Ес туралы жалпы ұғым



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1. ЕС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ.
1.1 Ес туралы жалпы түсінік. Ес процестері. 4
1.2 Естің психологиялық теориялары. 13

2. ЕС ТҮРЛЕРІ. АДАМНЫҢ ЕСІН ЖАҚСАРТУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ЖОЛДАРЫ.
2.1 Ес түрлері. 17
2.2 Адамның есін жақсартудың тәсілдері мен жолдары. 19

ҚОРЫТЫНДЫ 26

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27
КІРІСПЕ
Адамның өмір тәжірибесін де қабылданғаны басынан кешкен ой–сезімі, әрекеті ізсіз жоғалып кетпейді, баста сақталады, кейін қайта жаңғыртылады. Бұрын қабылданған зат, құбылыс образдарын өз көңіл–күйлерін ойда сақтап, қайта жаңғыртатын психикалық процесті ес дейді. Бұрынғы уақытша жүйке байланыстары қызмет істесе, адамның есінде қалғаны қайта жаңғырады, санасына қайтадан келеді. Естің бұл күйін қайта жаңғырту дейміз. Адам көптен көрмеген танысын көргенде болған жері есіне түседі. Қабылдаған нәрсемен кездеспей–ақ қайта жаңғыртуды еске түсіру деп атайды.
Қайта жаңғырту процесінде тану мен еске түсірудің қызметі бірін–бірі толықтырып отырады. Мысалы бұрын оқыған кітабымыз болса, оны танимыз. Қабылданған нәрсенің есте қалғаны–естің материалы, есте сақталып, қайта жаңғырталғыны–естің мазмұны. Адам есінің негізгі мазмұны –сөзбен айтылатын материал. Адам басқа кісінің ойы бастан кешкен сезімдері, әрекеттері сөз арқылы қайта жаңғыртылады.
Есте қалдыру процесінде, әдетте, бір заттың немесе құбылыстың екінші бір затттармен немесе құбылыстармен байланысы жасалады. Мәселен, біздің жаңа танысқан адамымыздың атын есте сақтау үшін, біз белгілі бір атты ол адаммен, оның сыртқы келбетімен және басқа ерекшеліктерімен байланыстырамыз. Белгілі бір тарихи фактіні меңгере отырып, біз оны тарихтың басқа уақиғалармен байланыстырамыз. Оны белгілі бір кезеңге жатқызамыз. Шетел сөзін, мысалы das Haus деген сөзді есте сақтау үшін, бұл сөзді “үй” деген ұғыммен байланыстырамыз. Сөйтіп есте сақтау дегеніміз– жаңаны адамның санасында бұрыннан бар нәрсемен байланыстыру.
Ежелгі гректер естің мәні–заттар мен құбылыстардың арасында байланыстар жасауда екенін білген. Бұл байланыстар ассоциациялар (ассоциация–латынның assotiatio–қосу, байланыс деген мағынаны білдіреді) деп аталатын болады. Ассоциацияның үш түрі айырып көрсетіледі: а) шектестігіне (немесе уақытына) қарай. Мәселен, туған үйім туралы ойлағанда, мен онымен көршілес бау бақшаны есіме түсіремін. Белгілі бір оқиғаны еске түсіргенде сол кезде болған басқа бір фактілер ойыңа түсе кетеді; б) ұқсастығына қарай, в) контрастылығына қарай. Бұлай етіп жіктеуді ежелгі грек философы Аристотель көрсеткен болатын.
Бұл байланыстардан басқа, психологияда мағына байланысы дейтінге үлкен мән береді. Бұлар ассоциацияны тек неғұрлым күрделі ассоциация деп ұғады. Олардың негізінде бір құбылыстардың екінші бір құбылыстарға тәуелділігін түсіну жатады. Мәселен, оқушы теореманы білмесе, геометрия есебін шеше алмайтындығын біледі. Бұл байланыс мағыналық себептес– нәтижелес байланыс болып табылады. Мұндай асссоциациялардың адам өмірінде үлкен маңызы бар.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Аткинсон Р.А. Человеческая память и процесс обучения.–М.:Прогресс, 1980 ж.
2. Бап–Баба С.Б. Жалпы психология. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы. Алматы: “Заң әдебиеті” 2005 ж.
3. Бап–Баба С.Б. Жантану негіздері. Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы. Алматы: “Заң әдебиеті” 2003 ж.
4. Божович Л.И., Морозова Н.Г. Особенности памяти младшего школьника–В. сб.: Очерки психологии детей–М.: Издательство АПН РСФСР 1950 ж.
5. Блонский П.П. Память и мышление. – М.: Просвещение, 1973 ж.
6. Выгосткий Л.С. Вопросы детской психологии-С.-Петербург: Союз. 1999 ж.
7. Добрынин Н.Ф. Внимание и память.–Издательство: Знание–Москва 1958 ж-131 бет.
8. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, 1993 ж.
9. Жарықбаев Қ. Жантану: Оқулық. Алматы ЖШС “Шұғыла” 2008 ж.
10. Жұмасова К.С Психология. Алматы “Фолиант” баспасы 2006 ж.
11. Зинченко В.П. и др. Функциональная структура зрительной памяти–М: Московский университет, 1980 ж–278 бет.
12. Зубова Н.П. Педагогическая поддержка учащихся при развитии памяти//Школа–2000 ж. - №6 -28-29 бет.
13. Егорова Т.В. Особенности памяти и мышления младших школьников– Москва: Издательство: Педагогика, 1973 ж-152 бет.
14. Истомина З.М. Развитие памяти в младшем школьном возрасте. Автореферат докторская диссертация М., 1975 ж.
15. Коновалов В. Характер Мнемозины: [из цикла “Беседы о памяти”] Статья 3//Семья и школа–1982 ж. №3–34–35 бет.
16. Психология – Алматы: Мектеп, 1966 ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3

1. ЕС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ.
1.1 Ес туралы жалпы түсінік. Ес процестері.
4
1.2 Естің психологиялық теориялары.
13
2. ЕС ТҮРЛЕРІ. АДАМНЫҢ ЕСІН ЖАҚСАРТУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ЖОЛДАРЫ.
2.1 Ес түрлері.
17
2.2 Адамның есін жақсартудың тәсілдері мен жолдары.
19

ҚОРЫТЫНДЫ
26

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
27

КІРІСПЕ
Адамның өмір тәжірибесін де қабылданғаны басынан кешкен ой–сезімі,
әрекеті ізсіз жоғалып кетпейді, баста сақталады, кейін қайта жаңғыртылады.
Бұрын қабылданған зат, құбылыс образдарын өз көңіл–күйлерін ойда сақтап,
қайта жаңғыртатын психикалық процесті ес дейді. Бұрынғы уақытша жүйке
байланыстары қызмет істесе, адамның есінде қалғаны қайта жаңғырады,
санасына қайтадан келеді. Естің бұл күйін қайта жаңғырту дейміз. Адам
көптен көрмеген танысын көргенде болған жері есіне түседі. Қабылдаған
нәрсемен кездеспей–ақ қайта жаңғыртуды еске түсіру деп атайды.
Қайта жаңғырту процесінде тану мен еске түсірудің қызметі бірін–бірі
толықтырып отырады. Мысалы бұрын оқыған кітабымыз болса, оны танимыз.
Қабылданған нәрсенің есте қалғаны–естің материалы, есте сақталып, қайта
жаңғырталғыны–естің мазмұны. Адам есінің негізгі мазмұны –сөзбен айтылатын
материал. Адам басқа кісінің ойы бастан кешкен сезімдері, әрекеттері сөз
арқылы қайта жаңғыртылады.
Есте қалдыру процесінде, әдетте, бір заттың немесе құбылыстың екінші
бір затттармен немесе құбылыстармен байланысы жасалады. Мәселен, біздің
жаңа танысқан адамымыздың атын есте сақтау үшін, біз белгілі бір атты ол
адаммен, оның сыртқы келбетімен және басқа ерекшеліктерімен
байланыстырамыз. Белгілі бір тарихи фактіні меңгере отырып, біз оны
тарихтың басқа уақиғалармен байланыстырамыз. Оны белгілі бір кезеңге
жатқызамыз. Шетел сөзін, мысалы das Haus деген сөзді есте сақтау үшін, бұл
сөзді “үй” деген ұғыммен байланыстырамыз. Сөйтіп есте сақтау дегеніміз–
жаңаны адамның санасында бұрыннан бар нәрсемен байланыстыру.
Ежелгі гректер естің мәні–заттар мен құбылыстардың арасында
байланыстар жасауда екенін білген. Бұл байланыстар ассоциациялар
(ассоциация–латынның assotiatio–қосу, байланыс деген мағынаны білдіреді)
деп аталатын болады. Ассоциацияның үш түрі айырып көрсетіледі: а)
шектестігіне (немесе уақытына) қарай. Мәселен, туған үйім туралы ойлағанда,
мен онымен көршілес бау бақшаны есіме түсіремін. Белгілі бір оқиғаны еске
түсіргенде сол кезде болған басқа бір фактілер ойыңа түсе кетеді; б)
ұқсастығына қарай, в) контрастылығына қарай. Бұлай етіп жіктеуді ежелгі
грек философы Аристотель көрсеткен болатын.
Бұл байланыстардан басқа, психологияда мағына байланысы дейтінге үлкен
мән береді. Бұлар ассоциацияны тек неғұрлым күрделі ассоциация деп ұғады.
Олардың негізінде бір құбылыстардың екінші бір құбылыстарға тәуелділігін
түсіну жатады. Мәселен, оқушы теореманы білмесе, геометрия есебін шеше
алмайтындығын біледі. Бұл байланыс мағыналық себептес– нәтижелес байланыс
болып табылады. Мұндай асссоциациялардың адам өмірінде үлкен маңызы бар.

1. ЕС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ.
1.1 Ес туралы жалпы түсінік. Ес процестері.
Біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет–қылығымыз санамызда
біршама уақыт (ұзақ қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға
келетін іздер салатынын баршаға мәлім. Осыдан, өткен тәжірибемізден қалған
іздерді жадымызда қалдырып, сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жатып
алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп
аталады.
Сонымен ес–бір бірімен ұштасқан дара бөлшектерден құралған күрделі
психикалық процесс. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында
субъектісі жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы
пайдасына жаратады.
Жантану ғылымы, осыдан, өз алдына келесі мәселелерді шешу міндетін
белгілейді: санадағы өткен тәжірибе іздері қаншама уақыт сақталуы мүмкін?;
есте қалдырудың ұзақ не қысқа мерзімді болуы неліктен?; ес іздері қандай
өзгерістерге түсуі мүмкін?; естің адам танымына ықпалы қандай?
Сұрақтарға жауап іздеуге психология өзінің алғашқы эксперименттерін
осы ес проблемасын зерттеумен байланыстырды. Өткен ғасырдың 80– жылдары
неміс психологы Ғ. Эббингауз ойлаумен байланысты болмаған таза ес
заңдылықтарын ашты: мағынасыз әріп буындарын жаттай отырып, материалды есте
қалдырудың негізгі шектерін белгіледі. Ал психиатр Э. Крепнина аталған
тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру (жаттау) әрекетін
тексеру үшін қолданды. Адам есінің бекуі және қайта жаңғырумен байланысты
негізгі заңдар Г.Э. Мюллер еңбектерінде жария етілді.
Алғашқы кездегі ес зерттеулері көбіне саналы іс-әрекетпен
байланыстырылды, ал XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында ғылыми іздену шеңбері
кеңейе түсті, енді талдау аймағында есте сақтаудың жалпы табиғи, адамға да,
жануарға да бірдей механизмдері алынды. Бұл тұрғыдан зерттеу жүргізген
американ психологы Торндайк жануарлардағы дағдылардың қалыптасу
заңдылықтарын ашып берді. Бұл үшін ол жануарларды лабиринтте жол табуға
жаттықтырып, одан қалыптасатын дағдылардың бірізді беку процесін
байқастырды. XX ғ. алғашқы он жылдығында ес процесін зерттеу жаңа ғылыми
формаға еніп, ол И.П. Павлов ашқан шартты рефлекстер әдісімен байланысты
болды. Есте қалдыруға ықпал жасаушы жаңа шартты байланыстардың пайда болуы
мен олардың сақталу жолдары осы И.П. Павлов жаңалығына орай белгіленді. Бұл
кезеңге дейінгі психологиялық зерттеулер естің ең қарапайым процестерімен
ғана шектелген еді.
Ал естің ең жоғары, адамға өз өмірінің қалаған кезеңін жадқа түсіріп,
оны пайдалануға мүмкіндік туғызатын ырықты және саналы формалары тек
философтар тарапынан қарастырылып, олар естің табиғи формаларына қарсы
қойылады да, жоғары сананың туындысы деп танылды. Сондықтан да естің жоғары
формаларының пайда болуы мен даму себептерін айқындау философ –идеалистер
күн тәртібінде тіпті де қойылмады. (А. Бергсон).
Естің жоғары формаларының жүйелі зерттелуі орыс ғалымы Л.С. Выготский
есімімен байланысты. Ол 20–жылдар аяғында өз шәкірттерімен бірлікте естің
жоғары формаларының дамуы жөніндегі мәселені қозғай отырып, олардың
әлеуметтік негізге ие психикалық іс-әрекеттің күрделі түрі екенін алғашқы
рет дәлелдеді. Ұлы ғылымның ізбасарлары А.А. Смирнов және П.И. Зинченко
естің саналы іс-әрекетпен байланыстылығы жөніндегі жаңа, әрі мәнді заңдарын
ашып, есте қалдырудың алға қойылған мақсатқа тәуелді болатынын дәлелдеп,-
әрі күрделі материалды есте қалдырудың тәсілдерін белгілеп, ұстаз
тағлиматын одан әрі толықтырды.
Ес психологиясын зерттеудің біршама нәтижелі болуына қарамастан, естің
физиологиялық механизмдері мен өзіндік табиғаты көпке дейін сыр болып,
философтар мен психологтар есті “материяның жалпы қасиеті” деуден аспады.
Кейінгі 30 жыл ішінде ғана бұл ғылым бағытында кейбір саңлақтар көрініс
берді. Бұл кезеңдегі зерттеулер нәтижесінде есте қалдыру, сақтау және
жаңғырту тереңде жатқан биохимиялық өзгерістермен байланысты екені
анықталып, оның РНК (рибонуклеин қышқылы) құрамындағы ауысуларға
тәуелділігі және ес іздерін биохимиялық жолдармен екінші ағзаға егуге
болатыны дәлелденді.
Ақырында, ес іздерін сақтауға қажетті ми аймағын табуға және есте
қалдыру мен ұмытудың жүйкелік механизмдерін ашуға ниеттелген зерттеулер
жарық көрді. Қазіргі күнде ес процесін тану психологиялық, физиологиялық
және биохимиялық негіздердегі ізденістерге сүйенеді. Осыдан, адам
есі–біртекті қарапайым қызметтен құралмайтыны белгілі болып отыр. Оның
құрамы сан–алуан. П. Линдсей мен Д. Норманн естің бір– біріне ұқсамас 3
типі болатынын алға тартады: 1) сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі; 2)
қысқа мерзімді ес; 3) ұзақ мерзімді ес.
Сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі. Бұл ес жүйесі біздің сезім
мүшеміз қабылдаған дүние көріністерін толық әрі дәл сақтауға жәрдем береді.
Мұндай жолмен еске түскен қоршаған орта ақпараты есімізде өте қысқа
мерзімге ғана орнығып, 0,1–0,5 сек. ішінде жойылып кетеді.
1. Қолыңызды 4 саусағыңызбен қағып, кейін оған келген сезімнің қалайша
өшетініне мән беріңіз: қағу тоқтағаннан соң да, болған қаққылау сезімі
біршама уақыт сақталып барып, сол жойылады да, кейін тек қаққы әрекеті
болғаны ғана есіңізде қалады.
2. Көзіңізді біраз жұма тұрып, кейін сол мезетте ашумен, қайта жұмыңыз.
Ашып–жұму арасында қас–қағамды көрген заттарыныздың бейнесі нақ
күйінде көз алдыңызда біраз сақталып, кейін жайымен жойыла бастайды.
3. Қалам не сұқ саусағыңызды көз алдыңызда оңды–солды жүргізсеңіз,
қозғалған затқа оның бұлдыр сағымы ергенін байқайсыз.
Қысқа мерзімді есте жоғарыда баяндалған жүйедегіге қарағанда материал
басқаша тұрақтайды. Бұл жағдайда есте қалған бейне сезімдік деңгейдегі
толық көріністей болмай, оқиғаның қандай да бір шығын баламасына сәйкес
келеді. Мысалы, сізге қаратылған ақпарат оны құрайтын дыбыстар жүйесінде
қабылданбай, біртұтас сөздер қалпында еске алынады. Әдетте, ұсынылған
материалдың ең мәнді деген 3–4 бірлігі немесе кейінгі элементтері ғана
қабылданады. Саналы, ерік күшін қосумен сол қабылданған сөздік материалды
бірнеше рет қайталай отырып, оны есте біршама ұзақ мерзім сақтауға болады.
Ал сезімдік естегі нақты бейне қайталанбайды, ол секундке жетпей, жойылады
да, ұзарта сақтауға келмейді.
Ұзақ мерзімді ес. Баршаға белгілідей, осы мезетте болған оқиға мен
атам заманда жүз берген тарихи жағдайларды есте сақтаудың арасында
айтарлықтай өзгешелік бар. Осыдан, ұзақ мерзімді ес–жадта сақтау жүйесінің
маңызды да әрі күрделі түрі. Жоғарыда келтірілген 2 ес жүйесінің қамту
аймағы өте шектелген: біріншісі–шағын уақытқа жұмыс істесе, екіншісі–
материалдың кіші бөлігін ғана ұстап қалуға қабілетті. Ал ұзақ мерзімді
естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан арық сақталғаның
бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді.
Ұзақ мерзімді еске байланысты қиыншылық–бұл санадағы ақпаратты
іздестіріп, таңдап, қажеттісін таба білу. Ал есіміздегі мәліметтің көптігі
соншалықты, оны санмен айғақтау мүмкін емес. Солай болса да, сана
қорымыздан қажетті дерек дер кезінде шыға келетініне таңданбасқа болмайды.
Бірақ ұзын мерзімді естің де аймақ көлемінің шегі барын мойындамасқа
болмайды, себебі ол мөлшем мимен байланысты. Ғылымда дәлелденген, ми 10
млрд. нейроннан тұрады, ал әрбір нейрон аса көп заңды ақпарат сақтауға
қабілетті. Бірақ әрбір жеке адам миының есте қалдырып, сақтау мүмкіндігі
оның биологиялық әлеуметтік дамуына байланысты.
Адам және адамзат туралы айтқанда, біз әрдайым “есте сақтау”, “еске
түсіру” сияқты ұғымдарды айтамыз. Адам әрдайым дамуға, прогреске, жаңа
білімге ұмтылған, ал есте сақтау–бұл білім алу және білу үшін абсолюттік
қажетті жағдай. Есте сақтаусыз адам тәжірибесін есте қалдыру және
жинақтау, оның қоғамда қалыпты қызмет етуі мүмкін емес, сондықтан сте
сақтау механизмін зерттеу педагогика, тәрбие сияқты аудандар үшін ерекше
маңызды. Психолог С.Л. Рубинштейн былай деген: “Ессіз біз қысқа мезеттік
жан едік. Біздің өткеніміз болашағымыз үшін өлі еді, ал қазіргі... өткенге
қайтарылмайтындай ғайып болар еді”.
Ес, басқа танымдық психикалық процесс сияқты белгілі мінездемесі
болады. Естің негізгі мінездемесі болып табылады: көлемі, әсер қалдыру
жылдамдығы, қайта жаңғырту анықтығы, есте сақтау ұзақтығы, есте сақтаған
информацияны қолдануға дайындығы.
Есте сақтау көлемі–бұл информацияны есте қалдыруға және сақтау
мүмкіндігін сипаттайтын естің маңызды интегралды мінездемесі.
Қайта жаңғырту жылдамдығы практикалық әрекетке өзіндегі информацияны
адам қолдана білу қабілетін сипаттайды. Қандай да бір міндетті немесе
мәселені шешу қажеттілігімен кездескенде, адам есінде сақталған
информацияға көңіл аударады.
Қайта жаңғырту анықтылығы–адамның нақты есте сақтау қабілетін
бейнелейді, ал ең бастысы, есінде әсер қалдырған информацияны сақтау
ұзақтығы адамның қажетті информацияны белгілі уақытта ұстап қалу қабілетін
бейнелейді. Мысалы, адам емтиханға дайындалады. Оқу тақырыбының біреуін
есте сақтайды, ал келесісін оқи бастағанда, есіне түсіре алмайтындығын
байқайды. Кейде басқаша болуы мүмкін. Адам барлық қажетті информацияны
есіне сақтады, ол оны жасамай алмаған. Алайда бірнеше уақыт өткен соң ол
таңырқай білгенінің барлығын ұмытпағанын белгілеп көрсетті. Бұл жағдайда
біз естің басқа мінездемесімен соқтығысып отырамыз-әсер қалдырып сақталған
информацияны қайта жаңғырту дайындығы.
Есте қалдыру бұл қабылданған информацияны сақтау және әсерін қалдыру
процесі. Есте қалдырудың бастапқы формасы–ырықсыз, ниеттелмеген мнемикалық
әрекет, яғни мақсатты болмаған, арнайы тәсілдерді қолданбай–ақ жадта
қалдыру. Бұл–болған әсерден ми қабығындағы кейбір қозу іздерінің санада
бекіп қалуы. Ми қабығындағы әрқандай процесс соңында бекімі әр деңгейде
болған із қалдырады.
Өмірде кездестірілген көбі адам есінде ырықсыз орнығады, төңіректегі
заттар, құбылыстар мен тұрмыстық оқиғалар, адамдардың қылықтары, әншейін
оқыла салған кітап мазмұны т.б., ал енді олардың әрқайсысысының жатталуы
бірдей емес. Әдетте, адам үшін өмірлік маңызды нәрселер, қызығулары мен
қажеттіліктеріне орай және іс-әрекет мақсаты, міндетіне байланысты заттар
мен оқиғалар жеңіл есте қалады. Тіпті ырықсыз есте қалдырудың өзі де
таңдамалы сипатты, адамның төңірекке қатынасының берік не әлсіз болуынан.
Ырықсыз есте қалдырудан адамның алдына мақсат қоюынан болатын ырықты,
ниеттелген есті ажырата білу керек. Мұндай есте ақпараттардың санада бекіп
қалуы үшін адам арнайы тәсілдер қолданады, күрделі ақыл–ой әрекетін
пайдаланады. Оқу барысында ниетті есте қалдыру көп жағдайда жаттап алу
формасында орындалады, яғни оқу материалы толық әрі мүлтіксіз жатталғанша,
көп мәрте қайталанады. Жаттап алуды мақсат етіп қою маңызды роль ойнап, ол
есте қалдыру үшін болған барша іс-әрекеттің мәнін айқындайды. Осыдан,
ырықты есте қалдыру ырықсыз, ниеттелмеген есте қалдыруға қарағанда
анағұрлым өнімді келеді.
Өмір барысында біз қабылдайтын заттың көбі алдымызға қойған арнайы
мақсаттарға негіздемесе, есте тұрмайды. Сонымен бірге, егер алға осы міндет
қойылып, оны іске асыру үшін қажет болған шаралар орындалып барса, есте
қалдыру тиімді нәтижеге жетіп, санада берік орнығады. Бұл жағдайда жалпы
мәселелер белгіленуімен бірге (тұтастай жаттап алу), жеке, арнайы
міндеттердің де болғаны жөн. Мысалы, бір жағдайда негізгі, басты ой–
пікірді есте қалдыру мақсаты тұрса, екіншіде–сөзбе–сөз жаттап алу, ал
үшінші бірде–деректерді тізбектей жаттау ниеті тұрады.
Түсінікті болатын да, есте қалатын да ең алдымен біздің іс-
әрекетімізбен тікелей байланыстағы заттар, құбылыстар. Бірақ біздің
мақсатты әрекетіміздің мазмұнынан тыс, ырықсыз есте қылдыруға негіз болған
әрекетке енбеген нәрселер көбіне ырықты есте қылдырудың болмағанынан ойда
қала бермейді. Қалай болғанда да ескерілетін жәйт: біздің жүйелі
білімдеріміздің көбі арнайы әрекет–шаралардың нәтижесінде пайда болады,
жинақталады. Мұндай ниетті әрекеттің басты мақсаты–қажетті материалды есте
сақтап қалу. Есте қалдыру және тұрақтанған материалды қайта жаңғыртуға
бағытталған мұндай әрекет мнемикалық әрекет деп аталады. Мнемикалық
әрекетте адам өзіне ұсынылған материалдан қажетті бөлігін таңдап, оны есте
қалдыру міндетін қояды. Барша жағдайда адам өзіне есте қалдыруға ұсынылған
нысанды басқалардан айыра біліп, қосымша әсерлерге берілмей, қайта жаңғырту
кезінде сол материал шеңберінен ауытқамауы қажет. Мнемикалық әрекеттің
таңдамалылығы осында. Материалды жаттап алу, оны есте сақтау және
жатталғанды еске түсіру мақсатында өткендегілерді саналы сараптау–саналы іс-
әрекеттің айрықша формасы болып саналады.
Механикалық және мағыналық есте қалдыру. Есте қалдырудың табысты болуы
адамның жадында сақтауға қажетті болған материалының мағынасын толық түсіне
білуіне тәуелді. Механикалық жаттауда сөздер, заттар, оқиғалар мен
әрекеттер қабылдау негізіндегі ретімен, қандай да бір өзгеріссіз, сол
қалпында есте орнығады. Мұндай есте қалдыру барысында адам жатталуға тиіс
нәрселердің кеңістік пен уақыт ішіндегі өзара жақындығына сүйенеді. Ал
мағыналы есте қалдыруға келетін болсақ, ол материал бөлшектері арасындағы
көзден таза, ішкі логикалық байланыстарына негізделеді, яғни мұндай естің
астарында екінші сигнал жүйенің жалпыланған байланыстары жатады. Осыдан,
мағыналы есте қалдыру оның механикалық түрінен әлдеқайда тиімді келеді.
Механикалық жаттау тиімдігі шамалы, көп еңбектеніп, сан мәрте қайталауды
керек етеді; мұндай жолмен жатталғандар қажетті кезінде еске түсе
бермейтіні де бар. Ал мағыналы жаттау адамды шектен тыс еңбектерден азат
етіп, үлкен де нық нәтижелерге кенелуіне жол ашады.
Түсінімді және берік есте қалдырудың шарттары. Материалды түсініп, ұғу
үшін әр түрлі әдістерді қолдануға болады. Игерілетін материалдың өзекті ой
топтары бөліп алынып, жоспар түрінде өрнектеленеді. Жоспардың әрбір
атамасы–мәтіннің белгілі бөлігінің жалпыланған тақырыбына айналады. Бір
бөлшектен екіншісіне өте отырып, материалдың негізгі мағыналарының
логикалық бірізді тізбегі құралады. Мәтінді қайта жаңғырту кезінде қажетті
материал жоспар тақырыбы төңірегіне шоғырланып, оны еске түсіру жеңілдейді.
Жоспар түзуге машықтану адамды оқуға, қызықтырған мәселелердің ішкі
байланысы мен тәртібін байқап баруға үйретеді. Жоспар түзіп жаттауға
дағдыланған оқушылардың білімі жоспарсыз есте қалдыруға тырысқан
шәкірттердің білімінен анағұрлым артық та берік болатыны сөзсіз.
Материалды ұғудың пайдалы әдісі–салыстыру, яғни заттар, құбылыстар мен
оқиғалар арасындағы бір–біріне ұқсастық пен ерекшелікті тани білу. Мұғалім
көп жағдайда балаларға жаңа танымды түсіндіруде оны өткендігілермен
салыстырып отырады, осылайша ол жаңа материалды оқушыларда қалыптасқан
білім жүйесіне ендіріп барады.
Материалдың түсінді болуы оның нақтылығында. Бұл үшін жалпы ережелер
мен анықтамаларды нақты, күнделікті өмірде кездесетін есептер мен
мәселелерді шешу, байқаулар мен дәрісханалық жұмыстар арқылы түсіндіріп
бару қажет.
Есте берік қалдырудың жолы–қайталап тұру. Бұл білім, ептілік,
дағдыларды игерудің өте маңызды шарты. Бірақ мұндай іс-әрекет өнімді болуы
үшін қайталау жұмыстары белгілі талаптарға сай орындалуы тиіс: қайталау
белсенді және әр түрлі болуы лазым (мысалдар келтіру, сұрақтарға жауап
беру, схема сызу, таблица түзу, көрнекі құрал жасау т.б.). Белсенді
қайталау барысында екінші сигналдық жүйе жаңданып, материалды ұғына
түсінуге нәр береді.
Қайталаудың әр түрлі формада іске асуы, игерілетін материалдың
өмірмен, күнделікті тұрмыстық тәжірибемен ұштасып баруы есте қалдырудың
толыққандылығын қамтамасыз етеді. Енжар қайталаудан пайда шамалы. Қайталау
уақытын реттестіріп барған жөн. Уақытқа байланысты қайталау екі әдіспен
орындалады: жинақты және бөлшектенген. Бірінші әдісте материал бір отырыста
жатталады да, оның қайталануы үздіксіз, бірнеше рет орындалады. Мысалы,
оқушының өлеңді жаттап алуы үшін 12 қайталау қажет болса, ол сол мәтінді 12
рет оқып, толық есте қалдырмағанша, жұмысын үзбейді. Ал бөлшектенген
қайталауда мәтіннің әр оқылу арысы біршама уақытпен ажыратылады.
Бөлшектенген қайталау жинақты қайталаудан тиімділеу. Уақыт пен қуат
үнемделеді, білім игеруі мен жадта қалуы берік болады. Сондықтан да
тәжірибелі мұғалімдер оқу материалын бүкіл жыл бойы қайталап баруға
тырысады, бірақ жиі қайталаулардан балалар жалықпасы үшін олардың түрін,
формасын, әдістерін алмастырып отырады, өткен материалды жаңа байланыстарға
қосып барады.
Психологияда жаттау әдістерінің 3 түрі аталған: тұтастай, шамалап,
аралас. Бірінші әдіс–материал мәтінін бастан аяқ, тұтастай бірнеше рет,
толық игерілгенше қайталанады. Екіншісінде–материал бірнеше бөлікке
ажыратылады да, әрқайсысы өз алдына бірнеше қайталанып, жатталады. Үшінші
әдіс–аралас жаттауда тұтастай игеру және шамалап есте қалдырумен материал
элементтері біріктіріледі. Бүгін материал алдымен толық, көлеміне орай бір,
не бірнеше рет оқылады, кейін қиын тараулары бөліп алынып, өз алдына
жатталады, ақырында бүтін мәтін қайтадан толық жаттауға түседі.
Есте қалдырудың нәтижелі болуы материал сипатына да тәуелді. Көрнекі
–бейнелі нысан жалаң сөзден гөрі тәуір есте бекиді; мағыналы ұштасқан мәтін
жеке, байланыссыз сөйлемдерге қарағанда оңай жаңғыртылады. Түсіндірме
мәтіндермен салыстырғанда суреттеме мәтіндер оқушылар есінде тез орнығып,
ұзақ сақталады.
Табысты есте қалдырудың және бір тиімді жолы қажет материалды
жүйелестіре білу, яғни есте қалдыруға керек болған заттарды қандай да
белгілері бойынша топқа жіктеп, біріктіру, мысалы, түріне, көлеміне,
формасына, оқиғалардың өту уақытына т.с.с.
Есте сақтау. Адам есінде қалдырғанды біршама уақыт аралығында есте
сақтап тұру қабілетіне ие. Есте сақтау ес процесінің құрылымдық бөлігі
ретінде өз заңдылықтарына бағынады. Есте сақтау динамикалық және
статистикалық түрде көрінуі мүмкін. Динамикалық есте сақтау мезетті қызметі
есте орын иеленіп, ал статикалық–ұзақ мерзімді есте әрекетке келеді.
Динамикалық есте сақтауда жатталған материал өзгеріске түсе бермейді, ал
тұрақты есте, керісінше, қайта құрылып, өңделеді.
Ұзақ мерзімді есте сақталатын материал сырттан үздіксіз келіп жатқан
жаңа ақпараттардың әсерінен ұдайы қайта жасалып жатады. Мұндай процесте
естің жаңалануы әр түрлі формада өтуі мүмкін: есте сақталған материалдың
кейбір бөліктері жойылады, бірінің орнына екіншісі келеді, материалдың
орналасу кезегі өзгеріске түсіп, қажет бір жалпылыққа келтіріледі. Бұның
барлығы қайта жаңғырту кезінде байқалады. Ақпараттың сақталғаны және оның
өзгеріске түскенін естің келесі екі процесінде анықтау мүмкін, бұлар–тану
мен қайта жаңғырту.
Тану және қайта жаңғырту. Қандай да нысанды тану сол объекті қабылдау
кезінде көрінеді, яғни объекттің қабылдануы адамда бұрыннан қалыптасқан ес
немесе қиял елестері негізінде іске асырылады.
Затты не құбылысты тани отырып, біз оны белгілі бір категориялар
тобына жатқызамыз. Тану өзінің дәлдігі және толықтығына орай әр түрлі
дәрежеде болуы мүмкін. Танудың ең төменгі дәрежесі адамның алдындағы затты
дәл біле алмай, тек шыраматуынан білінеді. Ал аса жоғары тану дәрежесі
адамда қабылданатын зат бойынша ешқандай күмәні болмаған жағдайда
байқалады; толық тануда субъекті қабылданып жатқан нәрсені қалтқысыз
белгілі топқа жатқызып, онымен қандай жағдайда кез болғанын айтып бере
алады немесе оны танитыны жөнінде қосымша айғақтар келтіреді.
Қайта жаңғыртудың танудан өзгешілігі: ол танудан іске асады немесе
тіпті тікелей танусыз–ақ, одан тыс жүзеге келуі мүмкін. Сондықтан да
бұрынғыны қайта жағырту процесі танудан гөрі күрделірек келеді. Мысалы,
оқушы мәтінді қайта оқи отырып оңай таниды, ал кітап жабық болып, мәтінді
тікелей көрмесе, ол, әлбетте, біраз қиналады.
Қайта жаңғырту материал бөліктерін өз кезегімен еске түсіру арқылы
жүргізіледі, бұл жағдайда іске белсенді еріктік әрекет қосылады.
Материалды еске түсіруде жоспарлы белгіленген сұрақтардың көмегі
үлкен. Сұрақтар баланы негізгі мақсатқа жетелеп, материал мәтіндері
арасындағы уақытша байланыстарды қоздырып отырады. Кейде сұрақтар орынсыз
қойылып, екіұшты болса, баланың материалды еске түсіруіне кедергілік етеді.
Бұл мұғалімнің есінде әрдайым сақталғаны жөн. Қайта жаңғырту ырықты және
ырықсыз орындалуы мүмкін. Еске түсіру–бұл әрқашан ырықты, ниеттелген
әрекет: адам алдына күні бұрын еске түсіруді мақсат етіп қояды, ол үшін ой
толғанысына батып, ерік күшін қосады. Ал ырықсыз жаңғырту өздігінен жүріп
жататын процесс, оның негізінде дүние заттарының уақыт пен кеңістікте
болған ұқсастық, сыбайластық немесе қарама–қарсылық байланыстары жатады.
Қайта жаңғырту тікелей немесе жанама болып бөлінеді. Тікелей қайта
жаңғырту аралық байланыстарды іске түсірудің қажеті болмайды (мысалы,
көбейту кестесін жатқа айтып беру). Жанама қайта жаңғыртуда адам
байланыстырушы аралық тетіктерді пайдаланады, олардың ішінде жаңғыртылуы
тиіс материалға қатысы бар тірек сөздер, бейнелер, сезімдер мен әрекеттер
кіреді.
Ұмыту. Ұмыту процесі еске түсіре алмау немесе тану мен қайталап айтып
берудегі қателесуде көрінеді. Ұмытудың физиологиялық негізі– уақытша жүйке
байланыстарын жандандыруға кедергі етуші ми қабығындағы тежелу әрекеттері.
Көбінесе бұл жағдай материалды еске сақтап тұруға ниеттелген қайталаулардың
уақтылы болмауынан туындайтын, ойда қалдырғанды бірте–бірте сөндіріп барушы
тежелу процесіне байланысты. Толық жаңғырта алу мен бүтіндей ұмыту
аралығында психологияда “ес деңгейлері” деп аталған тану кезеңдері
байқалады. Мұндай деңгейлер үшей: 1) қайта жаңғыртушы ес; 2) тану есі; 3)
тану мен жаңғыртуды жеңілдетуші ес. Мысалы, оқушы өлеңді жаттап алды. Егер
уақыт өтумен шәкірт жаттағанын түгелдей жаңғырта, айтып берсе, онда балада
бірінші деңгейдегі, ең жоғарғы естің болғаны; егер оқушы жаттағанын айтып
беруде көп қателессе, бірақ оны кітаптан немесе басқаның айтуында тани
алса, екінші деңгейлі еске ие болғаны; егер оқушы жаттағанын өз бетінше
кітаптан да, басқаның еске салуымен де қайталап, айтып бере алмай, бірақ
толық еске түсіріп, айтып беру үшін, қайта жаттауда аз уақытта нәтижеге
ерісе алса, онда үшінші деңгейлі еске ие болғаны.
Ұмыту материал құрылымын түзуде, яғни жоспарлауда, оның кейбір мәнді
бөлшектерін назардан тыс қалдыруда, жаңа жаттағандарын ескілерімен
шатастыруда көрініс береді. Ұмытшақтықты жеңу үшін оның туындауына себепші
келесі заңдылықтарды білу қажет:
1. Ұмытудың уақыт ішінде желісі әр түрлі. Жатталғанның есте тұрмауы
әсіресе материалды бірінші қабылдаудың ізін ала болады, ал кейін
дәйділеген ақпарат ұмытыла бермейді.
2. Қабылданған материалды қайталап бару жұмыстарын кейінге ысырып қоймай,
дер мезгілінде орындап тұрған жөн.
3. Қабылдаудың ізін ала ұмытылған материал бірқанша уақыт өтуімен қайта
еске оралады. Бұл құбылыс психологияда реминисценция деп аталған.
4. Материалдың тез ұмытылуы, оның түсініксізденген, мағынасына жете ене
алмағандықтан да болады. Сондықтан әрдайым мұғалім ұсынылған
материалдың жеткілікті деңгейде түсінімді болғанын анықтап алғаннан
соң ғана оны есте қалдыруға байланысты жаттығуларға өткені дұрыс.
5. Адамның ұмытшақ болуының үлкен бір себебі–оның айналысқан материалының
қызықты болмай, тұрмыстық қажеттілікпен байланыспауынан келіп шығады.
Осындай да ересек адамдардың көбі өз кәсібіне, өмірлік қызығуларына
орай өткен оқиғалар мен кезіккен ақпараттарды жадынан шығармайды.
6. Ұмыту желісі материал көлемі мен оны игеру қиыншылықтарына тікелей
байланысты.
7. Ұмыту процесінің кем болуы үшін жаттау қызметінен кейінгі іс- әрекет
алдыңғы жаттауға кедергі болмай, оны қайталауға байланысты жұмыстармен
ұштастыруға мүмкіндік бергені орынды.
8. Ұмытшақтыққа себепші көп факторлардың ішінде аса қатерлісі адам жүйке
жүйесінің әр түрлі сырқаттарға шалдығуы мен бас құрылымының кездейсоқ
соққылар мен жарақаттар алуы. Ұмыту қызмет бабымен шаршауға да
байланысты. Қажетті материалға назар аударуға кедергі келтіретін
шектен тыс әсерлер де ұмытшақ болуға өз ықпалын тигізбей қоймайды.
Ұмытшақтықпен күресте жоғарыда келтірілген жаттаудың ғылыми
негізделген әдістерін білу көп жәрдемін тигізері сөзсіз. Бұл ұсыныстарды
елемеуден материалды есте қалдыру мен есте сақтау үшін бекерге уақыт жойып,
көп еңбек сарп етіп, ақырында межелеген нәтижеге жете алмай қалу екінің
бірінде болатын жағдай.
Естің бұзылысы. Ес қызметінің қажетті дейгейінен кері ауытқуы
астарында психологиялық талдауды қажет ететін әр түрлі жағдаяттар жатыр.
Мидың психикалық қалпы ең алдымен ес бұзылысынан көрінеді. Мұндай ақыл–ес
сырқаты көбіне ағымдағы оқиғаларды есте қалдыруға қажет болған ырықсыз
(тікелей) естің бұзылуымен байланысты, яғни адам жаңа ғана көрген, білгенін
қас қағым уақыт өтпей ұмытады, бірақ өткендегілерін түгелдей, жақсы
болжастыра алады. Науқас адам атам заманда не оқығаны, қандай қызмет
атқарғаны жөнінде жай–жапсарын қалдырмай еске түсіріп беруі мүмкін, ал осы
бүгін тамақтанды ма, жоқ па; қажет адамымен кездесті ме, кездеспеді
ме–бұған жауап таба алмай, мүдіріп қалуы таң қалғандай. Бұл адамдағы қайта
жаңғырту, еске түсіру, жадқа айтып беру қабілетінің жойылуы деген сөз.
Ес бұзылысы кейде өткендігі оқиғаларды да қайта тіктей алмаудан
көрінеді: науқас адам өмірінде не болғанынан түк хабарсыз, бұрынғыны
бүгінгісімен шатастырады, жыл, айларын алмастырады, яғни уақыт пен кеңістік
өлшемдерін таразылай алмайтын жағдайға түседі. Сонымен бірге, науқас адам
санасында өте бір ұзақ уақытта болған қандай да бір оқиға, жағдай естен
кетпестей орын тебуі мүмкін.
Кейбір жағдайларда ес өз желісінің (динамика) бұзылуынан да көрінеді:
адам белгілі бір уақыт аралығында тәп–тәуір жаттап, материалды қайта
жаңғырта алса, ал қысқа бір мерзім өтумен бұл қабілетінен айырыла қалады.
Мұндай сырқатқа шалдыққандар кейде оқыған, білгендерін түгелімен еске
түсіре, тәптіштеп айтып беріп отырса, біраздан соң әйтеуір жай нәрсені
есіне түсіре алмай, қиналады. Мұндай жайлардан адам есі үзіліске түсіп,
оның ой жүрісінің бұзылғанын байқаймыз.
Ес бұзылыстарын зерттеу ми сырқаттарының белгілерін дәл танып,
болжастырумен бірге адамның өте күрделі ес қызметінің психологиялық
тетіктеріне және жалпы ми табиғатына байланысты сырларды ашуға мүмкіндік
береді.

1.2 Естің психологиялық теориялары.
Өткен ғасырда педагогика және психологияда ес ойлаумен байланысты
екені туралы идея пайда болды, білімді саналы және берік меңгеру
мәселелерін әкелді. Отандық ғылымда бұл идеялар К.Д. Ушинский, П.Ф.
Каптерев, А.П. Нечаев еңбектерінде ең айқын кесін алды. Білім, К.Д.
Ушинскийдің көзқарасы бойынша оқушыларлың ойлау процсінің органикалық
элементі болуы қажет. Ертеде меңгерген жаңа білім сабақтастығын және
байланысты қамтамасыз етеді. Психологиялық зерттеулерде есте сақтау
біртіндеп зерттеудің акцентін араластырумен пайда болған. Ес таза мнема
сияқты емес, керісінше қабылдаумен, зейінмен, ойлаумен және т.б. байланыста
зерттеле бастады. Есті және ойлауды тамаша зерттеген, П.П. Блонский, Ф.
Бартлетт, ал кейіннен Дж. Катон, Г. Олпорт, А.Г. Комм және т.б. орындаған.
Ес механизмдерін психологиялық зерттеу тарихы басқа психикалық
құбылыстарды үйренуден гөрі ертерек бастау алған. Алғашқы, кең етек алған
естің ассоциативтік теориясы. Бұл теорияның мәні: дүние затттары мен
құбылыстарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөліктенген
күйде емес, өзара байланысты “топталған не тізбектелген” (Сеченов) қалыпта
жүреді. Осы процеске тәуелді мида есте қалдыру мен қайта жаңғыртудың
физиологиялық негізі–уақытша жүйке байланыстары түзіледі. Мұндай
байланыстар психологияда ассоциациялар деп аталған. Ассоциациялардың бірі
заттардың уақыт пен кеңістіктегі қатынас бейнесінен, яғни жанасу
ассоциациясы, екіншісі–олардың ұқсастығынан туған бейнеден, яғни ұқсастық
ассоциациясы, үшіншісі–қарама–қарсылыққа негізделген контрастық
ассоциациясы, төртіншісі–себеп–салдарлы қатынастардан туындайтын каузалдық
ассоциация. Бұл бағыттағы теорияны ұсынып, дамытқандар: Аристотель, Юм, Д.
Джеймс, Спенсер, И.М. Сеченов, И.П. Павлов.
Естің нейрондық теориясы. Адам миының құпиялары көп жағынан әлі ашылар
емес. Ол өте құрылымды. Осы күрделі ақуызды жиынтықтың жаңа ақпарат топтап,
оны сақтай алу қабілетін қазіргі күндегі психология онда жүріп жататын
құрылымдық немесе химиялық өзгерістермен байланыстырып отыр. Бұл теорияның
негізгі мәні мынада: есте қалдыру мидың электрлік белсенділігімен, яғни
мидағы химиялық не құрылымдық белсенділік қандай да бір жолмен ағзадағы
электр қуатын арттырады. Бұл үшін қолайлы ес іздерін іске қосатын жүйке
тізбегі болуы шарт. Физиология заңдарына орай нейрон жеткізген импульстер
аксон (қозуды жеткізуші) арқылы бір жасушадан екіншісіне беріледі. Аксонның
жасушамен тоғысқан жері синапс деп аталады. Жеке бір жасушаның өзіндегі осы
синапстың саны мыңдаған. Синапс негізінен екі түрде қызмет етеді,
бірі–қоздырушы, екіншісі –тежеуші. Сонымен, қысқа мерзімді не ұзақ мерзімді
естің екеуі де бірдей қозушы немесе тежелуші жүйке элементтерінің
бір–біріне әсерінен туындайды. Айырмасы – қысқа мерзімді ес белгілі
нейрондардың уақытша электрлік белсенділігінен болады да ұзақ мерзімді ес
нейрондардың тұрақты құрылымынан келіп шығады.
Естің биохимиялық теориясы. Нәсілдік негізде жатқан химиялық процестер
ашылуымен ғылымда сол процестің есте қалдыруға ықпалы жоқ па деген ой пайда
болды. Әр ағза үшін тән болған генетикалық ақпарат ДНК (дезоксеринобуклеин
қышқылы) молекулаларында шоғырланады, ал оны тасымалдау басқа (РНК) нуклеин
қышқылының молекуласымен орындалады. ДНК ағзаға тән әр жаңа генетикалық
есті өзінде сақтайтындықтан, оның өзі немесе РНК игерілген тәжірибені де
бірден бірге өткізуі мүмкін деген болжам жасалды. Эксперименттер
нәтижесінде тәнді құрайтын молекуланың химиялық құрылымы тіршілік иесінің
тәжірибе топтауымен өзгеріске келетіні анықталды. Бұл келесі сұрақты
туындатты: үйрету барысында өзгерген РНК молекуласы жаңа пайда болған
дағды жөніндегі мәліметті өзінде сақтай ма не сақтамай ма? Эксперимент
барысы: жануар қажетті әрекетті орындауға үйретілгенді. Оның жүйке
жүйесінің бір аймағынан РНК молекуласы бөліп алынды, кейін ол игерілген
білікті екінші жануарға өткізу үшін жаңа ағзаға егілді. Үйретілген
жануардың РНК молекуласын қабылдаған екінші жануар (жалпақ құрт)
алғашқысының дағдысын қайталап берді.
Тағы бір эксперимент. Планари құрттары бір бірін өорек етеді. Егер бір
планариді белгілі бір әс ерленуге үйретіп, оны турап, үйретілмеген
екіншісіне жегізсе, онда кейінгі құрт та алғашқысының әрекетін қайталайтыны
байқалған (Д. Мак-Коннел).
Аталған эксперимент тәжірибелерден естің ерекше іздері дене
молекулаларындағы химиялық бірікпелерде таңбаланып (кодталып), организмде
еркін қозғалыста болатыны және олардың бір жануардан екіншісіне ауысатыны
толық дәлелденді.
Қайта жаңғырту кезінде есте қалған материалды қайта құру заңдылығын
ашуда есте сақтау процесін түсіну процесімен жақындастыруға мүмкіндік
береді. Барлық назар мағыналылық есте қалдыруға аударылады, А. Бергсонның
белгілі дихотомиясын жеңу үшін алғы шарт жасады: есті денені есте сақтау
және құлақпен есте сақтау деп бөлді.
Психологияда есті зерттеудің онан әрі дамуын есте қалдыру процесінің
операциялық құрамын және құрылымын ашуға бағытталған болған, немесе Р.
Аткинсонның терминін айтсақ, есте сақтау жүйесін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық құбылыстарды жіктеу
Есте қалдыру
Қабылдау туралы жалпы түсінік
«Есті зерттеу»
Естің процесстері
Жалпы психология пәні
Ми және психика
Ес дамытудың тәсілдері мен шаралары
Ес туралы ұғым
Психологиядан дәрістер жинағы
Пәндер