Жоспарлау мен бақылау үшін шығын классификациясы



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1. БАСҚАРУ ЕСЕБІНДЕ ЖОСПАРЛАУ МЕН БАҚЫЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ОРНЫ

1.1. Бухгалтерлік есеп жүргізу жүйесінде жоспарлау мен бақылау үшін шығындар туралы түсінік және теориялық аспектілері
1.2. Жоспарлау мен басқаруға қажетті ақпараттардің ерекшеліктері мен міндеттемелері

2. ЖОСПАРЛАУ МЕН БАҚЫЛАУ ҮШІН ШЫҒЫН КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
2.1. Қорлардың деңгейін жоспарлау және бақылау классификациясы 13
2.2. Жедел бақылау және сметаның орындалу бағасы 18
2.3. Нормативтер бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды бақылау және ауытқуларды талдау

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 29
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында Ұлттық экономикамыздың жетекші күші – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау мәселеі қарастырып, Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылу үшін төмендегідей шаралар:
- Шағын және орта бизнестің бірлестіктер мен кооперацияларға ұмтылысын көтермелеу, оларды қолдау мен көтермелеудің жүйесін жасау.
- Жергілікті бизнес-бастамаларды көтермелеу және мейлінше аз, бірақ қатаң реттеу есебінен ішкі нарықты дамыту.
- Бизнеске жасанды бөгеттер тудыратын мемлекеттік шенеуніктер үшін жаңа, әлдеқайда қатаң жауапкершілік жүйесін енгізуді қарастыру.
- Жаңа жағдайларды, соның ішінде біздің Еуразиялық экономикалық кеңістікке қатысуымызды, алда Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіретінімізді ескере отырып, отандық кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін жетілдіру және олардың мүдделерін қорғау мен ілгерілету үшін қажетті барлық шараны қабылдау қажет екенін көрсетті [1].
Елбасының алға қойған стратегиясын іске асыруда, кәсіпкерліктің даму қарқындылығына қол жеткізу үшін міндетті түрде шектеулі ресурстар тиімді пайдалану мәселесі туады. Кәсіпорындардың қаржылық есебі нақты жүргізіліп, басқару есебінде жоспарлау мен бақылау шығындарының классификациясы тиімді және икемді орналасса ғана жоғарыда айтылған үзақ мерзімдік стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік туар еді [2].
Кәсіпорындардың бәсекеге қабілетті болу жолында Басқару есебі пәнін жеке зерттеуді қажет етеді. Ол объектіге ықпал ету процесі немесе өндірістің ең жоғарғы тиімділігіне жету үшін ұйымды басқару мақсаты мен адамдардың қызметін үйлестіру процесі болып табылады. Кәсіпорынның ерекшелігіне сәйкес бастапқы есепті ұйымдастыруға кешендік қадамдар жасау мыналарды қамтамасыз етеді:
- Өндірістің жүрісін бақылау және жедел-күнтізбелік жоспар жасау, жедел бақылауды одан әрі жетілдіру;
- Қаржылық және басқару есептері үшін біріңғай құжат айналамын енгізу және өңдеу, бастапқы құжаттарды ретке келтіру және бір ізге салу;
- Материалдық және еңбек ресурстарды шығындарына, төленген еңбекақы көлемінің сәйкестілігіне, есептен шығарылған материалдың дайындалған өнімдерінің санына сәйкестілігіне қатаң бақылау жасау;
- Бөлшектерді, түйіндерді және шала фабрикаттарды өңдеу, тұтыну және сақтаусатылары бойынша олардың қозғалыс процесіндегі сақталуы;
- Қоймадағы бөлшектердің есебін ұйымдастыруды жақсарту, қойманы қазіргі заманғы құрылғылар мен қамтамасыз ету;
- Басқару және қаржылық есептеріндегі жиынтық құжаттардағы бөлшектер мен шала фабрикаттардың қозғалысын балансты пайдалану жолымен бақылап, ақпаратпен қамтамасыз ету;
- Белгілі есептік кезеңнің ішінде жедел есептің көрсеткіштерін нақты жағдаймен салыстырып жоспарлу, тексерудің уақыттылығы мен толықтылығын бақылау;
Басқару есебінің міндеті – әр түрлі пайдаланушылардың талаптарын қанағаттандыруға қажетті көлемде ақпарат ұсыну. Басқару есебі менеджерлерге келесі басқару салаларында көмек беру мақсатында құрылады:
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауы//Егемен Қазақстан, Астана 12 желтоқсан 2012ж.
2. Молдахметова А., Өтебаев М. Микроэкономика: Оқулық. 2-басылым.-Астана: Фолиант, 2010.-248 б.
3. Кеулімжанов К.К. Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы. –Алматы: Экономик’С, 2003.-360 б.
4. Алибекова Б.А., «Бухгалтерлік есеп қағидалары:Оқулық» - Астана: «Сарыарқа» баспасы, 2012.-264 б.
5. Қаржылық есеп: оқу құралы/ Қ.Қ.Кеулімжанов, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов – Алматы:Экономика, 2001.-330 б.
6. Ә.Әбдіманапов, «Қаржылық есеп: Оқулық»-Алматы, 2007.-544 б.
7. Басқару есебі: Ержанова А.К., Айтанаева Ә.Қ., Жұманова Г.Ш. Оқу құралы.-Алматы: 2009.-307бет.
8. Друри К. Введение в управленческий и производственный учет/ Пер.с англ. Под. С.А.Табалиной.-М.:Аудит,1994.
9. ҚР «Шаруашылық шектеулі серіктестік және толық серіктестік» туралы заңы. №220-1, 22.04.98ж.
10. «Қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптар» Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда Министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығы.
11. «Қаржылық Есептіліктің Халықаралық Стандарттары», Қазақтан Республикасының Қаржы министрлігінің ресми сайты www.minfin.gov.kz
12. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері/ Кеулімжаев Қ.К., Кұдайбергенов Н.А. Алматы-2006 ж.
13. «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ-ның ресми сайты: www.eximbank.kz
14. «ҚазМұнайГаз» барлау-өндіру АҚ ресми сайты http://www.kmgep.kz/
15. Бухгалтерлік еспті жүргізу қағидалары. ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы №1172 қаулысы

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3
1. БАСҚАРУ ЕСЕБІНДЕ ЖОСПАРЛАУ МЕН БАҚЫЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ОРНЫ

0.1. Бухгалтерлік есеп жүргізу жүйесінде жоспарлау мен бақылау үшін шығындар туралы түсінік және теориялық аспектілері
0.2. Жоспарлау мен басқаруға қажетті ақпараттардің ерекшеліктері мен міндеттемелері

5

11

2. ЖОСПАРЛАУ МЕН БАҚЫЛАУ ҮШІН ШЫҒЫН КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

2.1. Қорлардың деңгейін жоспарлау және бақылау классификациясы
13
2.2. Жедел бақылау және сметаның орындалу бағасы
18
2.3. Нормативтер бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды бақылау және ауытқуларды талдау

24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...

28
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
29

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Қазақстан-2050 стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауында Ұлттық экономикамыздың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау мәселеі қарастырып, Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылу үшін төмендегідей шаралар:
oo Шағын және орта бизнестің бірлестіктер мен кооперацияларға ұмтылысын көтермелеу, оларды қолдау мен көтермелеудің жүйесін жасау.
oo Жергілікті бизнес-бастамаларды көтермелеу және мейлінше аз, бірақ қатаң реттеу есебінен ішкі нарықты дамыту.
oo Бизнеске жасанды бөгеттер тудыратын мемлекеттік шенеуніктер үшін жаңа, әлдеқайда қатаң жауапкершілік жүйесін енгізуді қарастыру.
oo Жаңа жағдайларды, соның ішінде біздің Еуразиялық экономикалық кеңістікке қатысуымызды, алда Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіретінімізді ескере отырып, отандық кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін жетілдіру және олардың мүдделерін қорғау мен ілгерілету үшін қажетті барлық шараны қабылдау қажет екенін көрсетті [1].
Елбасының алға қойған стратегиясын іске асыруда, кәсіпкерліктің даму қарқындылығына қол жеткізу үшін міндетті түрде шектеулі ресурстар тиімді пайдалану мәселесі туады. Кәсіпорындардың қаржылық есебі нақты жүргізіліп, басқару есебінде жоспарлау мен бақылау шығындарының классификациясы тиімді және икемді орналасса ғана жоғарыда айтылған үзақ мерзімдік стратегияны жүзеге асыруға мүмкіндік туар еді [2].
Кәсіпорындардың бәсекеге қабілетті болу жолында Басқару есебі пәнін жеке зерттеуді қажет етеді. Ол объектіге ықпал ету процесі немесе өндірістің ең жоғарғы тиімділігіне жету үшін ұйымды басқару мақсаты мен адамдардың қызметін үйлестіру процесі болып табылады. Кәсіпорынның ерекшелігіне сәйкес бастапқы есепті ұйымдастыруға кешендік қадамдар жасау мыналарды қамтамасыз етеді:
oo Өндірістің жүрісін бақылау және жедел-күнтізбелік жоспар жасау, жедел бақылауды одан әрі жетілдіру;
oo Қаржылық және басқару есептері үшін біріңғай құжат айналамын енгізу және өңдеу, бастапқы құжаттарды ретке келтіру және бір ізге салу;
oo Материалдық және еңбек ресурстарды шығындарына, төленген еңбекақы көлемінің сәйкестілігіне, есептен шығарылған материалдың дайындалған өнімдерінің санына сәйкестілігіне қатаң бақылау жасау;
oo Бөлшектерді, түйіндерді және шала фабрикаттарды өңдеу, тұтыну және сақтаусатылары бойынша олардың қозғалыс процесіндегі сақталуы;
oo Қоймадағы бөлшектердің есебін ұйымдастыруды жақсарту, қойманы қазіргі заманғы құрылғылар мен қамтамасыз ету;
oo Басқару және қаржылық есептеріндегі жиынтық құжаттардағы бөлшектер мен шала фабрикаттардың қозғалысын балансты пайдалану жолымен бақылап, ақпаратпен қамтамасыз ету;
oo Белгілі есептік кезеңнің ішінде жедел есептің көрсеткіштерін нақты жағдаймен салыстырып жоспарлу, тексерудің уақыттылығы мен толықтылығын бақылау;
Басқару есебінің міндеті - әр түрлі пайдаланушылардың талаптарын қанағаттандыруға қажетті көлемде ақпарат ұсыну. Басқару есебі менеджерлерге келесі басқару салаларында көмек беру мақсатында құрылады:
oo Жоспарлау;
oo Бақылау және реттеу;
oo Кәсіпорынның қызмет ету көрсеткіштерін өлшеу, бағалау (талдау);
oo Шешім қабылдау.
Кәсіпорындардағы ұйымдастыру формаларының бір-біріне ұқсамайтын барлық өзгерістері болсада, басқару есебі оперативті - өндірістік және техникалық-әкономикалық жоспарлаумен байланысты болуға тиіс Бақылау - кәсіпорын қызметінде алдын - ала белгіленген тапсырмаларды орындауға бағытталғанжоспарлау мен талдаудың қорытынды процесі.
Басқару есебі жоспарлау мен бақылау жүйесімен біріккенде цехтың, участоктың, бригаданың шаруашылық жүргізу механизмін білдіреді. Іс-қызмет нәтижелерін бағалау әрбір бөлімшенің өндірістен өнімді өткізуге дейінгі кәсіпорынның пайдасын қалыптастыру тенденциялары мен келешектерін анықтауды көздейді. Ал, ол өз кезегінде жоспарлау мен бақылау шығындарының туындауына алып келеді.
Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін олардың ғылыми негізделген классификациясы үлкен роль атқарады. Сондықтан, Курстық жұмыстың мақсаты - басқару шешімдерін қабылдау және жоспарлау, жауарпкершілік орталықтарындағы өндірістік қызметті бақылау және реттеу үшін шығындар классификациясын ашып көрсету [3].
Осыған орай Курстық жұмыстың негізгі міндеттері:
oo Басқару есебінде жоспарлау мен бақылаудың маңыздылығы мен орны
oo Жоспарлау мен бақылау үшін шығын классификациясы
oo Қорлардың деңгейін жоспарлау және бақылау классификациясы
oo Жедел бақылау және сметаның орындалу бағасы
oo Нормативтер бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауды бақылау және ауытқуларды талдау

1. БАСҚАРУ ЕСЕБІНДЕ ЖОСПАРЛАУ МЕН БАҚЫЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ МЕН ОРНЫ

1.1. Бухгалтерлік есеп жүргізу жүйесінде жоспарлау мен бақылау үшін шығындар туралы түсінік және теориялық аспектілері
Өндіріс технологиясы және ұйымдастыру ерекшелігі есебімен өндіріс шығындарын толық табу және өнімнің кәсіпорынды бақылау жүйесі - барлық кәсіпорын бөлімшелерінің шаруашылық қызметтерінің нақты нәтижелері туралы ақпаратты алуға, әзірлеуге, талдауға, ауытқуларды анықтауға және осы ауытқулардың себебін талдауға негізделген баскарушылық бақылау жүйесі, алға койылған мақсаттарға қол жеткізуге кажетті шараларды әзірлеу [4].
Өндірістік қызметтің басқару есебі - басқару есебі жүйесінің орталық буыны. Мұнда мақсат міндетті іс бойынша жұмсалатын шығындары мен тәртіп туралы ақпарат топтастырылған. Өндірістік есепте материалдық, еңбек және қосымша шығындарды мөлшерлеуге, сондай-ақ нақты болған және нормативті шығындарды көрсету тәсілдерін мөлшерлеуге (нормалауға) елеулі рөл бөлінеді. Мұндайда өндірістік есеп шығындар мен калькуляциялауды есептеудің бірыңғай процесі ұйымдастырылады.
Өндіріс құралдарының айналымының барлық кезеңдерінде өндірістік ресурстар (жабдықтау-дайындау қызметі, өндіріс пен өткізу) жүйелі бухгалтерлік есепте көрініс табады. Алайда бұл көрсету ерекшелікті, ол қозғалысты (мысалы, кәсіпорын қоймаларындағы материалдық ресурстардың есебі, жабдықтаушыларындағы түсім мен өндіріске беру, цехтағы, цех қоймаларындағы материалдардың қалдығы), негізінде ресурстардың жағдайы мен бар-жоғына қатысты болады.
Материалдық ресурстар мен негізгі қорлардың сақталуы үшін материалдарға жауапты адамдар жауапкершілігі ғана қарастырылған. Өндірістік ресурстарды пайдалану тиімділігі үшін жауапкершілік жүктелмейді. Сонымен қатар, бұл ресурстар кәсіпорынның әр түрлі саладағы қызметінің белгілі бір операцияларын атқаратын әр қилы құрылымдық бөлімшелерінде қолданылады. Мұндайда олардың әрқайсысына тиімділікті сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі сәйкес келеді.
Қаржылық есеп тұтастай кәсіпорын, өнім түрлері мен топтары, тапсырыстар бойынша өндіріске жұмсалған материалдық, еңбек және қаржылық шығындар туралы ақпаратты жинақтап қорытады.
Басқару жүйесіндегі жабдықтау-дайындау іс-әрекеті басым орын алуы тиіс, өйткені ол - өндірісті алғашқы бөлу. Мұнда мынадай бағыттар көрініс табады: көтерме сауданы ұлғайту, жекелеген бұйымдар өндірісінің көлемін ұлғайту, сатып алу тәсілін таңдау (өзі өндіру немесе жабдықтаушыдан сатып алу) кәсіпорынның айналым құралдарына және жабдықтау-дайындау бөлімшелеріне күрделі қаржы инвестициялаудың тиімділігі.
Осы мақсатпен жұмыс түрлері мен қоймалар бойынша шығындар, материалдар бағасы, жартылай өнімдерді дайындаудың өзіндік құны, өндіріске берілген материалдық ресурстарды бағалау туралы ақпарат жиналады және жинақтап қорытылады. Процестер бойынша - алу, тиеу мен тасу, іріктеу мен сапалы бағалау, жұмыс орындарын қамтамасыз ету мен олардың орындалуын бақылау шығындарының сметасын жасауға ерекше рөл бөлінеді.
Бұрын айтылғандай, қазіргі жағдайда басқару есебін ұйымдастыру мен жүргізу жөнінде өзіндік шешімдер болуы мүмкін. Ішкі қажеттіліктер үшін есепке тіркеуді реттейтін құжаттардың болмауы, ұйымдастыру мен есептегі техниканың бар болуы өндірістік есепті басқару есебі етіп қайта құруға мүмкіндік береді.
Жауапкершілік орталығы - бұл шығындардың пайда болуын бақылайтын, пайда алу немесе инвестициялық табысты пайдаланатын кез-келген кәсіпорын.
Басқару есебінің жүйесін жасағанда әрбір саланың тиімділігін анықтаумен бөлінгісіз байланыстағы іс-әрекет өрістері бойынша шығыстарды есептеу негіз қалаушы белгі болып шығады. Басқару есебін ұйымдастыруға деген мұндай көзқарас оның құрамдас бөлігі ретінде бөлінуіне жол береді:
* жабдықтау-дайындау қызметі;
* өндірістік қызмет;
* қаржылық-өткізу қызметінің есебі;
* ұйымдастыру іс-әрекетінің басқару есебі.
Басқару жүйесіндегі жабдықтау-дайындау іс-әрекеті басым орын алуы тиіс, өйткені ол - өндірісті алғашқы бөлу. Мұнда мынадай бағыттар көрініс табады: көтерме сауданы ұлғайту, жекелеген бұйымдар өндірісінің көлемін ұлғайту, сатып алу тәсілін таңдау (өзі өндіру немесе жабдықтаушыдан сатып алу) кәсіпорынның айналым құралдарына және жабдықтау-дайындау бөлімшелеріне күрделі қаржы инвестициялаудың тиімділігі.
Осы мақсатпен жұмыс түрлері мен қоймалар бойынша шығындар, материалдар бағасы, жартылай өнімдерді дайындаудың өзіндік құны, өндіріске берілген материалдық ресурстарды бағалау туралы ақпарат жиналады және жинақтап қорытылады. Процестер бойынша - алу, тиеу мен тасу, іріктеу мен сапалы бағалау, жұмыс орындарын қамтамасыз ету мен олардың орындалуын бақылау шығындарының сметасын жасауға ерекше рөл бөлінеді.
Жабдықтау-дайындау қызметі туралы қорытынды жиынтық ақпарат жабдықтаудың ауыспалы көлемін есептеу үшін қолданылады.
Әрбір кәсіпорын технология, техника, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, шығарылатын өнімнің күрделілігі мен номенклатура ерекшеліктерін тиісті тәсілдерді қолдана отырып, өндіріс есебін ұйымдастыру үлгісін таңдай алады. Есептің бұл тарауында басқарудың әр түрлі мақсаттарына арналған өнімдердің өзіндік құны анықталады.
Қаржы - өткізушілік іс-әрекеттің есебі көмегімен өнімнің ассортименті, оның пайдалылығы, нарықтық тенденциялар жарнамаға, маркетинге, буып-түю, орауға, дайын өнім қоймасында сақтау мерзімі мен сапасы туралы ақпарат жиналады, өңделеді және қалыптасады. Бөлімдер мен қаржы-өткізу іс-әрекетінің сегменттері бойынша шығыстар сметасы жасалады және оларды орындау барысы бақыланады. Есептің бұл учаскесінде өндіріс үшін ең пайдалы өнім, тұтастай өндіріс көлеміне де, жеке өнімдерден де түсетін материалдық кіріс мөлшеріне әсер ететін факторлар анықталады.
Басшыларға қысқа мерзімде пайданы өте көп шамада көбейтуге мүмкіндік беретін шешімдерді қабылдау үшін ақпарат беріледі.
Ұйымдастырушылық іс-әрекеттің басқару есебі талаптарын қанағаттандыру үшін басқарудың әр түрлі деңгейіндегі менеджерлердің өзіндік шығындары, трансферттік бағаларды қалыптастыру принциптері, мамандандырудың орынды деңгейі шығындар-шикізат өңдеу көлемі-пайда принципін қолданатын өндірістік бөлімшелерге қатысты негізділікті, бөлімше мөлшерлерін таңдаудың дұрыстығы туралы ақпарат қажет.
Мұнда ұйымдастыру қызметі туралы шығыстар сметасы жасалып, атқарылуы бақыланады: өндірістің ауыспалы көлемі, өзгермелі және тұрақты шығыстар, трансферттік бағалардың өзіндік құнының, пайданың есептік-талдамалы есептеулері жүргізіледі. Есептің бұл бөлігі жауапкершілік орталықтары - рентабельділік шығындары бойынша жиынтық ақпаратты қалыптастырады.
Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері қызметінің нәтижелерін бағалау - басқару есебі жүйесін құрудың негізін қалайтын принциптердің бірі. Кәсіпорындардағы ұйымдастыру формаларының бір-біріне ұқсамайтын барлық өзгерістері болсада, басқару есебі оперативті - өндірістік және техникалық-әкономикалық жоспарлаумен байланысты болуға тиіс. Басқару есебі жоспарлау мен бақылау жүйесімен біріккенде цехтың, участоктың, бригаданың шаруашылық жүргізу механизмін білдіреді. Іс-қызмет нәтижелерін бағалау әрбір бөлімшенің өндірістен өнімді өткізуге дейінгі кәсіпорынның пайдасын қалыптастыру тенденциялары мен келешектерін анықтауды көздейді.
Кәсіпорынның шаруашылық тетігі бөлімшелердегі және олардың ішіндегі оралымды басқару қажеттіліктеріне бейімделуге тиісті.
Yenйымның өндірістік кызметі және оның жауапкершлік орталықтары деп аталатын жекелей құрылымдық бөлімшелері (сегменттері) бухгалтерлік басқару есбінің объектіci болып табылады.
Жауапкершілік орталығы - шығындарды, кipicтep мен ұйымдағы бизнестің ocы сегментіне инвестицияланатын қаражаты, шығынды бақылайтын менеджер басқаратын құрылымдық бөлімше.
Басқару есебінде жауапкершілік орталығының төрт түрі бар:
- шығын орталығы;
- кipic орталығы;
- пайда орталығы;
- инвестиция орталығы.
Шығын орталығы - өндірістік ресурстардың шығындарын байқау, бақылау, басқару, сондай-ақ, оларды пайдалануды баға - лау мақсатымен мөлшерлеу, жоспарлау және өндipic шығындарды есептеуді ұйымдастыратын кәсіпорынныі құрылымдық бөлімі.
Өнеркәсіптік өндіріс жағдайында шығын орталығы ретінде құрылымдық бөлімшелерді бөлгенде мыналарды ескеру керек:
әpбip шығын орталығы - жауапкершіліктің жеке өpici;
шығын орталығы оның басшысына кәсіпорынның барлық шығындарын жоспарлау мен аныктауға кемектеседі;
орталық бip типті машиналар мен жұмыс орындарынан тұрады, бұл осы орталыкка шығыс орталығын үлкен қиындықсыз есептен шығару үшін біртекті сипаттағы шығындарға себеп болады;
ipi шығын орталықтары ұсақтан құралуы мүмкін. Әдетте, шығындар орталығының мөлшері үлкен болған сайын, жауапкершілік деңгейі де биік.
Шығындар орталығы екі бағытта жұмыс істей алады:
берілген қаржы деңгейінен ең, көп шамада нәтиже алу;
берілген нәтижеге жету үшін қажетті қаржыны ең аз шамаға жеткізу.
Алайда шығындар орталығы басшыларына өндіріс багасы мен келемін өз бетінше белгілеуге рұқсат етілмейді.
Kipic орталығы - жауапкершілік орталығы, мұнда менеджер кірістерді алу үшін жауап береді, 6ipaқ шығындар ушін (мысалы, сауда ұйымының көтерме сауда бөлімі және т.с.с.) жауап бермейді, оның басшыларының, ic-әpeкeтi алынған кipicтep негізінде бағаланады. Осы жағдайдағы басқару есебінің міндеті - жауапкершілік орталығының қызмет қорытындылары шығарған нәтижелерді кесімді белгілеу.
Пайда орталығы - бұл да жауапкершілік орталығы. Оның басшысы бip уақытта өзінің бөлімшесінің кipicтepi үшін де, шығындары үшін де жауап беріп, тұтынылатын ресурстар саны және күтілетін бүкіл мөлшері жөнінде шешім қабылдайды. Іс-әрекетті бағалаудың бeлrici - алынған пайда мөлшері. Сондықтан басқару есебі жауапкершілік орталығғына кipep шығындардың құны, осы орталық ішіндегі шығындар және сегмент ic-әрекетінің қорытындылары шығарда түпкілікті нәтижелер туралы ақпарат ұсынуға тиісті.
Инвестиция орталықтары - кәсіпорын сегментгері, бұлардың менеджерлері өз бөлімшелерінің шығындары мен кipіcтepін бақылап қана қоймайды, басқа орталық басшылары шұғылданбайтын, инвестицияланған қаржыны тиімді пайдалануды да қадағалайды. Басқаруда ең үлкен өкілеттіктері бар инвестиция орталығының басшылары қабылданатын шешімдер үшін кәсіпорын әкiмшiліriнің жекелеген жобалар бойынша бөлген қаражатын бөлуге жауапты.
Алғашқы мәліметтерді жинау, өңдеу және тарату процесінде сабақтастық пен көп қолданыс принциптерін сақтау есеп жүйесін қарапайымдандырады және оны тиімді етеді, аз шамадағы мәліметтерден басқару шешімдеріне арналған ақпараттың ең көп қажетті санын (аз шығын - бухгалтер-талдаушының алдына қойылған мақсатты шешуде атқаратын зор маңызы) алуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында жүзеге асырылып жатқан бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына көшу, жаңа әкономикалық жағдайлар бухгалтерлік қызметтің міндеттері мен өкілеттіктерін ұлғайтуда. Бухгалтерлік мамандық сапалы жаңа деңгейге шығып, бухгалтер өз қызметінде шаруашылық фактілерін есептік тіркеуден өндірісті басқаруға көшіп, жаңа сатыға көтерілді.
Басқару іс-қызметін атқаратын бухгалтерлер бухгалтер-талдаушы (бухгалтер-менеджер) деп аталады.
Кәсіпорындағы басқару есебін ұйымдастырудағы маңызды жағдайлардың бірі- бухгалтерлік есептің жеке жүйешесі ретінде кадрмен қамтамасыз ету болып отыр. Басқару есебін жүргізу үшін шаруашылық операцияларын тіркеумен ғана шұғылданбай, кәсіпорынды басқаруға да қатысатын білікті бухгалтер-талдаушы талап етіледі.
Басқару процесінің міндеті іс-қызметтерін оқып-білген соң, басқару міндеттерін орындау кезінде менеджерлерге көмек көрсететін бухгалтер-талдаушы атқаратын рөлді қысқаша қарап көретін кез келген.
Кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымында жеке бөлімшелер арасында желілік және өндірістік қатынастар болуы мүмкін.
Желілік қатынастар бағынышты адамдарға нұсқау беруді көздейді. Бас бухгалтер-талдаушы барлық бухгалтерлік қызмет, демек желілік қатынастар жұмысы үшін де жауап береді.
Желілік емес өндірістік қатынастар бір бөлім екінші бір бөлімдерге (мысалы, кадр, жабдықтау, жобалау, қаржымен қамтамасыз ету бөлімдеріне) қызмет көрсеткен кезде пайда болады. Бухгалтер-талдаушының міндеті іс-қызметі бұл орайда да штабтық сипатқа ие болады, өйткені оған бағынышты қызмет кәсіпорынның басқа бөлімшелеріне кеңес береді, қызмет етеді және үйлестіреді.
Бухгалтер-талдаушының міндетті іс-қызметіне басқару-іскерлік байланыстарды жоспарлау, бақылау мен реттеу (ақпарат алмасу) және ынталандыру жатады.
Жоспарлау. Бухгалтер-талдаушы өнімнің қандай түрлерін, қай рынокта, қандай бағамен сату мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін, сондай-ақ күрделі қаржы жөніндегіұсыныстарды бағалау үшін ақпарат бере отырып, өндірістік бөлімшелердің келешектік жоспарларын (бюджеттерін) жасауға қатысады. Бюджеттегі ақпарат өте дәл болуы және кірістер мен шығыстар жайлы мәліметтері, яғни жетуге тиісті жоспарлы көрсеткіштері болуы керек. Жоспарлар жауапкершілік орталықтарымен бірлесіп әзірленеді. Жоспарларды жасау төменнен жоғары қарай жүзеге асырылады.
Бухгалтер-талдаушы смета жасағанда қысқа мерзімді жоспарларды жасағанда басты рөлдердің бірін атқарады және көрсеткіштерді болжау кезінде қажет болуы мүмкін мәліметтерді жете дайындауды үйлестіреді және олардың өзара ұштасуын қадағалайды. Сосын ол бұл жоспарларды барлық ұйымның қаржылық сметасына біріктіреді және жоғары басшылыққа бекіту үшін ұсынады. Бухгалтер-талдаушы кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын талқылауға, күрделі қаржы бойынша ұсыныстарды бағалауға қатысады, өнімнің ең тиімді түрлерін анықтайды, өткізудің әлеуетті нарықтары мен оңтайлы бағаларын ұсынады. Қазіргі заманға бухгалтер-талдаушы бухгалтерлік есептің оперативті; қаржылық талдау мен қаржылық жоспарлау тәсілдерін тең дәрежеде меңгеруі тиіс.

Кесте-1. Шығындар есебінің бағыттары мен жіктелуі
Есептің бағыттары
Классификацияның мүмкін болатын әдістері
1. Қосалқы өнімдердің құнын анықтауға жұмсалған шығындар
Есепті мерзім шығындары және өнімнің өзіндік құны

Өндіріс өнімдерін құрайтын шығындар
Тапсырыстық және процестік шығын
2. Шешімдер қабылдау бойынша өндіріске жұмсалған шығындар
Шығын динамикасы

Болашақ және өткен кезең шығындары

Жойылатын және жойылмайтын шығындар

Қайтарылмайтын шығындар

Жорамалдағы шығындар (істің альтернативтік курсын қабылдау нәтижесінде пайда болады)

Шекті (маржиналды) шығындар және өсімді (инкрементті) шығындар
3. Бақылау және реттеуді жүзеге асыратын шығындар
Реттелетін және реттелмейтін шығындар

Шығын динамикасы

Өндіріске жұмсалған шығындар есебінің бағыттары және олардың классификациясының мүмкін болатын варианттары Кесте-1 де көрсетілген. Шешімдер қабылдау және жоспарлауда істің альтернативтік варианттарын бағалау үшін классификацияның келесідей түрлері пайдаланылады:
Шығын динамикасы. Өндірістің қызмет дейңгейіне байланысты шығындардың қалай өзгеретіндігін көрсету-шешімдер қабылдау үшін өте маңызды.
Айнымалы шығындар өндірістік қызметтің деңгейіне (көлеміне) тікелей пропорционалды түрде өзгереді.
Жиынтық айнымалы шығындар өндіріс көлеміне байланысыты түзу сызықты, ал өнімнің бір бірлігіне келетін айнымалы шығындар тұрақты көлемде болып табылады. Қысқа мерзімді айнымалы өндірістік шығындарғы мысал ретінде жұмсалған жұмыс, негізгі материалдар, электроэнергетика және станокқа қажет болатын заттарды айтуға болады.
Қабылданатын (релевантты) және қабылданбайтын (релевантты емес) есепке алынытын табыстар мен шығындар: бұл шешімдер қабылдауға әсер ететін келешектегі шығындар мен табыстар.
Жойылатын шығынадар - бұл шығындар істің альтернативтік курсын талдау арқылы құтылуға болатын шығындар. Ал жойылмайтын шығындар құтылу мүмкін емес шығындар.
Қайтарылмайтын шығындар немесе өткен кезең шығындары - бұл алынып қойған ресурстардың құны. Бұл шығындар бұрын қабылданған шешімдердің нәтижесінде пайда болған және болашақта ешқандай шешіммен өзгеруі мүмкін емес.
Жорамалды шығындар егер қандай да бір істің альтернативтік курсын таңдау басқалардан бас тартуды талап еткенде, жоғалтулар болғанда мүмкіндікті сипаттайды.

1.1. Жоспарлау мен басқаруға қажетті ақпараттардің ерекшеліктері мен міндеттемелері

Кез келген кәсіпорындар кәсіпкерлік қызметтің жоспарларының және жүргізіліп отырған есеп саясатының дұрыстығына дәл уақытында жеткізу үшін, өзінің қызметінің нәтижесін үздіктсіз байқау мен бақылауды қажет етеді. Басқарудағы ең маңызды мәселелердің бірі шығындарды инвестициялау (жаңа кәсіпорынның құрлысына, бір кәсіпорынды кеңейтуге, жабдықтарды ауыстыру үшін жаңа техникаға, жаңа өнім шығаруға, босалқыларды көбейтуге т.б.) және инвестициялардан табыстар алу.
Инвестиция жөнінде шешім қабылдау зор тәуекелділікті талап етеді, онда алдағы кезеңде табыс алу мақсатымен ағымдағы кезеңдегі ресурстардың маңызды үлесін өндіріс процесіне тартады.
Шешім қысқа (бір жылға дейін) мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін.
Қысқа мерзімді шешімдерге мынадай сұрақтар қатысты: жалпы пайдадағы өнім бірлігінің үлесі, сұраныс пен сату көлемі, өзіндік құн мен баға, өндірістің зиянсыздығы мен өтімділігі, өндіру немесе сатып алып қою және т.б. Олар салынған капиталдық шығындарға тимейді. Қысқа мерзімді инвестицияларда ақша қаражаттары бір жылға дейінгі қысқа кезеңде айналады.
Өнімдердің арасында шығындар есебін бөлу принципі оларға бақылау жасау мен оларды реттеуді жүзеге асыруға келмейді, онда өнімді өндіру циклі бірнеше әртүрлі технологиялық операциялардан тұратындықтан, олардың әрқайсысына жеке тұлғалар жауап береді. Сондықтан, өнімнің өзіндік құны жөнінде мәліметтер бола тұрып, өндірістің (жауапкершілік орталықтары) әрбір жеке бөлімшелерінің арасында шығыдарды дәл бөлуді анықтау мүмкін емес. Бұл мәселе сәйкес қаражаттардың шығысына жауапты, нақты тұлғаның ісәрекетімен, шығындар мен табыстардың өзара байланысын белгілегенде шешіледі. Шығын есебіне жасалған мұндай қадам, қаражаттардың жұмсалуындағы жауапкершілік орталықтары шығындар есебі ретінде белгілі. Ол фирмалардың ұйымдастырылу құрылымының жауапкершілік зоналарын бөлу принципіне сәйкес құрылған. Жауапкершілік орталықтары ұйымның сегмменті ретінде анықталуы мүмнін, онда менеджер оның жұмысына жеке жауап береді [5].
Жауапкершілік орталықтарының 3типі бар:
oo Шығын орталығы, мұнда менеджер өздері бақылайтын шығындар үшін жауаркершілікті алады;
oo Пайда орталығы, мұнда менеджерлер сатудан алынған табыс және шығындар үшін жауапты. Мысалы. Өнім өндіру мен оны сатуға жауапкершілік алған компанияның бөлімшесі;
oo Инвестиция орталығы, мұнда менеджерлер сатудан алынған табыс және шығындар үшін, сонымен бірге инвестициялардың көлеміне әсер ететін, инвестициялық шешімдерді қабылдауға жауапты;
Жауапкершілік орталықтары бойынша тіркелген шығындар мен табыстар реттелетін және реттелмейтін шығындар болып жіктеледі. Барлық реттелетін шығындар белгілі басқару деңгейінде болады. Мысалы, мұндай кәсіпорын басшының барлық өндірістік қаражаттарға иелік етуге жалданған менеджерлердің санын көбейтуге немесе азайтуға құқығы бар. Бірақ, барлық шығындар басқарудың төменгі дәңгейінде реттелмейді, сондықтан бухгалтер жауапкершілік орталықтары бойынша сметаны орындау жөніндегі есепті құрғанда, шығындарды реттелетін және реттелмейтін деп бөлу керек.
Реттелетін шығындар жауапкершілік орталықтары бойынша тіркелген шығындар, олардың деңгейі мейлінше менеджер тарапынан реттеу қабілеттілігіне тәуелді болып келеді.
Шығындарды бөле отырып, жауапкершілік орталықтарының менеджері мен басшысы шығындарды дәл анықтай алу үшін және нақты көрсеткіштермен жоспардың арақашықтығын білу мақсатында бақыланатын шығындарға жеке талдау жүргізу қажет.

1. ЖОСПАРЛАУ МЕН БАҚЫЛАУ ҮШІН ШЫҒЫН КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

2.1. Қорлардың деңгейін жоспарлау және бақылау классификациясы

Басқару есебі жоспарлау мен бақылау жүйесімен біріккенде цехтың, участоктың, бригаданың шаруашылық жүргізу механизмін білдіреді. Іс-қызмет нәтижелерін бағалау әрбір бөлімшенің өндірістен өнімді өткізуге дейінгі кәсіпорынның пайдасын қалыптастыру тенденциялары мен келешектерін анықтауды көздейді.
Кәсіпорынның шаруашылық тетігі бөлімшелердегі және олардың ішіндегі оралымды басқару қажеттіліктеріне бейімделуге тиісті.
Бухгалтерлік басқару есбінде бюджеттендіруді жоспарлау процесі деп түсінуге болады. Жоспарлау - бұл тек бір жай ғана емес, барлық кәсіпорынның қызметін тұтастай қамтитын шешім қабылдау процесінің ерекше тұрпаты. Жоспарлау (сметаларады, бюджеттерді өңдеу) қысқа мерзімді (бір жылға дейінгі) және ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) болады.
Смета (немесе бюджет) - ол шамаланған жұмыстарды орындау алдында құрылатын қаржылық құжат. Ол келешектегі қаржылық операциялардың болжауы.
Жоспарлау мен бақылау үшін шығындарды есепке алғанда қорлардың оптималдық мөлшерін есептеу мәселесі туындайды.
Шығынды есептеу мен калькуляциялау тәсілін кәсіпорын өз бетінше таңдайды, өйткені жеке жағдайлардың бірқатарына: саланың кімге тиесілілігіне, қолданылатын технологияға, өнім ассортиментіне және т.б. байланысты.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әр түрлі тәсілдермен жүзеге асады. Калькуляция тәсілі - калькуляциялық бірліктің өзіндік құнын есептеп шығару үшін қолданылатын әдістердің жүйесі. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау тәсілін таңдау өндіріс түріне, оның күрделілігіне, бітпеген өндірісі бар-жоғына, өндірістік циклдың ұзақтығына, шығарылатын өнімнің номенклатурасына және т.б. байланысты.
Шығынды есептеу мен калькуляциялау тәсілдерін үш белгі бойынша топтастыруға болады:
:: шығын есебі объектілері бойынша:
процестік;
бөлістік;
тапсырыстық;
:: шығын есебінің толықтығына қарай:
толық өзіндік құнды калькуляциялау;
толық емес өзіндік құнды калькуляциялау;
:: шығындар есебі мен бақылаудың оперативтілігі бойынша:
нақты өзіндік құн есебі;
нормаға сай шығындар есебі.
Бұл бөлімде шығындар есебі мен шығын есебі объектілері бойынша калькуляциялау тәсілдері қарастырылады.
Тапсырыстық әдіс бұйымға (бұйымның шағын тобына), жеке жұмысқа немесе көрсетілген қызметке ашылған өндірістік тапсырыстың калькуляциялаудың объектісі болып шығуына байланысты аталды. Әдетте, әрбір тапсырыс жеке тапсырыс беруші, тұтынушы, алушы үшін арналады.
Әдіс негізгі материалдар (технологиялық мақсаттарға арналған материалдар), өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбекақысы және басқа тікелей шығындарды нақты өніммен, жұмыспен немесе көрсетілген кызметпен азды-көпті жеңіл ұқсастыруға болатын жағдайда ғана қолданылады.
Тапсырыстық тәсіл мынадай жағдайларда колданылады [6]:
:: бірлі-жарым немесе ұсақ сериялы өнім өндірісінде, не болмаса жұмысты (қызмет көрсетуде) орындау кезінде, әсіресе, әрбір тапсырыс бойынша жасалатын өнім бірегей болмаса да, басқа тапсырыс өнімдерінен елеулі айрықшаланған жағдайда;
:: күрделі және ірі бұйымдар шығарғанда;
:: ұзақ технологиялық циклды өндірісте;
:: едәуір бөлігі қайталанбайтын және жеке тапсырыстар бойынша саны шағын болып шығарылатын өнімнің көп әр түрлілігінде;
:: жұмыс орындарының технологиялық ерекшелігі мен жұмыс орындарына белгілі бір операциялар мен бөлшектетіктерді тұрақты бекітудің мүмкін болмауы;
:: әдетте, әмбебап жабдықтармен керек-жарақтарды қолданғанда;
:: барлық қолдан құрастырушы және жеткізу операцияларының салыстырмалы үлкен үлес салмағында;
:: жұмысшылар арасында жоғары білікті мамандардың көп болғанында;
:: өнім дайындаудың (өндірістік циклдін) салыстырмалы ұзақ мерзімінде.
Тапсырыстық тәсілде бірен-саран бұйымға немесе бұйымның, жұмыстың немесе көрсетілген қызметтің санаулы санына өндірістік тапсырыс калькуляциялаудың объектісі болып табылады.
Тапсырыстарды сол немесе басқа өнім түрін дайындау үшін тапсырыс берушімен келісімшарт жасау негізінде жекеде бір бұйым және ұсақ сериялы өндіріс кәсіпорынның жоспарлы-өндірістік бөлімінде (орындауға қатысатын цехтар саны бойынша) толтырады, содан кейін тапсырысты орындаушы цехқа және бухгалтерияға түседі.
Өндіріс шығындарын жинақтап қорыту жөніндегі барлық алғашқы құжаттамада (лимитно-заборлық картасы, шикізат пен материалдарды босатуға арналған талаптар, маршрут парақтары, нарядтар және басқа құжаттар) тапсырыстардың нөмірі (шифрі) көрсетіледі. Құжаттаманы өндегенде шығындарды цех-орындаушылар, жеке тапсырыстар мен калькуляция баптары бойынша топтастырады. Сонымен қатар, әдетте өзіндік құнды калькуляциялаудың жартылай өнімдік нұсқасы қолданылады, яғни әрбір цех бойынша өз шығындары цехтан-цехқа жартылай өнімдерді беру шоттарында көрсетілмейді.
Тапсырыстық тәсілде нақты өзіндік құн тапсырыс аяқталған соң анықталады, бұған дейін барлық шығындар бітпеген өндірісті құрайды. Тапсырыстық тәсілдің кемшілігі мынада, күрделі, қайталанбайтын немесе сирек қайталанатын тапсырыстарды дайындағанда материалдық және еңбек шығындарын мөлшерлеуді ұйымдастыру қиын, нормаға сай калькуляцияны жасау мен өндіріс барысындағы шығындарды алдын-ала бақылауды жүзеге асыру қиындайды.
Бұл кемшілікті жою мақсатымен өндірістің ұзақ циклды ірі бұйымдар (кеме жасау, ауыр машина жасау) дайындағанда, тапсырыстарды олардың (агрегатгар, конструкциялық элементтер), біткен конструкция болып танылатын тетіктеріне жеке ашу ұсынылады. Ұзақ сериялық өндірісте тапсырысқа ағымдағы айда шығару жоспарланған бұйым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын қызметінің нәтижелері
Өндіріс шығындары және оларды басқару
Шешім қабылдаудағы шығындар классификациясы
Құрылыс ұйымдарының өзіне түсетін құның төмендету резервтері
ЖШС «ОПТСНАБ» - тың ұйымдастыру - экономикалық мінездемесі
Өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.
Шығындар есебі және өнімнің өзіндік құнын калкуляциялау әдістері
Шығындар
Экономикалық шығындар бухгалтерлік шығындар балама шығындар
Кәсіпорын шығындарының экономикалық мәні мен мазмұны
Пәндер