Еуразияның физикалық географиялық сипаттамасы



Мазмұны

Кіріспе 3

I Тарау. Еуразияның физикалық географиялық сипаттамасы. 4
1.1 Геологиясы. 4
1.2 Жер бедері. 6
1.3 Климаты. 6
1.4 Ішкі сулары. 8
1.5 Топырақ жамылғысы. 10
1.6 Өсімдігі. 11
1.7 Жануарлар дүниесі. 12

II Тарау. Еуразия материгінің ландшафтыларына сипаттама.
2.1 Кеңістік дифференциациясының ерекшеліктері және физикалық . географиялық аудандастыру. 15
2.2 Арктиканың және Субарктиканың Еуропалық секторы. 16
2.2.1 Шпицберген архипелагы. 16
2.2.2 Исландия. 17
2.3 Батыс Еуропа. 20
2.3.1 Фенноскандия. 22
2.3.2 Британ аралдары. 24
2.3.3 Орта Еуропа жазығы. 26
2.3.4 Карпат таулары мен Дунай жазықтары. 28
2.4 Жерорта теңіз алқабы мен алдыңғы Азия тау қыраттары. 30
2.4.1 Пиреней түбегі. 32
2.4.2 Азиялық Жерорта теңіз алқабы. 35
2.4.3 Кіші Азия тау қыраты. 37
2.5 Оңтүстік Батыс Азия. 39
2.5.1 Аравия түбегі. 39
2.6 Орталық Азия. 40
2.6.1 Оңтүстік Монголия мен Солтүстік Қытай. 40
2.6.2 Солтүстік . Батыс Қытай. 41
2.7 Биік Азия. 41
2.7.1 Гиндукуш және Қарақорым. 42
2.7.2 Куньлунь . Алтынтаг . Наньшань жүйесі. 42
2.7.3 Тибет тау қыраты. 43
2.8 Шығыс Азия. 43
2.9 Оңтүстік және оңтүстік . шығыс Азия. 43

III Тарау.
3.1 Еуразияның табиғат зоналары (ашық сабақ жоспары). 45

Қорытынды 48

Пайдаланған әдебиеттер 50
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Еуразия материгінің ландшафт типтерін, жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әр түрлі табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір – біріне тигізер әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналаса заңдылықтарын көрсету өзекті болып табылады. Ландшафты сипаттау барысында территориялық табиғат кешендерінің түзілісі, құрамдық және құрылымдық бөліктері, географиялық кешендерді сипаттап, түрлендіру жолдары, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану сияқты мәселелерді, сонымен бірге Солтүстік Америка материгінің ландшафтық географиясын ауқымды қарастыру өзекті болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Еуразия материгінің ланшафтыларына сипаттама беру, және испататма жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Еуразия материгіне физикалық – географиялық сипаттама беру.
- Материктің ландшафт типтеріне сипаттама беру.
- Курстық жұмыстың тақырыбын мектеп бағдарламасымен байланыстыру.
- Курстық жұмысқа байланысты карталар құрастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Еуразия материгіне физикалық – географиялық сипаттама бере отырып, метериктің табиғатының қалыптасу кезеңдеріне, яғни геологиясы, сонымен қатар жер бедері, климаты, ішкі сулары, топырағы мен өсімдігі және жануарлар дүниесі бірінші тарауда айтылып, жалпы сипаттама беріліп кетеді.
Курстық жұмыстың негізгі тақырыбын алатын негігі қажетті мәліметтер екінші тарауда айтылған. Онда Еуразия материгінде таралған табиғат зоналары бойынша ландшафтарға сипаттама берілген. Еуразия материгінің табиғат зоналарының өзіндік ерекшелігі бар. Ол тәртіппен батыстан шығысқа қарай тұтас белдеулер құрап енді бағытта таралады.
Сондықтан осы заңдылықтарға сәйкес ландшафт типтері де жиі өзгерітсерге ұшырап құбылмалы болып тұрады.
Курстық жұмыстың үшінші тарауында курстық жұмыстың мектеп бағдарламасында алатын маңызды арны жайлы қарастырылған және соған орай сабақ жоспары құрастырылған.
Пайдаланған әдебиеттер
1. М.Қ. Қаратаев., Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы 1977 ж, 7 – том, 348 бет.
2. Притула Т.Ю., Еремина В.А., Спрялин А.Н. Физическая география материков и океанов: Учебное пособие для студентов высших учебных заведений/М.:Гуманитар. изд. центр ВЛАДОС, 2005.-700 с.:ил.
3. География және табиғат №1 (43) – 2010 Қаңтар – ақпан Ж. Аманқұлова “Дамыты оқыту тәсілі” 11 бет.
4. Власова Т.В. Материктердің физикалық географиясы. Педагогика институтында география мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған оқулық. Алматы, “Мектеп”, 1984 ж. Издательство “Просвещение” 1976 г.
5. Душина И.В., Коринская В.А., Щенев В.А География материков и океанов. 2007 г.
6. География және табиғат №3 (40)- 2008 шілде – тамыз Ә. Құлахметова “Саяхатшылар ізімен” 14 бет.
7. Шәріпов Ә. Алыс жағалаулар. Жол жазбалары. Алматы, “Жазушы”, 1965. 220 бет.
8. О.В. Крылова. Материки и океаны. М, “Просвещение” 2001 г.
9. Молдағұлов Н. Ландшафт.-Алматы: Қазақстан, 1981.-110 бет.
10. Библиотека энциклопедии для юношества. Америка и Австралия.-М.: “Педагогика-Пресс”, 2003 г.
11. Тальская Н. Н., 2010 г. Атлас. География материков и океанов. Природа. Население. Хозяйство. 7 класс: С комплектом контурных карт.
12. Энциклопедия географии.-М.: “Махаон ”, 2004 г.
13. Крылова О.В., География материков и океанов. 7 класс. Атлас. 2009 г.
14. Алексеевский А.А., География: Материки и океаны: В 2 ч.: Ч. 2: Материки планеты Земля: Антарктида, Южная Америка, Северная Америка, Евразия: Учебник для 7 класса общеобразовательных учреждений. 2007 г.
15. Атлас. География. 7 класс. 2008 г.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 3

I Тарау. Еуразияның физикалық географиялық сипаттамасы. 4
1.1 Геологиясы. 4
1.2 Жер бедері. 6
1.3 Климаты. 6
1.4 Ішкі сулары. 8
1.5 Топырақ жамылғысы. 10
1.6 Өсімдігі. 11
1.7 Жануарлар дүниесі. 12
II Тарау. Еуразия материгінің ландшафтыларына сипаттама.
2.1 Кеңістік дифференциациясының ерекшеліктері және физикалық – 15
географиялық аудандастыру.
2.2 Арктиканың және Субарктиканың Еуропалық секторы. 16
2.2.1 Шпицберген архипелагы. 16
2.2.2 Исландия. 17
2.3 Батыс Еуропа. 20
2.3.1 Фенноскандия. 22
2.3.2 Британ аралдары. 24
2.3.3 Орта Еуропа жазығы. 26
2.3.4 Карпат таулары мен Дунай жазықтары. 28
2.4 Жерорта теңіз алқабы мен алдыңғы Азия тау қыраттары. 30
2.4.1 Пиреней түбегі. 32
2.4.2 Азиялық Жерорта теңіз алқабы. 35
2.4.3 Кіші Азия тау қыраты. 37
2.5 Оңтүстік Батыс Азия. 39
2.5.1 Аравия түбегі. 39
2.6 Орталық Азия. 40
2.6.1 Оңтүстік Монголия мен Солтүстік Қытай. 40
2.6.2 Солтүстік – Батыс Қытай. 41
2.7 Биік Азия. 41
2.7.1 Гиндукуш және Қарақорым. 42
2.7.2 Куньлунь – Алтынтаг – Наньшань жүйесі. 42
2.7.3 Тибет тау қыраты. 43
2.8 Шығыс Азия. 43
2.9 Оңтүстік және оңтүстік – шығыс Азия. 43
III Тарау.
3.1 Еуразияның табиғат зоналары (ашық сабақ жоспары). 45

Қорытынды 48

Пайдаланған әдебиеттер 50


Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Еуразия материгінің ландшафт типтерін,
жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әр түрлі табиғат кешендерінің
ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір – біріне тигізер әсерін,
құрамдас бөліктерінің өзара орналаса заңдылықтарын көрсету өзекті болып
табылады. Ландшафты сипаттау барысында территориялық табиғат кешендерінің
түзілісі, құрамдық және құрылымдық бөліктері, географиялық кешендерді
сипаттап, түрлендіру жолдары, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану сияқты
мәселелерді, сонымен бірге Солтүстік Америка материгінің ландшафтық
географиясын ауқымды қарастыру өзекті болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Еуразия материгінің ланшафтыларына сипаттама
беру, және испататма жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Еуразия материгіне физикалық – географиялық сипаттама беру.
- Материктің ландшафт типтеріне сипаттама беру.
- Курстық жұмыстың тақырыбын мектеп бағдарламасымен байланыстыру.
- Курстық жұмысқа байланысты карталар құрастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Еуразия материгіне физикалық – географиялық
сипаттама бере отырып, метериктің табиғатының қалыптасу кезеңдеріне, яғни
геологиясы, сонымен қатар жер бедері, климаты, ішкі сулары, топырағы мен
өсімдігі және жануарлар дүниесі бірінші тарауда айтылып, жалпы сипаттама
беріліп кетеді.
Курстық жұмыстың негізгі тақырыбын алатын негігі қажетті мәліметтер
екінші тарауда айтылған. Онда Еуразия материгінде таралған табиғат зоналары
бойынша ландшафтарға сипаттама берілген. Еуразия материгінің табиғат
зоналарының өзіндік ерекшелігі бар. Ол тәртіппен батыстан шығысқа қарай
тұтас белдеулер құрап енді бағытта таралады.
Сондықтан осы заңдылықтарға сәйкес ландшафт типтері де жиі
өзгерітсерге ұшырап құбылмалы болып тұрады.
Курстық жұмыстың үшінші тарауында курстық жұмыстың мектеп
бағдарламасында алатын маңызды арны жайлы қарастырылған және соған орай
сабақ жоспары құрастырылған.

I Тарау. Еуразияның физикалық географиялық сипаттамасы.
Жер жүзі халқының жартысынан астамы тұратын жердегі ең зор құрлық
массиві – Еуразия материгі экватор мен 77° с. е. аралығында орналасқан, оны
төрт мұхит – Солтүстік Мұзды, Атлант, Тынық және Үнді мұхиттары шайып
жатады. Материктің шеткі нүктелері – Челюскин мүйісі (77°43´ c. е.), Пиай
мүйісі (1°16´ с. е), Рока мүйісі (9°34´ б. б), Дежнев мүйісі (169°40 б. б).
Ол солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км, батыстан шығысқа 16 мың км – ге дейін
созылады. Еуразияға қосылатын кейбір аралдар материктен едәуір қашықтықта
жатыр. Шпицберген, Франц – Иосиф жері және Солтүстік Жер 80° с. е. сыртына
шыққан, Малая архипелагы аралдары оңтүстік жарты шардағы 11° c. е.
дейін созылған. Атлант мұхитындағы Азор аралдары 28° б. б. жатыр.
Аралдардың ауданы – 2,75 млн. км², аралдарымен қоса алғанда Еуразияның
ауданы – 53,4 млн. км². Материктің зор көлемді болуы оның табиғат
жағдайларының өте күрделілігін және әртүрлілігін анықтайды. Еуразия жерінде
дүниенің екі бөлігі – Еуропа мен Азия жатыр.
Еуропа мен Азияның дүниенің әртүрлі бөліктері екендігі туралы түсінік
өте көне заманнан, тіпті бүкіл материктің тұтас пішіні мен ақиқат мөлшері
туралы географиялық түсінік қалыптасудан да едәуір ерте пайда болды.
Сондықтан Еуропа мен Азия дүниенің әртүрлі бөліктері ғана емес, сондай – ақ
әртүрлі материктер екен деген ұғым ұзақ уақыт орын алды. Еуропа мен Азияның
табиғат жағдайының қарама – қарсылығын (контрастылығын) тілге тиек еткен
көптеген географтар да осы пікірді қуаттады. Бірақ егер материктер деп жан
– жағынан немесе жан–жағынан дерлік Дүние жүзі мұхитының суларымен
қоршалған құрлықтың ірі бөліктерін атайтын болсақ, онда Еуропа мен Азияны
тек қана бір материк ретінде қарастыруға болады. Оны дүние бөліктеріне бөлу
физикалық – географиялық емес, тарихи негізге сүйенген және бұл адам
баласының дүниенің бөліктері туралы түсінігі жалпы дүние туралы түсінікпен
анағұрлым ерте пайда болумен де байланысты. Жердің аса зор материгінің
Еуразия аталуы да оның екі бөлігі Еуропа мен Азияның аттарынан
шығатындығымен түсіндіріледі.

1.1 Геологиясы.
Еуразия материгінің қалыптасуының күрделі тарихы оның табиғатының
барлық компоненттеріне әсерін тигізді. Бірақ ол күрделілігімен, алуан
түрлілігімен және жер бөліктерінде қайталанбайтын қарама – қарсылығымен
өзгешеленетін жер беті құрылысының ерекшеліктерінде айқын көрінеді. Еуразия
үшін жер шарындағы белгілі тектоникалық құрылымдардың және жер бедері
типтерінің барлығы болуы тән.
Жердің ең зор континентінің негізін құрған Еуропа мен Сібір
платформалары. Солардың төңірегінде Еуразия құрлығының онан әрі ұлғаюы
байқалды, олар осы уақытқа дейін өзінің тұтастығын және дамуының
платформалық типін сақтаған. Басында бүтін болған Қытай платформасы кейін
бөлшектенді, екі дербес платформалық учаскеге – Қытай – Корея және Оңтүстік
Қытай суперплатформаларына бөлінді. Соңғысы едәуір қозғалмалы қалыпқа ие
болды және болашақта тау құрылу процестеріне ұшырады. Аравия мен Үндістан
платформалары бүкіл геологиялық тарих ішінде Еуразияның қалған бөліктерінен
тәуелсіз дамыды және оған біршама кейін қосылды. Олардың рельефінің
қалыптасуында, сондай – ақ көтеріңкі рельеф құруға жеткізген, тектоникалық
жандану үлкен роль атқарған.
Еуропа платформасы шетелдік Еуропа жерінде Скандинавия түбегінің
шығысын және Финляндияны алып жатқан Балтық қалқанынан және негізгі бөлігі
Совет Одағы жерінде жатқан плитаның батыс шетінен тұрады. Жер бедері
жөнінде оларға Швеция мен Финляндияның жазықтары мен таулы үстірттері,
сондай– ақ Ютландия, Дат аралдары, Польша, ГДР, ФРГ солтүстік бөліктері
және Нидерланд территориясын түгелдей қамтитын Орта Еуропа қат – қабатты
жазығы сай келеді. Бұл аудандардың барлығы максималды, ішінара соңғы мұз
басу шекараларының ішінде жатыр, олардың жер бедерін байқаймыз. Мұз басу
орталығына жақын орналасқан және неоген–төрттік кезеңінде жарылуға ұшыраған
Балтық кристалды қалқанының түп жазығы, мұздық экзарация түрлерімен
сипатталады. Балтық қалқанның шеткі бөліктерінде және Орта Еуропа жазығында
қат – қабатты морфо – құрылымға қондырылған мұздық - аккумуляциялық
формалар – соңғы мореналық жасалымдар, озалар және т.б. таралған. Балтық
және Солтүстік теңіздердің жағаларында, мұздықтардан кейінгі
трансагрессиялар нәтижесінде пайда болған аккумуляциялық жазықтар таралған.
Қытай платформасы шегінде кембрийге дейінгі фундаменттің үстінде
таралған қатпарлы–жақпарлы және жақпарлы таулар, ежелгі фундаменттің
ойыстарына сай келетін аккумуляциялық ойпатты жазықтар және үстірттермен
кезектескен. Эпиплатформалық орта биік тау массивтеріне – Шаньдун түбегі
мен Солтүстік Кореяның таулары, аласа аккумуляциялық жазықтарға – Орталық
Манчьжурия немесе Солтүстік Қытай, биік үстірттерге – Ордос мысал бола
алады. Қашқар қазан шұңқырының негізінде тереңдігі төмен түскен Тарим
массиві жатыр.
Эпиплатформалық жақпарлы таулар сонымен қатар жанданған Аравия және
Үндістан платформаларының шеткі бөліктеріне тән. Аравияда олар ежелгі
ассиметриялы жақпардың батыс және оңтүстік–батыс шетін құрайды, Үндістанда
жер бедеріне бұл типіне кей жерде Батыс және Шығыс Гаттар сай келеді.
Үндістанның қалған бөлігі түбірлі жазықтар жүйесі болып табылады. Тек қана
солтүстік – батыста ежелгі фундамтенттің үстінде, бор мен палеоген бойы
ағып төгілген базальты жамылғы пайда болды. Сатылы трапп үстірттері
таралған. Аравия платформасы өзінің шығыс және оңтүстік бөліктерінде
шөгінді жыныстардың қалың қабатын жамылған және бұл аудандарда жер
бедерінің негізгі типтері – горизонталь және еңіс жазықтар мен үстірттер.
Бұл платформалық облыстардың төменгі ендіктердегі орны және олардың даму
ерекшеліктері бұлардың шегінде флювиальдіқ және аридтық
морфоскульптуралардың басым болуын қамтамасыз етті, сонымен қатар кейбір
аудандарда (мысалы, Аравияда) плювиальдардан қалған ежелгі флювиальдіқ
формалар қазіргі аридтықпен үйлеседі.
1.2 Жер бедері.
Еуразия материгінің кең–байтақ кеңістігі құрылымдарының өте
әртүрлілігімен және мезокайнозой бойы даму сипатының әр алуандығымен
ерекшеленетін палеозой жасындағы қатпарлы ғимараттарға жатады. Советтер
Одағының жерінде палеозой жасындағы қатпарлылық Урал тауы жүйесінде және
Батыс Сібір плитасында бар. Шетелдік Еуразияда ерте және соңғы палеозой
ғимараттары Еуропаның солтүстік және орта бөліктерінде, сондай–ақ Орталық
және Шығыс Азияда таралған. Бұл территориялар үшін таулы да, жазық та жер
бедерінің етек алуы тән. Жер бетінің қалыптасуында үлкен роль атқарғандар
бірнеше рет қайтадан жаңарған тегістеу мен аккумуляция процестері,
сондай–ақ әртүрлі дәрежеде көрінген неоген–антропоген кезіндегі
тектоникалық жандану. Еуропада каледон қатпарлығы ғимараттарының орнында
пайда болған Скандинавия тау қыраты және Британия аралдарының таулары үрдіс
көтерілу нәтижесі болып есептеледі. Жер бедерінің күрделілігі Пиреней
түбегіндегі Галиссия массивінің Иберия және Кантабр тауларында да аз емес.
Жер бедерінің ала – құла көрінісі Орта Еуропадағы, Британия аралдарынан
Орта Польшаға дейінгі қайта жаңарған тауларға тән. Онда тектоникалық
жандану әртүрлі дәрежеде болды, соған байланысты қазіргі жер бедеріне
сипаттама болатындар инверсиялық жер бедерінде аласа массивтер (Бретон
қыраты, Корнуэлл түбегінің массивтері, Силезия қыраты ауданы кіші жақпарлы
таулар, Гарц, Рудалы таулар, Судет, Вогез, Шварцвальд, Орталық массивтің
үлкен бөлігі және т.б.), таулы үстірттер қыратын биікке көтерілген
пенеплендер (Рейн тақта тасты таулары, Орталық массивтің солтүстік бөлігі).
Кейбір блоктардың көтерілу процестерінде жарылулар пайда болды, олармен
вулкандық әрекеттер және Орталық массивте, Рудалы тауларда және т.б.
вулкандық таулар құрылуында қатар болды.
Тау массивтері герцин қатпарлығындағы синеклизаларға және тектоникалық
жарылулар зоналарына сай келетін ойпаңдармен бөлінген. Ойпаңдар әр кезеңде
теңіз суының астында қалып және қайта құрғап отырды: олардың қазіргі жер
бедері мен геологиялық құрылысы әртүрлі. Париж бассейні, Оңтүстік – шығыс
Англия, сатыланып жатқан Швабия – Франкония облысы, Тюринген бассейні
куэстік жер бедерінің типіне тән еңіс жазықтықтар болып есептеледі. Аквитан
бассейні (Гаронна ойпаты), Луара және Фландрия ойпаттары, Орта Ирландия
жазығы қат – қабатты аккумуляциялық тегіс жазық жер бедерімен сипатталады.
Шағын аккумуляциялық жазықтар опырықтардың түбінде орналасқан (Вогез бен
Шварцвальд арасындағы Жоғарғы Рейн жазығы, Орталық массив пен Альпінің
арасындағы Төменгі Рона аңғары).

1.3 Климаты.
Еуразияның климатында оның территориясының аса көлемділігімен
байланысты ерекшеліктер айқын көрінеді. Материктің негізгі бөлімінің
экватор мен Солтүстік поляр шеңбері аралығында болуы, шығысы мен орталық
бөліктерінің тұтастығы, батыс және оңтүстік жиектерінің тілімденуі, мұхит
бассейіндерінің әсері, күрделі орографияда Еуразияда аса алуан түрлі климат
жағдайларын жасайды.
Еуразиядағы жылдық жиынтық радиация төмендегі шектерде: арктикалық
аралдарда ол 60 ккал – ға, Еуропаның батыс бөлігінде – 70 – тен 140 ккал –
ға дейін, Азияның оңтүстік және оңтүстік – шығысында – 120 – 180 ккал, ал
егер Аравияда Жер бетінде ең жоғары шамада – 200 – 220 ккал өзгереді.
Жылдық радиациялық баланс Еуразия шегінде 10 – нан 80 ккал – ға дейін
өзгереді. Қаңтарда Бретань – Адриатиканың солтүстігін – Қара теңіздің
ортасын – Каспийдің оңтүстігін – Корея түбегінің солтүстігін – Жапон
аралдарының солтүстігін қосатын сызықтан солтүстікке қарай радиациялық
баланс – теріс.
Ауаның батыс – шығыс бағытындағы тасымалы және онымен байланысты
циклондық әрекет Еуразияның көпшілік бөлігі үшін басты атмосфералық процесс
болып табылады. Батыс тасымалымен материкке бүкіл жыл бойы Атлант мұхитының
ауасы келеді де, оның шығысына дейін толық таралады. Атлантикалық ауа
Шығысқа қарай қозғалған сайын ылғалынан ажырап, қыста салқындап, жазда
жылынып (тронсформацияланып) континенттік ауаға ауысады. Еуразияның батыс
бөлігінің горизонтальды тым көп бөлшектенуінен және орографиялық үлкен
тосқауылдардың болмауынан Еуропаның үстінде трансформация (өзгеруі) процесі
біршама бояу өтеді де соған сәйкес климаттық жағдайлар біртіндеп өзгереді.
Тек Уралдан кейін, Азия шегінде, бүкіл жыл бойы континенттік ауа массасы
басым болатыны байқалады. Жылынудағы айқын айырмашылықтар (Орталық пен
Шығыс Азияның орографиясы ерекшеліктерімен байланысты күшейе түсетін
жылынудағы және қысым жағдайындағы күрт айырмашылықтар (материк пен Тынық
мұхит аралығындағы Жердің басқа барлық аудандарымен салыстырғанда осы жерде
барынша айқын байқалатын Еуразияның шығысына тән нағыз муссондық
циркуляцияны анықтайды). Еуразияның оңтүстік бөліктерінің үстіндегі
циркуляция да шын мәнінде муссондық сипатта болады, бірақ бұл жерде ол
материк мен Үнді мұхиты арасындағы өзара әрекет арқылы байқалады.
Еуразияда метеорологиялық жағдайлардың жыл маусымына қарай қалай
өзгеретіндігін қарастырайық.
Қыста, жылыну мен қысымның бөлінуінің бір – бірінен айырмашылығы бір
жағынан материк үстінде, екінші жағынан Атлант және Тынық мұхиты үстінде
аса күшті байқалады.
Еуразия мен көрші мұхит бассейіндері үстіндегі қаңтар изобаралары
карталарында төмендегідей қысымдық облыстар нақты айқындалады. Атлант
мұхитының солтүстік бөлігінде төмен қысымның тұйық облысы қалыптасады. Ол
солтүстік атланттық жылы ағыс әсерінен және Солтүстік Америка
жағалауларынан шығысқа қарай қозғалатын терең циклондық депрессиялардың
жиі өтуіне негізделген. Жылы ағыс тармақтарының әсеріне және теңіз
бассейіндерінің континентке тереңірек енуіне қарай төмен қысым Солтүстік
Мұзды мұхиттың оңтүстік бөлігі мен Еуропаның Батыс жағалауларында да
тарайды.
30° с. е. параллельден оңтүстікке қарай солтүстік жарты шарда жоғары
қысымды субтропиктік зонаның бөлігі болып саналатын жоғары қысымды облыс
(Солтүстік Атлант немесе Азор максимумы) бар. Еуропада метеорологиялық
жағдайлардың қалыптасуы үшін осы қысымдық облыстардың өзара әрекеттерінің
ерекше үлкен маңызы зор. Азор антициклонының солтүстік және шығыс шеттері
бойымен өтетін ауа Солтүстік Атлантика мен Еуропаның батыс шетінде төмен
қысым облысына тартылып, біршама жылы мұхиттан материкке қарай соғатын және
көп мөлшерде ылғал алып келетін батыс және оңтүстік – батыс бағыттағы
қоңыржай ендіктердің циклондық желдер жүйесін жасайды. Бұл кезде полярлық
ендіктерде шығыстан соғатын желдер басым болады.
Циклондық депрессиялардың қыстағы негізгі қозғалу жолдары Исландия,
Скандинавия түбегі және Баренц теңізі, сондай – ақ Жерорта теңізі арқылы
өтеді. Кейбір жылдары циклондар осы бағытпен Үнді аңғарына дейін енеді.
Биік Азияның тау қырқалары тропосфераның төменгі қабаттарындағы батыс ауа
ағындарының бөлініп таралуына және оның бір тармағының Гималайдан
оңтүстікке ауытқуына себепші болады.
Еуропа үстінен циклондар жаңбырлы немесе дымқыл қарлы бұлыңғыр ауа
райы түрінде өтеді, бұл батыс еуропалық қыс үшін тән. Көпшілік жағдайда
қоңыржай ендіктерде теңіз ауасынан кейін жауын – шашынның азаюына және
температураның кенет төмендеуіне әсер ететін арктикалық ауа енеді.
Арктикалық ауа оңтүстікке таралғанымен, Еуропаның оңтүстік бөлігіне біршама
сиректеу өтеді, өйткені ендік тау жоталары ұстап қалады. Неғұрлым шығысқа
жылжыған сайын, соғұрлым арктикалық ауаның өтуі де жиілінеді және ұзаққа
созылады.
Батыс ауа ағыны континент үстімен қозғалу кезінде салқындайды әрі
құрғайды. Суынған жер бетіндегі атмосфера қабатының салқындауымен
байланысты Азияның ішкі аудандарының устінде антициклондық облыс жасалады.
Батыстан тасымалданудың трансформацияланған ауасы антициклон жүйесіне
тартылып, оның күшеюіне себепші болады. Сондай – ақ Азияның ішкі
бөліктерінің орографиясы (антициклон қалыптасатын облыстан оңтүстікке қарай
көтерілетін биік тау сілемдері (суық ауа массаларының жайылуына кедергі
жасап әрі олардың біршама шағын кеңістікке шоғырлануына мүмкіндік
туғызады). Осы процестердің барлығының өзара әрекеті нәтижесінде қыста
Еуразияның ішкі бөліктерінің үстінде Жер бетіндегі жоғары қысымды ең үлкен
облыс – Азиялық квазистационарлық максимум жасалады.

1.4 Ішкі сулары.
Аралдарымен бірге Еуразияның территориясының ағатын жылдық ағын 16 мың
км³ шамасында, яғни жердегі барлық өзендердің жылдық жиынтық ағынының
жартысынан сәл азырақ. Ағынды қабатқа айналдырғанда ол 300 мм – ге тең,
бүкіл жерді тұтас алғандағы орташа көрсеткіштен жоғары. Ағын қабатының
орташа қалыңдығы жағынан Еуразиядан Оңтүстік Америка ғана алда тұр. Бірақ
осы орташа шамалар Жердің зор материгі ішіндегі ішкі сулардың таралып
орналасу ерекшеліктерін толық көрсете алмай отыр.
Еуразиялық континенттегі ішкі сулардың таралып орналасуы тіпті
әркелкі. Құрылымы мен жер бедеріндегі бірқатар айырмашылықтар, климаттық
контрастар және соған сәйкес жауын – шашынның әркелі жаууы материктің
шегіндегі жер беті, сондай–ақ жерасты суларын таралуындағы үлкен
айырмашылықтарды тудырады. Бұл өзендердің қабаттық миллиметрмен алынған
жылдық ағыны таралуының картасында жақсы көрінген: ағынның максимальдық
жиынтығы (1500 мм–ден артық) субэкваторлық және экваторлық белдеулерге,
әсіресе Зонд архипелагы аралдарына, одан кейін Үндіқытай мен Үндістанның
батысында және Гималайдың орталық бөлігіне тән. Басқа белдеулерде ағынның
мұндай жоғары жиытығы Жапон аралдарының Альпінің, Скандинавия таулы
қыратының аздаған региондарына ғана тән. Осы региондардың айтарлықтай үлкен
бөлігінде жылдық ағын 1500 мм - ден аз, бірақ 600 мм – ден артық болады.
Еуропаның көпшілік бөлігінде, Солтүстік жыне Шығыс Азияда жылдық ағын
мөлшерлері 200 – ден 600 мм – ге дейін жетеді. Пиреней түбегінің, Дунай
жазықтырының Шығыс Еуропа жазығының орта бөлігінің және басқалардың біршама
шағын жерлерінде ағын 200 мм – ден азырақ, яғни бүкіл құрлықтың орташа
көрсеткішінен сәл аз. Орта және Орталық Азияның орасан зор территориясының,
Үнді бассейнінің, Иран таулы қыратының және Аравия түбегінің жылдық ағын
мөлшері 50 мм – ден аз, сол сияқты көптеген аудандарындағы қабаттың
қалыңдығы 15 мм – ден аспайды. Осы сандар материктің алуан түрлі
бөліктеріндегі – жер бетіндегі су торларының жиілігі мен сипатындағы
айырмашылықтарды белгілі дәрежеде көрсете алады.
Еуразияның беті Атлант, Солтүстік Мұзды, Тынық және Үнді мұхиттарының
бассейіндеріне жатады. Материктің шеткі бөліктеріне, әсіресе батыс, шығыс
және оңтүстік – шығысында жиі су торлары бар, оған аса ірі өзен жүйелері
енеді.
Ішкі және оңтүстік – батыс аудандарда жер бетіндегі сулар мүлде
болмайды, сондықтан мұхитқа қарай ағын жетпейді. Еуразияның жалпы ауданының
30% - тен артығы (Каспий теңізі бассейнінің қосқанда) ішкі ағын
территориясына енеді.
Жер бетіндегі сулардың осындай біркелкі таралмауы тек қана қазіргі
табиғат жағдайларына ғана емес, сонымен бірге материктің даму
ерекшеліктеріне де байланысты.
Альпі – Гималай қатпарлы белдеуінің аса биік шеткі жоталарының
түзілуіне алып келген күшті көтерілулерге дейін, сірә, Еуразияның ішкі
бөліктерінің климаттық жағдайлары, оның шеткі бөліктерінің климатынан үлкен
құрғақшылығымен ерекшелінгенімен дәл қазіргі кездегідей соншалықты аридты
болмаса керек. Осыған байланысты кайнозойда материктің орталық бөлігінде
солтүстікке, шығысқа және оңтүстікке кететін ағындары бар өзендер мен
көлдердің дамыған торлары болған. Ішкі аудандарға қарағанда қатпарлы
белдеудің шеткі бөліктерінде күшті өткен неотектоникалық қозғалыстар, осы
аудандардың мұхит бассейіндерінің әсерінен бөгеліп қалуына әкеліп соғады.
Климаттың осыған сәйкес құрғақтануы беткі ағынның азаюы және шыры
бұзылуына, сондай – ақ Еуразия материгінің ішкі бөліктеріне (Иран таулы
қыраты, Тибет, Қытайдың, Монғолияның таулы үстірттері және т.б.) тән кең –
байтақ ағынсыз облыстардың жасалуына себепші болады.
Биік жоталардың көтерілуіне дейін негізгі салынған аса қуатты өзен
артериялары, бұл жоталарды терең эпигенетикалық аңғарларымен кесе отырып,
өздерінің алғашқы бағыттарын сақтап қалған.
Солтүстік аудандарда, әсіресе материктің солтүстік – батысында су
торының қалыптасуына төрттік мұз басуы үлкен әсерін тигізді.
Сөйтіп, кең – байтақ еуразиялық құрлықтың ішінде даму тарихы мен
қазіргі жер бедеріне байланысты, сонымен қатар климаттың ерекшеліктеріне
қарай су торлары мен өзен режимінің алуан түрлі региондық типтері
қалыптасты. Олар ары қарай Еуразияның шетелдік бөліктерінде қарастырылады.
Еуропаның солтүстігінде өзен мен көл торының қалыптасуында
тектоникалық процестер мен төрттік мұз басуы үлкен роль атқарады. Өйткені
территория геологиялық тұрғыдан қарағанда мұз жамылғысынан жақында ғана
босағандықтан су торабының басты ерекшелігі морфологиялық жастағы болып
табылады. Еуропаның солтүстігіндегі өзен аңғарлары мен көл қазагшұңқырлары
көпшілік жағдайда мұзбен өңделген тектоникалық жарықтар болып саналады.
Өзендер мен көлдер торы өте жиі, әсіресен көлдер көп, олар он мыңдап
саналады. Олардың көлемдері алуан түрлі, кескіндері ғажайып; көлдердің
көпшілігі тектоникалық сызықтар мен көшпе мұз жылжуының негізгі бағытына
сәйкес солтүстік – батыстан оңтүстік шығысқа қарай созылып жатыр.

1.5 Топырақ жамылғысы.
Еуразияның Голаркатика және Палеотропика флоралық әлемі ауқымындағы
жағдайы материктің солтүстік және оңтүстік бөліктері флораларының
қалыптасуы тарихындағы айырмашылықтарды, бір жағынан флораның бүкіл
кайнозой бойы үздіксіз дамуын және материктің оңтүстігі мен оңтүстік –
щығыс аралдарындағы тропиктік сипатын, ал екінші жағынан климат
жағдайларының күрт өзгерістеріне байланысты солтүстік бөліктің флорасының
біршама жастығын және оның күрделі генезисін көрсетеді.
Еуразияның голарктикалық флорасының құрамында осы территорияда мұз
жамылғысының пайда болуына әкеліп соққан жаппай суық түскенге дейін,
кайнозойдың алғашқы жартысында қалыптасқан ежелгі жылу сүйгіш орман
флораларының элементтері бар. Бұл флоралардың элементтері негізінен екі
мұхит – Атлант және Тынық мұхиттары жағалауларындағы секторларда сақталған.
Материктің ішкі аудандарының флорасы мен жер бетін топырақ, өсімдік
жамылғысының қалыптасуы үшін материктің оңтүстігіндегі тау жүйелерінің
неотектоникалық көтерілуіне байланысты күн суытуының және одан соңғы климат
құрғауының үлкен мәні болады.
Ішкі аудандар жер бедері мен климатының шұғыл өзгерістеріне
байланысты, флора қалыптасуының мұхит маңайындағы орталықтары бір – бірінен
орасан зор құрғақ кеңістіктермен бөлініп қалып, кайнозойдың екінші
жартысында бір – біріне байланыссыз дамиды. Еуразия мен Африканың тропиктік
аудандарымен алмасуды материктің батыс секторында теңіздер, ал оның ішкі
бөліктерінде аумақты шөлді кеңістіктер қиындатып жіберді. Шығыс мұхит пен
шектес секторда Голарктика мен Палеотропик арасында флоралық элементтер
алмасуы жүріп жатты. Бұл Шығыс Азияға тән бореальдық, сондай–ақ тропиктік
те элементтері бар флораның түр байлығына негіз қалады.
Егер флора дамуының жоғарыда аталып өткен барлық ерекшеліктерін,
сондай – ақ қазіргі климат жағдайлары мен үстіңгі қабат құрылысындағы үлкен
айырмашылықтарды ескерсек, Еуразия жерінің беткі топырақ, өсімдік
жамылғысының қазіргі көрінісінің қаншалықты күрделі әрі алуан түрлі екенін
айқын байқаймыз.
Қазіргі топырақтық - өсімдіктік жағдайларды сипаттағанда, сондай–ақ,
адамзат қоғамының көп ғасырлар бойы іс - әрекетінің әсерімен болып жатқан
өзгерістерді де ескермесе болмайды. Биосфера компоненттері географиялық
қабықтың басқа компоненттеріне қарағанда дам әсерінен көбірек өзгереді,
әсіресе адамзат қоғамының іс - әрекетінің жағымсыз жақтарынан көп
зақымданады. Орман ағаштарын қосу мен жерді жырту, ағаштарды қолдан
отырғызу, батпақтарды құрғату және топырақтың ирригация әсерімен таңдануы,
өсімдіктерді Жердің басқа аудандарынан, әкеліп өсіру мен тарату тағы сол
сияқтылардың бәрі Еуразияның, әсіресе оның халық бұрыннан қоныстанып
тығыздала түскен бөліктері жер бетінің бастапқы топырақ өсімдік жамылуының
елеулі өзгерістерге ұшырауына әкеліп соқты. Мысалы, Еуразияның кейбір
елдерінде жер бетінің топырақ және өсімдік пен табиғи жабылуы өзінің
бастапқы сипаты мен құрамын 90% - ке жуық өзгертті: Ұлы Қытай жазығында,
Хуанхэ бассейнінде, топырақ, өсімдік жамылғысын бастапқы қалпына келтіру
мүмкін болмай отыр, өйткені халық өте тығыз орналасқан бұл жерде мыңдаған
жылдар бойғы егіншілік мәдениетінің әсерінен ол толық жойылып кеткен.
Сондықтан, қазіргі кезде жер бетін топырақ, өсімдік жауып жатуын
сипаттағанда оның пайда болуының ерекшеліктерін, қазіргі табиғи жағдайларын
және антропогендік фактордың ықпал ету дәрежесін ескеру керек.
Еуразия көлемінің байтақтығын және оның әртүрлі бөліктеріндегі
топырақтар мен өсімдіктердің үлкен айырмашылықтарын еске ала отырып,
топырақтар мен өсімдіктер типтерінің алмасу ерекшеліктерін, оның мұхит
жағалауларындағы әрбір секторлары және құрлықтың ішкі бөліктері үшін бөлек
– бөлек алып қарастырған дұрыс.

1.6 Өсімдігі.
Негізінен Еуропаның батысына сәйкес келетін батыс, Атлант жағалауы
секторын қарастырудан бастайық.
Полярлық Шпицберген архипелагының мұздан бос кеңістіктерінде өсімдік
әлемі мүктерден, қиналардан және тасжарған, поляр көкнәрі, кейбір дәнді
өсімдіктер сияқты жер бетін тегіс жаппайтын көпжылдық аласа шөптерден
тұратын арктикалық тундра етек жайған.
Күлгін немесе шым тезекті глейлі топырақты жерлерде өсетін аласа
қайыңдары мен жидек бұталары бар типтік тундралар Скандинавия түбегі мен
Финляндияда, ал шығысқа қарай – СССР – дің еуропалық территориясының
солтүстігінде және Сібірде кездеседі.
Шетелдік Еуропада типтік жазық тундралар жылы ағыс әсеріне байланысты
климат ерекшеліктерінің салдарынан кеңінен етек алмаған. Шығыс Еуропада
тундралар басым болатын ендіктердің батысыда орманды тундралар немесе тіпті
ормандар етек жайған. Тундрала ойпатты жерлерде ғайып болып, Скандинавия
мен Исландияның таулы аудандарына айналады, сөйтіп олар таулы тундралар
белдеуін құрайды. Тундраны көмкеріп жататын ені тар орманды тундра үшін
тундра өсімдіктері аясында пайда болатын шоқ – шо қисық қайыңдар мен
қандыағаштар тоғайы тән. Батыс Еуропада орманды жазық тундралар Исландияға,
Скандинавияға, әсіресе Финляндияға тән.
Еуразияның қоңыржай белдеуіндегі зоналық өсімдіктердің аса маңызды
типі – қылқан жапырақты ормандар. Олар шетелдік Еуропада, СССР–дің
еуропалық территориясында және Сібірьде мол алқаптарды алып жатыр. Шығу
тегіне, географиялық жағдайына байланысты соған орай, қазіргі табиғи
жағдайларына қарай ормандардың құрамы және олардың аясында қалыптасатын
топырақтардың типтері әртүрлі, сондықтан Еуразияның қылқан жапырақты
ормандар аймағының тұтастығы жайлы жалпылама ғана айтуға болады.
Шетелдік Еуропада қылқан жапырақты ормандар Скандинавия түбегі мен
Финляндияның көп бөлігін жауып жатыр. Олар жазық жерлерде орналасқан және
солтүстікке 400–500 м, ал оңтүстікте 900 м дейін биіктей түсіп, Скандинавия
тауларының баурайларына айналады. Тұтасып жатқан қылқан жапырақты ормандар
Еуропаның солтүстігінде шамамен 61 ендікке дейін болса, ал оңтүстікке қарай
ормандар құрамында жалпақ жапырақты жыныстар кездесе бастайды. Бұл
ормандардың негізгі қылқан жапырақты ағаштары – еуропа шыршасы және кәдімгі
қарағай, оның үстіне мұхит жағалауына жақындаған сайын ормандар құрамында
шырша көбірек роль атқарады. Батыста, Норвегияда шырша көбірек, Швецияның
шығыс аудандарында шырша мен қарағай мөлшері шамалас, ал Финляндияда
басымырақ тұқым – қарағай.

1.7 Жануарлар дүниесі.
Еуразияның үлкен, солтүстік бөлігі Голарктикалық зоогеографиялық
облысқа, ал кіші, оңтүстік бөлігі Үнді – Малайя және Эфиопия облыстарында
жатады. Олардың арасындағы шекара Үнді – Малайя облысына Үндістан мен
Үндіқытай түбектерімен бірге материктің жанама бөлігі, Тайвань, Филиппин
және Зонд аралдары кіретіней болып өтеді. Аравияның оңтүстігі Африканың
үлкен бөлігімен бірге Эфиопия облысына кіреді. Малайя архипелагының кейбір
оңтүстік–шығыс аралдарын зоологтар мен географтардың көпшілігі Австралия
зоогеографиялық облыстарына жатқызады. Бұлай болу Еуразия фаунасының
мезозойдың соңында және бүкіл кайнозой бойы табиғат жағдайларының өзгеруі
процесінде даму ерекшеліктерін және басқа материктермен байланысын
көрсетеді. Қазіргі табиғат жағдайларын сипаттау үшін қазба күйінде ғана
белгілі болған ежелгі жойылып кеткен фаунаның, тарихи кезде адамзаттың іс -
әрекеті салдарынан жоғалып кеткен фаунаның және қазіргі фаунаның ғылыми
мәні зор.
Мезозойдың соңында бүкіл Еуразия бір тесікті және қалталы
сүтқоректілерден, жыландардан, тасбақалардан т.c.с. тұратын сан алуан
фаунаның қалыптасу ауданы болған. Плацентарлық жыртқыш сүт қоректілердің
пайда болуынан төменгі сатыдағы сүт қоректілер оңтүстікке, Африка және
Австралияға ығысты. Кайнозой кезінде Еуразияның үлкен бөлігінде орын тепкен
құйрықтылар, түйелер, жылқылар, мүйізтұмсықтар олардың орнын басты.
Кайнозойдың соңғы кезінде климаттың суынуы олардың көпшілігінің жойылуына
немесе оңтүстікке шегінуіне әкеліп соқты. Құйрықтылар, мүйізтұмсықтар және
басқалар Еуразияның солтүстігінде тек қазба күйінде мәлім, ал Оңтүстік,
Оңтүстік – Шығыс Азияда олар қазіргі кезде фауна құрамында да бар. Түйелер
мен жабайы жылқылар Еуразияның ішкі аридтық бөліктерінде соңғы уақытқа
дейін кең таралған болатын.
Климаттың суынуы Еуразияда қатаң климаттық жағдайға бейімделген
жануарлардың орын тебуіне әкеліп соқты. Мамонт, тур осындайлар еді.
Қалыптасу орталығы Беринг теңізі аймағында және Солтүстік Америкамен
тұрғылас болған осынау солтүстіктік фауна жылылықты сүйетін фаунаны бірте
–бірте оңтүстікке ығыстырды. Оның көптеген өкілдері жойылып кетті,
кейбіреулері тундраның және тайгалық ормандардың қазіргі фаунасы құрамында
сақталған. Материктің ішкі аудандары климатының құрғауы далалық және шөлдік
фауналарының таралуымен жалғасты, олар негізінен Азияның далалары мен
шөлдерінде сақталған, ал Еуропада біршама жойылып кеткен.

Азияның кайнозой барысында климаттық жағдайлар айтарлық – тай өзгере
қоймаған шығыс бөлігінде мұз дәуіріне дейінгі көптеген жануарлар өздеріне
пана тапты. Сонымен бірге Шығыс Азия арқылы Голарктикалық және Үнді –
Малайя облыстарының жануарлары алмасып отырды. Оның шегінде жолбарыс, жапон
макакасы, т.б. сияқты тропиктік жануарлардың түрлері солтүстікке неғұрлым
сұғына еніп кетеді.
Еуразияның территориясында (негізінде оның шетелдік бөлігі
қарастырылып отыр) қазіргі жабайы фаунаның таралуы оның даму тарихы мен
бірге табиғат жағдайларының ерекшлеліктері және адамзат іс - әрекетінің
нәтижелері көрініс тапқан.
Солтүстік аралда және материктің қиыр солтүстігінде фауна құрамы
батыстан шығысқа қарай онша өзгермейді. Тундралар мен тайга ормандарының
жануарлар дүниесінің аздаған ғана ішкі айырмашылықтары бар. Оңтүстікке
қарай бойлаған сайын Голарктика шегінде айырмашылықтар елеулірек бола
түседі. Еуразияның қиыр оңтүстігі фаунасының өзіндік ерекшеліктерінің
молдығы және Африканың, тіпті Аравияның тропиктік фаунасынан
айырмашылығының күштілігі соншалық, олар әртүрлі зоогеографиялық облыстарға
жатқызады.
Бүкіл Еуразияда (Солтүстік Африкадағы сияқты) тундралардың фаунасы
біркелкі. Тундраның ең көп тараған ірі сүт қоректісі – солтүстік бұғысы. Ол
қазір Еуропада жабайы күйінді мүлде дерлік кездеспейді, ол Еуразияның
солтүстігінде ең көп тараған және бағалы жануары. Тундраға песец лемминг
және аққоян тән. Құрғақ жерді мекендейтін құстардың ең көп тараған – ақ құр
және тундра құры мүйізді бозторғай. Қысқа мерзімді жазғы кезеңде тундраға
балапан басу үшін шағала, чистик, гагара, гага, қаз, үйрек, аққу сияқты
суда жүзетін құстар көптеп келеді. Чистиктер мен шағалалар әдетте биік
жартасты жағаларды мекендейді, құздардың жақтауларымен жартастардың
қуылысына жұмыртқа салады. Мұндай жерлерде олар жүздеп, мыңдап жиналады,
“құс базары” пайда болады. Ұя салатын кездерінде құстарды ұстау оңай,
тұрғындар осыны пайдаланып, оларды қырып – жояды, жұмыртқаларын жинайды.
Теңіз жағалауларындағы ең бағалы құс – гагалар. Олардың мамығы жеңіл әрі
өте жылы, ұяларына осы мамықтарын төсейді. Кейбір елдерде гагалар бақылауға
және қорғауға алынған, олардың дүние жүзілік рынокта жоғары бағаланатын
мамықтарын жинау ісі мемлекет бақылауында. Көлдердің, өзендердің
жағаларында және батпақтарда үйректер, қаздар және басқа да құстар көптеп
ұя салады.
Жағалаудағы сулар, Еуразияның солтүстігіндегі өзендер мен көлдер
балыққа, негізінен албырт тұқымдас балықтарға бай.
Мұз дәуірі кезеңінде қазіргі тундраларда мамонттар, жүндес
мүйізтұмсықтар, қойбұқалар тіршілік еткен. Қазір олардың қалдықтары тек
қазба күйінде ғана табылады. Кейбір жерлерде (мысалы, Шпицбергенде)
Арктикалық Америкада әкелінген қойбұқаларды қолдан өсіреді.
Еуразия ормандардың жануарлар дүниесі біршама көбірек жіктелімен
ерекшеленеді. Әсіресе дала және шөлдер мен өзара бөлініп жататын батыстың
және шығыстың жалпақ жапырақты ормандары фаунасының айырмашылықтары айқын.
Бүкіл материкті алып жатқан тайга ормандарына жануарлар дүниесінің
біркелкілігі тән. Еуразияның тайгалық фаунасының негізгі өкілдері ретінде
қоңыр аюды, сілеусіңді, құнуды, тиінді, ақборша тышқанды, сұр тоқалтісті;
ал құстардан құрды, саңырау құрды, шілді т.б. атауға болады.

II Тарау. Еуразия материгінің ландшафтыларына сипаттама.
2.1 Кеңістік дифференциациясының ерекшеліктері және физикалық –географиялық
аудандастыру.
Еуразияның орасан зор мөлшері оның геологиялық–тектоникалық
құрылысымен орграфиясының күрделілігі, мұхиттардың ықпалы, солтсүтік жарты
шардың барлық климаттың белдеулеріндегі орны материктің кеңістік
дифференциациясын күрделендіреді.
Солтүстік Мұзды мұхит жағы ашық таулы ішкі құрлықтың кең жазықтармен
үстірттерде термикалық жағдайлар мен ылғалданудың біртіндеп алмасуы,
сонымен бірге, биокомпоненттердің солтүстіктен оңтүстікке қарай бағыттағы
өзгерісі жүріп жатады. Онда географиялық қабықтың кеңістіктік
дифференциациясында үлкен роль атқаратын зоналық құрылымы өте айқын күйде
көрінеді. Континенттік биік таулар қоршаған ішкі бөліктеріндегі (Орталық
Азияда) үлкен кеңістіктерде аридтік жағдайлар басым және ендіктегі орнына
қарамастан айқын байқалатын зоналық айырмашылықтары жоқ шөлді ландшафтар
үстем болады.
Еуразияның Атлант жағалауындағы табиғат жағдайлары мен кеңістіктіктік
дифференциациясы қалыптасуы үшін мұхиттың жақындығының және оның үстінде
қалыптасқан ауаның мейлінше жырымдалған құрлық пен өзара әрекетінің мәні
айтарлықтай. Еуропаның батысында солтүстік пен оңтүстік арасындағы
айырмашылықтар жойылады. Зоналық құрылымының мәні дифференциацияның басқа
факторларына қарағанда азаяды. Орографияның негізгі элемтенттерінің ендік
бойымен созылып жатуы нәтижесінде Атлантика ықпалы шығысқа қарай сұғына
еніп, табиғаттың бөлшектенуіне зор әсерін тигізеді. Геокомплекстерінің
заңды алмасуы сотүстік – батыстан оңтүстік – шығысқа қарай жүреді, оның
үстіне бұл заңдылық көп жырымдалған таулы – жазықтың жер бедерінің әсерімен
күрделенеді.
Материктік оңтүстік батыс бөлігінде зоналық – климаттық жағдайлармен
тектоникалық – құрылыстың салыстырмалы бірегейлігі құрғақ жердің Жерорта
теңізі суларымен терең жырымдалуы және морфоструктура типтерінің сан
алуандығы кеңістік бөлшектену шарты болып табылады.
Материктік шығыс, Тынық мұхит жағалауы, теңіздер және Тынық Мұхит
аралдарының материктік және аралдық бөліктерден пайда болуымен құрылымы
жағынан едәуір айырмашылықтары бар, бірақ зоналық құрылымының пайда болуы
мен биокомпоненттердің зоналық типтері жиынтығы ерекшеліктерін айқындайтын
атмосфераның муссондық циркуляциясымен біріктірілген. Негізінен климаттық
ерекшеліктерге байланысты кеңістік бөлшектеу солтүстік – шығыста оңтүстік –
батысқа қозғалғанда көрінеді. Жер қабығы құрылымының ерекшеліктеріне
байланысты айырмашылықтар ең алдымен материк пен мұхит арасында көрініс
тапқан, сондай – ақ материктік бөліктің ішінде де бар. Мұның бәрі кеңістік
бөлшектенуді күрделендіре түседі және біршама тектес аймақтарды бөліп алуды
қиындатады.
Еуразияның оңтүстік және оңтүстік – шығыс субконтиненттері және оларға
іргелес аралдар үшін төменгі ендіктердегі жағдайлардың муссондық циркуляция
және масса ішіндік процестің мәні едәуір. Урография элементтерінің
субмеридионалдық жайылуы басым күрделі жер бедері ауа ағыстарының
субмеридионалдық ауысуларымен әрекетке түсуі үстінде биокомпоненттердің
аймақтық типтерін таратуда фрагментарлық туғыза отырып, аймақтық құрылымға
айтарлық әсер етеді. Бөлшектеудегі басты роль жауыш – шашынды және жер
бетін жауып жатқан топырақ пен өсімдіктер типтерін ретке түсіретін жер
бедерінің үлесіне тиеді.
Айтылғандардың бәрі негізінде Еуразия және онымен көршілес мұхиттар
акваторияларында мына төмендегідей ірі региондардың бар екендігі
анықталады. Олар: Арктика мен Субарктиканың Еуразиялық секторы, Батыс
Еуропа, Шығыс Еуропа, Солтүстік Азия, Жерорта теңізі маңайы және Алдыңғы
Азия таулы қыраттары, Оңтүстік – Батыс Азия (Аравия мен Месопотамия),
Орталық және Орта Азия, Биік Азия, Шығыс Азия, Оңтүстік – Шығыс Азия.
Материктің әр бөлік ішінде физикалық–географиялық облыстар бөлшектене
көрсетілеген және едәуір жан – жақты қарастырылған. Кейбір жағдайларда
өзара тығыз байланысты облыстар (Фенноскандия, Солтүстік – Батыс Қытай)
біріктіріле сипатталады. Советь Одағының территориясы региондық шолуға
енгізілмеген.

2.2 Арктиканың және Субарктиканың Еуропалық секторы.
Еуразиядан солтүстік – батыста және солтүстікте жатқан Солтүстік Мұзды
мұхит аралдары олардың арктикалық және субарктикалық белдеулердегі орнымен
байланысты табиғатты кейбір ортақ белгілеріне ие. Айырмашылықтар себебі
олардың пайда болу жағдайларымен, құрылымымен және жер бедерімен сондай–ақ
белгілі бір сектордағы орнымен түсіндіріледі. Арктиканың Атланттық секторы
Солтүстік Атлант ағысы тармақтарының ықпалы нәтижесінде климатының біршама
жұмсақ болуымен ерекшеленеді. Шығысқа қарай арктикалық табиғаттың
континенттігі мен қаталдығы арта түседі.
Еуразиялық Арктика түгел жуық Совет Одағы жерінде жатыр. Арктика мен
субарктиканың шетелдік аймақтары – Шпицберген мен Исландия.

2.2.1 Шпицберген архипелагы.
76,5 және 80,5 солтүстік ендіктер аралығында орналасқан осы аралдар
тобы – шетелдік Еуропадағы бірден - бір арктикалық аймақ. Архипелагтың
ауданы – 62 мың км². Ол Батыс Шпицберген батысты аралынан, Солтүстік –
Шығыс Жер және аралары тар бұғаздармен бөлінген бір – біріне жақын жатқан
бірнеше аралдардан тұрады. Олардың бәрі материктен пайда болған.
Кайнозойдың екінші жартысына дейін Еуропаны Гренландиямен қосып жатқан
құрлықтың қалдығы. 80–параллель айналасындағы жағдай 0–ге жуық жылдық
радиациялық байланыс, ұзақ поляр түні мұздың жамылғы қабатының, мұздан бос
жерлерге, көп жылдық тоңның, жағалауда тундра өсімдіктерінің және таулы
аудандарда суық шөлдердің болуына жағдай жасайды.
Алайда жылы ағыстың әсеріне байланысты Шпицбергеннің табиғи жағдайы
Арктиканың сол ендіктерде бірақ батысырақ немесе шығысырақ орналасқан басқа
аралдарына қарағанда едәуір жұмсақ.
Шпицбергеннің үстіңгі қабаты протерозойлық және төменгі палеозойлық
қатпарланған жыныстардан тұрады, олардың кейбір желерін құрамында тас көмір
зонасы бар мезозойлық және кайнозойлық шөгінді басып жатады. Шпицбергендегі
тас көмір кең орындары XX ғасырдың бас кезінен игеріліп келеді.
Аралдардың жер бедерін мұз басу дәуірінен кейін болып өткен ежелгі жер
бетін жаппай жапқан мұз әсерлері, аязды желдің етек алуы және жердің
қақырауымен шоқтануы көрінеді. Архипелагтың солтсүтік – батысында және
солтүстік – шағысында 1500 – 1700 м биікттікке дейін үшкір шыңдар мен таулы
жоталардың тасты жалдары бой көтеріп тұрады, басқа жерлерін мұзды алқаптар
алып жатады. Солтсүтікте және батыста жағалауларды, жарықтарды бойлай
фьордтар тілгілеп жатады. Жағалаулардағы теңіз терасстары бұл жердің жуырда
көтеріңкі болғанын айқындап тұрады. Кеме жүргізу ісі үшін көмір шығатын
басты аудандар тұсында Батыс Шпицбергенге сұғынып еніп жататын Ис-фьордтың
маңызы зор.
Архипелаг үстінің ¼ бөлігін мұз басып жатыр. Әсіресе Солтүстік – Шығыс
Жерде және мұздың қалыңдығы кей жерлерінде 700 м – ге жететін көршілес
аралдарда мұз қабаты едәуір. Қазіргі кезде Шпицберген мұзы солтүстік жарты
шардағы бүкіл мұз қабаты сияқты шегініп, көлемі азайып барады.
Шпицбергеннің климаттық жағдайлары қаталдығымен және батысымен шығыс
арасындағы кейбір айырмашылықтарымен ерекшелінеді. Бұл, Шпицбергеннің
батысын жылы ағыстың шайып жатуына байланысты.
Батыс жағалауы маңындағы сулар мен фьордтар тек маусымнан қыркүйекке
дейін ғана мұз құрсауынан босайды және кеме жүруге қолайлы болады,
шығысындағы шығанақтарға бүкіл жыл бойы мұз қатып жатады.
Архипелагтың мұздан бөс бөлігін тундра алып жатыр, онда аласа талдар
мен 20 см – ден аспайтын қайыңдар кездеседі; жазда ботакөздер, поляр
көкнәрі т.б. гүлдейді. Көп жерлерді шымтезек алып жатыр. Архипелагтың
фаунасын жұтаң, дегенмен оның құрамында көгілдір түлкі, ақ аю, солтүстік
бұғысы сияқты бағалы жануарлар бар. 20 – жылдардың аяғында Шпицбергенге
мускус өгіздері әкелінген болатын, олар қорғауға алынған.
Жаз кезінде Шпицберген жағалауларына көптеген құстар ұшып келеді.

2.2.2 Исландия.
Исландия аралы Атлантика мұхитыынң солтүстік бөлігінде, поляр шеңбері
мен 62° 65´ солтүстік ендік аралығында Шпицбергеннен едәуәр оңтүстік –
батыста жатыр. Исландияның ауданы 103 мың км². Жағалауындағы ұсақ
аралдармен бірге Исландия аралы Исландия республикасының территориясын
құрайды.
Вулкандардың тынымсыз әрекетінің қазіргі кезде басып жатқан мұз бен
және ерекше ылғалды әрі суық теңіз климатымен үйлесіп келуі арқасында
Исландия табиғатының өзіндік ерекшелігі өзгеше. Исландия мұз бен от елді
деп аталады, бірақ оның аңыраған жел жаңбыр мен тұман елі деп те атауға
болар еді. Исландия – түгелдей ежелгі, жас және қазіргі вулкандық
жыныстардан тұратын вулкан әрекетімен пайда болған арал. Аралдың негізі
түрлі түсті базальттық лава қабатынан тұрады, олар неоген дәуірінде
дүмпуге, жарылысқа ұшыраған, мұның өзінде жарықты бойлай қышқыл лавалардан,
күлден және борықтан тұратын вулкандық қоймалжынның жаңа тасқындары болып
тұрған.
Қазіргі кезде Исландия Жердің ең вулканды аймақтарының бірі болып
табылады. Ондай вулкандық әрекеттің барлық белгілері: вулкандық атылуы,
ыстық сулары мен газдардың шығуы, тіпті жаңа вулкандардың пайда болуы
кездеседі. Осыдан бірнеше жыл бұрын Исландияның оңтүстік жағалаулары
тұсында су асты атқылауының нәтижесінде Атлантика мұхиты суының бетіне
бірнеше сағат ішінде жүздеген метр биіктікке жеткен жаңа вулкан көтерілді.
Антропогеннің бас кезінде Исландияның мұз жауып жатқан оның жер
бедеріне және жағалаулары құрылымының ерекшеліктеріне ықпалын тигізген.
Арал жер бедері көбінесе таулы. Ойпаттар 15 бөлігінен де аз жерді
алып жатыр, оның үстіне олардың бәрі батыс пен оңтүстік – батыста. Шығыс
және солтүстікте ойпатты жерлер жағалық бөліктерде ғана кездеседі. Аралдың
көпшілік бөлігі – теңізге қарай тік төңіп тұрған биіктігі 400 – 600 м
базальты үстірт. Жағалық көп жырымдалған, ол әсіресе көптеген фьордтар
сұғына еніп жататын солтүстік және солтүстік – батысты айтарлықтай.
Оңтүстікте және оңтүстік–шығыста базальтты жонтерең техникалық
жарықтармен тілгіленген. Олардың шет жақтарында вулканды конустар мойын
созып тұрады. Исландияның ең қомақты дөңі – Ванайекудль және оған таяу
жердегі Эрайвайекудль маңда Исландияның ең биік шоқысы –
Хавайиннадальсхнукур (биіктігі 2219 м) бар. Оңтүстік жағалыққа жақын жерден
Мирдальсекудль дөңі (1600 м), аралдың орта тұсында Ховсекудль (1700 м),
т.б. орын тепкен. Дөндердің шоқылары атқылап тұрған немесе сөнген
вулкандар. Аралдың оңтүстік – батыс бөлігінде Исландияның ең мазасыз
вулканы (биіктігі 1447 м) – Гекла мойыз созып тұр. Дамыл – дамыл вулкандар
қатты және ұзақ уақыт бойы атқылап тұрады. Осы кезде алқаптар мен
жайылымдарды лықси аққан лава басып қалады, күл көмеді және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Солтүстік Америка мен Еуразияның географиялық орны
ЕУРАЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ. ЕУРАЗИЯ МАТЕРИГІНІҢ АЙМАҚТАРЫНА СИПАТТАМА
АЗИЯНЫҢ БИІК ТАУЛЫ АЙМАҚТАРЫНЫҢ АУДАНДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ІШКІ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ
Еуразияның физикалық картасы
Ландшафтты қалыптастырушы факторлар
Еуразияның климаттық белдеулері
Еуразия мәдениеті және еуразияшылдық мәдениет
Алакөл мұнай кен орнының геологиялық құрылысы
Қазақстан жерінің зерттелу тарихы
Шығыс Қазақстан облысының ластану факторлары
Пәндер