Іскерлік қатынас



Жоспар

Кіріспе
Іскерлік қатынас

Негізгі бөлім
I. Іскерлік қатынас туралы жалпы ұғым
II. Іскерлік қатынастын ерекшелігі
IV.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Қазіргі заман іскер адамға зәру. Сол адамның өзі іс-әрекет барысында өмірдің ұсақ-түйегі болсын, әртүрлі кедергілерге тап болады. Соның ішінде ең ауқымдысы өндірістегі іскер адам мен бұрынғы қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас. Іскер адамның жеке басының қасиеті мен оған қойылатын талаптар қандай болуы керек? Ұжым басшысы немесе жетекші адамның беделі, ең алдымен оның өз қармағындағы адамдарымен дұрыс қарым-қатынас орнатып, олардың ісін айқындап, уақытын үнемдеу, кәсіптік қасиеттерін, іскерлігін бағалай білуінен көрінеді. Сондай-ақ, іскер адамның өз уақытын орынды пайдалануы – еңбек ету мәдениетінің жақсы бір қасиеті болмақ. Осы бір жағдайда біздер үшін шетелдік мамандардың (іскерлердің) уақытты дұрыс пайдалана білуі тәжіриебесінен үлгі аларлық жәйттар көп. Келушілерді қабылдау кезінде, олардың мұқтаж істерін шешуде уақытты барынша үнемді де, тиімді пайдалану дәстүрлі қалыптасқан. Мәселен, қабылдауға келетін кісілердің уақытын үнемдеу үшін оларға күн ілгері хабарлап, келетін күнін, сағатын дейін көрсетеді, өтініш иесінің ісі толық қанағаттандырылмайтын жағдайда оған басқа бір уақыт белгіленіп, өзге адамдарға бөгет жасалынбайды. Уақытпен санасу, уақытты үнемді де тиімді пайдалану іскер адам қызметі үшін басты шарт болып табылады.
Пайдаланылған әдебиет:
1. Ұлан Қадырбекұлы «Іскерлік мәдениеті» Алматы, 2009
2.Нарымбаева А.К. Аркаим. – Алматы, 2007.
3.Молдабеков Ж. “Қазақтану”, Алматы, 2003ж.
4. Бес жүз бес сөз.—Алматы: Рауан, 1994 Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6
5.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Іскерлік қатынас

Негізгі бөлім
I. Іскерлік қатынас туралы жалпы ұғым
II. Іскерлік қатынастын ерекшелігі
IV.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет

Қазіргі заман іскер адамға зәру. Сол адамның өзі іс-әрекет барысында өмірдің ұсақ-түйегі болсын, әртүрлі кедергілерге тап болады. Соның ішінде ең ауқымдысы өндірістегі іскер адам мен бұрынғы қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас. Іскер адамның жеке басының қасиеті мен оған қойылатын талаптар қандай болуы керек? Ұжым басшысы немесе жетекші адамның беделі, ең алдымен оның өз қармағындағы адамдарымен дұрыс қарым-қатынас орнатып, олардың ісін айқындап, уақытын үнемдеу, кәсіптік қасиеттерін, іскерлігін бағалай білуінен көрінеді. Сондай-ақ, іскер адамның өз уақытын орынды пайдалануы - еңбек ету мәдениетінің жақсы бір қасиеті болмақ. Осы бір жағдайда біздер үшін шетелдік мамандардың (іскерлердің) уақытты дұрыс пайдалана білуі тәжіриебесінен үлгі аларлық жәйттар көп. Келушілерді қабылдау кезінде, олардың мұқтаж істерін шешуде уақытты барынша үнемді де, тиімді пайдалану дәстүрлі қалыптасқан. Мәселен, қабылдауға келетін кісілердің уақытын үнемдеу үшін оларға күн ілгері хабарлап, келетін күнін, сағатын дейін көрсетеді, өтініш иесінің ісі толық қанағаттандырылмайтын жағдайда оған басқа бір уақыт белгіленіп, өзге адамдарға бөгет жасалынбайды. Уақытпен санасу, уақытты үнемді де тиімді пайдалану іскер адам қызметі үшін басты шарт болып табылады. Өмір тәжірибесінде іскер адамның тағы да бір ерекшелігі-оның өз қармағындағы адамдарды қызметіне қарап көтермелеу немесе керісінше жазалау мәселесі. Көпті көрген, іс-тәжірибесі мол басшы әрбір жұмысшы мен қызметкерлердің даралық психологиялық ерекшеліктерімен санасады, оған әсер етудің тиімді жақтарын қарастырады. Мәселен, бір қызметкерге жұмыс жағдайында кеткен кемшілігі үшін сөгіс беретін болса, оның өзіне жеке хабарлайды, тіптен алдын ала сөйлесіп, ескерту жасайды. Ал, мұндай әрекет көпшіліктің көзінше сөгуден әлдеқайда тиімді болады. Әкімшілік қызметкерлері өзінің қармағындағы адамдарға үшінші бір адамның көзінше ескерту, не сөгіс жариялауы - еңбекті дұрыс ұйымдастырудың жолы емес. Мәдениетті, іскер басшы мұндай жағдайларды еш есінен шығаруға болмайды. Басшы өз кәсіпорынындағы үлкен істің негізгі ұйымдастырушысы, қарамағындағы адамдардың қамқоршысы болуы керек. Осы орайда басшы адамның мәдениеттілігі ерекше орын алады. Яғни, ол мынандай қағидаларды үнемі есте ұстауы тиіс: -- істің сенімді болуы жайында айтылған сын пікірлер пайдасыз болса, оған назар аудару; -- қандай жағдайда да төзімділік таныту; -- басқалар айтқан пікірлерге қате болса да оған зейін қою; -- өз қармағындағы адамдарға әділетті болу; -- үнемі инабаттылық пен әдептілікті сақтау; -- айтар сөзі мен ойы айқын болуы керек; -- өз қармағындағы адамдардың жақсы бастамасын қоштап, оған алғыс айту; -- бөтен кісі тұрғанда екінші бір адамға ескерту жасамау; -- өз жігерімен қатесін мойындай білу және оны қайталамауға тырысу және т.б; Басшы ретінде жұртпен қарым-қатынас жасаудың екі өзекті мәселесі бар. Біріншісі -- басшының жеке басына қойылатын талап-тілектер, соның мәдени-психологиялық бейнесі. Екіншісі -- басқару жұмысының стилі, ұжым ішіндегі психологиялық жағдай. Іскер адамның ісінің нәтижелі болуы оның мәдениетіне, басқарудағы психологиясына өте тығыз байланысты.
Әлеуметтік-философиялық тұрғыда іскерлік қарым-қатынас әдебі қоғамның қоғамдық-экономикалық құрылысымен, оның әлеуметтік ұйымдарының құрылымымен және қоғамдық сананың үстем түрімен айқындалады. Әлеуметтік өмірдің ұжымдық көріністерге, мифологиялық сана мен тұлғаралық қатынастарға негізделген дәстүрлі қоғамда (Э. Дюркгейм бойынша механикалық ынтымақтастық қоғамында) іскерлік қарым-қатынастың негізгі механизмі болып салт-жора, дәстүр, әдет-ғұрып саналады. Оларға іскерлік қарым-қатынас әдебін нормалары, құндылықтары мен стандарттары сәйкес келеді. Қоғамның бұл түрінде нарықтық қатынас дамыған қоғамда пайда болатын, іскерлік қарым-қатынастың әдептілік нормасы мен адамгершілікті өмір туралы жалпы ұғымдар арасындағы алшақты әлі жоқ. Адамгершіліктің жалпы нормалары бұл жерде іскерлік қарым-қатынас нормалары болып та табылады. Көп жағдайда олар бір-бірінен бөлінбейді және іскерлік өмір жеке өмірмен қарсы қойылмайтындығы сияқты бұл нормалар да бір-біріне қарсы қойылмайды. Бірақ, дәстүрлі қоғам шеңберінде жеке және шоғырланған мүдделер пайда болған кезде адамгершіліктің жалпы нормалары әлі де басты роль атқаруды жалғастырады. Соқыр сенім мен жалпы жатсыну болмаған жағдайда істің өзің жақсы орындау адамгершілік борыш ретінде қарастырылады және тұлғаның өзін танытудының негізгі тәсілі қызметін атқарады. Дәстүрлі қоғамның адамы әлі жағымпаздық психологияға дағдыланған жоқ және өзінің бастығына жағынамын деп әуре болмайды, өйткені, әдептілік құндылықтары бұл жерде өзіндік мәні бар маңызға ие. Әдептілік, абырой, намыс, еркіндік, жауапкершілік сияқты түсініктер адамның өмір сүруі үшін өмірлік маңызы бар мағынаға ие және абстракты емес, нақты өмірлік мазмұнмен толықтырылған. Бұл құндылықтарды дәлелдеу үшін адамдар өз өмірін жиі құрбан еткен. Қарым-қатынастың мұндай түрінің пафосы ретінде Мартин Лютердің Сонда тұрмын және басқадай істей алмаймын деген сөздері қызмет етеді. Іскерлік қарым-қатынастың мұндай түрін Ежелгі Үндіден ұшыратамыз. Адамның бар мінез-құлқы мен қарым-қатынасы, сондай-ақ іскерлік шеңберіндегі әрекеті мұнда жоғары (діни) құндылықтарға бағынышты.
Конфуций іліміндегі іскерлік қатынас
Салт-дәстүр, жора, әдептілік нормаларының іскерлік қарым-қатынастағы роліне ежелгі қытай қоғамында аса маңызды көңіл бөлінеді. Әйгілі Конфуцийдің (б.з.д 551-479) адамдар арасындағы қатынаста, бір-біріне қарсы қоймастан, оларға пайдасын тигізе отырып, міндет, әділеттілік, ізгілікті бірінші орынға қоюы бекер емес. Өте оңды, игілікті, ізетті адам (цзюнь-цзы) алдымен борышын көрсетеді, одан соң пайдасын алады. Игілікті адамның адамгершілігі жоқ адамнан айырмашылығы да осымен байланыстырылады. Игілікті адам әділетті ұсынады, нашар адам пайда табады. Конфуцийде нақты іскерлік қарым-қатынас әдебіне арналған нақыл сөздері көп. Ең алдымен, олар әдептілік тұрғысынан алғанда ұтымды және әсерлі қарым-қатынас нормаларын ашатын, сонымен қатар, басшы мен бағынышты адамдар арасындағы мінез-құлық принциптеріне жатады. Солардың ішінен бірнешеуін алып қарайық: ● Басқарушы -- басқарушы болуы керек, қол астындағы адам - қол астында, әке-әкесі, бала-баласы болуы керек. ● Басқарушы әділеттілікті жақтаса, ешкімнің тыңдамауға батылы бармайды, басқарушы шындықты жақтаса, ешкім әділетсіз болуға батылы бармайды. ● Іске ықыласпен қара және басқаларға адал бол. ● Адамдардың сөздерін тындаймын және олардың әрекетіне қараймын. ● Үйретілмеген адамдарды шайқасқа бастау - оларды тастап кету деген сөз. ● Екі жағын да ұстап тұру, бірақ ортасын пайдалану жөн. ● Сөйлесуге тұрарлық адаммен сөйлеспесеңіз, дарынды жіберіп аласыз ал сөйлесуге болмайтын адаммен сөйлескенде, сөздеріңізді босқа шығындайсыз. Бірақ, ақылды адам ешкімді жіберіп алмайды және сөздерін босқа шығындамайды. ● Кім аспан астындағы барлық жерде бес құндылықты көрсете алса, сол адамгершілікті болады... Сый-сияпаттылық кеңпейілділікті, шыншылдық, зеректік, мейірбандылық. Сый-сияпаттылық кемсітуді тудырмайды кеңпейілділік барлығын баурап алады, шыншылдық адамдарда сенімділік тудырады, зеректік табысқа жетуге көмектеседі, ал мейірбандылы адамдарды меңгеру мүмкіншілігін тудырады.
Ұлы философтың қарым-қатынастағы әдептілік нормаларына қатысты нақыл сөздері бүгін де өз мағынасын жойған жоқю Оларды қолдану, сөз жоқ, іскерлік қарым-қатынас әрекеттердің әсерлігін орнатуға және көптеген қателерді жібермеуге көмегін тигізеді. Шынында да, екі жағынан да ұстап,бірақ ортасын пайдалану қажеттігін бекіткен ұстаз Кунның ымыра жолы - алтын орта жолы өз мағынасын жоюы мүмкін емес. Сонымен бірге, оның сөзбен істің бірлігін сақтау қажеттілігін, сөзді іспен тексеру керектігін көрсететін адамдардын сөздерін тыңдаймын және олардың әрекеттеріне қараймын деген нақыл сөзінің де мәні өте зор. Ұлы ойшылдың іскерлік қарым-қатынас әркім өзінің дәрежесіне сай болуы және басқаның дәрежесімен санасуы керек деген пікірімен келіспеу мүмкін емес.
Батыс Европалық мәдени дәстүрдегі іскерлік қарым- қатынастың ерекшелігі
Шығыстағы сияқты ежелгі уақыттағы Батыс Европада іскерлік қарым-қатынастың мәдени нормалары мен құндылықтардың есебін жүргізу қажеттілігіне үлкен көңіл бөлінген, үнемі олардың іс жүргізудегі тиімділік әсеріне көңіл аударылған. Кезінде Сократ былай деген: Кім адамдармен араласа білсе, ол жеке істі де, орта істі де жақсы жүргізеді, ал кім адамдардың тілін таба білмесе,ол қай жерде блмасын қателіктер жібереді. Бірақ, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі таңда іскерлік қарым - қатынасты ұйымдастыру мен оның негізгі ерекшеліктері
Қазақстандық іскерлік журналистиканың қалыптасуын зерттеу
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың іскерлік қарым-қатынас тілін дамыту
Іскерлік әңгіме құру ережелері
Коммуникация. Іскерлік коммуникация мәдениет ретінде
Іскерлік қарым- қатынас психологиясы пәні, оның міндеттері
Кәсіпорында өндірісті басқару мәдениеті («СП ерка» ЖШС мысалында)
Іскерлік мәжіліс пен келіссөздерді ұйымдастыру және өткізу ерекшелігІ
Іскерлік қарым-қатынас. Іскерлік қатынастағы жазбаша құжаттар
Оқытушылардың іскерлік ойындарын колледж оқушыларын оқытуда қолдануы
Пәндер