,әр
мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әрқайсысы өз тізгінін өзі
алып жүреді". Мұндағы негізгі айтылмақ идея өзін-өзі басқаратын тең құқылы
мемлекеттер одағы.
"Алаш" партиясы ұсынған бұл идеяны Кеңес өкіметі де Ресейдің федерациялық
құрылысында пайдаланды. Алаш қайраткерлерінің ұлттық автономия түріндегі
мемлекеттілікке қол жеткізуге ұмтылуының өзіндік себептері де бар еді. Оның
ең бастысы сол кездегі саяси жағдай дербес тәуелсіз Қазақстан мемлекетін
құруға мүмкіндік берген жоқ. Сондықтан да партия бағдарламасына іргесі
бөлек, ынтымағы бір дербес басқарылатын автономиялардан тұратын
федеративтік, демократиялық Ресей туралы кағида енгізілді.
Мемлекеттік құрылыс мәселесінде Үкімет басында Құрылтай жиналысы, оның
аралығында Құрылтай жиналысы мен Мемлекеттік Дума белгілі бір мерзімге
сайлаған Президент тұрды. Құрылтай жиналысы тұрақты орган емес, ол мезгіл-
мезгіл сессия түрінде ғана жұмыс істейді. Оның сессиялары арасында билік
тұрақты орган Президенттің қолында болады. Ол халықты Құрылтай жиналысы мен
Мемлекеттік Дума алдында жауапты Министрлер Кеңесі арқылы басқарды.
Жоғары өкілді органның екі палаталы құрылымы парламенттік республиканың
ұсынылуы сол кездегі жағдай үшін бірден-бір дұрыс қағида болатын. Екі
палатаның бірлескен отырысында сайланған Президент жоғары өкілді орган
алдында жауапты болмады. Егер Парламент алдында Президент те жауапты болса,
онда бұл органның билігі абсолютті болар еді. Сондықтан да партия
бағдарламасында мемлекеттік құрылыс үшін билікті бөлісу идеясы енгізілді.
Партия бағдарламасы бойынша заң шығару Мемлекеттік Дума құзырында болды
және атқарушы орган қызметіне бақылау жасау мүмкіндігі берілетін сауал салу
құқын да берілді.
Партия бағдарламасының бірінші бөлімінде демократияның ең жарқын көрінісі
сайлау туралы да айтылады. Жоба авторлары демократиялық сайлау жүйесін
ұсынды. "Депутаттар тегіс, тең, төте һәм құпия сайлаумен болады". Яғни,
азаматтардың саяси құқығы шыққан тегі, діні, сенімі, қызметі, мүлкі және
жыныс айырмашылығына қарамай, барлығының сайлау құқығын жүзеге асыру арқылы
бекітіледі.
Ғасырлар бойы халыққа ауыртпалық болып келген салықтың халықтың өздері
сайлаған өкілді орган Мемлекеттік Думаның келісімінсіз салынбауы да алаш
қайраткерлерінің заңсыздық пен озбырлыққа жол бермеуге ұмтылысынан туған.
Өйткеңі, мемлекеттік қазына мен халықтың тұрмыс деңгейі де көп жағдайда
салық саясатына тікелей байланысты еді. Жоба авторлары ұсынған салық
салудың пропорционалды жүйесі өте ізгілікті және демократиялы қағида
болатын. "Салық байлық деңгейі мен жалпы дүние-мүлік жағдайына сөйкес
алынуы шарт, бай-көбірек, кедей-аздау төлесін". Салық салудың мұндай
тәртібі әділеттілік талаптарына және қазіргі заманға да толық сай келеді.
Бағдарлама жобасының "Жергілікті бостандық" деп аталатын бөлімінде
қазақтар мекендейтін облыстарда тұратын барлық ұлттар үшін автономия құру
туралы мәселе ең бірінші кезекке қойылады. Онда былай деп аталады: "Қазақ
жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Ресей
республикасының федерациялық бір ағзасы болуы. Реті келсе, қазақ
автономиясы достас халықтармен әзірге бірлесе болуы, реті келмесе бірден-ақ
өз алдына жеке болуы. Қайткенде де осы күнгі земствалықты қабыл алуы".
Бағдарлама жобасында "Алаш" партиясының қазақтың би, болыс, ауылнайлары
сияқты орындарда қызмет ететін адамдарының халыққа пайдалы да, адал қызмет
ететін механизм жасау жөнінде ұсыныс жасайтыны және оны өмірге енгізу үшін
күресетіндігі туралы да сөз болады. Ал земство басқармалары мен
милицияларында адал адамдардың қызмет етуі үшін оларды халық қалауына ұсыну
туралы идея жергілікті басқарудың таза демократиялық түрін білдіреді.
"Алаш" партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады.
Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұртын тарықпау жағына бастайды"
Заңсыздық пен озбырлыққа жол бермеуді басты мақсаттың бірі ретінде
көрсеткен бағдарлама жобасынан әділдік пен адамгершілік желінің қалай
есетінін де байқау қиын емес. Жоба авторлары мұнда "жебірлер" деп басқаға
қиянат жасаған, қорлық, зорлық көрсеткен, әділеттің ақ жібін аттағандарды
меңзеп отыр. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзатындарға аяусыз
күрес жүргізуді мақсат тұтқан "Алаш" партиясы әлеуметтік-әділетгілік
саясатын жүргізуге ұмтылды.
Бағдарлама жобасының үшінші бөлімі ("Негізгі құқық") нағыз таза
демократиялық және адамгершілік принциптеріне құрылып жасалған. "Ресей
республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей барлық адам тең
құқылы болады. Жиылыс жасауға, қауаым жасауға, жария сөйлеуге, газет
шығаруға, кітап бастыруға — еркіншілік". Азаматтардың табиғи және саяси
құқықтарының сақталуын қамтамасыз ететін мұндай ең демократияшыл, ізгілікгі
идеялар сол кезде Ресейдің бірде-бір заңында жарияланған емес.
Адамның аса маңызды құқықтары болып табылатын бұл принциптер тіпті алғашқы
Кеңестік заңдарда да кездеспейді. "Алаш" партиясы қайраткерлері көрсеткен,
тарихи тұрғыдан алғанда өз уақытынан идеялық жағынан озып кеткен бұл
принциптер 78 жылдан кейін ғана 1995 жылғы Қазақстан Республикасының
Конституциясында өз орнын тапты. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылық принципі де
бағдарлама жобасынан қалыс қалмаған. Мемлекеттік қызметкерлердің үй иесінің
рұқсатынсыз үйге кіре алмауы Кеңестік конституцияларда да мойындалғанымен,
ол жылдар бойы өрескел бұзылып келді.
Жоба авторларының іс жүргізу құқықтық мәселелерге арналған қағидалары да
жеке адам құқықтарының ерекше маңызды құқықтық кепілдіктерінің бірі болып
табылады. Бағдарлама жобасындағы "заңсыз жолмен ешкімді өкімет адамдарының
ұстамауы, сот сұрамай, билік айтылмай, тұтқын қылмауы, қылмысты болған
адамға судья бар жерде 24 сағат ішінде, судьясыз жерде бір жетіден қалмай"
қамауға алу туралы санкция ұсынылуы тиіс екендігі адам құқығының кепілдігі
туралы маңызды қағиданың бірі. Бұл қағида тергеу орындарының озбырлық
әрекеттеріне қарсы бағытталған.
Бағдарламаның "Билік һәм сот" деп аталатын бөлімінде сот билігі және оның
ішінде билер соты туралы айтылады. Билік пен соттың әр халықтың тұрмысы мен
әдет-ғұрып ерекшеліктеріне қарай жүргізілуіне басты назар аударған
бағдарлама авторлары халыққа таныс емес құқықтық нормаларды енгізуге
қарсылық біддіреді. Олардың айтуынша, құқықтық нормалар мен билік халықтың
тұрмыс тіршілігі мен даму деңгейіне сәйкес болуы керек, яғни соттар істі
әрбір халықтың тұрмыс жағдайларына қарай қарауға тиіс. Қала мен ауыл
арасындағы айырмашылықты ескерген алаш қайраткерлері "қырдағы ауыл, болыс
ішінде билік пен сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылғаны жөн" деп
табады. Мұндаға "жұрт ұйғарған ережелер" деп қазақ билерінің түрлі
жиындарда сот істерін шешу кезінде басшылыққа алған ережелері айтылып отыр.
Аталған бөлімде биліқ ету және сот жүйесінің басқа да қағидалары көрініс
тапқан. Олар: би мен судьяның жергілікті халықтың тілін білуі, аралас халық
тұратын жерлерде соттың тергеу-тексеруі мен шешімі сол жердегі көпшілік
болып табылатын халық тілінде жүргізілуі, билер мен судьяның тергеусіз
орнынан түспеуі, заң мен сот алдында барлық адамдардың тең болуы, құдайдан
кейінгі ең күшті би мен судья болып танылып, барлық адамның солардың
үкіміне мойын сұнуы, сот шешімінің дереу орындалуы, ауыр қылмыстардың
присяжный сотта қаралуы, қазақ көп жерде сот тілінің қазақ тілінде болуы,
присяжныйлардың қазақтан алынуы және т.б. Жоба авторларының күрделі емес
істерді билер мен судьялардың жеке қарауына, ал қатаң жаза қолданылатын
істерді присяжныйлар сотының қарауына ұсынуы адам құқықтарын құрметтеудің
нағыз демократиялық идеялары болып табылады.
"Алаш" партиясының бағдарламасын жасаушылар мемлекеттің зайырлық негізін
бекітудің қажеттігін де атап көрсетті. "Дін ісінің мемлекет ісінен бөлінуі"
бағдарлама жобасындағы прогресшіл маңызды көрсеткіштердің бірінен саналады.
Мұндағы ең басты нәрсе діннің мемлекет ісіне, мемлекеттің дін ісіне
араласпауы. "Дін біткенге тең құқық. Дін жаюға ерік. Кіру-шығу жағына
бостандық". Яғни, еркім діни сенімі бойынша тең және еркін. Діни сенімі
бойынша артықшылық немесе кемсітушілікке жол берілмейді.
Ислам дінінің Қазақстанға сырттан енгенін және оны таратуда Орта Азия мен
Татар діни орталықтарының белсенді роль атқарғанын ескерген қазақ зиялылары
қазақтардың өз алдына муфтиі немесе діни орталығы болуы қажет деп есептеді.
Неке қию мен ажырасу, балаға ат қою мәселелерінің молдаларға берілуі
мұсылмандық неке құқығының прогресшіл жақтарын ескергендіктен енгізілген
болса керек.
Күйеуге шығу құқығы әйелдердің өздеріне байланысты болды. Қалың мал
жойылды, молдалардың 16 жасқа толмаған қыздар мен 18 жасқа толмаған ер
балалардың некесін қиюына тиым салынды және неке қию кезінде молдалар екі
жақтың: қалыңдық жағының да, күйеу жағының да келісімін алуға тиісті болды.
Жесір дауының сотта қаралуы да әйелдер құқығын қамтамасыз ету шараларының
бірі еді.
Бағдарлама жобасында ел қорғау мөселесіне де басты көңіл бөлінген. Әскер
жасына жеткендерді жергілікті жерлерде әскер ісіне үйрету және қызмет
еткізу ұсынылды. Алаш көсемдерінің бірі М. Дулатов мемлекет қауіпсіздігі
мен ел қорғаны туралы былай деп жазады: "Кімнің білегі жуан болса, сол жұрт
болады. Кім күшті болса, сол дегеніне жетеді". Ол өз алдына дербес мемлекет
болу үшін алдымен әскер жасақтау қажеттігін, күшті әскердің болуы басқа
елдерді санасуға мәжбүр ететінін айтады "Бұл заманда әскері жоқ жұрт - жұрт
емес, құл. Біз қазір екі жолдың тарауында тұрмыз. Қайсысына түссек те, ерік
өзімізде. Бір жол құлдық жолы... Екінші жол жұрттық жолы. Осы бастан
автономия алудың қамына кріссек, милициямызды жасап алып, қарамызды
көрсетсек, Алаш Орданы үкіметіміз деп тіресіп қорғасақ, бізді ешкім
басынбайды. Үкіметі бар, әскері бар жұрт деп бізбен әркім есептеседі".
Бағдарлама жобасыңдағы жер мәселесінде бұрынғы жылдары қазақтардан жердің
жаппай тартып алынғаны ескеріліп, жерді ең алдымен тұрғылықты халыққа
қайтарып беруде әділ шешу міндеті қойылған және жерді сатуға үзілді-кесілді
тиым салынған. Жердің бүкіл байлығы; кені, қазынасы, өзендер мен көлдері
және ағаштары мемлекет меншігінде болуы тиіс екендігі айрықша атап
керсетілген.
Бағдарламаның "Ғылым-білім үйрету" деп аталатын бөлімінде "оқу ордаларының
есігі әркімге де ашық және ақысыз. Білім барша жұрттың игілігі болуға тиіс"
деген өте құнды қағида бар. Бағдарламада, сонымен бірге, бастауыш
мектептерде ана тілінде оқытылу, қазақтардың өз тілінде мектеп, университет
ашуы, оқу орнының өз алдына автономия түрінде болуы, үкіметтің оқу үрдісіне
араласпауы, мұғалімдер мен профессорлардың сайланып қойылуы, ел ішінде
кітапханалардың ашылуы туралы ұсыныстар бар. Бұл қағидалардың Қазіргі күнге
дейін мәні жоғары.
"Алаш" партиясының бағдарламасын жүзеге асыру барысында дәстүр мен
жаңашылдықты ұштастыру арқылы бұрынғы қазақ қоғамындағы белгілі
қайшылықтардан арылуға мүмкіндік туды. Онда тұжырымдалған өтпелі кезең
қағидалары жаңғырту әрекетін біршама жүйелі атқаруға жағдай жасады. Олардың
ұлттық бағдарламасы сол тұста өлкеде тұрған барша ұлттың бас біріктіруіне
жағдай туғызды. Бір сөзбен айтқанда, олар елді өркендетудің демократиялық
баламасын ұсынды, бірақ ол авторитарлық үрдістер салдарынан жүзеге аспай
қалды. Келешек ұрпақ өз кезегінде, жаңа басталған тарихымыздың ең бір
күрделі кезеңінде тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына қазақ зиялыларының
көзге түсе бермейтін, бірақ мейлінше игі үлес қосқанын дұрыс бағалауы
тиіс".
Қазақтың осындай тәуелсіздік күніне жеткендігі, мынадай дамыған заманда
өмір сүруіміз - біздің аталарымыздан ақылды болғандығымызды көрсетпейді.
Біз мал бағып, қарапайым өмір сүрген аталарымыздың ойы мен ойлау
көкжиегінен тым әріге асып кеткен жоқпыз. Сондықтан да біздің қоғам
бақытты, біз кеңес кезіндегі қиналған азаматтардан мықтымыз деп айтуға да
болмайды. Әрбір кезеңде шоқтығы биік тұлғалар тарих сахнасында шығып
отырды. Бұл тұлғаларды зерделеп қарастыратын болсақ, әлемнің екінші ұстазы
атанған Әл-Фараби араб тілінде трактаттарын жазды.
Яғни, араб мәдени, рухани кеңістігіне қызмет етті. Сол секілді орта
ғасырлардағы жазбаларымыз көне шағатай тілінде жазылды. Шоқан Уәлиханов
орыс тілінде жазды. Дегенмен, бұлар қай тілде жазса да, өз ұлтына қызмет
етті. Тарихты жайып қарасақ, алашқа дейінгі тұлғалар шоқ жұлдыздай болса,
алаш кезеңінде үркердей болып үйірілген азаматтар шықты. Бұл - бұрынғының
заңды жалғасы.
Мәселен, Абай, Ыбырай, Шоқанға баға берген кезеңде үшеуінің өмірі де
қайғылы болғанын білеміз. Шоқан – бір жағынан, ақ патша билігінің
отаршылдық пиғылын сезінсе де, ғылыми саяхаттар мен зерттеулер жасау үшін,
амал жоқ, сол елдің офицері болды. Ыбырай Алтынсарин орыс достарымен,
әріптестерімен реформа жасаймын деп жүріп,соңында олардың бәрінің миссионер
екендігін біледі. Өмірінің соңында жаназама бірде-бір орыс достарым
кірмесін. Олар менің ұлтыма қандай қиындықтар жасап жүр!, деп қынжылады.
Ал бүкіл қазақтың қайғысын арқалап жүрген Абай туралы алаш зиялыларының
Алқа атты әдеби бағдарламасында Абай - отаршылдыққа шалынған қазақтың
алғашқы құрбаны деп жазады. Яғни, Абай өмір сүрген кезеңде қазақ халқына
мысқылдап кірген салмақ, ақынды батпандап басып жіберді. Алаш зиялылары
Біз де өз қоғамымызда бақытты өмір сүріп отырмыз. Бірақ, Шоқанның, Абай
мен Ыбырайдың заманында өмір сүрсек, біз де солар сияқты болар едік,
дегенді айтады. Абай, Шоқан, Ыбырай бір дәуірде өмір сүріп бір-бірімен
байланыс жасай алмаған. Бұл даналардың алаш зиялылары секілді ұлт жағдайын
пікірлесуге, талқыға салуға қолдары жетпей өтті.

1.2 Қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінің маңызы
Интеллигенция - ұлттық мүдденің шын жоқшысына айналған әлеуметтік
топ,-деп Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ұйғарым
жасағандай, мемлекеттік құрылымда жеке тұлғаны саясат субъектісі етіп
қалыптастыруда қазақ зиялыларының озық идеяларға негізделген қоғамдық-саяси
қызметінің маңызы орасан [1, 161-6]. Осы тұрғыдан алғанда Барша ұлттың,
түгелдей қоғамнын ауыр дағдарысқа ұшырап, ел басына, жалпы халыққа өткенде
үлкен қасірет пен зұлмат төнген шақтарда да, аңсаған арманы орындалып,
масаттанған, жеңіске жетіп, шаттанған сәттерінде де, көш бастар қара нардай
бар ауыртпалық пен піл-дей салмақты абыроймен көтере алатын, дамудың сара
жолымен адымдай түзу жүре білетін және ұлт мүддесін бідіре алатын, халық
мұның парасаттылықпен жете пайымдай білетін де ұлттың осындай зиялылары.
Қазақ зиялыларының мәртебелі өз ұлттык мектебін өткен ғасырда (бұл жерде
XIX ғ. - Т.Ә.) ғұлама Шоқан, ұлағатты Ыбырай, данышпан Абай аталарымыз
құрып кеткендігі бізге жете белгілі.
Тарихымыздың барлық қиын кезеңдерінде де қазақ зиялылары халық
мақсаты үшін өз өмірлерін аямай, малым жанымның садағасы, ал жаным арымның
садағасы, - деген биік кағиданы ұстанған аса намысшыл өз ұлтымыздың нағыз
абзал ұлдары екенін өткендегі қияметтей болған қиын өмір айгақтап, өзі
танытты. Зиялыларымыздың таңдаулы өкілдері жаугершілік дәуірде ғибратты
ұран сөздерімен қоса, айбынды қаруымен де елін қорғаса, Ресейдің боданы
кезеңінде олардың шәкірттері ақыл-ойы мен өз білімін ұштастырып, елдікті
сақтай білді [2, ЗЗ-б]. Бұл ретте XX ғ. басында қазақ қоғамында өpic алған
демократиялық азаттық бағыттағы қоғамдық қозғалыстың кеш бастаушыларының
ерен еңбектері зор мәнге ие. Алаштың көрнекті жетекшілері - Әлихан
Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқаев, Міржақып Дулатов, Мұхамеджан
Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Әлихан Ермеков, Жақып
Ақпаев, Халел Ғаббасов және т.б. ондаған қазақ зиялылары Петербург, Мәскеу,
Казан, Омбы, Орынбор және Варшаваның жоғары және орта оқу орын-дарын
бітіріп шыққан, аса білімді адамдар еді. Олар туған халқының азаттығы
жолында ондаған жылдар бойы (1905-1919 жж.) үздіксіз әрі табандылықпен
күрес жүргізді. Қазақ зиялыларының басым көпшілігі оқу-ағарту ісімен де,
қазақ тілінде жарық көрген алғашқы басылымдарды шығарумен де, жан-жақты
шығармашылық жұмыспен айналысып, қазақ қоғамындағы қоғамдық-саяси өмірге
белсене араласты.
Ғасыр басында қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінде
үлкен өзгepicтep өpic алды. Патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы
халықтың қарсыласу қозғалысы арта түсіп. Осы кезеңде саяси тарих сахнасына
қазақ қоғамы үшін дербес саяси-әлеуметтік күш қазақ зиялылары шығып, бұл
козғалысқа ұйымдасқан сипат бepiп, оны жаңа сапалық деңгейге көтерді.
Аталған кезде
...Бас қосып киргизский интеллигент, Біздерге халықтың қамын ойлау
міндет, - деп М. Дулатов қазақ зиялыларын бірлесіп, ұлт азаттығы үшін
күресуге үндеді [3].
Қазақ қоғамында epic алған қазақ зиялыларының ұлттық-демократиялық
қозғалысы орталық билік орындарына қазақ халқының атынан петициялар
жазуынан, қазақ халкының мұктаждықтарын талқылаған съездер өткізулерінен,
саяси партия (қазақ конституциялық-демократиялық) құру әрекетінен, ұлттық
басылымдар мен жинақтар шығаруларынан, сондай-ақ Мемлекеттік Думаның
қызметіне (қазақ зиялыларының сол кездегі арман-мүддесі көп жылдардан соң
бүгінде Қазақстан Республикасының Парламенті жұмысының мысалында жүзеге
асқанын көреміз - Т.О.) белсене атсалысуынан айқын көрінді. Нақ осы кезеңде
А. Байтұрсынов, М. Дулатов тәpiздi саяси ойшылдар қазақ елін Қырық мысал,
Маса, Оян қазақ! сынды отты жинақтары арқылы серпілуге, азаттық үшін
күресуге үндеді. 1909 жылы Уфа қаласында басылып шыққан М. Дулатовтың Оян
қазақ! атты өлеңдер жинағындағы:
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті, дін нашарлап, хал hapaм боп,
Қазағым енді жату жарамасты, - деген жолдар шығарманың негізгі өзегі болып
табылады [4]. Осы Оян қазақпен үндес тағы бip жинақ А. Байтұрсыновтың
1911 жылы Орынборда жарық көрген Масасы. Онда А. Байтұрсынов:
...Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?, - деп қазақ халкын маса болып оятып
бостандық жолындағы күреске шақырады [5]. Сонымен бipгe қазақ зиялылары
1911 жылдан бастап шыға бастаған Айқап журналы және 1913 жылдан жарық
көрген Қазақ газеті беттерінде жалпыұлттық мәселелерді көтеріп қоғамдық
ойға қозғау салу мен халықтың саясатқа деген ынтасын арттырумен айналысты.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтepiлic қазақ халкының саяси тәуелсіздігі үшін
ұлттық мемлекеттік құрылым құру қажеттігін дәлелдеп берді.Теңсіздік пен
құқықсыздық орын алған қоғамда езілген ұлттар мүддесін қорғайтын саяси
институттарға сұраныстың қалыптасуы табиғи нәрсе болатын.
Ресейдегі төңкерістерден кейін қазақ қоғамында жалпыұлттық
мұраттарды жүзеге асыру жолындағы саяси күрес өpic алды. Қазақ зиялылары
елдегі жаңа қоғамдық өзгерістерге белсене араласып,бүкіл қазақ жұртын
негізгі мақсат - ұлттық бостандыққа жету ушін күреске жұмылдырды.
1917 жылғы шідеде өткен 1-ші Жалпықазақ съезінен кейін саяси ұйым.
Алматы сәулет-құрылыс институтының бұрынғы студенті Қ. Рысқұлбеков түрмеде
қаза тапты. Л. Асанова жұмбақ жағдайда көз жұмды. Мұндай қайғылы мысалдар
аз емес [12]. Осылайша, еліміздің Қ.Рысқұлбеков, Е. Сыпатаев, Л. Асанова,
С. Мұхамеджанова және т.б. кыз-жігіттері кеңестік тоталитарлық саяси
жүйенің нақақ құрбанына айналды. X. Қожахметов, Қ. Кузембаев, Т. Тәшенов,
Ж. Тайжұмаев, Е. Көпесбаев және т.б. тағдырлары тәлкекке ұшырады. Алайда
1986 жылғы желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының ұлттық санасының
қаншалықты өскенін көрсетіп берді. Бір ғасыр бойы халықты ашса алақанында,
жұмса жұдырығында ұстаған өктемдік үрдістің алдындағы қорқыныш алғаш рет
еңсерілді. Жастар айдай әлемнің алдында кез келген ұлтқа тән ұлттық намыс
бұдан былай ешқандай баса көктеуге мойын ұсынбайтынын паш етіп берді [13,
34-6].
Бүгінде Желтоқсан қозғалысының тарихи бағасы беріліп, республика
көлемінде бірқатар ic-шаралар жүзеге асырылуда. Осы тұрғыдан алғанда 1990
ж. желтоқсанда Республика алаңында Желтоқсан оқиғасын есте қалдыру
мақсатында ескерткіш тақта орнатылды. 1991 ж. желтоксанда Қазақстан
Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1986 ж. желтоқсан оұиғасы
кезінде жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөніндегі Жарлығы шықты. Осы
жарлықтың негізінде 17 желтоқсан - Демократиялық жаңару күш деп
жарияланды. 1996 ж. 9 желтоқсанда Желтоқсан қозғалысының құрбаны - К.
Рысқұлбековке Халық Каһарманы атағы берілді. 2006 ж. Желтоқсан оқиғасының
жиырма жылдығы карсаңында Алматы қаласындағы Республика алаңында Желтоқсан
құрбандарына арналған Тәуелаздік таңы ескерткіші ашылды. Осы ескерткіштің
ашылуы кезінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев былай
деп сөз сөйледі Осыдан 20 жыл бұрын жастарымыз жиналып, тоталитарлық
жүйенің толымсыз істеріне сұрқия саясатына қарсы шыққан болатын... Бұл
ерліктің ғана емес, елдіктің де нышаны еді. Бейбіт сезімдегі жастарды ұрып-
соғып, артынан қуғын-cүргінге түсіріп, талай жағдайды жасағанын бәріміз
білеміз. Оның бәрі -тарих. Тарихтан тағылым алу керек, сөйтіп отырып, алға
қарай жүру керек... Бұл ескерткіш - бip жағынан, тоталитарлық жүйеге қарсы
төгілген қан мен қасіреттің көрінісі,екінші жағынан біздің ақ жол
болашағымыз [14]. Шындығында, Қазақстандағы Желтоқсан оқиғасы Кеңестер
Одағындағы тоталитаризмнен бас тарту мен тәуелсіздікке ұмтылудың күрделі
қозғалысының бастамасы еді. Желтоқсан қозғалысына қатысушы жастар мен оның
құрбандарының көрсеткен қайтпас қайсарлығы ерліктің екендігі даусыз. Осы
орайда көрнекті ғалым F.Есім тұжырым жасағандай: ...бізге бip нәрсе анық:
ол - Желтоқсан қозғалысының жаңа заманның басы екендігі. Тағы да анық нәрсе
- Желтоқсан қозғалысы ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан отаршылдыққа деген
наразылыктың саяси көрінісі екендігі.
Желтоқсан қозғалысы кейбіреулер айтқандай, кенеттен пайда болып көрінген
әлеуметтік қозғалыс емес, ол халық бойында еркіндікке, тәуелсіздікке деген
өршіл сананың айкын көpiнici. Осылай деуіме ең айшықты дәлел, ...Менің
Қазақстанымның бүгінде бүкіл қазақстандықтардың жаңа заманның әнұранына
айналуы. Демек, Желтоқсан қозғалысы халқымыздың тарихи-мәдени асыл
құндылықтарына айналды деуге әбден болады. Желтоқсан қозғалысы ұрпактар
алмасуы, кұндылықтар алмасуы болды. Ол әлеуметтік сезімі оянған қазақ
жастарының ұлт-азаттық қозғалысы еді [11]. Бұл оқиғаның адамдардың
болмысында зор төңкеріс жасағаны анық. Сондықтан мемлекеттік құрылымдағы
жеке тұлғалардың бойында ұлттык рухты шыңдауда, оларды тәуелсіздікті
қорғауға жұмылдыруда Желтоқсан оқиғасының маңызы орасан.
Қазақстан мемлекетінде ...қазақ зиялылары ...халықтың парасатты саяси
қалауын жүзеге асырды және көп жағдайда солардың арқасында Қазақстан
мемлекетін дамытудың жолдары саяси шайқассыз, қанды қақтығыссыз тыныш
жолымен жүзеге асты... Бұл бағытты бәрінен де ширақ көрсете алатын
шығармашылық зиялы қауым 6іздің тарихи-мәдени шытырман ахуалымызды кімнен
болсын жақсырақ біледі... Олар қазақ халкының өзіне тән мәдени болмысын
жойып алмауға мүдделі.. Келешек ұрпақ өз кезегінде, жаңа басталған
тарихымыздың ең бip күрделі кезегінде тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына
қазақ зиялыларының көзге түсе бермейтін, бipaқ мейлінше игі үлес қосқанын
дұрыс бағалауға тиіс, - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаев тұжырымдағандай еліміздің өмірінде ұлттың рухани жетекшілернің
маңызы айрықша [15, 176, 177-б]. Сол сияқты зиялы қауым өкілдерінің де
кызметі халқымен ғана мағыналы екені анық. Осы тұрғыдан алғанда қазақ
елінің көкейтесті мәселелерін шешу үшiн зор еңбек сіңіріп жүрген қазақ
зиялысы, белді ақын, белсенді қоғам қайраткері, халық депутаты - Мұхтар
Шаханов болып табылады. Ол Кеңестер Одағы мен КОКП сақталып тұрған кездің
өзінде өз тағдырын қатерге байлап 1986 ж. Желтоқсан оқиғасының саяси,
рухани мәніне әділ баға беру кажеттігін көтерді. Сонымен қатар ол Желтоқсан
оқиғасының жазықсыз кұрбандарын ақтап, оларға көмек көрсету мәселесін ашық
қойды. КСРО-ның билігі кезінде желтоқсандықтарды жақтау нағыз ұлтжанды
азамат қолынан ғана келетін Бұл ретте Желтоқсан оқиғасына түпкілікті баға
беру жөніндегі комиссияның төрағасы болған М. Шаханов Алматыдағы 1986 ж.
Желтоқсан оқиғасында ешқандай ұлтшылдық, нашақорлықтың т.б. болмағанын
дәлелдеп, ол оқиғаға мынадай баға береді Желтоқсандағы қазақ жастарының
бұл жиыны ұлтшылдық бой көрсету емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде
орыс халқына қарсы бағытталмаған-ды. Алматыдағы Желтоқсан толқуы - шын
мәнісінде, елімізде алғаш рет eкі күштің: жаңа басталып, буыны катпаған
демократиялық және ол кезде оны кез күшінде тұрған әміршіл-әміршіл жүйенің
қақтығысы еді [16, 19-6]. Сондай-ақ, М. Шахановтың Арал теңізін құтқару
мен оның экологиялық жағдайы жолында көрсеткен қажыр-қайраты ерекше. Осы
тұрғыдан алғанда М. Шаханов жетекшілік еткен Арал-Балқаш экологиялық
комитеі (кейіннен Арал-Азия-Қазақстан) халықаралық қоғамдық комитеті
қоғам талабына сай пайда болып, халықаралық деңгейде зор маңызға ие болған
қоғамдық ұйым. Бұл ретте 1992 ж. Бразилияның Рио де Жанейро қаласында
дүниежүзінің мемлекет басшыларының үлкен жиынында Мұхтар Шахановқа біріккен
ұлттар ұйымы Қоршаған Орта бағдарламасының Ғалам-500 сыйлығы беріліп,
есімінің алтын кітапқа eнгізілуі оның азаматтық істерінің әлемдегоі
деңгейде мойындалуы еді [17, 13-б]. Бүгінде мемлекеттік тіліміздің шынайы
жанашыры, қоғам қайраткері М. Шахановтың атқарып жүрген игілікті icтepi
тәуелсіз еліміздің көкейтесті мәселелерін шешуге түбегейлі негіз болып
табылады.
Өз кезегінде Қазақстан халқына әлемдік деңгейдегі көрнекті ақын, саясаткер,
қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтың сіңген еңбегі зор. Ол Невада-Семей
антиядролық халықаралық қозғалысына басшылық жасап, жерімізді ұлан,
еліміздің тіршілігіне кеселін келтірген Семей өңіріндегі полигонды жабу мен
ядролық қаруды сынауды тоқтатуға мұрындық болды. 2002 ж. түркі рухын
тербеткен қазақ ақыны, қоғам қайраткері О. Сулейменов Тарихқа дейінгі
түркілер атты кітабы үшін Күлтегін сыйлығының алғашқы иегері атанды. О.
Сулейменов ақындығымен коса қоғам өміріне де белсене араласып, қайраткерлік
дәрежеге көтеріле білген азамат. Ол Италия, Грекия және Мальта
мемлекеттерінде Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі
ЮНЕСКО-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкіліi міндеттерін атқарып,
жас тәуелсіз еліміздің шетелдермен қарым-қатынасын нығайту ісіне
атсалысуда.
Кеңестік тоталитарлық басқару жүйесінің күйpeyi жағдайында Қазақстанның
егемен, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы республиканың алғашқы
Президенті Н.Ә. Назарбаевтың есімі мен тікелей байланысты. Демек, белгілі
саясаттанушы М.Б. Қасымбеков атап көрсеткендей: ...көп ұлтты Қазақстанның
Кеңес Одағы тарағаннан кейін жанжал, қақтығыстардың қатерлі өртіне
шалдықпай, тәуелсіз ел атанып, сан алуан қиындықтарды сәтімен артқа тастап,
қаз тұрып кетуінде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент!і Н.Ә.
Назарбаевтың еңбегі өлшеусіз [18, 5-6]. Бұл ретте көрнекі ғалым Р.Б.
Эбсаттаров Н.Э. Назарбаевтың көшбасшылық бейнесін төмендегідей тұрғыда
сипаттайды: Қазақстанның Президенті ретінде Н.Ә. Назарбаевтың билікке
келуі бұқараның көңіл-күйіне үндес жаңа идеяларды іздестіруді талап етті.
Бұрынғы саяси басшылыктың авторитарлық мәндегі көптеген әдістерін сақтай
отырып, Н.Ә. Назарбаев қазақстандық ұлттың өзіндік санасының дәстүрлі
кұндылықтарына - әдәлдәкке, адалдыққа, ұлттық егемендікке, мемлекеттік
мүддеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы, этнограф, демократ
Шоқан Уәлихановтың саяси-әлеуметтік көзқарасы
Ш. Уәлиханов- қазақ қоғамының саяси- әлеуметтік өзгерістеріне, саяси ойдың дамуына ықпал еткен ғалым
Ы. Алтынсариннің ағартушылық еңбегі
Қазақ ағартушыларының философиясы
Ш.Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
Шоқан Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
Шоқан Уәлиханов - ұлы ағартушы
Шоқан Уалихановтың еңбектерінің зерттелуін анықтау
Наполеон Бонапарт- қолбасшы, саясатшы және мемлекет қайраткері
Пәндер