Бағынушы тұлғасының психологиясы.



1.тақырып. Бағынушы тұлғасы. Оның мінез.құлқы мен іс.әрекетін басқару психологиясы
2.тақырып. Бағынушыларды мадақтау және жазалау
Басқару «әртүрлі биологиялық, әлеуметтік, техникалық жүйелердің ұйымдасқан элементарлы функциясы, оның белгілі бір құрылымын сақтауды, іс-әрекет тәртібін қолдайтын бағдарламаларды жүзеге асыратын іс-әрекет мақсаттарын қамтамасыз етеді».
Объектінің өзара әрекеттесуші компоненттердің жиынтығы ретіндегі сипаттамасы жүйелік бағытқа тән. Жүйелік бағыт білімдерді интеграциялауға және жүйелеуге ақпараттардың жинақталуындағы артықтарын шеттетуге локальді бағыттың кемшіліктерін жоюға, құбылыстарды интерпретациялауға субъективизимді азайтуға мүмкіндік береді. Жүйелі бағыт берілген объект бойынша білімдердің кемшілігін анықтауға, жекелеген жағдайларда болмаған бөліктерді толықтыруға көмектеседі.
Жүйелі бағыт шеңберінде У.Росс-Эшпидің көзқарасынша, алдымен бір жүйені одан кейін екінші, үшінші және тағы басқаларды зерттегенше, қарама-қарсы принцип бойынша – алдымен көптеген жүйелер бойынша қарастырып, одан кейін рационалды шектерге дейін қысқарту тиімді болады.
Жүйелердің ең күрделісіне мақсатқа бағытталған және өзіндік ұйымдасушы түрлерін жатқызамыз. Мақсатқа бағытталған жүйе дегеніміз - қызметкерлердің мінез-құлқы белгілі мақсаттарға жұмылдырылады, ал өзіндік ұйымдастырушы жүйелер қызмет жасау процесі барысында өз құрылымдарын өзгертуге, жаңа мақсаттар белгілеуге қабілетті.
Кез келген басқару жүйесі екі жүйеден тұрады:
- басқарушы;
- басқарылушы, олардың әрқайсысын дербес жүйелер ретінде қарастыруға болады.
2.Тұлғаның әлеуметтенуі әлеуметтік феномен ретінде. Адамды индивид, тұлға, жеке-даралық тұрғысынан сипаттайтын психологиялық категориялардан оны іс-әрекет субъектісі ретінде анықтайтын ұғымның сапалы өзгешелігі бір мәнді айқындалмаған. Мұнда зерттеушілердің ғылыми позициясына байланысты әрқалай түсінік кездеседі. Мәселен, Б.Г. Ананьевтің тұлғаның өмір жолы бойынша тұжырымдамасында адам баласы индивидтік, жеке-даралық, тұлғалық және субъектілік сипаттамалардың күрделі жүйесі ретінде дәйектелген-ді. Б.Г. Ананьев бойынша адамның үш құраушысы - индивид, тұлға және іс-әрекет субъектісі ықпалдасуынан адамның қайталанбайтын даралығы шығады. Сонда даралылық индивидтік (табиғи қасиеттер жиынтығы), тұлғалық (қоғамдық қатынастар жиынтығы) және субъектілік (еңбек іс-әрекетінің жиынтығы) қасиеттер жиынтығынан құралады деп түсініледі.
Жеке-даралықта адам дамуының үш формасы ықпалдасады. Адамның индивид ретіндегі даму формасы - онтогенез, тұлғалық қасиеттердің даму формасы - адамның қоғамдағы өмір жолы, ал субъектілік қасиеттер кәсіби іс-әрекет барысында пайда болып, дамиды. Аталмыш құраушылардың әрбірінің өзіндік ерекшеліктері, сипаттамалары бар. Олардың даму процесі біртекті емес, гетерохронды сипатта болатыны да түсінікті. Олай болса, жеке-даралық онтогенез, өмір мен і-с-әрекет процестерінің, ерекшеліктерінің нәтижелерін жинақтаған тұтас бір жүйе болып, кейіннен дамиды.
Сонда Б.Г. Ананьев пайымдауынан субъект кәсіби іс-әрекет барысында психикалық қасиеттер мен механизмдердің қалыптасуын ұйғаратын адам дамуының нақты бір сатысы екені көрінеді. Бұдан индивид - функционалдық, тұлға индивидтің қажеттіліктері мен құндылық бағдарларын қамтитын - мотивациялық механизмдермен, ал субъект операционалдық механизмдермен сипатталады. «Әрине, адамның қасиеттері индивидтікке, тұлғалыққа және субъектілікке тек салыстырмалы түрде ғана бөлінеді, себебі олар адамның біртұтас, бір мезгілде табиғи және қоғамдық мәнін танытатын маңызды сипаттамалары болып табылады». Б.Г. Ананьев, «адамның жеке-дара даму барысында қалыптасатын тұлға құрылымы психикалық дамудағы барлық құбылыстардың бағытын, өзгеру дәрежесін және даму деңгейін өзі детерминдейді. Жалпы, Б.Г. Ананьев субъект ұғымын адамның еңбек, қарым-қатынас, танымдық іс- әрекеттерде көрінетін сипаттамасына жатқызған.
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер
1. Бандурка А.М., Бочарова С.П., Землянская Е.В. Психология управления. – Харьков, 1998. – 464с.
2. Жакенова Б.Қ., Тәмпішева Қ.Б., Мақсатова Л.М. Менеджмент негіздері – Астана, 2007.
3. Свенцицский А.Л. Социальная психология управления. - Л., 1986.
4. Попов В.А. Теория и организация американского менеджмента. – М., 1991.
5. Мескон М.Х., Альберт М. Основы менеджмента. – М. 1992.
Қосымша әдебиеттер
6. Психологические тесты./ Под ред. А.А.Карелина: В 2Т.- М., 1999. – Т.1.
7. Энциклопедия психологических тестов. Общение, лидерство, межличностные отношения. М., 1997.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Бағынушы тұлғасының психологиясы.

Глоссарий:
Түзету функциясы - орындау процесін қабылданған шешіммен тағайындалған шеңберге бағыттау.

1-тақырып. Бағынушы тұлғасы. Оның мінез-құлқы мен іс-әрекетін басқару психологиясы

Дәріс мақсаты: Студенттерде бағынушы тұлғасы, оның мінез-құлқы мен іс-әрекетін басқару психологиясы туралы білімдерді қалыптастыру.

Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1.Бағынушы тұлғасы басқару обьектісі ретінде.
2.Тұлғаның әлеуметтенуі әлеуметтік феномен ретінде.

Дәріс тезисі.
1.Бағынушы тұлғасы басқару обьектісі ретінде. Басқару әртүрлі биологиялық, әлеуметтік, техникалық жүйелердің ұйымдасқан элементарлы функциясы, оның белгілі бір құрылымын сақтауды, іс-әрекет тәртібін қолдайтын бағдарламаларды жүзеге асыратын іс-әрекет мақсаттарын қамтамасыз етеді.
Объектінің өзара әрекеттесуші компоненттердің жиынтығы ретіндегі сипаттамасы жүйелік бағытқа тән. Жүйелік бағыт білімдерді интеграциялауға және жүйелеуге ақпараттардың жинақталуындағы артықтарын шеттетуге локальді бағыттың кемшіліктерін жоюға, құбылыстарды интерпретациялауға субъективизимді азайтуға мүмкіндік береді. Жүйелі бағыт берілген объект бойынша білімдердің кемшілігін анықтауға, жекелеген жағдайларда болмаған бөліктерді толықтыруға көмектеседі.
Жүйелі бағыт шеңберінде У.Росс-Эшпидің көзқарасынша, алдымен бір жүйені одан кейін екінші, үшінші және тағы басқаларды зерттегенше, қарама-қарсы принцип бойынша - алдымен көптеген жүйелер бойынша қарастырып, одан кейін рационалды шектерге дейін қысқарту тиімді болады.
Жүйелердің ең күрделісіне мақсатқа бағытталған және өзіндік ұйымдасушы түрлерін жатқызамыз. Мақсатқа бағытталған жүйе дегеніміз - қызметкерлердің мінез-құлқы белгілі мақсаттарға жұмылдырылады, ал өзіндік ұйымдастырушы жүйелер қызмет жасау процесі барысында өз құрылымдарын өзгертуге, жаңа мақсаттар белгілеуге қабілетті.
Кез келген басқару жүйесі екі жүйеден тұрады:
oo басқарушы;
oo басқарылушы, олардың әрқайсысын дербес жүйелер ретінде қарастыруға болады.
2.Тұлғаның әлеуметтенуі әлеуметтік феномен ретінде. Адамды индивид, тұлға, жеке-даралық тұрғысынан сипаттайтын психологиялық категориялардан оны іс-әрекет субъектісі ретінде анықтайтын ұғымның сапалы өзгешелігі бір мәнді айқындалмаған. Мұнда зерттеушілердің ғылыми позициясына байланысты әрқалай түсінік кездеседі. Мәселен, Б.Г. Ананьевтің тұлғаның өмір жолы бойынша тұжырымдамасында адам баласы индивидтік, жеке-даралық, тұлғалық және субъектілік сипаттамалардың күрделі жүйесі ретінде дәйектелген-ді. Б.Г. Ананьев бойынша адамның үш құраушысы - индивид, тұлға және іс-әрекет субъектісі ықпалдасуынан адамның қайталанбайтын даралығы шығады. Сонда даралылық индивидтік (табиғи қасиеттер жиынтығы), тұлғалық (қоғамдық қатынастар жиынтығы) және субъектілік (еңбек іс-әрекетінің жиынтығы) қасиеттер жиынтығынан құралады деп түсініледі.
Жеке-даралықта адам дамуының үш формасы ықпалдасады. Адамның индивид ретіндегі даму формасы - онтогенез, тұлғалық қасиеттердің даму формасы - адамның қоғамдағы өмір жолы, ал субъектілік қасиеттер кәсіби іс-әрекет барысында пайда болып, дамиды. Аталмыш құраушылардың әрбірінің өзіндік ерекшеліктері, сипаттамалары бар. Олардың даму процесі біртекті емес, гетерохронды сипатта болатыны да түсінікті. Олай болса, жеке-даралық онтогенез, өмір мен і-с-әрекет процестерінің, ерекшеліктерінің нәтижелерін жинақтаған тұтас бір жүйе болып, кейіннен дамиды.
Сонда Б.Г. Ананьев пайымдауынан субъект кәсіби іс-әрекет барысында психикалық қасиеттер мен механизмдердің қалыптасуын ұйғаратын адам дамуының нақты бір сатысы екені көрінеді. Бұдан индивид - функционалдық, тұлға индивидтің қажеттіліктері мен құндылық бағдарларын қамтитын - мотивациялық механизмдермен, ал субъект операционалдық механизмдермен сипатталады. Әрине, адамның қасиеттері индивидтікке, тұлғалыққа және субъектілікке тек салыстырмалы түрде ғана бөлінеді, себебі олар адамның біртұтас, бір мезгілде табиғи және қоғамдық мәнін танытатын маңызды сипаттамалары болып табылады. Б.Г. Ананьев, адамның жеке-дара даму барысында қалыптасатын тұлға құрылымы психикалық дамудағы барлық құбылыстардың бағытын, өзгеру дәрежесін және даму деңгейін өзі детерминдейді. Жалпы, Б.Г. Ананьев субъект ұғымын адамның еңбек, қарым-қатынас, танымдық іс- әрекеттерде көрінетін сипаттамасына жатқызған.
Осы тұста Б.Г. Ананьев пен субъектілік-іс-әрекеттік тұрғының негізін салған ғалымдардың субъект жайлы ұстанымдарында айырмашылық аңғарылады. Егер Б.Г. Ананьев тұлғаны ұйыстырушы құрылым десе, субъектілік-іс-әрекеттік тұрғы өкілдері - субъект деп анықтайды. Соңғы тұрғы бойынша субъект әрқашан тұлға болып табылады, бірақ тұлғамен беттеспейді, онымен тепе-тең мағынада емес. Б.Г. Ананьев үшін адам кәсіби іс-әрекет процесі мен оның ең жоғары деңгей ретіндегі шығармашылық арқылы субъект бола алса, С.Л. Рубинштейн ізбасарлары субъектіні тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруының, өзін-өзі реттеуінің, өзін-өзі құруының ерекше анықталатын тәсілі ретінде түсіндіреді. Кез-келген тұлға тәрбиенің субъектісі де болып табылатындықтан, оның тек тәрбие объектісі болу мүмкіндігі шамалы ғана.
Олай болса, тек субъект адам құрылымының ұйытқысы болып табылады. А.В. Брушлинский даму негізі ретіндегі ішкі ахуал арқылы ғана сыртқы себептердің әрекет ететіндігін атап, осы ішкі ахуалдың біртұтас жүйесін субъект белсенділігінің сан-алуан түрлері мен деңгейлері құрайды - дейді.
Осы орайда ескере жүретін бір жәйт бар: С.Л. Рубинштейннің негізгі қағидаларына арқаланатын субъектілік-іс-әрекеттік тұрғының өкілдері субъект категориясының мазмұнын өзара да түрліше ашады. Мәселен, біздің зерттеу жұмысымызға ұстанымдары арқау ретінде алынған К.А. Абульханова тұлғаның үнемі субъект дәрежесіне жету үшін қозғалыста болатынын түсіндіреді. Ол ... кез-келген тұлғаның іс-әрекет субъектісі бола алмайтындығын жазады. Бұдан кейінгі пайым тіптен де қисынды: Субъект - кемелге жету шыңы емес, тек оны бетке ұстап, қозғалу деген жалпы анықтамаға сәйкес әрбір тұлғаның субъект ретінде қалыптаса бастауының әр шамада болатыны жайлы айтқан жөн.
Әдебиеттерге жасалынған талдау субъект категориясына интеграциялық сипат тән болатынын көрсетті. Басқаша айтқанда, психологияда субъект ұғымы адамның тұлғалық, индивидтік, даралық негіздеріне орай анықталады. Сонда субъект - адамды әлдеқайда кеңінен, жан-жақты, оның табиғи, әлеуметтік, жеке-психологиялық қасиеттерінің бірлесе, бөлінбей дамуын жалпылай ашатын ұғым (Брушлинский, Абульханова). Субъект ретінде дамуды А.В. Брушлинский адамның табиғи және әлеуметтік қасиеттерінің арақатысы бойынша балалық шақтағы қатынастардың ерекшеліктерімен байланыстырады. Сонда баланың, жеткіншектің сыртқы ортадан өзін бөлу (шеттетіп емес!) және оны әрекет, таным, жасампаздық т.с.с. объектісі ретінде өзін оған қарама-қарсы қоюы арқылы табиғи және әлеуметтік қасиеттердің бөлінбейтін, дизъюнктивті емес бірлігі бойынша субъектілік қасиеттері пайда болады. Сондықтан субъект психологиясының тірек идеялары әртүрлі мінез-құлық, жүріс-тұрыс, іс-әрекет сынды белсенділік формаларын түсіндіруге бірден-бір негіз бола алады. Ол адам болмысын әлдеқайда кеңінен қамтиды, оның барлық қасиеттерінің біртұтастығын бейнелеп, жалпылайды. Сонда, субъектілік тұрғы бойынша тұлға бойындағы әрбір психологиялық қасиеттің жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару мақсаты, міндеттері, мазмұны, психологиялық спецификасы жайында
Менеджмент психологиясы бойынша дәрістер
Криминалдық психологияның пәні мен міндеттері
Қарым-қатынас психологиясы (дәрістер)
Ф. Тейлор енгізген басқарудың 3 қағидасы. Вебер ілімі
Әлеуметтік психология саласындағы жетекшіліктің мәселесі
Басқарудың психологиялық теориясы
Басқару стилінің сипаттамасы
Басқару іс-әрекетінің интеллектілі негізі
Сауатты, білімді, қабілетті басшы болуға үлес қосу, өз ісін шебер атқаруға шақыру
Пәндер