Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым



ЖОСПАР:

Кіріспе
1. Қарым.қатынас туралы жалпы ұғым
2. Қарым . қатынастың түрлері, қызметі және стратегиясы
3. Коммуникация және оның функциялары мен түрлерi. Қарым . қатынас психологиясы
4. Қарым. қатынас әрекетінің өзекті мәселелері
5. Іскерлік түсінігінің мағынасы
6. Туризм түсінігі. Бизнес туризм
7. Қарым .қатынастың іскерлік туризмдегі атқаратын рөлі
Қорытынды
Қарым – қатынастың іскерлік туризмдегі атқаратын рөлі
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі:
- барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау;
- сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау;
- бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау;
- басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу.
Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Қарым-қатынас[1] – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.[2]
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:
• 1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);
• 2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);
• 3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).
Пайдаланылған әдебиет
↑ Бес жүз бес сөз.—Алматы: Рауан, 1994. ISBN 5-625-02459-6
↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6
↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

Кіріспе
1. Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым
2. Қарым - қатынастың түрлері, қызметі және стратегиясы
3. Коммуникация және оның функциялары мен түрлерi. Қарым - қатынас психологиясы
4. Қарым- қатынас әрекетінің өзекті мәселелері
5. Іскерлік түсінігінің мағынасы
6. Туризм түсінігі. Бизнес туризм
7. Қарым -қатынастың іскерлік туризмдегі атқаратын рөлі
Қорытынды

Қарым - қатынастың іскерлік туризмдегі атқаратын рөлі
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты - өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі:
барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау;
сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау;
бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау;
басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу.
Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Қарым-қатынас[1] - адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.[2]
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:
* 1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);
* 2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);
* 3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).
Педагогикалық қарым-қатынас
* Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы.
Перцептивтік қарым-қатынас
* Перцептивтік қарым-қатынас - адамның парапар қабылдауы, оның ішкі дүниесіне бойлау, әрбір жеке сәтінде оның психикалық жағдайын сезіну дағдысы, оның тәртіп себебін түсіну дағдысы. Мұғалім өзінің перцептивтік қарым-қатынас қабілеттерін ұдайы дамытуы қажет.
Фатикалық қарым-қатынас
* Фатикалық қарым-қатынас (лат. fatuus - ақымақ) - қарым-қатынас үрдісі үшін ғана мазмұнсыз қарым-қатынас.
Қарым-қатынастың жетекші түрі
Қарым-қатынастың жетекші түрі - осы немесе өзге жас кезеңінде болатын қарым-қатынас түрі, бұл арқылы тұлға дамуының осы сатысына сәйкес негізгі тұлғалық қасиеттер қалыптасады.[3]
Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.
Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi - адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк.
Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз.
Макроорта - бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам.
Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек - бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi.
Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарым-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз.
Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны байқаймыз:
:: басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз.
:: Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз.
:: Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз.
:: Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз.
:: Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз.
Қарым-қатынас стратегиясы
Қарым-қатынас стратегиясы үшке бөлiнед:
1. ашық-жабық қарым-қатынас. Ашық қарым-қатынаста әр адам өзiнiң көзқарасын жеткiзе бiлуi және басқалардың позициясын тыңдауға әрдайым дайындық. Ал жабық қарым-қатынас ақпаратқа деген өзiнiң көзқарасын қатынасын жеткiзе алмауы, қарым-қатынасқа түсуге талпынбауы.
2. Монологты стратегия.
3. Рольдiк тұлғаарлық стратегия (мұғалiм-оқушы, үлкен-кiшi).
Қарым-қатынастың түрлерi:
1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас - мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.
3. Iскерлiк қарым-қатынас - мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы - мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.

6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.
Коммуникациялық жүйе - бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.
Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:
1.Информативтi - адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.
2.Интерактивтi - адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.
3.Перциптивтi - қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.
4.Экспрессивтi - эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.

Хабар беру мына бағыттармен жүзеге асады:
-жоғарыдан төменге - жұмысшыларға бұйрық беру.
-төменнен жоғарыға - басшылармен пiкiр алмасу және т.б.
Коммуникация процесi жүзеге асу үшiн мынадай 4 элемент керек.
1. хабар берушi
2. мәлiмет
3. арнайы ақпарат беру құралы
4. ақпарат алушы
Туризм - жеке тұлғалардың ұзақтығы 24 сағаттан 1 жылға дейінгі аралықта, не 24 сағаттан аз уақытша болған елде ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты.
Туризм түрлері:
Экологиялық
Танымдық
Спорттық
Емдеу сауықтыру
Іскерлік
Іскерлік - ұйымдастыру мәдениетінің елеулі нышаны, қызметтің белгілі бір жеке іс бабындағы аса маңызды белгісі, ұтымды ұйымдасқан, істің мүддесіне айқын бағдарланған белсенділік; қызметкердің мінез-құлқының белгісі, жеке басының қасиеті, қабілет-қарымы, еңбексүйгіштігі, өзінің кәсіптік міндеттеріне іскерлікпен қарауы, еңбек қызметін тиімді пайдалана білуі, қол астындағы қызметкерлердің қызметін ұйымдастыра білуі, іске жұмылдыра білуі.
Мұндай қадір-қасиетке ие адам (іскер адам) барлық нәрседен іс үшін пайдалы жақтарды, нышандарды байланыстарды, қатынастарды көре біледі, іс үшін пайдалы нәрсені ала біледі. Іскерлікті іс үшін пайдалы олжаларды іздеп тауып, ұтымды пайдалану жолындағы белгілі бір психологиялық бағдар ретінде қарауға болады.
Іскерлік кез келген қызметкер үшін, әсіресе, басшылар үшін құнды қасиет болып табылады. Іскерлік жақсы пысықталған, тиімді әлеуметтік технологияларды, ұжымдық еңбекті ұйымдастыру рәсімдері мен ережелерін шеберлікпен пайдалануға негізделеді. Басшының іскерлігі ұйымды басқаруға және қызметкерлерге басшылық жасауға іскерлікпен қарау қағидатын дәйектілікпен іске асыруды көздейді. Іс жүзінде басшының іскерлігі мақсаттарды, міндеттер мен тапсырмаларды дәл де нақты анықтаудан, тәсілдер мен құралдарды, межеленген міндеттерді шешуге, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізетін барлық қажетті амалдарды дәл де нақты анықтаудан, межеленген іс-қимылдарды дәйектілікпен, сабырмен (у-шусыз, абыржымай) жүзеге асырудан, жұмыстың кез келген сатысында қызмет нәтижелерін мұқият бағалаудан және бақылаудан, өзінің және өзіне бағынышты адамдардың уақытын ұтымды пайдаланудан және нақты үнемдеуден (бұл әсіресе, іс бабындағы кеңестерді ұйымдастыру мен өткізуге қатысты) көрініс табады.
Бизнес (ағылш. busіness -- кәсіпкерлік, сауда-саттық) -- пайда табуға бағытталған әрекеттің, экономикалық қызметтің бір түрі; жеке кәсіпкердің не фирманың іскерлік қызметі.
Бизнес адамның табиғи қасиеттеріне, біліміне негізделе отырып, қандай да болмасын бір істен кіріс кіргізуге, өзінің материалдық, рухани қажеттілігін қанағаттандыруға, сонымен қатар қоғамға пайда келтіруге де мүмкіндік береді. Бизнес қоғам мүшелерінің сұранысы мен ұсынысын есепке ала отырып, экономикалық жүйенің барлық саласын дамыту арқылы бизнестен түскен табыстан салық және басқа да алымдар төлеу және оларды қоғам дамуына, халық игілігіне жарату, әлеуметтік көмек көрсету нәтижесінде қалыптасады. Іскер орта көптеген әлеуметтік және басқадай проблемаларды өкімет бағдарламаларының шеңберінде, сонымен қатар дербес шешуге де қатысады.
Димломатиялық және саяси іс - шаралармен байланысты бұл туризм түрі белгілі бір елдегі экономикалық, әлеуметтік жағдайларға талдау жасау, баға беру немесе пікірін білдіру мақсатында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының орта білім даму тұжырымдамасында көзделгендей қазіргі мектептер көп қырлы міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым- қатынас жасау керек. Ол- ақылды адамға ғана тән табиғи қасиет және адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт.
Әлеуметтік өмірде адамдардың іс- әрекеттерінің негізгі бір түрі- сөйлеу. Ол- күрделі психологиялық процесс. Сөйлеу- адамның қарым- қатынас жасау құралы. Ал қарым- қатынас жасаудың қуатты құралы- тіл. Осыған дәлел Лассуэли моделі.
Кім (хабарлайды)- коммуникатор
Нені (хабарлайды)- хабар
Қалай (хабарды жеткізеді)- канал
Кімге (бағытталған)- аудиторияға
Қандай (нәтижеге жеткізеді)- хабардың тиімділігіне байланысты.
Әр адамды қызықты әңгімелесуші ететін қарым- қатынас. Практикада адамдар қарым- қатынас әрдайым ұтымды қалыптастыру және үлкен нәтижеге қол жеткізу үшін өзін төмендегідей етіп ұстау керек:
- ол алыстан, сырттай ашық, жарқын, тартымды болуы
- ол жақыннан түсінікті, жылы лебізді, көңілді болуы
- оның ішкі дүниесі мәселені терең түсінетін, адал, шыншыл, байсалды болуы
- оның ішкі дүниесі мен сыртқысын бөліп- жара қарамау керек.
Іскерлік Туризм саласында қарым - қатынастың рөлі зор. Оның дұрыс тақырыпты тандап, кіммен қалай сөйлесу керектігіне жауап табу үлкен шеберлік.
Іскерлік туризм қарым- қатынастың негізгі бағдарлары:
Әңгімелесушіңізді сөйлетуге тырысыңыз. Ол түсінетін, қызықты тақырыпта әңгіме айтыңыз. Оған өз пікірін, тұжырымын білдіруге итермелейтін сұрақтар қойыңыз.
Қызықты түрде информацияны жеткізуге тырысыңыз. Қызықты оқиғалар жинастырып, есте сақтап оларды айта білуге үйреніңіз: жалпы өмір туралы, қоршаған ортаңыз туралы. Ауыз әдебиет, шығармашылық- бұл өнер, әрқашан бізбен бірге болады.
Әрбір адам жылылықты қажет етеді. Сіздің әңгімелесушіңіз өзін ақылды, қызықты, яғни, мықты болып сезіну керек. Әрбір адамды есімімен атаңыз. Бұл оған өзін жақсы сезінуге мүмкіндік береді. Онымен ең қызықты тақырыпта әңгімелесіңіз, оның өзі туралы, проблемалары, жетістіктері, табыстары туралы. Оған сізден гөрі өзі туралы қызығырақ. Ол жақсы білетін тақырыптарды қозғай отырып, оған жақсы жағынан көрінуге мүмкіндік беріңіз. Оның пікірін сұраңыз және кеңес алыңыз. Жоғарыға көтеретіннің негізі ол төменнен жалғай салу ситуациясы.
Зор қызығушылықпен және ынтамен тыңдай біліңіз. Сыйластық пен қызығушылықпен тыңдаңыз және сұраңыз. Тәуір әңгімелесуші- жақсы сөйлейтін кісі емес, керісінше жақсы тыңдай алатын адам.
Тыныш, байсалды атмосфера сақтауға тырысыңыз. Үндемей қалуға еркіңіз бар. Өз пікіріңізді айтуға да еркіңіз бар. Сырттан қарағанда бет әлпетіңізден байсалдылық, жайсаңдық, жылылық байқасын.
Ешкімді дөрекі сөздермен балағаттауға тырыспаңыз.
Өзіңізді ашық- жарқын адам ретінде көрсетіңіз. Сіз тұйық болсаңыз, әңгімелесушіңіз де тұйық болып шыға келеді. Өзіңіз естіген жайлар, оқиғаларға, пікіріңізді, қатынасыңызды жалтармай жеткізіңіз, шыншвл болыңыз. Ашық мінезді кісінің сыртқы көрінісі: қол мен аяқтың ашық түрде болуы, яғни тұлғасы тырысып, бүрісіп қалмау, ара қашықтықты жақындату сөйлескендегі көзқарасыңыздың әңгімелесушіге бағытталуы, бет әлпеттің айтар ойға сәйкестігі.
Әңгімелесушіңіздің ашық- жарқын, емін- еркін сөйлесуін қолдап отырыңыз.
Көпшілік алдында сөйлеушіде байқалатын ең негізгі сезім түсініктері мынадай:
1. Әңгімені қалай бастауды білмеушілік.
2. Толық ұғынықты, әрі түсінікті айтып бере алмаймын- ау деген қобалжу.
3. Қарым- қатынас мақсатындағы еленбейтін өзгерістер.
4. Бұрын пайдаланылған қарым- қатынас амалдарын өзгерту қажеттігі жайлы түйсік.
5. Қарым- қатынас жүйесінде бір нәрсені өзгерту қажет деген түсінік, бірақ не екені- онша айқын емес.
6. Жұрт алдында сөйлеуге дағдыланбағандық.
7. Бұрын табиғи болып келген дене қимылының, қозғалыстың, жалпы мінез- құлқының ерсілеу сияқты болып сезілуі.
8. Қарым- қатынастың өзгерген формадағы, мәнерлі атқару компоненттерін қажет етуі.
9. Өзіңді дұрыс түсінуі үшін, жоспарланған информацияны неғұрлым сол қалпында жеткізуге талпынушылық.
10. Тыңдаушыны қызықтыруға тырысу.
П.Информацияны сұрыптауға, мазмұндауға және беру формасы жайында өзіне едәуір талап қоюдың пайда болуы.
Психолог А.А.Леонтьевтің мұғалімнің нашар оқушымен қарым- қатынасы жайлы берген түсінігі үлгі- өнеге боларлық. Бір қызығы, мұндай мінез- құлықты педагогтар әрдайым мойындай бермейді.
1. Ол жақсы оқушыларға қарағанда, нашар оқушыға жауап беруіне аз уақыт береді, яғни оның ойлануына мүмкіндік бермейді.
2. Егер жауап дұрыс болмаса, ол сұрақты қайталап жатпайды, көмектеспейді де, сол мезетте басқасынан сұрайды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдік қатынас туралы байланыс
Сөз мағынасының дамуы және ақпарат
“Мектеп педагогикасы” пәні бойынша типтік бағдарлама
Психикалық құбылыстардың топтастырылуы
Тіл және ұлттық мінез туралы ақпарат
Жеке тұлғалардың арасындағы қарым – қатынас психологиясы
ЖЕКЕ ТҰЛҒА, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАҒЫТТЫЛЫҒЫ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ – ҚАТЫНАС ПСИХОЛОГИЯСЫ
Педагогика және психология 3 курс мамандығына арналған Әлеуметтік психология ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Сөйлем және пайымдау
Қазақ тіліндегі сыпайылық семантикасы
Пәндер