Инновациялық оқыту



Мазмұны


Кіріспе 3
1 Инновациялық оқытудың теориялық аспектілері 5
1.1 Инновациялық оқыту түсінігі 5
1.2 Инновациялық оқытудың негізгі ілімдері 10
2 Инновациялық оқыту әдістемелерін оқу бағдарламасында
қолдану 13
2.1 Сын тұрғысынан ойлау әдістемесі 13
2.2 Ойын технологиясын пайдалану 17
2.3 Ынтымақтастық жаңашыл педагогика тәсілдері 23
3 Инновациялық оқытуды сабақ барысында қолдану
(Монаховтың педагогикалық технологиясы негізінде) 25
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі 31
Кіріспе


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ең басты мақсат ретінде «ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың, ғылым мен практика жетістіктерінің негізінде болашақ маманның дамуы және кәсіби өсуі» алға қойылған. Маманның дамуы, өз кәсібін терең түсінуі белгілі бір кәсіптік салаға бағытталған білім, іскерлік пен дағдыны жаңаша түрде меңгеруді қажет етеді. Білім берудің сапасын қамтамасыз етіп, оны жүзеге асыратын басты тұлға мұғалім болса, оқыту теориясы мен тәжірибесі көрсетіп тұрғандай болашақ мұғалімдердің кәсіптік және тұлғалық өсуінің едәуір әлеуеті жоғары мектептегі білім беру мазмұнын инновациялық технологиялар арқылы меңгеру нәтижесі болып келеді
Бұл бүгінгі мектептегі білім беру мазмұнына қатысты іс-шараларды жақсартуды, оқыту үдерісінде инновациялық оқыту технологияларын пайдалануды, әрі оқушыға берілетін білімді, іскерлікті және дағдыны жаңаша түрде меңгертуді қажет етеді. Осы арқылы еліміздегі білім беру жүйесі егжей - тегжейлі зерделеніп жатса да, әлі де болса шешімін таппаған мәселелер жетерлік екендігі байқалады. Осыған сәйкес зерттеу жұмысымызда білім беру мазмұнын инновациялық технологиялар арқылы дамыту мақсатындағы ғылыми еңбектер басшылыққа алынды. Мәселен, білім беру мазмұнына оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруда қолдану мәселелерін А.П. Сейтешов, В.В. Егоров, инновациялық технологиялар мазмұнын - Г.Т. Хайруллин, Б.К. Момынбаев, инженерлік-педагогикалық білім беру мазмұнын - Ю.К. Васильев, М.Н. Скаткин, С.Я. Батышев, О. Сыздық, білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялардың сипатын, ерекшеліктерін, түрлерін, тәжірибесін - Б.С. Гершунский, Н.Г. Юсуфбекова, О.Г. Хомерики, Ш.Т. Таубаева, И.В. Баранова қарастырған.
Қолданылған әдебиеттер тізімі


1 Назарбев Н. "Қазақстан — 2030" Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы, Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім, 1997ж, 176 бет
2 Демеуова Л. Ғаламдық ойлауға бейімдеу. "Қазақстан мектебі" №12 Алматы, 2003- 3 бет.
3 Жошыбаева Г. Ұлттық мектеп - ел еңсесі. "Қазақстан мектебі", №12, 2003- 13 бет.
4 Қоянбаева С. Танымдық қызығуды белсендіру. "Қазақстан мектебі" №6, 2003
5 Кобдикова Ж.У. Педагогическая технология уровневой дифференциации обучения в сред-ней школе // Алматы, 2000,
6 Границкая А.С. Научить думать и действовать. Адаптивная система обучения в школе. Пррсвсщсние, 1991.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
3
1 Инновациялық оқытудың теориялық аспектілері 5
1.1 Инновациялық оқыту түсінігі 5
1.2 Инновациялық оқытудың негізгі ілімдері 10
2 Инновациялық оқыту әдістемелерін оқу бағдарламасында
қолдану 13
2.1 Сын тұрғысынан ойлау әдістемесі 13
2.2 Ойын технологиясын пайдалану 17
2.3 Ынтымақтастық жаңашыл педагогика тәсілдері 23
3 Инновациялық оқытуды сабақ барысында қолдану
(Монаховтың педагогикалық технологиясы негізінде) 25
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі
31

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында ең басты мақсат
ретінде ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың, ғылым мен практика
жетістіктерінің негізінде болашақ маманның дамуы және кәсіби өсуі алға
қойылған. Маманның дамуы, өз кәсібін терең түсінуі белгілі бір кәсіптік
салаға бағытталған білім, іскерлік пен дағдыны жаңаша түрде меңгеруді қажет
етеді. Білім берудің сапасын қамтамасыз етіп, оны жүзеге асыратын басты
тұлға мұғалім болса, оқыту теориясы мен тәжірибесі көрсетіп тұрғандай
болашақ мұғалімдердің кәсіптік және тұлғалық өсуінің едәуір әлеуеті жоғары
мектептегі білім беру мазмұнын инновациялық технологиялар арқылы меңгеру
нәтижесі болып келеді
Бұл бүгінгі мектептегі білім беру мазмұнына қатысты іс-шараларды
жақсартуды, оқыту үдерісінде инновациялық оқыту технологияларын
пайдалануды, әрі оқушыға берілетін білімді, іскерлікті және дағдыны жаңаша
түрде меңгертуді қажет етеді. Осы арқылы еліміздегі білім беру жүйесі егжей
- тегжейлі зерделеніп жатса да, әлі де болса шешімін таппаған мәселелер
жетерлік екендігі байқалады. Осыған сәйкес зерттеу жұмысымызда білім беру
мазмұнын инновациялық технологиялар арқылы дамыту мақсатындағы ғылыми
еңбектер басшылыққа алынды. Мәселен, білім беру мазмұнына оқыту үдерісінің
тиімділігін арттыруда қолдану мәселелерін А.П. Сейтешов, В.В. Егоров,
инновациялық технологиялар мазмұнын - Г.Т. Хайруллин, Б.К. Момынбаев,
инженерлік-педагогикалық білім беру мазмұнын - Ю.К. Васильев, М.Н. Скаткин,
С.Я. Батышев, О. Сыздық, білім беру жүйесіндегі инновациялық
технологиялардың сипатын, ерекшеліктерін, түрлерін, тәжірибесін - Б.С.
Гершунский, Н.Г. Юсуфбекова, О.Г. Хомерики, Ш.Т. Таубаева, И.В. Баранова
қарастырған.
Қоғам талаптарына сай білім беру мазмұнын өзгерту мәселелері В.П.
Есипов, Н.К. Гончаров, Т.А. Ильина, И.Т. Огородников, В.С. Леднев, В.В.
Краевский, И.Я. Лернер, В.С. Безрукова, И.П., И.П. Подласый, В.А.
Сластенин, И.Ф. Харламов, Қоянбаев Ж.Б., С.С. Тілеуова және т.б.
еңбектерде орындалған
Мұғалімдердің біліктілігін арттыру Педагогикалық қызметтің
инновациялық бағыттылығы.Мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды
аттестациялау
Педагогикалық қызметтің инновациялық багыттылыгы. Білім берудегі
инновациялар
Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәрінс де
тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге
енгізудің нысанасына айналды. Ииновация өздігінен пайда болмайды. Ол ғылыми
әдістердің, жекелеген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық
тәжірбиесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.

Хүтвс педагогикалық процестің инновациялық стратегиясында жаңашылдық
процестерді тікелей алға апарушылар ретінде мектеп директоры, мұғалімдер
мен тәрбиешілердің рөлі арта түсуде. Оқыту процесінің көптүрлілігіне
қарамастан - дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модульдық және басқа
— жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып
отыр. Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне
байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесшінің, ақылшының және тәрбиешінің
қызметін одан әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік
білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие
технологиясы сала-ларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болған-
дықтан мүғалімнен арнайы психологиялық - педагогикалық дайыңцық талап
етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске
асыруға дайындық қалыптасады.
Курстық жұмыстың мақсаты оқытудың инновациялық әдістерін оқу
бағдарламасында қолдану ерекшеліктерін зерттеу
Міндеттері:
- Инновациялық оқытудың теориялық аспектілерін зерттеу;
- Инновациялық оқыту түсінігін ашу;
- Инновациялық оқытудың негізгі ілімдерін зерттеу;
- Инновациялық оқыту әдістемелерін оқу бағдарламасында қолдануды
талдау;
- Сын тұрғысынан ойлау әдістемесін зерттеу;
- Ойын технологиясын пайдалануды талдау;
- Ынтымақтастық жаңашыл педагогика тәсілдерін зерттеу;
- Монаховтың педагогикалық технологиясын сабақ барысында қолдану.

1 Инновациялық оқытудың теориялық аспектілері

1.1 Инновациялық оқыту түсінігі

Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа
тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін,
әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатңа жету.
Инновациялық процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің
тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық
үлгілер келген кездер көп болды. Мысалы: 20 жылдары мектеп тәжірибесіне
жобалау әдісі бойынша топқа үй тапсырмалары берілді. Осы тәсілді жаңашыл
мұғалім Н.П.Гузик өзгертіп қолданды.
70-80 жылдары Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, С.Н.Лысенкова,
В.Ф.Шаталовтардың жаңашылдық іс-тәжірибесі сол кездегі ұстаздар қауымының
тарапынан үлкен қолдауға ие болды.
Инновациялық мектептердің мақсаты - жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.
Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:
- білім мазмұнындағы инновация;
- оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері
және құралдарындағы инновация;
- оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;
- мектептегі басқару жүйесіндегі инновация.
Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған
инновацияның түрлері:
- жеке, бір-бірімен байланысы жоқ;
- модульдық (бір-бірімен байланысты): бір-біріне жақын пәндерге
және жас деңгейлері бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие
жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;
- жүйелі: барлық мектептерде болатын өзгерістер.
Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.
Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру.
Мысалы: А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы
заманға лайықтап қолданды
Комбинаторлық инновация - белгілі әдістердің элементтердің бір-біріне
қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен
айналысатын ғалымдар қолдануда. Түбірлі: мектепке білімнің мемлекттік
стандарттарының енгізілуі.
Иннавациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына
сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-
әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы
өзінің іс әрекетін саналы түрде өзгертеді.
Инновациялық процестің кезеңдері:
- иновацияның себептері;
- жаңалықты жобалау;
- жаңалықты жүзеге асыру.
Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың
себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды,
ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес
фактор:
- мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын
жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-
бірімен өзара әрекеті және қарым қатынасы;
- инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы;
- бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес беруі,
керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі. Жоспарда
нәтижелерге жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік
болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу;
- әлеуметтік-экономикалық жағдай;
- инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер,
көмектесушілер, қарсы тұрушылар.
Инновациялық әрекет технологиясы–оқу-танымдық әрекет тұрғысынан
алғанда, жаңаны меңгеру және пайдалану, жаңашылдықты ендіру білім беру
мазмұнының белгілі бір кәсіптік салаға бағытталған білім, іскерлік және
дағдыны дамыту мақсатына, күтілетін нәтижелерге бағытталады.
Сондықтан зерттеу жұмысымызда Ш.Т. Таубаеваның Инновация - білім
берудің жаңа технологияларын зерттеп, жаңа білімді қолданысқа ендіретін
ғылым, ал жаңа білімді алып келуші - бұл технология. Технологияның
өзгеріске ұшырайтын себебі-білім, білім беруді реформалаудың нәтижесінен
инновациялық технологиялар туындап, білім беру мазмұнын құрайды;
Д.Қ. Пошаевтың – технология - ол өнім алу барысында шикізат пен
материалдың күйін, қасиеттері мен формасын өзгерту үшін қолданылатын
әдістердің жиынтығы, технологияның ғылым ретінде атқаратын міндеті-
практикадағы ең тиімді өндірістік үдерісті анықтау және оны пайдалану
мақсатында әртүрлі ғылым (физика, химия т.б.) заңдылықтарын анықтау -
деген пікірлеріне сүйенуді жөн көрдік.
Осыған орай инновациялық технологиялар білім беру мазмұнын дамытуға
мүмкіндік беретін әртүрлі ғылым салаларындағы (пән аралық байланыс
нәтижесінде) заңдылықтарды оқып-үйренуді алға тартады. Себебі, оқу
технологиясы білім беру мазмұнын ұйымдастырушы құрылымға ие. Білімдер
жиынтығы білім беру мазмұнын дамытуға сәйкес шарттарды жүзеге асыруға
қажетті қабылданған шешімдердің шынайылығына және олардың тепе - теңдігіне
бағытталған үйлесімділік көздерін іздеуді қажет етеді
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым
мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби
шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар; оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттерін көздейді.
Бұл міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің
күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге
батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттігі
туындайды.
Сондықтан да қазіргі қоғамымызға әр мұғалім өз іс - әрекетінде қажетті
өзгерістерді әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа әдіс –
тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Сонымен қатар
мектептегі оқу – тәрбие жүйесі, мұғалім – оқушы арасындағы қарым – қатынас
жалпы оқытуды ұйымдастыру талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің
инновациялық іс - әрекетінің ғылыми – педагогикалық негіздерін меңгеру
маңызды мәселелердің бірі.
Оқу процесіндегі инновациялық модельдің құрылымын былай көрсетуге
болады:
- жалпы инноватикадағы инновациялық процесс идеялары;
- педагогикалық инноватиканың пайда болуы, таралуы, педагогикалық
жаңалықтарды меңгеру;
- оқу процесі кезінде теориялық талдау жасау немесе іс - әрекет
ретінде.
Инновациялық процесс оқу аймағында теориялық модельдің суреттелуі.
Инноватиканың басталуы: инновациялық процесс – инновациялық іс-әрекет
– инновациялық потенциал – инновациялық процестерді басқару.
Жаңалық ғылыми – зерттеу құралы болып көріну үшін, олар ұйымдасқан,
көпшілік қолдану, қарама – қайшылық болып қоғам өміріне өзінің қажеттілігін
көрсету.
Жаңа деген түсінік, жақында пайда болған. Ашылмаған, ғылым аймағына
және практикаға қатысты, жаңалық әртүрлі түрде қолдануы. Практикалық идея,
лабораториялық іс–тәжірибе, мекемелер мен ұйымдарда жаңа идеяны іске асыру.
Соңғы кезде жаңалық новация ұғымы ретінде кездеседі.
Новация дегеніміз – бұл лабораториялық емес жаңа идеяны бірінші рет
жүзеге асыру, ғылым жүзінде пайда болса да, практикада негізделген. Жаңалық
енгізу – мекемеге, ұйымға және жергілікті аймақтық, мемлекеттік мекемелерге
енгізілген үлгіге бағытталған.
Инновацияда, жаңалық енгізу, новация бір – бірімен тікелей пән ретінде
байланысты. Инновациялық процесс түсінігі, ол барлық динамикалық
процестерді қамтып, жаңалық аймағында процесуалдық аспектілер, барлық
жаңалықтардың өзгеруіне байланысты.
Лапиннің инновациялық процеске байланысты екі ілімі қолданылады:
1) қарапайым түрде қолдану, ол яғни ашылу – жаңалық енгізу (новация) –
қолданушылардың арасындағы бөлінуі – көпшіліктің қолдануы;
2) кеңейтілген түрде қолдану – ашылу – новация – таралуы – меңгеруі
және модификация – рутинизация, яғни дәстүрге айналуы.
Инновациялық процесті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші
бір жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу процесіне басшылық жасау
мәселелерін зерттеу маңыздылығын Н.В. Горбунова, М.В. Кларин, А.В.
Лоренсов, М.М. Поташник, П.И. Пидкасистый, Л.И. Романова, В.И.
Загвязинский, А.Я. Найн, Т.И. Шамова, О.Г. Хомерики, Н.Р. Юсуфбекова және
тағы басқа зерттеулерінде қарастырылған.
Лапин басқа қазіргі зерттеушілер сияқты жаңалық айтқандардың (Мор,
Роджерс, Сазанов, Шумпотер) осылардың барлығы да негізгі ерекшеліктері
болып саналатын жылдамдық, барлық инновациялық процестердің сапасы басқа
ортаның спецификасымен анықталып, инновация көмегімен қолданылады.
Осы кезде бейімделу процесінде жаңа бейімделу ұйым этаптары бірігіп,
жаңалықты қабылдау, оған бейімделу, келесі рутинизация немесе жоққа шығару.
Жаңалықты қабылдап, танып зерттеу, оны қолдану, қабылдау, жаңалықты
қалыптастыру, жүзеге асыру, яғни мазмұны психологиялық түсінікке жақын,
қабылдау – қабылдау және қорытындысы ретінде жаңалықты қолдану.
Инноватика үш ғылыми пәннен тұрады: социология, психология және
басқару теориясы. Жалпы инноватика инновациялық процеске белгілі бір
бағытта жаңалықтардың ашылуын тексеру ғана емес, сонымен қатар кеңейтілуі
және бағыт пайда болады, яғни спецификалық әлеуметтік бағытта болуы.

Оқу процесін ақпараттандыруды жаппай қолға алу, оның ғылыми -
әдістемелік ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау,
жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен
жете танысу, білім беру технологияларын игеру арқылы білімді мемлекеттік
стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу; оқу процесін ізгілендіру мен
демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.
Сондықтан инновациялық әдіс–тәсілдерді оқу процесіне енгізу барысы,
белгілі деңгейде белсенділігін көздейді.
Сонымен қатар, біз Н.В. Горбунова еңбектеріне сүйене отырып,
инновациялық іс-әрекетті инновациялық процестің белгілі кезеңдеріне
байланыстылығын анықтадық. Инновациялық процестің кезеңдерін мына суреттен
көруге болады.

Сурет 2- Инновациялық процесс кезеңдері

Инновациялық процестің осы кезеңдеріне байланысты инновациялық іс -
әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге болады.
Бірінші кезеңде мұғалім жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы
жаңалық туралы ақпарат жинайды, одан кейін әртүрлі жаңалықтың ішінен
қажетті жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдайды.
Содан кейін, мұғалім инновациялық іс-әрекеттің екінші кезеңіне көшеді,
яғни іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты
қолданады. Бұл кезеңде мұғалім оқу–тәрбие процесіне, жаңалықты енгізуіне
кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, өзгерістер енгізеді,
жаңалықты уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды өткізеді.
Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық іс-әрекет
үшінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде мұғалім жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған
оқу–тәрбие жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды,
жаңалықтың оқу – тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп, оны
таратуға ұсынады.
Инновациялық процесті болжау барысында қолданылатын инновациялық іс-
әрекеттер тереңдетіліп, кеңейтіледі. Сонымен қатар, оқыту мен тәрбиелеу
қорытындылары талданады. Алдыңғы қатарлы озық тәжірибені ғылыми талдау
негізінде оқып үйренуге, қазіргі кезеңдегі педагогикалық зерттеулер
жетістіктерімен танысуға болады. Жаңа педагогикалық технологиялармен
инновациялық іс–әрекеттің негізгі заңдылықтары мен қағидаларын дұрыс
қолдана білуге, шығармашылық ойлауға, кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің
құндылық қарым–қатынасын қалыптастыруға, ұстаз шеберлігіне жету жолдары мен
шараларын жете түсінуге үйренеді. Сонымен қатар алдыңғы қатарлы озық
тәжірибелер жөніндегі ағымдағы газет–журнал материалдар арқылы танысып
педагогтар – новатордың әдістемелерін ғылыми тұрғыдан талдай білуге,
инновациялық іс-әрекет ерекшеліктерін айқындап, өз беттерімен сурет, кесте
құруға, хабарлама, реферат, аннотация, рецензия жазып, оқу–тәрбие қызметіне
педагогикалық талдау жасауға үйренулері қажет. Оқытудың жаңашыл әдістері
мен тәсілдерін сөз еткенде, оқылып отырған материалдың ерекшелігі мен
құрамының нақты ерекшелігіне сәйкес әдістемелік құралдарды шығармашылықпен
пайдалану қажет екеніне назар аударту көзделді. Сонымен қатар, оқытудың
инновациялық жүйесі білім, оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана
білу іскерлігі қалыптасу керек.

1.2 Инновациялық оқытудың негізгі ілімдері

Жаңа формация мұғалімі – бұл пәндік білім жүйесінің, іскелік пен
дағдының , кез-келген ғылыми білім сапасын меңгерген маман ғана емес ,
оқыту технологиясының жүйесімен , оқушылардың өмірге дағдыландыру
құзырлығын айқындау бағытындағы әдіс –тәсілдерімен қаруланған тұлға.
Жанпейісованың модульдік технологиясы, бұл оқушылардың оқу қанығын
(мотивациясын) күшейтіп, шығармашылық ізденістерге жетелейді, бұл
технологияның басты жетістігі – жеке оқушының білім сапасын анықтау
Бұл технологияның басты жетістігі – жеке оқушының білім сапасын
анықтау. Себебі, әр модульден кейін нәтиже сабақ, тест бар, оқушы өз
бетімен жұмыс жасайды. Осыған байланысты мен төмендегідей тесттер, бақылау
жұмыстарын жасадым, бұлар ІІ нұсқадан тұрады:
- бағдарламаға байланысты жеке тақырыптар
грамматикалық тесттер
лексика-грамматикалық тесттер
лексика- грамматикалық бақылау жұмыстары
Жобалау технологиясы, бұл оқушының пәнге, ғылымға деген қызығушылығын
қалыптастыра отырып, ғылым негіздерін үйрету.
Волковтың технологиясы шығармашылық қажеттілікке негізделген яғни
оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін арттырып, білімді өңдеу амалын
игертеді.
Ивановтың технологиясы әлеуметтік түйсікке негізделген, бұл технология
бойынша оқушылардың ойлау, ойлану, ой сезімдері қалыптасады.
Ақпараттық технологиясы кез – келген техникалық құралдарды жатқызуға
болады (ЭЕМ, аудио, видео таспалары, кино)
Сарыбаевтің натуралды әдісі оқушыларға сөйлеу тілін үйренудегі алғашқы
баспалдақ
Оқытудың инновциялық технологиялары
Білім беруді ізгілендіру
Компьютерлік оқыту
Дамыта оқыту
Өздігінен даму
Модульдік оқыту
Жаңа ақпараттық технлологиялық
Оза оқыту
Деңгейлеп саралау оқыту
Тірек сигналдары арқылы оқыту
Ойын арқылы оқыту
Проблемалық оқыту
Ынтымақтастық оқыту
Қоғам өмірінің барлық салаларында яғни экономикасы мен әлеуметтік
қатынастарында көптеген өзгерістер туып отырған жағдайда білім беру ісінде
де өзгерістің болуы заңды нәрсе. Себебі, халыққа білім беру немесе мектеп
ісін қоғамнан тыс алып қарауға болмайды. Бүкіл қоғам өмірінде бой көрсеткен
келеңсіздіктің халыққа білім беру саласына да соқпай өтпегені мәлім.
Сонымен, халыққа білім беру жүйесі қоғамдық әрекеттердің басқа салаларымен
де қатарлас алға басуы керек.
Ғылым мен халыққа білім берудің дамуы еліміздің техникалық прогресске
жеткізері мәлім. Ал техникалық прогресс қоғамдық және жеке бастың өмір сүру
деңгейін көтеруші еңбек өнімділігінің жоғарлауына әкеледі. Сонымен, білім
беру жүйесін қоғамдық өмірдің өзге салаларының да негізі деп білуіміз
керек.
Инновациялық педагогикалық іс-әрекет белгілі оқытудың, тәрбие беру мен
дамытудың стереотипіне қарама-қайшы, ол белгілі межеден шығып, жеке
шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалім қалыптастыруға
бағытталады.
Шынында бұл мәселенің шешімі ұстаздың кәсіпкерлік шынайы іске асыруға
тән сол бір ішкі объективті қайшылықты анықтаумен байланысты.
Ю.Н. Кулюткин кәсіпкер ұстаздың іс-әрекетіндегі “мөлшерлік
шығармашылық белсенділіктің” ара қатынасы мазмұны мен мәнінен бөлек,
абстрактылы түрде қарастырылмайды дейді. Егер “іс-әрекеттің немқұрайлы іс-
әрекеттік құрылымымен бірге ұстаздың шығармашылық белсенділігі де мөлшермен
берілсе, жаңа педагогикалық ойлар және оларды шешу ұстаздың өзінен
күтіледі.
Педагогикалық жаңалық - жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана
емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке
элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу
жолы.
Дәстүрлі оқу пәндерінде шоғырландырылған мақсат пен міндеттер
қойылмайды, пәнді меңгерудің басты міндеті болып, ғылыми міндеттерді
фотографиялық түрде меңгерту, көбінесе есте сақтау мен қайта жаңғырту
деңгейінде (кей кезде ойлау қабілетінің қатынасынсыз) ғана қалады.
Мұғалімдердің жұмыс тәжірибелерін зерттеу, когнитивті ауқымдағы (Б. Блум)
білім беру мақсатының технологиясымен сәйкес, мұғалімнің зейіні мен
меңгерілген материалды “Білімділігіне” және “Түсініктілігіне” шоғырланады,
ал талдау-жинақтауға, оқушылардың әрекетін өздік бағалауына, мұғалім іс-
әрекетіне аз деңгейде назар аударылатынын көрсетіледі.
Педагогтың кәсіби даярылығындағы технологиялық принцип болашақ
мамандығына бағдар беретін оқытудың мақсат, мазмұн, оқыту әдістерінің
бірілігі болып табылады.
Оқыту технологиялары теориялық негізде құрылады: егер, Л.В. Занков
әдістемесі Л.С. Выготскийдің дамыту теориясына негізделсе, ол өзінің
принципін содан іздеп табады. Оқушылардың теориялық ойлауын дамыту, оқу
материалының теориялық күрделілігінің жоғары деңгейі, оқу жұмысының жоғары
темпі оқушылардағы жеке тұрғыдағы бағдар.
Оқыту технологиясының генетикалық дерекнамасы педагогикалық
эвристикадан алынған дейді Д. Пойа. С.Л. Рубинштейннің, А.Н. Леонтьевтің іс-
әрекет теориялары қазіргі оқытудың инновациялық технологияларының
әдіснамалық негізі.
Педагогикалық технология үш аспектіде қаралады:
- ғылыми;
- процессуалды-сипаттамалы;
- процессуалды-әрекеттік.
Осындай жолмен педагогикалық технология оқытудың рационалды жолдарын
зерттеуші ғылым ретінде қызмет етеді, сонымен қатар тәсілдер жүйесі
ретінде, принциптер мен оқытуды зерттеуші қызметін атқарады.
Кез-келген педагогикалық технология философиялық негізде қаралады.
Философия жалпы реттеуші білім беру технологияларын әдіснамалық қамтамасыз
етеді. Философиялық тұрғы білім беру мазмұнында, пән мазмұнында басшылыққа
алынады. Бірақ, идеологиялық бағдарда бірізіділік жоқ, сондықтан мектептегі
білім мазмұны әлемнің бүтіндей картинасын бере алмайды. Әдістер мен
тәсілдердің философиялық негізін байқау қиын, ал технология бөлігі бір
философиялық негізді ұстанушы ретінде қызмет ете алады.
Көптеген педагогикалық технологияларда кездесетін философиялық
бағыттар:
- материализм және идеализм;
- диалектика және метафизика;
- гуманизм және антигуманизм;
- антропософия және теософия;
- прагматизм және экзистенциализм.

2 Инновациялық оқыту әдістемелерін оқу бағдарламасында қолдану

2.1 Сын тұрғысынан ойлау әдістемесі

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында Білім беру
жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамды қалыптастыруға және кәсіби
шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа
технологияларын енгізу;білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту
міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр
мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру,
өзгерітерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге,жаңа қарым-қатынасқа өту
қажеттілігі туындайды.Білім берудің маңызды шарты-оқу үрдісін жаңара
отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабылеттерін
дамыту, олардың өздігінен білім алуға құштарлығын жетілдіру, қол жеткен
табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауда мұғалім іс-әрекетін жаңаша
тұрғыда ұйымдастыру.
Оқыту барысында өз сабақтарымда қолданып жүрген технологиялар ішіндегі
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы стратегиялары география пәніне арнап
құрастырылған десем, артық айтқаным болмас.Сын тұрғысынан ойлау арқылы
оқумен жазуды дамыту технологиясын сабақ үстінде оқушыға мынандай
мүмкіндіктер беретінін анықтадым:
-мұғалімге тәуелділіктен арылып, өзінің білім беру қызметін өздері
басқаруға;
-білім мәдениеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс-әрекетті
белсене және өз бетінше орындауға;
-жеке ерекшелігі мен қыбылетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп
тауып, белсене орындауға;
-білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып
мұғалім көмегінсіз атқаруы;
-құр мәлімет алумен шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып,
сұхбат жүргізуге;
-ой-өрісі ғана емес, рухани және әлеуметтік жағынан өздерін- өздері
дамытып, тәрбиелеуге.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасында 100-ге жуық стратегиялар бар.
Қазіргі кезде мен қолданып жүрген стратегиялар Венн диаграммасы, Т
кестесі, эссе, ой қозғау, инсерт, шығу парағы, кубизм , дискуссиялық
өрнек, кластер, ішіне сыртына , синквин, т.б.
Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу дамыту технологиясын сабақ
үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге
болады.
1.Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау.
2.Сенімділікке тәрбиелеу.
3.Қиялын дамыту менің ойымша деген жауапқа алуға жағдай жасау.
4. Әр түрлі жауапты соңына дейін тыңдау.
5. Жауап беруге тілек білдірмеген баланы өз еркінсіз, қинап сұрамау.
6. Баланың дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне, әр сабақта жағдай
жасау.
7.Жеке тұлға ретінде мен деген рөлін көтеру, өз пікірін
қалыптастыру.
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғашқы бөлігі міндетті түрде
қызығушылықты оятуға арналады сұрақ қою, екінші мағынаны тану
кезеңінде жауаптар іздеу, мәселені зерттеу мәтінді жан- жақты және әр
тұрғыдан талдау жұмысы жүреді.
Үшінші, білім ой толғаныс арқылы жалпылама жүйеленеді ойлау
үрдісінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау. Яғни, мұғалім оқушыларын
ойлауға тұрақты түрде үйретеді.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы сабақта үнемі қолдану
барысында, бұрын сәтсіздіктен қашып, оқуға талаптанбайтын,ғылымның маңызын
төмен санап, білімнің қажетін ескермейтін,құнды ақпараттарды енжар
қабылдайтын оқушылар, әсіресе үлгерімі орташа деңгейдегі оқушылардың
сабаққа ынтасы өзгерді. Ал үздіктер мен оқу екпінділерінің көпшілігі не
жазаланбау үшін, не мадақтау үшін, не өзгелерден жоғарырақ болу үшін оқып
келсе, енді қызықты ақпараттарды өз бетінше іздеп тауып, өзгерлермен ой
бөлісуге асығатын болды. Мұның бәрі олардың табысқа жиі жетіп, өз күшіне
сенуінің арқасында болып жатқан өзгерістер. Оқушылар жүргізілген
сауалнамаларға берген өз жауаптарымда жұмысты жоспарлау, жағдайға
бейімделу, нәтижені нақты бағалау сияқты қабылеттерді, табандылық, сынға
төзімділік сияқты қасиеттерді жиі көрсете бастады.
СТО бағдарламасын география сабығында қолдана бастағаныма көп уақыт
болсада,мынандай пікірге келдім. Тек осы жүйемен өтілген сабақтарда ғана
оқушылардың жазған, айтқан сөздерінде табиғатқа , елге,айналаға, өзгеге,
өзіне деген азаматтық жауапкершілік үні айқын сезіліп, оқушылардың бойында
ұйымдастырушылық, көсбасшылық қабылеттері қалыптаса бастады.Алғашқыда дайын
білімді алуға тырысатын оқушылар енді жаңалық ашуға, өз қолымен өнім
жасауға, сұлулықты сезінуге ұмтылыс байқатты. Маған айтып берсең, ұмытып
қалармын, көрсетіп берсең есте сақтармын, өзіме жасатсаң, үйреніп алармын,-
деген шығыс нақылын сабақ жоспарлау кезіңде есте ұстаған жөн. Осы
технологиямен өткізілген сабақ үлгілерін ұсынып отырмын.
Қазіргі оқытудың талабына сай компьютерлі технологияны пайдаланып
Оңтүстік Американың халқы мен елдері Әдеттегі сабақтардан
айырмашылығы жаңа тақырып визуалдық лекциямен, мұғалімінің презентация
слайдтары арқылы баяндауынан басталады.
Негізгі мақсатым- оқушыларға Оңтүстік Американың халқы мен елдері,
олардың санымен елдегі халықтарының тұрмыс-тіршілігі, шаруашылықтары туралы
кең мағлұмат бере отырып, халықтар мен елдердің дамуы мен таралуы
ерекшеліктерін, тілдік және ұлттық атаулары арасындағы себеп-салдар
байланыстарды анықтай білуге үйрету.
Көрнекіліктер: дүние жүзі физикалық картасы, дүние жүзі саяси картасы,
атлас, кеспе қағаздар, суреттер, слайдтар
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы ассоциация, түртіп алу, Иә
Бейтарап
Жоқ кестесі, эссе
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. 1-2 минут
І. Қызығушылықты ояту.
Оқушылардың оқитын тақырыбына деген қызығушылығын туғызу. Оқушылардан
сұрақтар жиналады. Нені білгісі келетіні туралы себептер айтылады. Немесе
белгілі бір алынып отырған тақырып, мәселе төңірегінде не білгенінде
жинақтап тізім жасау. Сосын топпен ой алмасу. Оқушылардың өздері таңдап
алған белгілердің түріне қарай оқушылар 4 топқа бөлініп отырады.
Ассоциация құрастыру.
Оңтүстік Америка: пампа, сельвас, гилея, ломас, льянос, пуна, кебрачо,
кампос
Оқушылар жауабы:
1.Ылғалды экваторлық орман.
Сельвас-ит тұмсығы батпайтын қалың орман
Льянос-Ориноко саваннасы
Кампос-Бразилиа саваннасы
Пампа-құнарлы шымды қызғылт жазық дала
Гилея-ылғалды экваторлық орман
Ломас-түйнекті өсімдіктердің ерекше тобы.
Кебрачо-тері илеуге қажетті шикізат алынатын ағаш.
Пуна-биік таудағы шөптесін өсімдіктерден тұратын белдеу.

Оқушы Мұғалім
Әр оқушы өз білетіндерін еркін Оқушылардың топқа дұрыс бөлінуін
айтады. қадағалайды.
Өз лидерін анықтайды. Бағалау парағын таратады.
Әр оқушы жеке-жеке белгілеп, лидерге Еске түсіру үшін оқушыларға сұрақтар
ұсынады. береді.
Өздерін-өздері бағалайды.

ІІ. Мағынаны ашу. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпараттармен, пікірлермен
таныса бастайды. Бұл қадамда әр топ өздеріне берілген мәтінді оқиды.
Тақырыптқа байланысты кино көру, лекция тыңдау, тәжірибе немесе эксперимент
жасауға болады. Оқушы өз бетімен осы тақырып бойынша жұмыс жасау керек.
Мәтінмен жұмыс. Түртіп алу немесе Инсерт.
Тақырыбы: Оңтүстік Америка халқы мен елдері. Мәтіннің жоспары:
1.Оңтүстік Америка халқының құрамы.
2. Инктер өркениеті
3.Байырғы және келімсек халықтары.
4. Елдері.
Мәтінді оқи отырып, бұрыннан білетін және жаңалықтармен таныса отырып,
өзіне күдікті дәлелдей алмайтын және түсініксіз, әлі де тереңірек білгісі
келетін белгілерді қояды. Осыдан кейін әр топ өздерінің ойларын біріктіре
отырып талдау жасайды. Бір-біріне сұрақтар қояды. Бұл кездегі оқушы мен
мұғалімнің әрекеттері.

Оқушы Мұғалім
Мәтінді оқиды. Топқа жеке, бәрі Мәтінді оқуға 10 минут уақыт береді.
бірігіп шарты белгілер қойып, талдау Ойлауға, пікір айтуға уақыт береді.
жасайды. Әр топтың тапсырмасын мұқият
Әр топтан біреуі жауап береді. орындауын қадағалайды. Жолдастарының
Негізгі жауапты таңдауға үйренеді. жауаптарын тыңдауын, толықтыруын,
Бір-бірін тыңдауға үйренеді. дұрыс жауап беруін қадағалайды.

ІІІ. Ой- толғаныс. Соңғы маңызды бөлім. Алған білімдерін
қорытындылайтын кезең. Бұрын не білетінін, қазір не білгенін
салыстырады.Өздері қойған сұрақтарына қаншалықты жауап алғанын бағалайды.
Алған білімдерінің ұнағанын ортаға салады. Пікір таластырады.

Х. Колумбтың Американы ашуы жақсы болды ма? 3 дәлелмен жауап береді.

Иә Бейтарап Жоқ
Жаңа дүниедегі жаңа 1. Жақсы 1.Еуропалықтар келгеннен
ашуларға негіз салды. себебі-Американың ашылуы кейін жергілікті халықты
2.Батыс жарты шарды алып жаңа ашылуларға жол аяусыз тқұлдыққа
Америка дүние бөлігі салды. салып,олардың өркениеті
ашылды. 2. Жақсы мен мәдениетін жойды.
3.Жаңа жерлердің блмағаны-үндістердің 2.Бағынбаған үндістердің
табиғаты, едәуір дамыған өркениеті көпшілігі қырғынға
халқы,шаруашылығы мен мәдениетінің дамуына ұшырады.
жөніндегі деректер нұқсан келтірілді. 3. Байырғы халықтар
белгілі болды, т.б. тіршілкке қолайсыз
аудандарға көшірілді,
т.б.

Бұл кездегі оқушы мен мұғалімнің әрекеттері.

Оқушы Мұғалім
Өзі белгіні қояды. Уақыт береді.
Еркін сөйлейді. Нақты жауаппен дәлелдеуін талап
3 дәлел келтіріп, сөзін дәлелдеп етеді.
береді.

Үйге тапсырма: 1. Егер мен саяхатшы болсам эссе.
Елдерге визитка жасау.
Тест құрастыру, елдердің территориясын кескін картаға белгілеу.
Мұғалімнің қол жеткен жетістіктері:
-Оқушы қызығушылығы артты.
-Бей-жай отырған оқушы жоқ, бәрі топтық, ұжымдық іс-әрекетте.
-Тіл байлығы артып, ойлау қабылеті дамиды.
-Дүниетанымдық көзқарасты қалыптастырады.
-Бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге үйренеді.
-Топ алдына шығып, еркні өз ойын айтуға дағдыландырады.
Осы орайда, Қ. И. Сатпаевтың Өз білімін өмірдің, өндірістің
тәжірибелерімен нығайтып, байытып отыратын, тапқан ілімін үлкенді-кішілі
ашқан жаңалығын хылықтың қажетіне беріп отыратын ғылым ғана өз дәрежесінде
заман талабының өрісенде болады,- дегендей, білім беру саласында оқытудың
жаңа, озық технологияларын меңгермейінше, жас ұрпаққа заман талабына сай
білім беру мүмкін емес.

2.2 Ойын технологиясын пайдалану

Еліміз егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап білім беру ісіне аса
мән берілуде. Бүгінгі ғаламдастыру дәуірінің талабына сай білім беру
барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық
әрекетін дамытумен қатар ғаламдық ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар
аударылуда.
Елбасы Н.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиясында болашақ қоғам
мүшелері - жастар туралы айта келіп, "Біздің балаларымыз білігі жоғары
жұмысшылар мен фермерлер, инженер, банкирлер және өнер қайраткерлері,
магазиндердің иелері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен фабрикалардың
иелері, биржа делдалдары және спортшылар болады. Олар мұнай, газ бен электр
қуатын, тамақ өнімдерін өндіретін, әрі олармен әлемдік экономиканы
қамтамасыз ететін болады" дегені бүгінгі мектепке үлкен жауапкершілік
жүктелгенін көрсетіп отыр. Елбасының осы сөздері бүгінгі әлемдік
ғаламдастыру жағдайына болашақ ұрпағымыздың қандай дайындықпен бару
керектігін айтады.
Сонымен қазіргі мектептің оқушыларын жеке тұлға етіп қалыптастыруда
адам бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашып, оны қоғамның белсенді мүшесі
етіп дайындау білім мен тәрбие және дамыту қатар жүргізілгенде ғана
ғаламдық ойлауға бейімдеу өз дәрежесінде жүзеге асады. Жастардың болашаққа
деген бағыт-бағдары отбасында, мектеп қабырғасында, қоғамда, яғни бүкіл
қоршаған дүние ортасында қалыптасады. Бұл өсіп келе жатқан жастарымыздың
бойында жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруды тек Қазақстандық білім
көлемінде ғана емес, әлемдік өркениетті елдермен тәжірибе алмасу арқылы
іске асыруды ғаламдық деңгейде ойлауды қажет етеді. Сондықтан оқушылардың
ғаламдастыруға дайындығы, өмірге көзқарасын бейімдеу зор маңызды міндет
болып табылады. Әрине, қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін
әсері, беретін білім, тәрбиеге ықпалы әр түрлі. Мемлекетіміз осының бәрін
ескеріп, білім беру жүйесін баса дамытуға, оны дүниежүзілік деңгейге
котеруге мән беріп отыр. Осындай аса маңызды сенім жүктеліп отырған
жастарымыздың болашақта мемлекеттік жауапты қызметтерді атқаратындай, өз
мүддесінен гөрі халықтық мүддені дәріптейтін жәнс ғаламдық деңгейде ойлай
білетін жеке тұлға болып өсіп жетілуі оларға сапалы білім беру, саналылыққа
тәрбиелеу, жеке бас құндылығын көтеру оқу-ағарту саласының үлесіне тиеді.
Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен сабақты
ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды.
Білімнің әрбір бөлігі оқушының ғаламдық ойлауға септігін тигізіп, олардың
әлем туралы ой жүйесін дамытуға негіз салуы тиіс. Сондықтан орта білім
стандартында "Мектептің әрбір саласында жеке тұлғаны дамыту міндетіне сай
білім мазмұнының толық жүзеге асуын қамтамасыз ету" талабы қойылып отыр.
Оқушының ғаламдық тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға, ойлау әрекетін дамытуға
алған жалпы білімдері тірек бола алады.
Ғылым мен техниканың дамуымен әлеуметтік өмір деңгейі де өзгеріп
отырады. Осының бәрі табиғат байлығына адам миы мен күшінің жұмысынан
туады. Әр адамның ойы мен білімі әр қоғамға қандай керек болса, табиғат пен
оның байлығы да сондайлық керек. Мұның өзі дүние бір бірімен байланыста
дамитынын ондағы адам мен қоғамаралық қатынасты да қадағалай білген жөн.
"Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беру дамыту туралы
тұжырымдамасының" басты мәнділігі - ол үздіксіз білім жүйесінің негізгі
иедеялары мен қағидаларын XXI ғасыр талаптарына сәйкестендірудің және оны
әлемдік білім кеңістігінің даму заңдылықтарына ұштастырудың жолдарын
көрсетуге арналып отыр.
Тұжырымдаманың басты ерекшелігі мен артықшылығы білім берудің ұлттық
жүйесін қайта құрудың принципті жаңа идеяларын ұсынуында болып отыр.
Бүгінгі қоғамда мектеп қабырғасында және жоғары оқу орнында оқып білім
алып жатқан жас ұрпақ алдында "Қазақстан - 2030" бағдарламасында
көрсетілген "Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-
ауқатының артуы" сияқты ұзақ мерзімдік асыру стратегиясын үшінші
мыңжылдықта жүзеге асыру міндеті тұр. Демек, бұл қоғамдық саладағы
өзгерістерді сай жоғары талаптар қоя отырып, экономикалық бәсекелестік
жағдайында сапалы мамандар даярлау қажеттігін алға тартады.
Білім берудің мақсаты, оның ұйымдастырушылық құрылымы, технологиялық
жағынан жабдықталуын, оқыту әдістемесі қоғамның әлеуметтік сұранысынан
туындайды. Бұған дейін білім беру үрдісінің негізгі бөліктері:
Мақсат — мазмұн — форма — әдіс — оқыту көрнекілігі болса, бүгінде
жаңа технология бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдісте - месі
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдістемесі
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ ИННОВАЦИЯСЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Дәстүрлі технологиялар мен инновациялық технологиялардың аражігі
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Мұғалімнің инновациялық іс - әрекетін дамыту жолдары
Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
Инновациялық технологияларды қолдану арқылы студенттердің танымдық процестерін қалыптастыру
Математиканы оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану
Оқушыларды шығармашылық жоба жұмыстарын орындау барысында инновациялық технологияларды пайдалану
Пәндер