Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы



Мазмұны

Кіріспе 3

I Тарау. Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы.
1.1 Геологиясы. 4
1.2 Жер бедері. 4
1.3 Климаты. 5
1.4 Ішкі сулары. 5
1.5 Топырақ жамылғысы. 6
1.6 Өсімдігі. 6
1.7 Жануарлар дүниесі. 6

II Тарау. Оңтүстік Америка материгінің физикалық географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысына сипаттама.
2.1 Шығыс субконтиненттегі ландшафтардың таралуы 7
2.1.1 Амазония. 7
2.1.2 Гвиана таулы қыраты мен ойпаты. 10
2.1.3 Ориноко жазығы. 11
2.1.4 Бразилия таулы қыраты 13
2.1.5 Тропиктік жазықтар 16
2.1.6 Ла.Плата аймағы 18
2.1.7 Прекордильер 20
2.1.8 Патагония үстірті 21
2.2 Анд тауындағы ландшафтардың таралуы 23
2.2.1 Кариб Анд тауы 23
2.2.2 Солтүстік Анд 25
2.2.3 Орталық Анд 27
2.2.4 Чили . Аргентина Андысы 30
2.2.5 Оңтүстік Анд 31
2.2.6 Отты жер 32

III Тарау.
3.1 Оңтүстік Американың табиғат зоналары 34

Қорытынды 37

Пайдаланған әдебиеттер 39
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Оңтүстік Америка ландшафтысына сипаттама беру, жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әртүрлі табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір–біріне тигізетін әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылықтарын көрсету өзекті болып табылады. Оңтүстік Американың физикалық–географиялық ланшафтысын сипаттау барысында, географиялық кешендердің түрлендіру жолдары, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, сонымен қатар Оңтүстік Американың материгінің физикалық – географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысын ауқымды қарастыру өзекті болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оңтүстік Америка материгінің ландшафтысының таралу ерекшеліктерін құрастырып, оларға сипаттама беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Алдымен әдебиеттермен танысу;
- Алынған әдебиеттерді жинақтау;
- Оңтүстік Америка материгіне физикалық – географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысына сипаттама;
- Курс жұмысының иақырыбын мектеп бағдарламасымен байланыстыру;
- Курстық жұмысқа байланысты суреттер, карталар, құрастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Оңтүстік Америка материгіне физикалық географиялық сипаттама бере отырып, материктің табиғи қалыптасу кезеңдеріне, яғни геологиясы сонымен қатар жер бедері, климаты, ішкі сулары, топырақ жамылғысы және өсімдігі мен жануарлар дүниесі бірінші тарауда айтылып жалпы сипаттама беріліп кетеді.
Курстық жұмыстың негізгі тақырыбын алатын негізгі мәліметтер екінші тарауда жазылған. Онда Оңтүстік Америка материгінің физикалық – географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысына сипаттама беріледі. Жалпы оңтүстік Америкада орналасқан Шығыс субконтиненттегі ландшафтысының таралуы.
Гвиана таулы үстірті мен Бразилия таулы қыраты, Амазонка ойпаты, Отты Жер аралы, Анд тауындағы ландшафтысының таралуы жайлы мәліметтер қарастырылады.
Пайдаланған әдебиеттер

1. Власова Т.В. Материктердің физикалық географиясы. Педагогика институтында география мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған оқулық. Алматы, “Мектеп”, 1985 ж. Издательство “Просвещение” 1976 г.
2. М.Қ. Қаратаев., Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы 1977 ж, 8 – том, 212 бет.
3. География және табиғат №1 (43) – 2008 Қаңтар – ақпан Ж. Аманқұлова “Дамыты оқыту тәсілі” 61 бет.
4. География және табиғат №4 (40)- 2009 шілде – тамыз Ә. Құлахметова “Саяхатшылар ізімен” 22 бет.
5. Притула Т.Ю., Еремина В.А., Спрялин А.Н. Физическая география материков и океанов: Учебное пособие для студентов высших учебных заведений/М.:Гуманитар. изд. центр ВЛАДОС, 2004.-685 с.:ил.
6. Шәріпов Ә. Алыс жағалаулар. Жол жазбалары. Алматы, “Жазушы”, 1970. 18 бет.
7. Молдағұлов Н. Ландшафт.-Алматы: Қазақстан, 1983.-52 бет.
8. Энциклопедия географии.-М.: “Махаон ”, 2001 г.
9. Тальская Н. Н., 2010 г. Атлас. География материков и океанов. Природа. Население. Хозяйство. 7 класс: С комплектом контурных карт.
10. Крылова О.В., География материков и океанов. 7 класс. Атлас. 2008 г.
11. Алексеевский А.А., География: Материки и океаны: В 2 ч.: Ч. 2: Материки планеты Земля: Антарктида, Южная Америка, Северная Америка, Евразия: Учебник для 7 класса общеобразовательных учреждений. 2008 г.
12. Атлас. География. 7 класс. 2009 г.
13. Душина И.В., Коринская В.А., Щенев В.А География материков и океанов. 2009 г.
14. О.В. Крылова. Материки и океаны. М, “Просвещение” 2000 г.
15. Библиотека энциклопедии для юношества. Америка и Австралия.-М.: “Педагогика-Пресс”, 2001 г.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3

I Тарау. Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы.
1.1 Геологиясы. 4
1.2 Жер бедері. 4
1.3 Климаты. 5
1.4 Ішкі сулары. 5
1.5 Топырақ жамылғысы. 6
1.6 Өсімдігі. 6
1.7 Жануарлар дүниесі. 6
II Тарау. Оңтүстік Америка материгінің физикалық географиялық
аудандастыру бойынша ландшафтысына сипаттама.
2.1 Шығыс субконтиненттегі ландшафтардың таралуы 7
2.1.1 Амазония. 7
2.1.2 Гвиана таулы қыраты мен ойпаты. 10
2.1.3 Ориноко жазығы. 11
2.1.4 Бразилия таулы қыраты 13
2.1.5 Тропиктік жазықтар 16
2.1.6 Ла-Плата аймағы 18
2.1.7 Прекордильер 20
2.1.8 Патагония үстірті 21
2.2 Анд тауындағы ландшафтардың таралуы 23
2.2.1 Кариб Анд тауы 23
2.2.2 Солтүстік Анд 25
2.2.3 Орталық Анд 27
2.2.4 Чили – Аргентина Андысы 30
2.2.5 Оңтүстік Анд 31
2.2.6 Отты жер 32
III Тарау.
3.1 Оңтүстік Американың табиғат зоналары 34

Қорытынды 37

Пайдаланған әдебиеттер 39

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Оңтүстік Америка ландшафтысына сипаттама
беру, жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әртүрлі табиғат кешендерінің
ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір–біріне тигізетін әсерін,
құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылықтарын көрсету өзекті болып
табылады. Оңтүстік Американың физикалық–географиялық ланшафтысын сипаттау
барысында, географиялық кешендердің түрлендіру жолдары, табиғат байлықтарын
тиімді пайдалану, сонымен қатар Оңтүстік Американың материгінің физикалық –
географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысын ауқымды қарастыру өзекті
болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оңтүстік Америка материгінің ландшафтысының
таралу ерекшеліктерін құрастырып, оларға сипаттама беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Алдымен әдебиеттермен танысу;
- Алынған әдебиеттерді жинақтау;
- Оңтүстік Америка материгіне физикалық – географиялық аудандастыру бойынша
ландшафтысына сипаттама;
- Курс жұмысының иақырыбын мектеп бағдарламасымен байланыстыру;
- Курстық жұмысқа байланысты суреттер, карталар, құрастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Оңтүстік Америка материгіне физикалық
географиялық сипаттама бере отырып, материктің табиғи қалыптасу
кезеңдеріне, яғни геологиясы сонымен қатар жер бедері, климаты, ішкі
сулары, топырақ жамылғысы және өсімдігі мен жануарлар дүниесі бірінші
тарауда айтылып жалпы сипаттама беріліп кетеді.
Курстық жұмыстың негізгі тақырыбын алатын негізгі мәліметтер екінші
тарауда жазылған. Онда Оңтүстік Америка материгінің физикалық –
географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысына сипаттама беріледі. Жалпы
оңтүстік Америкада орналасқан Шығыс субконтиненттегі ландшафтысының
таралуы.
Гвиана таулы үстірті мен Бразилия таулы қыраты, Амазонка ойпаты, Отты
Жер аралы, Анд тауындағы ландшафтысының таралуы жайлы мәліметтер
қарастырылады.

I Тарау. Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы.
1. Геологиясы.
Оңтүстік Америка жері бірнеше геологиялық мезгілдерде жаралған таулы,
үстіртті, қыратты өңірлерден, жазықтар мен ойпаттардан құралады.
Платформалық шығыс бөлігін биіктігі орташа таулы үстірттер, қыратты
жазықтар мен ойпаттар, қатпарлы геосинклинальдық батысын Анд жүйесі,
солтүстік – шығысын, шығысын Гвиана және Бразилия таулы қыраттары (араларын
Амазонка ойпаты бөледі), оңтүстігін Патагония үстірті алып жатыр. Аталған
таулы қыраттар Оңтүстік Америка (Гвиана, Бразилия) мен Патагония
платформалық көтерілімдеріне, ал Амазония – тау аралық синеклизке сәйкес
келеді. Анд тау жоталарымен, көршілес таулықыраттар аралындағы ойпаңдарда
Ориноко және Ішкі жазықтар (Маморе, Пантанал, Гран–Чако, Пампа жазықтары)
құрылды. Неогендік – төрттік тектоникалық қозғалыстар нәтижесі әсіресе
Бразилия (шығыс жағы) және Гвиана (орталық бөлігі) таулы қыраттарында жақсы
байқалады; мұнда сол кезде шұғыл көтерілулер (Сьерра – да–Мантикейра,
Сьерра–Лу–Мар тау массивтері пайда болды), күшті жарылыстар жүрді.
Дүние жүзіндегі аса күрделі тау жүйелерінің бірі – Анд, палеозой
кезінен басталып қалыптасты; герцин құрылымы Солтүстік және Орталық
Андыдағы шығыс жоталардың негізі болып табылады. Анд бас қатпарлығының
түзілуі бор мезгілінде басталып, бүкіл кайнозой бойы жалғасты; қазіргі
мұндағы вулканизм және сейсмизм құбылыстары тау түзілу процесінің әлі жүріп
жатқанын көрсетеді. Бұл өңірге дә әсерін тигізген альпілік қозғалыстар
кезінде Анд тауларының Кариб Андысы, Батыс Кордильера, Оңтүстік Анд т.б.
бөліктері жаралды. Өте күшті плиоцендік және бұдан кейінгі жас тектоник
қозғалыстар кезінде Анд жүйесі (әсіресе Перу Андысы, Орталық және Солтүстік
Андылар) тағы да жаратылыстарға, опырылыстарға және көтерілулерге ұшырады,
вулканизм процесі күшейді. Қазіргі кеологиялық кезеңде Колумбия, Эквадор,
Орта Чили территориясындағы Анд жоталарында және Орталық Андыда вулканизм
және сейсмизм өте күшті байқалады. Биік шыңдары мұздықтар жамылған.
Оңтүстік Америка платформасының ежелгі архейлік негізі Гвиана, Батыс
және Шығыс Бразилия қалқандарының кей бөліктерінде пенеплен (кейде төбелі
таулы үстірт) ретінде Жер бетіне шығып жатады. Барлық жерлеріндегі ескі
кристалдық және метамофртық жыныстарды континеттік шөгінділер жапқан.
Палеозойлық, мезозойлық және кайнозойлық жыныстар Бразилия таулы қыратының
қалқандары аралығындағы ойыстарда шоғырланған.

1.2 Жер бедері.
Оңтүстік Американың теңіз деңгейінен орташа биіктігі 580 м, жерінің
45%-і ойпатты жазық. Батысы мен солтүстігінен Анд қатпарлы тау жүйесі
қоршап жатыр. Бұл қатпарланып созылған жоталардан және биік үстірттен
құралған. Басты шыңдары: Аконкагуа (6960 м), Ильимани (6862 м), Охос-дель-
Саладо (6880 м), Тупунгато (6800 м), Ускаран (6768 м), Ильямпу (6485 м),
Коропуна (6425 м), Чимборасо (6267 м). Биік жоталары, шыңдары мұздықтар
және көп жылдық қар жамылған; экватор маңында қардың төменгі шегі 4700-5000
м – ден, Отты жерде 700 – 900 м- ден өтеді. Сөнген және сөнбеген вулкандар
Андының әр жерінде кездеседі. Жер сілкінулер болып тұрады. Материктің
солтүстік – шығысында Гвина таулы қыраты орналасқан; оңтүстік беткейі тік,
солтүстік және солтүстік шығысқа қарай көлбей төмендейді; биік шыңы –
Рорайма (2810 м). Бразилия таулы қыраты экскаватор мен 30° оңтүстік ендік
арасын алып жатыр; мұның шығыс бөлігі едәуір көтерілген, Атлант мұхитына
тік беткейлене жалғасады. Ең биік дері – Бандейра шыңы (2890 м). Оңтүстік
Американың оңтүстік – шығысында көтеріңкі Патагония үстірті жатыр, бұл
өзінің шығысында аласарады, Атлант мұхиты жағасында биіктігі 200 м – ге
төмендейді. Анд тауының шығысындағы ойпатты жазық зоналар Ориноко өзенінің
сол жағындағы Ориноко Льяносы деп аталатын ойпаттан басталады. Атлант
мұхитының Ориноко өзенінің оңтүстік – шығысындағы жағасын – Гвиана ойпаты,
экватордың оңтүстігі – аллювийлік Амазонка ойпаты. Оңтүстік Американың
орталық бөлігінде Анд тауы мен Бразилия таулы қыратының аралығында Гран –
Чако жазығы орналасқан, оңтүстікте Гран – Чако аргентиналық дала өңірі –
Пампамен жалғасады.

1.3 Климаты.
Оңтүстік Американың жері негізінен төменгі ендіктерде жатқандықтан,
күн сәулесінің жылылығы мол түседі. Жылдық күн радиациясы 120 – 160
ккалсм², жылдық радиация балансы барлық бөлігі үшін 60 – 90 ккалсм². Жыл
мезгіліне орай жылу режимінің өзгеруі көбінесе қоңыржай, субтропиктік
ендіктерде, тропиктік тау аудандарында байқалады. Материктік солтүстік
жазық бөлігінің оңтүстік тропике дейінгі аралығының орташа айлық
температурасы 20°, 28° С, ең жоғарғы температуралық көрсеткіш 47° С (Гран -
Чакода). Қыста оңтүстіктек келетін қысқы ауа әсерінен Гран – Чако және
Бразилия таулы қыратының оңтүстігінде шамалы үсік түседі. Жауын – шашынның
таралуына Атлант мұхитынан келетін ылғалды тропиктік ауа массаларының әсері
зор. Бразилия тау қыратында 500 – 1000 мм, Амазонка ойпаты мен Гвиана тау
қыр атында 1500 – 2500 мм, Анд беткейлері мен Тынық мұхит жағалауында 5000
– 7000 мм жауын – шашын түседі; қуаң бөлігі Патагония мен Оңтүстік Андыда
200 мм – ге жетпейді.

1.4 Ішкі сулары.
Оңтүстік Америкада климатының ылғалдылығына, жер бедері ерекшелігіне
байланысты өзендер торы жақсы дамыған; ірі өзендердің суы мол. Жылдық ағын
мөлшері 7450 км³. Материктің негізгі су айрықтары – Анд тауының жоталары.
Өзендердің басым көпшілігі Атлант мұхит алабына жатады; бұлардың жалпы
мөлшері Тынық мұхитқа құятын ағыннан 12 есе көп. Өзеңдердің көпшілігі
жаңбыр суымен қоректенеді. Оңтүстік Американың ең үлкен өзені – Амазонка
жыл бойы жауын – шашыны мол экваторлық ойпатпен ағады, көршілес жатқан
аудандардағы ағын түгел осыған құяды. Ірі салалары – Риу – Негру (ұзындығы
2300 км), Мадейра (ұзындығы 3230 км). Амазонканың транспорттық және
энергетикалық маңызы зор 2 орындағы өзен жүйесі – Ла – плата алабы (алабы 4
млн. км²-ден астам). Бұған Парана мен Парагвай және Уругвай өзендері
жатады. Оңтүстік Американың ірі өзендерінің бірі – Ориноко, Гвина таулы
қыратынан басталып, Атлант мұхитына құяды. Оңтүстік Америкада көл онша көп
емес. Қазан шұңқырларының қалыптасуы жөнінен бұлар тектоникалық, мұздық,
вулкандық, лагуналық топтарға бөлінеді. Ірі көлдері – Титикака (Анды таулы
үстіртінде), Поопо.

1.5 Топырақ жамылғысы.
Оңтүстік Америкада тропиктік қызыл және саванналық қызыл қоңыр топырақ
басым (әсіресе солтүстігі мен орталығы). Бразилия таулы қыратының солтүстік
– шығысында қоңыр және сұр топырақ, Атлант мұхиты жағалауында субтропиктік
қызыл, материктің оңтүстігіне таман саванналық қара, Анд тау беткейлерінде
қызыл, жоғарғы жағында таудың шалғын топырағы таралған.

1.6 Өсімдігі.
Өсімдігі жөнінен Оңтүстік Америка 2 ботаника – географиялық аймақ
құрамына кіреді. Материктің 40° оңтүстік ендікке дейінгі солтүстік бөлігі
неотропиктік, оңтүстік жағы антарктикалық аймаққа кіреді. Өсімдік түріне
өте бай; бұлардың ішінде жабайы лобия (бұршақтың бір түрі), картоп және
шоколад, хина, каучук ағаштары, кокос, шарап пальмалары т.б. бар. Бразилия
территориясының өзінде 40 мыңнан астам өсімдік өседі. Қалың орманды
алқаптар Амазонка ойпатының едәуір бөлігін, Ориноко ойпатын, Бразилия және
Гвиана таулы қыраттарының беткейлерін алып жатыр.
Материктің тау аралық ойыстары саванна жамылған. Мұнда биік шөптесін
өсімдіктер, кактус түрлері кездеседі. Гран – Чако жазығындағы өңірлерде
тікенді бұталар өседі. Тынық мұхит жағалауындағы Оңтүстік Америкалық
субтропиктік өсімдіктер түрлерінің жерорта теңіздік өсімдіктерге көптеген
ұқсастық жақтары бар. Мұнда да мәңгі жасыл жапырақты бұталар басым.

1.7 Жануарлар дүниесі.
Оңтүстік Американың қазіргі фаунасы флорасы сияқты бордың аяғында
қалыптаса бастады. Кайнозойдың ортасында басқа материктердің бөлінуіне
байланысты фаунасында эндемиктік түрлер басым. Мұнда қалталы жануарлар, кең
танау маймылдар, құмырска жегіштер, кинкажы аюы (жанат тұқымдасы), жалды
қасқыр. Жер бетіндегі ең ірі кеміргіш – капибара су шошқасы, өзен –
көлдерінде өзен дельфині, балықтардың екі мыңдай түрі т.б. мекендейді.
Бауырымен жорғалаушылардан ұлы жылан, су анакондасы, кесіртке, тасбақалар,
эндемиктік насекомдордан өрмекші тәрізділер саванналар мен сирек ормандарда
бұғының ұсақ түрлері, нанду түйеқұсы, оңтүстіктегі ашық даласы мен шөлейтті
жазықтарында пума, пампа бұғысы, магеллан иті, құндыз, қама, лама,
көзілдірікті аю, жүгіргіш паламедей, тинаму, Дарвин түйеқұсы кездеседі.
II Тарау. Оңтүстік Америка материгінің физикалық географиялық аудандастыру
бойынша ландшафтысына сипаттама.
2.1 Шығыс субконтиненттегі ландшафтардың таралуы.
Оңтүстік Американың құрылымы платформалық және жер бедері көбіне жазық
болып келетін шығыс бөлігі солтүстік субэкваторлық және оңтүстік қоңыржай
климаттық белдеулердің аралығында жатыр.
Оның шегіндегі жердің формасына қарай бөлінуінің басты факторларына,
бір жағынан, платформаның құрылымы мен жер бедеріндей айырмашылықтар (кең –
байтақ қалқаңдар мен платформалық синеклизалардың алмасып келуі), екінші
жағынан, зоналық құрылымы жатады. Бұған қоса материктің пішінінің –
экваторлық бөлігінде барынша кеңіп, оңтүстікке таралуының, Тынық мұхит
жағынан тау тосқауылы болып, Атлантика жағынан анағұрлым ашық болуының мәні
зор.
Жер бедеріне қарай бөлінуінде (олай болса, территориялық табиғат
комплекстерінің жекеленуінде) платформаның мұхит маңы және геосинклиналь
маңы шеттерінің орогендік күшеюінің, сонымен бірге Бразилия таулы қыраты
мен Прекордильераның эпиплатформалық таулары түзілуінің үлкен маңызы бар.
Оңтүстік Америка Шығысының осы ерекшеліктерінің бәрі оның табиғатының
жер формасының бөлінуіне қарайғы күрделі бейнесін қалыптастырады және айқын
жекелеген табиғат аймақтары жүйесін ажыратуға мүмкіндік береді.

2.1.1 Амазония.
Амазония табиғатының негізгі ерекшелігі оның жер бедерінің жазық
болуына, континенттің ұзақ уақыт дамуы мен экватор маңындағы орнына
байланысты. Ол – жер бетіндегі ыстық ылғалды климат пен ылғалды тропиктік
ормандардың, сондай – ақ суы мол өзен жүйесінің ең зор аймағы,
Амазонияның шекарасын Бразилия пен Гвиана таулы қыраттарының
беткейлері және Анд тауының шығыс етегі айқын белгілеп тұрады. Солтүстікте
табиғат жағдайына қарай оған Ориноко ойпатының оңтүстік шеті мен Пардаос
аласа тау сілемдерін жатқызуға болады.
Амазонка ойпаты ұзақ уақыт бойы шөккен алап, соған орай оның бүкіл
территориясында дерлік биіктік шамалы және жер бедері бірыңғай тегіс болып
келеді. Тіпті, Анд тауының етегі маңында да оның жер бетінің биіктігі теңіз
деңгейінен 100 м – ден аспайды. Тек оңтүстік – батыста ғана Анды жағынан
терең өзен аңғарларымен тілімденген құм тасты үстірттер, ал солтүстік –
батыста тектоника жағынан Гвиана таулы сілемі (900 м) бой түзеп тұрады.
Шығыста платформаның ежелгі негізі көтеріңкі және жер бетіне біршама
таяу жатыр. Бұл жергілікті жердің теңіз деңгейінен жаппай 200 – 250 м дейін
көтерілуіне және өзен аңғарларының тереңірек тілемденуіне әкеліп соғады. Ең
терең аңғарларда кристалды тау дыныстары ашылып жатады. Су жайылған кезде
террассалардың айқын кемерлерімен және негізгі жағалармен шектелген
өзендердің біршама енсіз жайылмаларын ғана су басады.
Амазонканың сағалық бөлігінде оның аңғары қайтадан кеңейеді, ішінара
су басқан кең – байтақ атырауға айналады. Атырауында өзен жан – жаққа
тарамдалып кетеді де, салалардың, тармақтардың және көлдердің барып тұрған
шытырманынына айналады.
Амазонияның орта және батыс бөліктеріне экваторлық климат тән. Онда
февральдан июньге және октябрьден январьға дейінгі жаңбыр өте мол жауатын
екі кезең болады.
Амазонияның солтүстік және оңтүстік шет аймақтарында мол жауын – шашын
кезеңдері әрбір жарты шардың жазына сәйкес келетін бір кезеңге бірігіп
кетеді. Онда жылдың ылғалды кезеңі өте ұзаққа созылады, құрғақ маусым
кезінде де жауын – шашын жауады, бірақ оның мөлшері елеулі азаяды.
Ең ұзақ құрғақшылық кезең Манаустан шығысқа таман, оңтүстік жарты
шардың пассаты сағатын жерде болады. Онда декабрьден майға дейін жаңбыр мол
жауады және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 95% - ке жетеді, июньнен
декабрьге дейін жауын - шашын мөлшері мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығы
анағұрлым аз болады.
Бүкіл Амазонияға маусымдық айырмашылығы шамалы, жоғары және бірқалыпты
температура тән. Температураның тәуліктік ауытқуы температура жылдық
ауытқуынан көп асып кетеді. Өте қатты ыстық болмайды, бірақ +24, +27° С
температураның өзін адам ауаның ылғалдылығы жоғары болуына және тундра
салқын түспеуіне байланысты ауырсынады.Жаңбыр әдетте түстен кейін әрі ұзақ
нөсер болып жауады, ал кеште және түнде ашық ауа райы орнайды. Климат
жағдайларының бұл ерекшеліктері сан алуан түрлі өсімдігі ну болып өсетін
ылғал сүйгіш тропиктік ормандардың дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Амазонка ойпатынының ылғалды тропиктік орманының құрамы мен сыртқы
көрінісі өзеннің қайсыбір бөлігіне қарай, орналасу орнына байланысты
өзгеріп отырады. Амазонка мен оның салалары суының мезгіл – мезгіл басып
кетуі өсімдікке үлкен әсер етеді. Осыған орай ойпаттағы орман өсімдігінің
бірнеше типі болады: жылына бірнеше ай бойы су басып жататын өзен
аңғарындағы ормандар (жергілікті халық оларды “игапо” деп атайды); су қысқа
мерзім басатын өзен аңғарының аңғарындағы ормандар (олар “варзея” деп
аталады); мүлде су баспайтын суайрық кеңістіктегі ормандар (“эте” деген
атпен белгілі). Бұған қоса Амазонканың өзінің және басқа өзендердің су
өсімдігі, сондай – ақ Атлант жағалауының мангра тоғайлары бар.
Өзен бойындағы ұзақ уақыт су басатын территорияның өсімдігі оншалықты
бай емес. Су басатын өңірде, әдетте, топырақ жамылғысы болмайды, және
батпақты тұнба басып жатады,ол ағаштардың діңін бірнеше метр биіктікке
дейін орап әкетеді. Мұндай ормандарда жер беті өсімдік жамылғысы мен орман
шілігі болмайды, ал онда өсетін биік ағаштардың тыныс алатын тамырлары және
тіреуіш тамырлары болады. Игапоға жалпақ ақшыл түсті жапырағы және тіреуіш
тамырлары бар биіктігі орташа ағаш цекропия тән болады. Сондай – ақ
лианалар және ашық, әрі әдемі гүлдейтін эпифит өсімдіктері көп. Тоспа және
баяу ағатын сулардың бетін әртүрлі балдырлар мен су өсімдіктері жауып
жатады.
Олардың ішіндегі ең көрнекісі тұңғыиқтар тұқымдасына жататын,
жапырағының диаметрі 2 м – ге дейін жететін және 50 кг – ға дейін жүк
көтере алатын викротория – регия. Оның хош исті ірі гүлдері гүлдеу кезінде
түсін бірте – бірте ақтан қара қощқылға дейін өзгертеді, ал тұқымы жеуге
жарамды болады, оны жергілікті халық тамаққа пайдаланады.
Амазонияның суайрық ормандары 10 – 12 қабаттан тұрады. Бұл ормандар
құрамында өсімдіктердің орасан көп түрлері бар, олардың кейбіреулері су
басатын кеңістіктердің ормандарында өсетін түрлер. Бұл ормандарда басым
болған ағаш топтары қалмаған. Өсімдік түрлері көп – ақ, бірақ бір түрге
жататын особьтар саны, әдетте көп емес. Жоғарғы қабаттарда кездесетін ағаш
– бертолетия немесе кастанья. Кастаньяның қасында сейба алып ағашы, т.б.
туыстарға жататын пальма, лавр, мирта, мимоза, бұршақ тұқымдастар өсе
береді. Олардың көпшілігі бағалы құрылыс материалын және жөндеу жұмыстарына
жұмсалатын ағаш сүрегін береді, басқа біреулерінің жемісі тамаққа және
әртүрлі бұйымдар жасауға пайдаланылады. Жер беті жамылғысында сабағы мен
жапырағы үлкен алуан түрлі ірі шөп өсімдіктері, биіктігі бернеше метрге
жететін папоротник, ірі ашық гүл жаратын бромелия, кани тұқымдастары көп;
су басатын ормандарда кездеспейтін астық тұқымдастар, қоғашықтар,
марантустар өседі. Ағаштар мен жерде төсеніш тәрізденіп, шырмауық
тәрізденіп және оралып өсетін өсімдіктер аса көп, олардың сабағының
жуандығы мен беріктігі арқаннан кем түспейді.
Амазонияның жануарлар дүниесі былайша алғанда өте бай болғанымен, адам
аяғы баспаған орманда бұл байлық бірден көзге түске қоймайды. Амазонияның
қалың тропиктік ормандарында ірі жануар көп емес. Олардың көпшілігі
ормандардың шет аймақтары мен өзен бойларында кездеседі. Құстар мен
насекомдар, бауырымен жорғалаушылар мен қос мекенділер басым.
Әсіресе Амазонка мен оның салалары жануарлар дүниесіне бай. Онда
балықтардың 2000 – ға тарта түрі, солардың ішінде жыртықш пираньялар, ірі
сүт қоректілер (ламантиндер, тұщы су дельфиндері, кішкене су шошқалары),
бауырымен жорғалаушылар (өзен тасбақалары, қаймандар) өседі. Өзендер мен
көлдердің жағалауларында уақытының көбін суда өткізетін алып аждаhар
анаконда тіршілік етеді.
Аймақта өңделген жер аз. Амазония флорасының көптеген бағалы
өсімдіктері (гевея, какао ағашы, бразилия жаңғағы т.б.) ертеден бері
Оңтүстік Американың көптеген аймақтарында және басқа материктерінде көптен
өсіріліп келеді. Бірақ оларды өз отанында қазіргі кезге дейін түгелдей
дерлік жабайы өсімдіе ретінде пайдаланады: осы уақытқа дейін Амазонияда
гевеяның каучук шырынын жабайы өсетін ағаштарды керту арқылы жинау орын
алып келеді және бұл бағалы өсімдік қолдан өсірілмейді десе де болады;
бразилия жаңғағын егіп өсіру Малакка түбегінде кең тараған, ал Амазонияда
халық жабайы өсетін ағаштардың түсіп қалған жаңғақтарын ғана жинайды.
Амазонияның үндіс халқының көпшілігі жеміс немесе әртүрлі жануарларды,
мысалға ірі сүт қоректі ламантиндерді, сонымен бірге берік және әдемі
терісі, жоғары бағаланатын крокодилдерді аулап, көшіп – қонып жүреді.
Жергілікті халықтың табыс көзінің бірі – тасбақаның дәмді де нәрлі
жұмыртқасын жинау. Тасбақалар топталып жұмыртқалайтын жерде олардың саны
жүздеген мыңға жетеді.

2.1.2 Гвиана таулы қыраты мен ойпаты.
Атлант мұхиты жағалауына Ориноко ойпатына дейін жер беті бірте – бірте
кең саты түрінде көтеріле береді. Теңіз маңы өңірін батпақты ойпат алып
жатады, ол әрі қарай кристалды жыныстардан түзілген баяу көтеріле беретін
тегіс үстіртке өтеді. Оңтүстік – батысқа қарай жер беті тау жыныстарынын
түзілген шоқы – шоқы болып көрінетін кәдуілгі кристалды мүжілген тауға
айналады.
Гвиана таулы қыраты орталық бөлігінде өте – мөте биік және тілемденген
болады. Беті кристалды жыныстарының үстінде жатқан протерозой
жамылғысындағы түрлі түсті құмтас және кварцитпен жабылған жеке массивтер
2000 м – ден асып кетеді, ал тау қыратының ең биік массивтері (Рорайма және
Аяун - Тепуа) 2772 және 2950 м – ге жетеді. Кей жерлерде жер бедері
опырықтармен күшті кесінделген, биіктігі 2000 м – ге дейін баратын және
одан да асатын қырқалар кездеседі (Пакараима т.б.).
Ең биік массивтердің төрткүл бастарында орман өспейді және оларды
түзетін жыныстар әртүрлі – сұр, ақ, қызыл түстерге боялған. Олар, әсіресе,
беткейлерін жауып жатқан көктің арасында көз тарарлықтай оқшауланып тұрады.
Рорайма қызыл массивін жергілікті үндіс тайпалары қасиетті деп есептейді
және оған байланысты әртүрлі аңыздар бар. Қазіргі кезге дейін адамдар оның
маңына бара алмайды десе де болады.
Тау қыратының қия, сатылы беткейлерінен ағатын өзендер биік кемелерді
басып өтеді де, көптеген сарқырама жасайды. Әсіресе, тау қыратының орталық
бөлігін басып өтетін өзендерде – тау қыратының аса биік массивтерінен
түсетін және құмтас пен кварциттердің қия жарларын жарып өтетін Карони мен
оның оң жақ салаларында орасан зор сарқырамалар көп.
Негізгі климат айырмашылықтары жауын–шашынның режиміне байланысты.
Солтүстік шығыста, яғни Атлант маңы ойпатында және тау қыратының
беткейлерінде бүкіл жыл бойы жауын – шашын түседі. Сәл байқалатын минимум
экваторлық муссон солтүстік – шығыс пассатымен ауысатын күз айларына тура
келеді. Оңтүстік – шығыста қысқа мерзімді құрғақ кезең оңтүстік жарты
шардың қыс айларымен тұстас келеді. Тау қыратының ішкі бөліктерінде –
батыста және оңтүстік – батыста құрғақ кезең солтүстік жарты шардың қысында
болады, ал ол жаңбыр апрельден сентябрьге дейін түседі.
Шамалы биіктіктерде температура біркелкі және жоғары (орташа айлық
температура +26, +28° С) болады. Ол тауға көтерілгенде төмендейді, бірақ
оның жылдық ыңғайы бірсыдырғы қалпында қалады. 2000 м шамасындағы биіктікте
температура, әдетте, +10, +15° С – ден жоғары көтерілмейді.
Өсімдік жамылғысы жауын–шашын режиміне және жер бетінің теңіз
деңгейінің биіктігіне байланысты. Биіктік белдеулік тау қыратының оңтүстік
және оңтүстік – батыс бөліктерінде өте – мөте айқын.
Атлант мұхиты жағалауын бойлап мангра тоғайлары тараған, олар мұхиттан
алыстаған сайын ылғалды тропиктік ормандарға айналады. Бұл ормандар
батпақтармен немесе әртүріл тропиктік дақылдар плантацияларымен кезектесіп
ауысып отырады.
Ылғалды тропиктік ормандар сонымен қатар өзен аңғарларын бойлап тау
қыратының ішкі бөліктеріне енеді. Бұған қоса олар оңтүстікте тау
беткейлерінің төменгі бөліктерін жауып жатады. Алайда жер бетінің көп
бөлігін саванна алып жатыр, тау қыратының ішкі бөлігінің тегіс
үстірттерінде саванна кең тараған және тау беткейлерін 400 – 500 м
биіктікке дейін жауып жатады. Саваннада қалың әрі биік шөптердің арасында
әдем і сымбатты пальмалар өседі.
Ылғалды тропиктік ормандар мен саванналар биіктікке көтерілген сайын
флоралық құрамы өте алуан түрлі және әдемі, әрі ашық гүлдейтін өсімдіктері
көп таулы тропиктік ормандармен ауысады. 2000 м – ден биігірек жерде тау
орманы бұталарға және ірі, бояуы қанық гүлді шөптерге ауысады. Тау
қыратының ең биік басында өсімдік өспейді, ол тастақ болып жатады.
Гвиана таулы қыраты аймағы, әсіресе, оның ішкі бөліктері әлі де болса
зерттелген және оны елсіз деуге болады. Елді мекендер мен плантациялар
негізінен жағалық аудандарға шоғырланған. Көптеген елді мекендер аймақта
қоры мол боксит, марганец рудасы өндірілетін жерлерде, алмас пен алтын кең
орындарының маңында пайда болған. Гвиана таулы қыратының орталық
бөлігіндегі ормандарда қашқын құлдардың ұрпағы – “орман негрлері”
дейтіндердің қарапайым егіншілікпен айналысатын тайпалары тіршілік етеді.
Кейбір үндіс тайпаларының сыртқы дүниемен байланысы жоқ десе де болады.

2.1.3 Ориноко жазығы.
Аймақ Атлант мұхиты жағаларынан оңтүстік – батыста Амазония орманды
алқабына дейін созылып жататын кең – байтақ өңір құрайды. Оңтүстігінен және
солтүстігінен ол Гвиана таулы қыратымен және Солтүстік Анд тауларымен
шектелген.
Жер бедерінде бірнеше эрозиялық сатылар айқын көрінеді. Ең төменгі
саты – Ориноко өзенінің және оның салаларының бойындағы ойпат. Бұл ойпат
барлық жерінде дерлік мұхит деңгейінен 100 м – ден аспайтын биіктікте
жатыр. Оның Атлант мұхиты маңындағы бөлігін сусымалы шағыл құм алып жатады.
Ойпатта биіктігі 200–300 м дөңес алаптар оқшауланып тұрады. Олар
солтүстікте және оңтүстікте кездеседі.
Тау алдындағы мессадан гөрі биігірек үстірт тәрізді бөлік пьемонт деп
аталады. Оларды кей жерлерде кристалды жоталар – сьерралар кесіп өтеді.
Месса мен пьемонт бетін Ориноконың ең ірі салалары – Метаның, Апуреннің
және Гуавьяренің терең аңғарлары тілімдеген. Гуавьяреннің аңғарын аймақтың
оңтүстік шекарасы деп есептеугек болады.
Аймақ климатының басты ерекшелігі – жауын – шашынның маусымдылығы.
Жаңбырлы кезең шамамен алғанда апрельден октябрьге дейін, құрғақ кезең –
ноябрьден мартқа дейін созылады. Оңтүстік аудандарға қарағанда солтүстік –
шығыс пассат анағұрлым бұрын келетін солтүстікте қуаншылық кезең ұзағырақ
болады, жаңбырлы маусым жазғы үш айға ғана созылады. Оңтүстікке қарай жауын
– шашынның экваторлық режиміне ауысқанда жаңбырлы кезеңнің ұзақтығы бірте –
бірте артады. Жауын – шашынның жалпы жылдық мөлшері солтүстікте 800 мм,
оңтүстікте – 1000 мм- ге дейін. Мұның өзінде бүкіл жыл бойы +20° С – ден
төмен түспейтін температура басым. Құрғақ маусымның солтүстік – шығыс
пассат соғатын ең құрғақ айларының өзінде орташа температура шамамен +25,
+26° С болады, ал ылғалды маусымның басы мен соңында 29° С – қа дейін
жетеді.
Венесуэла мен Колумбияның жергілікті халқы ылғалды астрономиялық жазды
– қыс деп, ал құрғақ қыс кезін – жаз деп атайды. Жаңбырлы маусымда өзендер
кемерінен аса суға толады да, тасиды. Төменірек болатын батыс бөлігінде –
Аласа Льяностарда – бұл жағдайда көптеген километрге созылып кететін тұтас
су айдындары пайда болады. Бұл кезеңде кейбір аудандар мүлде адам өте
алмайтын жағдайға келеді, бірақ оның есесіне көп жерде жалғыз дерлік
қатынас жолы болып табылатын өзендерде кеме қатынасы жағдайы жақсарады. Су
қайтқаннан кейін кең көлемді батпақ жерлер пайда болады. Олар тропиктік
безгек таратын насекомдардың таралу ошағына айналады. Жаңбырлы кезде
өсімдік қаулап өтеді–астық тұқымдастар жайқалып өсіп, көгереді, ағаштар мен
бұталар жапырағын жамылады.
Оңтүстікке қарайғы бағытта ағаш өсімдігі бірте – бірте үлкен алқапты
алады, өзен бойларында көбіне пальмалардан тұратын қалың галерея ормандары
көсіліп жатады.
Жылдың құрғақ кезінде су қоймаларының көбі таяздайды, кейде олардың
суы мүлде кеуіп кетеді. Бұған әрдайым соғып тұратын құрғақ солтүстік –
шығыс жел, ауа температурасының жоғары және күннің әрқашан шық болуына
жағдай жасайды. Өзендердің көпшілігі кеме қатынасына жарамай қалады. Ауада
шаң көтеріледі, көптеген ағаштың жапырағы түседі, шөп қурап кетеді. Тек
өзен жайылмаларындағы кейбір ағаш қана көгерген қалпында қалады және
кактустар мен құрғақшылыққа жақсы төзетін басқа да өсімдіктер өздерінің
әдеттегі түрін жоймайды.
Ориноко жазығы қазіргі кезге дейін нашар игерілген, халық сирек
қоныстанады. Тек аздаған жерде жүгері, маниок, мақта, банан өсірілетін
өңделген алаптар бар. Мал шаруашылығы өркендеген, бірақ жайылым ретінде мал
жаюға жарамды жерлердің шағын бөлігі ғана пайдаланалады.
Төменгі Ориноко аңғарында, өндіруші өнеркәсіп дамыған Венесуэланың
территориясында, халық едәуәр тығыз, ол жерде жаңа қалалар мен поселкелер
пайда болуда, өңделетін жердің көлемі ұлғаюда, саваннаны асфальттанған
жолдар кесіп өтеді.
Жануарлар дүниесі алуан түрлі және жақсы сақталған. Аймақты жыртқыштар
– пума мен ягуар тіршілік етеді, олар жабайы шошқаға (пекариге) және басқа
шөп қоректі жануарларға шабуыл жасайды, сонымен бірге үй малын ұстап әкетіп
жейді. Өзен бойларындағы батпақты тоғайларда тапир кездеседі, саваннаның
ашық жерлерінде құмырсқа жегіштер мен сауыттылар тіршілік етеді. Саваннада
термиттер құрылыс салады, өте – мөте құрғақ кезде көбейіп кететін басқа да
насекомдар көп.

2.1.4 Бразилия таулы қыраты.
Аймақ табиғатының басты ерекшеліктері таулы үстірттер мен төрткүлді
үстірттердің көп болуына және субэкваторлық климат пен тропиктік климаттың
басым болуына байланысты.
Эрозиялық процестердің ұзақ әсер етуі және таяу уақыттағы тектоникалық
қозғалыстар тау қыраты өңірінде алуан түрлі жер бедерін түзген. Онда ежелгі
кристалды мүжілген алаптары шөгінді жыныстардан түзілген оқшау қыраттармен,
жанар таулық үстірттермен және кайнозойдағы жарылу мен көтерілу нәтижесінде
пайда болған жақпарлы жоталармен ұштасып жатады.
Таулы қыраттың ең биік бөліктері Атлант мұхитына таяу жатыр және одан
енсіз жағалау өңірімен ғана бөлінген. Барлық жерде дерлік жағалық сызықта
таяу арада болған жердің төмен түсуінің ізі байқалады. Кей жерлерде
жағалауға қолайлы айлақ болып табылатын шағын үшкіл қойнаулар кіріп тұрады.
Осындай қойнаулардың бірінің жағасында Бразилияның ірі қаласы – Рио – де –
Жанейро орналасқан. Одан солтүстікке және оңтүстікке қарай тау қыратының
шеті біраз кейін шегінеді. Атлант мұхитының жағасын бойлап толысу кезінде
ішінара су басатын құмды жағажайдың байтақ өңірі жатыр.
Бразилия таулы қыратының шығыс және оңтүстік – шығыс бөктері Атлант
мұхиты жағынан биік және күшті тілімденген тау жүйесі сияқты болып
көрінеді. Шығыс Бразилия қалқанының шеткі бөлігінің неогенде бөлшектенуінің
және көтерілуінің нәтижесінде биіктігі 2000 м – ден асатын жоталар немесе
сьерралар пайда болған. Жағалаудың мұнан кейінгі төмен түсуінен
сьерраллардан Рио – де – Жанейро қойнауын қоршап жатқан төбелері бас қант
тәріздес аралдар бөлінген. Тау қыратының бұл бөлігінің қойнауында темір
және марганец рудаларының, радиоактивтік элементтердің, алмастың және
алтынның бай кен орындары бар.
Орталық аудандарда жұрнақ таулы үстірттер бар, оларға өзеннің терең
аңғарлары ішкеріліп кіреді.
Батыста және орталық бөлігінде кристалл тау жыныстарын палеозой мен
мезозой кезіндегі әк тас пен құмтас қабаттары жауып жатады. Өзендер оларды
биік, қия беткейлі төрткүл қыраттарға (шападаларға) бөлшектейді. Жоғарғы
Парана бассейнінде кристалды негіздің беті триас лавалары қабатының астында
қалады. Олар сатылы үстірт жер бедерін құрайды. Бұл үстірттердің
сатыларынан Парана мен оның көптеген салалары құлап ағады да, шоңғалдар мен
сарқырамалар (Игуасу, Сети – Кедас, Урабуганга т.б.) жасайды. Шоңғалдар мен
сарқырамалар кристалды үстірт бөктерін басып өтетін өзендер де көп.
Батысында және солтүстігінде Бразилия таулы қыраты ойпаттармен
шектеседі. Тропиктік оймандар жауып жатқан ойпатты алаптар өзен аңғарларын
бойлап тау қыратының шегіне ішкерілей кіреді.
Cолтүстікте ылғалды кезең неғұрлым ұзақ уақытқа созылады, соған орай
температура әлгіден де гөрі бірқалыпты болады, жыл бойы өзгермейді дерлік.
Тау қыратының ішкі және солтүстік бөліктерін Амазонканың салалары –
Шингу мен Токантинс суландары жатады. Өзен торы өте жиі, барлық ағыс жаз
бен күзде тасиды, ал жылдың қалған уақытында су деңгейлі өте төмендеп
кетеді. Шоңғалдар мен сарқырамалардың көптігіне байланысты өзендері кеме
жүзуге жарамсыз, бірақ су энергиясының қоры өте мол болады.
Шығысқа қарай климат жағдайында едәуір өзгеріс байқалады. Тау
қыратының солтүстік – шығыс бөлігінде ылғалды маусым жыл ішінде үш айға
дейін қысқарады, ал жауын – шашын мөлшері 1000 – 400 м – ге дейін азаяды,
сонымен бірге оның жылдық жиынтық мөлшері жыл сайын күрт ауытқиды. Оңтүстік
– шығыс пассаттар ылғалының көпшілігін жағалауда қалдырады да, тау
қыратының ішкі бөлігіне біршама құрғақ күйінде келеді. Экваторлық ауа
солтүстік – шығыс дөңіне ерқашан өзгермеген күйінде жете бермейді.
Солтүстік – шығыстың жалғыз ірі өзені – Сан Франсискудің режимі өте
тұрақсыз, бірақ соған қарамастан, оның шоңғалдаған бос жеке алаптары кеме
қатынасына пайдаланады. Өзеннің шоңғалды алаптарында электр станциялары
салынған. Соңғы жылдары жер суару мақсатында шығын өзендерде бірқатар ұсақ
су қоймалары жасалған.
Сьерралардың Атлант мұхитына қараған беткейлері мен жағалау жазығында
жауын – шашын мөлшері күрт артады және ол бүкіл жыл бойы үзбей жауады десе
де болады. Ол жерлерден жоғарғы Парана жүйесінің көптеген өзендері басын
алады. Су ресурстары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында интенсивті
пайдаланылады. Тау қыратының бұл бөлігінде Бразилияның ең ірі су
станциялары мен су қоймалары салынған.
Бразилия таулы қыратында саванналар мен тропиктік сирек ормандар басым
болады. Негізгі тау жыныстарын жауып жататын қалың және ежелгі үгілу қабығы
тау қыратының барлық дерінде топырақтың аналық тау жынысы болып табылады.
Оның үстінде тау қыратының ішкі бөліктерінде қызыл және қызыл – қоңыр
топырақ, ал Атлант жағалауының ұдайы ылғалды аудандарында – қызыл
латериттік топырақ түзіледі. Көбіне саваннаның екі типі: кампос – лимпос
және кампос – серрадос таралған. Кампос – саваннаның Бразилияла қабылданған
жалпы аты. Кампос – лимпостың ерекшелігі онда ағаш өсімдігі мүлде
кездеспейді. Қалың өскен шөп теңіз бетіндей төрбеліп тұрады, осынысымен
қоңыржай белдеудің даласына біршама ұқсап кетеді.
Тау қыратының өте құрғақ болып келетін солтүстік – шығысында кәдуілгі
саванна бірте – бірте ерекше тропиктік орман каатингаға айналады. Мұнда
өсімдік ұсаққа созылатын қуаңшылыққа, саваннаның өсімдігінен де гөрі
бейімдірек келеді, ал топырақ жамылғысында қоңыр – қызыл, тіпті, қоңыр –
қышқыл топырақ кездеседі. Каатинганың өсімдік жамылғысы ағаштар мен
бұталардан тұрады, шөп, әсіресе астық тұқымдастар мен күрделі гүлділер
мүлде жоқтың қасы. Ағаштардың көбінің діңі қампиған және сүрегі жұмсақ
кеуек болып келеді, онда ылғалдың мол қоры жиналады. Басқа ағаштардың діңі
жіңішке, бөрік басы өте – мөте аумақты. Өте көп ағаш пен бұта
өсімдіктерінің тікеніктері болады. Осының бәрі өсімдіктер бір – бірінен
айтарлықтай қашықтықта тұрса да, жергілікті жерде жүруді өте қиындатып
жібереді. Каатинганың өзіне тән өсімдіктерінен алуан түрлі пішіндегі
кактустар, опунциялар мен сүттігендер көңіл аударарлық. Сүттігендердің
ішінде каучук тұқымдастары бар. Сондай – ақ пальманың бірнеше түрлері,
соның ішінде балаусыз пальмасы карнауба кездеседі.
Тау қыратының шығыс шетін бойлап, сьерралардың беткейлері мен төбелі
жағалау жазығында ылғалды тропиктік орман өседі. Олар нақ мұхиттан мангра
тоғайларының жалпақ өңірі түрінде басталады, ол әрі қарай Амазония
ормандарына өте ұқсас орманға айналады. Онда цекропиялар, пальмалар, ағаш
тәріздес папоротниктер, лианалар, соның ішінде өзгеше лиана – бамбук,
әртүрлі эпифиттер таралған. Таулардың мұхитқа қараған беткейлерінде орман
құрамының және оның сыртқы түрінің биіктікке байланысты өзгеруі жақсы
байқалады. 1800 – 2000 м биіктікте бірте – бірте пальмалар мен ағаш
тәріздес папортниктер жойылып кетеді, лианалардың бір түрлері басқа
түрлерімен ауысады, ағаш өсімдігі сирейді, бірақ оның есесіне шөп өсімдігі
анағұрлым қалың бола бастайды, барған сайын жапырағын түсіретін өсімдіктер
жиі кездеседі, өйткені қысқы температура енді едәуір төмен болады. 2100 –
2200 м биіктікте, ағаш өсімдігінің жоғарғы шегінде, мәңгі жасыл өсімдіктер
мүлде жойылады. Бұдан жоғарыда биік тау шалғындары, ал одан кейін кең –
байтақ шымтезек батпақтары бар тундраға ұқсас ландшафт басталады.
Батпақтарда сфагнум мүгі, әртүрлі қыналар және шықшылдық шөптер өседі.
Бразилия таулы қыратының аса биігінде қыста желді ауа райы басым болады,
қар түсетін кез де болады, түнде температура – 5, -7° С – ге дейін
төмендейді.
Қиыр оңтүстік шығыста, субтропиктік белдеумен шекара бойында, Атлант
мұхиты жағалауында, қызыл топырақта бразилия араукариясы орманы Парагвай
шайы шілігімен аралас өседі. Араукарияның құнды сүрегіне бола бұл ормандар
көп шабылуда.
Ормандар мен саванналарда құмырсқа өте – мөте көп. Олардың
кейбіреулері адам тұрағына таяу қоныстанады да, адамдарға үлкен қолайсыздық
тудырады. Саванна ландафтысына тән бейне бір ерекшелік – термит илеуі.
Бразилия таулы қыратының территориясын халық әркелкі мекендеген, және
ала – құла игерілген, сондықтан табиғат ландшафтыларының өзгеру дәрежесі де
аймақтың әр бөліктерінде әртүрлі. Атлант мұхитына іргелес өңір көбірек
қоныстанылған. Парана байссейнінде жыртылған жерлердің ең көлемді аудандары
шоғырланған, онда темекі, банан, жүзім шыбығы өсіріледі. Өзен
аңғарларындағы суармалы жерлерде күріш плантациялары бар.
Ылғалды солтүстікте қрнт құрағы мен зәйтүн пальмасы, құрғағырақ
жерлерде – кофе ағашы өсіріледі. Солтүстік – шығыстағы суармалы жерлерде
мақта егіледі.
Табиғи өсімдік атлант маңы өңірінде көп жойылған, соның ішінде ылғалды
тропиктік ормандар ама көп зақымданған. Аймақтың ішкі бөліктерінде жайылым
ретінде пайдаланылатын саванналар мен қайтара өскен тоғайлардың орасан зор
аудандары жатыр.

2.1.5 Тропиктік жазықтар.
Бұл аймақ солтүстікте Амазонияға ұласып кетеді, оңтүстікте оның
шекарасы шамамен 30° о. e., шығыста – Бразилия таулы қыратының батыс
етегін, батыста – Андының етегін бойлап өтеді. Аймақ Аргентинаның,
Боливияның, Парагвайдың және Бразилияның шегіне кіреді. Жазық жер бедері,
тропиктік континентті климат, саванналар мен тропиктік сирек орманның кең
таралуы - оның табиғатының негізгі ерекшеліктері.
Аймақ платформаның қалқандары мен Андының аралығындағы протерозой мен
протерозойдан кейінгі шөгіндімен толған меридиандық майысуға сәйкес келеді.
Биіктік 300–ден 700 м–ге дейін ауытқиды, Парагвайдың жоғарғы ағысының қазан
шұңқырында олар 200 м – ден аспайды.
Амазонка мен Парагвай жүйелерінің суайрығында ежелгі фундаментінің
антеклизасы жатыр. Оның ең биік жері 1425 м жайдақ қырат. Осы қыраттан және
Андыдан ағып шығатын өзендер жазықта сала – сала болып ағып, оны құм мен
тұнба материалға толтырады. Көпшілігінің арнасы құрғақ маусым кезінде кейіп
қалады. Оларды бойлап жаңбырлы кезде адамға қауіпті болатын тұтқыр және
батпақты тұнбалы өңір созылып жатыр. Жылдың құрғақ уақытында тұнба құрғайды
да, өзендердің берік биік жағасына айналады.
Аймақтың климаты тропиктік, ылғалды және құрғақ маусымдар күрт ауысып
тұрады. Континенттік белгілері, әсіресе Гран–Чакода айқын байқалады, оған
жылдың ыстық және салқын кезеңінің орташа айлық температурасы арасындағы
айырмашылығының елеулі болуы ғана емес, сонымен бірге материктегі
температураның тәуліктік ең күрт ауытқуы тән. Гран – Чако – Оңтүстік
Американыңың ыстық жерінің бірі. Жергілікті тұрғындар оны “жасыл аптап” деп
орынды атаған. Жазғы айлардың орташа температурасы +28, +30° С – ге, ал
абсолют максимум +47° С–ге жетеді. Ең суық айдың орташа температурасы
солтүстіктен оңтүстікке қарай +20 – дан 16° С – ге дейін өзгереді, сонымен
бірге қыста күндіз ыстық, ал түнде салқын оңтүстік желі соғады, кейде
температура 0° С – ден төмендейді де, қырау түседі. Оңтүстіктен салқын ауа
масалары келіп кіргенде температура күндіз де күрт төмендей береді, әрі өте
тез төмендейді.
Гран – Чаконың көпшілік бөлігінде ылғал балансы теріс. Жауын – шашын
негізінен жазғы екі - үш айда түседі. Оның мөлшері тек шығыста ғана 1000
мм- ге жетеді, ал территорияның көпшілік бөлігінде ол 500 мм- ден аз, бұл
өте күшті булану жағдайында егіншілікке мүлде жеткіліксіз.
Солтүстікте, Маморе мен Бени өзендерінің бассейнінде ылғалды кезең 5 –
6 айға созылады және жауын – шашынның жалпы мөлшері 1500 мм – ге дейін
көбейеді. Жауын – шашынның таралуындағы айқын көрінетін маусымдылық бұл
жерде де сақталады, бірақ ылғалдың қыстағы жеткіліксіздігі өсімдікке Гран –
Чакодағыдай әсер етпейді. Әдетте, жазда жаңбыр мол түседі және осының
әсерінен өзендердің күшті тасып, жазық территорияны су басады және
батпақтанып кетеді. Топыраққа сінген ылғал құрғақ кезеңнің бас кезінде
өсімдікке нәр береді. Мұндай жағдай Бразилия таулы қыратына іргелес жатқан
және Пантанал деп аталатын қазан шұңқырға да тән. Жазғы жаңбырлы кезеңде
Парагвай және оның салалары тегіс ойпатты жерге кең жайылып тасиды да, оны
тұтас батпаққа айналдырады. Құрғақ кезең басталысымен - ақ өзендер
бірте–бірте арнасына қайтады, сонымен бірге ағысының бағытын жиі өзгертелі.
Баяу буланатын ылғал өсімдікті қоректендіреді. Бразилия таулы қыратының
немесе Гран – Чаконың көршілес аудандарына қарағанда бұл жердің өсімдігі
жасыл түсін, балғын қалпын анағұрлым ұзақ сақтайды.
Парагвай бассейніне жататын Гран – Чаконың өзендерінің де (Пилькомайо,
Бермехо т.б.) жаңбырлы маусымда суы молайып, күшті тасиды. Олардың бәрі де
ирелеңдеп ағып, жыл сайын тасыған кезде арнасын өзгертіп отырады. Грунтының
сортаңдылығын Гран – Чаконың кейбір өзендерінің және түгелдей дерлік
көлдерінің суы ащы болады. Жазықтың ең аласа жерлерінде жаңбырлы кезеңде
уақытша ащы көлдер пайда болады.
Аймақта жолдың мүлдем болмауы жағдайында өзендердің транспорттық
маңызы зор. Гран – Чаконың ішкі аудандарына апаратын негізгі жолдар –
Парана мен Парагвай, сонымен бірге Парагвайдың тек жаңбырлы кезеңде ғана
шағын кемелер өте алатын кейбір салалары.
Солтүстікте және шығыста су басатын жерлерде үлкен алаптарда өсімдігі
қалың және жануарлар дүниесі бай батпақтар алып жатады. Батпақты өзен
жағаларында пака деп аталатын дүние жүзіндегі суда болатын ең ірі
кемірушілер тіршілік етеді және көптеген құс ұялайды. Қызылқаз, құтан,
көгершін, тоты және орман тауықтары өзен бойындағы қалық ормандарда жүреді.
Кей жерлерде өзен бойында тек пальмадан дерлік тұратын ормандар өседі,
олардағы жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Солтүстік Америка мен Еуразияның географиялық орны
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы оқу - әдістемелік кешен
Мұз жамылғысы
Солтүстік Америка материгіне физикалық-географиялық сипаттама
Материктердің физикалық географиясы
Тынық мұхит аралдары
Ұлы көлдер
Солтүстік Американың географиялық орны
Тынық мұхиттың оңтүстік тропиктік белдеуінде
Пәндер